ОРАЗ МҰХАММЕД ДАСТАНЫ
Категориясы: Әдебиет
Казақ жері туралы жазылған тарихи еңбектердің бірі - «Жылнамалар жинағы». Кітап «Ораз Мұхаммед дастаны» деп те аталады. Оны XVII ғасырдың басында қазақ халқының ғұлама ғалымы, белгілі биі Қадырғали Қосымұлы Жалайыр жазған. Қадырғали Жалайыр қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедке қызмет етіп, онымен бірге Ресей империясына тұтқынға түскен. Кейін Ораз Мұхаммедпен бірге Ресейдегі Касимов қаласында тұрып, сонда «Жылнамалар жинағын» құрастырған. Жазбаның бас жағында орыс патшасы Борис Годуновқа мадақ, орта тұсында Рашид әд-Дин еңбегінің ықшамдалған баяны, соңында Ақ Орда ханы Орыс хан мен Ораз Мұхаммед биілігі аралығындағы тарихи оқиғалар қамтылады.
«Жылнамалар жинағы» - қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма. Кадырғали Жалайыр Қазақстан, Орталық Азия, Алтай, Моңғолия елдерінің тарихына қатысты мәліметтерді жинақтаған. Кітапты алғаш рет И.Березин деген кісі 1854 жылы Қазан қаласында бастырып шығарған. Шежіре қазақ тілінде 1989 жылы жарық көрді.
Жарияланған-2015-11-19 12:19:55 Қаралды-6976
КӨҚТЕМДІК ЖАНАРГҮЛ

Көктемдік жанаргүлдің шикізаты аптекаларда тұнба жасау үшін, ал заводтарда галенді препараттар мен гликозидтер алу үшін қолданылады.
ШЕГІРТКЕЛЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Шегірткелер туралы алғаш рет 8000 жыл бұрын шумер жазбаларында кездеседі.
ЖӘҢГІР ХАН

Жәңгір хан 1645-1680 жылдар аралығында билік құрды. Жәңгір хан бүкіл өмірін құдіретті Жоңғар хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы құрылған.
БАДАМ ҚОСЫЛҒАН ҮГІЛГІШ ҚАТТАМА

Ұн мен қант араластырылып, кесек-кесек күйінде сарымай немесе маргарин, жұмыртқа (бір жұмыртқа ақ уызы бетіне жағуға қалдырылады), ванилин немесе ұсақ көзді үккішпен үгілген лимон цедрасы