ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕР
Категориясы: Өнертабысты
Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдармен зәулім ғимараттар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану және өзін-өзі сәндеу үшін тәндерін нақыштап, киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойган. Осының нәтижесінде ою-өрнек (орнамент) пайда болған. Орнаментті латынның «ornamentum» сөзінен аударғанда «әшекей, өрнек, бедер» деген мағынаны білдіреді.
Ою-өрнектер көшпелі қазақтардың ежелгі қолданбалы өнерінің маңызды бөлігін құраған. Қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына да аса мән берген.
Ежелгі шебер қазақтар үшін шабыт көзі табиғат және оның өсімдіктер мен жануарлар әлемі болды. Шеберлер ыдыс-аяқты, киім-кешекті, қару-жарақты, үйлер мен гибратханаларды тамаша әшекейлеген. Тіпті қазақ ұлттық билерінен түрлі өрнектерді көруге болады.
Қазақ халқының ою-өрнегінің алғашқы негізі — «мүйіз» оюы. Олардың атаулары әр түрлі: «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз». Оюларда космогондық, зооморфтық, өсімдік тектес және геометриялыц өрнектер көзге түседі. Олардың ішінде «айшық гүл», «шыққан күн», «жұлдыз гүл», «төрт мүйіз» өрнектері кең танылған. Ою-өрнектің 230-дан аса түрі белгілі.
Жарияланған-2015-11-23 19:12:01 Қаралды-13311
АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ ІШІНДЕ ТҮНГІ АҢШЫЛАР

Тек жапалақ қана емес, мысық, күзен, түлкі, қасқыр сияқты басқа да жануарлар өз кемдерін түнде аулайды.
МИНЕРАЛДАР

Минералдар Жер бетіндегі немесе жердің қойнауындағы әр түрлі геологиялық процестерге байланысты пайда болады және олар тау жыныстарын, кентастар мен метеориттерді, т.б. кұрайды. Минералдар, негізінен, қатты болып келеді.