ТУДЫ ҚАСТЕРЛЕУ
Категориясы: Саясат
Сап түзеп тұрған қалың әскердің алдына ту сән-салтанатпен әкелінген. Керней- сырнайлар тартылып, барабан, дабыл соғылып, бас колбасшы туға қымыз бүріккен. Қымыз - ежелден келе жатқан көшпелілердің сусыны. «Туға қарап қымыз бүрку» көшпелілердің ат жалын тартқаннан бастап жаугершілікте жүрген жауынгер халык екенін білдіреді. Демек, олардың күштері де, батырлығы да қымызда, ягни жылқыда дегені. Байрақ ұрыс басталғаннан аяқталғанша желбіреп тұру керек болған. Егер де ту ұстаушы өлсе не жараланып, туды құлатып алса, онда бұл жеңілудің белгісі болып саналған. Сарбаздардың бойын үрей билеп, еңселері түскен. Ал қарсыластарынын туының жығылғанын көрген жау жақ өршелене шабуылдаған. Міне, сондыктан ту ұстаушы жауынгер әскерде колбасшыдан кейін екінші орында тұрған. Оны «ту басшысы» немесе «тубегі» деп атаған.
Тулар бейбіт уақытта жеке үйде арнаулы сандықтың ішінде сақталған. Ол сандыктын алдында ешкім отырмаған. Ту тұрған үйдің маңайында ешкім улап-шуламаған. Қазак рәсімінде ұрысқа кірерде бас қолбасшы тізерлеп отырып туды маңдайына тигізген. Бұл - туға деген құрмет.
Шешуші соғыстардың алдында «туды қандау» деген салт орындалған. Яғни, акбоз атты құрбандыққа шалып, қанын туға жаққан. Бұл жан алып, жан беріскен кырғын шайқастың белгісі еді.
Жарияланған-2015-11-17 18:25:56 Қаралды-2841
ЖАҢҒАҚ ТҮТІКШЕЛЕР (ТРУБОЧКИ)

Жұмсарған сарымай жақсылап шайқалып, араластырыла отырып оған қаймақ, содан соң аз-аздан ұн қосылады.
СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ

Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды.
БІРЖАН-САРА ОПЕРАСЫ

Опера тұңғыш рет 1946 жылы 7 қазанда Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында қойылды.
ЖАҢҒАҚ ҚОСЫП КЕПТІРІЛГЕН ШАБДАЛ

Шабдал тазаланып, үстіңгі жағынан дөңгелектеліп ойып алынады да қабығы мен сүйегі алып тасталады. Шабдал мен ойып алынған кесегі күннің көзіне немесе пешке қойып кептіріледі.
ПАЗЛДАРДЫ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

Алғашқы басқатырғышты 1763 жылы ағылшын картографы және гравюрашысы Джон Спилсбери ағаштан ойып жасаған.