UF

ҚҰРАЛАЙ СҰЛУ БЕЛГІСІ

Категориясы: Әдебиет


Қазақ поэзиясының жұлдызы Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» атты поэмасы бар. Бұл поэмада Құралай сұлудың қайғылы да қасіретті тағдыры суреттеледі.

Құралайдың сүйгеніне қосылған, жаудан қашып құтылған, мұратына жеткен шақта ажал тырнағына ілінуі кез келген адамды бей-жай қалдыра алмайды. Сол Құралай сұлудың бейіті Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Қамқалы селосының жанында орналасқан. Қазір құлап, бір босағасы ғана қалған.

Құралай сұлу - қалмақ ханының қызы. Шешесі қазақ болыпты. Тұтқынға түскен қазақтың Келден батырына ғашық болып, екеуі қашып шығады. Қуғыншылардан құтылып, бірнеше күн жол жүреді. Ақыры, Бетпақтың шөліне келеді. Жағасы толған қамыс, құрақ көлге түсіп дем алмақшы болады. Келден аттарды жайғап жүргенде, Құралайдың ащы даусы шығады. Жүгіріп келген батыр жолбарыс шапқан қыздың үстінен түседі. Жолбарысты қанжармен бір-ақ жайратқан ол Құралайдың өлі денесін құшақтап зар еңіреп жылайды. Қанжарымен көр қазып, сүйегін көмеді. Елінен кісі әкеліп, сол көл жағасынан бейіт тұрғызады. Сол жер қасиетті орынға айналған. Қазіргі кезде көл құрғап, суалған. Халық Құралай сұлу бейітін әлі күнге дейін ардақтап, құрметтеп келеді.

  Жарияланған-2015-11-20 12:45:34     Қаралды-8887

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАУЫНҚҰРТ

...

Қауын ортасынан жарылады. Дәні алынып тасталынады. Қабығынан аршылған еті бөлек алынып, жұқалап туралады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЕКЕР-ПУРИ

...

Тоқаш қамырынан жасалатын құырма сияқты тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Кальмарлар ұша алады

...

Тынықмұхит кальмары – «ұшатын» мүмкіндігі бар, онқолды тұқымдастардың ішіндегі басаяқты ұлулар түрі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХАЛЫҚТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ

...

Халықтық азаматтық қорғанысы - бейбіт уақытта және соғыс кезінде еліміздін, халқы мен халық шаруашылығын дұшпанның жаппай зақымдаушы және басқа шабуыл жасау қаруларынан қорғау үшін, соңдай-ақ зақым ошақтарында, апатты су тасқыны аймақтарында, стихиялық ап

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Моторсыз, аттың күшін пайдаланып жарыс жолына шығу жүректілер ісі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАҚЫЛДАҚ

...

Сүт, жұмыртқа, май, ұн, құм шекер араластырылып, тұз салынады да тұщы қамыр иленеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »