UF

ҚАБАНБАЙДЫҢ ТУЫ

Категориясы: Тарих


1864 жылы қытай басқыншылары бүкіл Шығыс Түркістан аймағына шабуыл жасайды. Осы ұлт-азаттық соғыста қазақ, дүнген, ұйғырлар Шәуешек қаласындағы кытай қамалын ала алмай бөгеліп қалады. Сонда дүнген әскерін басқарған Бор батыр қазақ қолбасшысы Әділбек батырға:

- Менің колыма Қабанбайдың туын, сауытын бер, астыма ат бер. Қабанбайлап ұран сап шабамыз. Егер ту жығылса - шабуылды тоқтатарсыңдар. Жығылмаса - артымнан шабыңдар, - деген екен. Осылай, Қабанбайдың туының астына жиналған көтерілісшілер қытай қамалын алыпты. XVIII ғасырдағы жоңғар соғысындағы Қабанбайдың жеңісті туы басқа халықтар арасында да қасиетті саналған.

Байырғы кезде әскери белгі ретінде қолданылған түрлі әскери рәміздер болған. Алғашқы қауым кезінде тайпа көсемдерінің билік белгісі болған ағаш таяқ мемлекеттер қалыптаскан соң асатаякка айналды. Кейін асатаяқтардың басына түрлі рәміздік белгілер орнатылып, дәрежені білдіретін заттар, таспа бау, шашақ, т.б. тағыла бастады. Ал әскерилер мұндай дэреже белгілерін найзаның үшына тақты. Осылайша хандардын. патшалардың, әскербасының, батырлардың дэреже белгісі - байрак, жыға пайда болды. Өз әскерін өзге әскерлерден, жау әскерінен айыру үшін жауынгерлерге айырым белгісі - жалау таққан. Ал, ту әскердің қасиетті рэмізі саналған. Сыртқы пішімінде, мэнінде ұқсастык болғандықтан, қазіргі түркі тектес халықтар тілінде ту, байрақ, жалау атаулары бір-бірінің синонимі ретінде қолданыла береді.

  Жарияланған-2015-11-17 18:16:39     Қаралды-5912

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАЛАМПЫР - ГЕМОРОЙМЕН КҮРЕС

...

Түрлі түсті қалампыр – шөп тектес өсімдік. Оның жапырақтары өсіп шыққан жерлерінде бунақтары болады, сабақтары жұмыр, түзу өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ФРЕСКА ҚАЙ КЕЗДЕРДЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН?

...

Ең ерте кездерден бастап осы заманға дейін суретшілер монументтік бейнелеу өнерінде фреска әдісін кеңінен пайдаланады. Ол италия тіліндегі «fresco» «Шикі», «жаңа жасалынған» деген сөзден шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨСКЕМЕН

...

Қазақстанның шығысында Алтай тауы Үлбі жотасының түбінде Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың іргесі 1820 жылы әскери қамал ретінде қаланып, Усть-Каменная бекінісі аталған. Ертеректе қазақтар Үлба, Тұңғиық тұмсық, Қараөзен деген атауларды да

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕМІС ЧУРЧХЕЛАСЫ

...

Бұл - аршылған грек жаңғағынан жасалып, жеміс-мармелад қабатымен қапталатын тағам. Түтікшелердің диаметрі 35-40 мм, ұзындығы – 250-260 мм.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАХМАТ ТАРИХЫНАН

...

Шахмат сөзінің төркіні парсыша “шах мат” - “әмір өлді” - деген ағына береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »