UF

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе......................................................................................................................

1. Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларын компьютерлік сауаттылыққа үйретуге   қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар

1.2. Информатика курсында оқу құрал-жабдықтар жүйесін пайдалану арқылы көрнекілік принципті асырудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі

2. Информатика курсын оқытуда компьютерлік технологияны оқу құрал-жабдықтар жүйесінің бір буыны ретінде пайдалану әдістемесі

2.1. Компьютер-мұғалімнің көмекші, көрнекі, әрі техникалық құралы..........

2.2.Бастауыш информатика пәнін оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдалану әдістемесі

Қорытынды............................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................

Қосымша................................................................................................................

 

 

 

Кіріспе

 

Бастауыш информатика курсының білім беру жүйесіндегі орны ақпараттық орта мен қоғам мүшелерінің жаңа информациялық технологияларды кең қолдануға байланысты маңызды болып есептеледі және оның мазмұны үнемі жаңарып отырады.

Бастауыш информатика пәні мұғалімі  әрбір сабақта оқу құрал-жабдықтар жүйесін орнымен, әрі тиімді қолданып, оны ешуақытта да назардан  тыс  қалдырмауы  тиіс.  Оқушы  білімінің  қалыптасуы   қашанда  мұғалімнің  сабақты  ұйымдастыра білуіне,  оқу құрал-жабдықтар жүйесін орнымен. Көрнекі түрде қолдана білуіне, жаңа  материалды   жүйелі  түрде  баяндауда  әртүрлі  әдістерді  қолдана  отыра  жеткізуіне   байланысты.

Бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдалану мәселесiне Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған. Бiлiм берудi ақпараттандыру мәселелерi К.Маклин, Б.Хантер тәрiздi әдіскерлердің ғылыми жұмыстарында баяндалады.

Ал, бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негiзi Н.Ф.Талызина,  В.М.Монаховтың, А.Я.Савельевтің және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе,  көрнекілік принципті жүзеге асыру  әдiстемесi – Ю.А.Первин, А.А.Кузнецов, Ю.А.Шафрин, А.П.Ершов, Ә.Бүркіт және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген.

Жоғарыда келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдалану әдістемесi бойынша көптеген жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы диссертацияларды, ғылыми еңбектердi талдау нәтижесiнде орта мектептерде бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдалана отырып,  оқушылардың оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатындығын, олардың пәнге деген қызығушылығы артатындығын байқадық.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш информатика сабағында оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: орта мектептердегі  бастауыш информатика курсын оқыту процесi.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

 

 

1. Жалпы білім беретін орта мектеп бастауыш информатика курсын оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік түрде пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларын компьютерлік сауаттылыққа үйретуге   қойылатын негiзгi педагогикалық-психологиялық талаптар

 

Компьютерлiк техниканың барлық салаға екпiндi енуi, соның iшiнде бiлiм беру саласына енуi компьютерлiк оқыту технологиясын және компьютердi бiлiм беру саласында колданудың психологиялық-педагогикалық негiзiн iргелi зерттеудi талап етедi. Компьютермен сұхбаттасудың интерактивтiк процессiн жєне компьютердiң көрнекiлiк мүмкiндiктерiн жоғары деңгейге көтеретiн жаңа ақпараттық технологиялардың бiрi мультимедиа (multimedia) құралы екеңдiгi белгiлi.

Оқытушы программалардың iшiнде имитациалық-моделдеушi программалары өмiрде, табиғатта болатын кұбылыстар мен процестердi көрнектi бейнелей алатындығы белгiлi. Оқыту процесiнде компьютерлiк оқыту программалары, ақпаратты iздеу және ақпаратты анықтамалық, оку процесiне арналған оқытушы орта-экспертгiк жүйелерi колданылады.

Осы күнде белгiлi компьютерлiк программаларды зерттей келе компьютерлiк окыту жүйесi оқытушы программалардың жеке дара түрiнен ғана емес, комплекстi, көп функционалды болу қажеттiгi, сонымен катар, компьютерлiк оқытушы жүйеге қойылатын негiзгi талаптар анықтайды.

Психология көзқарасы түрғысынан қарағанда компьютерлiк оқытушы жүйелерге қойылатын ең негiзгi талаптарға:

• кері байланысты ұйымдастыру;

• оқудың  мотивациясын қалыптастыру;

• компьютерлiк оқыту жуйесi негiзiнде жеке оқыту;

• сұхбаттасуды жүргiзу жатады.

Оқушының компьютермен сұхбаттасуын ұйымдастыруға койылатын талаптарды қарастырайық.

Оқушы мен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектiлеуде оны симметрия параметрi бойынша бағалау маңызды. Компьютердiң функциясына оқу бағыты мен тақырыпты анықтау, сұхбаттасуды кұрастыруды жатқызсақ, сұхбаттасу ассиметриясы компьютердiң пайдасына шешiледi. Оќушыдан тек қана пассивтiк жауап қайтару талап етiледi. Мұны педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп санауға болмайды. Сұхбаттасу қадамдарын бастауда оқушы мен компьютерге тең мүмкiндiк берiлуi керек. Оқушының сұхбаттасуды кез-келген уақытта бастауға мүмкiндiгi бар, ал компьютердiң кез-келген уақытта сұхбаттасуды бастауға мүмкiндiгi жоқ. Бұл жерде оқушының сұхбаттасуға дайындығы, оның сұхбаттасуға мұқтаждығы, сонымен бiрге компьютердiң сол сәтте сұхбаттасуды жүргiзу мүмкiншiлiгi сияқты факторлар iске қосылады.

Сұхбаттасуды құрастыруда оқушы өзiнiң iс-әрекеттерiнiң толық жарамдылығын түсiнiп, өз iс-әрекеттерiнiң субъектiсi ретiнде сезiнетiндей, орындайтын iс-әрекеттерiн кеңiнен жоспарлап, қажет болғанда оны логикалық соңына жеткiзе алатындай, немесе, ойын қандайда бiр критикалық нүктеге жеткiзiп, үйреншiктi деңгейде өзiн бағалай алатындай болуы керек.

Оқушыны сұхбаттасуға тарту мәселесiн шешуде мiндеттi түрде окушыда сол сәтте сұхбаттасу қажеттiлiгi бар ма екендiгiн анық-тап, сұхбаттасу оның ойын бұзбайтындығын ескеру қажет. Сұхбаттасудың бағытын анықтауда оқушының дайындық деңгейi ескерiлуi керек. Оқушының дайындық деңгейi тапсырманы орындаудың қандай кезеңiнде болғандығымен аныќталады. Оқушының сұхбаттасуы өзiндiк максат емес, оның шектен тыс жиiлiгi өзiн-өзi ақтамайтындығын ескеру керек.

Оқытушы жүйелерде сұхбаттасудағы өзара байланысты ұйымдастыруда келесi ескерiлмеген жағдайлар кездеседi:

- компъютердің шектен тыс көмек беруi, яғни оқушыға қате жiбергенде шешу жолын толық көрсету;

- жеткiлiксiз көмек, яғни тусiнiктеменiң және көмектiң оқушыға тусiнiксiз болуы.

Сондықтан, сұхбаттасуды ұйымдастыруда төмендегi жағдайларды ескеру керек:

- кездесетiн қиыншылықтың ерекшелiгiн анықтап, оушыны ескерту;

- оқытушы программаны көмек беру мумкiндiгiмен оқушыны таныстыруды iске асыру қажет.

Оқушы мен компьютер арасындағы сұхбаттасу байланысын бұзатын негiзгi себептердiн бiрi - бағалау пiкiрлерде адекваттықтың болмауы. Адекваттықтың жоқтығы оқытушы программаларда оқушыны шектен тыс мақтау элементтерi. Егер оқушы еш қиындықсыз тапсырманы орындағанда компьютер оны мақтаса, оқушының жұмысқа жауапкершiлiгi төмендейдi.

 

 

1.2. Информатика курсында оқу құрал-жабдықтар жүйесін пайдалану арқылы көрнекілік принципті асырудың психологиялық-педагогикалық негіздемесі

 

         Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы экономикадағы және әлеуметтік жағдайлардағы оң өзгерістермен едәуір жетістіктер елімздің білім беру жүйесін жетілдіруді, информатика пәнін оқытуда компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланып, сабақтың сапасын көтеруді талап етуде. Қазіргі нарықтық экономика, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену адамзат баласының білімді тереңірек меңгеруіне, алған теориялық білімдерін күнделікті тұрмыста, қызметте, өмірде дұрыс қолдана алуына ерекше назар аудару керек екендігін мойындатып отыр. Ғылым мен білімге айрықша маңыз берілуде, өйткені елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық деген болатын». Білім негізі мектепте қаланатындығы белгілі. Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев: «Білім мен ғылымға қолдау білдіруіміз қажет»  деді. Қазіргі қоғамға қажетті жан-жақты дамыған, жоғары дәрежедегі мәдениетті, білімді ұрпақ тек мектептен шығады. Себебі, «Мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың» деп бекерден – бекер айтпаған болар қазақ халқы. Сондықтан, мектеп мұғалімдері, әсіресе, информатика пәні мұғалімдері оқушылардың информатикалық ойлау қабілеттерін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі жас шәкірттер Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы мен техникасының даму деңгейі тікелей «Информатика» пәніне байланысты, әрі қатысты екендігін әсте ұмытпағаны абзал. Әрбір мектеп оқушысы келешек мамандық таңдаған кезде де ғылымдағы информатиканың орнын, оның ролін айқын түсініп, мектепте оқып жүріп, информатикалық біліммен қарулануы тиіс. Қазіргі уақытта оқу орындарының түр-түрі өте көп. Атап айтқанда, колледж, лицей, гимназия, жеке меншік мектептер және т.б. Бұл білім ордаларында информатикаға, оны оқыту әдістемесіне де ерекше мән берілуде. Бар мәселе Халықаралық стандарттар деңгейінде, әлемдік деңгейде білім беруге қол жеткізу үшін информатика пәнін оқытуда қолданылатын дәстүрлі әдістермен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды, оның ішінде компьютердің пайдаланудың ролі ерекше.  Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып қана қоймай, оны сабақта қолдану әдіс-тәсілдерін күнделікті жетілдіре түсуіміз өте қажет. «Ит үреді, керуен көшеді» деп қарап отыра беруге болмайтындығын түсінген әдіскерлеріміз, ғалымдарымыз осы салада, осы бағытта аянбай еңбек етуде. Дегенмен, біз озық елдердің озық іс-тәжірибелерін де еліміздің мектептеріне дер кезінде енгізсек, заман ағымынан көш ілгері қалып қоймайтындығымыз ақиқат. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз озық елдердің шаңын жұтуға тиіс емеспіз, біз солармен терезесі тең ел болуымыз қажет» деп тегіннен – тегін айтпаса керек. Біріккен Ұлттар Ұйымы  «XXI ғасырды – Ақпараттандыру ғасыры» деп атағандығы баршамызға белгілі. Осыған орай жедел түрде 2003 жылдың қараша айында елордамыз Астана қаласында «Қазақстанды ақпараттандыру XXI ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта үлкен ғылыми форум болып өтті. Мұнда, әрбір пән мұғалімі сабақта компьютерді, электрондық оқулықтармен интернетті тиімді пайдалану  керектігі айтылды. 

Оның үстіне, қазақстандағы барлық мектеп оқушылар мен мұғалімдердің компьютерлендіріліп, интернет жүйесін пайдалануға жағдай жасалуда.

         Ендеше, неге бастауыш мектеп информатика пәнін оқытуда компьютердің көрнекілік мүмкіндігін тиімді, әрі орынды паидаланбасқа! Әрине ол үшін, ұлы дидактиканың принцыптерін, оның ішінде көрнекілік принципті жүзеге асыруда компьютерлік техналогияны қолдану қажет. Бұл мақаламызда көрнекілік мәселесіне, көрнекілік туралы айналысқан ғалымдар, педогоктар еңбектеріне тоқтала отырып, жалпы білім беретін орта мектеп пәнін оқытуда көрнекілік принципті жүзеге асырудың дидактикалық негіздері туралы ойымызды баян еттік.

         Еліміздің ғалымдары, әдіскер-мұғалімдерінің үздіксіз еңбек етуінің арқасында мектептегі білім беру жүйесіне елеулі өзгерістермен жаңалықтар енді. Информатика бағдарламасында қолданбалы информатика, ықтималдықтар теориясы және т.с.с жаңа бөлімдері пайда болды.

         Жалпы білім беретін орта мектеп информатика пәнінің жаңа бөлімдерімен байытылуы бұл пән мұғалімдеріне де ерекше дайындықты қажет етеді. Оның үстіне 45 минутта оушыларға берілетін ақпарат көлемінің ұлғаюы, оның жоғарғы деңгейде абстракталынуы, уақыттың шектеулілігі, компьютерлік технологияны тиімді, әрі орнымен қолданып уақыт үнемдеуді керек етіп отыр. Оқытуды ұйымдастыруда пән мұғалімі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуы, қажетті біліммен қамтамасыз етуі, олардың есеп шығаруы ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыруы айтпаса түсінікті. Осындай аз уақыт ішінде (45 минут) өлшемі көп ақпарат беру үшін оның тиімді (оптимальды) әдістерін табу - бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Оқыту күрделі болғанымен, ол  шамаға лайық болу тиіс. Оқыту сапасын арттыру, өмірмен практиканы байланыстыру да күн тәртібінен түскен емес. Оны шешудің бірден-бір жолы, айналып келгенде көрнекілік принципті компьютерлік технология арқылы жүзеге асырудың дидактикалық негіздемесін жасауға келіп тіреледі. Өйткені көрнекі оқыта отырып,  материалды игеруге ғылымилық және шамаға лайықтылық принциптерімен қамтамасыз етіп, оқушылардың логикалық ойлауын, эстетикалық қабылдауын, қандай да бір жұмысқа шығармашылықпен қарау деңгейін дамытып, жоғарылата түседі.

         «Көрнекілік» термині негізінен үш мағынада: объект (нысан) ретінде, қандайда бір заттың қасиеті ретінде, адам баласының қандай да бір іс-әрекеті, қызметі ретінде қолданылады. Көрнекілік түсінігі соңғы онжылдықта айтарлықтай тереңдеп өзгерістерге ұшырады. Кезінде көрнекілікпен айналысқан В.Т.Болтянский (1970 ж.) «Изоморфизм плюс қарапайымдылық» деген болатын. Ал А.Н.Леоньтевтің (1975 ж.) еңбегінде ішкі тірек қызметін атқаруы тиіс делінген. Н.А.Менчинская, Л.Л.Гурова, П.Я.Гальперин, Т.В.Кудрявцев және т.б. зерттеулерінде практикалық қызмет процесінде абстрактылы деңгейлі ретінде қарастырылады. В.Г.Болтянский, Э.Г.Мингаузев, В.П.Стрекозин, В.В.Давидов және т.б. бірқатар ғалымдар оқушылардың меңгеретін біліміндегі көрнекілік принциптің маңызын атап көрсеткен. Оқытуда қолданылатын көрнекі құралдар түрлерінің де едәуір классификациясы жасалынған.

           Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның  «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған. Алғашқы рет дидактиканың принциптерін зерттеп, көрнекілікке анықтама берген ұлы педагог. Сонымен бірге, көрнекілік мәселесіне орыс педагогы К.Д.Ушинский де көп еңбек сіңірген.  К.Д.Ушинский көрнекі оқытудың ролі мен орнын дұрыс түсініп,  ішкі тірек идеясын ұсынды. «Балаларға қандайда бір бес таныс емес сөзді үйретіңіз, олар ұзақ уақыт бойы, нәтижесіз тер төгеді. Егерде оны дәл осындай  20 суретті сөзбен байланыстырып үйретсеңіз, онда бала бұл сөздерді бірден-ақ үйреніп алады. Сіз балаға өте қарапайым ойды айтсаңыз, ол бәрібір сізді түсінбейді, егерде сіз осы балаға күрделі суретті көрсетіп түсіндірсеңіз, онда ол бала сізді жылдам, тез арада түсінеді». К.Д.Ушинскийдің көрнекі оқытуда қызметтік элементті де айтқанын кездестіреміз. Ол былай деп жазады: «Біз өзіміз тікелей сипап сезу арқылы қабылдаған бейнелеріміз дәл сол қалпында, өте ерекше дәлдікпен есімізде қалғандығын байқауымызға болады. Өзіміз көрген суреттер арқылы басқа да идеяларды қосып аламыз». Бұдан затпен ішкі іс-әрекет нәтижесінде түсінікті меңгеру жүзеге асады. К.Д.Ушинский 1860 жылы сәуір айында жазған түсініктеме хатында қолданылып жүрген арифметиканы оқыту бағдарламасына сын айта отырып, осы пән бойынша өзінің авторлық бағдарламасын ұсынды. Оқыту кері ретпен орналасқан.деп атап көрсетті. Алдымен, сандар оқытылады, содан кейін атаулы сандар, бөлшек және соңына қарай өлшеулер туралы көрнекі түсініктер оқытылады. Ал, К.Д.Ушинский оқытуды өлшеулердегі көрнекі түсініктен бастау керек,  өйткені, олар көрнекі деген болатын. Арифметика мұғалімі арифметикаға ерекше мән беріп, өлшеулер жүргізуге мүмкіндік алады. Ол нақтылықтан абстрактілікке, іс-әрекеттен (практикадан) теориялық жалпылауға өту керектігін айтқан еді. К.Д.Ушинский көрнекілік ойлауды тәрбиелейді деп оған үлкен маңыз беріп, баланы логикалық материалға тек көрнекі нақты материал арқылы ғана жаттықтыруға болады деп есептейді. Зат ең алдымен баланың санасында көрініс табуы қажет, ал содан кейін мұғалімнің жетекшілігімен алған әсері түсінік қалыптастырады. Бұдан өз кезегінде ой пайда болады, осыдан келіп сөз өрнектеледі. Көрнекі оқыту бақылампаздықты дамытады, бұл дегеніміз  «ақылдың дамуына» септігін тигізеді. К.Д.Ушинский көрнекі оқытуда қызметтік элементті де айтқанын кездестіреміз. Ол былай деп жазды: «Біз өзіміз тікелей сипап сезу арқылы қабылдаған бейнелеріміз дәл сол қалпында, өте ерекше дәлдікпен есімізде қалғандығын байқауға болады». Өзіміз көрген суреттер арқылы басқа да идеяларды қосып аламыз. Бұдан затпен ішкі іс-әрекет нәтижесінде түсінікті меңгеру жүзеге асады. Өйткені көрнекі оқыту ақыл-ой қабілетін дамытуға, материалды беруді жеңілдетуге, оқу қызметінде белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеуіне, алған білімдерін жүйелеуге, материалды жеңіл түрде қабылдауға тигізер әсері мол. Көрнекілік қасиеті заттар мен құбылыстарды сезімдік қабылдауға байланысты болмақ. Ол көрнекілік ілімін ойлауды дамыту тұрғысынан қарады.

Қазіргі уақытта информатика сабағын оқытуда компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруға болады, өйткені компьютер оқыту құралы ретінде, әрі көрнекі құрал қызметін атқарады. Сондай-ақ соңғы кездері арнайы машиналық графикамен жабдықталған график салушы бар компьютерлер де жасалынған.  Компьютердің мұндай мүмкіндіктерін, мүсінші өзінің туындысын түрлі материалда жасап көргісі келетұғын болма, ең алдымен оның моделін компьютерге ендіріп, әртүрлі сәулелер түсіру арқылы өзінің болашақ мүсінінің жобасын тік бағытта айналдырып, алдын-ала көре алатыны тәрізді. Фигураны кескіндеуде де осы әдісті пайдаланып, сәулелі қалам арқылы айналу денелерін экранға салады. Компьютер көмегімен тек қана сурет салып қоймай, кеңістіктегі фигуралардың кескінін салудың толық мүмкіндіктерін қарастыруымыз қажет. Өйткені кеңістіктегі фигураларды кескіндеуде компьютердің ролі ерекше. Графикалық кескіндерді компьютер экранында кескіндеудің ерекшелігі сол, мұнда тек жазықтықта ғана емес, кеңістікте берілген фигураны бейнелеген кезде, оның көрінбейтін көмескі жақтарын кескіндеуге мүмкіндік бар. Психологтардың зерттеуі бойынша кеңістік ұғымын елестете білу, бұл-ұғымды модельден тани білуге қарағанда, кеңістік ұғымдарын елестету әлдеқайда жоғары екендігін білдірсе, ал оны компьютерде бейнелей білу, оның компьютерлік сауаттылығының деңгейін арттырып, ебдейліктерін қалыптастыратындығын аңғаруға болады. 

Қазіргі дидактикадағы көрнекілік принципі нақты пәндерге және оны бейнелеуге ғана  қатысты емес, оның моделін жасауға байланысты болмақ.  Компьютерлік технологияның ең маңызды дидактикалық ерекшелігі оның ақпаратпен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілгендігінде. Бұл өз кезегінде оқу үрдісінде уақытты тиімді пайдалануға, оқыту сапасын арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, сабақта оқушылардың ақпаратты қабылдау мүмкіндігінен ақпарат көлемін асырмау қажет. Компьютер арқылы арқылы оқылатын құбылыстар мен үрдістерге тереңірек бойлап, оқушыларға мектеп  жағдайында көрсетілуі қиын немесе мүмкін емес құбылыстарды көрсете аламыз. Сөйтіп ЭЕМ көмегімен, оның  дыбыстық мүмкіндігін пайдалана отырып,  оқушыларға оқу материалын түсіндіруде  соңғы технология жаңалықтарын толық қолдана аламыз.

Компьютерді оқытудың пәні ретінде қолданудағы негізгі мақсат - оқу барысында және күнделікті өмірде кездесетін сан қилы есептердің сызбасын кескіндеу арқылы информатика сабағында компьютердің есептеу және графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, тиянақты білім беру болып табылады. Сөйтіп, тек осы айтылғандай жағдайларды ескеріп, мәселеге ғылыми көзқараспен қарағанда ғана қазіргі заманғы мектептерге арнап  педагогика ғылымы талап етіп отырған дәрежедегі компьютерлік технологияны пайдаланудың дидактикалық негізін жасау басты шарт болып табылады. Демек, орта мектептің информатика пәнін оқытуда компьютердің көрнекілік мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланудың маңызы зор, болашағы үлкен.         Информатиканы оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану оны оқыту әдістерін жетілдіруді қажет етеді. Бұл мәселені шешу үшін педагогикадағы, информатикадағы дидактикалық принциптерге сүйенген жөн. Өйткені дидактиканың жалпы принциптері информатиканы оқытуда нақтылана түседі. Сабақта компьютерді қолдану кезінде информатикалық фигуралар, бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы да көрнекілікті кеңейтеді.

Чех педагогы Я.А.Коменский оқытуда табиғи заттарды қолдана отырып қабылдату керек деп есептеген, егерде табиғи заттар болмаса, онда оны сурет не бейне көшірмесімен алмастыру қажет деген. Ол адам баласы білімді басқа бір адамның сөзімен емес, тікелей өз көзімен көре отырып, тікелей қабылдаудан алғаны жөн екендігін де айтқан. Оның көрнекілік принципті есепке алып жазған "Суреттегі сезімтал заттар әлемі" атты алғашқы кітабы "тілді" оқытуда көп, әрі ұзақ қолданылған болатын. Бұдан, Я.А.Коменский көрнекілікті сезімдік таныммен ұштастырғандығын байқаймыз. Барлық білімді алудың негізі бақылау болып табылады дейді Г. Песталоцци (1746-1827). Бақылау  абстрактілі ойлауды дамытудың алғашқы қадамы, дей келе ол көрнекілікке тереңірек негіздеме жасап, осыны одан әрмен қарай зерттеген. "Мен қазіргі уақытта өткеніме қарап, адамзат баласын оқыту үшін не істедім? " деген сұрақты өзіме қойып, барлық танымның аболютті негізі болып көрнекіліктің жоғарғы негізгі принципін берік орнаттым деп жауап беремін.  Қоршаған ортаның сезім мүшелеріне әсерін баяндаған Швейцариялық педагог Г.Песталоцци былай деп жазды:

" Адамның табиғатты тануы, оны сезім мүшелері арқылы қабылдауы адам танымының негізі болып табылады.  Балалардың ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілетін көрнекілік арқылы жүзеге асыруға болады. Көрнекілікпен оқытудың маңыздылығы ойлау мен сөйлеуді дамытады, жекеден бүтінге біртіндеп өтуге мүмкіндік береді, оқытудың мәні де осында" .

Жалпы алғанда, мектепте көрнекіліктің бірнеше түрлері қолданылады. Мысалы, жаратылыс көрнекілігі оқушыларды өмірде бар обьектілермен таныстыруды көздейді. Көлемдік көрнекілік ақиқат дүниенің көлемдік бейнесін беру мақсатында қолданылады. Оған фотосуреттер, картиналар, диафильмдер, диапозитив,  дыбыссыз кино, т.б. жатады. Дыбыстық көрнекіліктердыбыстық бейнелер, шығармалардан үзінді оқу, дауысты таспаға жазу, шет тілін үйренуге магнитофонды пайдалану, т.б. қамтамасыз етеді. Символдық және графикалық көрнекіліктер абстрактылы ойлауды дамытуды мақсат етеді. Мұндай көрнекіліктер болмысты символдар түрінде сипаттайды. Мысалы, жоспарлар, карталар, схемалар, диаграммалар, т.б.

         Сонымен, адам баласының қабылдауын терең зерттеген физиологтардың еңбегіне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке қызметінің негізінде оқу үрдісінде қолданылатын компьютерлік технологияны тиімді пайдалана отырып, мұғалім сөзімен сабақтастырған жағдайда сабақты меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.

Информатика сабағында көрнекіліктерді тиімді қолдану оқушылардың танымын кеңейтуге оң әсер ететіндіктен, оны оқу процесінің барлық кезеңінде компьютерлік технология арқылы жүзеге асыруға болады. Компьютерлік технологияны пайдалану барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығын күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ, мұғалімдер де қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекті компьютерден ала алады.

 

2. Информатика курсын оқытуда компьютерлік технологияны оқу құрал-жабдықтар жүйесінің бір буыны ретінде пайдалану әдістемесі

2.1. Компьютер-мұғалімнің көмекші, көрнекі, әрі техникалық құралы

 

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің міндеті – ғылым мен практика, компьютерлік технология жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екені көрсетілген. Олай болса оқыту процесінде баланың ой-өрісін, дүниетанымын және де басқа маңызды психикалық іс-әрекетін дамытуға бағытталған түрлі әдістерді, педагогикадағы дидактикалық принциптерді, оның ішінде көрнекілік принципті компьютер арқылы жүзеге асыру мектеп ұжымының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі.

      Оқу жүйесінде компьютер негізінен екі бағытта қолданылады. Бірінші бағыт бойынша оқып-үйренудің объектісі болып табылады.  Екіншіден, компьютер оқыту құралы ретінде, түрлі пәндерді оқытуда көрнекі құрал қызметін атқарады. Компьютердің графикалық мүмкіндігін математканы оқытуға пайдалансақ, оқушыларға берілген сызбаны толық кескіндеп көрсетуге болар еді, өйткені сынып тақтасында оны сызып көрсету өте қиын. Бұл жағдайда оқыту мазмұны қаншама байып, қаншама әдісетемелік мүмкіндіктер ашылар еді!

      Демек, мектеп мұғалімдері компьютердің көрнекілік мүмкіндігін барынша кең пайдаланып, оқытуды барынша жетілдіруі тиіс. Графикалық кескіндерді компьютер экранында кескіндеудің ерекшелігі сол, мұнда тек жазықтықта ғана емес, кеңістікте берілген фигураны бейнелеген кезде, оның көрінбейтін көмескі жақтарын кескіндеуге мүмкіндік бар.      Компьютерді оқытудың пәні ретінде қолданудағы негізгі мақсат - оқу барысында және күнделікті өмірде кездесетін сан қилы есептердің сызбасын кескіндеу арқылы компьютердің есептеу және графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, тиянақты білім беру болып табылады.

      Сөйтіп, тек осы айтылғандай жағдайларды ескеріп, мәселеге ғылыми көзқараспен қарағанда ғана  орта мектептерге арнап қазіргі заман және педагогика ғылымы талап етіп отырған дәрежедегі әдістемені жасау басты шарт болып табылады. Демек, орта мектептің информатика пәнін оқытуда компьютердің көрнекілік мүмкіндіктерін толық, әрі тиімді пайдаланудың маңызы зор, болашағы үлкен. Сондай-ақ орта мектепте информатика пәнін оқыту оқушылардың информатикалық білім негіздерін, информатикалық мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат ететінін ескерсек, онда дәстүрлі оқыту процесіне, оның мазмұны мен формасына оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың әдіс-тәсілдерін енгізу, дәстүрлі және дәстүрлі емес оқыту технологияларын үйлестіре пайдаланып, мұғалімнің оқу материалын дұрыс түсіндіре алуы, кесте т.с.с. көрнекі құралдарды тақырыпқа сай орнымен қолдана білуі, өзіндік жұмысты ұйымдастыруы мен бақылауы т.б. функциялар арқылы жүзеге асады. Оқу үрдісінде компьютер және техникалық оқыту құралдары мұғалімді кейбір жұмыстардан босатады және басқару тиімділігін арттырады. Өйткені өтілген материалды толық, тез меңгеру үшін әр алуан оқу құралдары қажет, яғни бор, тақтадан бастап, күрделі құрылғыларды айтуға болады. Оқу құрал жабдықтары мұғалімге оқу үрдісін ұйымдастыру, оқу материалын терең меңгеруін қамтамасыз ету, оқушылардың өзіндік жұмыс істеуіне, жаңа білімді өз бетінше алуына және оны практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыруға жәрдем етуі тиіс.

Информатика сабағын тартымды да мағыналы етіп өткізу үшін мұғалім сабақта қолданылатын оқу құрал - жабдықтардың қызметі мен атқаратын функциясын толық меңгеріп, оның не үшін керектігін ажыратып, қажет жағдайда қолдана алатындай дәрежеде болғаны дұрыс. Енді осы айтылған оқу құрал жабдықтарға толығырақ сипаттама берелік:

          1. Қабырғалық кесте - оқу құралының дәстүрлі түрі. Оны дидактикалық функциясына қарай информатиканы оқытуда шартты түрде анықтамалық және  жұмысшы  деп бөлуге болады.

              а)  анықтамалық кесте оқушылар жұмыс істеу барысында еске сақтайтын формулалар, сондай-ақ есте сақтауды қажет етпейтін, бірақ оқушылармен жаппай жұмыс істеуге қолданылатын материалдар жазылады. Мұғалім оқушыларға кестені дұрыс пайдалана алуды үйретуі тиіс. Ол кестенің қанша уақыт ілінетіндігін мұғалім өзі шешеді.

              ә)  жұмысшы кестелер саны көп (көлемі үлкен) есептерді жаппай шешуді ұйымдастыру кезінде қолданылады. Кейбір кестелердің бір бөлігі анықтамалық, ал екінші жағы жұмысшы болуы мүмкін. Мұғалім жұмысшы кестені пайдалана отырып, сабақ өту барысында қосымша тапсырмалар да құрастырады. Жұмысшы кесте - жаттығулар топтамасын орындауға мүмкіндік беріп, уақыт үнемдейді. Нәтижеде білімді көтеруге септігін тигізеді. Бірақ, кестені әр сабаққа арнап жасаудың да қажеті жоқ, себебі кесте неғұрлым көп болса, оны сақтау және керектісін таңдап алу қиын соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда диафильмдер мен диапозитивтер қолдануға тура келеді.

          2. Транспарант – графопроектор көмегімен экранға проекциялауға арналған, типографикалық және фотографиялық тәсілмен орындалған, сондай-ақ бір немесе бірнеше таспаға фломастермен дайындалған объект. Мысалы, геометриялық фигураны таспаға фломастермен салып, оның проекциясын түсіруге болады. Диапроекторлардың  “Этюд”, “Свет-4”, “Экран”  және т.б. түрлері кең қолданылады.

           3. Графопроектор – сабақ өтуде жиі қолданылатын демонстрациялық техникалық құралдың бір түрі. Қазіргі кезде оның  “Код-1”, “Лех-3”(ПХР), “Полилюкс” (ГДР) және  “Лектор-2000” т.б. түрлері жиі пайдаланылады. Графопроектор диапроекциялық құрылғыға жатады. Экранға қағаздағы жазылған объект тура (төңкерілмей) түсіріледі.

            4. Эпидипроектор – экранда өлшемі  50х50мм, 85х85 мм, 85х105 мм және 90х120 мм, 150х150 мм объектілерді алуға мүмкіндік береді. Оның  “ЭПД-1”, “ЭПД-455” және  “ЭП-1” түрлері кездеседі.

             5. Киноэкран – диапозитив, диафильм кадрлері, кинофильм және т.б. оқу құралындағы бейнені проекциялауға арналған жазық бет.

              6. Магнитофон – магнитті таспаға дыбысты жазу және дыбысты шығаруға арналған құрылғы.

              7. Кинопроекция – белгілі бір жиіліктегі тізбектес фильм кадрларының тез кезектесіп ауысып тұратын экранда үлкейтілген бейнесін алу үрдісін айтады. Кинопроектордың  “Русь”  және “Волна”  түрлері баршылық.   

             8. Теледидар – қозғалатын бейнелер қозғалмайтын объектілерді радиотолқын немесе толқын желілері арқылы электр сигналдар көмегімен қашыққа тарату (видеомагнитофонды қолдану).

             9. Диафильм (грекше – арқылы және латынша - таспа) деп бір-бірімен сюжетті байланысқан, бір таспада орындалған позитивті бейнеленген фотографиялық жүйелерді айтады.

            10. Диапозитив (грекше – арқылы және латынша – “оң”) деп позитивті фотобейнені айтады. Соңғы жылдары информатиканы оқытуда бұлар кең түрде қолданылған. Кезінде информатика пәні мұғалімдері мен әдіскерлер  көптеген көрнекі құралдар дайындаған еді. Диафильм мен диапозитивтің қажеттілігі мұғалімге материалды, суретті, сызбаны және мәтінді т.б. алдын-ала қолдануға дайындап қоюдан туды [3].

            11. Компьютер – ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы. Кез-келген ЭЕМ негізгі үш бөлімнен тұрады.

              1)  Монитор – ақпаратты бейнелейтін құрылғы, сондай-ақ экранда кескіндерді, геометриялық фигураларды көрнекті түрде бейнелеп, кей кезде өз осінен айналдырып, әртүрлі жағдайларға келтіріп көрсетуге болады;

              2)  Жүйелік блок – компютер жұмысын басқаратын құрылғы және ақпаратты сақтауға арналған, қажет кезде пайдалана беруге болады;

              3)  Пернелік тақта – ақпаратты енгізуге арналған құрылғы;

Оқу үрдісін ұйымдастыруда әрбір оқу құралының өзіне тән дидактикалық функциясы, мүмкіндіктері, өзінің педагогикалық және техникалық қолдану шекаралары бар болғандықтан, оқу құрал жабдықтарын қолданудың тиімді жолы оларды кешендік түрде қолдану болып отыр. Мысалы, мұғалім сабақты магнитофон көмегімен информатикалық диктанттан бастап, кино үзінді көрсетуі мүмкін.Содан кейін жаңа материалды баяндауды диафильмді көрсете отырып түсіндіреді, сабақты бекітуде диапозитивті қолданды.    Енді оқушыларға баспа негізді дәптерде тапсырмалар мен жаттығуларды орындатып, өзіндік жұмыс істеуі үшін кеспе таратып берсін. Содан кейін ЭВМ-ді қолданады. Компьютердң сабақта орнымен, әрі уақытымен көрнекі құрал ретінде қолдану кезінде оқу танымдық үрдіс тиімділігін арттырары даусыз.

    Ендеше жаңа қоғамға, жаңа технологияға, техникаға тез бейімделгіш адамды дайындау, оқыту әдісін жетілдіружәне оның   тиімділігін арттыру болып табылады. Кейде көптеген мұғалімдер мен әдіскерлерге компьютер жаңа құрал болып көрінетіндігі белгілі. Біз мұнда компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың жалпы мәселелерін, оның экрандық, дидактикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетуді басты назарда ұстадық. Информатиканы  оқытуда компьютерлік технологияны тиімді, әрі орнымен қолдану туралы мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар қажет-ақ. Мұндай әдістемелік құралдарды дайындау көптеген мектеп информатика пәні  мұғалімдері мен әдіскерлердің  және ғылыми қызметкерлердің әлі де болса көп уақыт бірлесіп жұмыс істеуін керек етеді.

