UF

ГВИНЕЯ БИСАУ

Африкадағы ел, Португалияның отары. Сенегалмен, Гвинея Республикасымен шектеседі. Жері 36,1 мың км2. Халқы 1,6 млн. (2010). Елді Португалия үкіметі тағайындаған губернатор билейді; оның жанында кеңесші органы - Үкіметтік совет бар.

Жарияланған-2020-01-31 17:31:34

НАМИБИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ

Африканың оңтүстік-батыс бөлігіндегі ел. Солтүстігінде Ангола және Замбиямен, шығысында Ботсванамен, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде Оңтүстік Африка республикасымен шектеседі.

Жарияланған-2020-01-31 17:14:51

БРИТАНДЫҚ ГОНДУРАС (1862-1981)

Орталық Америкадағы ел. Ұлыбританияның иелігі. Кариб теңізі жағалауында, Юкатан түбегінің шығыс жағын алып жатыр. Мексика, Гватемаламен шектеседі.

Жарияланған-2020-01-30 17:30:33

ГОНДУРАС РЕСПУБЛИКАСЫ

Орталық Америкадағы ел. Гватемаламен, Никарагуамен, Сальвадормен шектеседі. Оңтүстігі - Тынык, мұхит, солтүстігі және солтүстік-шығысы - Кариб теңізі.

Жарияланған-2020-01-30 17:07:06

ФИДЖИ РЕСПУБЛИКАСЫ

Мұхит аралдарындағы мемлекет. Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі осы аттас аралдарда орналасқан. Британ Ынтымағы құрамында. Жері 18,3 мың км2. Халқы 884,8 мың (2017).

Жарияланған-2020-01-30 16:22:27

ЧЕХИЯ

Чехия территориясының көпшілік бөлігін таулы Чех массиві алып жатыр. Пайдалы қазындылары - көмір, магнезит, полиметалл, темір рудалары.

Жарияланған-2020-01-30 15:09:16

МАДАГАСКАР РЕСПУБЛИКАСЫ

Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі мемлекет. Африканың оңтүстік-шығысынан 400 км жерде, Мадагаскар аралында және оның айналасындағы шағын аралдарда орналасқан.

Жарияланған-2020-01-30 13:43:58

МАЛИ РЕСПУБЛИКАСЫ

Батыс Африкадағы мемлекет. Батысында Сенегалмен, солтүстігінде Мавританиямен және Алжирмен, шығысында Нигермен, оңтүстік-шығысында Жоғары Вольтамен, оңтүстігінде Піл Сүйегі Жағасы, Гвинеямен шектеседі.

Жарияланған-2020-01-30 13:26:34

ГВАТЕМАЛА

Орталық Америкадағы мемлекет. Батысы мен солтүстігі Мексикамен, солтүстік-шығысы Британ Гондурасымен, оңтүстік-шығысы Гондурас және Сальвадормен шектеседі.

Жарияланған-2020-01-27 16:21:05

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Орта Азиядағы одақтас республика. Солтүстігінде және солтүстік-батысында Қазақстанмен, шығысы мен солтүстік-шығысында Қырғызстанмен, Тәжікстанмен, оңтүстік-батысында Түрікменстанмен, оңтүстігінде Амудария өзен арқылы Ауғанстанмен шектеседі.

Жарияланған-2020-01-23 14:24:59

ГВИАНА

Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс бөлігіндегі ел, Францияның отары. Суринаммен, Бразилия меншектеседі. Солтүстік және солтүстік-шығыс жағы Атлант мұхитымен жалғасады.

Жарияланған-2020-01-23 11:43:17

ОРТАЛЫҚ АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫ (ОАР)

Африканың орталық бөлігіндегі мемлекет (1960 жылдан тәуелсіз). Солтүстік-шығысында Суданмен, солтүстік-батысында Чад республикасымен, батысында Камерунмен, оңтүстігінде Конго және Заирмен шектеседі.

Жарияланған-2020-01-23 11:26:02

ОҢТУСТІК РОДЕЗИЯ (1965-1979)

Орталық Африкадағы мемлекет. Солтүстігінде, солтүстік-батысында Замбиямен, солтүстігінде және солтүстік-шығысында Мозамбикпен, оңтүстік-батысында Ботсвана, оңтүстігінде Оңтүстік Африка Республикасымен шектеседі.

Жарияланған-2020-01-22 15:22:43

ШРИ-ЛАНКА РЕСПУБЛИКАСЫ

Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Британ ынтымағы құрамына кіреді. Шығысын Бенгаль шығанағы, оңтүстігін Үнді мұхитының ашық айдыны шаяды.

Жарияланған-2020-01-22 12:46:18

ЖАПОНИЯ

Шығыс Азиядағы мемлекет, Тынық мұхиттың батыс бөлігіндегі бірнеше мың (4 мыңға жуық) аралдарды (ірілері: Хонсю, Хоккайдо, Окинава, Кюсю, Сикоку) алып жатыр.

Жарияланған-2020-01-22 12:32:05