UF

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ....................................................................................................

3

1

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ...............................................................................

5

1.1

Ұсақ малдарда кездесетін кетоз ауруына жалпы сипаттама................

5

1.2

Ас қорыту жолындағы органикалық қоректік заттардың қызметі......

11

1.3

Азықтың қоректік заттарының мал организмінде қорытылуы...........

21

2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................................

26

2.1

Тәжірибе шаруашылығының  табиғи-климаттық  жағдайлары..........

26

2.2

Зерттеу зерзаты мен әдістемесі...............................................................

27

3

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ........................................................................

31

3.1

Азықтың және мал организмінің химиялық құрамы мен азық өлшемі.......................................................................................................

31

3.1

Ұсақ малдардың кетоз ауруын  емдеу жолдары..................................

46

3.2

Аурудың алдын-алу  іс-шаралары.........................................................

48

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................

54

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................

55

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетудің негізгі бағыттарында ауыл шаруашылығы малдары мен құс санын көбейту негізінде ет, сүт, жүн жұмыртқа және басқа өнім түрлерін өндіруді молайтып, халықтың азық -түлікке деген мұқтажы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылған. Бұл міндеттің ойдағыдай шешілуі әрбір шаруашылықта мал ауруларын алдын алу және олардың  азығының берік қорын жасауды қажет етеді. Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына негізделеді. Берік азык қорысыз шаруашылықтағы мал басының өсіп-жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы – қоректік  заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі. Сондықтан мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жемшөп қорынан бастайды.

Жемшөп дайындауда азық биохимиясымен қатар қажетті зоогигиеналық және малдәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтау қажет, сонда ғана малдың сапасыз жемшөп пен судан пайда болатын алиментарлық, яғни азықтық, зат алмасуының бұзылушылығы мен аурулардан сақтандыруға болады. Азықтандыру мен суару гигиенасын сақтаған жағдайда ғана мал басының денсаулығы сақталып, жоғары өнімділігі қамтамасыз етіледі.  Ол үшін  малға   берілетін жемшөп пен судағы органикалық және минералды зат құрамын, олардың физикалық және механикалық жағдайын, патогендік, яғни ауру туғызушылық қауіпін, азықтандыру мен суару техникасын қадағалайды.

Мұның, әсіресе соңғы кезде күрт нашарлап кеткен сыртқы орта экологиялық жағдайында, таза да сапалы мал өнімін өндіру арқылы адам денсаулығын сақтауға да зор ықпалы бар екенін ескеру қажет. Демек  мал азықтандыру гигиенасының медициналық қыры да маңызды.

Берілген азық қоректілігі организм мұқтаждығына сәйкестірілмесе түрлі    алиментарлық бұзылушылық орын алады да, оның салдарынан эндокриндік, яғни ішкі сөл бездерінің қызметінің бұзылуынан туатын және эндемиялық, яғни жергілікті азықтандыру деңгейінің ерекшеліктеріне сәйкес кейбір коректік зат жетіспеушілігінің немесе артықшылығынан туатын зат алмасуының бұзылушылығы асқынған жағдайда аурулар пайда болады. Бұл негізінен азық сапасының төмендеп, азықтандыру деңгейінің, әдеттегі малға үйреншікті құрамының, берілу жағдайының өзгеруіне (пішеннің азайып, жем мен қышқыл сүрлемнің көбейуі, инсоляция мен аэрация жетіспеушілігі, гипокинездік т.б.) байланысты. Соның салдарынан таз қарындағы ас қорыту мен зат алмасуы бұзылып, эндокриндік жүйеде, бауыр, жүрек, сүйек, тоқыма мен ұлпа құрылысында дистрофиялық өзгерістер орын алып, бүйректе тас байланып, буында ісік пайда болады.

Осыдан барып мал қажетсіз семіріп, малдар  кетозға, остеодистрофияға және төлдегеннен  кейінгі гипокальциемияға, бордақылаудағы мал  таз қарын ацидозы, алкалозы, гипомагнемия, кариес пен флуорозаға және де көптеген патологиялық өзгерістерге душар болады. Өндірістік технология бұл ауруларға өзінше жеке сипат енгізеді. Кешендегі малдың ауруы негізінен сырт көзге білінбейтін субклиникалық түрде өтеді де, бір-біріне қабаттасып, асқындырып жібереді. Оның сыртқы, клиникалық белгісі көмескіленгенмен, мал өнімділігін азайтып, өнім сапасын төмендету арқылы шаруашылық экономикасына тигізетін зияны зор. Осы тұрғыдан алғанда біздің зерттеу жұмыстарымыздың өзектілігі маңызды деп санаймыз.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Оңтүстік өңірінде өсірілетін ұсақ малдарда кездесетін кетоз ауруын зерттеп, оларды емдеу жолдарын анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

- оңтүстік өңірінде өсірілетін ұсақ малдарға берілетін азық құрамы мен азық өлшемін анықтау;

- ұсақ малдардың кетоз ауруына шалдығу жолдарын зерттеу;

- кетоз ауруының алдын алу іс шараларын зерттеу;

- ұсақ малдарда кездесетін кетоз ауруын емдеу жолдарын анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Көптеген алиментарлық этиологиялық факторлардың әсерінен ұсақ малдарда болатын кетоз ауруынан сақтандыру үшін кешенді түрде айғақтау және емдеу жұмыстарын жүргізудің жолдары анықталып, ең тиімдісі малды толық бағалы азықтандыру арқылы тұрғындарды экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету жолдары қарастырылды.

Жұмыс көлемі. Дипломдық жұмыс 60 бетте компьютерлік мәтінмен терілген. Кіріспе, әдебетке шолу, зерттеу жұмысының әдістемесі, зерттеу нәтижелері, экономикалық құндылығы, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс 13 кестемен, 3 суретпен көрнектелген. Пайдаланылған әдебиеттер 31 еңбектен құралады.

 

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

1.1 Ұсақ малдарда кездесетін кетоз ауруына жалпы сипаттама

 

Кетоз ауруы ағзада зат алмасуының бұзылуы, яғни майлы көмірсулар, ақуыздар және басқада зат алмасуларының  жетіспеушілігінен мал ағзасында кетон денелердің көбейуінен (-оксимайлы, ацетоуксустік қышқыл, ацетон),  паренхималық органдардың және эндокриндік бездердің дистрофикалық өзгеріске ұшырауынан пайда болады. Бұл ауру әсірісе қоңды, жоғары өнімдегі сүтті бағыттағы мүйізді ірі қараларда суалу кезеңінде және сүт шығару кезеңінің бірінші апталығында жиі кездеседі. Көбіне қыс мезгілінде жекелеген ферма қожалықтарында  жалпы мал басының 70% -на дейін  кетоз ауруына шалдығады [1].

И.Г. Шарабрин, В.А. Аликаев, Л.Г. Замарин [2] деректерінде кетоз өз алдына жеке ауру ретінде және басқа аурулармен қосымша ауру ретінде тіркелуі мүмкін, сондықтан бұл ауру негізгі екі формадан тұрады: алғашқылық  және екіншілік.  Алғашқылық кетоздың пайда болу себебі: ұрғашы малдарда қарқынды сүт беру фазасында энергияның жетіспеушілігінен; малдарды белокты азықтармен шамадан тыс қоректендіргенде; малды құрамында майлы қышқылдығы  басым жемшөптермен азықтандырғанда пайда болады. Созылмалы түрдегі кетоз ауруының барысында мал азығында  микроэлементтер-дің, яғни мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод  жетіспеушілігі тапшылықтарынан пайда болады. Екіншілік кетоз – әртүрлі лихорадкалық аурулардан, яғни ішек-қарын жолдары аурулары, өкпе аурулары, сүт бездері аурулары,  құрсақтың қабынуынан туындайды. Малдарда көбіне жасырын түрдегі кетоз  (субклинический) тіркеледі.

Алғашқы кетоз белгілері жайылым және қыс мезгілдерінде малдардың азықтану рационының  құнарсыз  құрастырылуынан пайда болады. Соның нәтижесінен зат алмасу барысында белоктар, майлар, көміртегілер сияқты элементтердің ыдырамауынан  кең көлемде әртүрлі ауытқулар пайда болады. Сонымен қатар ауру малдарда зат алмасудың бұзылуынан басқа витаминді-минералдық ауысуларда өзгеріске ұшырайды, ферменттер белсенділігін жойып және ішкі сөл бөлу  бездерінің  функциялары  өзгереді. Мүйізді ірі қараларды кетоз ауры  әртүрлі ағымда бейнеленген төрт түрлі синдромнан тұрады олар:  ацетонемикалық, гепатотоксикалық, гастроэнтералдық және  невротикалық [3]. 

Мал ауруының жеңіл түрін дер кезінде емдеу барысында бір апта көлемінде айығып кеутуі  мүмкін, ал ауыр жағдайда  ауру 2-3 айға дейін созылады. Егер мал ауруы асқынған  түрде  толыққанды  ем қабылдамаса екі күн ішінде өлуі мүмкін, көп жағдайларды малдар ауырғаннан бастап  бірнеше аптадан соң  кахексияның пайда болуынан өледі [2].

Кетоз ауруын емдеуде және алдын-алуда  малдарды  толыққанды әртүрлі азықпен қамтамасыз ету  және тазалық гигиенасын жоғары дәрежеде  сақтау алға  қойылған. Малдарды серуенге шығару ауруды алдын-алу іс-шараларының негізі болып келеді.

Аурудың туындауының негізгі себептері мал рационннында жеңіл қорытылатын көміртегілер, A, D витаминдері,   кальции тұздары, қорытылған протеин және майлардың мөлшерден асуы, аштықтың әсері, толық емес немесе біркелкі рацион,  ұзақ уақыт   майлы қышқылдан тұратын силоспен қоректендіру, сапасы төмен пішендеме,  жом, шөп, қышқылданған  бардтар және т. б.  Кетоз ауруының дамуына малдың жайылымға шықпауы, ультракүлгін сәулесін алмауы, қағып-бағу жағдайының нашарлығы әсер етеді.

Кетоз ауруының негізгі этиологиясы анықталмаған, сондықтан П.С. Ионов, А.А. Кабыш, И.И. Тарасов  [4] авитаминоз, А және В дәрумендері , әсіресе  B1-тиаминнің жетіспеуінен деп санайды. Авторлардың зерттеулері бойынша қойлардың рационында протеиндер, қөміртегілер,  витаминдер және  минералды тұздармен құнарланып түзілген болса, кетоз ауруы дамымайды делінген. Аурудың  негізгі себебі, буаз малдардың рационында протеиндер, көміртегілер, витаминдер, минералдық заттар, макро және микроэлементтер, қантпротеиінің жетіспеушілігінен туындайды. Кетоздың дамуына малдың серуендемеуі және зоогигеналық жағдайдың жасалмауы әсер етеді.

Аурудың даму және пайда болуын екі түрге бөлінеді. Бірінші түрі – рационның толыққанды құнарлы азықтармен түзілмеуі  әсіресе  протеиннің жетіспеушілігі, буаз қойлардың ағзасы белоктар, көміртегілер, майлар, витаминдер,  минералдық тұздардың ішкі қорын пайдалануға тура келеді. Осы кезде қойларда  қоңсыздық белгілері пайда болады, қан құрамында  сілтілер қорының және қанттың  төмендеуі, кетондық денелердің көбейуі. Бұл кезең буаз аналықтардың ұзақ уақыт бір келкі толық емес рационмен  қоректенуінен туындайды.

Кетоз ауруының екінші кезеңі, әсіресе көп туатын жоғарыөнімді буаз  аналықтардың  төлдеуіне 10-20 күн  қалғанда  пластикалық заттардың, әсіресе протеиндердің  жетіспеуінен  қатты дамиды.  Соның нәтижесінде ткан  талшықтар ацидозға, бауыр, жүрек, бүйректер және т. б. ағзалар майлы дистрофияға ұшырайды. Бұлардан басқа  сүйек қаңқасыныңда  деминерализация жүреді,  нерв жүйелері қабынып, кетондық денелер плацента арқылы жатырдағы ұрықты уландыруға әкеліп соғады. Осының нәтижесінен ауру малдар   гипопротеинемияға ұшырайды. Қан құрамының сарысуында белоктың мөлшері  4,5 мг%-ға төмендейді, гипогликемия  қуаттанып, қан құрамында қанттың мөлшері 30 мг% -ға дейін төмендейді,  пировиноград  қышқылының құрамы 4,6 мг%-ға дейін жоғарылайды,  кетон денелерінің саны   15 мг% және одан жоғары қөрсеткіште,  сілтілер қоры  30  және одан төмендеуі салдарынан  ацитоз пайда болады. Ауру малдың зәрінде   ацетон, уробилин кейда  белок  және қант  көбейеді. Зат алмасуының бұзылуы  бауыр май басу   дистрофиясына әкеліп соғады.Бауырдың улы заттарға қарсы тұру  функциясы бұзылғандықтан мал ағзасында  уланудың ауыр түрі дамиды, орталық нерв жүйесі зақымданып ауру мал сопороздық одан коматоздық жағдайға ұшырайды.  

Ауру енді басталған кезінде әлсіз бейнеленеді. Ауру малдың азыққа тәбеті төмендеп, денесі босаңсып және қимыл әрекеті  бәсеңдейді. Аурудың етек алып дамуына байланысты нерв жүйелерінің жұқарып малдың іс-қимыл координациясы өзгереді,  құлағы, аяқ бұлшық еттері   фибриллярлық қозғалысқа ұшырайды, бұлшық ет тонусы жойылады, эпилептикалық ұстамасы басталады, тісін қайрайды, қөз жанарында өзгерісіз  жартылай немесе толығымен соқырлық пайда болады.

Ауру қойлар мойынын созып, басын көтерген бойы, немесе астауға сүйеніп ұзақ уақыт  тұруы мүмкін. Малдың  күйіс қайтаруы  азайып, немесе мүлдем тоқтатылады, қарында атония белгілері пайда болып (5 минутта 1-2 рет қимылдау), ішек қимылы бәсеңдеп, малда іш қату процесі басталады.

Көз конъюнктивасы, ауыз қуысының кілегей қабықшалары аурудың басталуында анемиялық кейін, сарғыш түске ауысады. Дене температурасы аурудың басында бір қалыпты, ал дене құрысқан кезде шамалы көтеріліп, өлер алдында 2—3°С –қа төмендейді. Ауру малдың  тыныс алуы төмен, аритмикалық және жылдам  минутына 100 рет соғады. Демалуы жоғары әрі жылдам. Зәр шығарыуы жиіленеді. Мал өлерден 2-3 күн бұрын  коматоздық жағдайға түседі.

Ауру малдан туылған қозылар, жетілмеген, өмірге бейімделмеген, көбінесе туылған соң  бірер уақытты өледі. 

Өліксе немесе аурудың соңғы стадиясында бауыздалған малдың  денесіне зерттеу жүргізгенде, кілегей қабықшаларында  аурудың басталуында анемиялық кейін, сарғыш түске ауысқаны, сүйек қаңқалары бұлшық еттерінің атрофиясы байқалады.  Бауыр үлкейген божыраған,  сары түске боялған ( балшық түстен қошқыл-сарыға ауысқан). Гистологиялық зерттеулер барысында бауыр клеткаларында  май дистрофиясы анық көрінеді,клеткалардың  кей жерлерінде түйіршектер және некроздар кездеседі. Бас және жұлын іші миларында лимфоидты  инфильтраттар пайда болады. Асқазан асты безінде структуралық өзгерістер пайда болады.

Көп жағдайларда ауру өткір формада  3-7  күнге дейін созылады, кейде бірінше күннің ішінде өледі. Созылмалы түрдегі кетоз ауруы 1,5-2 айға жетеді. Кетоз ауруының  дер кезінде  себебін анықтап, және емдеу, алдын алу іс-шараларын жүргізсе мал айығып кетуі әбден мүмкін.

Ауру малдың диагнозын клиникалық, лабороториялық, паталого-анотомиялық белгілеріне байланысты қояды. Әсіресе малдың қағып-бағу жағдайына, азықтың сапасына үлкен көңіл бөледі. Буаз қойлар кетозына диагноз қою барысында аурудың қаны мен зәрін, қан сарысуындағы белок мөлшерін  тексеру дұрыс  нәтиже береді.  Рефрактометрикалық әдіспен қан сарысуындағы белокты тексеру  негізгі көрсеткіш болып табылады;  оның ішінде сілтілер қоры  Ван-Слайк әдісімен немесе  А. Неводовтың  қышқыл ортасымен; қант  жалпы Хагедорн-Иенсен әдісімен, қант шынайлығы – Самодж әдісімен; кетондық денелер – Нательсон  Бюхнер әдісімен,; пировиноград  қышқылы  - Умбрай-ту әдісімен, зәрдегі белок – Геллер әдісімен, индикан – Сальковски әдісімен,  ПАЛ-1 аппаратымен  ауадағы ацетонды тексерулер арқылы диагноз қойылады.

Барлық ауру малдарды арнайы диетаға отырғызу, яғни  толыққанды құнарлы әсіресе белоктармен, витаминдер, минералды тұздар, жеңіл қорытылатын көмірсутегілерге   байытылған  рационмен қамтамасыз ету.

Концентраттардан басқа белоктың орнын толтыру үшін ауру қойларға күніне 1-1,5 литрге дейін сиырдың сүті немесе обрат және қышқылды-сілтілі ортаны теңестіру үшін – 20-30 г ас содасын беруге болады.

Көміртегі тапшылығын, зат алмасуын реттеу үшін ауру қойларға энергетикалық материал ретінде қант, мелисса  беріледі  күре тамыр ішінен  20-40%-дық  глюкоза ертіндісін  40-100 мл дозада  егеді,  бұлшық ет ішіне инсулин 50-80 ИЕ, тері астынан – 20%-дық кофеина ертіндісі 2-3 мл дозада. Белок жетіспеушілігінің  жылдам  орынын толтыру барысында тері астынан  белоктық  гидролизатты және гетерогендік қан құю керек. Сонымен қатар И.П. Краснов, В.В. Митюшин [5] ұсынысымен көктамыр ішінен 30-80 мл  1%-дық  гипосульфит натрий ертіндісін  және 10-20%-дық   глюкоза ертіндісін егу жақсы нәтиже берсе, метионин егу арқылы емдеуде үлкен жетістіктерге жеткен.

Ауру қойларға лимонқышқыл тұзын тәулігіне мал басына 10-20 г  4 күн қатарынан беруге болады. Аурудың алдын алу барысында A, B және Е витаминдерін береді.

Буаз малдардың азықтандыру мөлшерін қатаң түрде сақтау, серуендетуді  ұйымдастыру, диспансеризацияны  уақытылы жүргізу, ауруды болдырмауға үлкен септігін тигізеді. Кетоз ауруы тіркелген шаруашылықтарда  азық сапасына малды қағып-бағу жағдайына аса көңіл аудару қажет. Рациондар толыққанды құнарлы әсіресе белоктармен, витаминдер, минералды тұздар, жеңіл қорытылатын көмірсутегілерге   байытылған  болуы тиіс. Әсіресе буаз қойлардың рационнында жалпы ірі азықтардың ішінде 60% жақсы пішен, май қышқыл-дарысыз жоғары сапалы силос, қышықылдығы төмен комбикорм болуы тиіс [6].

Минералдық заттар есебінен ауру малдарға ас тұзын, мел,  обесфторланған  фосфат, сүйек ұны және т.б. ұсынылады. Жайылымда жүрген малдарды қашарда  қамап бағу ұсынылады.

Мал рационннында жеңіл қорытылатын көміртегілер жетіспегендіктен қарында тез еритін майлы қышқылдары деңгейі көбейіп олардың арақатынасы өзгереді: май қышқылдарының концентрациясы жоғарылайды (әсіресе, қоректенген азықтың құрамында)  және пропион және сірке қышқылдарының көлемі азаяды. Күйіс қайыратын малдарда пропион қышқылы ағзада  глюкоза мен глюкагеннің түзілуінің   негізгі қөзі болып келеді. Пропион қышқылы организмде азайса қанның құрамында глюкоза, ал бауырда гликоген қоры таусылады. Солардың азайуына байланысты май бөлу депосында май қышқылы жетіспейді.   Дегенмен гликоген синтезделуін тоқтатқанымен және оның бауырға жиналуы, осы қышқылдың  қандайда бір бөлігі тотығып (қөмірқышқылы және суға),  оксимайлық, ацетоуксустік қышқылға  және  ацетонға  айналады. Соның нәтижесінде ткандер талшықтары ацидозға, бауыр, жүрек, бүйректер және т. б. ағзалар майлы дистрофияға ұшырайды. Бұлардан басқа  сүйек қаңқасыныңда  деминерализация жүреді, кетондық денелер плацента арқылы жатырдағы ұрықты уландырады.

Рационда белоктың көбейіп, көміртегілерінің жетіспеуінен көп мөлшерде аммиак жиналады, ол өз кезегінде пропион қышкылын синтездеуді тоқтатады.

Созылмалы түрдегі кетоз ауруы 1,5-2 айға жетеді. Кетоз ауруының  дер кезінде  себебін анықтап, және емдеу, алдын алу іс-шараларын жүргізсе мал айығып кетуі әбден мүмкін. Кетоздың өткір формасы түрімен ауырған  малдар бірнеше күннің ішінде өледі.

Ауру малдардың рациондарына қант қызылшасын, картоп, турнепс, патока, минералдық қосымшалар және витаминдер қосу керек. Құрамында белок мөлшері көп  және  бұзылған жемшөптерді рационнан шығарып, малдарға  серуендеу  және ультракүлгін сәулесін қабылдау ұсынылады. 

Кетоз ауруын алдын алуда малдарды рационалды қоректендіру және зоогигиеналық жағдай жасау керек. Рационды барлық қоректі заттар мен теңестіріп  қантты-протейіннің ара қатынасын  (1:1, 1 : 1,3) және  1 қоректік бірлікке  қорытылатын протеинді (100-110 г)  қосу керек. Мал төлдегеннен  кейін 15 күннің ішінде  және буаздықтың үшінші кезеңінде  май қышқылы 0,2%  -дан тұратын қышқыл жом, барда, сүрлемдермен қоректендіруге болмайды. Малдарды үздіксіз диспансеризациядан өткізіп, кетоз ауруының субклиникалық формасын анықтап, дер кезінде емдеу-профилактикалық іс-шараларын  жүргізіп ағзада зат алмасудың бұзылуын алдын-алу қажет.  

И.И. Тарасов, И.П. Кондрахин, В.Г. Ильин [7] мәліметтерінде малдар қажетсіз семіріп, кетозға, остеодистрофияға және төлдегеннен кейінгі гипокальциемияға, бордақылаудағы төл таз қарын ацидозы, алкалозы, гипомагнемия, кариес пен флуорозаға және де көптеген патологиялық өзгерістерге душар болатындығы зерттелген. Өндірістік технология бұл ауруларға өзінше жеке сипат енгізеді. Кешендегі малдың ауруы негізінен сырт көзге білінбейтін субклиникалық түрде өтеді де, бір-біріне қабаттасып, асқындырып жібереді. Оның сыртқы, клиникалық белгісі көмескіленгенмен, мал өнімділігін азайтып, өнім сапасын төмендету арқылы шаруашылық экономика-сына тигізетін зияны зор. Әдеттегіде азық құрамын негізгі қоректік заттарының тобынан (протеин, май, көмірсулар) таныстыра бастайды. Сондықтан осы заттар арқылы мал азығының жалпы қоректік, яғни энергетикалық, қоректілігін қамтамасыз етудің маңыздылығы жете айтылып, ал сол қоректік заттардың мал организімінде алмасуы арқылы қажетті өнім қосындыларына айналуы, яғни конверсиялануына, сол алмасу барысына ықпал ететін басқа да көптеген факторлар көмескіленіп қалады. Ал өнімдік малдың ас қорытуы мен зат алмасуына жан-жақты да ғылыми тұрғыдан терең, үңілгенде ғана, жалпы қоректену тиімділігін арттырып, азық қоректік заттарының өнім қоректік заттарына айналуын бағытты түрде басқаруға болады. Сондықтан, осы бағыттауды реттестіретін биологиялық пәрменді заттармен таныстыруды алдыға қойдық.

Биологиялық пәрменді заттарға (БПЗ) тікелей торша құрамына кірмейтін, энергетикалық бағалылығы өте төмен, азықта аз ғана болатын химиялық қосындылар жатады. Оларды екі үлкен топқа бөледі: 1) тірі организмдегі биологиялық өзгерістер негізіндегі ферменттер немесе биокатализаторлар; 2) фермент емес БПЗ. Соңғыларына биореттестірушілер ретінде қарауға болады. Олар зат алмасуына тек ферменттер арқылы ықпал етеді. Бұларды және екі топқа бөледі – тіршілікке қажетті БПЗ мен организм тіршілігіне міндетті түрде қажетті емес БПЗ, яғни эрготропты заттар (эрготропиктер).

Ферменттермен қатар тіршілікке қажет БПЗ-ға оларсыз торша өмір сүре алмайтын заттар да жатады. Олардың бірі фермент молекуласының негізінен ақзат емес бөлігі – коферменттің құрылысына кіреді де, екіншілері фермент құрамына кірмегенмен оның катализаторлық қызметіне әсер етеді. Эрготропиктер ферменттің белсенділігін жоғарылатып не төмендетеді [8].

Микроэлементті ферменттер металл ионының ферменттің ақзат бөлігімен (апоферментпен) мықты байланысқандығымен ерекшелінеді. Металды ферменттер (металферменттер) металл иондарына ыдырамайды, ал металл ионымен (микро-элементтермен) белсендірілетін ферменттер диализ арқылы ақзат пен металл ионына жеңіл ыдырайды. Және олар метал-ферменттерге қарағанда тек қана өздеріне тән реакцияларға ғана әсер етпейді, кең әсерлі болады. Металферменттер металл ионынсыз өз белсенділігінен толық айырылады да, металл белсендіретін ферменттер металл ионсыз да белсенділігін аздап сақтайды.

Металферменттер секілді қосындысының құрамына микроэлемент кіретін болса, оларды құрылыстық, пластикалық микроэлементтер деп, ал өздері БПЗ құрамына тікелей кірмей, бірақ оларды белсендіретіндерін белсендіруші миқроэлементтер деп бөледі. Микроэлементтің бәрі дерлік металл еместігін де ескеру қажет. Мысалы, йод, селен, бром, фтор, бор, шақпақ. Металл микроэлементтер азықта катиондар, металл еместері – аниондар түрінде болады.

И.М. Карпуть,  Ф.Ф. Торохов,  С.С. Абрамов [9] азықтағы органикалық пәрменді заттарды екіге бөлінеді: біріншісі – металл денесіндегі зат алмасуына он ықпал ететіндері де, екіншісі – кері әсер ететіндері. Біріншісіне түрлі витамин, фермент, гормон, т. б. жатады. Мал азығының құрамына кіретін қоректік заттар өздерінің қасиетіне қарай әр түрлі болып келеді. Ғылыми тұрғыдан олар химиялық қасиеті мен биологиялық ролінің ұқсастығына қарай топтастырылып зерттеледі. Сол қоректік заттардың топтарына мыналар жатады: белоктар (протеиндер), майлар, углеводтар (органикалық заттың басым көпшілігі осы үшеуінің үлесіне тиеді), минералдық элементтер мен витаминдер.

 

1.2 Ас қорыту жолындағы органикалық қоректік заттардың қызметі

 

Белоктар (протеиндер). Азықтың азотты қосылыстары протеин деп аталады. Протеин екі топтан - құрамы жағынан өте күрделі қосылыс -белоктардан және ең қарапайым азотты заттардан амидтерден құралады.

Белок – күрделі молекулалы азотты органикалық қоректік зат. Мал организмі, өнімі жемшөп белогынан түзіліп, құралады. Әрбір тірі клетканың құрамы белок жиынтығынан тұрады. Атап айтқанда, ол тірі протоплазманың негізі болып саналады. Ф.Энгельстің «Белок жоқ жерде тіршілік жоқ» деген тұжырымды сөзі осының айғағы. Әрине, әрбір организмнің тіршілік етуі үшін белоктан басқа да заттар: су, минералдық тұздар, углеводтар, май, майға ұқсас заттар, витаминдер тағы басқа заттар керек. Дегенмен, организмдегі барлық процестер мен құбылыстарға араласып, шешуші роль атқаратын белок және оның туындылары, сондықтан оларды негізгі тіршілік арқауы деп атайды [10].

Құрамында белогы бар қоректік заттардың орнын белогы жоқ басқа қоректік заттар баса алмайды, өйткені ол бүкіл организмді құрайтын жаңа клеткалар мен ұлпалар және малдың өнімін құрауға жұмсалатын бірден-бір маңызды органикалық қосылыс.

Құрғақ затқа шаққанда белоктың элементарлық құрамы төмендегідей (процент есебімен): көміртегі – 50,6-54,5; оттегі – 21,5-23,5; сутегі – 6,5-7,3; азот – 15,0-17,6; күкірт – 0,3-2,5; фосфор – 0,4-0,9.

Белоктар физикалық-химиялық қасиетіне, суда немесе басқа еріткіштерде еритініне қарай жай және күрделі белок болып екі топқа бөлінеді.

Мал организмінде атқаратын ролі, маңызы жағынан амин қышқылдары екі топқа бөлінеді:

Бірінші топ                                                Екінші топ

глицин                                                      лизин

серин                                                         метионин

аланин                                                      триптофан

цистин                                                       лейцин

пролин                                                      изолейцин

тирозин                                                     феналаланин

цитрозин                                                   треонин

аспарагин қышқылы                                валин

глютамин қышқылы                                гистидин

Мал азықтарының құрамында жай белоктардың мөлшері басым. Ал жай белоктардың өзі амин қышқылдарынан құралады. Жемшөптің белогы мал организмінде асқазан шырынының әсерімен өзінің алғашқы құрамына -амин қышқылдарына ажырайды. Ажыраған амин қышқылдары қан арқылы денеге тарап, мал организмінің белогын құрайды. Сондықтан азық рационын жасағанда жемшөптегі белоктың амин қышқылы құрамына аса көңіл бөлу керек.

Бірінші топтағы амин қышқылдары рацион арқылы мал организміне барған азотты заттардан жеткілікті мөлшерде түзіледі, сондықтан оларды алмастыруға болатын амин қышқылдары деп атайды.

Екінші топтағы амин қышқылдары малдың организміне өте қажетті, бірақ оларды шошқа мен құстың организмі өздігінен түзе алмайды, ал кейбіреулерін (аргинин, гистидин) түзгенімен де олар жетіспейді. Осыған байланысты екінші топтағыларды алмастыруға болмайтын амин қышқылдары деп атайды. Енді осы маңызды амин қышқылдарының организмдегі физиологиялық роліне қысқаша тоқталайық.

Лизин – организмге өте қажетті деп саналатын белок-нуклеопротеидтердің түзілуі үшін керек және ол сперматозоидтың (аталық жыныс клеткасы) белогы құрамына кіреді. Азық рационында лизин жетіспесе малдың өнімділігі төмендейді, сүті азаяды, жүні ажарсызданып құрғайды, денеде азоттың алмасуы бұзылып, азық жеуі нашарлайды. Астық тұқымдас өсімдіктердің белогында бұршақ тұқымдастарға қарағанда лизин біршама аз болады.

Триптофан - қанның гемоглобині мен никотин қышқылын құрау, малдың сүтейіп, өсіп-өнуі үшін керек. Көптеген өсімдік тектес азықтарда триптофан жеткіліксіз болады да, малдың оған деген қажеті толық өтелмейді. Рационға никотин қышқылын немесе мұндай қышқылы мол азық қосылса, онда мал тирптофанды онша көп керек етпейді.

Метионин - организмнің жедел жетіліп, жүннің көбеюіне әсер етеді. Зат алмасу процесінде метионин серинге, цистинге, холинге, креатининге т.б. заттарға айналады. Метиониннің жетіспеушілігі бауыр мен бүйректің қызметін нашарлатады. Бірқатар жемшөптің протеинінде метионин жетіспейді.   Мұндай   жағдайда  рационға  қосымша  холин   немесе   химия өнеркәсібі көптеп шығара бастаған жасанды метионин берілсе, организмдегі азоттың алмасуы жақсарып, малдың өнімділігі арта түседі.

Лейцин - плазма мен ұлпалардың белогын түзу үшін қажет. Лейциннен каротиноидтер, холестерин, ацетил тағы басқа заттар құралады. Лейцин жетіспесе организмдегі азоттың алмасуы нашарлайды.

Изолейцин - зат алмасу процесінде лейцинмен және валинмен байланысты, холестерин мен керотиноидтерді құруға қатысады. Изолейцин жетіспесе мал арықтап кетеді.

Валин - нерв жүйесінің бір қалыпты қызмет етуі үшін қажет, керотиноидтер мен холестериннің алмасуына қатысады. Ол жетіспеген жағдайда малдың айналма ауруына шалдығуы мүмкін.

Фениналанин - тирозин және адреналин мен тироксин гормондарын түзіп, меланиндерді құрауға қатысады. Фенилаланин жетіспесе алқым безі мен бүйрек безінің қызметі бұзылады.

Треонин – изолейцинмен бірге азықтың амин қышқылдарын сіңіруге қатысады. Ол жетіспеген күнде мал арықтап, организмдегі азоттың алмасуы нашарлайды.

Құрамында осы аталған алмастыруға болмайтын амин қышқылдарының барлығы жеткілікті мөлшерде болатын белокты құнарлы белок дейді. Ал құрамында алмастыруға болмайтын амин қышқылдарының кейбіреуі жоқ болса немесе мөлшері аз болса, ондай белокты құнарсыз белок деп атайды.

Жемшөптің немесе рацион белогының биологиялық құнарлылығы деп - малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.

Сүттің, іркіттің, ет және балық қалдықтарының белоктары биологиялық жағынан аса құнды болады (75-90%). Картоптың (70-85%), көк шөп пен сүрлемнің (75-80%), беде мен жоңышқа пішенінің (80%), астық тұқымдас дақылдардың дәні, зығыр мен мақта күнжараларының (60-70%) белоктары да биологиялық жағынан біршама құнды келеді. Азық рационындағы белокта алмастыруға болмайтын амин қышқылдары нормадан аз болса, организмге керекті белоктың мөлшерін түзу үшін сонша азық, яғни жетіспеген амин қышқылдарының орны толғанша артық жұмсалады. Ғылыми деректерге қарағанда, құрамында 33 г белогы бар 1 кг сүт түзуге қажетті қорытылатын протеиннің мөлшері, оның биологиялық құндылығына қарай әр түрлі болады. Егер протеиннің биологиялық құндылығы 40 процент болса, 1 кг сүт түзуге мұндай протеиннен 82 г, 50 процент болса - 66г, 60 процент болса - 56 г, 70 процент болса - 48 г, 80 процент болса - 41 г керек. Яғни протеиннің құндылығы 80 процент болғанда, 1 кг сүт түзуге жұмсалатын протеиннің мөлшері, оның құндылығы 40 процент болғандағыдан екі есе аз [11].

Кейбір азықтарды екінші бір азықтармен қосып жегізсе, белоктардың қоректілігі артуы мүмкін. Сондықтан да малға берілетін рационның әр түрлі азықтардан құралуы тиіс.

Өнеркәсіптер  даяр қоспалар, яғни  құрама азықтар жасап шығарады. Өз құрамындағы жеке азықтармен салыстырғанда, бұлардың қоректілігі де жоғары болады. Қазіргі уақытта ауыстыруға болмайтын бірқатар амин қышқылдарын заводтарда синтездеу жолымен алады. Олар мал рационына бағалы қосымша ретінде енгізіледі.

Толық құнды белоктар өсіп келе жатқан, буаз және сүт беретін жануарлар үшін өте қажет, өйткені организмдердің мұндай күйінде белоктық заттардың алмасуы күшті жүреді.

Мал организміндегі белоктық алмасудың дәрежесі мен бағытын азот балансы бойынша анықтауға болады. Организмге азықпен бірге енген азот мөлшерінің сүт, нәжіс және зәрмен шығарылған азот мөлшеріне қатысын азоттық баланс деп атайды. Егер организмге азықпен енген азоттың мөлшері сүтпен, зәрмен және нәжіспен бірге шығарылатын азот мөлшеріне тең болса, онда сөз азоттық тепе-теңдік жайында болады. Мұндай жағдай ұдайы азық режимінде тұрған және ылғи жұмыс істейтін жануарларда болады. Егер белок организмге енген мөлшерінен кем ыдыраса, онда азоттық баланс дұрыс болғаны. Бұл өсіп келе жатқан организмге тән жағдай. Керісінше, организмнен шығарылатын азоттың мөлшері организмнің қабылдаған мөлшерінен көп болса, азоттық теріс балансты сипаттайды. Бұл - мал ауруға ұшырағанда, қартайғанда, қажетті кейбір амин қышқылдары организмде жоқ болғанда, т.б. жағдайларда байқалады [12].

Амидтер - таза белокқа жатпайтын, бірақ құрамында азоты бар заттар. Осы азотты күйіс қайтаратын малдың үлкен қарнындағы микроорганизмдер пайдаланып, өз денесінің белогына айналдырады, бұдан соң олар азықпен бірге ішке жылжып, онда қолайлы жағдай болмайтындықтан сол жерде өліп, олардың денесінің белогы жай белокқа ұқсап қорытылады да, мал организмінің белогын толықтыруға жұмсалады. Міне, сондықтан да кейінгі кезде күйіс қайтаратын малдың рационындағы протеиннің кемістігін толықтыру үшін химиялық жолмен алынған жасанды амид-карбамид кеңінен қолданылуда.

Амидтерге жай, қарапайым аммоний қосындылары мен мочевинадан (карбамид) бастап, мейлінше күрделі алкалоидтарға дейін әр түрлі заттар жатады. Бұлар суда жақсы ериді. Амидтер балғын, көк шөпте көп болады, ол қатайған сайын азайып, кемиді.

Амидті азотты заттар белоктың ажырау процесінде де пайда болады. Мысалы, сүрленген жемшөпте белок амидке, амин қышқылдарына дейін ажырайды. Тамыр түйнекті азықтарда амидтің мөлшері едәуір, жалпы протеиннің 50 процентіне дейін құрайды. Амидті заттардағы азот мөлшері белоктағымен шамалас, сондықтан оның мөлшерін анализ жасап анықтағанда, белок пен шикі протеиннің арасындағы айырмашылығы ретінде санайды.

Көмірсутегі молекулалар құрамы үш элемент - көміртегі, сутегі және оттегі атомдарынан тұратын органикалық заттар. Ондағы сутегі мен оттегінің ара қатынасы, судағы сияқты, яғни 2:1 тең. Углеводтар тобына қантты заттар, крахмал, клетчатка және көптеген басқа қосындылар кіреді. Мал организмінде аздаған қант пен гликогеннен басқа углеводтар кездеспейді.

Гликоген мал организміндегі углеводтардың жиынтығы, бауырда, бұлшық еттерде қант тектес заттардьщ қоры есебінде жиналады. Оның мөлшері де аз, мал салмағының 2 процентінен аспайды. Мысалы, салмағы 50 килограмдық қой организмінде небары бір килограмдай ғана гликоген болады. Жинақталған гликоген организмінің, атап айтқанда, бұлшық еттердің жиырылып жұмыс жасауына қажетті энергия беретін күш. Гликоген крахмалға ұқсас, сондықтан да оны кейде жануарлар крахмалы деп атайды.

 Егер организмге гликогеннің қажетті мөлшерінен артық углеводтар түсетін болса, олар майға айналады, яғни май түзілудің негізгі көзі болып табылады.

Мал азығында углеводтар көп, өсімдік тектес азықтарда, жалпы құрғақ заттың салмағынан есептегенде 80 процентке дейінін углеводтар құрайды. Олар өсімдіктегі клетканың қабығы, клетка ішіндегі шырынның, протоплазманың құрамында кездеседі. Мысалы, клетка шырынында олар қант күйінде, өсімдік дәнінде - крахмал, ал клетка қабығында - клетчатка, целлюлоза, гемицеллюлоза және пектин заттары күйінде болады [13].

Клетчатка - өсімдік клеткасы қабығының негізгі құрам бөлігі. Клетчатка сабанда, кеш орылған нашар пішенде, дәндердің (арпа, сұлы) қабығында көп болады. Клетчатка өсімдіктің сабағында көп, жапырағында азырақ. Астық тұқымдастардың сабанында 40-45%, пішенде 20-35%, астық тұқымдастардың дәндерінде 0,2-12%, тамыр-жемістерде 2-4% клетчатка кездеседі. Азықта клетчатка неғұрлым көп болса, оның қоректілігі соғұрлым аз болады. Алайда, азықта клетчатканың болмауы жақсы емес, өйткені ол ас қорыту жолының моторика (қимыл) қызметі оның дамуына себін тигізетін жағдай ретінде барлық жануарларға қажет. Клетчатка тым аз болса күйіс қайыратын малдың үлкен қарынындағы микроорганизмдердің әрекеті төмендейді, соның салдарынан ас қорыту процесі едәуір бәсеңдейді.

Азотсыз экстрактивті заттардың құрамында суда еритін (қант) және суда ерімейтін, бірақ қышқылдардың әлсіз ерітінділерінде еритін (крахмал) углеводтар   басым   келеді.   Крахмал   дәнінде,   тамыр-түйнекте көп   те, жапырақтар мен сабақтарда аз болады. Қант қызылшасында, сәбізде, қонақ жүгеріде қант көп. Ол шөпте 4-7 процентке дейін кездеседі. Организмнің клеткаларында углеводтар химиялық жолмен ыдырауға және тотығуға ұшырайды. Осының нәтижесінде углеводтық алмасудың ақырғы өнімдері -көмір қышқыл газы мен су түзіледі.

Майлы заттар. Бұлардың құрамында углеводтарды құраған элементтер - көміртегі, сутегі және оттегі кіреді. Бірақ углеводтарға қарағанда бұларда оттегі едәуір аз, ал көміртегі мен сутегі басым келеді. Май структуралық материал ретінде өсімдік пен жануарлар клеткасындағы протоплазманың құрамына кіреді.

Жануарлар организмінде майлардың энергетикалық үлкен маңызы бар: белоктар мен углеводтардың бір грамы жанғанда 4,1 килокалориядан жылу берсе, 1 г май жанғанда 9,3 ккал жылу береді. Сөйтіп, майлардағы потенциалдық энергия, углеводтар мен белоктарға қарағанда екі еседен де көбірек болады. Май организмде жылуды реттеуге қатысады. Май ткані жылуды нашар өткізетіндіктен, организмді сыртқы орта температурасының кенет ауытқуынан қорғайды. Майлар тканьдер мен органдарды травмалык зақымданудан сақтайды.

Майлардың азықта жетіспеуі орталық нерв системасы мен көбею органдарының қызметін бұзады, организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұрушылық қабілетін төмендетеді.

Ас қорыту жолында майлар липаза ферментінің әсерінен глицеринге және май қышқылдарына дейін ыдырап айырылады. Глицерин суда жақсы ериді де, судағы ерітіндісі күйінде оңай сіңеді.

Майдың құрамына стеарин, пальмитин сияқты қаныққан май қышқылдары және алеин, линоль, линолен сияқты қанықпаған май қышқылдары кіреді. Әр түрлі жануарлардың майларында май қышқылдары түрліше пропорцияда болады, сондықтан майлардың балқу, яғни еру температурасында айырмашылық бар. Құрамында қанықпаған май кышқылдары болатын майлардан құрамында қаныққан май қышқылдары мол майлардың балқу нүктесі (температурасы) жоғары болады. Әр түрлі мал организмінде өздеріне тән май тұзіледі.

Мал көп мөлшерде май қорын жинайды. Майдың қоры организмде қорек жетіспегенде жұмсалады. Шаруашылық жағынан алғанда бұл пайдалы қасиеттер малды бордақылағанда кеңінен пайдаланылады.

Жемшөпте майлы заттар әр мөлшерде кездеседі, тамыр-жемістер мен картопта (0,1-0,2%), дәнді азықтарда (1-2%) май өте аз болады. Азықтық дақылдардар жүгері мен сұлыда май көп. Жануар тектес азықтардың ішінде майлы заттар - ет, ет-сұйек және балық ұнында көп [14].

Майлардың алмасуындағы ақырғы өнімдерге көмір қышқыл газы мен су жатады.

Басқа заттардың алмасуы сияқты майлардың алмасуы да нервтік реттеу орталық нерв системасынан шығып, организмнің күнделікті мұқтаждығына қажет майын топтастырып тұратын май тканьдеріне баратын импульстер арқылы іске асырылады. Майлардың алмасуын реттеуде бүйрек үсті безінің, гипофиздің, жыныс бездерінің және қалқанша без гормондарының да маңызы аз емес.

Минералдық заттар (макро-және микроэлементтер). Жалпы тірі организмнің бір қалыпты дамуы үшін органикалық заттар - белок, май, углеводтардан басқа минералдық заттар да қажет. Минералдық заттар зат алмасу процесінде өзінен энергия бөліп шығармайды, алайда организмнің тіршілігінде маңызды роль атқарады. Минералдық заттар мал денесінің сұйегін құрайды, зат алмасу процесінде түрлі реакцияға қатысады,  жүрек пен нерв жүйелерінің дұрыс жүмыс істеуіне себін тигізеді, қанның қызыл түйіршігі гемоглобиннің түзілуіне, қарын сөлінің тұз қышқылын түзуге пайдаланылады және басқа көптеген істер атқарады [15].

Малға көбінесе мына элементтер - натрий, калий, кальций, магний, фосфор, күкірт, мырыш, марганец, темір, хлор, йод, кобальт, молибден, мыс, фтор қажет. Натрий, калий, кальций, магний - сілтілік, ал күкірт, фосфор, хлор-қышқылдық реакция береді. Жемшөпте сілтілік элементтер қышқылдық элементтерге қарағанда көбірек болуы керек, сонда организмде минералдық элементтердің алмасуы дүрыс жүреді.

Минералдық элементтерді өсімдіктер мен жануарлар организмінің қүрамындағы мөлшеріне (шамасына) қарай макро- және микроэлементтер деп екіге бөледі.

Макроэлементтер бүтін проценттен проценттің жүзден бір бөлігіндей мөлшерде кездеседі. Оларға - кальций, фосфор, магний, натрий, калий, хлор, күкірт және темір жатады.

Микроэлементтер проценттің жүзден бір бөлігінен миллионнан бір бөлігіне дейінгі аралықта кездеседі.Оларға - марганец, кобальт, мыс, мырыш, йод, фтор, т.б. жатады. Енді осы минералдық элементтердің маңызы мен организмде атқаратын роліне тоқталып өтейік.

Мал организміндегі жалпы минералдық заттардың 65-70 процентін кальций мен фосфор құрайды.

Кальций – мал организміндегі сүйек тканьдерін құрайтын негізгі структуралық материал болып саналады. Сонымен қатар кальций нерв жүйелерінің, бұлшық ет тканінің жұмыс әрекетін реттеп, жүректің тонусын күшейтеді, қанның тез ұюына әсер етіп, дене температурасының басылып, бір қалыпта болуына ықпалын тигізеді.

Фосфор - сүйек ткані, белок, май, углеводтардың құрамына кіреді, органикалық заттардың алмасуына араласады. Оның нерв жүйесі мен бұлшық еттер жұмысына да қатысы бар. Фосфордың зат алмасудағы маңызы ерекше зор. Ол фосфор-органикалық қосылыстардың құрамында болып, барлық углеводтардың, майлардың және белоктардың алмасу процестеріне қатысады.

Мал азығында кальций мен фосфор жетіспеген жағдайда, организмнің сүйек түзу қабілеттілігі нашарлайды, тістері, сүйектері босап сынғыш болады, мал өспей, өнімділігі төмендеп әр түрлі ауруға шалдыққыш келеді. Тауық жұмыртқасының қабығы жұқарып сынғыш келеді, тіпті қабығы қатпаған, жұмсақ жұмыртқалар кездеседі.

Витаминдер. А.П. Дмитриченко, П.Д. Пшеничный [16] азықтың құрамында белок, май, углевод және минералдық заттардың болуы организм үшін жеткіліксіз екенін, тіршілік әрекетінің дұрыс жүруі үшін басқа да заттардың, атап айтқанда витаминдердің қажеттігін анықтап, дәлелдеген. Витаминдер мал организмі үшін құрылыс материалы да, энергетикалық материал да емес. Алайда, олардың маңызы өте зор.

Витамин латын тілінде «Вита» - «өмір» деген ұғымды білдіреді. Осы ұғымнан оның маңызы айқын аңғарылады. Витаминдер мал организміне аса қажетті заттар құраумен бірге, ондағы түрлі биохимиялық өзгерістерді шапшаңдату үшін қызмет атқарады. Олар дене мүшелерінің барлық клеткаларына еніп, онда бір заттың екінші затқа айналуына қажетті жүйелерді құрайды.

Витаминдер майда және суда еритінідігіне қарай екі топқа бөлінеді. Майда еритін витаминдерге - А, Д, Е, К витаминдері, ал суда еритіндерге - С және В тобының витаминдері жатады.

А витамині көздің дұрыс көруі үшін қажет. Әйтпесе көз жанарының қараңғыда көру қабілеті төмендейді. Сол сияқты бұл витамин организм клеткаларының өсуі мен көбеюі үшін де қажет. А витамині жетіспеген жағдайда тұқымдық малдың ұрық сапасы төмендеп, буаз сиыр мен қойдың іш тастауы көбейеді, әрі алынған төл әлсіз болып, әр түрлі ауруларға шалдыққыш келеді. Малдың азыққа деген тәбеті нашарлап, күйіс қайыруы бәсеңдеп жоғалады, көзі мен танауынан су ағады. Осындай жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін малды А витаминімен толық қамтамасыз ету жағын ойластыру керек. Мал организмінде А витамині өсімдіктердің каротинінен түзіледі. Міне, сондықтан да А витаминінің негізгі көзі - көк шөптің, шөп ұнының, сүрлем, пішен мен сәбіздің т.б. каротині болып табылады. Жем азықтарда каротин аз болады. Мысалы, 1 кг сұлыда - 2-5 мг ғана каротин бар, оның есесіне 1 кг көк шөпте 100 мг, беде ұнында - 200 мг, қызыл сәбізде 256 мг дейін каротин болады.

Азықтағы каротиннің мөлшерін қыс айларында бір-екі рет анықтау қажет. Азық рационында каротин жетіспеген жағдайда малдың қанындағы А витаминінің мөлшері төмендеп кетеді. Мысалы, қыс мезгілінің аяқ кезінде денсаулығы мықты малдың қанының сарысуындағы А витаминінің мөлшері төмендегідей болып келеді: бұзауларда - 10 мкг % және жоғары, сиырларда -20-25 мкг% және төмен болып келсе, онда бүл витаминнің жетіспегендігі, аздығы болып есептеледі. Бұл жағдайда осы олқылықты толықтырып, жою үшін шұғыл шаралар қолдану шарт. Егер азық рационында каротин аз болса, өнеркәсіптік жолмен алынған А витамині препараттарын пайдалануға болады.

Д витамині (кальциферол). Ас қорыту барысында кальцийдің сіңіріліп, пайдаланылуын, магний сіңімділігін реттестіреді. Осыдан барып сүйек қалыптасуына, ақзатпен көмірсулар әсер етеді. Жетіспеген жағдайда азық кальцийі ерімейтін фосфорқышқылды тұздарға айналып (кальций фитаты) сіңірілмей, нәжіспен шығарылады да организм сүйек ауруларына (рахит остеомаляция) шалдығады. Қандағы кальций деңгейі ішкі бездер қызметіне әсер ететіндіктен бұлшық ет пен жүйкеде патологиялық өзгерістер орын алады.

Ультракүлгін сәулелердің әсерінен эргостериннен өсімдіктерде Д2 витамині жануар организімінде холестериннен Д3 витамині түзіледі. Оның биологиялық белсенділігі Д2 витаминіне қарағанда құстар үшін 20-30 есе асып түседі. 

Е витамині (токоферол). Организмде алуан түрлі қызмет атқарады. Жетіспеушілігінен көбею қабілеті, бұлшық ет, бауыр тамыр және жүйке жүйелерінің қызметі бұзылады.

К витамині (нафтахинон). Қан ұйығанда ерігіш протомбиногенді ерімейтін проторомбинге айналдыруға қатысады. Жетіспеген жағдайда бұлшық еттерде, ас қорыту жолының қабыршағында, тері астында ішкі қан ұйып, (геморраги) тыныс алу бұзылады.

К1 витамині өсімдіктерде (әсіресе көк балауса және шөп ұнында),  К2 витамині  протеиндік азықтарда және микробиологиялық түзілу барысында пайда болады.

В1 витамині (тиамин). Тиаминнің, фосформен қосындысы ақзатпен бірлесіп пирожүзім қышқылын карбоксилсыздыратын бөлігі кокарбаксилозаны түзеді. Сондықтан В1 витаминінің жетіспеушілігінен қанда, мида басқа да ұлпада пирожүзім қышқылы жиналып, жүйке жүйесі уланып, сал ауруларына, бұлшық ет тартылуына соқтырады. Әсіресе құс ауруға тез шалдығады. Сондықтан оған тиаминге бай бұршақ, азықтық ашытқыларды беру қажет.

В2 витамині (рибофлавин). Энергетикалық алмасу және тыныс алу процесінде сутектің орнын ауыстыруға қажет флавин ферменттерінің простетикалық тобын құрады. Жетіспеушілігі торша ішіндегі зат алмасу барысына өзгеріс енгізіп, өсіп-өнуді тежейді. В2 витамині тіпті аз мөлшерде жетіспеген жағдайда өсіп келе жатқан төлде ақзат түзілуі нашарлап, өсуі баяулайды. В2 – авитаминозды құстың сирағын, тырнақтарын майыстырып, аяқтары тартылуына соқтырады. Жоңышқадан дайындалған витаминді ұн, азықтық ашытқы құрғақ сүт рибофлавинге бай келеді.

В3 витамині (пантотен қышқылы). Зат алмасуындағы негізгі ферменттің А коферменті (акоэнзимі) ретінде сірке қышқылының әсерін күшейтеді. Осы витамин жетіспегендігінен зат алмасу барысы  тежеліп, төлдің салмақ қосуы, сақа малдың көбею қабілеті төмендейді. В3 - авитаминозы жағдайында малдың іші өтіп терісі жараланып, ішкі мүшелеріне қан құйылады. В3 витаминінің жетіспеушілігіне әсіресе құстар  ұшырағыш келеді. Жоңышқа ұнында, бидай кебегінде, құрғақ сүтте, күнбағыс күнжарасында азықтық ашытқыда ол көп болады.

В4 витамині (холин) кіреді. Метилдену реакцияларына қатысады. Жетіспеген жағдайда бауырды май басып, бүйрек жұмысы нашарлайды. Қан азаяды. Май алмасуы бұзылады. Протеиндік азықтарда фосфолипидтер түрі көп кездеседі (балық ұны, азықтық ашытқы, күнжара). Басқа азықиан холингақара бидай дәні бай.

В5 витамині (РР витамині, никотин қышқылы). Никотин қышқылы кодегидрогеназа құрамында 150 астам көмірсулар, майлар және басқа да қосындылардың алмасу реакцияларына қатынасады. Организмдегі тотығу процестерін жеделдетіп, ас қорыту, сөл өндіруді жақсартады. Қан айналымын және басқа да көптеген реакияларды реттейді. Ас қорыту жолдарына микроорганизмдер көмегімен, ал ұлпадағы триптофан өздігінше никотин қышқылына айналады. Жетіспеушілігінен алдымен құс балапандары, торайлар зардап шегеді.

В6 витамині (пиридоксин, адерман). Пиродоксаминге айналып, арнайы ақзаттарға конзим ретінде қосылыпкөптеген амин қышқылдарының алмасу кезіндегі реакцияларын жеделдетеді. Жетіспеген жағдайда өсуге кедергі туып, тері, жүн, қауырсында өзгерістер пайда болады.

В12 витамині (цианкобаламин). Құрылысы өте күрделі витаминдердің бірі. Құрамына кобальт микроэлементі кіреді. Кобальт болған жағдайда цианкобаламинді ас қорыту жолдарындағы микроорганизмдер түзеді. Организмде метилдену реакцияларына қатысады. Жетіспесе метион алмасуы бұзылып, соның салдарынан ақзат, нуклеин қышқылдарының түзілуі тежеледі. Жетіспеушілігінен, алдымен ас қорыту жолдарында микробиологиялық түзу аз мөлшерде жүретін, құс және бір қарынды малдар азап шегеді.

Азық құрамында витаминдерден басқа да біршама биологиялық әсерлі заттар болады. Оларға гормондарға ұқсас қосындылар, ферменттер және қорекке жатпайтын (антипитательные), яғни улы немесе зиянды заттар жатады.

Ферменттер. Ас қорытуды, зат алмасудағы реакцияларды жеделдететін биологиялық катализаторлар. Ас қорыту жолында ас сөлдерімен бөлінеді. Сонымен қатар өсімдіктерде бірқатар ферменттер түзіліп, азықтану барысында біршама (әсіресе құс қорытуында) қызмет атқарады. Қажетті жағдайда мал азығына өндірісте дайындалатын ферменттік және микробтық препараттарды қолдануға болады. Олар амилолитикалық яғни көмірсуларды ыдыратушы (глюкоавоморин, авоморин), протеолитикалық яғни протеинді ыдыртушы (проторизин, протосубталин) целлюлозалитикалық, яғни клетчатканы ыдыратушы(целловиридин) түрінде дайындалады.

Ас қорытуды дұрыстау үшін мал дәрігерлік ас қорыту ферменттерін (пепсин, панкреатин) кеңінен қолданылады.

