ДИНА НҰРПЕЙІСОВА
Категориясы: Адамдар
Дина Нүрпейісова (1861-1955) - Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер. Ол Батыс Қазақстан облысындағы «Бекетай құм» деген жерде дүниеге келген. Тоғыз жасынан домбыра тартқан. Динаның 1870 жылы Құрманғазымен кездесуі өнерге деген сүйіспеншілігін арттырды. Жас қыздың дарынына тәнті болған күй атасы оның болашағынан үлкен үміт күтеді.
Д. Нұрпейісованың орындаушылық шығармашылығында өзіне ғана тән дәстүрі бар. Өмірінің барлық мәні, мақсаты болған музыканы еш уақытта есінен шығармай, қолынан домбырасын тастамаған. Құрманғазыдай ұстазын өмір бойы қадірлеп, мадақтаумен өткен.
Дина Нұрпейісова 1937 жылы Алматыға шақырылды. Еңбегі бағаланып, «Қазақстанның халық әртісі» деген атақ берілді. Динаның «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» және т.б. күйлерін бүкіл әлем біледі.
Жарияланған-2015-11-24 19:12:12 Қаралды-21959
АЙДЫ КЕМІРІП ҚОЙҒАН ҚАЙ МЫҚТЫ?

Баяғы замандардан бері адамдар көктегі Айдың неге кейде толып, дөп-дөңгелек боп тұратынын, ал кейде кеміп, жартысы ғана қалатынын, тіпті, жұқарып...
ЖАҢҒАҚ ПЕН ЖҮЗІМНЕН ЖАСАЛҒАН ДОМАЛАҚ

Тазартылып, қуырылған грек жаңғағы, іріктеліп, жуылып кептірілген жүзім (сүйегінен арылтылған) және кепкен нан ет тартатын машинадан екі рет өткізіледі.
ВЕЛОСИПЕД ТАРИХЫНАН

Велосипед тебушілер және онымен жарыс жолына шығып бағынушылар ұлы ғалым, суретші Леонардо да Винчиге қарыздар, себебі ұлы ғалым 1495 жылы оның алғашқы жобасын жасапты.
ҚАСҚЫР

Қазақстанның барлық аймақтарында таралған жыртқыш аңдардың бірі - қасқыр. Дене тұрқы асыранды иттей. Қасқыр асыранды иттің арғы жабайы тегі деп есептелінеді. Топтанып тіршілік етеді, қорегін көбіне түнде аулайды.
КАПУСТА ҚҰЙМАҒЫ

Капуста тазартылып, жуылады. Ұсақтап туралады да, үстіне сүт құйылып жұмсарғанша бұқтырылады.