БАЛЫҚШЫЛЫҚ
Категориясы: Жануарлар
Балықшылық бұрындары қазақта кең тарамаған, тек үлкен, балығы мол сулардың -жағасында жұт немесе басқа себептермен көшу-қонуға шамасы келмей қалған қазақтардың ғана айналысатын кәсібінің түрі еді. Балық табиғат-ананың сыйы болғандықтан, Атырау, Арал, Балқаш және оларға құятын өзендер - Жайық, Сыр, Іле, сондай-ақ Ертіс жағалауларында балықшылықты кәсіп еткен қазақ қауымының пайда болуына әкеліп соқты. Балықшылар балык аулауға қажет жабдық, аспаптарды - жасап алуды үйренді, балық аулаудың тиімді мезгілдерін, орындарын, әдіс-тәсілдерін меңгерді.
Адамзат тұрмыс-салтында мал бағып, егін егуді үйренбей тұрғанда-ақ, аңшылықпен қатар балық аулаумен айналысқан. Әуелі балықты тұйық жерге қуып қамап, қолмен ұстап, шанышқы, найзаман түйреп ұстаса, соңынан қайықты ойлап тауып, қармақпен аулауды, тор салуды үйренеді. Мұнымен қатар абақ деп аталатын арнайы шыбықтан қылған торды пайдаланған. Кіре беріс аузы кең етіп жасалып, абақтың ішіне қарай тарыла түседі. Абақтың ішіне кірген балық қайтып шыға алмай, қамалып қалатын болған.
Қазақтар балықты тұздап, кептіріп қақтайтын және ыстайтын. Осылай өңделген балық ұзақ сақталады. Балықты әуелі тұздайды, сосын желбезегінен іліп қойып күннің жылуына кептіреді, балықтың майы бүкіл денесіне тарап, дәмі кіреді. Ыстаудың алдында да балықты тұздап алады, майлы балықты жылы бөлмеде, майсыз балықтарды ыстық бөлмеде түтіндетіп ыстайды.
Ертеректе қазақ балыққа қақалып өлсе, туыстары балықпен сыйлаған адамнан құн сұрайды екен. Сондықтан қазақ қонаққа балық асса, «ал, же» деп айтпайды екен. «Алдына ас қойдым» деген сөз де, тегі, балықшылардан шыққан болуы керек.
Мерекелерде, тойларда әр түрлі ат ойындары жүргізіліп келеді. Енді осы ойындардын бірнешеуімен танысыңдар.
Жарияланған-2015-11-17 16:19:45 Қаралды-3875
ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІН НЕЛІКТЕН ТОТ БАСАДЫ?
«Тот - темірдің соры, шер - көңілдің соры» деген мәтел бар! Бұл жайында ескіден келе жатқан мына бір оқиғаға құлақ сал.
ТҰЗДАЛҒАН БАДАМ
Бұл - тұз себіліп қуырылған бадам. Бір килограмын жасауға 902,4 грамм бадам, 270,7 грамм тұз жұмсалады. Осындай рецептімен бадам орнына жер жаңғағы мен өрік дәндері алынып, тұз қосылып қуырылған тағамдар да жасалады.
КҮРЕҢОТ - НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЫНЫШТАНДЫРАДЫ
Күреңот – биіктігі 2 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
СУРЕТ ЖӘНЕ СУРЕТТЕМЕ
Суретшінің қыл қаламмен бояу жағып емес, қарындаш, көмір, сангина, қаламұш арқылы сызып салған шығармасын сурет деп атаймыз.
ЖАҢҒАҚ ДӘНІ САЛЫНҒАН ҚУЫРМА (печенье)
Өсімдік майынан, қанттан, жаңғақтан, ұннан және цедра мен жарты лимонның шырыны қосылып қамыр иленеді. Ол төрт-бес бөлікке бөлініп, жарты сантиметрдей қалыңдықта жайылады.
ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?
Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.