Антибиотиктер – микроорганизмдер шығаратын заттар. Әр микроорганизмнің тіршілік қалдықтары басқа микроорганизмдер үшін улы. Микрорганизм тіршілігінде басқа  микробтар, саңырауқұлақтар, бактериялар тіршілігіне қолайсыз жағдай тууын антибиоз деп атайды. Осы құбылысты организмге қажетсіз, зиянды микробтарда жоюға қолдануға болады. Малдәрігерлік тәжірибеде түрлі инфекциялық (жұқпалы) ауруларға қарсы көптеген антибиотиктер қоладнылады. Жиырмадан астам антибиотиктер мал мен құсты азықтандыруда пайдаланылады. Олар ас қорыту жолдарындағы пайдасыз және зиянды микроорганизмдерді жойып, ас қорыту барысын реттейді, қоректік азықтардың пайдалылығын арттырады. Жас төлді іш өтуден сақтандыру үшін антибиотиктер «Биовит-40» атты қосындысын кеңінен қолданады.

Азықтағы қоректігіне қарсы (антипитательные) заттар. Мал азығында организмге пайдалы да қажетті қоректік заттармен қатар уландырғыш, зиянды қосындылар да кездеседі. Оалрдың қатарына түрлі алколоидтар, глюкозидтер, улар (токсиндер) эфир майлары, сағыздар, фермент ингибиторлары (әсерін басушылар) кейбір ферменттер мысалы, В1 витаминін ыдыратушы (тиаминаза) органикалық қышқылдар және минералды қосындылар жатады.

Алкалоидтар - өсімдіктерде түзілетін азоттық негіздер. Жеңіл еритін органикалық қышқылдар тұзадар құрамында ас қорыту барысында жеңіл сіңіріледі де, орагнизмді уландырады.

Ол үшін улы алколоидтарға бай өсімдіктерден жайылымдарды арылтып, уландырушы күші қажетті кезінде малды жаймау қажет. Улы заттардың көбі шөп шабылып, күнге кептіргенде ыдырап кетеді. Мұндай өсімдіктерді пішен түрінде пайдалануға болады.

Глюкозидтер – судың қатысымен глюкоза (глюкон) және бірқатар басқа қосындыларға (аглюкон) ыдырайтын эфир тәріздес заттар. Көбі улы емес. Кейбіреулерінің ғана қатты уландырғыш қасиеті бар. Кең тараған улы глюкозидтер сапониндер қант қызылшасында, картоп қабығында болады. Қарында олар газдың шығуына кедергі келтіріп, кептірсе, қанды қызыл түйіршіктерді сусыздандырып солдырады. Көптеген глюкозидтер тынысты бұзып, тұншықтырады. Олардың кейбіреуінің ыдырауынан улы эфир майлары пайда болады. Олар өсімдікті кептіргенде ұшып кетеді.

Организмде судың маңызы. Судың организмде атқаратын физиологиялық ролі ерекше. Ол өсімдік пен жан-жануарлардың организмінде өте күрделі биологиялық және физиологиялық процестерге араласады және олардың клеткаларының ең негізгі химиялық құрам бөлігі болып табылады. Су организмде зат алмасу процесіне араласып, денедегі осмостық қысымды және температураны сақтауға жағдай туғызады. Ол универсалды биологиялық еріткіш ретінде, клеткадағы алмасу реакцияларын қамтамасыз ететін тұрақты ортаның қызметін атқарады.

Су барлық азықтың қүрамына кіреді. Бірақ судың мөлшері әр түрлі азықта бірдей болмай, 5-тен 95-процентке дейін ауытқиды. Мәселен, күнжарада, кептірілген жомда - 5-10% шамасында, жемде - 10-14%, пішенде, сабанда, топанда - 15-20%, көк шөпте, сүрлемде - 60-85%, тамыр-түйнекті азықта 70-90%, жас жом, барда сияқты азық түрлерінде - 90-95 процентке дейін су болады. Құрамында суы мол азық қоректілігі жағынан нашар (төмен) келеді, әрі көп сақтауға шыдамайды, жылдам бұзылады, сондықтан да ондай азықты мүмкіндігінше тез пайдалану қажет.

Малдың денесінде орта есеппен 65% су болады. Жас малдың организмінде су ересек малға қарағанда біршама жоғары. Мәселен, бұзаудың организміндегі су 72%, 1,5 жасар танада 61%, ал бұқаның организмінде 52% қана су болады. Әр түрлі малдың суға мұқтаждығы түрліше болады, ол оны күтіп-бағуға және азықтандыруға, малды жұмысқа пайдалану дәрежесіне және оның өнімділігіне байланысты келеді. Қоңыржай температура жағдайында азықтың әрбір килограмм құрғақ  затына сиыр - 4,6 л, бұзау (алғашқы 6 аптада) 6,5 л, жылқы 2-3 л, шошқа 7-8л, қой 2-3 л су жұмсайды.Ауа температурасының артуымен малдың суға мұқтаждығы да өсе түседі [17].

 

1.3 Азықтың қоректік заттарының мал организмінде қорытылуы

 

Ас қорытудың маңызы. Азықтың қоректік заттары мал организмінің тіршілік әрекетіне қажетті пластикалық (құрылыс) материалы мен энергияның (қуаттың) көзі болып табылады. Жемшөптегі қоректік заттар мал организміне жай ғана ауыса салмайды. Жануар денесінің кұрамына енбестен бұрын азықтың қоректік заттары - белоктары, майлары мен углеводстар едәуір өзгерістерге ұшырайды. Малдың бойына сіңіп, денесіне тарауы үшін олар организмде азықтағы күрделі түрінен қарапайым, қанның күрамындағы қоректік заттарға ұқсас сіңімді түрге айналуы керек. Бұл міндетті асқазан атқарады. Азықтың қоректік заттары асқазанда әр түрлі физиологиялық, биохимиялық, микробиологиялық құбылыстардан өтеді, әр түрлі ферменттер бар ас қорыту бездерінің (сілекей, қарын, ішек, үйқы безі т.б.) бөлген шырыны әсерінен өңделеді. Ферменттер азықтың күрделі органикалық заттарының қарапайым және жеңіл сіңетін түріне бөлшектенуін тездетеді, олардың бірі - белокты, екіншісі - майды, үшіншісі - углеводты ыдыратады. Соның нәтижесінде азықтың кұрделі заттарынан клеткаға сіңіріле алатын кіші молекулалы заттар - қарапайым қанттар, бос күйінде жүрген амин қышқылдары, глицерин, май қышқылдары түзіледі. Олар ерітінді күйінде ішектің қабырғасы арқылы сорылып қанға түседі де, бүкіл организмге тарап, қүрамы мен сапасы жағынан жемшөптегіден мүлде ерекше заттарды, мал өнімдерін- ет, сүт , жүн т.б. құрайды [18].

Ауыз қуысында астың қорытылуы. Ауыз қуысында азықтың қорытылуының бірінші кезеңі басталады. Азық ауыз қуысында тіспен үгітіледі, шайналады және сілекеймен араласады.

Жылқы мен шошқа азықты қабылдағаннан кейін үзақ уақыт мұқият шайнайды. Күйіс қайыратын малдар азыкты қабылдағанда үстірт қана шайнайды. Бұл үстірт шайнау кейін мұқият күйіс қайырғанда толықтырылады.

Шайналған азық сілекеймен ылғалданады. Малдың ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінің өзегі келіп ашылады. Шықшыт безі суы мен минералдық заттары мол сұйық сілекей (секрет) бөліп шығарады. Алқым безі шырышты зат-муцины мол және тұзы кем сілікей бөледі, тіл асты безі тұзы мол, кілегейленген зат араласқан сілекей бөледі. Бұл бездерден басқа ауыз қуысының кілегейлі зат жасап шығарылытын көптеген үсақ бездер болады.

Сілекейдің маңызы алуан түрлі. Ол шайналган азықты ылғалдайды және азық жентігінің қалыптасуында зор роль атқарады, азықты сілекей орап алып оның жүтылуын жеңілдетеді. Жұтылған азық өңеш арқылы қарынға барып түседі.

Күйіс қайыратын малдың қарнында астың қорытылуы. Күйіс қайыратын мал эволюциялық өсу жолында ылғи ірі, көлемді азықтармен қоректенгендіктен асқазаны да сондай азықтарды қорытуға бейімделген. Оның қарыны көп камералы болып: үлкен қарын, жұмыршық қарын, ұлтабардан түрады. Бұлардың ішінде тек үлтабар ғана нағыз қарын деп саналады, себебі оның ішкі кілегей қабатында бездер болады. Қалған бөлімшелерінің ішкі қабатында ас қорыту бездері болмағандықтан, оларды қарын алдындағы бөлімшелер деп атайды.

Қарынның алдыңғы бөлімдерінің ішіндегі ең көлемдісі - үлкен қарын. Ірі азықтардың қүрамындағы қоректік заттарды, әсіресе клетчатка мен амидтерді (протеинді) қорытуда үлкен қарынның атқаратын қызметі ерекше. Үлкен қарында жай көзге көрінбейтін миллиондаған микроорганизмдер (бактериялар, инфузориялар, грибоктар) болады. Олар қоректенуі үшін жемшөп қабықтарын (клетчатканы) бұзып ыдыратады. Соның нәтижесінде клетчатка жұмсарып, босайды да, ферменттердің әрекетіне бейімді, қолайлы түрге ауысады, жақсы қорытылады. Міне сондықтан да бір бөлімдіге қарағанда, қарыны көп бөлімді мал ірі азықты (пішен, сабан т.б.) едәуір жақсы пайдаланады.

Қарында тек клетчатка ғана ыдырап, ашу процесіне ұшырап қоймайды, сондай-ақ крахмал, қант және басқа да заттар ашиды, оның өзі көп мөлшерде кіші молекулалы- сірке, пропион және май қышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бүл қышқылдар қарынның қабырғасы арқылы сорылып қанға өтеді де, гликоген түзілетін бастапқы материалға айналады. Үлкен қарындағы микроорганизмдердің екінші бір қасиеті олар өз денесінің белогын түзу үшін тіршілік процесінде қарынға түскен қоректік заттарды, атап айтқанда амидтердің азотын пайдаланады. Бұдан соң олар азықпен бірге араласып, жылжып ұлтабарға түсіп, ішекке барады да, онда қолайлы жағдай болмағандықтан қүрып, өмір сүруін тоқтатады. Ал олардың денесінің белогы жай, азық белогына үқсап қорытылады да, мал организмнің белогын толықтыруға жұмсалады. Күйіс мал рационында синтетикалық азотты заттарды (карбамид, аммоний сульфаты, аммиак суы т.б.) пайдалану осы процеске негізделген.

Үлкен қарындағы азық микроорганизмдермен бірге, қарынның алдыңғы бөлімдерінің қимыл-қызметі нәтижесінде, ұлтабарға өтеді де, онда қарын сөлімен араласады. Ұлтабардың сөлінде тұз қышқылы мен ферменттер пепсин және химозин болады. Пепсин азық белогын ыдыратады, химозин сүттің казеинін ірітеді.

Ішекте астың қорытылуы. Ұйқы безінің және өттің ас қорыту қызметі. Қарында түзілген қоймалжың азық ботқасы - химус, қарынның жиырылуынан бөлініп- бөлініп он екі елі ішекке өтеді, бұл жерге ұйқы безінің және бауырдың сөлін сыртқа шығару өзектері де келіп ашылады.

Ұйқы безінің сөлі мөлдір, реакциясы сілтілі болады. Онда белоктарды, майларды, углеводтарды қорытуға көмектесетін ферменттер бар. Ферменттердің белокқа әсер етуі қарында басталған белоктардың ыдырауынан (айырылуынан) амин қышқылдарының түзілуімен аяқталады. Ұйқы безінің сөлінде болатын амилаза мен мальтаза ферменттері крахмал мен гликогенді глюкозаға дейін ажыратады. Ұйқы безінің липаза ферменті майда глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады.

Бауырдың өті ұйқы безінің және ішек сөліндегі липазаның әсерін күшейтеді, өттің құрамындағы сілті майды ұсақ түйіршіктерге бөліп (эмульсиялайды) оның қорытылуын жеңілдетеді. Өт углеводтарға әсер ететін ферменттердің белсенділігін арттырады. Ащы ішектегі астың қорытылуы мен сіңірілуі. Ішек сөлінің реакциясы сілтілі келеді. Онда белокты, майды және углеводты ыдырататын ферменттер болады. Ішек сөлінің құрамы азықтың сипатына қарай өзгеріп тұрады, егер малдың азығында белок көп болса, онда сөлдің құрамында белокты айыратын ферменттер көбейеді, азықта углевод көп болса, углеводқа әсер ететін ферменттердің мөлшері артады.

Азықтың ащы ішек бөлімінде қорытылуының нәтижесінде, ол біртекті азық ботқасына- химусқа айналады.

Ас қорыту өнімдері, су, минералдық заттар бүкіл ас қорыту жолының бойымен сіңіріледі. Алайда, сіңіру үшін ең қолайлы жағдай ащы ішекте болады.Ең алдымен бұған ішектің ұзындығының себі тиеді.

Тоқ ішекте астың қорытылуы. Азық женшігінің қалдығы бүйенге және тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішекте сөл аз бөлінеді. Онда ащы ішек сөліндегідей ферменттер болады, бірақ олардың мөлшері аз және активтігі кемірек келеді.

Шөп қоректі жануарлардың тоқ ішегінде орналасқан азықтың женшігінде қоректік заттар әлі де жеткілікті болады. Бұл негізінен, олық ыдырап айырылмаған клетчатка мен қоршап тұрғандықтан ферменттердің әсер етуімен аман қалған клетчатканың ішіндегі заттары. Сондықтан тоқ ішекте ас қорыту процесі әлі тоқтамайды. Тоқ ішектің баяу қозғалу қызметінің нәтижесінде азық жентігі мұнда үзағырақ болады. Осы жерде белок шіри бастайды, май ашиды және ыдырайды. Азықтың қалдығына микрофлора әсер еткенде тоқ ішекте қышқылдар мен газ тәріздес әр түрлі заттар: күкіртті сутегі, көмір қышқыл газы, метан т.б. түзіледі. Белок шірігенде улы заттар: креозол, фенол, индол, скатол түұзіледі. Бұл заттар бауырда зарарсызд андырыл ады.

Рациондағы қоректік заттардың арақатынасы. Протеиннің қорытылу дәрежесі рациондағы басқа да қоректік заттардың аз-көбіне байланысты. Мысалы, рационда углевод көбірек болса, басқа да қоректік заттардың, оның ішінде протеинннің қорытылуы кеміп, углеводтың қорытылуы арта түседі. Мұндай құбылыстың сіңім депрессиясы (организм мен тканьдер қызметінің нашарлауы) деп айтады. Қоректік заттардың көп не аз болуы олардың қорытылуына кері әсерін тигізеді.

Азық рационындағы азотты заттардың пайдалы коэффициентінің төмен болатыны протеиннің мөлшері мен сапасына байланысты. Рациондағы протеиннің мөлшері азайған сайын, оның қорытылуы мен сіңімділігі де кеми береді.

Сауын сиыр рационындағы қанттың протеинге қатынасы 1:1-1,5 яғни 1 бөлік қорытылатын протеинге 1-1,5 бөлік қант болуы керек, сонда қоректік заттар жақсы пайдалылады.

Негізгі минералдық элементтер - кальций, фосфор, натрий, калий рационда нормадан кем болмағаны жөн. Сонымен қатар бұл элементтердің бір-біріне арақатынасы да түзу болуы шарт. Мысалы сауын сиырдың рационында қышқылды элементтердің сілтіге қатынасы 0,8-1,0-ден, ал фосфордың кальциге қатынасы 0,6-0,8-ден аспауы керек, сонда ғана қоректік заттардың қорытылуы бірсыдырғы жақсы өтеді.

Азық рационында белгілі бір мөлшерде майлы заттардың да болуы шарт, олар жемшөптің дұрыс қорытылуына, сіңуіне зор әсерін тигізеді. Мысалы, сауын сиырдың рационындағы майлы заттардың мөлшері құрғақ затқа шаққанда 3-5 пайыздай болуы керек. Майлы заттармен бірге организмге майда еритін - А, Д, Е, К виаминдері түседі.

Рациондағы азықтардың құрамы. Көктемгі, жазғы жайылым шөптердің қоректік заттары мал организміне жақсы сіңеді. Сиырға жүргізген тәжірибеде бұндай рациондағы органикалық заттары 72-78 % қорытылған. Ірі азыққа бай қысқы рационның органикалық заттарының қорытылу коэффициенті небары 60-65%.

Осы рационға сүрлем мен азықтық қызылшаны қосқанды, органикалық заттардың қорытылу коөффициенті 65-70% болған. Яғни рационның қүрылымын жақсартып, оған сапалы ірі азық пен сүрлем, қызылша мен жем қосу арқылы қоректік заттардың қорытылуын 10-15% арттыруға болады. Күйіс қайыратын малдың негізгі ірі азығында клетчатка көп: пішенде 25-35%, сабанда 40-45%. Осы ірі азықтардың жақсы қорытылуы үшін үлкен қарындағы микроорганизмдердің өсіп-жетілуіне жағдай туғызу қажет. Сондықтан рационда белокты, углеводты және минералды азықтар жеткілікті болуы тиіс. Сүрлемді малға көп бергенде үлкен қарында қышқыл көбейеді де, микроорганизмдер әлсіреп, шығын болуы мүмкін.Үлкен қарында бейтарап реакция болуы шарт. Сондықтан қантты заттар аз сүрлемді малға көп мөлшерде бергенде, оған қосымша қант қызылшасын немесе жем беру (1 кг сүрлемге 70г мөлшерінде) керек [19].

Дер кезінде және жақсы шабылған пішенді, жақсы сақталған тамыр -жемістілерді, сүрлемді мал жақсы сіңіреді.

Әдебиетке шолу бөлімін қорыта келе ұсақ малдардың кетоз ауруына шалдықпауына негізгі фактор болып оларды дұрыс азықтандыру азық құрамына тікелей байланысты екендігі анықталды. Сондықтан малдағы жұқпалы емес ауруларды болдырмаудлың алғы шарты ретінде мал азықтарының рациондарын дұрыс жасап, азықтандыру қажет деп санаймыз.

 

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2.1 Тәжірибе шаруашылығының табиғи-климаттық жағдайлары

 

Тәжірибе жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы “Медеу-Ата” (бұрынғы Әлімтау совхозы) өндірістік кооперативінде жүргізілді. “Әлімтау” совхозы 1975 жылы Сарыағаш ауданындағы үш шаруашылықтың және көршілес Қызыл-Құм ауданындағы “Қожа-Тоғай” асыл тұқымды қой зауытының жерлерінен жер бөліп беру арқылы өз алдына жеке шаруашылық болып құрылды. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 90,7 мың га және оның ішінде жайылымдық жері 67,6 мың га, егістк жерлері 9,2 мың га, ал шабындық жерлері 13,9 мың га болып табылады.

Шаруашылықтың климаттық жағдайы шөл жағдайына тән өте құбылмалы және континентальды. Жауын-шашын күздің соңында, қыста және ерте көктемде түседі. Жылдық нормасы 80-84 мл көлемінде. Қыс қысқа, қар көбінше аз, кейде аяз болған кезде температура минус 15-200, сондықтан мал көбінесе жайылымға шығып тұрады. Қар желтоқсан айының соңында 8-15 см-дей жауып тез еріп кетеді. Көп жылғы метрологиялық көрсеткіш бойынша қар қыс айларында 55-65 тәуліктей жатуы мүмкін.

Көктем қысқа, бірақ жылы. Орта айлық температура  наурыз айында +90С, көкек айында плюс 140С. Бірақ көкек айының басында температура 00С-қа төмендеп суытып тұратын кезі де болады.

Климатының өзі бір қолайсыз жағдайы – көкек айынан бастап солтүстік-батыстан ұзақ уақыт секөнтіне 3-5м жылдамдықпен жел соғып тұрады. Кейде оның жылдамдығы 14 м/сек-қа жетеді.

