КИРИЛЛ ЭЛІПБИІ
Категориясы: Тілдер
Кирилл әліпбиі (кириллица) - славян ағартушысы Кириллдің атымен аталған әліпби. Кирилл 827 жыл шамасында Фессалоники (Солунь) қаласында туылған. Кирилл славян елдеріне христиан дінін уағыздау үшін славян әліпбиін жасайды. Грек жазуының 25 әрпіне славян тілінің дыбыстарын белгілеу үшін қосымша 18 әріп қосып, 43 әріптен тұратын әліпби құрастырады. Ресейге кириллица X ғасырда енген. Кейін орыс әліпбиінен кириллицаның 12 әрпі шығарылып, екі жаңа әріп (й, е) қосылған.
1940 жылы Кеңес Одағы халықтары біртекті әліпбиді қолдануы қажет деген саясатпен КСРО құрамындағы халықтардың жазуы жаппай кириллицаға көшірілді. Оның ішінде қазақ жазуы да кирилл әліпбиіне көшіріліп, бүгінге дейін қолданылып келеді. Орыс тілінде жоқ қазақ тілі дыбыстарының таңбалары кирилл таңбаларына ұқсастырылып (қ-к, ғ-г, о-ө, ң-н), қазіргі қазақ әліпбиі қабылданды. Бұл әліпбидің қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін толық таңбалай алмауына байланысты кейінгі жылдары қазак жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі көбірек көтерілуде.
Жарияланған-2015-11-19 15:21:36 Қаралды-15489
ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ

Еліміздің солтүстік-батысындағы екі өзен аралығын алып жатқан аймақты қазақтар ежелден Еділ-Жайық өлкесі деп атап келген. Мұнда Жайық өзенінің орта ағысынан бастап Каспий теңізіне құяр сағасына дейінгі телімі ел аумағында ағады. Жайық өзенінің ел аумағынд
ШЫҒЫС ЖАҢҒАҒЫНАН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

Кастрюльге су құйылады. Жұмыртқа салынады. Тұз бен қант ұлпасы ерітіліп, стол үстінде еленген ұнды әр жерінен тесіп, үстіне жаңағы ерітінді құйылады.
Мохаммед Али өзінің алтын медалін өзенге тастап жіберді

Өзінің өмірбаянында Али 1975 жылы Рим Олимпиадалық Ойындардан қайта кері оралғанда Огайо өзеніне өзінің алтын медалін тастап жіберді, одан және оның досынан «түсті» болғандықтан ресторандардың бірінде қызмет көрсетулеріне мүмкіндік берді.
ШЕЛПЕК НАНЫ

Бұл - дөңгелек, шет жақтары қалың, ортасы жұқа, үстінен әр жері тесілген, салмағы 0,2 килограмм тағам.
ДОПТЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Бұл спорт футбол ойынына ұқсас мысалы, ойын барысы 45 минуттық екі кезеңнен тұрып, бұрыштан доп беру, айып добын соғу кезеңдерінде болады