БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМДЕРІ
Категориясы: Тарих
Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, құлаш, шақырым деп атаған.
Халық арасында, әсіресе, ауылдық жерлерде жиі қолданылатын «бие сауым», «сүт пісірім», «әрі-беріден соң», «қас пен көздің арасында», «қадам», «қарға адым», батпан», «пұт», «қадақ», «мысқыл», т.б. қашықтық өлшемдер мен салмақ өлшемдері халқымыздың ғасырлардан туындаған күнделікті тұрмыстарында қолданылған бірліктер.
Енді осы өлшемдердің қазіргі кездегі халықаралық өлшемдермен салыстырғанда қандай дәрежеге ие болатындығын көрелік. Бір ескерерлік жайт, қазіргі сантиметр, метр, шақырымдар шамалап алынған. Өйткені дене мүшелері арқылы өлшенетін өлшемдер адамның дене бітіміне қарай көрсетілген шамадан әлдеқайда қысқа не ұзын болуы мүмкін.
Жарияланған-2015-11-19 15:26:21 Қаралды-7524
ШЫРМАУЫҚ – УЛЫ, СЫРТҚЫ ЖАРАЛАРҒА ЖАҒУ

Шырмауық – сабағы шырмалып өсетін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
БАКУ ПАХЛАВАСЫ

Бұл тоқаш қамырынан жасалатын тағам. Формасы қиғаш төрт бұрышты, ішіне алты қабат жаңғақ салынған және қант-бал шырыны сіңірілген.
ИТБҮЛДІРГЕННЕН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

Медицинада итбүлдірген жапырақтарын ұнтақ немесе қайнатып алынған тұнба турінде қызылшамен ауырған адамның қызуын түсіруге және асқазан сөлінің қышқылын баяулатуға қолданады.
БАДАМ-НОХУТ

Бұл - алма және өрік пюресін қайнатып, крахмалға құлпынай формалы етіп салынған және бадамның ұсақтап туралған массасына аунатып алынған тағам.
ЖАЙЫҚ

Жайық өзені Орал тауларының оңтүстігінен басталады. Жалпы ұзындығы - 2428 км. Қазақстандағы ұзындығы - 1082 км. Жайық өзені туралы деректер грек, рим жылнамаларында Дайкс, Ликос, ал орыс жазбаларында 1775 жылға дейін Яик атауымен берілген.
ҚҰРБАН АЙТ

Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң «Құрбан айт» мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі - осы айтта құрбандық шалынады. Ораза айттағыдай, кұрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар мешітке немесе алдын ала белгіленген бір орынға ж