Жаз ұзақ, құрғақ та ыстық. Бұл кезде түсетін ылғалдың саны жалпы жылдық мөлшердің 4%-тін құрайды. Жылдың ең ыстық мезгілі шілде айы, температура бұл кезде плюс 460С-қа дейін көтеріледі. Жер қыртысы негізі – құмды, сары топырақты, ал батыс жағынан жал құмдауытты.

Жайылымның  өнімділігі 1 га жерден 3-5 ц. Шамасында құрғақ массаға тең болады.

Шаруашылық өсімдіктері эфемерлі- әртүрлі шөпті ассоциациалармен анықталады. Олардың  өсіп шығуы сәуірдің басынан басталады

Эфемерлердің құрамында қоңырөлең (Carex phusodes), дала келіншекбоз (Carex pachystiles), тоты көкнәрі (Papaver honinyt), жіңішке таспашөп (Astragalus filicankes), қызғалдақ (Тulipa greigi) кездеседі. Эфемердің  өсу кезеңі қысқа, әрі кеткенде мамыр айының ортасына дейін созылады. Маусым айының басынан жайылымда дәнді өсімдіктер: жуашықты қоңырбас (Роа bulbosal), жалпақ арпабасы (Bromus scoparins),  тарақбоз (Bromus tectorum) өсе бастайды.

Шілде айының басында өсімдіктер қурап кетеді де олардың орнын жылдық сүйекті аққурай (Psoralea drupacen), сасық кеурек (Ferulla foetida), боз жусан (Artemisia glocuca fall) мен қара жусан (Artemisia pauciflora) алмастырады.

Шаруашылықтың су мәселесі бұрынғы көрші Сарыағаш ауданынан (бұрынғы Келес ауданы) тартып әкелген құбырдағы су мен қазылған шахталы құдықтар арқылы қамтамасыз етіледі.

 

2.2 Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі

 

Зерттеудің тәжірибе бөлігі Сарыағаш ауданы, «Медеу-Ата» шаруа қожалығында  жүргізілді.

Ауруға бейім және күдік туғызатын 46 бас аналық саулықтар екі топқа  (тәжірибелік – 23 бас, бақылау – 23 бас) іріктеліп алынды. Тәжірибе кезенінде барлық малдар бірдей шаруашылық жағдайда болды.

Тәжірибелік саулықтардың симптоматикалық белгілеріне қарай диагноз қойылды.

Тәжірибелік саулықтардың қоректік азықтарының құрамы тексерілді.

Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым, органолептикалық   (күрделі   жабдықтарсыз,   адамның   сезім   органдарына негізделген) тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін, бояу, иісі дұрыс сақталу жайы айқындалады.

Пішенді бағалау үшін оның әр 25 (престелмеген болса) немесе 50 (престелген болса) тоннасынан орташа үлгісін алып түсі, бояуы, иісі, жапырақталуы, тазалығы, жүмсақтылығы және де химиялық құрамына байланысты мемлекеттік стандарт бойынша (ГОСТ-4808-75)  тексерілді.

Ауру малдың диагнозын клиникалық, лабороториялық, паталого-анотомиялық белгілеріне байланысты қаны мен зәрін, қан сарысуындағы белок мөлшерін  тексеру арқылы  қойылды. Әсіресе малдың қағып-бағу жағдайына, азықтың сапасына үлкен көңіл бөледі.  Рефрактометрикалық әдіспен қан сарысуындағы белокты тексеру  негізгі көрсеткіш болып табылады;  оның ішінде сілтілер қоры  Ван-Слайк әдісімен: қант  жалпы Хагедорн-Иенсен әдісімен, қант шынайлығы - Самодж әдісімен; кетондық денелер - Нательсон Бюхнер әдісімен,; пировиноград  қышқылы - Умбрай-ту әдісімен, зәрдегі белок - Геллер әдісімен,  индикан – Сальковски әдісімен,  ПАЛ-1 аппаратымен ауадағы ацетонды тексерулер арқылы диагноз қойылады.

Ауруды алдын-алу және емдеу А. Колесовтың   әдістемесімен   жасақталды, яғни біріншіден толыққанды құнарлы рацион түзу, екіншіден дәрі-дәрмектермен,  күре тамыр ішінен  20-40%-дық  глюкоза ертіндісін  40-100 мл дозада,  бұлшық ет ішіне  - инсулин 50-80 ИЕ, тері астынан - 20%-дық  кофеина ертіндісін  2-3 мл егу арқылы  емдеу.

1-сурет.  Зерттеу сызбасы

2-сурет. Шаруашылық жағдайында ұсақ малдарды азықтандыру

3-сурет. Кетозбен ауырған ұсақ малдар

 

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1 Азықтың және мал организмінің химиялық құрамы мен азық өлшемі

 

Азық құрамы өте күрделі. Өйткені биосферасы қабатына кіретін өсімдік пен жануар денесінде, академик В. И. Вернадскийдің [20] биохимиялық ілімі бойынша, химиялық элементтер миграциясының заңдылығына сәйкес жер қыртысындағы барлық дерлік элементтер кездесуі керек. Қазіргі кездегі зерттеулер осы болжамды растап та отыр. Бүгінгі күнге азық құрамында 80-ге тарта химиялық элементтер табылып отыр. Зерттеу тәсілдері жетіле келе бұл санға басқа да элементтер қосылатынын болжауға болады.

Әрине, оның басым көпшілігі өте аз мөлшерде болғандықтан, биологиялық маңызын айту қиын, тіпті химиялық миграция барысында кездейсоқ та жиналуы мүмкін. Ол туралы тек аса күрделі қондырғылар мен өте сезімтал тәсілдерді игерген болашақ  ғылыми  ізденістер жауап бермек.      

Азық құрамында табылған элементтердің барлығы тіршілікке қажет, биологиялық өзгерістерде әр қайсысының өзіндік орны бар, атқаратын қызметі анықталған биогендік 19 элементке келеді. Олар оттегі, сутегі, көміртегі, азот, кальций, фосфор, калий, күкірт, натрий, магний, темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод, селен, молибден, вольфрам. Бұлардың 98%-ті органикалық қосындыларды түзетін оттегі (70%), көміртегі (18%) мен сутегінен (10%) тұрады.

Протеинге кіретін азотпен қоса бұларды органикалық элементтер (органогендер) деп те атайды. Қалғаны – минералды элементтерге жатады. Энергия шығаратын органикалық қосындылардан азықтың минералды бөлігін күйдіру арқылы (450-500°С-та) ажыратады.

Минералды элементтердің алғашқы жетеуі азық пен мал денесінде   грамдап   өлшенеді де оларды макро-, яғни көпмөлшерде кездесетін, элементтер деп атайды. Олардың төртеуі – кальций, калий, натрий, магний қосындыларында сілтілік қасиет көрсететіндіктен «сілтілі», ал үшеуі - фосфор, күкірт, хлор - қышқылдық қасиет көрсететіндіктен «қышқылды» макроэлементтер деп аталады. Бұлардың грамм-эквиваленттік арақатынасы сутектік көрсеткіш (рН) бойынша азық күлінің реакциясын (сілтілі, қышкылды, бейтарап) қалыптастырады. Ас қорыту мен зат алмасуына жәйлі сәл сілтілі ортаны қалыптастыру үшін мал азығындағы қышқыл – сілтілік қатынас (ҚСК) 0,8-0,9 аралығында болуға тиіс.

Аталған жетеуінен басқа минералды элементтер аз, килограмда милиграмм, типті микрограмм, ультра микрограмдап есептелетіндіктен микроэлементтер деп аталады. Биогендік қасиеттері дәлелденген микроэлементтерге темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод, молибден, селен жатады. Олардың әрқайсысы зат алмасуында өзіндік қызметін атқарады. Мысалы, темір, қызыл қан түйіршіктері - эритроциттердің функционалдық тобы гемоглобиннің простетикалық бөлігі «гем» құрамына кіреді. Өкпедегі оттегіне бай қанда тотығып, оттегін байлайды да, дененің басқа тоқыма мен ұлпасына жеткізіп, зат алмасу негізін құрайтын тотығу- тотықсыздану реакцияларының барысын қамтамасыз етеді. Мыс эритроциттердің жетілуіне әсер етеді. Кобальт цианкобаламин витаминінің, йод қалқанша безі гормондарының (тироксин, үшйодтиронин) құрамына кіреді. Сайып келгенде, зат алмасуындағы микроэлементтердің маңызы – олардың фермент, витамин, гормон секілді биологиялық пәрменді қосындылар құрамына кіріп, оларды белсендіріп өзіндік қызметін атқаруға септігін тигізеді. Зат алмасуындағы алуан түрлі реакцияларды үдетуші биологиялық катализатор қызметін атқаратын ферменттердің басым көпшілігі металэнзимдер, олардың металы бар простетнкалық бөлігіне міндетті түрде микроэлементтер кіреді. Қазіргі кезде 200-ге тарта металды ферменттер анықталып отыр [21].

Табиғатта кездесетін қайсыбір зат, қайсыбір өнім болмасын, олар химиялық элементтердің қосылыстарынан тұрады. Күнделікті көріп, пайдаланып жүрген жемшөп пен мал өнімдері де осы химиялық элементтердің күрделі қосылысы. Өсімдік пен жануарлар организмінен 50-ден астам химиялық элемент кездеседі. Соның ішінде 18-і тіршілік үшін өте қажет. Ал 6 элемент: көміртегі, оттегі, сутегі, азот, кальций және фосфор өсімдік пен мал организмінің негізгі бөлігін (98,5 пайызын) құрайды .

Қалған элементтердің мөлшері 1,5% қана, бірақ соған қарамастан олардың өсімдік пен жануарлар организімінде атқаратын ролі өте үлкен. Мысалы, темір, мыс қанның қызыл түйіршігін (гемоглабинді) түзуге қатысса, ал   басқа  микроэлементтер   мал   организмінде   биохимиялық   процестерді жүргізетін арнаулы белоктардың, ферменттердің, витаминдердің және гормондардың құрамына кіреді.

Өсімдік пен жануарлар организмінде көміртегі, оттегі, сутегі, азот, кальций, фосфор т.б. элементтердің күрделі қосылысынан қоректік заттар-белок, углевод, май түзіледі. Бұл заттардың үлес салмағы өсімдікте және жануарлар денесінде әр түрлі (1-кесте).

Мал организмінің клеткалары көбіне белоктан құралса, өсімдіктердікі-клетчатка және басқа углеводтардан тұрады. Қоректік заттардың қоры өсімдіктерде крахмал және басқа углеводтар күйінде, ал мал организмінде май күйінде жинақталады. Әдетте жас малдың организмінде су көп болады-73 пайызға дейін жетеді.

Малдың жасы ұлғайып, қоңдылығы жоғарылыған сайын судың мөлшері кеми түседі, ал өте семіз малдың денесінде небары 40% шамасында су болады. Малдың өсу кезеңінің барысында организмдегі белоктың мөлшері көп өзгермей, бір қалыпта тұрады, ал қоңдылығы жоғарылап, семірген сайын оның мөлшері біршама төмендейді. Малдың жасы өскен сайын денесіндегі майдың мөлшері көбейіп, бордақылаған жағдайда тез көтеріледі. Семіз малдың организмінде 40-45

1-кесте. Кейбір өсімдік пен мал организмінің химиялық элементтік құрамы

 

Химиялық элементтер

Өлшем

Азық

Мал

шабықтың шөбі

жүгері дәні

соя шроты

қант қызылшасы

қоңдылығы орташа өгіз

қоңдылығы орташа қой

қоңдылығы жоғары марқа торай

Көміртегі

%

14,4

40,3

41,7

8

23,4

25,4

38

Сутегі

%

11,5

7,2

5,9

11,7

9,1

9,3

10,3

Оттегі

%

70,5

49,1

38,3

79

53,7

51,7

44,9

Азот

%

0,5

1,4

7,8

0,3

2,7

2,2

1,8

Күкірт

г/кг

0,97

0,59

1,68

0,6

1,81

1,54

1,27

Фосфор

г/кг

0,68

3,3

7,01

0,29

7,98

5,28

2,77

Хлор

г/кг

1,32

1,38

3,82

0,76

0,59

0,52

0,41

Кальций

г/кг

1,97

0,3

2,15

0,61

15

8,74

1,43

Магний

г/кг

0,98

1,14

2,65

0,25

0,51

0,32

0,19

Калий

г/кг

6,32

3,18

20,18

1,36

1,69

1,42

1,12

Натрий

г/кг

0,36

0,05

0,18

0,14

1,08

0,76

1,42

Темір

мг/кг

21

42

230

21

280

280

90

Кремний

мг/кг

1643

170

720

140

60

100

10

Марганец

мг/кг

61

9

30

21

-

-

-

Қалайы

мг/кг

25

21

47

7

30

30

30

Алюминий

мг/кг

39

14

41

31

-

-

-

Кобальт

мкг/кг

70

17

135

14

-

-

-

Мыс

мкг/кг

800

51

1240

760

-

-

-

Йод

мкг/кг

3,6-194

36-630

-

шамалы

400

400

400

 

пайызға дейін май болады. Мал организмінде майдың сапасы, өсімдіктердікіне қарағанда мүлдем өзгеше.

Мал негізгі қоректі өсімдіктен алады. Өсімдіктің қоректік заттары мал организмінде қорытылып, әр түрлі химиялық өзгерістерден өтіп, қолайлы, сіңімді күйге келіп, организмнің қажетіне жұмсалады.

Мал организміне қажетті қоректік заттардың мөлшері әр түрлі азықтарда бірдей болып келмейді. Сондықтан әр түрлі азықтардың қоректілігін салыстыру үшін олардың химиялық құрамын білу шарт. Ол төменде келтірілген схема бойынша анықталады.

 

2-кесте.  Жемшөптің және мал организмінің жалпы химиялық құрамы (%)

 

Заттар

Өсімдік

Мал

шабындық пішен

азықтық қызылша

арпа

күнбағыс күнжарасы

жартылай

бордақыланған өгіз

қондылығы орташа қой

семіз

шошқа

жаңа туған бұзау

Су

14

88

14

9

56

54

44

73

Белок

10

1

9

36

18

19

13

18

Углевод: а) азотсыз экстрактивті заттар

б)   клетчатка

41

26

9

1

68

4

23

14

1

-

1

-

1

-

1

-

Күл

6

1

3

7

5

4

3

4

Ескерту:   Углеводтардың  үлес   салмағы   мал   организмінде   1   проценттен   аз, сондыктан олардың мөлшері әдетте көрсетілмейді

 

Қандай да болмасын бір азықтың азғантай мөлшерін 100-105°С температурада өзінің тұрақты салмағына дейін кептіру арқылы (арнайы жасалған кептіру шкафтарында) оның құрамына кіретін су мен кұрғақ заттың мөлшері анықталады.

Өсімдікте су байланған және бос күйінде кездеседі. Өсімдік клеткаларына келген су протоплазмадағы органикалық заттармен тез араласып, байланыс жасайды. Мұны біз байланған су дейміз. Өсімдіктің жапырағын күнге кептірсек те, бұл су жоғалмайды, ал бос су тез жоғалып буға айналып кетеді. Мұндай байланған суды өсімдікті 100-105 градуста кептіргенде ғана ажыратып алуға болады.

Құрғақ зат - органикалық және минералдық заттардан тұрады. Құрғақ затты отқа қыздырғанда жанып кеткен бөлігін органикалық, ал жанбай қалған күлін минералдық заттар дейді.

Органикалық заттың құрамында азотты (белок) және азотсыз қосылыстар: май, углевод сияқты қоректік заттар, ал белоктың құрамына міндетті түрде және белгілі бір дәрежеде азот кіреді. Сондықтан лаборатория жағдайында әр түрлі азықтағы белоктың мөлшерін білу үшін алдымен «Кьельдалдың» әдісі бойынша олардағы азоттың мөлшерін анықтайды, онан шыққан санды белокта орта есеппен 16 процент (100:16=6,25) азот бар екенін ескере отырып 6,25-ке көбейтеді. Мәселен жүгері сүрлемінің құрамында 0,32 пайыз азот болды делік. Сонда 0,32-ні 6,25-ке көбейтеміз де, 100 г сүрлемде 2,0% (немесе грамм) қорытылмаған «шикі» протеин бар екенін анықталған [22].

Шын мәнісінде азоттың мөлшері әр түрлі заттарда бірдей болып келмейді, тіпті белоктың құрамында оның мөлшері 13-19% аралығында ауытқып отырады. Сондықтан да 6,25 деп алынған коэффициентті барлық жағдайда қолдану дұрыс бола бермейді. Бидай, қара бидай, арпа, сұлы үшін -5,83, жүгері үшін - 6,25, күнжара мен шрот үшін - 5,3, бұршақ тұқымдастар үшін - 6,25, сүт үшін- 6,38, ет пен жұмыртқа үшін - 6,25 коэффициенттерін қолдану қажет.

Алдын ала ылғалдылығы анықталып, кептірілген азықтың шағын мөлшерін сусыз эфирде немесе бензинде айыру арқылы майлы заттардың жалпы жиынтығын анықтайды, онда таза өсімдік майынан басқа, майға ұқсас (фосфатид, хлорофилл, смола, пигменттер, т.б.) бар.

Лаборатория жағдайында углеводтардан клетчатка мен азотсыз экстрактивті заттар анықталады. Клетчатканы Штоман мен Геннебергтің әдісі бойынша анықтайды.

Клетчатка – өсімдік денесінің сыртқы қабығы, суға ерімейтін қатты зат. Әдетте жемшөпке химиялық талдау жасағанда таза клетчатка емес,онымен берік байланысқан басқа заттарды да бірге анықтайды. Мұның бәрі жалпы алғанда клетчатка болып есептеледі. Азотсыз экстрактивті заттар лаборатори жағдайында анықталмайды, тек есептеп шығарылады. Азық үлгісінен анықталған - судың, протеиннің, майдың, клетчатканың және күлдің мөлшерін өзара қосып, сол қосындыны 100-ден алып тастағандағы шыққан айырмашылық азотсыз экстрактивті заттың мөлшері есебінде саналады. Мысалы, талдау бойынша жүгері сүрлемінде 80% ылғал, 2,48% протеин, 1,05% май, 6,60% клетчатка, 1,50% күл бар делік, сонда барлығының жалпы қосындысы 91, 93%. 100-ден 91, 93-ті алып тастағанда 8,07 шығады, бұл азотсыз экстрактивті заттың мөлшері.

Азық құрамындағы минералдық заттардың мөлшері арнайы жасалған методикалар бойынша анықталады.

Азықтың қорытылуына қарай қоректік заттардың организмде қалай пайдаланылатыны, өнімділік әсері жөнінде қорытынды шығарып, баға беруге болмайды. Себебі азықтың қорытылған затының барлығы бірдей өнім түзуге кетпейді. Бүл заттардың энергиясының бір бөлігі дене температурасын бір қалыпты үстап түруға, қозғалуға, азықты қорытуға және басқаға пайдаланылады. Азықтың қорытылған заттарының организмде қор заты түрінде жиналатын бөлігі ғана қоректілікті немесе азықтың өнімділік құнын сипаттайды. Сондықтан да қазіргі уақытта азықтың қоректілігін азықтандырғанда алынатын өнім мөлшеріне қарап анықтау жүйесі қолданылып келеді. Әр түрлі азықтардың жалпы нәрлілігін салыстыруға ыңғайлы болуы үшін солардың бірі шартты түрде өлшеуіш единица (өлшеуіш шама) етіп алынады. Біздің елімізде осындай өлшеуіш шама ретінде орта сапалы 1 кг сүлы алынған, бұл - Совет азық өлшемі, бір килограмм сүлы бір азық өлшемі болып саналады. Жүргізілген тәжірибелердің нәтижесінде өгізге регізгі рационның үстіне қосымша 1 кг сұлы бергенде оның организмінде 150 грамдай (148 г) май жинақталған, бүл осы азық өлшемінің өнімділік күші.

