БЕРЕН САУЫТ
Категориясы: Тарих
Берен - мата, теріге темір тақташаларды шегелеп, қатарлап бекіте отырып жасалатын сауыт. Үлкен темір тақташалардан жасалып, иілуге онша келмейтіндіктен бұл сауыт кеудеше тәрізді етегі қысқа, жеңсіз етіп жасалады. Екі бүйірінен жырылады да, мойнынан киіліп, баумен, ілгекпен бекітіледі. Кейін болат тақташалар сауыттың тысына ішкі жағынан бекітілетін болған. Оларды бекітетін қайырма шегелердің бастары сауыт тысының сыртында белгілі бір өрнек құрып тұрады. Сәнді болу үшін шегелердің бастары жылтыратылып, кейде алтындатылып, әдемі етіп жасалады. Ішкі жағынан бекітілетіндіктен болат тақташалардың жіктері ашылмай, денені жақсы қорғайды. Берен кару өткізбейтін берік болғандықтан оны әлсіздеу кіреуке, бадана қаттама сауыттардың сыртынан киген. Бұл сауыттың арқасы мен кеудесіне қосымша болат тақташалар орнатылуы мүмкін.
Жарияланған-2015-11-18 14:45:56 Қаралды-6047
ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.
ДҮНИЕДЕ ЕҢ ЖЫРТҚЫШ ҚАЙ АҢ?

Біз әуелі ең ірі жыртқыштардың бірі - аң патшасы арыстанды аузыңа алғандықтан, әңгімемізді содан бастайық.
ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЭПИЦЕНТРІ

Жарылыстың эпицентрі - жарылыс орталығының жер үстіндегі (акваториядағы) проекциясы. Жарылыс орталығы жарқыл шығатын немесе ядролық жарылыстың от шарының орталығы тұратын нүкте.
КҮН ҚАЙДА ҚОНЫП ШЫҒАДЫ?

Аспандағы Күн ертеден қара кешке дейін жер бетіне сәулесін шашады, жылуын төгеді.
СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?

Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.