ТҮРКІЛЕРДІҢ КӨНЕ ЖАЗБАЛАРЫ
Категориясы: Өнер
Бағзы замандарда түркілер өз әліпбиін ойлап тапты. Ондағы әріптер қар бетіндегі құс іздеріне өте ұқсас, құйттай сына түріндегі сызықшалармен бейнеленді. Мұндай жазу «сына жазуы» (немесе ешкім сырын аша алмаған бұл жазулар «руна» деп аталады, руна сөзі гот тілінен аударғанда «кұпия», «сыр» деген мағына береді) деп аталады. Ертеде кағаз болмағандықтан, біздің бабаларымыз өздерінің «сына жазуларын» күміс ыдысқа, ағаш тақталарға, беті тегіс үлкен тас кесектеріне жазған. Әсіресе, осы тас тақталардағы жазбалар бәрінен де жақсы сақталған. Олар Орхон және Енисей өзендердін маңынан табылды. Сондықтан ғалымдар оларды көне түркі жазуының Орхон-Енисей ескерткіштері деп атайды.
Бірінші мыңжылдықтың орта тұсында осы өзендердің аңғар-атыраптарында ежелгі мемлекеттер - Түрік қағанаттары өмір сүрген, оларды көсемдер - кағандар билеп тұрған. VI- IX ғасырларда Түрік кағанаттары өмір сүрген кезеңде таңбаланған сына жазулы жазбалар - көне түркі әдебиетінің әлемге белгілі ең байырғы мәнді шығармалары.
Таска қашалған дастандар түркілердің аса ірі әскербасылары мен билеушілері - Күлтегін мен Білге қағанның өмірі мен күресі жайында, данагөй Тоныкөк жайында баян етеді.
Барлығы бізге белгілі үш жазба бар. Дұрысында, «Кіші жазуды» Білге қағаннын өзі айтып жаздырған сыңайлы, ал оны тасқа қашаған - ғұлама бәдізші Иоллығ тегін. «Үлкен жазуды» да Білге кағанның өзі айтып таңбалатып, інісі Күлтегін батырға арнаған. Үшінші жазба - Тоныкөк дананың өзі шығарған жыры.
Орхон-Енисей жазбалары XVIII ғасырда табылып, оны зерттеу, оку сол кездерде басталды. Көне түркілердің руна жазуын (қазақ таңбаларына өте ұксас) ең алғаш рет 1893 жылы дат ғалымы Вильгельм Томсен оқыды.
Жарияланған-2015-11-18 18:04:49 Қаралды-61004
ШҰБАТТЫҢ ДӘРУЛІК, ШИПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрулік, шипалық қасиеті де бар.
ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ

Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.
ҚАУЫН ҚАЙНАТПАСЫ

Піскен қауынның қабығы аршылып, дәнінен тазартылады да жұмсақ етіп әбден езіледі. Суға салып қант шырыны дайындалады.
АСТАНА

Астана деп мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығын айтады. Ол елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала болып табылады. Біздің еліміздің бас қаласы Астана болып саналады.
БАДАМ ТҮТІКШЕЛЕР

Ішіне бадам дәні салынған қамырдан жасалатын тағам осылай деп аталады. Қамырды дайындау әдісі, оны бөлу жолдары, сондай-ақ температурасы мен ылғалдылығы жаңғақ түтікшелерін жасағандағыдай. Ішіне салу үшін бадам пайдаланылады.
АХМЕТ ХАН

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың тұтастығы бұзылып, 1533-1538 жылдар аралығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. Сондай ханның бірі - Ахмет хан. Ахметтің толык аты-жөні - Қожа Ахмет. Жәнібек ханның немерелерінің бірі болып саналады.