Т. Сарбасов, Қ. Құлақбаевтың [23] деректерінде сұлы азық өлшемі арқылы басқа азықтардың нәрлілігін бағалауға болады. Мысалы, бойына 150 г май жинақтау үшін өгізге – 5 кг жүгері сүрлемін немесе, 4 кг қант қызылшасын немесе, 0,9 кг зығыр күнжарасын, немесе 0,75 кг жүгері дәнін беру қажет. Яғни 1 кг жүгері сүрлемінде 0,2 азық өлемі, 1 кг қант қызылшасында - 0,26 азық өлшемі, 1 кг зығыр күнжарасында – 1,15 азық өлшемі және 1 кг жүгері дәнінде – 1,34 азық өлшемі бар.

Азықты немесе азық қоспаларының нәрлілігін бағалағанда тек қана ондағы азық өлшемінің мөлшерімен қанағаттануға болмайды. Екі түрлі азық өлшемінің мөлшері жағынан бірдей болуы мүмкін, бірақ қорытылатын протеиннің, минералдық заттар мен витаминдердің мөлшері жағынан бірдей болмайды. Сондықтан да азықтың толық бағалылығы (қүнарлылығы) бірнеше көрсеткіштер арқылы сипатталады, олар: азық өлшемі, қорытылатын протеин, кальций, фосфор және каротин мөлшері.

Азықтарға құрамында игерімді түрде қоректік заттар шоғырланған, мал денсаулығы мен өніміне зиянсыз өсімдік, жануар, микроб тектес өнімдерді, минералдық және витаминдік қосындыларды жатқызады. Мал азығына бұл азықтармен қоса синтетикалық қосындылар да пайдаланылатындықтан оларды азықтық құрал (комовые средства) деп те біріктіріп атайды.

Азық қоректілігі мен шаруашылық пайдаланымы, біріншіден, құрамының энергетикалық қуаттылығы, протеиннің биологиялык құндылығы, минералды және биологиялық пәрменді заттарға қаныққандығымен   айқындалса,   екіншіден   желінуі   мен   малға жұғымдылығы,     яғни     диетикалық     қасиеттеріне     байланысты бағаланады.

Өсімдік тектес жемшөп, мал мен үй құсының негізгі азық қорын құрайды. Көктеп тұрған кезінде олардың мал жейтін балаусасы көк азыққа (көкшөпке), шабылғаннан кейін дайындау технологиясына байланысты кептіріліп, қатайғаны – ірі, шырыны сақталғаны – шырынды, дәні – құнарлы азыққа жатқызылады. Бұл топқа өсімдік шикізатын өңдеуге негізделген өндірістің азықтық қалдықтары спирт пен сыра (ашыту) өндірісінің – барда, сыра бөртпесі,  қант өндірісінің – жом, сірне (мелясса),  крахмал өндірісінің – мезга,  ұн өндірісінің – кебек,  өсімдік май өндірісінің – күнжара мен шрот кіреді.

Пішендеме. Пішендемеге дегдітілген көкшөпті сүрлемдеу технологиясына ұқсас жолмен (шауып, дегдітіп, турап, мұқият нығыздап, тиянақты жауып) салады. Құрғақ затындағы клетчаткасы бойынша (19%-дан астам) пішендемені ірі азыққа жатқызады, бірақ сүрлемдікінен көрі де шырыны жақсы сақталып, онша қышқылданбаған (рН=5-5,5), тұщы балаусалау азықты мал қорегіндегі физиологиялық әсеріне сәйкес шырынды азыққа жатқызуды дұрыс санаймыз. Мал азығында пішендемені пішен мен сүрлем орнына жұмсауға болады.

Пішендемеге салынған азықтың сақталуын «физиологиялық құрғақтық» жағдайы деп аталатын 50-55% ылғалдылықта өсімдік торшасының ылғалұстаушы күші бактериялардың 50-52 см2/кгк-ға жететін сору күшінен басым түседі де, анаэробтық жағдайда қоректік заттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Анаэробтық герметикалық жағдайда пішендемеге салынған массада 1-1,5 м3/т көлемінде жиналатын көмірқышқыл газы сору күші 220-295 см2/кгк көгерткіш саңырауқұлақтар дамуына жол бермейді. Пішендемеге салынған массада қоректік заттар сақталуын қамтамасыз ететін осы жағдайларды орнату үшін пішендеме дайындау технологиясын қатаң сақтау қажет. Салынған пішендеме сапасының нашар болуы, көбіне, өзіндік салу технологиясын және мерзімін сақтамай, сүрлем технологиясына ұқсатып, салыну мерзімінің созылғандығымен байланысты болады.

Әдетте, ені -9-12 м, ұзындығы – шаруашылық қажеттігінше созылатын орға (траншеяға) пішендеменің тәулігіне салынатын 1 метрдей қабатын 450-500 м3/кг нығыздықпен мұқият таптап, 3,5-4 м биіктікке жеткізеді. Қысқа мерзімде мұқият тапталып, нығыз қымталып жабылған массада оттегінің таусылуынан аштық алмасу барысындағы өсімдік торшаларының тыныстануы тез арада тежеліп, пішендеме температурасы 37-38ºС аспай, ыдыраушылықтан орын алатын қоректік заттарының шығыны азаяды. Нығыз тапталмаған массада ауа (оттегі) қалып қоятындықтан, 50ºС жылулықта жақсы дамитын аэробтық термофильдік бактерияларының өсуінен пішендеме температурасы 85-90ºС дейін көтеріліп, органикалық заты, бір жағынан, көп ыдырап, екінші жағынан, қорытылуы төмендейді. Мұндай жағдайда дұрыс дайындалған пішендемемен салыстырғанда қызған пішендеме протеиннің қорытылуы – 65-70%-дан 40-45%, тіпті 10-15%-ға дейін, азотсыз  экстрактивті заттарының қорытылуы -80%-дан 50-55%-ға дейін төмендейді.

Дегдітілген шөптегі микроорганизмдер сору күшін зерттеген Вальтердің еңбектерімен танысқан А.М.Михин ылғалдылығы 60%-дан төмен пішендемеде орын алатын жағдайды сүрлемдеуден ажыратып, аутоконсервілеу деп атады. Соның арқасында сүрлемнен көрі қышқылсыз, қанты сақталған, түсі мен дәмі, физиологиялық қоректілігі балаусаға жақын, малға жұғымды құнарлы азық дайындалады. Өйткені, қоректік зат жиналуы бойынша, малға жайып жегізгендегі кезеңінен көрі өсімдікті пішендемеге салуға оңтайлы кезеңде шауып, 1 га өнімділігін арттыруға болады. Мысалы, АҚШ-та көпжылдық шөпті сиырға жайып жеткізгенде 1 гектарынан 2718,6 кг құрғақ зат жиналып – 3296,4 кг сүт, шауып жегізгенде 3012,7 кг құрғақ зат жиналып – 3336,5 кг сүт, пішендемеге салып жегізгенде 3515,1 кг құрғақ зат жиналып – 3566,1 кг сүт өндірілген [24].

Шаруашылықта пішендеме сапасын стандарт талаптарымен қатар органолептикалық көрсеткіштері бойынша да бағалау ыңғайлы. Ол үшін пішендеме түсін, иісін, өсімдік құрылымының сақталуын, көгеріп не шіріп бұзылмағандығына, бөгде заттармен ласталмағанына жете көңіл аударады.

         

3-кесте. Пішендеме сапасына 23637-79 МЕСТ талаптары

Көрсеткіш

Класы

I

II

III

Құрғақ заты, %

-бұршақ тұқымдастардыкінде

-бұршақ-астық тұқымдастардыкінде

40-55 40-60

40-55

40-60

40-55

40-60

Құрғақ затындағы: а) шикі протеин, %
-бұршақ тұқымдастардыкінде
-бұршақ-астық тұқымдастардыкінде

б)   шикі клетчатка, %

в)   жеңіл еритін көмірсулар, %

г)   каротин, кг/мг

15

13

29

55

13

11

32

40

11

9

35

30

Май қышқылы, %

 

0,1

0,2

             

Дайындалған пішендеме салмағын екі апта өткен соң жоғарыда берілген сүрлем аумағын есептеу формуласы бойынша көлемін тауып, оны 1 м3 салмағына көбейтіп есептейді. 50% ылғалды пішендеменің 1 м3 екі аптадан кейінгі салмағы, тапталу нығыздығына байланысты, бұршақ тұқымдастардан салынса – 450-550 кг, бұршақ-астық тұқымдастардан салынса – 420-450 кг тартады.

Бұршақ тұқымдастардан жоңышқадан салынған пішендеменің 1 кг-да -0,35 а.ө., 70 г қорытылатын протеин, 9 г кальций, 1,3 г фосфор, 40 мг каротин, бұршақ-астық тұқымдастардан сиыржоңышқа-сұлыдан салынған пішендеменің 1 кг-да – 0,32 а.ө., 38 г қорытылатын протеин, 4 г кальций, 1,8 г фосфор, 30 мг каротин болады.

Көк азық. Малдың табиғи қорегі болғандықтан көк азық, яғни табиғи және себілген жайылым оты не шабылып берілген балаусасы - мал организміне қажетті барлық дерлік қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарды жеңіл қорытылып, жақсы сіңірілетін түрде бойына жинаған өте құнды да кұнарлы мал азығы болып табылады.

Өсімдіктің даму кезеңіне байланысты көк азық ылғалдылығы 65-85% болады. Құрғақ затында, эр даму кезеңінде, орташа, 25% протеин, 5% май, 15% клетчатка, 10% күл боалды. Құрғақ затының энергетикалық қоректілігі бастапқы даму кезеңінде құнарлы азықтікіне жақын (1 кг 0,7-0,8 а.ө.) болады да, өсіп-дамыған сайын қатайып, құрамында клетчаткасы молайғандықтан қорытылуы қиындап, энергетикалық қуаттылығы және де басқа қоректік заттары азаяды. Мысалы, астық тұқымдастар қорегінде: масақтану кезеңінде – 23-30% клетчатка, 11-13% протеин, ал гүлдену кезеңінде – 30-33% клечатка, 10-11% протеин, ал бұршақ тұқымдастар көгінде: бүршіктену кезеңінде – 21-23% клетчатка, 19-21% протеин, гүлдену кезеңінде - 24-28% клетчатка, 16-20% протеин болады.

Ботаникалық құрамы, даму кезеңімен қатар көк азық қоректілігіне өскен жерінің топырақ құнарлылығы, ауа райы, себілген шөпті өсіру агротехникасы мен қолданылған тыңайтқыштары және басқа факторлар әсер етеді. Азотты тыңайтқыштардың көп қолданылуы азық протеиніндегі белоктан тыс азотты қосындыларды, оның ішінде организмге зиян нитраттар мен нитриттер көлемін арттыруы мүмкін.

Калий нитратына есептегендегі олардың азық құрғақ затындағы, бірқарынды малға -0,25%, күйісті малға - 0,5%, мөлшер қауіпті. Жалпы орташалап алғанда 1 кг көк азықтың жалпы қоректілігі - 0,16-0,24 а.ө. аралығында болып, астық тұқымдастар көгінде - 20-30 г, бұршақ тұқымдастардікінде - 40-50 г қорыт. Протеин, 2-5 г Са, 0,5-1,5 г Р, 30-50 мг каротин болады. Салалық стандарт талабына сәйкес қоректілігі мен сапасы бойынша көк азық үш класқа бөлінеді. Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым, органолептикалық   (күрделі   жабдықтарсыз,   адамның   сезім   органдарына негізделген) тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін, бояу, иісі дұрыс сақталу жайы айқындалады.

Пішенді бағалау үшін оның әр 25 (престелмеген болса) немесе 50 (престелген болса) тоннасынан орташа үлгісін алып түсі, бояуы, иісі, жапырақталуы, тазалығы, жүмсақтылығы және де химиялық құрамына байланысты мемлекеттік стандарт бойынша (ГОСТ-4808-75) кластарға бөледі. Осы көрсеткіштеріне сәйкес табиғи және екпе пішеннің түрлері үш класқа бөлінеді. Көк азықты бағалаудағы негізгі талаптар 4-кестеде келтірілген.

Көрсеткіштері үшінші класс талаптарына сай келмейтін пішенді кластан тыс деп табады да, азыққа пайдалану үшін арнайы өңдеуден өткізеді. Кластарға жатқызған пішендердің түсі көк, сарғыш не бурыл тартқан, иісі хош, жұпар, жақсы жапырақталған жұмсақ болуға тиіс. Қарайған, иісі бұзылған (шірік, көгерген иісті), топырақпен араласқан пішен класқа жатпайды.

Сүрлемді бағалауды да органолептикалық (түсі, иісі сақталғандығы) және химиялық (қышқылдылығы, қышқылдар ара қатынасы, қоректік көрсеткіштері) тәсілдерімен жүргізіледі.

Сонымен қатар сүрлем үлгілері мемелекеттік стандарт бойынша кластарға бөлінеді. Мысалы І-ші класты пішеннің 1 кг 0,47, П-кластыда 0,42, Ш-ші кластыда 0,36, классызында 0,28 азық өлшемі, 1-класты сүрлемнің 1 кг-да 0,18, ІІ-ші кластыда 0,42, Ш-ші кластыда 0,13, классызында 0,09. III-кластыда 0,25, классызында 0,20 азық өлшемі болады. Айталық 20 кг сүт беретін сиьірларды 1 класты пішенімен азықтандырғанда сүттің әр 1 кг-на 270 г, ІІ класты пішенмен азықтандырғанда 365г, ІП-кластыда 500 г құнарлы жем жұмсалады.

Сүрлемдегі құрғақ зат, шикі протеин, каротин, сүт қышқылы мөлшері 6-  кестеде  келтірілген көрсеткіштерден кем болмай, ал шикі күл, май қышқылы, керісінше аспауға тиіс.

 

4-кесте. Көк азық қоректілігі мен сапасына 46125-82 ССТ талаптары

 

Көкшөп түрі

Класы

Шабылған кездегі өсімдіктің даму кезеңі

Құрғақ заты

Улы

Зиян

өсімдігі, %

Көп жылдық

I

Түтіктене бастауына дейін

12

-

1

Бұршақ

астықтар

II

Масақтана бастағанда

17

0,1

3

Тұқым  шөбі

III

Масақтанып, шашақтанғанда

23

0,3

5

Көп және бір

I

Б/т* бүршіктене, ал а/т* бүршіктене бастағанда

11

 

1

Жылдық

бұршақ және

астық

II

Көпжылдық б/т бүршіктеніп, біржылдықтары гүлдей, а/т масақтана бастағанда

16

0,1

3

Тұқымдастар екпе шөбі

III

Көпжылдық б/т гүлдей, 1 -жыл. 2-3 бүршақ байланып, а/т масақтана бастағанда

22

0,3

5

Жүгері

I

Сүттеніп-балауызданғанда

17

-

3

II

Гүлденгенде

14

-

3

III

Түтіктенгенде

10

-

3

Табиғи астық тұқымдастар

I

Түтіктенгенге дейін

12

0,1

3

Жайылымы,

шабындығы

II

Масақтана бастағанда

17

0,3

5

Айқасгүлді-

лер

I

Бүршіктенгенде

8

 

1

II

Гүлдей бастағанда

11

0,1

3

III

Толық гүлдегенде

14

0,3

5

Ескеуту.

Құргақ заттың жаппай көлемі кестедегі саннан - кем болмауы. ал улы және нашар желінетіп өсімдіктерде кіретін зиянды өсімдіктердікі -аспауы керек.

Минералдың қосындының жаппай көлемі: I класс азығында - 0,1%, II класті-кінде - 0,3%, IIIкластікінде - 0,5% аспауы керек

 

Сүрлемнің орташа үлгісін осы көрсеткіштер бойынша бағалап, кластарға жатқызады. Үшінші класс талаптарына сай келмейтін сүрлемді кластан тыс деп санайды. Азықты пайдалану алдында арнайы өңдеуден өткізеді

Қ. Медеубеков, Т. Сарбасов  [25] деректерінде малды  азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты - шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап, оны толық қамтамасыз ететін жемшөп мөлшерін белгілеу. Организм кажеттілігі арнайы нормалық көрсетіштерге сәйкес қамтамасыз етілсе, мұндай     азықтандыруды     нормалап азықтандыру деп атайды. Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы кұрастырылады. Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім өндіруге қоректік заттар қажеттілігі мұқият ескерілуі керек. Қажеттілік мөлшерден көп не аз берілген болса зиян. Жемшөп нормадан аз берілсе, ол мал денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да төлдің өсіп жетілуі тежеледі, сақа малдың өнімділігі азаяды. Керісінше, нормадан көп берілсе шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылымы төмендеп, олар толық  игерілмей пайдасыз шығындалады.

5–кесте. Көк азыққа қойылатын негізгі талаптар

 

Көк азық түрі

класы

Шабылған кезеңі

Құрғақ   заты,

%

Улы өсімдіктер %

Зиянды       және нашар желінетін өсімдіктер %

Себілген

азықтұқымдастар   көгі (жүгеріден басқа)

I

Түтікшелене бастағанға дейін

12

-

1

II

Масақтана бастағанда

17

0,1

3

III

Толық масақтанғанда

23

0,3

5

Себілген бұршақ және астық

тұқымдастарының аралас көгі

I

Бұршақ түқымдастарының бүршіктене, астық

тұқымдастарының түтік-шелене бастағанына дейін

11

-

1

II

Бұршақ тұқымдастарының гүлденген, астық тұқымдастарының масақтана бастаған кезінде

16

0,1

3

III

Бұршақ тұқымдастарының гүлденген, астық тұқымдас-тарының масақтанған кезінде

22

0,3

5

Жүгері

I

Дәннің сүттілік

толықтығында (піскенінде)

17

-

3

II

Гүлдегенде

14

-

3

III

Түтікшеленгенде

10

-

3

Табиғи   шабындық пен жайылымның         астық тұқымдастары

I

Түтікшелене      бастағанға дейін

12

0,1

3

II

Масақтана бастағанда

17

0,3

5

Кресгүлділер көгі

I

Бүршіктелгенде

8

-

1

II

Гүлдене бастағанда

11

0,1

3

III

Толық гүлденгенде

14

0,3

5

 

 

6-кесте.  Пішеннің сапасын бағалау

 

 

 

Көрсеткіштер

 

 

 

 

Пішен түрі

себілген

бұршақ

тұқымдастар

себілген

астық

тұқымдастар

аралас

бұршақ-

астық

тұқымдастар

табиғи шабындықтар

пішен кластары

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

Бұршақ тұқымдастар

90

75

60

 

 

 

50

30

20

 

 

 

Астық және бұршақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

тұқымдастар, %

-

-

-

80

75

60

-

-

-

80

60

40

ылғалдылығы, %

17

17

17

17

17

17

17

17

17

17

11

17

Шикі протеин, %

14

10

8

10

8

6

11

9

7

9

7

5

Каротин, кг/мг

30

20

15

20

15

10

25

20

15

20

15

10

Клетчатка, %

27

29

31

28

30

33

27

29

32

2

30

33

Минералды қосындылар, %

0,3

0,5

1,0

0,3

0,5

1,0

0,3

0,5

1,0

0,3

0,5

1,0

Улы   және   зиянды

өсімдіктер, %

-

-

-

-

-

-

-

-

-

0,5

0,1

1,0

 

Азықтандыру нормалары – малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген организм мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және де өнімділігі өскен сайын оны өңдеуге жұмсалатын энергия мен қоректік заттар деңгейі ұлғаяды.

