UF

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ (1873-1938)

Категориясы: Адамдар


Ахмет Байтұрсынұлы Қостанай облысы Торғай өңіріндегі Сарытүбек деген жерде туған. Ол жасынан зерек, сергек болып өседі. Ауыл молдасынан сауатын ашады. Он үш жасында жетім қалып, тағдырдың талқысын көп көреді.
Ахметтің білімге, ғылымға деген ынтасы ерте қалыптасқан. Оның өмірге деген ізденіс, көзқарастары әр алуан еңбектерінен кең орын алған.
Ахмет Торғайдағы екі сыныптық орыс-казақ училищесін, содан кейін Ы.Алтынсарин негізін қалаған төртжылдық мұғалімдер мектебін үздік бітіреді. «Халық мұғалімі» деген атаққа ие болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы өлкелерінде ұстаздық қызмет етеді. 1913-1917 жылдары «Қазақ» газетінде редактор болып жұмыс істейді. Халық өміріне катысты және қоғамдық-тарихи мәселелерді баспасөз беттерінде өткір көтереді. Қалың бұқараны еңбекке, білімге, ғылымға үндейді. «Қазаққа ашық хат», «Қазақтың бас ақыны», «Маса» атты шығармаларында ел, жер мәселесін, ұлт пен ұрпақ қамын кеңінен козғайды.
А.Байтұрсынұлы И. А. Крылов туындыларын казақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен бастырған.
А. Байтұрсынұлы ұстаз-ғалымдығымен бүкіл елге танылған. Қазак тілі грамматикасын зерттеп, көптеген оқулықтар мен тіл құралдарын жасаған. Араб графикасы негізінде қазақ-әліпбиін енгізген.

  Жарияланған-2015-11-24 21:02:37     Қаралды-2743

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАУЫН ҚАЙНАТПАСЫ

...

Піскен қауынның қабығы аршылып, дәнінен тазартылады да жұмсақ етіп әбден езіледі. Суға салып қант шырыны дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДА ҚАЙ ҚАЛА ТҰР?

...

Италияның солтүстігіндегі Венеция қаласы суда орналасқан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫРҒАНАҚ – АСҚАЗАН АУРУЛАРЫНА ЕМ

...

Шырғанақ – биіктігі 5 метрге жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы көбінесе қара түсті болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰНАН БӘЙГЕ

...

Бәйгеге қатысатын құнанға шабандоз бала мінеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »