ЧЖАН ЦЯНЬ
Категориясы: Адамдар
Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық одақтар мен ертедегі мемлекеттердің әлеуметтік-саяси құрылымы, олардың өзара және Орталық Азиядағы көне иелектермен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді бізге Чжан Цянь жеткізді. Чжан Цянь бұл елдерге б.з.б. 138 жылы және б.з.б. 115 жылы екі рет саяхат жасаған. Қытайлықтар ғұндарға қарсы Орта Азия тұрғындары - юэчжилермен және Жетісу үйсіндерімен одақтасу мақсатын көздеген еді. Чжан Цянь, әсіресе, өз саяхаты барысында жатжерліктердің шаруашылығының жай-күйіне, әскерлерінің санына, қару-жарақтарына баса назар аударған. Сондай-ақ олардың әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, киім-кешегінің ерекшеліктерінің бәрін жазып алып отырған.
Жарияланған-2015-11-18 20:09:25 Қаралды-5911
АЙВА САМБУГЫ

Жуылған айва 2-4 бөлікке бөлініп, табаға немесе жұқа табаға салынады. Үстіне аздап су құйылып пісіріледі де үккішпен үгіледі. Қалған сығындыға су құйылып, 8-10 минут бойы қайнатылады
ТАБАН

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.
СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ

Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.
ЛУБОК ДЕГЕН НЕ?

Ерте-ертеде, темір жол да, автомобиль де жоқ кезде, Русьтің айдау қара жолдарында бір селодан екінші селоға ілбіп келе жатқан офенилер - тасушылар кездесетін.
ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?

Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады.
ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ

Ядролық қару - уран мен плутонийдің бірқатар изотоптарының ауыр ядроларды бөлуімен болатын тізбекті реакция кезінде немесе сутегі