МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ (1885-1935)
Категориясы: Адамдар
Міржақып Торғай өңірінде өмірге келген. Әкесі Дулат сауатты адам болған. Міржақып кезінде қазакша-орысша білім алған. Ақындық дарыны ерте дамыған. Оның шығармашылығы аса бай. «Серке» газетінде жарияланған «Жастарға», «Біздің мақсатымыз» атты өлең, мақалалары ұлт қамын, ел және жер тағдырын кеңінен қозғайды. Өмір, уақыт талаптарына да батыл үн қосады. «Оян, қазақ!» кітабы (1909) отарлық езгіні айыптайды. Ұлт намысын, рухын көтеріп, жаңа өмір, жақсы тұрмыс жолындағы еңбекке шақырады.
Міржақыптың ақындығы «Азамат», «Терме» атты жинақтарынан терең көрінеді. Ақын өлеңдерінен («Қазақ жерлері», «Арманым», «Елім-ай», «Шәкірт», т.б.) қазақ халқын азаттыққа, теңдікке үндеу, оқуға, ғылымға тарту, еңбекке баулу айқын аңғарылады. «Бақытсыз Жамал» (1910) романында, «Балқия» (1922) пьесасында қазақ әйел, қыздарының тағдырлары суреттеледі.
М.Дулатұлы Абай, Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлылардың шығармашылық мұралары, қазақтар мен қырғыздардың шығу тегі жөнінде зерттеу мақалаларын да жазды.
Жарияланған-2015-11-24 21:10:04 Қаралды-3919
ҚЫПШАҚТАР

Қыпшақтар - түркі тілдес тайпалар. Қыпшақтар VII ғасырдан бері белгілі. Қимақтармен X ғасырға дейін тығыз қатынаста болып, олардың тайпалық одағына, кейіннен мемлекетінің құрамына кіреді.
ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.
ҚЫЛҚАН ЖАПЫРАҚТАРДЫҢ БҰТАҚТА ҰЗАҚ САҚТАЛУЫНЫҢ СЫРЫ НЕДЕ?

Қарағай, шырша, самырсын, аршалардың жапырақтары бұтағында түспей 3 жылдан 10 жылға дөйін сақталады. Солай десек те, жапырақтары мүлдем түспейді - деу дурыс емес. Себебі жыл сайын бірді-екілі жапырақтары түсіп, оның орнын жас жапырақтары алмастырып тұрады
АЛУА ӨНДІРУ

Біздің елімізде алуа ежелден өндіріліп келеді. Ол шығыстың тәтті тағамдарына жатады және құрамында 30-35 процент қант, 30-35 процент май, 15-20 процент шамасында азотты заттар болатын сіңімділігі жоғары өнім болып табылады. 100 килограмм алуаның калориялы