UF

ҰЛЫТАУ АЙМАҒЫ

Категориясы: Табиғат


Ұлытау аймағы Сарыарқаның оңтүстік-батыс шегінде, Қарағанды, Қостанай облыстары жерінде орналасқан. Негізінен, Қарағанды облысы Ұлытау ауданын қамтитын бұл аймақ шоқылы, қыратты келген аласа таулардан тұрады. Олардың жалпы орташа биіктігі 400-600 метр, көтеріңкі орта тұсы 800-1000 метрге жетеді. Солтүстігін Жақсы Арганаты (757 м) мен Едіге таулары (1064 м), оңтүстігін Кішітау жотасы (793 м) алып жатыр. Ал көтеріңкі орта тұсында Ұлытау (1133 м) таулары жайғасқан. Аймақ оңтүстіктен солтүстікке 230-240 шақырымға созылған.

Аймақта темірлі кварциттің, темірлі марганецтің, мыстың, полиметалдардың, қоңыр көмірдің, сирек металдардың кен орындары көп. Ұлытау аймағы қойнауын барлауға, кен орындарын ашуға аса көрнекті геолог-ғалым Қ.Сәтбаев көп еңбек сіңірді.

Аймақта қыс айларында ауа райы - 35-40°С-қа дейін төмендейді. Ал шілде-тамыз айларында 30- 35°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын аз түседі (220-250 млг). Өзендері аз. Батысындағы Торғай алабында Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы Жыланшық ақса, шығысындағы Сарысу өзені алабымен Қаракеңгір, Жезді, т.б. кішігірім өзендер ағады. Бұл өзендер жауын-шашын суларымен толығады да, көктем айларында тасиды. Ал жазда қара суларға бөлінеді. Жер үсті суы аз болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Оның жалпы қоры 30 млрд м2-ге тең және суының минералдылығы шамалы, негізінен, тұщы сулы келеді. Жалпы, аймақ мал жайылымына қолайлы.

Әкімшілік тұрғысынан, негізінен, Ұлытау ауданына қарайтын аймақтың ауданы (123,0 мың км2) 12,3 млн гектарға жуық. Еуропаның бірнеше мемлекеттері сыйып кетер аймаққа еліміздің Солтүстік Қазақстан (98,0 мың км2) облысы да еркін сыйып кетер еді.

Осы аймақтың жан-жануар, өсімдігін және тарихи-археологиялық ескерткіштерін қорғауға арналған 1990 жылы Ұлытау ұлттық қорықшасы құрылды. Мұнда Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштердің үлкен шоғыры орналасқан.

  Жарияланған-2015-11-25 17:15:59     Қаралды-6098

Мәлімет сізге көмек берді ма

ДОҢҒАЛАҚ ҚЫЗЫҚТЫ ДОМАЛАҚ

...

ДОҢҒАЛАҚ араласпайтын шаруа жоқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰРМА САМБУГЫ

...

Жуылып, 4-8 бөлікке бөлінген құрма сүйектері алынып тасталып, үстіне аздаған су құйылады да 10-12 минут бойы қайнатылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮЙЕ ЖАПЫРАҚ РАУҒАШ ЖӘНЕ ВИТТРОК РАУҒАШЫ

...

Рауғаштың медицинаға ену тарихы өте қызық. Біздің эрамыздан 2700 жыл бұрын бұл өсімдік Қытайда іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨМБЕ - КӨМІП ПІСІРГЕН БІР УАҚ МАЛДЫҢ ТҰТАС

...

Қазақ халқы көмбелерді үйден гөрі түзде көбірек дайындаған. Көмбе - көміп пісірген бір уақ малдың тұтас еті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУРЕТ МАЙЛЫ БОЯУЛАР ПАЙДАЛАНУЫ

...

Қазір суретшілердің көбі майлы бояуларды пайдаланады, ал бір кезде олар адамзатқа атымен белгісіз болатын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »