ҚҰМАЙ ҰЯСЫ
Категориясы: Әдебиет
Сауыр мен Сайхан тауларын қақ жарып ағып жатқан өзеннің бойында құз жартас бар. Мұнда алып құс ұясының орны жатыр. Әбден сарғайып, көнеріп кеткен үлкен ағаш бұтақтарынан және шөп қалдықтарынан жиылған ұяны халык «Құмай ұясы» деп атайды. «Ұя осындай үлкен болғанда, құмайдың өзі қандай болды екен?!» деп жұрт таң қалады екен. Ел арасында осы ұя туралы мынадай аңыз бар көрінеді.
Ерте заманда Малай деген қойшы болыпты. Бір күні оны құмай деген алып құс көтеріп, қалың кұз жартастың ішіндегі балапанына әкеліп тастапты. Енді Малай балапанмен бірге құс әкеліп берген аң, мал етін жеп, күн көреді. Шыңыраудан қалай шығудың амалын ойластыра бастайды. Аң мен малдың тарамысын есіп арқан жасайды.
Күз келіп, балапан өсіп, ер жетеді. Бір күні Малай құстың екі аяғына арқанды байлайды. Өзі сол арқанға асылып жатады. Біраздан соң енесі келіп, балапанын ертіп жоғары көтеріледі. Арқанға белінен асылып жатқан Малай да бірғе ұшады. Екі құмай қатар ұшып, Сайхан тауының басына қонады. Малай болса құстың аяғындағы арқанды шешіп қала береді. Құмайлар ұшып кетеді.
Осылай бір жаз жоғалып кеткен Малай еліне оралады. Оны көрген жұрт тапқырлығына риза болады. «Малай, тасқа түсуің қалай?» деген мәтел осыдан қалған екен.
Жарияланған-2015-11-20 12:40:04 Қаралды-5853
ҚАЗАҚТАРДА ЕҢ КӨНЕ ДІННІҢ БІР ТҮРІ

Адамзат баласының тарихында алғашқы қауымдық құрылыстан басталатын ең көне діннің бір түрі шаманизм екені белгілі. Шаман діні қазақ арасында небір азулы діннің түрлерімен, небір аққаптал саяси ағымдармен жағаласа жүріп XX ғасырдың басына дейін жетті.
ҰЛЫБРИТАНИЯДА НЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ?

Ұлыбританияда көптеген тыйымдар бар, кейде ең оғаш және күлкілі, ұзақ тарихы бар.
ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ

Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.
Майкл Джорданды мектептегі басткебол командасына әуел баста қабылдамады

Тоғызыншы сыныпта Джордан жақсы баскетболшы болып үлгерді. Әйтседе, ол кезде оның бойы жетпеген де еді (1978 жылдың жазында оның бойы 175 см болған), Майкл өте шапшаңдығымен және ынтасымен ерекшеленді.
ЕҢ АЛҒАШ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТ ҚАЙ ЖЕРДЕ САЛЫНДЫ?

Бірінші көпқабатты ғимарат 1885 жылы Чикагода пайда болды деп есептеледі.