Майкл Джорданды мектептегі басткебол командасына әуел баста қабылдамады
Категориясы: Спорт
Тоғызыншы сыныпта Джордан жақсы баскетболшы болып үлгерді. Әйтседе, ол кезде оның бойы жетпеген де еді (1978 жылдың жазында оның бойы 175 см болған), Майкл өте шапшаңдығымен және ынтасымен ерекшеленді. Ол Эмсли Лэйни жоғары мектептің баскетбол командасына баруына талпынды, бірақ, тренер Джорданның ойын сапасын жоғары бағалап, әйтсе де, одан үлкендеу және мықтырақ балалардан тұратын команданы құруды жөн санады.
Майкл командаға қосылмағанына өте қатты ренжіді, ол тренерге қателескендігін көрсету үшін, мектептегі жасөспірімдер командасының жарыстарына бар күшін салып жүрді. Қорғаушы ойыншы позициясын ойнап, Джордан ойынның жоғары деңгейін көрсетіп, орташа 28 балл жинады. Келесі жаздың бәрінде ол барынша күш жұмсап жаттықты және 10 см-ге өсті. Оныншы сыныпта Майкл американдық футбол бойынша мектеп командасы үшін ойнады, жеңіл атлетика бойынша жарыстарға қатысты, сондай-ақ бейсбол да ойнады.
Майкл орта мектепте нашар оқыды және баскетбол ойнау үшін тіпті сабақтардан да қашып жүрді, жоғары сыныптарда ол оқуына қайта кірісіп, өзінің орташа баллын көтерді. Әсіресе оған математика және басқа да нақты ғылымдар оңай болды.
186 см-ге дейін өскен Майклды он бірінші сыныпта баскетболдан мектеп командасына алды, ол жерде 45-ші нөмірмен оның ағасы Ларри де ойнады. Майкл өзіне 23-ші нөмірді алды, ол ол нөмірді ағасы сияқты жақсы спортшының ең болмағанда жартысындай болуы үшін ниетінің бар екендігін көрсетіп таңдады. Ол осы нөмірмен өзінің барлық мансабы бойы ойнады.
Жарияланған-2015-09-24 09:51:18 Қаралды-1968
БАЙЫРҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛШЕМДЕРІ
Ертеректе Шығыс елдерінде ұзындық өлшемдері ретінде адамның дене бөліктерінің өлшемі негізге алынған. Ол өлшем бірліктерін елі, тұтам, қарыс, сүйем, кез, сай кез, құлаш, шақырым деп атаған.
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ӨНДІРУ
Мұнай - Жер шарының шөгінді қабатында таралған жанғыш майлы сұйық зат. Түсі ашық қоңырдан қараға дейін өзгеретін мұнай жер бетінен 1,2-2,0 км-ден 5-15 км және одан да тереңде жатады. Ол газ тәрізді көмірсутектерімен бірге түзіліп, бірге жүреді. Сондықтан
МЕЙРІМДІ БАОБАБ
Африканың жергілікті тұрғындары баобаб ағашын «мейірімді баобаб» деп атайды. Өйткені оның өте жуан діңіне су қоры көп жиналады. Ондағы судың көптігі соншалықты оны теміржол бойында тұратын цистернаның сиымдылығымен теңеуге болады.
ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН АЙВА
Мұқият жуылып, өзегі алынған айва азғана суға салынып пісіріледі. Оның қайнатпасынан қою шырын жасалады.
БАЛ НАНЫ
Дөңгелек, шеттері қалың да, ортасы жұқа нан осылай аталады. Салмағы - 0,2 килограмм.