«КИТАБ-И ТАУАРИХ-И ПАДИША ХАН-И»
Категориясы: Әдебиет
«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и» - Сейфи Челебидің 1582 жылы түркі тілінде жазған шығармасы. Шығарма Қытай, Тибет, Қашқар, Мәуереннахр, Үндістан, Қазақ хандығы билеушілері туралы жазылған 9 тараудан тұрады. Еңбекте, негізінен, XVI ғасырда болған оқиғалар баяндалған. Көптеген елдердің саяси тарихы мен географиялық жағдайы жөнінде мағлұматтар алуға болады. Шығарманың кейбір тарауларында қазақтардың, қырғыздардың, ауғандардың сауда қатынасы, діни наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары туралы айтылады. Қазақтар мен қырғыздар жөніндегі деректер, Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі саяси оқиғалар, қазақ ханы Тәуекелдің жоңғарларға қарсы соғыстары жөніндегі мәліметтер құнды болып саналады. Шығарманы алғаш рет шығыс зерттеушісі, француз Шеферож және академик В.В. Бартольд өздерінің ғылыми енбектерінде пайдаланған. XX ғасырдың 60-шы жылдарының соңында шығарманың неміс тіліндеғі аудармасы мен мәтіні Стамбұлда басылып шықты.
Жарияланған-2015-11-19 12:47:56 Қаралды-2835
ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК
Snickers - жастар арасында ең танымал батончик
ЛИНОГРАВЮРА ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Қазір сендер көріп отырған сурет тек аң және қара бояудан ғана тұрады. Бұл - гравюра. Бірақ ол ағаштан емес, линолеумнен ойылып көшірілген.
ЭЙЕРКИХЕЛАХ
Бөлке жасалатын қамырдан қиғаш төрт бұрышталып пісіріліп, жұмыртқаның сары уызы жағылған тағам осылай аталады.
МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ КЕКСІ
Ұн еленіп, ысқыштан өткізілген грек жаңғағымен және жүзіммен араластырылады. Белок әбден көпіршігенше шайқалып, аз-аздан қант ұлпасы қосылады.