UF

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ

Категориясы: Өнер


Астана қаласындағы ғылыми және мәдени-ағарту мекемелерінің бірі - Президенттік мәдениет орталығы. Орталық 2000 жылы 27 қазанда ашылды. Ол жұртшылықты Қазақстан халықтарының тарихи-мәдени жәдігерлік мұраларымен, сондай-ақ дүниежүзілік мәдениет және өнер жауһарларымен жүйелі түрде таныстырып отыруды мақсат тұтады. Онда тарихи мұражай, көпшілік кітапхана мен концерт залы орналасқан.

Мұражайлар ғимараттың бес қабатына бөлінген. 1-ші қабатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік атрибуттары мен символикасы», «Қазіргі Қазақстанның саяси-қоғамдық өмірі» және «Этнография» залы орналасса, 2-ші қабатында «Археология» галереясы, «Ежелгі Қазақстанның көшпенділер мәдениеті» мен «Алтын және асыл металл бұйымдар» залы, ал 3-ші қабатында «Тарих» галереясы, 4-ші қабатында «Егемен Қазақстан», 5-ші қабатында «Бейнелеу өнері» галереясы орын тепкен. Мұражай тарих пен мәдениет ескерткіштерін жинап, сақтау жұмыстарын жүргізеді.

Дүние жүзі елдерінің 40 тіліндегі 700 мың кітап қоры жинақталған орталық кітапханасы республикадағы ең бай кітапханалардың бірі болып саналады.

  Жарияланған-2015-11-24 16:11:37     Қаралды-5481

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҰСТАЛЫҚ ӨНЕР

...

Шапқы - түрлі металды қыздырып не құрғақ күйінде кесуге, шабуға, жаруға арналған асыл аспап. Шапқының да бірнеше түрі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

УАҚЫТ КЕЗЕҢ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕДІ: КЕМЕ

...

Уақыт кезең әлемді өзгертеді: кеме

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГЛОБУСТЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЙДЫ?

...

Біраз ғасырлар бойы қатырма қағаздан домалақтап жасаған шар - глобус адамдарға адал қызмет етіп келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫ

...

Наурызым қорығы 1934 жылы қарағайлы орман мен Қостанай облысының Наурызым ауданындағы далалы аймақтың шағын көлдерін (Наурызым, Торғай) сақтап қалу мақсатымен құрылған. Бұл жерді табиғи мұражай десе де болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫМКЕНТ

...

Шымкент - ежелгі қалалардың бірі. Ол еліміздің оңтүстік- шығысында Бадам мен Сайрам өзендері аралығында орналасқан. Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы Жібек сауда жолында жайғасқан ол XVIII ғасырда ірі қалаға айналды. 1864 жы

ТОЛЫҒЫРАҚ »