Қазіргі кезде азықтандыру нормаларында малдың тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті және де өнім түзілуіне керек қоректік заттар мөлшері біріктіріліп жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі.

Мал организмінің мұқтаждығы оның күнделікті тіршілікке және өнімге қажет энергия, қоректік және биологиялық әсерлі заттар мөлшерімен белгіленеді. Азықпен сыртқы ортадан организмге енген осы заттар арқылы зат алмасу барысында ыдыраған қосындылар жаңаланып, өсу, өну, жетілу, өнім беруге қажетті жаңа қосындылар түзіліп, зат алмасуының бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді катаболизм мен анаболизм процестерін туғызады.

Тіршілікті қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар мөлшерін абсолюттік тынығу кезіндегі организмді ашықтыру арқылы анықтайды. Еш жұмыс істемей (өнім өндірмей) тынығу үстіндегі организмнің қажетті қан айналымын, тыныс алуын және басқа алмасу мұқтаждығын қалыпты сақтау үшін жұмсалады. Ол орта өнімді малдың жалпы энергия шығынының 40-50 процентін   қамтиды.   Осы   шығын   деңгейі   неғұрлым   азайса,   соғұрлым организмдегі жалпы энергияның өнім өндіруге жұмсалатын деңгейі ұлғаяды.

Өнім      өндіруге      қажетті      эвгіргетикалық     мұқтаждықты      алмасу энергиясының оны өндіруге физиологиялық процестерге шығындалған және    өніммен бірге шыққан деңгейімен белгілейді. Өніммен шыққан энергия мөлшерін тікелей калориметриялық бомбада жағу арқылы немесе жанама есептеу жолдарымен анықтайды.

Сонымен қазіргі кездегі мал азықтандыру нормаларын мал организмінің  физиологиясымен ғана емес, сонымен қатар оларды қоршаған сыртқы орта жағдайларымен ұштастыра отырып анықталған мұқтаждық көрсеткіштері деп қарауымыз керек.

Шаруашылықтағы малды азықтандыру тиімділігі - шығындалған азыққа алынған өнім мөлшерімен есептеледі. Неғұрлым аз азық жұмсалып көп өнім алынса, қоректендіру дұрыс ұйымдастырылған болып саналады.

Г.А. Богданов [26] ізденістер жүргізген басқа да ғалымдардың азықтандыруға байланысты зерттеулері, азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын азықтандыру тиімділігінің төмендейтінін көрсетті. Айталық, сиыр сүттілігі жоғарылаған сайын оның бірлігіне жұмсалатын азық шығыны кеми түседі. Профессор А.П. Калашников [27] көп жылдық зат және энергия алмасуын зерттеуге арналған тәжірибелерінің негізінде мұны азықты игеру тиімділігінің жоғарылау заңдылығы тұрғысынан түсіндіреді. Арнайы қойылған респираторлық тәжірибелерде ірі қара қоректену деңгейі өскен сайын көміртек пен энергияның метанмен, көміртектің зәрмен және тыныспен шығарылатын үлесі азайып, рациондағы көміртегінің игерілуі жоғарылайтынын көрсетті.

7-кесте деректерінен барлық жастағы малдың өнімділігі өскен сайын жылу өнімділігінің азаятынын байқаймыз. Сондықтан азықтандыру деңгейі өскен сайын қоректік заттар мен энергияның организмдегі зат алмасу барысындағы шығындары азайып, азық игерілімі мен мал өнімділігі артады деген тұжырымға келеміз.

Азықтық нормаларда келтірілген малдың жалпы энергия мұқтаждығы оның тіршілік процестерін қамтамасыз етуге және өнім өндірілу деңгейіне қарай өзгереді.

Тіршілікті қамтамасыз ететін энергия мөлшері малдың тірілей салмағына байланысты. Салмақ ауырлаған сайын ондағы тіршілік барысын қамтамасыз етуге жұмсалатын энергия шығыны да ұлғаяды. Мысалы, сақайған орта қоңдылықтағы сиырдың тірілей салмағы 300 кг болса, оның тіршілігін қамтамасыз ету үшін 3,2 азық өлшемі, яғни 36 МДж алмасу энергиясы, 600 кг болса 5,5 азық өлшемі, яғни 63 МДж алмасу энергиясы қажет.

7-кесте. Рацион игерілген затының 1 килограмына өндірілген жылудың мал өнімділігімен байланысты өзгеруі

 

Байланған энергия,ккал

Мал жасы, ай

6 - ға дейін

6-12

12-18

18-24

24-30

500-ге деиін

-

4156

-

4166

4160

501-1000

3436

-

3971

3983

-

1001-1500

3432

-

-

3852

-

1501-2000

3110

-

3723

3716

3840

2001-2500

3199

-

-

3697

-

2501-3000

2665

3356

-

-

-

3001-3500

-

-

3229

-

3532

3501-4000

-

-

3294

-

3299

4001-4500

-

3028

3161

3317

3242

4501-5000

-

2839

-

3197

-

5001-5500

-

2832

3039

3096

-

5501-6000

-

2679

-

3079

3244

6001-6500

-

2417

2984

2871

3066

6501-7000

-

-

2569

2814

-

7001-8000

-

-

2569

-

-

9001-10000

-

-

2298

-

-

 

Әр килограмм сүт өндіруге шамамен 0,5 азық өлшемі, яғни 5,7 МДж алмасу энергиясы қажет. Тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім өндіруге қажет өлшемі не алмасу энергияның қосындысын есептегенде, мал басының жалпы энергетикалық мұқтаждығы анықталады. Желінген азық пен суды мал өз денесінің жылылығына дейін жеткізуге энергия жұмсайды. Өсіп-жетілуі әлі тоқтамаған жас құнажынға тіршілігін және өнімділігін қамтамасыз етумен қоса өзінің өсуіне әр 1 кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, ягни 57 МДж алмасу энергиясы қажет [28].

Рацион құрастырудың негіздері. Малды азықтандыру рационы деп белгілі нормаға негізделіп құрастырылған жемшөп мөлшерін айтады. Рационға енетін жекелеген азықтар мен азықтар тобының көлемі мен ара-қатынасы физиологиялық және малдәрігерлік ережелерге сәйкес, мал түлігінің ас қорыту ерекшеліктерін ескеріп, қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз ететіндей құрастырылады.

Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем-шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен жемшөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтардың аздығынан ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рациондағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа да қоректік заттардың қорытылуын нашарлатады.

Түрлі азықтар мен азықтық топтардың жалпы қоректілігі бойынша алынған проценттік арақатынасын рационның кұрылымы дейді. Шаруашылықтағы малды азықтандыру типі рацион құрылымындағы басым азық түріне байланысты аталады.  Ол қалыптасқан жемшөп  қорына, осы өңірде кең тараған азықтық дақылдарға, оларды мал азығына пайдалану тиімділігіне байланысты болады.

Еліміздің әр табиғи - экономикалық өңірінде ғылыми-зерттеу орталықтары әр мал түріне және жыныстық, жастық, өндірістік топтарына арналған типтік рациондар ұсынады. Азықтандыру нормаларына қарай малдың жалпы энергетикалық (азық өлшемі, алмасу энергиясы бойынша) мұқтаждығын анықтап, оны қамтамасыз ететін рационның азық мөлшерін белгілейді. Содан кейін малға берілетін азық мөлшерін нормадағы құрғақ зат мөлшеріне сәйкестендіреді. Құрғақ зат мөлшері бойынша рацион аумағын ондағы азықтың толық желінетінін яғни малдың ас қорыту жолдарына сиятынын бақылайды.

Әдетте рацион құрғақ затының көлемі, жемшөптің желінуі «шикі» клетчатка деңгейімен реттестіріледі.

Барлық көрсеткіштері нормалық талаптарға сәйкес құрастырылған рациондарда толық бағалы немесе құнарлы деп атайды. Көрсеткіштері нормаға сәйкес келмеген жағдайда рационға оларды толықтыратын қосындылар қосады. Олай болмаған жағдайда төл өсуі тежеліп, мал басы түрлі ауруға шалдыққыш келіп, өнімділігінің төмендеуіне соқтырады. Сондықтан малды азықтандыру деңгейін, рацион құрамының азықтандыру нормасына сәйкестігін қадағалап отыру керек. Оны азық құрамын қоректілігін, сапалылығын, мал өнімділігін, өнім сапасын, өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығынын, малдың сыртқы түрін, жүріс-тұрысын, көңіл-күйін, тәбетін, тезек қалпын бақылап байқап қанын, зәрін, сүтін, өнімін зерттеу арқылы іске асырады.

Рационның минералдық және витаминдік қоректілігін минералды элементтердің  және  каротин  мен  жекелеген  витаминдердің  қанда,   сүтте, жұмыртқада,   жүнде,   жеке   мүшелерде   шоғырлануымен   де   бақылайды [29].

Минералдық тыңайтқыштар көп қолданылған жердің азығын пайдаланғанда малды нитраттар мен нитриттердің зиянды әсерінен сақтандыру қажет. Олармен уланудың бастапқы белгілерін қан мен сүттің құрамындағы каротин және А витаминінің азайып, метгемоглобин ұлғаюынан байқауға болады.

Дайындалған көлемді азықтың сапасына баға беру жұмыстары әрбір шаруашылықта екі рет - малды қолда ұстап бағуға көшірерде және қыстың екінші жартысында жүргізіледі. Алынған мәліметтер негізінде бұл азықтар малдың жеке түрлері мен топтарына бекітіліп беріледі. Жемшөп сапасына баға беруді бәрінен де шаруашылық лабораториясында, егер ол болмаған күнде аудандық мал дәрігерлік немесе агрохимиялық лабораторияда жүргізген жөн. Мұның бәрі де болмаған жағдайда оны шаруашылық мамандары - зоотехник, мал дәрігері, агроном бірлесе отырып органолептикалық жолмен бағалайды.

Органолептикалық әдіспен баға беру маяларды, көделерді, тең штабельдерін  сақтайтын сарайларды, жаппаларды, шөп жинайтын орындарды қараудан басталады. Мұның себебі, барлық шөпті аралап көрген соң оның сақталуы және басқа көрсеткіштері жөнінде, оның үстіне жемшөптің тек үлгілерін тексеріп көргендегіден әлдеқайда мол әсер қалады. Көлемді жемшөпті (барлық жемшөппен оның үлгілерін) күндіз жарықта қарау керек. Жағымсыз исіне, көгеріп, шіри бастағанына қарай шаруашылықтағы көлемді жемшөптін  жалпы жайына, сақталуына алдын ала баға беруге болады.

ІІІөп сапасын бағалау. Қолда бар жазбаларға қарап, шөптің қай учаскеден шабылғаны анықталады. Бұл шөптің ботаникалық есебін, шабу кезіндегі даму фазасын, әр учаскеге қарай оны дайындаудың технологиясын білуге көмектеседі. Мұнсыз белгілі - бір көдені, мияны, штабельді т.б. малдың қай түріне және тобына жатқызуға мүмкіндік жоқ [30].

Шөп сапасына баға мынадай белгілері ескеріліп, балл бойынша қойылады: түсі, иісі, зиянды, улы, құнарсыз, шөптерінің болуы, ботаникалық құрамы жөнінен жеуге жарамдылығы, жұмсақтығы, былғаныштығы, ылғалы және каротині барлығы, құрғақ заты, құнарлығы және класы.

Шөптің химиялық құрамы кей жағдайда оның қоректілігін немесе
қанағаттанарлық белгілерін анықтайды. Соған қарамастан қанағаттанарлықсыз химиялық құрам жағдайында да класты да зоотехникалық   баға   бергенде   онша   қанағаттанарлық болып шықпауы мүмкін. Көрсеткіштер жинақталып, белгі жиынтығы бойынша баға балы қойылады.

 

3.2 Ұсақ малдардың  кетоз ауруын емдеу жолдары

 

Кетоз ауруына шалдыққан ұсақ малдарды емдеу барысында  (токсемия, кетонурия) - буаз қойлардың ағзаларымен ткань талшықтарында, сүйек қаңқасында,  қан жүргізу және несеп шығару жүйелерінде кетондық денелердің көбейіп, бауыр және т.б. органдарында  тереңдетілген дистрофикалық өзгерістерге ұшырағанын  және нерв жүйесінің қабынғаны байқалды.

Бұл ауруға әсіресе көп туатын жоғары өнім беретін  төлдеуіне 10-20 күн  қалған буаз  саулықтар шалдығуда.   Мал өлімі және шаруашылыққа келтіретін шығын 70-100% құрайды. Ауру көбіне қыс-көктем мезгілдерінде мал рационында пішен, концентратты азықтардың (протеиндер) және жайылымдарда  құнарлы жемшөптердің жетіспеуінен туындайды [31].  

Аурудың негізгі белгілері. Ауру малдың азыққа тәбеті төмендеп, денесі босаңсып және қимыл әрекеті  бәсеңдеген. Аурудың етек алып дамуына байланысты  нерв жүйелерінің жұқарып малдың іс-қимыл координациясы өзгерген  құлағы, аяқ бұлшық еттері   фибриллярлық қозғалысқа ұшыраған, бұлшық ет тонусы бәсеңдеген, эпилептикалық ұстамасы басталған, тісін қайрау,  қөз жанарында өзгерісіз  жартылай немесе толығымен соқырлық пайда болған.

Малдың  күйіс қайтаруы  азайып, кейде  мүлдем тоқтатылған,  қарынында атония белгілері пайда болған   (5 минутта  1-2 рет қимылдау), ішек қимылы бәсеңдеп, малда іш қату процесі басталған.

Көз конъюнктивасы, ауыз қуысының кілегей қабықшалары аурудың басталуында анемиялықтан  кейін, сарғыш түске ауысқан. Дене температурасы аурудың басында бір қалыпты, ал дене құрысқан кезде шамалы көтерілген. Ауру малдың  тыныс алуы төмен, аритмикалық  жылдамдығы   минутына 100 рет соғады. Демалуы жоғары әрі жылдам. Зәр шығарыуы жиіленген.

Емдеу. Ауруға бейім саулықтарды  арнайы диетаға өткізіп, яғни  толыққанды құнарлы әсіресе белоктармен, витаминдер, минералды тұздар, жеңіл қорытылатын көмірсутегілерге   байытылған  рационмен қамтамасыз етілді. Концентраттардан басқа белоктың орнын толтыру үшін ауру саулықтарға  күніне 1-1,5 литрге дейін жаңа сауылған  сиырдың сүті  және қышқылды-сілтілі ортаны теңестіру үшін – 20-30 г ас содасы берілді.

 

8-кесте. Ауруға  бейім және ауруға шалдыққан саулықтарды емдеу   кестесі

 

Көрсеткіш

Саулықтар

Тәжірибедегі топ

Бақылаудағы топ

20%-дық  глюкоза ертіндісін, мл

20

20

1%-дық  гипосульфит натрии  ертіндісін, мл

80

80

Екеуін араластырып күре тамыр арқылы 100 мл көлемде егілді

Азықтық бірлік, кг

1,38

0,8

Қорытылатын  протеин, г

140

0,5

Энергия алмасуы, МДж

15,7

0,16

ЭКЕ

1,5

0,5

Шикі  протеин, г

167

0,75

Құрғақ заттар, кг

1,78

0,82

Кальций, г

7,6

0,06

Фосфор, г

5,8

0,08

Лимонқышқыл тұзы, г

15

15

 

Көміртегі тапшылығын, зат алмасуын реттеу үшін ауру саулықтарға  энергетикалық материал ретінде қант  берілді.

Біздің тәжріибеміз  бойынша саулықтарды екі топқа бөлінді:  тәжірибелік және бақылау топтары.

Тәжірибедегі топтың азықтық рационын құнарландырып яғни витаминдермен минералдар және протеинге  байытып, қосымша дәрілер егілді. Ал бақылаудағы топқа азық рационын өзгертпей тек егу шаралары жүргізілді.

8-кестеде көрсетілгендей күре тамыр ішінен 20 мл  20%-дық  глюкоза ертіндісіне, 80 мл 1%-дық  гипосульфит натрии  ертіндісін  қосып 100 мл дозада саулықтарға   егілді, тәжірибедегі топтың рацион құрамы:  азықтық бірлік - 1,38кг  сәйкестелді, қорытылатын  протеин-140 г мөлшерінде,  азықтың  энергия алмасуы МДж-15,7, ЭКЕ-1,5, арақатынасы, шикі  протеин-167г мөлшерінде, құрғақ заттар көлемі- 1,78кг, кальций – 7,6 г,  фосфор-5,8г лимонқышқыл тұзы 15г дейін жеткізілді.

Ал бақылаудағы топқа күре тамыр ішінен 20 мл  20%-дық  глюкоза ертіндісіне, 80 мл 1%-дық  гипосульфит натрии  ертіндісін  қосып 100 мл дозада саулықтарға   егілді,тәжірибедегі топтың рацион құрамы:  азықтық бірлік- 0,8кг сәйкестелді, қорытылатын  протеин-0,05 г мөлшерінде,  азықтың  энергия алмасуы МДж -0,16, ЭКЕ 0,5, арақатынасы, шикі  протеин -075 мөлшерінде, құрғақ заттар көлемі 0,82кг, кальций– 0,06 г, фосфор-0,08 лимонқышқыл тұзы 15 г  сәйкестелді.

Жүргізілген зерттеулерді қорыта келе шаруашылықта тәжірибедегі топпен бақылаудағы топты салыстыра отырып тәжірибедегі топтың ертерек айыққаны байқалды, бақылаудағы топтың дәрі-дәрмектерді тәжірибедегі топпен бірдей қабылдағанымен азықтану рационы өзгерісіз болғандықтан емдеу оң нәтижесін бермеді. Сондықтан дәрі-дәрмектер құны шаруашылыққа едәуір шығын келтірді. Осы жағдайларға сүйене отырып  ауруды емдегеннен алдын-алу тиімді екені байқалды.

 

3.3 Аурудың  алдын-алу іс-шаралары  

 

Алғашқы кетоз белгілері жайылым және қыс мезгілдерінде малдардың азыктану рационының  құнарсыз  құрастырылуынан пайда болады.  Соның нәтижесінен зат алмасу барысында белоктар, майлар, көмірсулар сияқты элементтердің ыдырамауынан  кең көлемде әртүрлі ауытқулар пайда болады.     Мал рационында  жеңіл қорытылатын көміртегілер жетіспегендіктен қарында тез еритін майлы қышқылдары деңгейі көбейіп олардың арақатынасы өзгереді:  май қышқылдарының концентрациясы жоғарылайды(әсіресе, қоректенген азықтың құрамында)  және пропион және сірке қышқылдарының көлемі азаяды.

Төменде буаз қойлардың  толық қоректілік  рациондық азықтандыру көрсеткішітері келтірілген. 

Зерттеулер қойлардың буаздығының бірінші жартысындағы рацион құрамында қорытылған протеин, энергия алмасуы,  шикі протеин, құрғақ заттар, фосфора, кальция.  Азықтандыру рационына  комбикорм және әртүрлі пішендер кіреді.  

 

9-кесте. Қойлардың буаздығының  бірінші жартысында  аурудың алдын алу  іс-шаралары бойынша толыққанды   рациондық азықтандыру кестесі

 

Көрсеткіш

Саулықтар

Тәжірибедегі топ

 Бақылаудағы топ

Әртүрлі пішен, кг

1,30

1,22

Комбикорм, кг

0,200

0,300

 Рацион құрамы:

Азықтық бірлік, кг

1,37

1,35

Қорытылатын  протеин, г

110

120

Энергия алмасуы, МДж

11,2

12,5

ЭКЕ

1,22

1,32

Шикі  протеин, г

140

155

Құрғақ заттар, кг

1,4

1,55

Кальций, г

6,0

0,3

Фосфор, г

8,0

0,4

 

Кестеде азықтық   құрамынның арақатынасы  0,200 кг комбикормға  – 1,30 кг әртүрлі пішен  араластырылды, азықтық бірлік – 1,37 сәйкестелді, қорыты-латын  протеин – 110 г мөлшерінде,  азықтың  энергия алмасуы 11,2 МДж, ЭКЕ – 1,22, арақатынасы, шикі  протеин 140 мөлшерінде, құрғақ заттар көлемі 1,4, кальций – 6,0 г, фосфор -8,0г құрады.

Кестеде берілген мәліметтің көрсеткіштері  буаз қойлардың кетоз ауруын алдын алу мақсатында түзілді, яғни олардың қоңдылығын көтеріп ауруға қарсы тұру пәрменін көтеру барысында, қойлардың буаздығының  екінші  жартысындағы рацион құрамына  қорытылатын протеиндер,   шикі протеиндер, құрғақ заттар, фосфор, кальций, комбикорм және әртүрлі пішендер кіреді. 

10-кесте деректері бойынша, азықтық құрамынның арақатынасы  0,300 кг комбикормға  – 1,60 кг  әртүрлі пішен  араластырылды, азықтық бірлік- 1,38 сәйкестелді, қорытылатын  протеин-140 г мөлшерінде,  азықтың  энергия алмасуы МДж15,7, ЭКЕ1,5, арақатынасы, шикі  протеин167 мөлшерінде, құрғақ заттар көлемі 1,78, кальций – 7,6 г, фосфор-5,8г сәйкестелді.

Кестеде берілген мәліметтік  көрсеткіштері  буаз қойлардың кетоз ауруын алдын алу мақсатында түзілді, яғни олардың қоңдылығын көтеріп ауруға қарсы тұру пәрменін көтеру. Қойлардың буаздығының  екінші  жартысында қыс ауасында күннің ызғарына байланысты жоғары калориялы азықтармен құнарланырылды. Мал буаздығының екінші жарытысында  қыс ауасына байланысты  қойлардың азығына көбірек майлар, белок және углеводтар қосылды, осыған орай өзінің қалыпты температурасын ұстап тұруға МДж энергиясыныңда мөлшері артты. Жалпы алғанда малдар буаздықтың екінші жартысында  толықанды рациондағы азықпен қоректенді. 

10-кесте. Қойлардың буаздығының  екінші  жартысында  аурудың алдын-алу  іс-шаралары бойынша толыққанды   рациондық азықтандыру кестесі

 

Көрсеткіш

Саулықтар

Тәжірибедегі топ

Бақылаудағы топ

Әртүрлі пішен, кг

1,60

1,74

Комбикорм, кг

0,300

0,300

Рацион құрамы:

Азықтық бірлік, кг

1,38

1,42

Қорытылатын  протеин, г

140

141

Энергия алмасуы, МДж

15,7

16,1

ЭКЕ

1,5

1,5

Шикі  протеин, г

167

175

Құрғақ заттар, кг

1,78

1,82

Кальций, г

0,76

7,6

Фосфор, г

0,58

5,8

 

11-кесте. Буаз аналықтардың қабылдаған азықтарының құнары

 

Азық түрлері

1 кг азықтың құрамы

азықтық бірлік, кг

энергия алмасуы, МДж

қорытылған протеина, г

шикі протеин, г

құрғақ зат, г

каль

ции, г

фос-фор, г

Әртүрлі пішен

0,37

7,2

28,5

67,2

912

5,5

1,2

Арпа жармасы

1,19

10,8

90,1

125,1

860

1,5

2,9

Жүгері собығымен

0,60

5,8

47,2

80

639

1,6

2,1

Көк жоңышқа ұнтағы

0,67

7,9

100,1

118,7

826

8,0

2,0

 

11-кестеде буаз аналықтардың қоректенген азықтарының тізімі көрсетілген, яғни 1 кг азықтық бірлікте, энергияның  алмасуы, қорытылатын  протеин,  ЭКЕ арақатынасы, шикі  протеин, құрғақ заттар, кальции және  фосфордың қөрсеткіштері.Азықтық бірліктің ең жоғарғы көрсеткіші арпа  жармасында -1,19 кг, төменгі көрсеткіш 0,37 кг әртүрлі пішеннің үлесінде.  Барлық жоғарыда көрсетілген компоненттердің ішінде ең жоғарғы көрсеткіш ячмень жармасында болды, яғни энергия алмасуы 10,8 МДж сәйкестелді, қорытылатын  протеин  көрскеткіші 90,1г, шикі протеин 125,1 г құрғақ зат 860г, шөп  ұнтағында Са – 1,5 г, Р -  2,9 г  құрады, көк жоңышқа ұнтағы арпа жармасымен,  қорытылған   протеин  құрамымен салыстырғанда 100,1г құрады.

Құрғақ заттардың ең жоғарғы көрсеткіштері  әртүрлі пішенде - 912г болды. Жүгері собығында шикі протеин үлесі 80г, ал қорытылған протеин 47,2 г құнарлығы жеткілікті екенін көрсетті. 

Бұл кестеде азық дайындау барысында көрсетілген нақты әрі пайдалы ақпараттар есебі, яғни липидтер, белок құрамалары  және минералдар мал буаздығының екінші жарытысында  қажетті қорек  екенін көрсетті. 

 

12-кесте. Буаз аналықтарды азықтандырудағы  құрама жем рецепті

 

Азықтың компонентері

Рецепт, % салмағы бойынша

Жарылған арпа

50,0

Жүгері собығымен

25,0

Көк жоңышқа ұнтағы

25,0

Барлығы:

100,0

 

12-кестеде буаз аналықтарды азықтандырудағы  құрама жем рецептінің бөлінген салмақтары бойынша жарылған арпа, жүгері собығымен, көк жоңышқа ұнтағымен толық есептеліп көрсетілген. 50% арпа жармасының салмағына, жүгері собығының 25%, көк жоңышқа ұнтағымен сәйкестелді. Протеинді–углеводтардан тұратын арпа жармасының мөлшерін көбейту  буаз малдарды азықтандыруда негізгі қорек болып табылады.  

Аналықтардың туғаннан кейінгі   толыққанды азықтандырудағы рациондары   өзгермеді. Малдар  әртүрлі пішендер және  комбикормдармен қоректенді.  13-кестеде, азықтық   құрамынның арақатынасы  0,350 кг комбикормға  – 0,350 кг  әртүрлі пішен  араластырылды, азықтық бірлік- 1,41 сәйкестелді, қорытылатын  протеин-117 г мөлшерінде,  азықтың  энергия алмасуы МДж17,7, ЭКЕ1,58, арақатынасы, шикі  протеин141 мөлшерінде, құрғақ заттар көлемі 1,68, кальций – 7,2 г, фосфор-4,9 г сәйкестелді.

Қойларды құнарлы  азықтандыру барысында  әртүрлі пішендерді  қабылдау көрсеткіштері жоғары, яғни қоректелген азықтың құрамында мал ағзасының микрофлорасын жақсартып, Е,К және В дәрумендер көрсеткіштерін  байытты, белокты-минералды құрама жемдер,  құнарлы азықтар, яғни туған малдардың сүттілігін арттырды. Энергия алмасу көрсеткіштеріде сүт айналымына байланысты  жоғарылады.

 

13-кесте. Аналықтардың туғаннан кейінгі толыққанды азықтандырудағы рациондары 

 

 

Көрсеткіш

Саулықтар

Тәжірибедегі топ

Бақылаудағы топ

Әртүрлі пішен, кг

2,75

2,65

Комбикорм, кг

0,350

0,350

Рацион құрамы:

Азықтық бірлік, кг

1,41

1,40

Қорытылатын  протеин, г

117

116

Энергия алмасуы, МДж

17,7

18,3

ЭКЕ

1,58

1,71

Шикі  протеин, г

141

150

Құрғақ заттар, кг

1,68

1,69

Кальций, г

7,2

7,0

Фосфор, г

4,9

4,6

 

Буаз саулықтардың азықтандыру мөлшерін қатаң түрде сақтау, серуендетуді  ұйымдастыру, диспансеризацияны  уақытылы жүргізу, ауруды болдырмауға үлкен септігін тигізді.   

Шаруашылықта  азық сапасына малды қағып-бағу жағдайына аса көңіл аударылды.  Рациондар толыққанды құнарлы әсіресе белоктармен, витаминдер, минералды тұздар, жеңіл қорытылатын көмірсутегілерге   байытылды. 

Әсіресе буаз саулықтардың  рационнында жалпы ірі азықтардың ішінде  60%-ға дейін  жақсы пішен, май қышқылдарысыз жоғары сапалы силос, қышықылдығы төмен комбикорм қостырылда.

Минералдық заттар есебінен саулықтарға  ас тұзын, мел,  обесфторланған  фосфат, сүйек ұны және т.б. жемге араластырылды. Жайылымда жүрген малдарды қашарда  қамап  күтіп-бағу ұсынылды.

Оңтүстік өңірі мал азығы қорларының биологиялық толық құндылығы. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді молайтып, оларды қоректік заттармен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін азық құрамындағы протеиннің биологиялық толық құндылығын  анықтауды қажет етеді. Мал азықтарының  құрамындағы протеиннің және оның аминқышқылдық мөлшері өсімдіктің түріне, өсу мерзіміне (фазасына), өскен ортасының топырақ  ауа-райы  жағдайларына, дайындау технологиясына, сақтау жаағдайларына байланысты болады. Мысалы, екпе дақылдар мен табиғи шөптердің протеиндік, амин қышқылдық көрсеткіштері өзгеше болатыны анықталды.

Протеин құрамындағы амин қышқылдарының ең көп мөлшері жоңышқа, эспарцет, жайылым отында, астық тұқымдас өсімдіктерден қара бидай, сұлы, еркекшөп көгінде мол болатыны анықталды. Жайылым оты мен эспарцет протеині гистидинге бай екенін көруге болады. Сондай-ақ көрсетілген азық түрлерінде лизин мол екені  анықталды.

Жүгері протеиннің құрамында аргинин мол. Жайылым оты, сұлы, бұршақ, эспарцет, жоңышқа протеині  треонинге бай.

Сұлы, жайылым көк шөбі, жоңышқада изолейцин  мен лейциннің мол болатыны анықталды. Жүгері сүрлемінде протеиннің аз болатыны белгілі. Сондықтан оны байыту үшін жақсы сүрленетін шөп түрлерімен қоса сүрлеген жөн.

Мал азығы құрамындағы протеиннің мөлшері мен сапасын сақтау үшін пішендеме (сенаж) дайындаған дұрыс. Егер пішен дайындағанда оның шөп құрамындағы қоректік заттардың 30-35%-на дейін төмендесе, пішендемеде бұл көрсеткіш небәрі 13-17%-дан аспайды.

Мал азығы түрлерінің ішінде протеинге байы астық және бұршақ тұқымдастар дәні болып есептеледі. Дегенмен протеин сапасы жөнінен олар  көк шөпке жетпейді. Мысалы, сұлы мен бұршақ протеині құрамында көк шөпке қарағанда треонин, валин, метионин, изолейцин, лейцин, фенилалалин мөлшері аз.  Көптеген мал рациондарын амин қышқылдарымен байыту үшін жмых және шрот қолданылады.

Саны және сапасы бойынша протеинге жануар тектес азықтар бай екені белгілі. өсіп келе жатқан  төл үшін сүт құрамының амин қышқылдық мөлшері ең тиімді деп есептеледі.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Алғашқы кетоз белгілері жайылым және қыс мезгілдерінде малдардың азыктану рационының  құнарсыз  құрастырылуынан пайда болған.  Соның нәтижесінен зат алмасу барысында белоктар, майлар, көмірсулар сияқты элементтердің ыдырамауынан  кең көлемде әртүрлі ауытқулар пайда болады.     Мал рационында  жеңіл қорытылатын көміртегілер жетіспегендіктен қарында тез еритін майлы қышқылдары деңгейі көбейіп олардың арақатынасы өзгереді:  май қышқылдарының концентрациясы жоғарылады(әсіресе, қоректенген азықтың құрамында)  және пропион және сірке қышқылдарының көлемі азайған.

2. Ауырған саулықтарға күре тамыр арқылы  20 мл  20%-дық  глюкоза ертіндісіне, 80 мл 1%-дық  гипосульфит натри ертіндісін  қосып 100 мл дозада с   егілді,тәжірибедегі топтың рацион құрамы:  азықтық бірлік- 1,38 сәйкестелді, қорытылатын  протеин-140 г мөлшерінде,  азықтың  энергия алмасуы МДж15,7, ЭКЕ1,5, арақатынасы, шикі  протеин-0,75 мөлшерінде, құрғақ заттар көлемі 0,82, кальции – 0,06 г, фосфор-0,08г лимонқышқыл тұзы 15г дейін жеткізілді.

3. Тәжірибедегі топпен бақылаудағы топты салыстыра отырып тәжірибедегі топтың ертерек айыққаны байқалды, бақылаудағы топтың дәрі-дәрмектерді тәжірибедегі топпен бірдей қабылдағанымен азықтану рационы өзгерісіз болғандықтан емдеу оң нәтижесін бермеді. Сондықтан дәрі-дәрмектер құны шаруашылыққа едәуір шығын келтірді. Осы жағдайларға ескере  отырып  ауруды емдегеннен алдын-алу тиімді екені байқалды.

4. Малдарды үздіксіз диспансеризациядан өткізіп, кетоз ауруының субклиникалық формасын анықтап, дер кезінде емдеу-профилактикалық іс-шараларын  жүргізіп ағзада зат алмасудың бұзылуын алдын-алу қажет.  Малдар қажетсіз семіріп,   кетозға, остеодистрофияға және төлдегеннен  кейінгі гипокальциемияға, гипомагнемия, кариес  және де көптеген патологиялық өзгерістерге шалдықпас  бұрын толыққанды рациональды қоректендіру  ұсынылады.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Щербаков Г.Г. КоробовА.В. Практикум по внутренним незаразным болезням. -2003г.

2. Шарабрин И.Г., Аликаев В.А., Замарин Л.Г. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных. - М.: Агропромиздат, 1985. 

3. Анохин Б.М., Данилевский В.М., Замарин Л.Г. и др. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных. - М.: Агропромиздат,1991.

4. Ионов П.С., Кабыш А.А., Тарасов И.И. Внутренние незаразные болезни крупного рогатого скота. - М.: Агропромиздат, 1985. 

5. Краснов И.П., Митюшин В.В. Практикум по внутренним незаразным болезням сельскохозяйственных животных. - М.: Колос, 1980. 

6. Павлов М.Е., Мерзленко Р.А., Методические указания по выполнению истории болезни по внутренним болезням животных. - Белгород, 1996. 

7. Тарасов И.И., Кондрахин И.П., Ильин В.Г. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных. - М.: Агропромиздат, 1987.

8. Тарасов И.И. Внутренние незаразные болезни молодняка сельскохозяйственных животных: Учебное пособие. - Саратов, 1991. 

9. Карпуть И.М.,  Торохов Ф.Ф.,  Абрамов С.С. Незаразные болезни молодняка. – Минск : Ураджай,1989. 

10. Котляр.К.А.,Лактионов.А.М. Учебник для ветеринарного санитара. М., 1946.

11. Макаров.В.А.,Фролов.В.П., Шуклин.Н.Ф. Ветеринно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. Москва ВО «Агропромиздат» 1991.

12. Антонов.В.Я.Справочник ветеринарного лаборанта. – М. «Колос», 1981.

13. Петрухин И.В. Корма и кормовые добавки: Справочник. – М.: Росагропромиздат, 1989. – 526 с.

14. Зоотхнический анализ кормов /Коллектив авторов/ М.: Колос, 1981– 256 с.

15. Азық жайлы анықтамалық. Ред. басқарған М.А.Смурыгин. Алматы : Қайнар, 1978. – 352 б.

16. Дмитриченко А.П., Пшеничный П.Д. Кормление сельскохозяйственных животных. – Ленинград : Колос, 1975.

17. Состав и питательность кормов. Справочник /И.С.Шумилин и др./ М.: Агропромиздат, 1986. – 303 с.

18. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: Анықтамалық. –Алматы, «Бастау», 2006. – 452 б.

19. Зафрен С.Я. Жемшөп дайындау технологиясы. Алматы: Қайнар, 1980. 380 б.

20. Вернадский В.И. Справочник зоотехника. Издание второе, переработанное. М., изд-во «Колос»; 1967. 927 с.

21.   Қожабеков З., Өтенов Ә.  Малдәрігерлік түсіндірме сөздік. –Алматы: Ана тілі, 1995. –Б.86-87.

22. Біләлов.К. Шалғай жайлымдардағы мал дәрігерлік қызмет.-Алматы:. Қайнар.1982.

23. Сарбасов Т., Құлақбаев Қ. Малды азықтандыру жөніндегі анықтамалық. Алматы, «Қайнар», 1976. – 380 б.

24. Омарқожаев Н. Малды құнарлы азықтандыру.  Алматы, 1993. – 163 б.

25. Медеубеков Қ., Сарбасов Т. Қой шаруашылығы өнімдерін өндіру. – Алматы: Қайнар, 1980. – 324 б.

26. Богданов Г.А. Кормление сельскохозяйственных животных.   М., Колос, 1981.

27. Калашников А.П. Кормление молочного скота. М., Колос, 1978.

28. Рақышев Н. Мал азығының микроэлементтері. Алматы, Қайнар, 1981.

29. Құлақбаев Қ.   Қойды азықтандыру. Алматы, Қайнар, 1969.

30. Аубакиров Т.А. Жұмағұлов Ж.Ж. Өсімдік шаруашылығы және селекция. А.Қайнар 1988. 232 6.

31. Медеубеков Қ., Сарбасов Т. Қазақстанның қой шаруашылығы. – Алматы: Қайнар, 1984. – 320 б.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-04-03 16:47:49     Қаралды-5433

ТӨРТ ТҮЛІГІМІЗ ТҮГЕЛ БОЛСА

...

Қазақ халқы қолда өсірілетін түйе, сиыр, жылқы және қой-ешкіні төрт түлік мал деп атайды. Әр түліктің өзіндік орны бар, әрқайсысын шақыруға арналған одағай сөздер де түрлі-түрлі болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАБ ЖЫЛҚЫСЫ

...

Араб жылқысы - байырғы жылқы тұқымдарының бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЛБЕУ ТАСТАУ

...

Қазақтың ұлттық ойыны

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ ҚҰСТАР

...

Құстар - жердің ең жылдам тіршілік иелері, өйткені жануарлар әлемінің құрлық немесе суда жүзетін құстарының бірде-бір өкілі олармен жылдамдығымен салыстыра алмайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АУА

...

Жер атмосферасын құрайтын, негізінен азотпен оттектен тұратын газдар қоспасы. Ауа су мен жер қыртысының құрамында да болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРЖАН - САРА АЙТЫСЫ

...

Біржан мен Сараның 1871 жылы қазіргі Талдықорган облысының Қапал - Ақсу өңірінде кездескендегі айтысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »