ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ
Категориясы: Адамдар
Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан. Доспамбет Бақшасарай мен Стамбұл қалаларында болып, жақсы білім алған. Отыз жылдай ғана өмір сүрген ақын ұрпақтарына өзінің құнды поэтикалық шығармаларын қалдырған. Оның өлеңдерінде жауынгерлердің жорықтары мен ерліктері жырланған. Батырларға тән ар-ождан мен намыс үшін күрескен жауынгерлерді керемет суреттей білген.
Доспамбет жыраудың толғау түрінде жазылған бірнеше шығармасы сақталған. Олар: «Айнала бұлақ басы тең, Азаулының Стамбұлдан несі кем», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын, Ақ Жайық».
Доспамбеттің терең толғаулары жас ақындар, соның ішінде Бұқар жырау шығармаларына көп әсерін тигізді.
Жарияланған-2015-11-24 16:34:23 Қаралды-20785
БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК

Шикі жұмыртқаның сары уызы, қант, ұнтақталған жаңғақ дәні және бал қосылып үгіледі. Осы қоспа ерітілген сарымайға салынып көпіргенше араластырылады.
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.
ҚҰМАЙ ҰЯСЫ

Сауыр мен Сайхан тауларын қақ жарып ағып жатқан өзеннің бойында құз жартас бар. Мұнда алып құс ұясының орны жатыр. Әбден сарғайып, көнеріп кеткен үлкен ағаш бұтақтарынан және шөп қалдықтарынан жиылған ұяны халык «Құмай ұясы» деп атайды. «Ұя осындай үлкен
ТӘТТІМБЕТ

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - шертпе күйдің негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқ