БЕСШАТЫР ЕСКЕРТКІШІ
Категориясы: Тарих
Бесшатыр - көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіштерінің бірі. Ол Жетісу өңіріндегі Желшағыр тауының бөктерінде орналасқан. Бесшатыр қорымының құрамында 31 оба бар. Бұл ескерткіш б.з.б. VI -V ғасырларға жатады.
Археологтар молаларды қазған кезде тастармен қаланған ұзын қоршауларды тапты. Тақташа тәрізді тастардың беттеріне таутеке, қабан, қасқыр және басқа да жануарлардың суреттері бейнеленген. Қоршаудың кейбір тас тақташаларына адамның көзіне ұқсас түрлі таңбалар түсірілген. Бұл қорымның тек жерлеу орны ғана емес, сондай-ақ ерекше салтанат және діни салт-жоралғылар өткізетін жер болғанын да көрсетеді.
Үлкен обаларға сақтардың рубасылары мен әскери көсемдері, орташа обаларда әскербасылар мен атақты жауынгерлер, ал кіші обаларда қатардағы жауынгерлер мен қарапайым адамдар жерленген. Бұған айғақ - сол арадан табылған жебе ұштары, қысқа ақинак, канжарлар, ағаштан жасалған қалқан қалдықтары мен темір айыл.
Сақ дәуіріндегі сәндік бұйымның бірі - сырғалар әдемілігімен көз тартады. Бұл әсем сырғалар моншақтармен безендіріліп, сыммен иіліп жасалған.
Жарияланған-2015-11-18 17:56:15 Қаралды-19172
СУ ШАҢҒЫСЫ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

Су шаңғысы спортымен айналысушыларды кейде толқынмен жарысушылар деп атайды.
АСПАН НЕГЕ КӨГІЛДІР?

Біздің Жерімізді көгілдір планета дейді. Бұлайша кездейсоқ аталмаған. Жерді қоршап тұрған ауа мұхиты көгілдір түстес.
ЖОЛБАРЫС НЕГЕ ШҰБАР, ЖИРАФ НЕГЕ ТЕҢБІЛ?

Мұндай түстер аң, құстардың жауынан қорғану үшін ғана емес, аң аулауы үшін де қажет.
МҰРНЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Сендер ауыздарыңа жара шығып, тамақ жей алмасаңдар бір-екі күн шыдайсыңдар, алмурын іші бұзылып, тыныс ала алмай қалсаң, қанша уақыт шыдайсыңдар?
ВАНИЛЬДІ КИХЕЛАХ

Қамырдан жасалған құырма сияқты тағам осылай аталады. Бұл тағам қамырға химиялық қопсытқыш қосып дайындалады.
МЕЙІЗ ЖӘНЕ ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН РУЛЕТ

Тоқаш пісіруге арналған дайын ашыған қамыр 1,0-1,5 сантиметр қалыңдықта жайылып, шылқытып сарымаймен майланады, үстіне қант және ірілеу етіп ұнтақталған жаңғақ қосылған жүзім себіледі.