АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІ
Категориясы: Әдебиет
«Абайдың қара сөздері» - қазақтың ұлы ақыны Абайдың өмірінің соңғы жылдары жазылған пәлсапалық шығармасы. Барлығы 45 сөзден (тараудан) тұрады. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. «Абайдың қара сөздерінің» соңғы нұсқасы Абай шығармаларын жинақтаушы, көшіріп, насихаттаушы Мүрсейіт Бікеұлының 1905, 1907 және 1910 жылдардағы колжазбалары бойынша жарияланып келеді. Қара сөздердің бірнешеуі алғаш 1918 жылы Семейде шыккан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен «Абайдың қара сөздері» орыс, кытай, француз, т.б. көптеген шет ел тілдеріне аударылды.
«Қара сөздер» атауының мағынасы өлең сөз дегенді білдірмейді. Өлеңді қазақ қара сөз демеген. Қара сөз проза ұғымында айтылған. Қара сөзді еркін ой білдірудің түрі деп түсінуімізге болады.
Ақын өлеңдерінің кейбір күрделі тұстары қара сөзінде түсіндірілген. Бұл Абайдың бірсыпыра өлеңдерін, алдымен, қара сөздеріндегі кейбір ойларды ұғынып барып қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңінің мағынасына жету үшін алдымен отыз сегізінші сөзді оқыған жөн. Екеуінің де айтар ойлары бір. Тек бірінде ой поэзия тілімен жеткізілсе, бірінде проза тілінде айтылған.
Абайдың қара сөздерін сыншылдық, ойшылдық, көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет, толғау деуге болады.
«Қара сөздердің» тақырыбы біреу-ақ, ол - адам болмысы. «Қара сөздердегі» әрбір сөз осы тақырыпты кеңірек ашуға мол мүмкіндік береді.
Шығарма тек бір халықтың не ұлттың еншісіне қатысты мәселелерді айтумен ғана шектелмеген. Онда ғұламаларды жылдар бойы толғандырып келген мәселелерге талдау жасалған. Сондықтан да Абайдың қара сөздері - әлемдік өркениетте өзіндік орны бар қайталанбас мәдени мұралардың бірі.
Жарияланған-2015-11-19 14:35:54 Қаралды-57219
ШЕКЕР-ЛУКУМ

Бұл - тоқаш жасалатын қамырдан қиғаштап туралып, бетіне қант ұлпасы себіліп дайындалатын тағам.
ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ

Еліміздің солтүстік-батысындағы екі өзен аралығын алып жатқан аймақты қазақтар ежелден Еділ-Жайық өлкесі деп атап келген. Мұнда Жайық өзенінің орта ағысынан бастап Каспий теңізіне құяр сағасына дейінгі телімі ел аумағында ағады. Жайық өзенінің ел аумағынд
Катаев не туралы ойлады?

Агриппина Донцоваға (қазірде Дарья деген атпен әйгілі) мектепте «Валентин Петрович Катаев не туралы ойлады, «Жалғыз парус ағарды»
ҚОРТПА

Бекіре тұқымдастардың ішіндегі өте ірісі - қортпа. Қортпаның (белуга) ұзындығы 4 м-ден астам, салмағы – 1-1,5 тоннаға дейін барады. Бірақ Каспий теңізінде аулағанда көбіне ауға салмағы 46-64 кг келетін қортпалар түседі. Терісі сауыт тәрізді келеді. Денесі