АРАБ ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ «ТӨТЕ ЖАЗУ»
Категориясы: Тарих
Ислам мәдениетінің таралуына байланысты көптеген түркі халықтары араб әліпбиін сайдалана бастаған. Соның ішінде қазақ халқы да сан ғасыр бойы араб әліпбиін пайдаланып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті. Мысалы, «Гулистан би-т-Турки» (Сайф Сараи), «Диуани лұғат-ат-Түрк» (Махмұд Қашқари), «Құтадғу біліг» (Жүсіп Баласағұн), «һибат-ул-хақаиқ» (Ахмет Иүгінеки), т.б. шығармалар. Алайда араб әліпбиінің өзіндік қиындықтары болды. 1912 жылы А.Байтұрсынов араб әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш өзгерістер жасады. Ол қазақ тілінің басқа түркі тілдерінен ерекшелігін анықтап, ұлттың өзіне тән дыбыстарын белгілейтін таңбаларды енгізді. Байтұрсынов емлесі қазақ қазуы тарихында «жаңа емле» («төте жазу») деп аталып, халықты сауаттандыруда ірі бетбұрыс жасады. Емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде, 1929 жылға дейін кеңестік мектептерде қолданылды. 20-шы жылдардың аяғында емлені ауыстыру кайлы түркі, қазақ зиялылары арасында айтыс жүріп, А.Байтұрсынов реформалаған емле колданыстан шығарылды. Шығыс Түркістандағы (ҚХР) Шыңжаң автономиялы ауданындағы қазақтар А.Байтұрсынов әліпбиін қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
Жарияланған-2015-11-19 15:09:38 Қаралды-36701
БЕТПАҚДАЛА

Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кең-байтақ шөлді өңір. Ол Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлерін қамтиды. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, со
АЛМА СІЛІКПЕСІ

Қабығы мен дәні тазартылған алма ұзынынан бөлініп, жақсылап қайнатылады. Қайнатылған алмаға қант, лимон қышқылы және бөккен желатин қосылады.
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА КӨНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ ӨНДІРІСІ

Қазақ даласында көне заманның өзінде-ақ металлургия өндірісінің кеңінен дамуы осынау байтақ көшпелілер өңірінде кең тараған жануарлар стиліндегі өнер туындыларының дүниеге келуіне де себепші болды.
ВЕЛОСИПЕД ТАРИХЫНАН

Велосипед тебушілер және онымен жарыс жолына шығып бағынушылар ұлы ғалым, суретші Леонардо да Винчиге қарыздар, себебі ұлы ғалым 1495 жылы оның алғашқы жобасын жасапты.
АЛМА ҚАЙНАТПАСЫ

Қабығы аршылып, өзегінен тазартылған алма салқын суға салынып, дайын болғанша қайнатылады.