UF

БІЛГЕ ҚАҒАН ЕСКЕРТКІШІ

Категориясы: Тарих


Көне түркі жазулары ішінде көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкен ескерткіш Түрік қағандығының атақты ханы Білге қағанға арналған. Арам ойлы жақын адамдары зұлымдык жасап, оны у беріп өлтірген. Қағанның құрметіне 735 жылы Орхон өзенінің жанына Кіші-Цайдам деген жердегі тау шатқалына тас мүсін орнатылған. Ескерткіштегі жазу ежелгі түркі және қытай тілдерінде ойылып жасалынған.

Бұл деректерде Білге қағанның ерлігі және түркі халықтарының даңқты жеңістері жайлы баяндалған. Мәтінде тайпалар арасындағы қақтығыстар мен жауынгерлердің шайқастары суреттелген. Ескерткіш о баста тасбақа жонына қойылып, күншығысқа қаратылған. Ол құлпытастан, тасбақа, тас мүсін, арыстан бейнелі мүсін және балбал тастардан тұрған. Қазіргі кезде ескерткіш қағандарды еске алатын граниттен жасалған адамдар мен аңдардың мүсінінен тұратын кешенге орнатылған.

  Жарияланған-2015-11-18 18:28:15     Қаралды-9111

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТОБЫЛҒЫ

...

Ерте кездерден бастап-ақ қазақ халқы тобылғы бұтасына ерекше мән берген, әрі оны қасиетті деп те санаған. Сондықтан да, оның тамырына балта шабуға болмайды деп есептеген. Өйткені тамыры қырқылған тобылғы жерден нәр алып өсе алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАХМҰД ӘЛ-ҚАШҚАРИ

...

Махмұд әл-Қашқари - бірнеше түркі тілдерін жақсы меңгерген әйгілі түрік саяхатшысы. Ол Ыстықкөлдін оңтүстік жағалауында орналасқан Барсхан қаласында дүниеге келген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАХМАТ ТАРИХЫНАН

...

Шахмат сөзінің төркіні парсыша “шах мат” - “әмір өлді” - деген ағына береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 -1945)

...

«XX ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды бала білім дариясынан терең сусындап өскен.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Шаш сияқты таныс дене мүшесі сирек сұрақтар тудырады. Шынында да, олар туралы не айтуға болады?

ТОЛЫҒЫРАҚ »