UF

 

 

ЖОСПАР

Кіріспе...................................................................

I Тарау. Қазақстан Республикасының қылмыстық қүқығы бойынша адам    өлтірудің түсінігі

І.І       Адам өлтірудің үғымы

1.2       Қылмыстық заң бойынша адам өлтірудің түрлері және зандылық сипаттамасы

II Тарау. Ауырлататын және жеңілдететін жағдайлары жоқ қасақана адам   өлтіру және ауырлататын жағдайдағы қасақана адам өлтіру.

2.1       Ауырлататын және жеңілдететін жағдайлары жоқ қасақана адам     өлтірудің үғымы және заңдылық сипаттамасы

2.2      Ауырлататын жағдайдағы қасақана адам өлтірудің түрлері және  зандылық сипаттамасы

III Тарау. Жеңілдететін жағдайда  адам өлтірудің түрлері заңдылық  сипаттамалары

З.І       Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі

3.2                  Жан күйзеліс жағдайында болған адам өлтіру

 

3.3       Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру

3.4       Қылмыс жасаған адамды устау үшін қажетті

шаралардың   шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру

Қорытынды...................

Қолданылған әдебиеттер

 

КІРІСПЕ

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, қүқықтың мемлекет болып жарияланганына Южыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны мәлім. 1997жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі қабылданып, ол 1998жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енді.

Қазақ ССР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық Кодексінің нормалары кейбір өзгерістерге сай келмегендіктен, жаңа Кодекстің қабылдануына байланысты өз күшін жойды.

Жаңа қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.

Қазақ ССР-ң 1959 жылғы Қылмыстық Қазақ ССР-ң 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде түңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға кұқыққа қарсы қаза келтіру деп Қылмыстық Кодекстің 96 5абында тура көрсетілген. Осыған орай Қазақ ССР-ң 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің ішіндегі қасақана адам өлтірудің ерекшеліктері, яғни бүрынғы Қылмыстық кодексте қасақана адам өлтіруге адам өлтіру, жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру ғана болып келетін болса, ал жаңа кодексте қасақана адам өлтіруге қосымша жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі

 

және қылмыс жасаған адамды үстау үшш қажетп шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру қосылған.

Сонымен айтатын жайт жаңа қабылданған кодекстің герендетіле түсуі.

Егср Оңтүстік Қазақстан Облысындағы 2000 жылғы және 2001 жылғы жасалған қасақана адам өлтірудің статистикасына гоқталып кететін болсақ, яғни қасақана адам өлтіруге:

1.  Адам өлтіру (ҚР ҚК-ң 96 б)

2.  Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚР ҚК-ң 976)

3.  Жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру (ҚР ҚК-ң 986)

4.  Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру (ҚР ҚК-ң 996)

5.  Қылмыс жасаған адамды үстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру  (ҚР ҚК-ң 1006) болып табылады.

інді   осы   жайттарды   жеке-жеке   статистикаға   байланысты сдрастыръш кетелік. Мысалы: Оңтүстік Қазақстан Облысының ЮООжыл     және      2001жылғы      қасақана      адам      өлтірудің ггатистикасын қарап шыгар болсақ, яғни. ідам өлтіру (ҚК-966) 2000жылы 112 қылмыс жасаған, оның

[08 қылмысы ашылмаған және 106 қылмыс сотқа берілген, Іл 2001 жылы 133 қылмыс жасалган, одан 111 ашылып, 109 ;отқа жіберілген.

Жаца туган сәбиді анасының өлтіруі (ЩК-976) - 2000жылы 4 ;ылмыс жасалған, оның 2 ашылып жөне 1 сотқа жіберілген. ЮОІжылы 3 қылмыс тіркелген, 1 қылмыс ашылып және сотқа кіберілген.

 

 

 

Жан куйзелісі жегдайында адам өлтіру 2000жылы 4 қылмыс тіркелген, олардың 4-уі де сотқа жіберілген.

Сонымен көріп отырғандай адам өлтіру 2001 жылы 2000 жылға қарағанда өсіп отыр, ал жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі азайған.

Жүмыс үш тараудан және қорытынды бөлімінен түрады. Бірінші тарауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық қүкық бойынша адам өлтірудің түсінігі және түрлері. Екінші тарауда Ауырлататын және жеңілдететін жағдайлары жоқ қасақана адам өлтіру және ауырлататын жағдайдағы қасақана адам өлтірудің түрлері және завдылық сипаттамалары.

Бітіру жүмысына жас, егемен Қазақстан Республикасының Ата заңы, одан туындайтын қылмыстық қүқылық заңдары. Сондай-ақ кеңес үкіметі түсында белгіленген, әлі де пайдалануда жүрген Қылмыстық кодекстерді әдістемелік негіз ретінде алдым. Алыстағы және жақындагы шетелдік арнаулы әдебиеттер, философиялық, әлеуметтік, психологиялық ғылыми зерттеулер кеңінен пайдаланылды.

I ТАРАУ    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҮҚЫҒЫ БОЙЫНША АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮСІНІП ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

§ 1 АДАМ ӨЛТІРУДЩ ҮРЫМЫ

Заң саласында кейбір қылмыстарға анықтама берілмеген (мысалы: үрлық, альш-сатарлық), кімді өлтіруге анықтамасы берілмеген. Бір жағынан қарасақ, бүған анықтама берудің қажеті жоқ секілді, өйткені кісі өлтірудің өзі анықтама. Бірақ бұл түсінік түрмыстық өмірде қылмыстың завды сипаттамасын ашып бере алмайды. Қылмыстық заңында мағынасы бойынша кісі өлтіру түсінігі өте тар аумақта көрсетілген, кісі өлтіргеніне байланысты жауапқа тарту үшін сол қылмыстың жасалғанын дәлелдейтін белгілері болуы қажет. "Кісі өлтіру" термині XIX гасырдың екінші жартысында пайда болды.

"Кісі өлтіру" түсінігі адамның өмірі мен өлімі тығыз байланысты, сондықтан өмір мен өлім түсінігінің мағынасы анықтамай кісі өлтіру анықтамасы туралы сөз ете алмаймыз.

Қазақ КСР-нің 1959 жылы қылмыстық Кодексінде адам өлтірудің зандылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылы қабылданған жаңа қылмыстық Кодексте түңғыш рет адам өлтірудің завдылық түсінік берілген. Адам өмірі нәрестенің туылған сәтінен яғни анансының денесінен бөлініп шығып тыныс алуы арқылы оның өкпесі жұмыс істеген уақытынан басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.

"Заң жөне замап" 1999ж. қараша-желтоқсан 6

 

Биологиялық көз қарас бойынша адамның өмірі үздіксіз іат алмасуда,тамақтанудан, және сыртқа шығарудан түратыны белгілі. Осы қызметтердің бітуімен адамның өмірі де аяқталады. Адамның өмірінің шегін анықтау үшін осы сөздің мағынасы зор. Өмірдің пайда болу босану процесінің бастауымен тығыз байланысты. Ал өмірдің аяқталуын табиғат және қашып қүтыла алмайтын түрі организмнің қартаюының нәтижесінде физиологиялық өлімі.

Медицина саласында өмірдің басты кезеңі жөніндегі мәселе әлі талданып келеді. Кейбір авторлардың көзқарастары бойынша адамның өлімі тыныс алуы мен жүрек үрысы тоқтаған кезінен басталады деп есептейді. Ал басқалардың ойынша жүрек қағысы емірдің абсолютті дәлелі емес деп есептейді.

Бас миында және орталық нерв жүйесінде органикалық өзгерістер пайда болған кезінен бастап адамның өлетіні даусыз қабылданған. Осы өзге істердің басталғанына дейін адамның өлімі клиникалық дене аталады. Клиникалық өлім пайда болғаннан кейін тыныс алуымен жүрек қағысын қайта орнына келтіріп, адамды өмірге қайтарған жагдайларда кездеседі. Әсіресе, медициналық ғылым мен реаниматология саласындағы тәжірибенің жетіліп дамыған соңғы жылдарында оның бір кзеңінде қүбылыс деген үғым өзгерді.

Адамның шын мәнінде өлгенін тек биологиялық өлім ғана ойландырады,яғни, қайта орнатылмайтындай организмнің жойылуы, жүрек қызметі тоқтағанда ірі артериялардағы пульсация жойылғанда тыныс алу, орталық нерв жүйесінің функциясы тоқтағанда. Осы аталган белгілер түрақтанғаннан кейін ЗОминут өткен соң биологиялық өлім басталады деген.

 

Адамдардың кейбіреулері ауруға немесе күш көрсету байланысты өз уақытынан бүрын потологиялық өлімі нәтижесінде қайтыс болады. Потологиялық өлімде күш көрсету түрінің бірі — кісі өлтіруде жатады.

Қүқылық тәртіп бойынша өміріне қиюдың, бақытсыз жағдайдың өзін-өзі өлтірудің, кісі өлтіруден айырмашылығы қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімінен белгіленгендей қүқыққа қарсы әрекет болып табылады.

Қорыта келгенде кісі өлтіру дегеніміз - Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімінен қарастырылған басқа адамның өміріне қол сүғып, оған өлім келтіретін кінәлі қылмыс.

§ 2 ҚЫЛМЫСТЬЩ ЗАҢ БОЙЫНША АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРЛЕРІЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЬЩ СИПАТТАМАСЫ

Адам өлтірудің түрлері: қасақана және абайсызда.

Қылмыстық  заңда және  сот  тергеу  практикасында  ең  көп

кездесетін кінәнің нысаны қасақана болып табылады. Тікелей

және жанама ниетпен жасалған  әрекет қасақана    жасалған

қылмыс деп танылады. Қасақана қылмыс істегендердің басым

көпшілігі өзінің іс әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екенін

сезеді. Бірақ та кылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе

екетсіздікті білмей істейтін жәйттерде кездесіп қалуы мүмкін.

Мысалы;     Түзеу    мекемелерінде     тергеу     изоляторларында,

Тәрбиелеу    немесе     емдеу    профилакторилерінде     үстайтын

адамдар   ішімдіктерін,    дәрігерлік    немесе    есірткі    заттарды

жасырып беру немесе кез-келген әдіспен беруге әрекеттенудің

қылмыстык заң тыйым салган, жазалайтын әрекет екенін бәрі

 

біле  бермейді.   Соған   қарамастан   адамның   мүндай   әрекет қасақана кылмыс істегендік болып есептелінеді.

Ал, абайсызда адам өлтіру, орта есеппен әр бір оныншы қылмыс

Ібайсыздықпен істелінеді екен кейбір жағдайда абайсыздықпен

істелінген қылмыстардан келетін зардабы, жүгі ауыр болады.

Менмендікпен    немесе    немқүрайлықпен    жасалған,    әрекет

абайсызда   жасалған   әрекет   болып   табылады.   Абайсыздық

қылмыс әртүрлі жағдайда кездесуі мүмкін. Мысалы: Мәліков

деген      азамат Шардара қаласындағы,  Қызылқүм өзенінен,

өзінің жекеменшік моторлы, қайығына үш адамның орнына

бес   адамды    отырғызып    өзеннің    арғы    жағынан    өткізіп

ітастамақшы болған. Өзеннің орта түсына келгенде қатты су

толқынының әсерінен қайық аударылып, К деген азамат суға

кетіп қаза болған Мәліков қайыққа артық адам сыйғызғанда,

өзінің ептілігіне сүйеніп оларды өткізуде, қайықтың  аударуына

жол бермеймін деген өзіне-өзі сенушілікпен қылмыс істеген

деп сот үкімі көрсетілген.

Қасақана кісі өлтірудің  өзі: жай кісі өлтіру ҚР-ның 96-шы

бабының     1     тармағы     бойынша     ауырлататын     жағдайда

жасалынғандар. Ауырлататын және жеңілдететін жағдайда кісі

өгіруге   жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚР-ның 97 б),

жан күйзеліс жағдайында болған адам өлтіру (ҚР-ның 98 б),

қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру

ҚР-ның 99 б), және қылмыс жасаған адамды  үстау үшін

қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру

ҚР-ның 100 б) больш табылады.

Ашбаев "Қылмыстык, құқық" Жаллы бөлІм. Алматы 1999ж.

 

 

Қылмыстық Кодекстің 96 бабына сәйкес ауырлататын жағдайда жасалған кісі өлтіруге жататындар:

1.  Кісі өлтіру, яғни басқа адамға қүққа қарсы қасақана қаза келтіру.

2.   Кісі өлтіру.

А)  Екі немесе одан да көп адамдарды өлтіру. Б)  Осы адамдардың қызметтік іс әрекетін жүзеге асыруына не        кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру. В) Дәрменсіз жағдайда екені белгілі адамды үрлау мен не

кепілге          алумен штасқан кісі өлтіру.

Г) Жүкті екндігі белгілі әйел адамды өлтіру.

Д) Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру.

Е)  Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған

кісі өлтіру.

Ж) Үымдасқан топ жүзеге асырған кісі өлтіру.

3)   Пайда табу мақсатымен сол сияқты жалданып кісі өлтіру.

И) Бүзақылық ниетпен кісі өлтіру.

К) Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету

мақсатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе

жыныстық қатынас  сипатындагы күш көрсету әрекеттерімен

үштасқан кісі өлтіру.

Л)    Әлеуметтік,  үлттық,  нәсілдік,  діни  өшпенділік немесе

арыздық не қанды кек себебі бойынша кісі өлтіру.

М)      Жәбірленушінің   мүшелерін   немесе   тінін   пайдалану

мақсатымен жасалған адам өлтіру.

Н) Осы Кодекстің 97-100 баптарында көзделінген әректтерді

де қоспағанда бүрын адам елтірген адам жасаған адам өлтіру.

 

 

 

 

II ТАРАУ   АУЫРЛАТАТЫН ЖӘНЕ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН

ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖОҚ ҚАСАҚАНА АДАМ ӨЛТІРУ ЖӘНЕ

АУЫРЛАТАТЫН ЖАРДАЙДАҒЬІ  ҚАСАҚАНА АДАМ

ӨЛТІРУ

£7 АУЫРЛАТАТЫН ЖӘНЕ ЖЕЩЛДЕТЕТШ ЖАРДАЙЛАРЫЖОҚ (ЖАЙ) ҚАСАҚАНА АДАМ ӨЛТІРУДЩ ҮШМЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЬЩ СИПАТТАМАСЫ

Қылмыстық Кодексінің 96 бабы 1-ІІІі тармағымен қарастырылған қасақана кісі өлтіру немесе "жәй„ кісі өлтіру қылмыстың осы түрінің негізгі қүрамы болып табылады. Сондықтанда қасақана кісі өлтіруді квалификациялау барысында туындаған мәселелерді осыдан бастау қажет.

Кісі өлтіру-басқа адамның өміріне қастық жасайтын және оған өлім келтіретін кінәлі әрекет.

Кісі өлтіру күш көрсету арқылы кісі өлтірудің басқа түрлерін айқын ажыратылуы тиіс. Мысалы, өзін-өзі өлтіруден, бақытсыз жағдайдан. Бүл қылмыстар үшін жауапкершілік қарастырылмаған.

Адам өлтіру — жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыры. Қылмыстық Кодекстің 96 бабының 1-бөлігі, адам өлтіру дегеніміз-басқа адамға қүқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп атаймыз.

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодсксі түсінік" Алматы 2001ж.

 

Адамның өмірі табиғат берген, маңызды әлеуметтік қүндылық, ал оны туғаннан иемденеді. Адам өлтіру объектісі — адамның өмірі, ол адамның азаматтығына, үлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналысатынына, денсаулық ахуалына, біліміне, т.б. байланысты емес. Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де, оның келісімі мен қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады. Жәбірленушінің кім екендігін білмей қалу қасақана адам үшін жауаптылыққа әсер етпейді.

Өмірге қастандық жасау объектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы және ақырғы кезевдерін анықтау қажет.

Қылмыстық-қүқықтық түргыдан алғанда, адамның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта өмір бар деп саналады.

Қылмыстық завда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді, яши ми қабы клеткаларының бір жола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтаган кезін алады. Биологиялық өлімнен басқа "клиникалық өлім" деген түсінік бар, бүл жағдайда адмның жүрегі тоқтап қалады.

Адамға клиникалық өлім келтірсе, бірақ ол адамның жүрегі кейін соғып қалпына келсе, мүндай іс- әрекет өлтіруге оқталгандық болып сараланады. Сонымен қатар, клиникалық өлім жагдайындагы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады. Қылмыстың объективтік жағы адам өлтіру әрекетпен де әрекетсіздікпенде жасалуы мүмкін. Адамды өмірінен күш қолданып та, (жарақаттау, түншықтыру, уландыру, т.б.), психикалық ықпал жасапта (қорқытып үрейлендіріп, жадған лақап таратып, т.б.), айыруға болады.

 

Қогамға қауіпті зардаптың адам өлімінің болуы- бүл қылмыстың объективтік жагының міндетті нышаны. Адам өлтірудің барлық түрлері жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі. Адам қаза таппаса бүл қылмыс аяқталды деп саналмайды.

Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуы мен сипатталады. Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын, ондай зардаптың болуы мүмкін екенін немесе қалайда болмай қалмайтынын біледі, соны тілейді, ягни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына саналы түрде жол берсе не ондай зардаптың болуына немқүрайлы қараса- жанама ниет танытады.

Адам өлтірудің субъектісі — жасы 14-ке толған, есі дүрыс адам. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады.

Қылмыстық Кодекстің 96-щы бабының 1-ІІІі бөлігінде көзделген адам өлтіру- адам өлтірудің қарапайым деп аталатын түріне жатады.

# 2 АУЫРЛАТАТЫН ЖАРДАДАШ АДАМ ӨЛТІРУДЩ ТҮРЛЕРІЖӘНЕ ЗАҢДЫЛЬЩ СИПАТТАМАСЫ

1 Азаматтардың қызметін немесе қоғамдық борышын орындауы, олардың маңызды міндеті болып табылады. Сондықтанда қызметінің немесе қогамдық борышына адал

қарау,   сол   борышын   орындаушы   азаматтың   өмірі   заңның қорғауы соның ішінде қылмыстық заңында.

Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 2 бөлігі "б" тармағы бойынша квалификациялауға тиіс кісі өлтіру жәбірленушінің қызметтік немесе қоғамдық әрекетінен туындаған кекшілдік салдары бойынша жасалынған болады. Кісі өлтіру былай квалификациялау кекшілдік себебін анықтамаған да мүмкін, яғни жәбірленушінің қүқықтық қызметіне немесе кінәліге кандай да бір себептен тиімсіз алда болатын қызметіне немесе қоғамдық қызметке байланысты кедергі жасау мақсатымен жасалынады.

Қызметтік борышты орындау деп мемлекеттік, кооперативтік және іс-әрекетті заңға қайшы келмейтін белгілі тәртіппен бекітілген кәсіп орындар не болмаса үйымдармен жасалған еңбек шартының туындайтын, ягни оның міндетіне кіретін кісінің іс-әрекетін түсіну қажет.

Жәбірленушінің қызмет борышын орындау туралы завдагы нүсқауы тек адамдарына ғана тиісті емес, сонымен қатар бүндай кісі өлтіру жөніндегі іс бойынша жәбірленуші болып қандайда бір мекеменің , кәсіп орнының немесе үйымның басшысы, сонымен бірге кез-келгенжүмысшы, қарауыл және т.с.с үшырасуы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 96 бабының 2 бөлігі "б" тармағына зақцы негізбен қызмет жасайтын кісіні өлімін гана квалификациялау қажет. Егер де жәбірленуші кісі өлтірген адамга қатысты заңсыз әрекет жасаса, (қызмет бабын пайдаланып немесе қианат жасаса немесе үкімет билігінің

 

шегінен шықса) онда Қылмыстық Кодекстің 96 бабының "б" тармағы бойынша квалификациялау мүмкін емес.

Қызмет борышын орындауга байланысты кісі өлтірулер туралы істер болып қарамагындағыларға жүмысынв байланысты талап көрсететін лауазымды адамдар болуы мүмкін. Мысалы, Қарақүм кеншарының N3 бөлімшесінің ветфелыпері 3. деген кісі жүмысқа үнемі мас келетін, кейде мүддем келмей қалатын. Малшы Д. деген кісіге бір неще рет ескерту жасаған. Бірде Д 3-ны клуб жанында кездестіріп " мені үзақ қинап жүрмекшісің?,, деген сөздермен сол жағынан пышақпен бір неше рет тығып алған, соңынан жәбірленуші қайтыс болган. Облыстық сот бүл қылмыстық істі Қылмыстық Кодекстің 96 бабының 2 бөлігі "б„ тармағымен квалификациялайды.

Осы тармақ бойынша квалификациялау үшін жәбірленуші қызмет міндеттерін орындауда ма, әлде басқа уақытта жасалды ма, оның іске маңызы жоқ. Яғни жәбірленуші өзінің қызметтік борышын орындауына байланысты жасалғанын анықтаудың маңызы жоқ.

2 Қогамдық борышты орындау деп, азаматтарға арнайы жүктелген қоғамдық міндеттерді жүзеге асыруын, сондай-ақ қоғам немесе жеке түлғалардың мүддесі үшін басқа өракеттерді жасаудың (қүқық бүзушылықтың алдын алу, өкімет үйымдарына жасалған немесе дайарланып жатқан қылмыс жөнінде хабарлау т.с.с) түсінеміз. Бірақ ол түсінік толығымен түсінікте болғанымен қызмет немесе қоғамдық борышымен түсінігімен байланысқан барлық мәселелерді қамтиды. Кейде қоғамдық тәртіпті қорғауга азаматтардың қатысуын жатқызбау жағдаилары кездеседі.

 

ЕКІНЕМЕСЕ ОДАНДА КӨП АДАМДЫ ӨЛТІРУ

Адам өлтірудің бүл түрі кінәлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мүндайда кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни біріңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дүрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдайдыңда болуы мүмкін: кінәлі әуелі бір адамды өлтіреді, содан соң бір шама уақыт өткеннен кейін, әдетте көп кешікпей, басқа адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мүндайда әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін ол мысал үшін- кек алу мақсатында, ал екіншісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге- екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оган дейін пайда болды. Осы жағдайларда кінәлінің әрекеті осы ҚР —ның 96 бабының 2-ші тармағының "а" тармақшасымен сараланады.

Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру ниеті бола түра бір адам өлтірілсе және екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мүнда екі немесе одан көп адамды өлтіру аяқталмагандықтан, кінәлінің әрекеті ҚК-тің 24 бабының 3-Іпі тармагы және 96 бабының 2-ші тармағының "а" тармақшасы бойынша саралануы тиіс.

 

АДАМНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ІС ӘРЕКЕТІН

ЖҮЗЕГЕ АСЫРУЫНА НЕ КӘСІБИ НЕМЕСЕ

ҚОҒАМДЫҚ БОРЫШЫН ОРЫНДАУЪША

БАЙЛАНЫСТЫ АДАМДЫ НЕМЕСЕ ОНЫҢ

ЖАҚЫНДАРЫН ӨЛТІРУ.

Мүндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру мақсаттарында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында жүзеге асырылады. ҚР Жогарғы Соты Пленумының 1994жылгы 23 желтоқсандағы "Азаматтардың өмірі мен денсаулыгына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардың қолдануы туралы" N 7 қаулысында кез келгенадамның қызмет аясына жататын жүмысын қызметтік борышты орындау, ал қогамдық борышты орындау деп-арнайы жүктелетін қоғамдық міндеттердің орындалуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүдцесіне бола (завды бүзуға жол бермеу, дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы өкімет органдарына хабарлау және т.б.) жасалған басқа әрекеттер де қоғамдық міндеттер болып танылады.Қылмысты саралау үшін жәбірленушінің қызметтік немесе қогамдық іс әрекет жасағаннан бері өткен уақытының маңызы шамалы. Ең бастысы кінәлінің адам өлтіруі олардың осындай функцияларды атқаруына байланысты болады.

Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе қоғамдық функция атқарған адамның өзі немесе олардың жақын туыстары болуы мүмкін. Жақын туыстардың түсінігі ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу кодексінің

 

" Қазақстан Республикасыньщ Қьшмыстык Кодсксі түсінік" Алматы 2001ж.

 

7 бабының 24 тармағында берілген. Олар-ата-аналары, балалары, асырап алушылары, алынғандар, бірге түрған және бірге тумаған туыс аға інілері мен апа-сіңлілері, ағасы әжесі, немерелері.

Егер қызметтік немесе қоғамдық борышын орындаумен байланысты олардың өзін немесе жақын туыстарын өлтіргені үшін заңда арнаулы бап көзделген болса, онда кінәлінің әрекеті осы арнаулы форма бойынша саралануға жатады.

ДӘРМЕНСІЗ ЖАҒДАЙДА ЕКЕНДІП АЙЫПКЕРГЕ БЕЛГІЛІ АДАМДЫ, СОНЫМЕН І            БІРДЕЙ АДАМДЫ ҮРЛАУМЕН НЕ АДАМДЫ

КЕПІЛГЕ АЛУМЕН ҮШТАСҚАН АДАМ ӨЛТІРУ

Жас шамасының өте кішілігіненемесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл есінен уақытша айырылу немесе ақыл есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай күінің салдарынан кінәліге қарсылық көрсете алмаған оның өмірден айыруга жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жәй-күйі деп түсіну керек. Мүндай жәй-күй алкагольден сол сияқты есірткі ден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мүндай жагдайға кімнің душар еткендігінің, бүган қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.

Адамды үрлаумен не кепілге алумен үштасқан адам өлтіру үрлау не кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен

18

айырған немесе аталған қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады. Адамды үрлау түсінігі және кепілдікке алу берілген.

Адамды үрлау және кепілге алу қасақана өлтірумен үштасқан жағдайда, не адам өлтіру осы істеген қылмыстарды жасыру әдісі болса мүндай әрекеттер дербес қылмыс қүрамын қүрайтындықтанкінәлінің әрекеттері қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады.

ЖҮКТІ ЕКЕНДІП КШӘЛІГЕ БЕЛГІЛІ :                                  ӘЙЕЛДІ      ӨЛТІРУ

Адам өлтірудің бүл түрі жәбірленушінң айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауыптілікпен сипатталады. Осы қүрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез келген үзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айышсердің білуі керек. "Белгілі" деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бүл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болмаған-болмағандығы маңызды емес , ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бүл туралы басқалар арқылы хабардар болады. Бүл жерде оның жүктілік мерзімі, үрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте түрган-түрмаганғының оған қатысы жоқ.

Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті

 

қылмыстық ниетінің багытына қарай осы түрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады.

АСА  ҚАТЫГЕЗДІКПЕН ЖАСАҒАН КІСІ ӨЛТІРУ.

Ерекше қаталдықпен немесе жәбірленушіге қорлық көрсетіп қылмыс жасау, кез келген қылмыс үшін ерді де атап көрсетеді. Кейьір тергеушілер мен соттар бұл сүраққа жауапты сот медециналық сораптамасынан, қорытындысынан табуға тырысады. Шын мәнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 53-ші бабының бірінші және екінші тармақтарында сот — медециналық сараптамасы өлімнің себебі мен дене жарақатының сипатын, оның ауырлығын анықтайды делінген. "Ерекше қаталдықты" анықтауды заң сот медециналық сараптамасының қүдіретіне жатқызды.

Бірқатар жағдайларда дене жарақатының сипаты мен жәбірленушінің өлімінің себебі жөніндегі сарпшының қорытындысымен қатар басқа дәлелдемелермен бірге Қылмыстық Кодексінің 96-шы бабының "д "тармағы бойынша кісі өлтіруді квалификациялау жөнінде негізделген қорытынды жасауга болады. Ерекше қаталдық - медециналық емес, заң түсінігі екенін есепке алу қажет.

Ерекше қаталдық белгілерін сол қылмыстың субьективті жағына анализ жасамай отырып анықтау мүмкін емес. Әрбір жағдайда кінәлінің зардапқа қана емес, сонымен қатар ерекше қаталдыққа қатысты анықталуы қажет. Осы жагдайлар

"Өскен өңір" газеті 1999ж. N5

 

анықталмаса, және дүрыс бағаланбаса, онда Қылмыстық Кодексінің 96-шы бабының "д" тармағымен квалификациялау дүрыс болмай шығуы мүмкін. Мысалы, Шардара аудандық сотымен С деген Қылмыстық Кодексінің 96-шы бабының "д" тармағымен сотталган. Облыстық сот сотталғанның іс-әрекетін Қылмыстықекінші тармағына қайта квалификацияланды. Кінәлі жәбірленуші бір неше рет болғамен үрғаны ерекше қаталдықпен емес, В өзін өлтіреді деген қорқыныш пен жасаган, әйткені В деген тірі қалсам, бүрыннан С-ны оның шешесін өлтіремін деп қорқытып жүрген сондықтан В тірі қалса қорқытқан уәдесін қайта орындайдыма деген үреймен жасаған деп сүйеніп, оның іс-әрекетін қайта квалфикациялады.

Бүл жағдайда жәбірленуші кісіні ерекше қаталдықпен өлтіремін деген мақсатты алдын көз етіп қоймастан, іс-әрекет ерекше қаталдықпен куәландыратынын сезінбегені белгілі.

Кінәлінің субьективтік қатынасы өзінің, куәлардың жауаптарынан жөне ерекше қаталдылық жөнінде қорытынды жасауға тура келеді.

Ерекше қаталдылық жәбірленушіге ерекше тауқымет келтірумен, ( көптеген дене жарақатын тигізумен, азаптап әсер етеін уды, пайдалану, тірідей жандыру, тамақтан үзақ мерзім бойына айыру, сондай-ақ судан және т.с.с) байланысты тәжірибе көрсеткендей, сотта барлық уақытта кісі өлтіру алдын немесе оны жасау барысында тікелей жасалынатын ерекше қаталдылык жөнінде куәландырылатиын іс әрекеттерде есепке алына бермейді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Киров аудандық соты кісі өлтіруге оқталған деп айыпталған М ның ісін қарап , оны ерекше қаталдықпен жасаған деп тапты . Сонымен қатар , үкімде М бір жылдан астам уақыт бойы кісі

 

өлтіруден бүрын , маскүнемдікпен айналысып , жөбірленушіні үрып - соққан деп көрсетілген. Облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы М кісі өлтіруге оқтала отырып, ерекше қаталдық көрсетпеген деп танып, оның іс әрекеттерін Қылмыстық Кодексінің 24-ші бабы және 96 бабының 2-ші тармағына қайта квалификациялады, онда үрып-соғу кісі өлтіруге себеп болсада, онымен тікелей байланыспаған деп тапты.

Жәбірленушіге туыс адамдардың қатысуына қасақана кісі өлтірген жағдайларда, ол қылмыс Қылмыстық Кодексінің 96 бабының " д " тармағы бойынша квалификациялануы тиіс .Көбінесе, кісі өлтіру — балаларының қатысуында от басының дау - жанжалында жасалса, ерекше қаталдық пен жасалынған деп танылады.

Сонымен қатар, ата-ансының және жәбірленушіге туыс басқа азаматтардың және қандайда бір себеппен көмек көрсетуден айырылған адамдардың қатысуында олардың балаларын өлтіру ерекше қаталдықпен жасалынған деп танылады, Жәбірленушіге жақын адамдардың қатысуында қылмыс жасалынғанда , олардың сезімін қорлайтын кінәлінің іс әрекетінің сипаты ерекше қаталдылық жөнінде куәл анд ырыл ад ы.

Біздің пікірімізше, кінәлі өзінің ойлағанын іске асыру үшін жәбірленупіінің пәрменсіз жагдайын пайдаланып, яғни жәбірленушіні өзін өмірімен қиып жатқанын сезінеді, бірақ казасымен басқа себептерге байланысты қарсылық көрсете Ілмағанда, ерекше өлтірілген деп танү толығымен тану іегізделген. Мысалы, А өзінің шешесін ерекше қаталдықпен элтіргені үшін сотталған. Ал шешесі мешел болып, пәрменсіз

жағдайда  болған.   А шешесінің  кеудесіне   балтамен   шапқан. Жоғары түрған сот үкімі негізделген деп тапты.

Әдебиеттерде жәбірленушінің өлігі мүшелеп тастау — ерекше қаталдықпен бейнесі деп себептеу жөніндегі пікірлер айтылған. Мүндай шешім барлық жағдайлар үшін қате болып табылатынын тек жоғарыда келтіргенде байланыста ғана емес екен. Сот тәжірибесін зерттей отырып, сонда байқағанымыз, өлікті мүшелеп бөліп тастау, көбінесе қылмыс іздерін жою немесе жасыру мақсатында жасалынады екен. Мүндай жағдайларда бүл мәселенің басқа шешімінің болуы да мүмкін емес, өйткені Қылмыстық Кодексте қылмыс іздерін жасырганы үшін кінәліні қылмыстық жауапқа тарту қарастырылмаған. Бүл іс әрекеттер қылмыс қүрамының шегінен тыс болып отыр, өйткені мүшелеп бөліп тастауды сонымен қатар оны жоюды ерекше қаталдықты куәландырылатын жағдай ретінде қарастыруға болмайды.

КӨПТЕГЕН АДАМДАРДЫҢ ӘМІРШЕ

ҚАУШТІ ТӘСІЛ МЕН ЖА САЛҒАН

АДАМ ӘЛТІРУ

Адам өлтірудің осы түрін жасаған кезде кінәлі бір адамның ғана емес, көпшіліктің өміріне қауіп тудыратын тәсілді қолданады. Мүндай тәсілдерге адамдар көп болатын жерлерде жарылыс, өрт қою, су қаптату т.б. жатады. Кей жағдайларда көптеген адамдардың өміріне қауіп келтіру атылатын қаруды, улы заттарды, жарылғыш заттарды қолдану арқылы да жүзеге асырылады.

 

Көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілге кінәлінің белгілі бір адамды өлтіру мақсатымен ол түрган топқа қарай мылтық атуы, немесе айдап келе жатқан автокөлігін топ ішінде тұрған сол адамға қарай зор жылдамдықпен бүрып, басып өтпекші болу әрекеттері де жатады. Мүндай ретте кінәлінің әрекетін дүрыс саралауға кісі өлтіру үшін тандап алынған қылмысты істеу тәсілімен қару қолданудың орнын дүрыс анықтаудың маңызы айрықша. ҚК-тің 96 бабы 2-Іні тармағының "е"тармақшасымен жауапқа тарту үшін кінәлінің ниеті нақты бір адамды өлтіруге бағытталғанын, оны өлтіру үшін көп адамдардың өміріне қауіпті тәсіл қолданылып отырылғанын, нәтижесінде басқа адамның өмірі мен денсаулығына нақты зиян келтірілетінін сезетінін анықтау қажет. Осындай істелген іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған деп тану үшін, нақты кісіні өлтіру кезінде қауіпті жағдайда қалған басқа адамдарға зиян келгеніне немесе келмегеніне қарамастан жүзеге асырылады. Егер осындай жалпыға қауіпті тәсілді қолдану адам өлімінен басқа адамға қасақана дене жарақаты келтірілсе, онда кінәлінің әрекеті нақты жағдайларға байланысты қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

ҮЙЫМДАСҚАН ТОП ЖАСАҒАН КІСІ ӨЛТІРУ

Егер адам өлтіруге екі немесе одан көп орындаушы күні бүрын бірлесіп қатысқан болса, үйымдасқан адамдар тобы жасаған кісі өлтіру болып танылады. Мүндайды қасақана адам

А.Н. Ашбаев "Қылмыстық қүқық " срскше бөлім Алматы 1999ж.

24

 

өлтіруге бағытталған және жәбірленушіні өмірінен айыру процесіне тікелей қатысқан,бірлесе әрекет жасаған адамдар тобы деп тану керек. Бүл жагдайда түлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан, немесе солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы маңызды емес. Ең бастысы, барлық қылмысқа қатысушылардың ашықтан-ашық, өзара күш біріктірумен қасақана адам өлтіруге бағытталған әрекет жасагандыгын айқындау қажет.

Егер адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала сөз байласақан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының адам өлтіргені белгілі.

Адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала келісіп қана қоймай, сонымен бірге бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін алдын ала бірлесетін түрақты адамдар тобын ойластырған болса, үйымдасқан тптың адам өлтіру орын алады.

ПАЙДА ТАБУ МАҚСАТЫМЕН СОЛ СИЯҚТЫ ЖАЛДАНЫП КІСІ ӨЛТІРУ

Пайдақорлық - бүл қылмыс жасау барысындағы жағдай, яғни жалпы ауырлататын жауапкершілік, және бірқатар қылмыстарды,         соның         ішінде         кісі         өлтірулерді

квалификациялаушы белгі.

Пайда табу мақсатымен кісі өлтіру қылмысын дүрыс квалификациялау үшін осы ниеттердің мазмүнын ашудың маңызы зор.

 

Біздің пікірімізше, кісі өлтірудегі пайдақорлық ниет ауқымды мағыналы материалдықтар пайдасын қамтиды. Оны тек мүлік пен ақшаны иеленуте ғана тиістіру міндет емес, бірақ іс жүзінде көрсеткендей, пайдақорлық ниеттен кісі өлтіру мүлік пен ақша иеленуге жасалынады екен. Кісі өлтірудегі пайдақорлық, кінәлі кісі өлтіргенге дейін иеленбеген материалдық пайда алу ғана емес, сонымен қатар қазір немесе келешекте болатын жағдай да бір материалдық шығындардан қүтылуға тырмысу, өйткені онда завда көрсетілген негіз бойынша айыруга тура келеді.

1992-1993 жылдары "пәтерлік кісі өлтірулер „ деп аталатын қылмыстар пайда болды. Зейнеткерлерге, ал кейде мас күнемдерге де егер олар өзін пәтерін мүраға немесе сыйға қалдыратын жағдайда оны өмірдің аяғына дейін қамқорлыққа алу үсынылады. Осыған сәйкес қажетті қүжаттарды дайындап болған соң, пәтер иелері із-түссіз жоғалғандардың қатарына айналады. Көбінесе олар пәтерді иелену мақсатында пайдақорлық ниетпен өлтіргендері анықталган. Сонымен қатар пайдақорлық нисттсгі кісі өлтіру багалы заттарды үстап қалу немесе алу мақсаттарында жасалады, өйткені оларды заң арқылы бөліп беру реттелмейді. Мысалы, тоналған мүлікті бөлуде.

Жәбірленуші кім болғанына қарамастан кісі өлтіру пайдақорлық ниеттегі деп табылады: мүлік иесі (бағалы заттың иесі) немесе ол мүлікті пайдаланып жүрген кісі, сондай-ақ кінәлінің қамқорлыққа алған, яғни сақтап отырған кісі.

"Заң газетІ" 1997ж N9

Кінәлі, мүліктік сипаттагы қандай да бір қүқықтарды иеленуге үміттеніп өлтірген кісі жәбірленуші болуы мүмкін.

Кісі елтіру пайдақорлық ниетпен жасалған деп тану үшін материалдық пайданы кінәлінің өзі немесе оның туыстары, мысалыға, отбасымүшелері, сондай-ақ кінәліні қамқорлыққа алған, яши көмек беріп жүрген кісілерінің алатынының маңызы жоқ. Осыган орай, кісі өлтірудегі пайдақорлық ниет-қылмыс нәтижесінде кінәлінің материалдық пайданы алуға, сонымен қатар өзі үшін немесе басқа адамдар үшін материалдық шығындардан қүтылуға үмтылуымен сипатталады.

Пайдақорлық ниеттегі кісі өлтіруде ниетінің формасы жөніндегі мәселені, ягни осы қылмыс пайдақорлық ниеттегі кісі   өлтірулердің   белгілеріне   гана   жатама,   әлде   ол   басқа қылмыспен   бір   уақытта   жасалынадыма,   соган   байланысты шешу қажет.

Бір қылмыс, ягни пайда табу мақсатындағы кісі өлтіру жасаған жагдайларда субьект мүлікті, басқа қүнды заттарды немесе материалдық сипаттағы қүқықтарға иелену мақсатына үмтылып әрқашан да тікелей қасақаналықпен жасайды. Бүл жерде кісі өлтіру тілеген нәтижеге жету үшін қүрал болып табылады. Кінәлі жәбірленушінің өмірінің қимай, өзінің пайдақорлық мақсатына жете алмайтынына көзі жетеді.

Шабуылжасап тонауда жасалынган пайдақорлық ниеттегі кісі өлтіру мәселесібасқаша шешілу тиіс. А.В. Наумовтың пікірімен келусіге болады, оның пікірінше мүндай кісі өлтіру тек қана тікелей қасақаналықпен гана емес, сонымен қатар жанама қасақаналықпен де жасалынады екен. Кейбір жагдайда

кінәлі жәбірленушінің мүлкін иелену, оны өлтіріп және сол нәтижеге қалай болса солай қарайды, яғни немқұрайлы.

Сонымен қатар, пайда табу ниетіндегі кісі өлтіру жанама ниетпен жасалынатын жагдайларда кездеседі. Мысалы: бір қылмыскер мас күйінде болған кісіні шешіндіріп, қатты аязға қалдырып кеткен, соның нәтижесінде ол қайтыс болған. Бүл жерде кінәлі жәбірленушінің өлімін тілеген жоқ, бірақ сол нәтиженің болатынын сезінген және оның өміріне қалай болса солай қараган.

Шабуыл жасап тонауда жасалған пайда табу ниетіндегі кісі өлтіруді ажырату үш белгілердің жиынтығының міндетті түрде болуына немесе болмауына байланысты болып табылады.

БҮЗАҚЫЛЫҚ НИЕТПЕН КІСІ ӨЛТІРУ

Бүзақылық ниетпен адам өлтіру қоғамды және жалпыға бірдей қабылданған моральдық нормаларды ашықтан ашық сыйламаудың негізінде жасалады, кінәлінің мінез қүлқы қоғамдық тәртіпке ашық қарсы шыққан және өзін төңірегіндегілерге қарсы қою, соларға деген қарсылығын көрсету мақсатында жүзеге асырылады. Көбінесе бүл қылмыс себепсіз немесе болар-болмас нәрсені адам өлтіруге ілік ретінде пайдаланумен жасалады.

Бүзақылық ниет- барынша күрделі түсінік. Оның өзге әр түрлі ниеттері болады, солардың әсер етуімен кінәлінің адамдарды, қоғамды сыйламайтындығын ашықтан ашық көрсету ниетін тудырады, өзінің менмендігін көрсету, адамдарды қорлау, өзінің үятсыздығы мен қатыгездігін көрсету жолымен қоғамдық тәртіпке қарсы шығады. Осы сезімдердің

 

әсер етуімен белгілі бір, кейде тіпті елеусіз себептерден кінәліде ашу , ыза, кек қайтаргысы келетін көңіл-күй пайда болады. Осы сезімдер кінәлінің мінез қүлқының итермелеуші күшіне айналады. Сөйтіп кінәлінің ниетінде қоғамдық пікірге қарсы шығу, моральдың қарапайым нормаларын, адамның жеке басын сыйламаушылық қалыптасады. Мүндай бүзақылық ниет ең соңында адам өлтіруге әкеліп соғады. Егер мүндай ниеттер анықталмаса, ал кінәлінің қылмыстық мінез қүлқы жәбірленушімен өзара жеке қарым-қатынасы бойынша гана пайда болса, онда бүл жағдайда адам өлтіру оның жасалған орнына қарамастан, бүзақылық мақсатта адам өлтіру ретінде саралануы мүмкін емес. Мүндай әрекет өзара ерегістен кісі өлтіруге жатады. Көбінесе бүзақылық ниетте адам өлтіру үрыс-керіс пен төбелестің нәтижесінде болады. Бірақ бүл үрыс-керіс немесе төбелесте болған кез-келген адам өлтіру өзінен өзі бүзақылық ниетте адам өлтіру ретінде саралануы тиіс дегенді білдірмейді.

БАСҚА ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРУ НЕМЕСЕ  ОНЫ ЖА САУДЫ ЖЕҢІЛДЕТУ МАҚСА ТЫМЕН ЖАСАЛРАН \        СОЛ СИЯҚТЫ ЗОРЛАУҒА НЕМЕСЕ ЖЫНЫСТЫҚ

ҚАТЫНАС  СИПАТЫНДАРЫ КҮШ ҚОЛДАНУ ]               ӘРЕКЕТШЕН ҮШТАСҚАН КІСІ ӨЛТІРУ.

Кісі өлтірудің осы түрінің қоғам үшін жоғарғы қауіптілігі мынада, яғни кінәлі басқа қылмысты оңайлату немесе алдын ала жасалған қылмыстың жауапкршілігімен босану үшін сол мақсатты ойлай отырып, екі қылмыс жасауы. Ойлаган қылмысын жүзеге асыру үщін басқа адамдардың өмірін

 

қиюдан бас тартпайды. Кісі өлтірудің осы түрін квалификациялау барысында, бүл қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен жасалатынын айта кету керек.

Тәжірибеде көрсеткендей, Қылмыстық Кодекстің 96-шы бабының "к" тармағы бойынша көбінесе мүлікке иелену сияқты жасыруға немесе оңайлатуға багытталған кісі өлтірушілер кездеседі.

Қылмыстық кодекстің 96-шы бабының «к« тармағы бойынша зорлаумен үштастыруға басқа кісі өлтірулер де квалификацияланады. Бүрын бірнеше рет сотталған В. өзімен бірге түратын А. деген әйелдің күйеуін өлтірген. В. Жасаған қылмысының ашылып қалуына қорқып А-ны өлтіруге шешім қабылдады. Сол қылмысты жасауда үйге С. кіріп қалған. Және кейіннен осы қылмысты жасыруды тілеп В. С.-ға төніп оны өлтірген. Кейіннен сол бөлменің ішіне өрт салған. Сот кейінгі екі кісі өлтірулер басқа өлтіруді жасыру мақсатымен жасалынған деп тапты. Мүндай жағдайларда кінәлінің іс-әрекетін тек қана Қылмыстық Кодекстің 96-шы бабының "к" тармағы бойынша ғана емес, сонымен қатар осы баптың "а" және "н" тармағы бойынша да квалификациялануы тиіс.

Қылмыстық Кодекстің 96 бабының "к" тармағында қарастырылган кісі өлтіру қүрамы аяқталган деп тану үшін заң кінәлінің кісі өлтіру нәтижесінде мақсатына жеткенін емес, басқа қылмысты оңайлатқанын немесе жасырғанын талап етеді, яғни осы мақсатта кісі өлтіру жасалған денген фактінің өзінің анықтау жеткілікті.

Басқа қылмысты оңайлату мақсатымен кісі өлтірген соң кінәлі сол басқа қылмысты жасауға үлгермеген жағдайда

жауапкершілікті ауырлататын жағдайдағы кісі өлтіргені және басқа қылмысқа даярланғандығы үшін тағайындалады.

2. Зорлаумен үштастырылған кісі өлтіруге зорлау процесіндегі немесе сол қылмысты жасыру мақсатымен кісі өлтірулер гана емес, яғни олар жатқызылмайды, сонымен бірге, зорлауда қарсылық көрсеткені үшін кекшілдік ниетімен жасалган кісі өлтірулерде жатқызылады. Кейде осы зорлау мен үщтастырылшн кісі өлтірулерге тек ғана зорлаудың өзінде жасалынган кісі өлтіруді ғана жатқызу керек деген пікір айтылады. Бүнымен кслісуге болмайды, "зорлаумен ұщтастырылған кісі өлтіру" деп зорлау процесіндегі немесе оны жасыру мақсатымен, сондай-ақ зорлау кезінде қарсылық көрсеткендігі үшін кекшілдік ниетімен кісі өлтіру түсіну қажет.

Зорлаумен үщтастырылган кісі өлтіру тікелей, сондай-ақ жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін. Кінәлі зорлап болғаннан кейін жәбірленуші өмірінен қиюға алдын ала даярланып жасаған кісі өлтіру тікелей қасақаналықпен жасалады. Осы айтқаннан екі ерекше қауіпті қылмыстарды ешқандай мінсіз бір қылмыстың қатарына жатқызуға болады.

Зорлаумен үштастырылган кісі өлтіру квалификациялау жөніндегі мәселе бойынша, зорлау барысындағы кісі өлтіру "ерекше ауыр зардап" болып табылады делінген. Бүл пікірді жақтаушылар, зорлау фактісінің салдары болып таьылатындығы, яғни сондай жағдайда деп есептейді. Бірақ бүнымен келісуге болмайды. Жогарыда айтылгандай, зорлау борысындағы кісі өлтіру барлық жагдайларда да сол қылмысты жасыру мақсатымен жасалады, сондықтанда ауыр зардап ретінде қарастырылуы тиіс.

 

Егер зорлаудан кейін жәбірленушінің өлтіруімен үштастырылса, бүл қылмыс Қылмыстық Кодекстің 120-шы бабы бойынша квалификациялауға болмайды екен, бірақ бул дүрыс болмас еді. Біздің көз қарасымыз бойынша Кодекстің 120-шы бабының тармақтары байынша қарастырылган зорлау және сол алдын ала жасалған зорлауды жасыру мақсатында қасақана кісі өлтіру арасында уақыт бойынша белгілі үзіліс болғанын анықтаған жағдайда, зорлаудың жиынтығы болуы мүмкін. Осы жагдайларда топ болып зорлап болганнан кейін кісі өлтіру ерекше қалдықпен сипатталады және сондықтанда "к" тармағымен қатар осы баптың "д" тармағы да қолданылады.

Кінәлі жәбірленуші немесе оның туыстарын зорлап болғаннан кейін қандайда бір уақыт өткеннен соң, олардың арыз беру ниетіне немесе зролаган жөнінде өкімет орындарына арыз беруіне байланысты зорлаумен үштастырылған кісі өлтіруде тікелей қасақаналықпен жасалады.

Сондай—ақ зорлаумен үштастырылған кісі өлтірулер тікелей қасақаналықпен сексуалды маньяктармен жасалынады, яғни оларды мундай жагдайларда кісі өлтірудің өзі қанағаттандырады.

Практикада және әдебиеттерде зорлаумен үщтастырылған кісі өлтіруді Қылмыстық Кодекстің 96-шы бабының "к" тармағы бойынша гана квалификациялану қажет пе, жоқ әлде сонымен бірге Қылмыстық Кодекстің 120-шы бабын да қолдану керекпе, сол жөнінде мәселе пайда болады.

Кейбір авторлардың пікірінше, Қылмыстық Кодекстің 96-шы бабының "к" тармағында қарастырылган қылмыстық қоғамға ерекше қауіптілігі кісі өлтіру мен зорлауды

"синтездеуде" сондықтанда зорлау жеке өз алдына қүрам бола алмайды екен.

ӘЛЕУМЕТТІК, ҮЛТТТЫҚ, НӘСІЛДІК,

ДШГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕК КӨРУШЫІК

НЕМЕСЕ АРАЗДЫҚ НЕ ҚАНДЪІКЕК

СЕБЕБІ БОЙЫНША КІСІ ӨЛТІРУ

Адам өлтірудің мүндай түрі соңгы уақытта барган сайын кең тарала түсуде, әсіресе бүл үлттық жек көрушілік немесе араздық себептері бойынша адам өлтіруге қатысты. Бүған көбінесе дүрыс ойластырылмаған үлттық саясат итермелейді. Соңғы уақытта барған сайын үлттың өзін-өзі дәріптеу идеясы өршіп барады. Бүл идеялар табиғи қүбылыс болып табылады және үлтаралық араздық пен алауаздықты бүл идеялар тудырмайды. Бірақ, өкінішке орай, үлттық жек көрушілік пен алауыздықты түтандыруга мүдделі күштер бар. Егер мүндай ниеттер адамды өмірден айыруға бағытталу негізінде жүзеге асырылса, онда мүндай жағдайдағы адам өлтіру ҚК —тің 96 бабының 2-тармағының "л" тармақшасы бойынша сараланады. Мүнда адам өлтіру үшін сылтау барынша әр түрлі болуы мүмкін : жәбірленушінің немесе өзге адамдардың қүқыққа қарсы әрекеттері ( мүндай әрекеттер занды да болуы мүмкін) діни жек көрушіліктің немесе араздықтың салдарынан нәсілдік белгілері бойынша адам өлтірудің негізінде де осындай жағдайлар болады.

Осы тармақта көзделген қанды кек себебі бойынша адам

А.Н. Ағыбаев " Қылмыстық қүқық" Ерекше бөлім 1999ж.

өлтірудің бірнеше ерекшеліктері бар. Қанды кек, әдетте, кінөлінің туысқандарын өлтірген адамдарға жарияланады. Мүндай қанды кектің қүрбандары осы қанды кек жарияланған адамның өзі, сол сияқты оның туысқандары, сондай-ақ өзге де адамдар болуы мүмкін. Бүл қылмыстың субъектісі қанды кек әдет-ғүрып болып табылатын жерлердегі этникалық топқа жататын адам ғана болуы мүмкін. Саралау жасау ушін қылмыс жасалған жер маңызды роль атқармайды.

ЖӘБІРЛЕНУШШЩ ОРГАНДАРЫН НЕМЕСЕ

ТКАНЬДЕРШ ПАЙДАЛАНУ МАҚСА ТЫНДА

ЖАСАЛРАНАДАМ ӨЛТІРУ

"Жәбірленушінің органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру" туралы белгі қылмыстық заңда бірінші рет көзделді. Бүл қазіргі өмір шындықтарынан туындап отыр. Егер адамның органдарын немесе тканьдерін пайдалану мақсатында адам өлтірілсе, ол ҚК-тің 96 бабының 2-тармағының "м" тармақшасы бойынша сараланады.

ҚАЗАҚСТАЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ97-100 БАПТАРЫН ҚОСПАҒАНДА, БҮРЬШАДАМ ЖАСАТҚАН КІСІ ӘЛТІРУ

Қайтадан кісі өлтіргені үшін жоғары жауаптылықты бекіте отырып, бүрын кісі өлтірген адамның қасақана кісі әлтіру келтірілген зардабының ауырлығы бойынша және кінәлі

 

түлғасынын қауіптілігі бойынша қоғам үшін ерекше қауып төндіретінін заңда көрсетеді.

Кісі өлтірудің бүл түрінің ерекшелігі, яши квалификациялаушы жағдай болып сол кісі өлтіруді сипаттайтын белгілер емес, субьектіні, бүрын онымен осындай қылмыс жасаған фактісін сипаттайтын белгі табылады. Басқаша айтқанда айтылған ауырлататын жагдай нақты қылмыс қүрамының констутивті белгісі болып табылмайды, субьектінің алдында жасалган іс әрекетіне байланысты квалификациялауға ықпал етеді. Қылмыстық Кодексінің 96-шы бабының "н" тармағы бойынша квалификациялауға тиіс кісі өлтірулер кез-келген жағдайда және кез-келген себептермен жасалынуы мүмкін.

Тәжірибе көрсаткендей, қайта жасалынған кісі өлтіру кейбір жағдайларда бірінші жасалынған кісі өлтіру жағдайларда бірінші жасаған қылмысындагы себебі бойынша жасалынады. Осыған тән мына мысалды айтуға болады. А Қылмыстық Кодексі 96-шы бабының "и" және "н" тармақтары бойынша соты болған. А. бүрын бүзақылық ниеттен қасақана кісі өлтіргені үшін сотталған. Бостандығынан айыру орындарынан мерзімінен бүрын босанып, А бүзақылық жасап, соңынан бүзақылық ниетпен Х-ны өлтірген.

Кей жағдайда (бірінші және екінші кісі өлтірулерден) қызғаныш, кекшілдік, басқа қылмысты жасыруға немесе оңайлатуга үмтылу — бірінші және екінші кісі өлтірулерде жасау себебі болып табылатын жағдайларда кездеседі.

Қылмыстық Кодексінің 96-шы бабының "н" тармағына сәйкес, қайталанған қасақана кісі өлтіру деп, егер алдын жасалган кісі өлтіру қасақана болганда ғана айтуға болады,

 

бүған эффект жағдайында және қажетті қорғану шегінен асқан жағдайда, ягни Қылмыстық Кодексінің 98-ші және 99-шы баптарында қарастырылған кісі өлтірулер жатпайды. Осыған орай, Қылмыстық Кодексінің 98-ші және 99-шы баптарында қарастырылған қылмысты бүрын қасақана өлтірген адам жасаса, онда заң Қылмьщтық Кодекстің 96-шы бабының "н" тармагын қолдана алмайды. Сонымен қатар заңның мағынасы бойынша қайталап жасалынган кісі өлтіруге, кінәлінің бүрын террорлық акт, диверсия яғни мүның барлығы өліммен үштастырылган, сондай-ақ өліммен үштастырылған бандитизм, милиция қызметкерлерінің өміріне қол сүғу секілді іс әрекеттер жасалғанда ғана жатқызуға болады.

Сот практикасында бүрын кісі өлтіруге оқталған кісінің кісі өлтіру қайталап жасалынған деп таныладыма деген сүрақ пайда болды. Бүл сүрақты шешуде аяқталған және аяқталмаған қылмыстар үшін де жауапкершіліктің бір негізін бекітетін Қылмыстық Кодекстің 24-ші бабын қолдану керек. Қайталап кісі өлтіргені үшін жауапкершілік кінәлі бүрын кісі өлтіруді жасаған ба өлде оқталган ба, сол қылмысты орындаушы болганба әлде қатысушы болды ма, оған қарамастан тагайындайды. Қасақана кісі өлтіру Қылмыстық Кодексінің 96-ші бабының "н" тармағымен квалйфикациялана алмайтынын есепке алу қажет, яғни егер заң бойынша қылмысқа қатысу емес, қасақана кісі өлтірулерді алдын ала уәделеспеген жасырушылық болып табылатын іс әрекетті кінәлі жасаған болса.

Сот практикасын ендігі бір мәселе қызықтырады, яғни егер кінәлі әр түрлі уақытта екі кісі өлтірсе, солардың біріне де сотталмағаны, яши жауапқа тартылмағаны анықталса, оны

 

Қылмыстық Кодексінің 96-ші бабының "н" тармагын қолдану үшін жауапқа тартылғаны не болмаса тартылмағаны, оның іске маңызы жоқ деп тапты. Бүл сүрақтың мүндай шешімін келіспеуге болмайды, өйткені "бүрын қасақана кісі өлтірген адам", соның ішінде жасаған қылмысы үшін жазаланбаган кісі де табылады.

Практикада кісі өлтіруге оқталганда және басқа аяқталған кісі өлтіруде, яғни екі қылмысты бір адам жасап және де ол қылмыста бір істе тіркеліп және қарастырылғанды квалификациялау мәселелері пайда болады.

Бүл мәселе бойынша Жогарғы Сот Пленумы жауап берген. Көбінесе , егер кінәлі Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 2-ші тармағына және Қылмыстық Кодекстің 24-ші және 96 бабының 2-ші тармағаны сәәйкес келетін алдын жасалынған кісі өлтіру үшін сотталмаған болса онда бүл қылмыс өз алдына квалификациялануы тиіс, ал соңғы сы аяқталганына немесе аяқталмаганына байланысты Қылмыстық Кодексінің 96 бабының "н" тармагымен немесе Қылмыстық Кодекстің 96 бабының "к" тармағымен және 24-ші бабтарымен квалификацияланудың мүндай тәртібі мына жағдайларда колданылуы тиіс.

А) Егер, біріншіден, ауырлататын жағдайдағы кісі өлтіруге

оқталып , соңынан қасақан кісі өлтірсе . Б)   Егер,   алғашқыда   ауырлататын   немесе   ауырлатпайтын

жағдайларда    кісі    өлтірілсе,    кейіннен    кісі    өлтірілсе,

кейіннен кісі өлтіруге оқталса.

 

ІІТТАРАУ    ЖЕҢІЛДЕТЕТІН   ЖАҒДАЙЛАРДА

АДАМ ӨЛТІРУДЩ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ

ЗАҢДЫЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

§1 ЖАҢА  ТУРАН СӘБИДІАНАСЫНЫҢ ӨЛТІРУІ

Бүл кісі өлтіру қылмысы бойынша ауырлататын және жеңілдететін жагдайлары жоқ қасақана кісі өлтіру қатарына жатқызып отырмыз. Яши, жаңа туған сәбидің анасының өлтіруі кісі өлтірудің жәй формулада қарастырылады. Яғни, қылмысы ауырлататын жағдайларсыз және қылмысты жеңілдететін белгілерімен қылмыстық объектісі нәрестенің өмірі ал қылмыстық объективті жағы анасының өзі туған сәбиінің өлтіруі кезіндегі әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Қылмыстық Кодекстің 97 бабында көрсетілгендей анасының өзінің жаңа туған сәбиінің өлтіруі кезеңіндегі әрекет немесе әрекетсіздігі болып табылады Қылмыстық Кодекстің 97 бабында көрсетілгендей анасының өзінің жаңа туған сәбиінің туып жатқан кезінде психикасының бүзылуы немесе есінің дүрыстыгын жоққа шыгармайтын жағдайда өлтіру.

Бұл қылмыстық субъективті жағы қасақаналықтың тікелей түрі. Себебі анасы өзінің өмірге өзіндік қабілетте баласын өлтіру. Бүл қылмысты әрекетін қоғамға қауіптілігі сол адамға, туғаннан берілетін, оның өмірге деген шексіз қүқығы бүзылады. Адам өлтірудің бүл түрінің ерекшелігі — заң оны жеңілдететін мән жайлар бола алатын кейбір объективтік және субъективтік факторлармен байланысады.

Жаңа Қылмыстық Кодексте заң шыгарушы анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан

 

кейігі кезевде психикасын бүзатын жағдайда немесе есінің дүрыстығын жоқтап шығармайтын психикасы бүзылуы жағдайында өлтіруі өзінше бапқа бөлектеуді қажет деп санады. Адам өлтірудің бүл түрі бүрын жай адам өлтіру ретінде(жеңілдететін және аурлататын мән жайларсыз) сараланып келді.

Жүктілік (көбінесе, қажетсіз) жөне физиологиялык туу әйел психикасын теріс әсер етуі мүмкін. Босанған әйелдің бүл қылмыстық әрекетті жасаған кездегі потологиялық жағдайы оны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарауға негіз болады.

Жәбірленуші бүл жерде - жаңа туған сәби, сот медецинасында ол физиологиялық туудан бастап адам санасына кіреді.

Қылмыстың субъектісі жасы 16 жеткен , жаңа туған сәбидің анасы ғана бола алады. Басқа адамдар, егер олар мүндай адам өлтіруге қатысушылар болып табылса, Қылмыстық Кодексінің 96 бабы бойынша жауапқа тартылады, себебі ананың жауапкершілігін жеңілдетуге негіз болатын мән жайлар оларға таралмайды.

Ананың екі және одан көп (егіздерді) жаңа туған сөбилерді өлтіруі Қылмыстық Кодекстің 96 бабы бойынша жауаптылыққа әкеледі.

# 2 ЖАН КҮЙЗЕЛІС ЖАҒДАЙЫНДА БОЛҒАН АДАМ ӨЛТІРУ

Кенеттен пайда болған жан күйзелу үстінде ашумен қасақана кісі өлтіру, жеңілдететін жағдайда жасалынган кісі өлтіру деп танылады.

 

Кенеттен пайда болған қатты жан күйзеліс қысқа мерзімге күшейтілген эмоцияны білдіретін физиологиялық эффект. Аффективтік реакцияны келтіретін себепке байланысты өзін-өзі үстау және әрекетті мүмкіндігін сақтауда санады үстемдік етуші жағдай.

Физиологиялық аффект «төтенше ашу әсеріне жауап ретінде пайда болатын >қысқа мерзімді шүғыл эммоцияны білдіреді. Физиологиялық аффектіден потологиялық аффектіні ажырату қажет. Яғни патологиялық ішкі сезім әрекеттерінің уақытша бұзылу түрінің бірі және есі дүрыс еместік болып табылады.(Қылмыстық Кодекстің 2-ші бабы).

Ал физиологиялық аффекгіде керісінше есі дүрыс еместікті болдырмайды, өйткені аффективті ашу қысудың ең қатты кезеңіндеде адам өзінөзі қолына алады. Қандайда бір әрекеттерді физиологиялық аффект жағдайында жасайтын азаматтар, есі дүрыс танылады, өйткені оларда қандайда бір мөлшерде өзін өзі үстау қабілеттілігі аффективті реакцияны келтіретін себепке сәйкес әрекет ету мүмкіндігі сақталады, ақылынан адасу жағдайы болмайды. Соңынан осы ерекше жағдайын есепке ала отырып, заң бойынша жан күйзелу үстінде ашумен қылмыс жасау, жәбірленушінің заңсыз әрекеттерінен туған және жауапкершілікті жеңілдететін жағдай деп қарастырады. Кей әдебиеттерде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 98 бабында келтірген анықтама айқын берілмеген деп жүр. Кенеттен пайда болған жан күйзелу терминін "аффект" терминімен алмастыруы үсынылды. Қылмыстық Кодексінің 98 бабы бойынша кісі өлтіруді квалификациялау үшін субъективті жағынан анализ жасаудың маңызы зор.

Кенеттен пайда болған жан күйзеліс үстінде аіпумен кісі өлтіру тікелей, сондай-ақ жана мада болуы мүмкін.

В.И. Ткасенконың ойы бойынша мундай кісі өлтіру тек жанама қасақаналықпен жасалынады деген. Бүл анықтама заңнан алынбаған, сонымен қатар автордың өзімен негізделмеген, ягни ниет бүл жағдайда кенеттен пайда болған адам өзінің іс әрекетін бақылай алмайды, деген салдар ниеттің пайда болған кезін ғана сипаттайды. Қатты жан күйзеліс жагдайы кенеттен пайда болуы керек.

Оның пайда болуының кенеттілігі себептің пайда болуымен тығыз байланысты. Қылмыс тудырған жағдайлар пайда болган соң белгілі уақыт өткен кезде кенет пайда болуыда мүмкін. Кекшілдіктің,         қызғаныштың         дәлелдері,         себептері

жәбірленушінің заңға сәйкес емес әрекеттеріне тікелей реакциясы ретінде пайда болады. Кісі өлтірудегі кенеттен пайда болатын қатты жан күйзеліс себебі және оның кенеттілігі - тек тыгыз байланысқан гана емес, Сонымен қатар бір уақытта пайда болатын екі категория болып табылады. Қатты жан күйзелісте пайда болатын кенеттілікті "қылмысты жасау кенеттілігімен" ауыстыруға болмайды. Бұл екеуі мүлдем басқа жағдайлар. Кісі өлтіру кенеттен жасалуы мүмкін, ал 98 бабта талап етілетін қатты жан күйзеліскенеттілігі болуы мүмкін. Егер қатты жан күйзелу кенеттілігі жоқ болса, онда жасалған қылмысты кісі өлтірудің бүл түріне жатқызуға болмайды.

Қатты жан күйзелістің пайда болу ауыр тіл тигізгені немесе күш көрсеткені үшін тез арадағы жауабымен байқалады.

В.И.Ткачснко "Квалификация преступлений против личности" Москва  1981ж.

 

Осыған байланысты ауыр тіл тигізу немесе күш көрсетумен қатты жан күйзеліс арасындагы уақытта алшақтық болмауы қажет.

Э.Ф. Побегайло, осы 98 баптан жан күйзелістің пайда болуының кенеттілігін алып тастау керектігін көрсетті. Өйткені, көбінесе,жәбірленушінің үнемі заңсыз немесе оморальды мінез қүлқымен келтірген біртіндеп адамның есіне зақым келтіретін физиологиялық аффект, жағдайы кездеседі. Бүнымен келісуі қиын. Осы аталған жағдай қызғаныш, кекшідцік, салдарынан кісі өлтіру де кездесуі мүмкін. Сот, сондай-ақ Қылмыстық Кодекстің 56 бабындағы "е" тармағына сәйкес қылмысты жеке бастылық, отбасылық немпесе өзге де ауыр мән жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау деп тауып, кінәліге жазаны азайтуы мүмкін. Ал, 98 бапта қарастырылған қылмыс үшін жан күйзелістің пайда болуының кенеттілігі қажет, қылмыс жасаған адамның мінез -қүлқына әсер еткен жағдай.

Қылмыстық Кодекстің 98 бабын дүрыс қолдану үшін ниеттің пайда болу кезі және ол ниетін жүзеге асырган уақыт, сондай-ақ ол пайда болатын жағдай жөніндегі мәселені шешу керек.

Қылмыстық Кодекстің 98 бабында қарастырылған кісі өлтіру ниеті, қатты жан күйзелістің пайда болуын сипаттайтын кенеттілік, сондай-ақ кісі өлтіруте ниеттің пайда болуы үшін де тән. Мүндай кісі өлтіру алдын ала ойластырылған болып табылады, ал кісі өлтіруге қандай да бір дайындық әрекеттері болса, Қылмыстық Кодекстің 98 бабын қолдануга болмайды. Аффект жагдайында кісі өлтіру үшін тек қана ниеттің пайда

 

болганы емес, сонымен қатар "Ниетін қылмысты әрекеттерге тез жүзеге асыруы " да тән.

Қатты жан күйзеліс үстінде кісі өлтіруде пайда болатын ниеті тез арада жүзеге асырылмай, ол жағдайы өткен соң жүзеге асырылса, мүндай жағдайда Қылмыстық Кодекстің 98 бабы қолданылмайды. Жауаптылықты ауырлататын жағдайлары жоқ кісі өлтіруге Қылмыстық Кодекстің 96 бабыньщ2-ші тармағын қолдануы қажет.

Физиологиялық аффект физикалық, (дене жарақаттарын келтіру, сабау) сондай-ақ психологиялық (күш көрсетемін деп қорқыту, жалған, масқаралайтын мәліметтерді жариялаймын деп қорқыту ), күш көрсетумен келтіру мүмкін.

Күш көрсетуге тән белгі — жәбірленушінің әрекеттерінің заңга қайшылыгы. Ауыр тіл тигізу кенетігі қатты күйзелістің пайда болуының салдары ретінде іс жүзінде күш көрсетуге қараганда сирек кездеседі. Кісі өлтіруде аффект жағдайының бар не жоғын анықтау үшін тіл тигізудің ауырлық дәрежесінің маңызы зор. Кез келген тіл тигізуді аффект тигізуді, аффект жағдайын келтіріп, тіпті өлтіруге себеп болатын ауыр дәрежеде деп есептелмейді. Тергеу және сот тәжірибесін зерттегенде, тіл тигізу дәрежесінің ауырлығы барлық уақытта дүрыс анықталмайтындыгын көрсетіп отыр. Соттар бір қатар жағдайларда кісі өлтіру кенеттен пайда болған жан күйзеліс үстінде жасалған деп танудан негізсіз бас тартады, олар тіл тигізу ауыр болмайды деп сүйенеді. Тіл тигізудің ауырлығын анықтауда, кісі өлтірген кінәлінің жеке ерекшеліктері есепке алынуы қажет. Мүндай ерекшеліктерге жүтілік жатады. Жүктілік барысында әйелдің нервтері жоғары қозады, Әдебиеттерде, ерлі-зайыптылар арасындағы адалдықты сол

ерлі-зайыптылардың бірінің көзінше бүзудың ауыр қорлық деп тануға болады не болмайды деген мәселе даулы болып келеді. Бүл сүраққа барлық жағдайлар бойынша алдын ала жауап беру мүмкін емес. Кісі өлтіру туралы істерге анализ жасағанда, Қылмыстық Кодекстің 98 бабын қолдану жөніндегі мәселені Іпеіпу барысында мүндай істер бойынша соттардың есепке алатын түрі жағдайлары болады.

РФ Жоғаргы Соттың Президиумы, Г. өзінің пәтерінде әйелінің басқа еркекпен төсекте болғанын көріп, өз әйелін өлтірген. Сот бүл қылмысты кенеттен жан күйзелісті келтірген ауыр қорлық деп таныды. Президиумның негіздеуі бойынша, сотталғанның аффективті жағдайы жәбірленуші тарапынан оның ерлі зайыптылық сезімін ауыр қорлаумен келтірген. Ал басқа іс бойынша, түнгі уақытта әйелі өзінің досы С-мен бірге отырғанынкөргендіктен кенеттен пайда болған қатты жан күйзеліс үстінде ашумен кісі өлтірдідеп бағалаған.Президиум үкімді бүзып, жәбірленушінің іс әрекеті Л үшін ауыр қорлық деп есептеуге болмайды, өйткені оның өзі әйелімен екі апта көлемінде бірге түрмаған, басқа әйелмен жанүя қүруға ниеттенген, ал әйелінің пәтеріне ерлі-зайыптылық қатынасынжаңарту ниетінсіз жай кіріп қалған.

Осы істердің әр бірі бойынша кісі өлтірудің жағдайларын салыстыруда жоғары сот Президиумы тек ерінің немесе әйелінің жасаған опасыздық фактісін ғана емес, сонымен қатар барлық          мәліметтерді          жиынтығымен          бағалағаны

байқалады.Қатты жан күйзелісінің пайда болганына әкеп согатын жобірленушінің әрекеттері бір қатар жағдайларда күш көрсетумен қорлау бір мезгілде болады. Мысалы, Абай аудандық соты, С. Қылмыстық Кодекстің 98 бабына сәйкес

 

сотталган. Өйткені С өзінің үйіне мас күйінде өзінің шешесінен онымен жыныстық қатынасқа түсуін талап етіп, сонымен қатар оған соққы келтіргені, яғни сабағаны үшін шешесі баласын буындырып өлтірген. Сот, жәбірленуші ауыр қорлықпен күш көрсету салдарынан кенеттен пайда болған қатты жан күйзеліс үстінде жасалды деп тапты.

Қылмыстық Кодекстің 98 бабында қатты жан күйзелісі күш көрсетумен ауыр қорлық салдарынан ғана емес, сондай-ақ жәбірленушінің заңға қайшы әрекеттері салдарынан да пайда болуы мүмкін. Яши, күш көрсету мен қорлық қатты жан күйзелісінің болуының барлық себептерін толықтырмайды.

Басқа заңсыз әрекеттер деп, күш көрсету немесе қорлау болып табылмайтын, бірақ кінәлінің немесе оның туыстарының қүқықтары мен заңды мүдцелерін ауыр түрде бүзатын жәбірленушінің жасаған іс әрекетін тану керек. (Күш көрсету нәтижесінде емес, ол озбырлық, жала т.б. нәтижесінде адамға өлім немесе денсаулыгына зиян келтіру). Сонымен қатар осы заңсыз әрекеттер кінәлі немесе оның туыстары үшін ауыр зардаптар келтірген немесе келтіруі мүмкін болуы қажет. Бүл жағдайда іс жүзінде барлық уақытта есепке алына бермейді.

Қылмыстық Кодекстің 98 бапта міндетті жағдай болып, күш көрсету, ауыр тіл тигізу немесе қорлау,сондай-ақ жәбірленушінің заңсыз әрекеттері табылады. Осы шарт болмаса, Қылмыстық Кодекстің 98 бабын қолдану дүрыс емес.

Күш көрсету, ауыр тіл тигізу, сондай-ақ басқа заңсыз әрекеттер сияқты түсінікті анықтау және бір мөселе туындайды, яши, жәбірленушінің барлық осы әрекетіндегі субъективтік жағы жөнінде. Физиологиялық аффектіні келтіру

 

мүмкін күш көрсету және ауыр тіл тигізу, ягни, осылардың әр қайсысы қасақана жасалынуы керек. Тергеу жөне сот тәжірибесіне анализжасағанда осы Қылмыстық Кодекстің 98 бабына сәйкес кісі өлтіруді, квалификациялағанда, қатты жан куйзелісін тудыратын күш көрсету немесе ауыр тіл тигізу жәбірленушінң тарапынан жасаған абайсызда кездескен емес. Абайсыздықта жасалған күш көрсету, өзінің сипатына қарай, оны жауаптылықты жеңілдететінжағдай ретінде қатты жан күйзелісі деп бағалауға жеткілікті негіздер жоқ. Ал абайсызда ауыр тіл тигізу тіпті адамның ақылына сай емес.

Ал жәбірленушінің басқа да заңсыз іс әрекеттерге қатысы жөніндегі мәселе басқа ша қаралады. Ал ол басқаша, сондай-ақ абайсызда да жасалынуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушінің басқа да заңсыз әрекеттерді қасақана жасағанына мысал ретінде озбырлықты келтіруге болады.

Қатты жан күйзелістің пайда болуын шарттары жөніндегі мәселені талқылағанда жан күйзелісі пайда болған адамның психикалық денсаулығында есепке алу қажет. Көбінесе, тергеушілер мен соттар аффект жағдайын анықтауға жәбірленушінің өз-өзін билейтін (провоцировать) мінез қүлқына негізгі басты көңіл аударылып, ал кінәлінің психо-физикалық ерекшеліктеріне және оның жеке басы мәліметтерін мүлдем есепке алмайды, яғни қылмысты жасауды жасаймын деген шешіміне әсер ететін жагдайларға көңіл аударылмайды.

Арнайы зерттеулер бойынша адамның жеке басына қарсы қылмыстары үшін сотталгандардың арасында, сонымен қатар Қылмыстық Кодекстің 98-ші бабына сәйкес сотталғандардың ішінде 68%-ті психикалық аномалиясы бар адамдар. Олардың көбісі еңбекке қабілетті, іс әрекет қабілеттілігі бар адамдар.

 

Олардың есі дүрыс, бірақ жеке басы тітіркенгіш, агрессивтік, қаталдық секілді белгілерге тән және де олардың еріктік процесі төмендеп өзін-өзі үстап ,бақылайтын механизмдері төмендеген. Психикалық аномалиясы бар адамдар осы сапарларга сәйкес аффективті іс әрекеттерге жақынырақ болып келеді. Сонымен қатар заң әдебиеттерінде кенеттен пайда болған қатты жан күйзелісті анықтау үшін сот экспертизасынтағайындау үшін қажеттілігі жөніндегі мәселеде талқыланып жүр. Бүл жөнінде сан қилы пікірлер айтылды. Кейбір авторлардың үсынысы бойынша соттық психологиялық экспертиза жүргізу керек деп есептейді. Ал іс жүзінде соттық психиатриялық экспертиза тагайындалған жағдайлар кездеседі.

Алдын айтқандай кенеттен пайда болған жан күйзеліс жағдайы дені сау адамның ерекше эмоцианналдық жағдайы. Осы негізге сүйене отырып кейбір авторларға қосыла отырып, соттық психиатриялық емес, тек психологиялық экспертиза тағайындау керек, яғни, адамның есінің ауру жағдайын зерттейтін экспертиза .

Ал комплекстің психологиялық-психиатриялық экспертиза тағайындау жөніндегі үсынысқа келсек, онда ол физиологиялық және потологиялық аффектіні анықтау кезінде қажет. Бірақ, барлық үсынысқа келсек, онда ол физиологиялық аффект жағдайын анықтау үшін мынадай экспертиза тағайындаудың қажеттілігі жоқ.

Психологтардың зерттеулері бойынша сүраққа дәлелді жауап беруге мүмкін екендігін көрсетеді. Бүлардың айтуынша

Э.Ф. Побегайло "Қа^ақана кісІ өлтірулер және олармеи күресу" Воронсж 1965ж.

 

 

 

әр-бір аффектінің қалдықтары адамның миында, есінде едәуір үзақ мерзімге сақталады. Соттық психолгиялық экспертизаның қортындысы жасалынған қылмысты ашатын басқада барлық дәлелдерді есепке ала отырып, бағалануға тиіс.

Қылмыстық Кодекстің 98 бабының тармағында көрсетілген үрыс-керісте өлтіру жағдайын тереңірек зерттеген уақытта оның кенеттен пайда болған қатты жан күйзеліс үстінде ашумен өлтіргені анықталды.

# 3 ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНЫС ШЕПНЕН ШЫҒУ КЕЗШДЕ ЖАСАЛЕАН КІСІ ӨЛТІРУ

Қылмыс қүқындағы қажетті қоргану институты азаматтардың ар-ожданын, өмірін, денсаулығын сондай-ақ мемлекеттің мүлдесін қорғауды қамтамасыз етудің маңызы кепілдемесіболып табылады. Заң талаптарын сақтай отырып, қоғамға қауіпті қол сүғушылықты анықтауға багытталган қызмет бабын орындаушы азаматтың, полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің, сондай-ақ басқа адамдардың іс әрекеттерінде қылмыс қүрамы болмайды. Тек қоғамға қауіптіқол сүғушылықтан қорғанып, қажетті қорғану шегінен асқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бірақ бүл жазгдай да қылмыс жауаптылықты жеңілдететін жағдайда алынады деп есептелінеді. (Қылмыстық Кодекстің 53 бабының 3-ші тармағы ) қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру ҚР ҚК-тің 99 бабына сәйкес жауапқа тартылады.

Кісі өлтіру қажетті қорғану шегінен асып жасалынды ма деген мәселені шешу үшін ең алдымен қажетті қорғану жағдайы болды ма, соны анықтау қажет. Мысалға, Россия да

 

Қылмыстық Кодекстің 32-ші бабының анықтамасын өзгерту туралы мәселе талқыланып жатыр. Үш бөліктен түратын бапты үсынып отыр. Оның бірінші бөлімінде қорғаушы адам ретінде қүқықтар мен занды мүдделерін қорғауға сондай-ақ қиянатжасаушыға залал келтіре отырып, азаматтардың қоғам мен мемлекеттің қорғау қүқыгы көрсетіледі. Осы жерде қиятнаттан қүтылу мүмкіндігін және басқа адамдардан немесе өкімет өкілдерінен көмек сүрау мүмкіндігінің бар екндігіне қарамастан, мүндай іс әрекеттер завды болып табылады делінген.

Жобаның 2-ші бөлімінде мыналар көрсетілген: 1-ші бөлімде аталған азаматтар субъектілер, егер шабуыл қорғанып жатқан немесе басқа адамдардың өміріне қауіпті күш көрсетумен үласқан болса немесе сондайзалал тікелей келеді деген қорқынышпен, азамат қиянат жасаушыға кез келген залалды келтіру жолымен өзінің қүқықтарымен завды мүдделерін қорғауы занды болып табылады делінген. Жобаның 3-пгі бөлімінде, шабуыл күш көрсетумен немесе қорқытумен үласқан жағдайлар жөнінде айтылады. Мүнда қажетті қорғану шегінен асушылық жіберілмеген болса, завды болып талылады делінген.

Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы бойынша кісі өлтіруді квалификациялау, қажетті қорғану шегі шын мәнінде асты деген қорытынды шығару үшін, оның критериясын анықтаудың маңызы зор. Заң бойынша мүндай критерий, қиянаттың қауіпі мен сипатына қорғанудың сөзсіз сәйкес келмеуін есептейді.

Біздің ойымызша, Қылмыстық Кодекстің 32-ші бабының екінші тармағына келтірген анықтама бойынша, қажетті

 

 

 

қорғануи шектер, қорғану қүралдары мен шабуыл, оған қоса тараптардың әрекеттерінің интенсивтілігі жөне қоргалынып жатқанның қүндылығы сәйкес келмеуінің нәтижесінде асуы мүмкін, сондай-ақ өз уақытында емес қорғанудың нәтижесінде де асуы мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің 32-ші бабының екінші тармағында барлық адамдардың кәсіби немесеөзге де арнаулы даярлыгына немесе қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануга қүқығы бар. Бүл қүқық адамдарға қоғамға қауіпті қол сүғушылықпен қүтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі         болып         табылады.          Осыған

байланысты,қоғамға қауіпті қиянат , ягни,сол қиянаттан, сол адамның заңды қүқықтары мен мемлекеттің және қогамның мүдделері қауіп үстіде болатындай болуы керек.

Қорғану қүралдары мен шабуылдың бір-біріне тең келуі қиянат жасаушы шабуыл жасауда қандай қүралдармен пайдаланғаны жөнінде және шабуылга тап болған адамның қалай қорганғаны жөніндегі мәселе алгы шетте түрады. Осы мәселені шеше отырып, шабуыл жасағанда, яғни сол себептен пайда болған жан күйзелісін де есепкеалу қажет, өйткені қорғанушының әр уақытта да қауіп сипатын дәл, анықтайтын және қорғанудың сәйкесіншеқүралдарын таңдайтын жағдайда бола бермейді.

Тәжірибені зерттей отырып, қоргану қүралдары мен шабуылдың бір біріне сәйкестігін анықтауда қоғамға қауіпті қиянаттан қорғану кезінде қарулар немесе заттарды қолданудың завдағы орны туралы мәселе туындайды. Егер қорғанушы, қиянат жасаушы қолданған қарудың қорғаныс

 

қүралдарын қолданса, онда мүндай жағдай ешбір қиындық туғызбайды. Қиындық, шабуыл кезінде қолданған қүралдарға қараганда эффективті қүралдарды пайдаланганда түрады.

Қажетті қоргану шегінен асушылықтың бар не жоқ екнін дүрыс шешу үшін тараптардың күшінің бір бірінен қатысын және қиянат жағдайын сипаттайтын жагдайларға көңіл аудару керек. Сонымен қатар жас мөлшері, жынысы, физикалық дайындығы мен күші маңызда орынга ие. Егер шабуылды бір адам жасап, ал басқалары өздерінің қатысуы мен оган күш беріп түруының өзінде қиянат қауіптілігі артады. Бүндай жағдайларда қорғанып жатқан адамдарға, егер олардың бірі араласуының нәтижесінде күштерінің қатынасына шабуы жасаушының жағына өзгергеніне анық. Сонымен қатар қиянат болып жатқан жердің де маңызы зор. Мысалы орманда немесе ешбір жан кездеспейтін көшеде шабуыл жасауда қорғанудың жөнді қүралдарын қолдану талап етеді. Ал егер адамдары бар көшеде шабуыл жасаса, басқа адамдардың көмегіне сүйене алады. Занда қажетті қорғану жагдайының басын және соны анықтау туралы нүсқаулар көрсетілмеген.

Шабуылдың тікелей қауіптілігі пайда болмағанға дейін және заңмен қорғалатын қүқықтары мен мүдделеріне қауіп төнгенге дейін қажетті қорғану жағдай болмайды. В. Ф. Кириченко, И. И. Слуцкий және кей басқа авторлар, қажетті қорғану шегінен тек қорғану әрекеті шабуылмен және қоргалынып жатқан мүдденің сипатымен сәйкес келмеген жағдайда да асуы мүмкін. Өз уақытында қорганбауды, бүл авторлар қосалқы белгі ретінде қарастырып не болмаса қажетті қорғану Іпегінен асушылыққа мүлдем жатқызбайды. Олардың пікірінше, қажетті қорғану шегін мезгілінде бүзса, қажетті

 

 

қорғану жағдай да болмайды, сондықтанда ол шегінен асу жөнінде сөз де болуы мүмкін емес деп есептейді.

Ал А.А. Пионтовский, бүл авторлардың пікірлерімен жартылай келіседі. Оның ойынша қиянат болмаған жағдайда қажетті қорғану құқығының пайда болуы жөнінде айтуга болмайды, сондықтан келешекте шабуыл жасауы мүмкін адамдарга залал келтіруді қажетті қоргану шегінен асушылық деп қарастыруға болмайды.

Өз уақытында емес жағдайда қажетті қорғану шегінен асу тек "қылмыстық қиянат шын мәнінде бар болган ретте жәбірленушінің немесе басқа адамдарды қажетті қоргануга қүқыгы бар болған жагдайда гана болады, ал бірақ қылмыскер шабуылды тоқтаты, яғни шабуыл қауіпті өтіп кеткен немесе қылмыстық нәтиже толығымен жүзеге асырылған. Осы жағдайлар бойынша белгілі жағдайларда қажетті қорғану шегінен асушылық жөнінде айтуга болады.

Пионтовскидің айтуынша, қоғамға қауіпті қиянатқа үшыраған адам шабуыл жасауға жалпы негіздер бойынша залал келтіргені үшін жауапқа тартылмауы керек дегеніне қосылуға болады. Мүндай жағдайдағы жауаптылық жеңілірек болуы тиіс, өйткені адам оган жасаған шабуыл елесінде болады.

Ал шабуыл мен қорғау уақыты сәйкес келсе, онда адамның өлімі қажетті қрогану жагдайында жасалынды деп танылуы мүмкін. Осыған сәйкес қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіруді қажетті қоргану жағдайынан ажырата білу керек. Практикада қорғанушының шабуыл жасаған адамға өлім келтірген заңды әрекеттерін кешіктірілген жағдайларда қорғаныс салдарынан қажетті қоргану шегінен асып кісі өлтірген деп танылады.

 

Мысалы, Татаристанның Жоғаргы соты кассациялық тәртіппен Н-ге қатысты соттың үкімін жойды. Н. өзінің күеуін өлтіргені үшін Қылмыстық Кодекстің 99-шы бабы бойынша сотталған. Кейіннен анықталғандай, Н-нің күйеуі үнемі мас болып жанүясына тыныштық бермей, жанүя мүшелерін өлтіремін деп қорқытып үйден қуып шығара берген. Осындай жанжалдың бірінде ол әйелін Н-ді қылқындырып өлтіргені келген, соңынан пышақпен алып өлтіремін деп қорқытып оның арасына тақаған. Осы кезде Н күеуінің қолынан пышақты жүлып алып күеуінің көкірегінен үрған, соның нәтижесінде ол сол арада өлген. Жогаргы сот Н. қажетті қорғану жагдайында әрекет етті деп танып, істі қысқартты.

Қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіруді квалификациялауды осы қылмыстың субъективтік жагын талдау керек. Осы мәселе бойынша түрлі пікірлер айтылды. В.Ф. Кириченко қажетті қорғану шегінен асып өлтіру қасақана сондай-ақ абайсызда жасалуы мүмкін деп есептейді. Оның пікірінше, "кінә формасын" 4 түрі болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен абайсызда асқанда нәтиже келтірілуіне қатысты себебі және абайсыздыгы, қажетті қорғану шегінен қасақана асқанда нәтиженің келтірулеріне қатысты ниетіне мән абайсыздығы болады.Бірақ осы қылмыстың қүрамының субъективтік жағын қажетті қорғану шегінен асушылық үшін жеке, жәнеде келтірілген нәтиже үшінде жеке қарастырған дүрыс болар ма еді.