Оқыту үрдісіне оқытудың техникалық құралдарын енгізу бұл зерттеушілердің айтуынша білім беру жүйесіндегі технологиялық төңкеріс. Алғашқы аудиовизуальді бағдарламалық оқыту Америка Құрама Штаттарында 1930 жылдары басталды. Бұл құралдар мектепте 1940 жылдары қолданыла бастады. 1950 жылдардың орта шенінде бағдарламалап оқыту (программированного обучения) технологиясы қолға алынды. Аудиовизуальді құралдар, оқыту мақсатына арналған: кері байланыс орнату құралдары, электрондық сыныптар, оқытушы машиналар, лингафондық кабинеттер, жаттығу (тренажер) машиналары және т.б. пайда боды. 1970 жылдары техникалық құралдарды қолдану мәселесі қатты күшейе түсті. Осы кездері жаңа құралдар: бейнемагнитофон, кадропроектор, полиэкран, электрондық тақта, 1980 жылдары дисплейлі сыныптар жасалынып, педагогикалық бағдарламалық құралдар -  саны мен сапасы жақсара түсті.

1950-1970 жылдары информатикалық түсінікті қалыптастыруда көрнекі құралдарды пайдаланып өтетін сабақтардың күрт артуы арқандығы байқалды. Оқу көрнекі құралдарын жасауға мектеп информатика мұғалімдері, жоғары оқу орындары оқытушылары мен физика-информатика факультеті студенттерімен бірге, мектеп оқушылары да атсалысты. Қолдан жасалған оқу көрнекі құралдар кең түрде қолданыла бастады. Копейска қаласының №24 мектеп мұғалімдері мен оқушылары оқу көрнекі құралдарын жасаудан алдыңғы қатарды иеленді. Стереометрия курсы бойынша жаппай жоғары сапалы көрнекі құралдар дайындады. РСФСР-дің көптеген елді мекендерінде, қалаларында оқушылардың көмегімен информатика кабинетін көрнекі құралдармен жабдықтады. Мысалы, Алтай өңірі, Барнауыл қаласы және т.б.  1951 жылмен 1961 жылдар аралығында РСФСР оқу ағарту министрлігінде мұғалімдер тарапынан 250-ге жуық өнертапқыштық жұмыстардан ұсыныстар қабылданды. 

Жоғарыда  келтірілген ғылыми зерттеулерге сүйнене отырып,  информатиканы  оқытуда көрнекілік  принципті  жүзеге  асыруымыз  керек.  Оқу  үрдісін  көрнекі  құралдармен  қамтамасыз  ету,  жабдықтау  мектеп  қажеттілігінен  туындады.      Информатикалық  түсініктерді  қалыптастыру  процесінде  қолданып өтілетін  сабақ  саны  күннен  күнге  арта  түсті.  Бұрынғы кеңес  өкіметі  кезінде  мектеп  информатика пәні  мұғалімдері  РСФСР  педагогикалық  ғылымдар  академиясының  «Педагогикалық  оқуларында» жасаған  баяндамаларда  мұғалімдердің  дайындаған  жаңа  оқу  көрнекі   құралдары  мен  оларды информатика  сабағында  пайдалану  жайлы жазылған  көптеген  жұмыстардың  бар екендігі айтылған.  1970 жылдары  орта мектептер  оқу  құрал-жабдықтар кешенімен толық қамтамасыз  етілген болатын. Сондықтан  информатиканы  оқыту әдістемесін  дамыту  бағыттарының бірі  оқу  үрдісі оқыту  құралдарымен  қамтамасыз  ету  және  информатика  сабағында  оны  қолдану  әдістерін  жетілдіру болып  табылады.  Әдістеме  педагогика  ғылымы  тәрізді  информатиканы  оқыту  әдістері.оның мазмұны, оқыту  әдістері  жүйесі, және оқыту  құралдары  мәселесімен  айналысады. Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлі және әдістері, адамзаттың жалпы білім алу даярлығына қойылатын талаптар өркениетті педагогикалық идеяларға сәйкес өзгеріп отырады. Педагогикадағы дәстүрлі “ нені оқыту керек?”, “не үшін оқыту керек?”, “қалай оқыту керек?” деген сұрақтарына жауап іздеумен қатар “қалай нәтижелі оқыту керек?” деген сұраққа жауап іздеу оқыту процесін технологияландыру мәселесіне алып келеді. Бұл компьютерлік технология негізіндегі оқыту әдістерін жетілдіріп, оқыту құралдарын тиімді пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оқыту  мақсаты  →  мазмұны → құралы  немесе мақсаты → әдістері → құралы  т.с.с. ол мақсат,  мазмұн  және оқыту  әдістерін, олардың өзара  байланысынан  құралған. Оқыту  мақсатының  өзгеруіне  орай, оның  мазмұны  да  өзгереді.  Мазмұнда  оқушыларды  өзбетінше  жұмыс  істеуге  үйрету  болды. Оқыту  мақсатының  өзгеруі мен  басқа  да  компоненттерге,  оның ішінде  оқыту құралдарына   да  әсер  етті.  

Г.Болтянский, А.М.Пышкало және т.б. бірқатар ғалымдардың басқаруымен оқытудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану әдістемесі жасалынып, 1970 жылдары информатика курсын оқытуда әралуан оқу көрнекі құралдарымен жабдықталғаны белгілі. Әр сыныпқа арналған кестелер жинағы, оқушыларға таныс заттар кескінделген информатикалық формулалар жазылған, таратылып берілетін үлестірме кеспе қағаздар, информатикалық символдардың таңбалары, демонстрациялық нұсқауы және жекелей пайдалану үшін көп таралыммен баспадан шығарылған болатын.

Оқыту технологиясы – ЮНЕСКО-ның анықтауы бойынша    Білім беру  формасын  тиімділеудің  алдына қойып отырған негізгі мәселесі-бүкіл оқыту процесін  ұйымдастыру (құру), қолдану мен анықтау, сонымен бірге, техникалық және адам ресурстарын, олардың өзара іс-әрекетін  естей отырып, білімді меңгеру болып табылады. Дәлірек атқанда, оқыту технологиясы дегеніміз-әртүрлі оқытудың техникалық құралдырын пайдалану, оның ішінде компьютерлік және электронды құралдарды тиімді пайдалану. Компьютерлік оқыту (Оқытудың компьютерлік технологиясы) – бұл техникалық құралдың бірі компьютер болатын оқыту жүйесі; Дидактикалық компьютерлік ортадағы білім беру-дамыту процесінің жүйесі. Компьютер оқу процесінде келесі мақсаттарда қолданылады; 

  1. Оқушыны пәнге және бағдарламалауға оқыту,
  2. Оқушыға білім беру мен өзіндік жұмысқа үйрету;
  3. Білімді оқыту мен бақылау;
  4. Дағдыларды (санау, есеп шығару, графиктер салу және т.б.) бекіту мен дамыту;
  5. Мұғалім мен оқушының жұмысын ғылыми тұрғыда ұйымдастыру;
  6. Анықтамаларды (Библиография, формулалар, физикалық және информатикалық шығармалар, тарихи мәліметтер және т.с.с.) алу,
  7. Оқушылырдың бейнелеу, саздық, әдеби қаблеттерін дамыту;
  8. Оқушының пәнге деген үлгерімі, оларды өңдеу сабаққа қатысуы мен тәртібі жайлы мәлімен алу;

9.Демалу мен ойынды ұйымдастыру.

          Компьютер – (латынша  соmputaze-есептеу) ағылшын тілі сөздігінде барлық берілгендерді бағдарламалаушы цифрлық өңдеуші делінген. Соңғы он жылдылдықта «электрондық есептеуші машина», «Цифрлық есептеуші машина» термин–сөздерінің орнына «Компьютер» термин сөзі кең қолданылады. Кез келген берілгендерді түрлендіру және өңдеу, тек есептеу жұмыстарын ғана емес басқа да барлық іс-әрекеттерді орындай алу мүмкіндігіне орай «Компьютер» терминін «Барлық жұмысты орындауға арналған есептеу машинасы» синонимін де қолдануға болады. Дегенмен, «Компьютер»-есептеу дегенді білдіреді. Бейне сынып (видеокласс) – бейне жазбаларды (кино-,теле-, бейнеқондырғы, экран) көрсетуге арналып жабдықталған сынып. Компьютерге жалғанған демонстрациялық құралдарды басқаруды жүзеге асыратын компьютермен жабдықталған бейнесынып мультимедиалық немесе киберсынып деп аталады. Виртуальді әлем (латынша-viztualis-физикалық кеңістік). Виртуальді Әлем – бұл тек адам қиялындағы, мысалы  Компьютер ойыншысының  қиялындағы әлем. Мультимедиялық  технологиялар және виртуальді бас киім, көзәйнек, қолғап тәрізді арнайы бұйымдар көмегімен жүзеге асатын виртуальді орта. Аудиовизуальді дидактика – оқытуда дыбыстық – және жарық техникалық құралдар пайдалану теориясы. Логикалық көрнекілік- түсініктердің  қатынас схемасын жәнекласси физикалық схемаларды экранға жазбаша сөз түрінде енгізілген, сөздік формулировка. Жаңа ақпараттық технология (ЖАТ)- алгоритмдік, бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы мен электронды – есептеуші техника базасында ақпараттарды өңдеу тасымалдау әдістері. Педагогикалық бағдарламалық құралдар пакеті-оқу қызметінің әртүріне және әртүрлі сабақтарда қолданылатын, арнайы оқу пәнін оқып-үйренуге пайдаланалатын компьютерге арналған педагогикалық бағдарламалар пакеті. Білім беруді ақпараттандыру – білім беру мекемелерін басқару жүйесіне және оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Бұл үш кезеңде жүзеге асады: 

1.Жаңа ақпараттық технологияларды жаппай меңгеру (компьютерлік сыныптар, интерактивті бейне, педагогика, психология және физиология мен тағы басқа аралас пәндерге арналған мәліметтер қоры, банкі);

2.Дәстүрлі оқу пәндерін бағдарламалық қамтамасыздандыру (бейне және аудио-материалдар, мультимедиа және гипермәтін жүйелері);

3.Медиакеістікті кеңейтуге бағытталған қашықтан білім беру жүйесін аудиовизуальдіенгізу. Ақпараттық технология – Ақпараттарды тасымалдау, сақтау,жинақтау мен өңдеудің технологиялық және бағдарламалық құралдар жиынтығы. Электрондық оқулық – гипермәтіндік принципте жұмыс істеуге арналған компьютергеенгізілген оқулық.

1.Гипермәтіндік құжат-

2.Оқытушы ойындар-

3.Оқытушы бағдарлама.

   Ондай техникаларды біз күнделікті тұрмысымызда көп қолданып жүрміз. Кеңсе құралдары, бейнетаспа,бейнемагнитофон, кір жуғыш мәшине, кәдімгі мініп жүрген көлігіміз, осының барлығы электроника арқылы басқарылады. Бұларды пайдаланып, жөндеу үшін міндетті түрде мехатроника ғылымын жетік менгеру керек.Ал қолымызда бар мүмкіндіктің өзінен бас тартқан бізге алдағы күні шетелдік мамандарды жалжауға тура келеді. 

                           

 

 

       

Оқыту құралдарын белгілеріне қарай мынадай түрлерге жіктейміз;

      1.Ондағы қолданылатын материалдарға байланысты (сөздік және бейнелік);

      2.Қабылдау түрлеріне орай (көру, есту, көру-есту);

      3.Материалды беру тәсіліне қарай (техникалық  аппарат көмегімен немесе техника  көмегінсіз,  дайын кестелер,  диакадр, кинотаспа);

          Онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру формасына қарай (демонстрациялық құрал негізінде фронтальді және үлестірмелі бейнелік материал негізінде жеке қолдануға арналған).

        Оқытудың  техникалық құралдарының  ішінде қабылдауға арналғандары жиі  қолданылады.  Олар:   1.Оқытудың экрандық құралдары;    2.Оқытудың дыбыстық   құралдары;

   3.Оқытудың экрандық – дыбыстық құралдары.

Ал, компьютерлік техника (ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдары) оқытудың басқа құралдарына қарағанда  өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары  бар,  қолдану мүмкіндігі де кеңірек.

Экрандық оқу құралдарына   диапозитив, транспаранттар, диафильмдер, эпиобъектілер, сондай-ақ үнсіз көрсетілетін киноүзінділер мен кинофильмдер жатады.

Оқу диапозитивтері – оқу және тәрбие мақсатына қолдануға арналған  бейнелер топтамасы. Оларды  фотографиялық  тәсілмен түссіз материалға (шыны немесе таспаға) түсіреді. Сөйтіп, диапроектор көмегімен бейнені жазықтыққа  (экранға) түсіріп көрсетеді.

Транспаранттар - полиграфиялық және фотографиялық жолмен түсірілген түссіз таспадағы  бейнелер. Транспоранттарды  графопроектор көмегімен демонстрациялап көрсетеді.

Эпиобъекті – экранға жарық көмегімен проекцияланатын жазық объектілердегі бейнелер (сызбалар, суреттер, фотографиялар, мәтіндер және т.б).

Оқу диафильмдері - оқу ақпаратын алдын-ала  тізбектей көрсету үшін кадр  түрінде  ені  35 мм түссіз  таспаға фотографиялық  жолмен әзірленген бейнелер  топтамасы.

Оқытудың  дыбыстық  құралдары.  Әртүрлі радиоқабылдағыштар мен  дыбыстық  жазбалар (магниттік  жазбалар, грампластиналар).   Оқытудың экрандық - дыбыстық  құралдары оқу  кинооқулықтар, оқу  теледидар хабарлары, бейнежазбалар, дыбыстық  диафильмдерін  біріктіреді. Кинооқулық - бұл  кинотаспадағы дыбыстық  түрде берілетін  жылжымалы объектілердің позитивтік  фотографиялық  бейнесі.    Оқу  кинооқулық  қорына  кинофильмдер, киноүзінділер  жатады.     Бейнежазбалар - бұл  арнайы  магниттік  таспа  бейнемагнитофон  мен теледидар  камерасы  көмегімен жазылған  бейне және дыбыс.  Теледидар  экранда бейнелеу  үшін  қолданылады.

Енді, информатика  сабағында компьютер мен оқыту  құралдарын  кешендік  пайдалану  әдістемесіне тоқталайық.     Оқыту  құралдарының кешені  деп оқу  бағдарламасының  қандай да бір такырыбын  оқуға  арналған қажетті  және жеткілікті  құралдар  жинағын  түсінеміз. Кешендік  оқыту  құралдарын  арнайы   бір  құрылыммен, яғни оқу үрдісінде  қажетіне  қарай, дидактикалық  мүмкіндігіне  орай,  оларды  бір-бірімен сабақтастыра  отырып, өзара байланысты біртіндеп  тізбектей  қолдану  өте  қажет.   Оқыту  құралдарын  қолдану  үшін  оларды таңдаған  кезде  ең  алдымен  ескеретін  жәйт  олардың  дидактикалық мүмкіндігі, сабақ  тапсырмалары  мен  нақты шарттарын  ескеру керек.   Әрбір кешендік  оқыту  құралдарын пайдаланар  уақытта бірін -бірі  толықтырып отыруы  тиіс.

   Оқытудың ткхникалық  құралдарын  кешенді  қолдануда  мына  төмендегі  мәселеге  басты  назар  аударылады:

    1.Өтілетін  тақырыпқа  қатысты  оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін  анықтап  алу;

    2.Оқушылардың  оқулықтағы  игеретін  материал  көлемін  анықтап  алу;

    3.Оқушылардың танымдық  тәжірибелерін  есепке  алу;

    4.Білім  мазмұнына  элементарлық талдау жасау (оқулық  қолданылады);

    5.Білімнің тізбектей берілуін  анықтаумен  қатар,  дағдылары мен  ебдейліктерін де  біртіндеп  қалыптастыру;

    6.Білуге  қарай   біртіндеп  қадам  жасау;

    7. Әрбір  қадамның  әдістемелік жүйесін  жасау:

              а)   Оқушылардың  танымдық  қызметін  модельдеу;

              ә)   Оқыту әдістерін  жобалау;

              б)   Кері  байланыс  жасау тәсілдерін  жобалау;

              в)   Оқыту  құралдарының  құрамы  мен  қолданылу  мүмкіндігін  анықтап  алу;

Қазіргі психология – педагогикалық әдебиеттерден (53,т.б.) көрініп отырғандай, компьютерлік оқыту –компьютерді оқу процесін басқаруға  пайдалану арқылы іске асырылады. Дәстүрлі оқытумен салыстырғанда мұндағы басты ерекшелік, 3.1-суретте көрсетілгендей, студент пен оқытушы арасына компьютер бірігуі себепті ішкі «студент компьютер» және сыртқы «компьютер-оқытушы» жүйелерінің пайда болуы. Осыған байланысты компьютерлік оқытудың екі түрі пайда болады.

          Компьютерлік оқытулың бірінші түрі, ішкі «студент-компьютер» жүйесіндегі тікелей әріптестік арқылы сипатталынады. Компьютер , студент орындауы тиіс  тапсырманы анықтайды, тапсырманың орындалу дұрыстығын тексереді, қажетті көмек  көрсетеді. Оқыту, негізінен, оқытушысыз жүргізіледі. Іс-әрекетті әрмен қарай жалғастыруға мүмкіндік бермейтін нәтиже алыну қауіпі пайда болғанда ғана оқытушы көмегі қажет етіледі.

Информатиканы оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдаланғанда мынаны ескерген жөн: көру ағзасы есту ағзасына қарағанда миға 5 есе көп ақпарат жібереді. Көру ағзасы арқылы миға түскен ақпарат айтарлықтай кодтауды қажет етпейді, ол адам миына жеңіл, әрі тез, берік қабылданады. Сонымен, оқыту негізі болып, әр уақытта да бақыланған объектілерден қабылданғандар жатады. Неге оқытсақ та, қандай әдістермен оқытсақ та, біз ең алдымен оқушының «Әлемге терезе» болып табылатын оқушылардаң сезім ағзаларына сүйенеміз. Оқушы тыңдайды, оқиды, бақылайды – бұл іс-әрекеттердің бәрінде де оның сезім мүшелері арқылы және қабылдау іске қосылады, ал содан кейін ғана есте сақтау, ойлану, ой қорыту, ақпаратты шығармашылық өңдеу және т.б. жүзеге асырылады. Егер мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетіне, қызметіне әсер еткісі келсе, ол алдымен олардың көру және есту сезімдік мүшелеріне әсер етеді. Сөйтіп, адам ақпараттың көп бөлігін осы анализаторлар көмегімен қабылдайды [1]. Сондықтан адамның түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Адам көру сезімінің көмегімен 180 түрлі түсті қабылдай алады. Түс пен оның қосылыстарының безендіру мүмкіндігі шексіз. Түрлі түстер адамның көңіл-күйіне түрліше эмоциялық әсер ететіні белгілі. Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Түстер комбинациясы да адамға түрліше әсер етеді. Компьютерді қолданғанда оқушылардың түстер мен формаларды қабылдауының физиологиялық ерекшеліктерінде есте ұстаған абзал. Сонымен бірге құрамында қозғалып тұратын объектілері (анимация) көп оқу материалын қабылдау өте қиын, себебі қозғалып тұрған объект адамның назарын өзіне аударады. «Анимациялық интерфейс - өте күшті қару, сондықтан оны аса сақ қолдану қажет.

В.Г.Болтянскийдің редакциясымен басылған «Комплексы учебного оборудования по математике» деген еңбегінде оқу құрал-жабдықтар кешенін пайдалануға әдістемелік нұсқаулар жеткілікті дәрежеде берілген десекте, бүгінгі нарықтық экономика заманында, ақпарат ғасырында бұл мәселені жетілдіру қажеттігі туындап отыр. Қазіргі  уақытта дәстүрлі оқытудың  техникалық   құралдарымен  бірге  дербес  компьютерді  пайдалану  әдістемесі  де  қолға  алынып, бірқатар әдістемелік  зерттеулер  жүргізілуде. Дегенмен,  компьютерді  оқу құрал-жабдықтар  кешендік жүйесінің  бір  буыны  ретінде немесе,  оқытудың  техникалық  құралдарының  орнына  олардың  орнын алмастырып  қолдануға арналған  әдістемелік  ғылыми  зерттелген  жұмыстар  жоқтың  қасы. Қазіргі кезде информатиканы оқытуда оқу құрал жабдықтар кешенін  қолдануға  орай, әдіскерлердің  алдында  оқытудың  көрнекілік  принципін  жүзеге асыруда компьютерлік технологияны тиімді пайдалану мәселесі  тұр. Себебі, компьютерді біріншіден, техникалық құрал – яғни, оқу құрал-жабдықтарының бір буыны ретінде пайдалана отырып, екіншіден, осы компьютер арқылы оқытудың техникалық құралдарының атқаратын мүмкіндіктерін алмастырып пайдалансақ, онда біз жедел түрде компьютерлік технологиялық оқыту мәселесін шешуіміз керек. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерінің көптігіне қарамай, бұл мәселе күні бүгін маңызы артпаса  оны жоғалтқан жоқ, себебі, компьютерлік технология арқылы көрнекілік принципті жүзеге асыруға болады. Қазіргі уақытта ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты және де білім беру жүйелерінің компьютерленуіне орай Қазақстандық ғалымдар да бұл үрдістен шеткері қалмай, әдіскерлер мен математиктер, мектеп мұғалімдері жаңа талаптарға сай қыруар істер атқаруда. Информатика бойынша қазақ мектептеріне арналған типтік бағдарламада жаңа бөлімдер енгізіліп, информатикадан берілетін ақпарат бөлімі ұлғайған. Бұл өз кезегінде информатика пәні мұғалімінен арнайы дайындықты қажет ететіндігі белгілі. Әрі аз уақыт ішінде керекті білімді беру – мұғалім міндеті. Міне, мұғалім алдында тұрған күрделі міндеттің бірі – информатикадағы дерексіздікті оқу құрал-жабдықтар кешені көмегімен жүйелі түрде жеткізе білуі, оқу материалын түсінуде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, қажетті білімді, ебдейлік пен дағдыны қалыптастыру, сондай-ақ қолданбалыққа үйрету күн тәртібінен түспеуі тиіс. Өйткені жалпы білім беретін орта мектеп информатика сабағын компьютерлік технология және оқытудың техникалық құралдары, көрнекі құралдар, яғни оқу құрал-жабдықтар кешені көмегімен жаңа сабақ  өткен кезде  оқушылар «құлақ-ми» жүйесі бойынша секундына 50 бит ақпарат қабылдайды екен. Оқушылар айналадағы қоршаған заттар туралы ақпараттың 90 %-ін көру,  есту арқылы - 9%, сипап сезу арқылы -1% ақпарат қабылдайды. Бұдан адамзат баласы есту арқылы есту ақпаратының 15 %-ін есте сақтайды, ал көру арқылы көрген ақпараттың 25 %-ін, ал есту және көру арқылы 65% ақпаратты есте сақтайды. Ақпаратты қабылдаудың негізгі арналары болып есту және көру мүшелері болып табылады. Сонымен адам баласының қабылдауын мұқият зерттеген физиологтардың еңбектеріне сүйенген психолог-педагог мамандар адамның жоғары жүйке жүйесі қызметінің негізінде оқу үрдісінде қолданылатын компьютерлік технология көмегімен мұғалім сөзін сабақтастырған жағдайда өтілген материалдарды меңгеру жоғары дәрежеге жетеді деп есептейді.   Қазіргі  уақытта дәстүрлі оқытудың  техникалық   құралдарымен  бірге  дербес  компьютерді  пайдалану  әдістемесі  де  қолға  алынып, бірқатар әдістемелік  зерттеулер  жүргізілуде. Дегенмен,  компьютерді  оқу құрал-жабдықтар  кешендік жүйесінің  бір  буыны  ретінде немесе,  оқытудың  техникалық  құралдарының  орнына  олардың  орнын алмастырып  қолдануға арналған  әдістемелік  ғылыми  зерттелген  жұмыстар  жоқтың  қасы. Қазіргі кезде информатиканы оқытуда оқу құрал жабдықтар кешенін  қолдануға  орай, әдіскерлердің  алдында  оқытудың  көрнекілік  принципін  жүзеге асыруда компьютерлік технологияны тиімді пайдалану мәселесі  тұр. Информатиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолдана отырып, информатика пәні мұғалімі сабақта жұмыс нәтижелерін кесте немесе сызба түрінде дисплей экранына, қағазға шығарып беруге мүмкіндік туғызады. Оның мәтіндік және графикалық редакторлары арқылы әр түрлі алфавиттік – цифрлық мәліметтерді даярлауға, формулалары бар мәтіндерді жазуға, суреттерді, кесте түрінде берілген сандарды, диаграммаларды, графиктерді салуға ыңғайлы. Компьютерді оқыту құралы ретінде үйретуші – оқытушы бағдарламалар арқылы білім беру процесінде қолданыла бастауы мектеп практикасында шәкірттердің өз бетінше жұмыс істеуіне мол мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде мұғалім компьютерлік технология арқылы информатиканы оқытуда информатикалық формулалар, графиктер, сызбалар, иллюстрациялар салып, әртүрлі іс-әрекеттер  орындап, жас шәкірттерге сапалы білім беруде ақпараттық дәуір заманында оқушыларды өмірге, нарық заманына бейімдейді. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде оқушы – оқулық – мұғалім жүйесі қалыптасқан. Жоғарыда аталған өзекті мәселені шешудің бірден-бір жолы қазіргі компьютерлік технологияның соңғы жетістіктерін информатика сабағында орнымен, әрі тиімді пайдаланып, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін қолдана аламыз. Есептеуіш техниканың білім саласына кең көлемде енгізілуі қолданбалы бағдарламалардың, әсіресе “компьютерлік технология”, “компьютермен оқыту” т.б. терминдердің шығуына алып келді.  Компьютерлік  технологияның   пайда болуы  орта  мектептегі  кез  келген  пән үшін  оқытуды  компьютерлік  технологияны  қолданып  жетілдіру  мүмкіндігін  қарастыруға  әкелуде.  Орта мектептерде  информатиканы оқытуда компьютерлік  технологияны  қолданып,  мұғалімдер мыналарды орындайды: Сабақ кестесі; сурет салу; күнтізбелік-күнделік;  оқу материалдарының конспектісі; оқушылар жайлы мәліметтік қор құру;  оқу үлгерімі жиынтығына арналған кесте, диаграмма тұрғызу; кеспе, үлестірме қағаздарын дайындау; графикалық редакторлар көмегімен геометриялық фигуралар салу; шаблон бойынша слайд құру;  презентацияда объект анимациясын баптау, дыбыс қосу; информатика сабағында электрондық оқулықтарды қолдану; компьютерлік оқытушы бағдарламалармен жұмыс істеу; жаттықтырушы  бағдарламаларды қолдану; күнтізбелік-тақырыптық жоспар түзу; плакат материалдарын ЭЕМ-де әзірлеу; компьютердің есептеу мүмкіндіктерін пайдалану; тест әзірлеу; бүкіл әлемдік интернет желісін, компьютерлік желі қызметтерін пайдалану; реферат жасау; ғылыми баяндамалар жазу; электрондық почтамен жұмыс және т.б. жұмыстар.

Әрбір информатика пәні мұғалімі өзінің кәсіптік қызметінде компьютерлік технологияны тиімді пайдалана алуы – уақыт талабы. Мұғалім компьютерді іске қосудан бастап, пернетақта және тышқанмен жұмыс істеу, бағдарламалық пакеттер (WORD, PAINT, EXCEL, ACCESS,POWER POINT, INTERNET EXPLORER және т.б.), Corel Draw, PhotoShop- жұмыс істей отырып, мыналарды орындайды:

  • Сабақ кестесі;
  • Сурет салу;
  • Күнтізбелік-күнделік;
  • Оқу материалдарының конспектісі;
  • Оқушылар кестесін арнайы кестеде жасау;
  • Оқушылар жайлы мәліметтік қор құру;
  • Оқу үлгерімі жиынтығына арналған кесте, диаграмма тұрғызу;
  • Кеспе, үлестірме қағаздарын дайындау;
  • Графикалық редакторлар көмегімен геометриялық фигуралар салу;
  • Шаблон бойынша слайд құру;
  • Презентацияда объект анамациясын баптау;
  • Презентацияға дыбыс қосу;
  • Информатика сабағында электрондық оқулықтарды қолдану;
  • Компьютерлік оқытушы бағдарламалармен жұмыс істеу;
  • Тренажер бағдарламаларды қолдану;
  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспар түзу;
  • Плакат материалдарын ЭЕМ-де әзірлеу;
  • Компьютердің есептеу мүмкіндіктерін пайдалану;
  • Тест әзірлеу;
  • Бүкіл әлемдік интернет желісін пайдалану;
  • Компьютерлік желі қызметтерін қолдану;
  • Реферат жасау;
  • Ғылыми баяндамалар жазу;
  • Электрондық почтамен жұмыс және т.б. жұмыстарды атқарады деп есептейді әіскер  Н.Ю.Пахомова.

Қазіргі заман талабына орай, информатиканы оқытуда интернетті пайдаланып, төмендегі іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынамыз:

1. Мультимедиялық түрдегі кітап, лекция, әдістемелік құралдар, ғылыми газет-журналдарды

    оқу;

  1. Педагогикаға қатысты компьютерлік оқытушы бағдарламаларды қолдану;
  2. Электрондық кітапхананы қолдану;
  3. Берілгендер қорын пайдалану;
  4. Ақпараттық-анықтамалық жүйені пайдалану;
  5. Электрондық почтаны қолдану;
  6. Электрондық телеконференция өткізу;
  7. IRC (Internet Relay Chat);
  8. Каталог іздеу;
  9. Іздеу жүйесін қолдану;
  10. Мета іздеу жүйесін пайдалану және т.б.

Жоғарыда айтылғандарды баяндай келе, жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәні мұғалімдерін компьютерлік сауаттылыққа үйретіп, электрондық оқулықтармен жұмыс істеуді меңгертуіміз керек. Сонымен бірге, олар сабағында интернетті де тиімді пайдалана алатындай болуы қажет. Информатика сабағында компьютерлік технологияны тиімді пайдалану кезінде информатикалық фигуралар, бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы да көрнекілікті кеңейтеді. Компьютерлік технология оқу процесін дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар инновациялық оқыту әдістерін қалыптастыруда және жаңа ақпараттық технология білім беруді жетілдіру ісінде төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: 1) әрбір жеке тұлға үшін ашық білім беру жүйесін жасау; 2) білім беру саласын ақпараттық-әдістемелік жағынан жабдықтау; 3) оқу процесін автоматтандыру; 4) даралап оқыту; 5) тест жүйесі арқылы білімді бағалау; 6) қашықтан оқытуды ұйымдастыру, т.б. Сондай-ақ информатика сабағын оқытуда компьютерлік технология арқылы суреттерді, яғни геометриялық фигураларды қозғалысқа келтіру, түр-түсін өзгерту, оған дыбыстар қосу мүмкіндігі көрнекілік  принципінің жүзеге асырылуы болып табылады. Көрнекілік принципінің жаңаны тануда, бейнені елестетуде, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп, ондағы обьектілерді өзгерте алады. Ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сонымен бірге, жаңа өтілген материал оқушыға компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Осының нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып,  шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан  алады.  Уақыт талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде компьютерлік технологияны тиімді пайдалану – білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

     Компьютерлік технология оқу процесін дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар инновациялық оқыту әдістерін қалыптастыруда және жаңа ақпараттық технология білім беруді жетілдіру ісінде төмендегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: 1) әрбір жеке тұлға үшін ашық білім беру жүйесін жасау; 2) білім беру саласын ақпараттық-әдістемелік жағынан жабдықтау; 3) оқу процесін автоматтандыру; 4) даралап оқыту; 5) тест жүйесі арқылы білімді бағалау; 6) қашықтан оқытуды ұйымдастыру, т.б. Сондай-ақ информатика сабағын оқытуда компьютерлік технология арқылы суреттерді, яғни геометриялық фигураларды қозғалысқа келтіру, түр-түсін өзгерту, оған дыбыстар қосу мүмкіндігі көрнекілік  принципінің жүзеге асырылуы болып табылады. Көрнекілік принципінің жаңаны тануда, бейнені елестетуде, материалды ұзақ есте сақтауда тиімділігі жоғары. Компьютерде оқушылар графикалық бейнелерді түрлендіріп, ондағы обьектілерді өзгерте алады. Ал оқу киносы мен теледидарда мұндай мүмкіндіктер жоқ [3]. Сонымен бірге, жаңа өтілген материал оқушыға компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Осының нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып,  шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылады. Сондай-ақ, оқытушылар да өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан  алады.  Уақыт талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде компьютерлік технологияны тиімді пайдалану – білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Оқыту процесі жалпы оқу құрал жабдықтар кешендік жүйесі арқылы іске асырылады. Оның ішінде компьютерлік оқытудың келешегі зор. Оларға материалдық және материалдандырылған оқыту объектілері жатады. ”Оқыту құралдары” толық бір жүйені құрай отырып, информатика пәнінің  немесе сабақтың мақсаты мен мазмұнын толық ашуы тиіс. Мұндай жүйені “Оқыту құралдарының”оқу әдістемелік кешені деп қабылдасақ, онда ол құралдардың пайдалану реті, әдістемесі яғни “Оқыту технологиясы” жөнінде сұрақ туатыны сөзсіз.     Егерде, оқытудың мақсаты бегілі бір білім, біліктілік пен дағдыны меңгерту болатын болса, онда бұлардың қалыптасуы біріншіден – адамның ой-әрекетінің қалыптасуына байланысты екені сөзсіз.

     Білімді меңгеру процесінде ой әрекетінің қалыптасуы шартты түрде 6 кезеңнен өтеді.

  1. Алдын-ала әрекет мақсатымен таныстыру, яғни оқытушыға мотивизациялық әрекет тудыру.
  2. әрекет мақсатымен, объектісі жөнінде мағлұмат, яғни,әрекеттің бағдарлық сұлбасын түзу.
  3. Материалдық немесе материалдандырған әрекетті қалыптастыру, осының арқасында  әрекет мазмұнын ұғыну.
  4. Ойдан тысқары әрекет қалыптастыру.
  5. Әрекеттің қысқартуы және автоматтандырылуы.
  6. Әрекеттің қалыптасқан ой жоспары арқылы істелінуі.

     Жоғарыдағы аталғандар оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға болатынына қол жеткізді. Олардың тәртібі ”Оқыту технологиясына” алып келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.  Бастауыш информатика пәнін оқытуда оқу құрал-жабдықтар жүйесін кешендік пайдалану әдістемесі

2-сабақ

1. Н.Ермеков.  2-сынып информатика оқулығы (Алматы,  «Атамұра», 2005) бойынша  «Алгоритм» тақырыбын оқытуда компьютерді пайдалану әдістемесін қарастырамыз:

Сабақтың тақырыбы:  «Алгоритм»

Сабақтың мақсаты: «Алгоритм» түсінігімен таныстыру

Сабақтың әдісі: Компьютерлік оқыту

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың барысы:

-Ұйымдастыру  бөлімі.

-Үй тапсырмасын тексеру.

§1 .

-Жаңа сабақ.

 

1-кесте. Файлдың басы.

 

 

Экранда:             

 

 

 

 

 

 

 

 

8-кесте. Файлдың соңы.

-Жаңа сабақты бекіту.

-Оқушылардың білімдерін бағалау.

-Үйге тапсырма беру.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар [9]

 

 

 

Бастауыш мектеп информатика курсын оқытуда пайдаланылатын оқу құрал-жабдықтар кешендік жүйесі. 

 

Төменде оқытудың техникалық құралдарының тізбесімен суреттері келтірілді.

1-суретте:   Диапроектор «Свитязь»

 

 

 

 

2-суретте:   Диапроектор «Протон»

 

 

 

 

 

 

3-суретте:   Слайд-проектор

 

 

 

 

Оқытудың техникалық құралы

4-суретте:  Теледидар

 

 

 

 

5-суретте:   Бейнекамера

 

 

 

 

 

6-суретте:  Мультимедиялық проектор

 

 

 

7-суретте:  Электрондық тақта

     

8-суретте:  Презентациялық тақта.

 

9-суретте: Монитор.

 


 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. А.Бочкин.   Методика   преподавания   информатики.   Минск"
Вышэйшая школа"   1998. - 430 стр.

2. К.Халықова  Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000.

3. Ә.Бүркіт. Компьютерлік технология негіздері. Шымкент, 1998.

4.Ә.Бүркіт. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 1998.

5.Н.Ермеков. Информатика 8-сынып. Алматы: Жазушы, 2001, 187 бет.

6.Н.Ермеков,     Ж.Қараев,     В.Криворучко,      В.      Кафтункина
Информатика 9-сыньш, Алматы: Жазушы, 2001, 183 бет.

7.А.Ершов.     Компьютеризация    школы    и    математическое
образование.     Основные     ңаправления    работ    по    программе
"Информатизация образования", ИнфО.   1992. N 5,6.

8. Н.Сафронова. Теория и методика обучения информатики. Москва, 2008.

9. А.Карпова. Осуществление принципа наглядности. Ярославль, 2007.

10. А.Қоянбаев. Педагогика, Астана, 2006.

11. Г.Жақыпбекова. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент , 2005.

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-06-03 22:46:31     Қаралды-7435

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »