КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ
Категориясы: Тарих
Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан. Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабынан, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауынан кездесті. Бұл жазуларды алғаш табылған жердегі өзен аттарымен «Орхон-Енисей жазуы» деп атап кеткен. Сонымен бірге Скандинавия руналарына ұқсас болғандықтан, оларды «руна жазуы» (сына) деп атау да қалыптасты.
1893 жылы Орхон-Енисей таңбаларының мағыналарын анықтаған дат ғалымы профессор Вильгельм Томсен еді. 1894 жылы академик В.В. Радлов көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі жазудың тұңғыш аудармасын жасады.
Көне түркі әліпбиінің құрамында 35 әріп бар. Жазу оңнан солға қарай оқылады.
Көне түркі тіліндегі жазулардың тастарға ғана емес, үй жиһаздарына, түрлі бұйымдарға да ойып жазылғандығы кейінгі уақытта айқындала түсті. Мәселен, Талас алқабынан ағаш таяқшаға, төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген, Іле бойынан жартастарға, жүзікке бедерленген ойма жазулар табылды. 1948 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған, 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған сына жазу белгілі болды. Жайық өңірінен анықталған қола айнадағы сына жазу 1986 жылы жарияланды. Мұның бәрі Қазақстан аумағында орта ғасырларда әліпбилік жазудың кең таралғанын көрсетеді.
Жарияланған-2015-11-19 15:00:52 Қаралды-18934
ДЕРМЕНЕ

Дермене – биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, көптеген қосымша тамырлары бар.
АҚТАМБЕРДІ САРЫҰЛЫ

Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768) - жырау, қолбасшы, дипломат. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау маңында дүниеге келген. 17 жасынан әскери жорықтарға қатысып, парасаттылығымен, батырлығымен көзге түседі. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Ей
СӨКТЕН ЖАСАЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

Сөк әбден тазартылып, жылы суға салып жуылады. Суын сарқып төккен соң торға салып дегдітіледі.
ҚОС АЛУА

Қант-сірне шырынымен араластырылған, шайқалып көпіршітілген масса белогына грек жаңғағын салып жасалатын тағам қос алуа деп аталады.