КӨКШЕТАУ АЙМАҒЫ
Категориясы: Табиғат
Көкшетау өңірі Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі көгілдір шоқы-таулар даласы мен Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстік-батысының кең жазығында орналасқан. Батысы мен шығысының арасы 500 км-ге, оңтүстігі мен солтүстігінің арасы 200 км-ге созылған. Жерінің жалпы аумағы - 78,5 мың км2. Аймақтың орталығын Көкшетау қыраты алып жатыр. Қыраттағы Көкше деп аталатын таудың биіктігі - 947 метр. Төңірегінде қарағай, қайың орманы өскен, табиғаты өте әсем Бурабай, Шортанды, Шабақты, т.б. көлдері, солтүстік-батысында Айыртау, Аралтөбе, Үндемес және Сырымбет атты көрікті шағын таулары бар.
Қыста ауа райы кейде -45°С-қа дейін төмендесе, жаз айларында +25+30°С-қа барады.
Көкшетау аймағында үлкенді-кішілі 150-ден астам көл бар. Олардың 90-ы тұщы сулы. Олар, негізінен, шоқылар мен тау шатқалдары етегінде орналасқан. Жазықтау келген алапта Үлкен Қарасай, Сілетітеңіз, Теке, Қалибек көлдері жатса, Күміскөл, Кіші Шабақты, Шабақты деген бұрынғы атауы бар Бурабай сияқты көлдер тау етектерінде орналасқан. Бурабайдың солтүстік-батыс жағалауына таман бөлігінде Жұмбақтас атты шағын арал бар. Ондағы «Жұмбақтас шыңы» көл бетінен 20 м биікке шаншыла көтеріліп түр. Көл жағалаулары - қарағайлы-қайыңды ормандар. Орман, көл мен тау өзара үйлесім тауып, ерекше әсем көрініс қалыптастырған.
Көкшетау аймағында ел арасында «Ақылбай асуы», «Ақбура тауы», «Оқжетпес», «Жеке батыр» шоқылары, «Жұмбақтас», «Шайтантас», «Ақ Алаң» жайлы көптеген аңыздар бар.
Көкшетау аймағында Көкшетау және Щучинск қалалары орналасқан. Аймақ кен байлықтарына да бай. Мұнда, темір, цирконий, алтын, күміс, тас көмір, уран, т.б. кендер табылған.
Жарияланған-2015-11-25 17:21:04 Қаралды-17982
Плутон зерттелген

«Жаңа горизонттар» - НАСА автоматты планета аралық станса, ол «Жаңа шекаралар» New Frontiers) бағдарламасы шеңберінде ұшырылды және Плутонды және оның табиғи спутнигі Харонды зерделеуге арналған
ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ

Үстірт қорығы 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылды. Үстірт қорығы Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды.
АЛМАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Алма жемісінің адам организмінде пайдасы мол. Онда қант, алма, лимон қышқылдары, илік және пектин заттары, А1,В1, С витаминдері бар. Жемісінен повидло, пастила, желе, мармелад, квас, компот, кофе жасалады және шырын алынады.
АЛХОРЫ САМБУГЫ

Іріктелініп алынған алхоры жуылып, сүйектерінен арылтып, үстіне аздап су құйылады да, 10-12 минут бойы қайнатып пісіріледі.