ҚАРШЫҒА
Категориясы: Жануарлар
Қазақ аңшыларының бүркіттен кейін колға ең көп ұстайтын кұсы - қаршыға. Дене тұрқы - 28-114 см, салмағы - 800-1500 г. Қос шалғылығының арасы - 100- 120 см. Тұмсық, тұяқтары қара. Қаршыға шегір көзді болып келеді. Доғалдау біткен қанатының қысқалығы, оның есесіне, құйрығының ұзындау бітетіндігі, әсіресе, ұшқанда айқын аңғарылады.
Қазақстанда каршыға тұқымдасына жататын қырғи, тұйғын, мықи деп аталатын түрлері кең тараған. Қаршығаны да бүркіт сияқты баптап, баулиды. Ырғаққа қондырып көндіктіріп, қолға ұстап үйретеді. Егер бүркітті далбайға түсіріп, тірілтетін (тұмылдырықты тірі түлкіге түсіру) болса, қаршыға сияқты құстарға есірік бастыртады. «Есірік бастырту» деп қанаты қысқартылған үйректі тасадан лақтырып, қаршыға салуды айтады.
Жақсы бап көрген қаршыға қаз, үйрек, дуадақ, ұлар, қырғауыл, құр, саңырау құр сияқты құстарға түседі. Аяқты аңдардан қоян, тиін, алақоржындарды іледі. Егер бап күйінде ет қызумен құныға ұшып жүріп кезіксе, қарсақ пен түлкіге түсетіндері де болады.
Қаршығаны жаяу салуға болмайды. Көл құсын үркітетін дабыл алып шығып, ат үстінен екпіндете серпе ұшырса, шабытына демеу болады.
Жарияланған-2015-11-17 15:41:44 Қаралды-6653
КАРТОПҚА ОРНАТЫЛҒАН ЕСКЕРТКІШТІ ЕСТІГЕНДЕРІҢ БАР МА?

Әлемнің әр түкпірінде түрлі үй және жабайы жануарларға орнатылған ескерткіштер бар екендігі белгілі. Ал, өсімдіктерге орнатылған арнайы ескерткіштер тіпті саусақпен санарлық.
КӨЗІЛДІРІКТЕГІ ҚАНДАЙ ӘЙНЕК?

Адамдар шыныны мыңдаған жылдар бұрын жасай білген. Сонау ертедегі мемлекеттер - Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египетте де шыны ісінің шеберлері жұмыс істеген.
БӘЙТЕРЕК

Астана қаласындағы сәулет өнерінің бірегей туындысы - «Бәйтерек» кешені. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы - А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Айтбалаев, инженер-конструкторы - М.Вахштейн, нтерьер дизайншысы - А.Оспанов; ал құрылысын «Имсталько
БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАНДАЙ МЕКТЕПКЕ ОҚЫҒАН?

Таңертеңгі сағат жетіде мектепте сабақ бастауға жинала бастайды. Шәкірттер етегі жер сызған ұзын көйлектерінің белдерін жіппен буып алған.
КҮНДІЗ КӨРІНЕТІН ЖҰЛДЫЗ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

Бұл - аспандағы ең жарык жұлдыз, жарықтығы сондай, азанда - барлық жұлдыз өшкен кезде Таң шапағымен бірге жарқырап тұрады, ал ақшамда көк жузінде бар жұлдыздан озып, ең алдымен көрінеді.