ЖЕТІСУ
Категориясы: Табиғат
Жетісу - тарихи-географиялық аймақ.
Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.
Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атауын құрайтын жеті өзен туралы түрлі пікірлер айтылған. Олар: Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендері.
Кейбір тарихи әдебиеттерде Жетісуға Шу және Талас алабы мен Қырғызстандағы Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырапты да жатқызады.
Жетісу солтүстіктен оңтүстікке 900 км-ге, ал батыстан шығысқа 800 км-ге созылған үлкен аумақты қамтиды. Шығысы мен оңтүстігін биік таулар алып жатса, батысы мен солтүстігі - шөлге ұласатын қыратты жазық. Бұл өлкеде суармалы егін шаруашылығы, жайылымдық мал шаруашылығы ертеден-ақ дамыған.
Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігінің тау бөктерлерінде ауа райы ылғалды, қоңыр салқын, топырағы құнарлы. Онда суармалы егіншілікке пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жеміс ағаштары, жапырақты орман өседі. Ал жоғарыда шыршалы ормандар кездеседі. Міне, осындай қолайлы табиғи жағдайлар Жетісуды ертедегі мәдениет ошақтарының біріне айналдырған.
Жарияланған-2015-11-24 21:37:35 Қаралды-22340
СӨКТЕН ЖАСАЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

Сөк әбден тазартылып, жылы суға салып жуылады. Суын сарқып төккен соң торға салып дегдітіледі.
ТОНЫКӨК ЕСКЕРТКІШІ

Ақылгөй Тоныкөктің құрметіне қойылған тас тақта өзінің бұйрығы бойынша шамамен 716 жылы қашалып жасалған. Бұл ескерткіш 1897 жылы Баин-Цокто шатқалынан табылған. Қазіргі кезде ол Моңғол Республикасының астанасы - Улан-Батор қаласынан 60 шақырым жерде орна
ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.
СЕМЕИ

Шығыс Қазақстан облысындағы қала. Ертіс өзенінің бойында орналасқан. 1939-97 жылдары Семей облысының орталығы болған.