Қажетті қоргану шегінен асып кісі өлтіру қылмысын абайсызда жасалган деп тануға қарсы Қылмыстық Кодекстің 32-ші бабының 3-ші тармағында көрсетілген барлық адамдардың кәсіби немесе өзгеде арнаулы дайарлыгына немесе

 

 

қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға қүқығы бар. Бүл қүқық адамға қоғамға қауіпті қол сүғушылық қүқығы басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады. Осыган сәйкес қажетті қорғану шегінен асу абайсызда жасалған деп есептеуге болмайды. Сот тәжірибесі бойынша да қажетті қорғану Інегінен асып кісі өлтіру қасақана қылмыс деп танылған.

Сот тәжірибесінде психикалық аурумен ауыратын адам қиянат жасаганда қажетті қоргану жөніндегі ережелерді қолданудың зандылығы туралы мәселе пайда болады. Соттар қорғанып жатқан адамның оғанқиянат жасаушының психикалық ауруы жөніндегі мәселелерді білетіні де білмейтініне көңіл аудару керек. Мысалы, Б. Шизофрениямен ауыратын ағасын, ягни ол мас күйінде өлтіремін деп қорқытып, пышақ ала үмтылған үшін мылтықпен атып өлтірген. Сол үшін Б. Қылмыстық Кодекстің 98 -ші бабына сәйкес жауапқа тартылған. Сот, Б. өзінің ағасының ауруы жөнінде білген және қарудың стволымен агасының қолындағы пышақты үрып қүлатуға не болмаса тіпті терезеден секіріп кетуге мүмкіндігі бар болған деп танып, оны қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтірген деп тапты. Соттың келтірген барлық бүл дәлелдермен заң жағынан негізсіз болып табылады. Қорғанушының қиянат жасаушының ауруы жөніндегі мәлімделгеніне қатысты келмек, бүл жағдай әрекеттің қүқылық бағасын өзгерте алмайды. Дені дүрыс немесе психикалық аурумен ауыратын адамның шабуылының нәтижесінде қауіп төнген адам үшін өліп кету шын мәнінде болганы неболмағаны бәрібір. Осыған

 

байланысты шабуылдан қорғанып жатқан адам мүндай жағдайда да қажетті қорғануға қүқығы бар.

Қажетті қоргану қүқығынан асып кісі өлтіруді алдамалы қорғаныс нәтижесінде өлім келтіруден ажырата білу керек. Алдамалы қорғаныс деп, қорғаныс қүралдарын қолданушы адам шын мәнінде болмаған шабуылдың қорғануын түсінеді, ягаи ол бүл шабуыл қоғамга қауіпті қиянат деп ойлайды.

Алдамалы қорғаныста және қажетті қорғаныста қылмыстық жауаптылықтан болмаудың негіздері әр түрлі.

Алдамалы қорғаныс жағдайында келтірген зала үшін жауаптылық, нақты қатесі үшін жауаптылықты жалпы ережелері бойынша келеді.

Егер нақты қатесінде ниеті немесе абйсыздық болмаса, онда қылмыстық жауаптылықта болмайды.

§4 ҚЫЛМЫС ЖАСАРАН АДАМДЫ ҮСТАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІШАРАЛАРДЫҢ ШЕГШЕН ШЫРУ КЕЗШДЕ ЖАСАЛҒАН КІСІ ӨЛТІРУ

Қылмыс жасаған адамды үстау кезінде оган зиян келтірудің занды болу шарты Қылмыстық Кодекстің 3 3 -ші бабының 1-ші бөлігінде келтірілген. Үсталған адам қаза тауып, бірақ үстау актілерінің заңдылық шарты сақталса, қылмыстық жауапкершілік жүктелмейді.

Қол сүғушылық жасаған адамды үстау адамға келтірген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың үсталатын адам жасаған қылмыстың сипатымен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және үстаудың мән-

 

 

жайына көрінеу сай келмеуі үстау шараларын асыра сілтеу деп танылады.

Бүл қылмыстың объективтік жағы- үстау шараларын асырғандықтан үсталатын адамның қаза табуына Қылмыстық Кодекстің 100-ші бабы бойынша жауапқа тарту үшін кінәлінің жәбірленушіні үстауына Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің 132 бабында көзделген негіздері болды ма, сондай-ақ үсталатын адамға адмға зиян келтіру үшін Қылмыстық Кодекстің 33-ші бабында көзделген негіздер болды ма, алдымен сол жағы анықталуы тиіс. Егер бүл көрсетілген негіздер болмай адам өлтірсе, онда кінәлінің іс-әрекеті Қылмыстық Кодекстің 100 бабы бойынша сараланбайды. Мысалы, әкімшілік сипаттағы жазықтылығы (кішігірім бүзақылық) үшін үстаганда адамды өлтіру немесе үстаганда қарсыласпаган адамды үстау кезінде өлтіру.

Қогамға қауіптілігі орта немесе кішігірім деңгейдегі қылмыс жасган адамды үстаған кезде оны өлтіруге жол берілмейді. Үстаған кезде қарсылық көрсетпеген адамды және қылмыс жасаған жерден қашып кетуге әрекет жасамаған адамды үстау кезінде қасақана өлтіру Қылмыстық Кодекстің 100 бабы бойынша саралану тиіс емес. Қылмыстың субъективті жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Айыпкер үстау шараларының шегінен саналы түрде шығады, үсталатын адамның өлуі мүмкін екендігін немесе қалайда өлетіндігін үғынады, соны тілейді немесе сондай заттардың болуына жол береді. Қылмыстың субъектісі жасы 16-ға толған, есі дүрыс адам. Егер қүқық қорғау органдарының лауазымды адамы қылмыскерді үстау кезінде қажетті шаралар шегінен асып оны өлтірсе, осы баб бойынша жауапқа тартылады.

 

 

Қылмыс жасаган адамды үстау үшін қажетті шаралар шегінен шығып адам өлтіргеніне Қылмыстық Кодекстің 96 бабының 2-ші бөлігінде көзделген жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар бойынша онда бүл іс әрекет Қылмыстық Кодекстің 100 бабы бойынша ғана саралануға жатады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, бүгінгі жагдайдағы кісі өлтіру қылмысының келелігі, өз кезіндегі абайсыздық және қасақана жасалған, не болмаса бақытсыз жағдайлардың салдарынан туындаған кісі өлтіру қылмысының себеп-салдарына, профилактика одістері мен жолдарына, бүл қылмыстың алдын алуға және жазалауға пайда болган мәселелерді жүйелі түрде бір-бірімен тығыз байланысты шешуді талап етеді.

Нарықтық экономика дамыған, қиын бүгінгі заманда кісі өлтіру қоғамга аса қауіпті қүбылыстан болып табылады, ал кейбір жағдайларда өзге қылмыстарға қарағанда өте қауіптісі болып табылады. Бүл бір қатар қиындықтар туғызады. Қысқасы, біздің бүкіл алдын алу жүмыстарының жемістілігі актісі өлтіру қылмысына қарсы күресте қандай жолды тавдайтынымызға байланысты.

Бүл жүмыста қылмыстық-қүқықтың ғылыми жүмыстарын зерттей және сот тәжірибесін талдай отырып, кісі өлтіруді квалификациялау барысында қылмыстық қүқықтық нормаларды қалай қолдану сондай-ақ сол қылмыстар үшін жаза қолданудың тиімді жолдарын көрсетуге тырыстым. Талдауда көргеніміздей жүмыста аталған себептерге байланысты, әсіресе кісі өлтіру жөніндегі істер бойынша қылмыстык занды қолдануды қателіктер жібермеу өте қиын. Сот және тергеу тәжірибесіндегі қателіктер тек қана қазіргі кезде кездеспей, сонымен қатар олар революцияға дейінгі кезевде де басқа елдерде кездесіп отырған.

Кейінгі он жылдықта үстемдік етіп келген идеологиялық жүйе-ғылым мен қоғамдық тәжірибенің даму жолдарына

 

 

оңайлықпенен және алмайтын кедергілер туғызған. Осыган байланысты бүл жүйе бүрыңғы ССРО елдерін жаңа технологияны, соның ішінде юриспруденция ғылымының дамуына жагымды әсер ете алатын технологияны ойлап табуда артта қалдырып қойды.

Жоғарыды атап өткен кісі өлтіру қылмысына қарсы күрестің жолдары көп. Өкінішке орай, тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 10-ақ жыл болган жас Қазақстан Республикасының заң институттары әлі де болса жетіле қоймаган. Бүл бітіру жүмысында көбінесе сол КСРО түсындағы завдар мен заңгерлердің еңбектерін негізге алуымыз да сондықтан.

1997 жылдың шілдесінде Республикада қылмыспен күресті күшейту және қүқық тәртібін нығайту мәселерлері бойынша өткен кеңестің қорытындысы, Қазақстан Республикасының Президенті Нүрсүлтан Әбішүлы Назарбаевтың сондагы сөйлеген сөзі бізді жақын болашаққа үміттендіреді. Қазіргі уақытта өзіміздің заңгер ғылымдарымыз жас тәуелсіз еліміздің Қылмыстық Кодексін толық жетілдіріп тереңдете түсті.

Ал әзірге айтарымыз, Республикамыз жас та болса, дамыған елдер қатарына жатады. Бүл — кісі өлтіру қылмысының кез-келген жерден, кез-келген уақытта бой көрсетіп қалуы мүмкін деген сөз.

Олай болса, кісі өлтіру қылмысына қарсы күрес және оның алдын алу шараларына заңгерлер, психологтар, социологтар, педагоктар ғана емес сонымен қатар түрлі қоғамдық үйымдар, бүкіл қауым бірлесе отырып жүмылуы тиіс.

 

 

ҚОДАНЫЛҒАН   ӘДЕБИЕТТЕР

Нормативтік актілер.

1ҚР Консштуциясы. Алматы, "Жеті жарғы". 1995 жыл 30 тамыз.

2ҚР Қылмыстық Кодексі. Алматы "Жеті жаріъі". 1997 жыл.

3ҚР Қылмыстық Кодексі . Түсілік. Алматы. 2001 жыл.

4С.Х.Жадбаев. " Қазақ СРО Қылмысіық Кодексі". Алматы 1963 жыл.

5ҚР Жоғаріы Соты гшенумьтньщ "Азаматтардың омірі мен денсаулшына

қарсы әрекеттер үшін дауаіікершілікті көздейгін заңдардй сопардың

қолдануы" 1994 жыл 23 жептоқсаңцагы № 7 қаулысы

Арнайы әдебиеттер.

1А.Н АІыбаев. "Қьшмыстық Құқық " Жа^шы батім АІІматы "Жеті жаргы1'

1995 жьш.

2Қылмыстьгқ құқық курсы. Москва 1971 жыл.

3Э.Ф.Побсгайло. "Қасақана кісі өшірулер және олармен күрссу" Воронеж

1965 жыл.

4В.СБолков. "Қьымысіарды квшіификациялау және Ішеті"

5АА. Пиашовский. Қьимыстық құқық курсы. Москва 1961 жыл. , 6А.С.Михлин. "Қылмыс зардагаары" МоскБа 1969 жыл. ,

7 С.В. Бородин "Отвегсівенносіъ за убийство" Москва 1994 жыл.

8В.И. Ткаченко. "Кватификация престугоіении против личноеги Москва

1981 жыл.

К,осымша әдебиеттер:

'6 Заң және заман 1999 жыл. Қараша, желтоқсан. .

7 Заң газеггі. 1997 жыл №9 .

8Өскен оңір газеті № 7

 

 

М А 3 М ¥ Н Ы Кіріспе...........................................................3-5

I Тарау. Қазақстан Республикасыньщ қылмыстық қүқығы бойынша адам   өлтірудің түсінігі

1.1        Адам өлтірудің үғымы   6-9

1.2        Қылмыстық заң бойынша адам өлтірудің түрлері және зандылық сипаттамасы 9-10

II Тарау. Ауырлататын және жеңілдететін жағдайлары жоқ қасақана адам  өлтіру және ауырлататын жағдайдағы қасақана адам өлтіру.

2.1    Ауырлататын және жеңілдететін жағдайлары жоқ қасақана адам өлтірудің үғымы және зандылық сипаттамасы   11-13

2.1    Ауырлататын жағдайдағы қасақана адам өлтірудің түрлері және  зандылық сипаттамасы    13-37

III Тарау. Жеңілдететін жағдайда адам өлтірудің турлері зандылық сипаттамалары

3.1      Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі  38-39

3.2                Жан күйзеліс жағдайында болған адам өлтіру  39-48

 

 

3.3       Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру   48-55

3.4      Қылмыс жасаған адамды үстау үшін қажетті

шаралардың     шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру 55-57

Қорытьшды...............................................................58-59

Қолданылған әдебиеттер.............................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-05-11 12:01:20     Қаралды-5732

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »