UF

 

Тақырыбы: «Оңтүстік өңірі жағадйындағы қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділігіне экологиялық факторлар»

мазмұны

 

 

кіріспе................................................................................................

 

1

Әдебиеттерге шолу....................................................................

 

1.1

Ірі қара малдың қоршаған ортаның абиотикалық факторларына реакциясы..............................................................................................

 

1.2

Ауа, климат, микроклиматтың мал организміне тигізетін әсері........................................................................................................

 

1.3

Ірі қара малды экологиялық таза сумен қамтамасыз етудің маңызы..................................................................................................

 

1.4

Мал азығын экологиялық тұрғыдан бағалау.....................................

 

2

Негізгі бөлім....................................................................................

 

2.1

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері.................................

 

2.2

Жайылым шөбінің өөнімділігі мен химиялық құрамының климаттық факторларға қарай өзгеруі...............................................

 

2.3

Қара ала тұқымдас сиырлардың сүт өнімділігі.................................

 

2.3.1

Сүт өнімділігіне және оның химиялық құрамына әсер ететін факторлар..............................................................................................

 

2.3.2

Қара ала тұқымдас сиырлардың сүт өнімділігіне азықтандыру факторларының тигізетін әсері...........................................................

 

2.3.3

Ірі қараның ет өнімділігі......................................................................

 

2.3.4

Қара ала сиырлардың өсіп-жетілу көрсеткіштері.............................

 

2.3.5

Қара ала тұқымдас сиырлардың төлдегіштік қасиеттері мен клиникалық көрсеткіштері..................................................................

 

2.3.6

Қара ала тұқымдас малдардың интерьерлік ерекшеліктері.............

 

2.3.7

Сиыр желінінің морфологиялық және физиологиялық қасиеттері...............................................................................................

 

3

бұзауларды бағыттап өсіру..................................................

 

4

Сиырларды мөлшерлеп азықтандыру.............................

 

5

ірі қараны өсірудің экономикалық тиімділігі...........

 

 

қорытынды......................................................................................

 

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................

 

 

 

Кіріспе

 

Халқымызды азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз етуде ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Өйткені сүт өнімінің 99 пайызы, еттің 40-45 пайызы ірі қарадан өндіреді. Сонымен қатар ірі қара мал терісі жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында бағалы шикізат ретінде, көңі органикалық отын және тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланылады.

Кейінгі жылдарда ірі қара мал шаруашылығының даму жолдары қайта айқындалып, сауын сиырларының сүтін 700-800 кг-ға дейін көтеру көзделініп отырса, етті 30-40 пайызға көбейту межеленуде.

Соңғы кездері шет елдерден асыл тұқымды сүтті, етті ірі қараларды әкеліп жергілікті малдың өнімділігін жоғарылатуға айрықша көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ-тан, Австралиядан әкелінген голштин-фриз, герефорд ірі қараларды жергілікті малмен будандастырып, өнімділігі жоғары табындар қалыптастырылуда. Осының нәтижесінде асыл тұқымды мал зауыттарында сауын сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алуды жоспарлап, бордақыланатын малдардың тәуліктік салмағын 1000-1500 грамға жеткізу межеленіп отыр.

Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында 20дай сүтті, сүтті-етті және 8-етті ірі қараның асыл тұқымды малдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының кқпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан сүт және ет өнімдерінің сапасы жоғарғы дәрежеде емес, қйткені малды күтіп-бағу технологиясы судың және мал азығының сапасы экологиялық талаптарға сай келмейді.

Интенсивті мал азығын дайындау технологиясы әртүрлі пестицидтерді, минералды тыңайтқыштарды қажет еткендіктен жем-шөптің ластаушы көздері артып, экологиялық таза өнім алуға шектеу қойылып отып.

Тақырыптың маңыздылығы. Өнеркәсіпті оңтүстік өңірінде экологиялық ахуалдың нашарлауы, адамдардың түрлі ауруларға шадығу деңгейінің өсуі жергілікті тұрғындарды экологиялық таза азық-түлікпен, оның ішінде ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді аса қажет етеді. Сонымен қатар ірі қараны күтіп-бағу технологиясы экологиялық талатарға сай келмейді.

Оңтүстік өңірде өсірілетін 300 мыңнан аса мүйізді ірі қараның басым бөлігін өнімділігі төмен жергілікті сиырлар құрайтындықтан әсіресе сүт өнімдеріне деген сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігі шектеліп отыр. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстанның ерекше табиғи-климаттық жағдайында сүт және ет өндіру көлемін арттыру негізінен ірі қараның өнімділігін көтеру арқылы жүргізілуі тиіс.

Сондықтан мал өнімдерін өндіруді молайтудың тиімді жолдарының бірі – жоғары өнімді генотиптерді, зауыттық мал тұқымдарын жерсіндіру болып табылады. Облыста аудандастырылған әулиеата сиырларымен қатар соңғы жылдары қара ала, алатау сиырлары да көптеп өсіріле бастады. Дегенмен оңтүстік өңірінде өсірілетін негізгі екі зауыттық тұқым - әулиеата мен қара ала сиырлардың өнімділік және биологиялық қасиеттері жергілікті табиғи-климаттық жағдайға бейімделуі әлі толық зерттелмеген. Осы көрсетілген келеңсіз жағдайлар біздің зерттеулеріміздің бағытынан орын алғандықтан тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты – қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділіктері және биологиялық көрсеткіштерін ескере отырып, қоршаған орта факторларының тигізетін әсерін зерттеу болып табылады.

Жұмысты орындау үшін мынадай міндеттер қойылды:

- қара ала тұқымдас сиырлардың сүт және ет өнімділігіне абиотикалық факторлардың тигізетін әсері;

- суға қойылатын экологиялық-санитарлық талаптар;

- мал азығын экологиялық тұрғыдан бағалау;

- мал қораларға қойылатын экологиялық талаптар;

- қара ала тұқымдас сиырлардың сүт және ет өнімділіктері және олардың сапасы;

- қара сиырлардың төлін өсіру ерекшеліктері;

- оңтүстік өңірінде қара ала тұқымдас ірі қара малын өсірудің экономикалық тиімділігі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Оңтүстік өңірі жағдайында қара ала тұқымдас сиырлардың сүт және ет өнімділігі, олардың сапасы, малдардың салмағы, дене өлшемі көрсеткіштері, қоршаған орта жағдайына резистенттілік қасиеттері алғаш рет салыстырмалы түрде жан-жақты зерттелді.

Жұмыс көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыс 64 бетке копьютерлік мәтінмен терілген, кіріспеден, әдебиеттерге шолу, негізгі бөлім, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады. Құрамына 24 кесте, 7 сурет, 23 әдебиеттер тізбесі кіреді.

 

 

1 Әдебиеттерге шолу

 

1.1 Ірі қара малдың қоршаған ортаның абиотикалық факторларына реакциясы

 

Малдың денсаулығы және оның өнімділігі негізінде қоршаған ортаның факторларының әсеріне тікелей байланысты. Сондықтан қоршаған ортаның көрсеткіштерін мал организміне қолайлы ету малшылар мен мамандардың басты міндеті. Мал ауруларының алдын алу мақсатында жүзеге асырылатын барлық экологиялық, ветеринарлық-санитариялық шаралар, қоршаған ортаның мал организміне қолайлы гигиеналық-санитариялық нормативтер мен ережелер тек осы орта көрсеткіштеріне сүйене отырып белгіленуі керек [1, 2, 5, 6, 10].

Сыртқы орта және жануарлар денсаулығы өйткені жануарлардың тіршілік ету қабілеті үнемі сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады. Сыртқы орта жануарларға тікелей немесе жанама әсер етеді. Оның ең негізгі құрайтын бөліктері ауа, топырақ, су, азық, технологиялық құралдар мен қора-жай. Жануарлар қоршаған ортамен тығыз қимыл-қатынаста өмір сүріп, әрі өз даму, өсуіне қажетті заттарды (азық, ақпарат және т.б.) ала отырып өзін-өзі сақтайды [1, 2, 15, 17].

Олардың дамуы қоршаған ортаның үнемі өзгеріп тұруымен тығыз байланысты. Егер осы қоршаған орта қалыпты жағдайдан ерекше өзгерсе, яғни организм өзіне қажет элементтерді ала алмаса, онда орта мен организм арасында қарыма-қайшылық туады. Сыртқы орта факторлары тіршілік жағдайында организмнің өміршеңдігіне әсер ететін бірден-бір қозғалтқыш күш болып саналады. Сыртқы орта факторлары табиғатына және әсер ету түріне байланысты абиотикалық және биотикалық болып бөліеді [1, 2, 17, 24].

Абиотикалық факторларға жауарлар организміне әсер ететін неорганикалық орта кешені жатады (ауа температурасы, ылғалдылығы, қысымы, ауаның, судың химиялық құрамы, ксенобиоттар және т.б.).

Биотикалық факторларға тіршілік ететін ортадағы организмдердің бір-біріне әсері жатады (жануарлар, микроорганизмдер, т.б.).

Ал өзінің құрамы жағынан сыртқы орта факторлары химиялық, физикалық және биологиялық болып бөлінеді. Физикалық факторларға – температура, ауа қозғалысы, атмосфералық қысым, ауаның су буымен толығуы, күн сәулесінің интенсивтілігі, ауаны иондалуы және т.б. жатады.

Химиялық факторлар химиялық элементттер мен ауа, су, топырақ, азықтағы қосылыстар [1, 2, 17].

Биологиялық факторларға – табиғи жағдайда ауада, суда, топырақта, азықта кездесетін бактериялардың құрамы негізінде сапрофитті микрофлоралардан тұратын әрі қоршаған ортаның патогенді микробтарымен, гельминт жұмыртқасымен ластануы жатады [31].

Қоршаған орта факторларының организмнің тіршілік қабілетіне үш түрлі әсері бар минимум, максимум жне оптимум. Жануарлар денсаулығы үшін ең қолайлысы факторлардыу оптималдық шамасы. Тек дені сау жануар ғана генетикалық потенциалына сай жоғары өнім бере алады.

Денсаулық – организмге тән табиғи жағдай, ол қоршаған орта мен организм арасындағы тепе-теңдікті сипаттайды. Мал денсаулығына баға беру үшін әртүрлі зерттеу әдістеріне сүйенеді (клиникалық, биохимиялық, гематологиялық және т.б.) [13, 19].

Малдың өнімділігінің төмендеуі (сүттілігі, жүнділігі, еттілігі және т.б.) оның денсаулығының төмендеуін дәлелдейді.

Тірі организмнің ең бір маңызды ерекшелігі оның қоршаған орта жағдайларының кең ауқымды диапазонындағы өзгеруінде ағзаның физиологиялық өзіне тән тұрақтылықты бірқалыпты (гоместаз) жағдайда сақтауы болып табылады [3].

Ауру – организмнің табиғи өмір сүру жағдайының бұзылуы және ол функционалдық және морфологиялық өзгерістерінен туындайды. Қоршаған орта факторларының әсерінен жануарлар организмінде қан айналу, тыныс алу, ас қорыту ағзаларының жұмыстары бұзылады. Сондықтан мал организмінде аурудың дамуы оған қоршаған ортаның патогенді факторларының әсер етуімен тығызбайланысты физикалық (жоғарғы немесе төменгі температура, шектен тыс немесе жеткіліксіз күн радиациясы және т.б.), химиялық (ауадағы, топырақтағы, азықтағы улы заттар), биологиялық (патогенді вирус, бактерия, ұсақ саңырауқұлақтар, гельминттер және т.б.) [36].

Зоогигиенада мал қораларының ауасындағы зиянды газдардың (аммиак, күкіртсутегі эәне т.б.) организмге патогенді әсері нақты түрде анықталған [5, 7]. Бұл газдардың әсерінен рениттер, ларинготрахеит, бронхит, өкпенің қабынуы туындайтындығы анықталған. Ал, атмосферада иондардың жоқ болуы малды өлімге душар ететіні экспериментальді түрде дәлелденген. Қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторларының ұсақ және шектен тыс әсер етуінен көптеген жұқпайтын аурулар пайда болып, етек жаяды. Мысалы, топырақта биогенді элементтер (кальций, фосфор, йод, мыс және т.б.) жетіспесе жануарлардың өнімділігі мен көбейтушілігінің төмендейтіні белгілі. Ал, рационда ас тұзының аз немесе аса көп мөлшері тиісінше организмде гипопатрисмия немесе токсикоз тудырады. Малды толық құндылығы төмен, бұзылған, зең шалған азықтармен азықтандыру зардабы мол аурулар тудырады (микоздар, микотоксикоздар, гастриттер және т.б.). жануарларды жеткіліксіз азықтандыру – арықтауға, өнімділігінің төмендеуіне, ауруға (алиментарлық дистрофия мен төлсіздік) шалдықтырады. Организмге судың жеткіліксіздігі токсикозға (судың теріс балансы) әкеп соқса, ал ластанған суды пайдалану (өндіріс қалдықтары мен пестицидтермен және т.б. ластанған) гастрит, энтерит, гепатит, токсикоздардың жиі себептері [14, 21, 25, 34].

Ауру тудыратын қоздырғыштармен зардаптанған ауа, су және азық жануарлар арасында көптеген індетті және инвазиялық аурулардың туындауына себепкер (сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, аусыл, туляремия және т.б.).

Жалпы айтқанда, жануарлардың денсаулығының бұзылуының басты себептері қоршаған орта жағдайының зиянды әсері болып табылады.

Әрине мал денсаулығын сақтауда қоршаған орта әсерімен қатар тұқымдық факторларды әсерінен де қалыптасады. Бірақ маңызды шешуші роль қоршаған орта факторлары болып табылады. Осыған байланысты оның сапасы  бақылау экологиялық тұрғыдан өте маңызды.

Көп жылдық жүргізілген ғылыми зерттеулердің (биологиялық, микробиологиялық, иммунологиялық жән т.б.) қорытындысы бойынша өнімдік малдың денсаулығының бұзылуының ең негізгі себебі қоршаған ортаның қолайсыз факторлары. Сондықтан мал шаруашылығында жануарлардың денсаулығын қорғау табиғи қорғаныс күштерімен төзімділігін күшейту, аурулардың (жұқпалы, жұқпалы емес) алдын алу және өнімділігін өсіру бағытындағы басты мақсат тіршілік ортасын мал организміне қолайлы әрі қауіпсз ету. Ол үшін алғы шарттардың бірі – малды күтіп-бағуды, азықтандыруды, өсіруді, пайдалануды және ұстау жүйелерін гигиеналық талаптарға сай озық техникалық, технологиялық шешімдерді пайдаланған, әрі оларды жануарлардың ерекшеліктері мен физиологиялық қажеттілігіне сай етіп жақсарту, дер кезінде аурудан сақтандыратын ветринариялық-санитариялық шараларға жан-жақты жүргізу [4, 9, 12, 14, 16, 21].

Органиизм мен сыртқы орта арасындағы жылу алмасу. Жануарлар қоршаған орта температурасының өзгеруіне қарамастан өз дене қызуын бірқалыпты шамада сақтайды. Температура тұрақтылығы организмдегі жылу реттеу механизмімен түсіндіріледі. Жылу реттеудің екі түрін ажыратады: физикалық және химиялық. Организмде жылу химиялық жолмен өндірілсе организмнен жылудың шығуы физиалық жолдарымен реттеледі. Сондықтан қалыпты жағдайда жылудың тепе-теңдігі сақталады.

Тіршілік үшін және организмде жылу құрау үшін қажетті энергияның көзі – жем-шөп. Ал өте қиын жағдайда мал денесінің қоры жұмсалады.

Үй жануарларының қалыпты физиологиялық жағдайы мен олардың өнімдлігі организмнің жылу тепе-теңдігін сақтаған кезінде ғана мүмкін болады. Алайда, мұндай жағдай қолайлы микроклимат, яғни температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы және радиациялық температура жағдайында ғана сақталады. Микроклимат көбінесе, организмнен жылу шығарудың немесе сақтаудың физиологиялық механизмдері қызетінің тиімділігіне ықпал жасайды, яғни физикалық жылу реттеу мүмкіндігін күшейтеді месе кемітеді [5, 7, 13, 23, 36, 37].

Малдың, төлдің қыстыкүні темір бетоннан салынған (қабырғасы, едені, төбесі) қорада күтіп-бағылуы организмнің радиация жолымен жылу жоғалтуының артуына, ал жаздыкүні ысып кететін қора-жайда тұруы оларды ыстық ұруға немесе ыстық өтуіне әкеп соғады. Малды серуендетіп немесе жайылымда бағып-күту жағдайында жылу жоғалту күн радиациясы мен топырақ қызуының шамасына байланысты болады. Ауа райының тұрақсыздығы да жылу бөлінуді өзгертеді [5, 8, 11, 28, 36].

Жануарлардың бейімделуі және жерсінуі. Қоршаған орта әрдайым өзгеріп отырады. Соған байланысты мал организмі дамып, жетілу процесінде ортаның өзгеруіне қарай бейімделу қабілетін де өзгертіп отырады. Мұндай өзгерістер организмнің адаптациялық қабілеттілігімен түсіндіріледі [3, 5, 7, 11]. Мысалы, қысы қатал, континентальды климат жағдайында өскен малдың салмақты, қалың терілі, түбіті әбден жетілген ұзын да қалың жүнді келетіні мәлім.

Бейімделу қабілеті төмен болса түліктің өнімділігі кемиді, аурушаң келеді, тіпті өлім-жітімге де ұшырайды. Мұндайда зоогигиеналық, ветеринариялық-санитариялық және аурулардың алдын алу мен емдеу шараларына көп шығын шығады.

Жерсіну (акклиматизация) – мал организмінің сыртқы ортаның жаңа жағдайларына (географиялық және климаттық жағдайлар, азықтандыру, күтіп-бағу сипаты, эпидемилық, тіпті індетті аурулар және т.б.) бейімделу процесі.

Жерсіндіру нәтижесін іс жүзінде өнімділік, ұдайы өсу қабілеті және денсаулығы секілді жайттарға қарап шығарған дұрыс. Өсі, жетілу, сүттілік, тіпті аурушаңдық тәрізді кейбір көрсеткіштерді аз уақыттың өзінде-ақ анықтауға болады [3, 11, 13, 28, 36].

Жерсіну стресінің жасырын өтетін ауруларды, соның ішінде індетті ауруларды да қоздыратынын есте ұстау қажет.

Мал тіршілігінде көптеген факторлар әсеріне тап болады. Алайда тіршілік жағдайы өзгермейтндіктен мал үнемі сол өзгерістерге бейімделіп отыруға тиіс.

Сыртқы орта факторларының қауіпті әсеріне қарсы тұратын қорғаншы немесе қалпына келтіру механизмдері қосылған кезде организмге күш түседі, қажиды. Стресс кезінде физиологиялық өзгерістер жерсіну синдромы. Стресс әрқашан синдром ретінде, өзгерістер жиынтығы ретінде байқалады. Стрестің жалпы синдромы бүкіл организмге әсер етеді.

Стресс-факторлар: азықтық, климаттық (оған микроклиматтың барлық факторлары жатады), технологиялық, тасымалдау және рангалық болып бөлінеді [5, 6, 7, 13].

Стресске қарсы күресте жақсы нәтижеге жету үшін малды өсру және күтіп-бағу кезінде жаттықтыру, шынықтыру, технологияны қатаң сақтау, күтіп-бағудың қолайлы жағдайларын жасау жолымен мал төзімділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызуды басты назарда ұстаған дұрыс.

Қорыта келгенде, организмнің бейімделуі – ағзалар мен ұлпалардың басқару механизмдерінің функциялық жүйесінің берік белсенділік деңгейіне жету процесі. Сонда ғана мал ұзақ тіршілік етеді, дені сау төл-тума таратады. Стресс организмге үйренген ортадан өзгеше қолайсыз жағдай тудырады. Сондықтан да бейімделу процесі организмді қоршаған ортаның өзгерген факторларына көндіктіруге көмек етеді.

Сыртқы орта факторларын экологиялық тұрғыдан шектеу. Қоршаған ортаның әртүрлі факторларына жануар организмнің бейімделуінің белгілі бір шегі болады. Оның экологияық мәні сапасы мен санына байланысты сипатталады.

Сыртқы қоршаған ортаны тек жануарлар денсаулығына тигізетін ықпалы мал организміне бірде қолайлы, ал кейде кері әсер етеді. Бұл ретті ортаның кері әсері көбінесе оған әртүрлі лас заттар түсіп, сапасының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан жануарлардың денсаулығын сақтау бағытындағы сақтық шаралар қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерін болдырмау емесе азайту жұмыстары экологиялық тұрғыдан оларды қатаң шектеу (нормалау) негізінде жүргізілуі керек [1, 2, 13].

Мал организміне сыртқы орта факторларының жағымсыз факторларының әсерін төмендетуде және орта сапасын жүйелі басқаруда экологиялық нормалаудың маңызы өте зор.

Қоршаған ортаның әртүрлі нысандарындағы (ауа, топырақ, су) зиянды химиялық заттар үшін шекті жіберілу концентрациясы (ШЖК) бекітілген [1, 2, 5, 10, 13, 15, 18].

ШЖК ұғымы қоршаған орта нысандарында болатын әртүрлі химиялық заттардың бұл концентрациялары жануар денсаулығына тікелей немесе кері әсері болмауына негізделген.

Химиялық заттардың ШЖД (шектеулі жіберілу деңгейі) – ол ауада (мг/л), топырақта және азықта (мг/кг) кездесетін химиялық заттардың мал денсаулығына зиян келтірмейтін максимальды мөлшері. Ал суда бұл факторлардың ұзақ уақты бойы шектен (ШЖК) артуы (4-8 есе) онда иістің, түстің, бөгде дәмнің пайда болуына әкеп соғады. Судың химиялық заттармен қауіпті мөлшерде ластануы ндағы табиғи өздігінен жүретін тазалану процесін бұзып, судың экологиялық жағдайын нашарлатып, иістеуге және микробтардың жойылуының баяулауына әкеп соғады. Мұндай су мал суғаруға жарамсыз болады.

Суды ластаушы заттардың шекті концентрациялары (ШЖК) ауыз сумен балық шаруашылығы көздеріне бөлек-бөлек жасалады. Айта кететін жағдай, балық өсіруге арналған су көздерінде талап ішетін суға қарағанда анағұрлым жоғары болады [18, 19, 33, 36].

Мал кәсіпорындарында пайда болатын лас сулар негізінде табиғи су көздеріне жіберіліп (кейде толық тазаланбай, залалсыздандырылмай) олардың экологиялық сапасын төмендететіндіктен гигиенада лас сулардың құрамында кездесетін зиянды химиялық заттарды шектеу маңызды орын алады. Бұл ретте лас судың шекті ағызып жіберілу көлемі (ШЖА) анықталады. ШЖА дегеніміз су көздеріне (өзен, көл және т.б.) ағызып жіберілетін құрамында қауіпті заттары бар лас судың максимальды мөлшері.

Ауаның құрамында пестицидтер саны шектен асса (3-4 есе) мал организмінде едәуір физиологиялық және биохимиялық өзгерістер туындайды [5, 8, 29, 37].

Егер ауада бірігіп әсер ететін бірнеше зиянды заттар бір уақытта болғанда (азот пен күкірт диоксидтері, озон, азот диоксиді және формальдегид) олардың суммарлық концентрациясы былайша бір шамасынан аспауы керек [5, 8, 37].

Ал азықтағы токсикалық заттардың шекті жоғарғы деңгейі (ШЖД) максимальды жоғарғы деңгеймен (МЖД) белгіленген. Бұл ұзақ уақты бойы күнделікті азық құрамымен ағзаға түсетін және ешқандай терііс, жағымсыз әсері жоқ. Бұл жағдйда токсикалық заттардың сүтпен бқлініп, соның мал ұлпасында жиналуы байқалмайды және бұл малдардың өміршеңдігі мен көбею функцияларына кері әсері жоқ [6, 13, 27, 29].

Жануарлар үшін физиологиялық норма физикалық факторлардың толық болуымен емес, оның деңгейінің оптимальды жағдайда болуымен сипатталады. Ал осы деңгейден асып немесе төмендесе, ол шектен тыс немесе жеткіліксіз болып саналады.

Бірақ оптимальды жағдайдың белгілі бір аралықта ауытқуын ағзаның теңелту (компенсациялық) жүйесі қалпына келтіріп отырады. Бұлардың ауытқу шекарасы шекті жоғарғы деңгейі (ЖШД) немесе минимальды қажет деңгейімен (МҚД) анықталады.

Демек, физикалық факторлар үшін шектеудің экологиялық нормативті мөлшерінің 3 деңгейі болады: минимальды қажетті, оптимальды және шекті ең жоғарғы деңгейі. Мысалы, мал қора-жайындағы ауаның с буымен қанығуының минимальды қажет мөлшері (МҚД) 40 пайыз, қалыпты оптимальды ылғалдылық 50-70 пайыз, шекті ең жоғарғы деңгейі (ШЖД) – 85 пайыз.

Қоршаған орта объектілері (ауа, су, азық) бірқатар індеттердің таралуы мен берілу факторларына жатады. Індетті аурулардың арнайы емесе алдын алу шараларының ең маңыздысы – қоршаған ортаның микробтық ластануының гигиеналық шектелуі. Қоршаған ортаның биологиялық ластануына – патогенді, шартты патогенді микроорганизмдер, сапрофитті микроорганизмдер, гельминт жұмыртқаларының табылуы жатады. Осыған байланысты қоршаған орта объектілерінде жалпы микробпен ластануына және санитариялық көрсеткіш микроорганизмдеріне арнайы шекті жіберілу деңгейі (ШЖД) анықталған [17, 32, 35].

Жануарлар ауруларының алдын алу шарасын жүргізу экологиялық нормативтерге, ветеринариялық-санитариялық нормалар мен ережелерге негізделген [13, 35].

Экологиялық-санитариялық бақылау кезінде жүргізілетін жұмыстар:

  • малды ұстау, азықтандыру, пайдалану кезіндегі экологиялық-санитариялық еределерді бақылап отыру. Бұл бақылаулар мал өлексесін утильдеу, көң сақтау, сумен қамтамасыз ету, азық сақтайтын және өңдейтін объектілерде, сонымен қатар жайылым, азық және мекеме территорияларында да жүргізіледі;
  • тасымалдау көліктерінде (темір жол мен әуе арқылы және т.б.), оның ішінде мемлекет шекарасынан сыртқа жануарларды, олардың өнімдері және мал шикізатын тасымалдағанда, тасымалдау құрал-жабдықтары мен тасымалдау көліктерін тексеру;
  • малды сою, ет және ет өнімдерін өңдеу мекемелерінің жұмысын қадағалау;
  • мал шаруашылығы өнімдерін сататын сауда орындары мен базарларда санитариялық жағдайды бақылау.

Бұл экологиялық-санитариялық бақылау жүргізгендегі ең басты мақсат – мал шаруашылығынан жоғары сапалы өнім алу, адамдардың денсаулығын сақтау, әртүрлі аурулардың алдын алу және т.б. [3, 6, 13].

Әдебиеттерге шолудан туындаған қысқаша қорытынды. Малдың денсаулығын қалыпты сақтау іс жүзінде оның қоршаған ортаның әртүрлі зиянды әсеріне төтеп бере алатындай төзімділігін нығайтуда малды дұрыс күтіп-бағу, өз деңгейінде азықтандыру, суару, пайдалану ерекше орын алады. Жануарлар ауруларының алдын алу шараларын жүргізуде экологиялық, ветеринариялық-гигиеналық нормативтерді мүлтіксіз орындау қажет.

 

1.2 Ауа, климат, микроклимат және олардың мал организміне

тигізетін әсері

 

Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны экологиялық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компоненттер және бөтен газдар), меаникалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б. болуы) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады.

Ауа – мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым-қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, әрі жылу алмасуға, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді. Ауа мал тіршілігіне аса қажет және биосфераның маңызды элементі болып табылады [1, 2, 10, 13, 24, 37].

Қоршаған ортаның ауа райы атмосфералық қысыммен, температурамен, ылалдылықпен, жел күшімен, күн сәулесінің кернеуімен, бұлттылықпен және жауын-шашынмен сипатталады.

Ауа райының мал организміне тікелей де, жанама да әсер ететін экологиялық маңызы бар. Ауа райының организмге тікелей әсері оның жылу алмасу процесіне ықпалы арқылы жүзеге асырылған. Ауа райының жылы, ыстық болуы малды қорада ұстағанда да, өрісте баққанда да тіпті тасымалдау кезінің өзінде организмді қыздырып, малға ыстық өтуі мүмкін. Суық ауа райы кезінде малға әсіресе төлге, суық тиіп жиі ауырады. Кұзде, қыста, тіпті көктемнің ызғарлы салқын кезінде, күн сәулесінің, әсіресе ультракүлгін сәулелерінің қарқындылығы төмендейді (50 пайыздан жоғары) [1, 2, 10, 13, 17, 24].

Ауа райының өзгерісі әртүрлі тітіркендіргіштер жиынтығының ауысуымен қатар, организмнің оларға қарсы тұру реакцияларының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Сөйтіп, организмге мұндай факторлар жиі және ұзақ әсер етсе, организмдегі ағзалар ман жүйелер көндігіп, аталмыш әсерлерге бейімделе бастайды.

Оңтүстік Қазақстанның климаты континентальді болып, жаз және қыс айларының аралық температураларының алшақтығымен және ылғалдылық тапшылығымен сипатталады.

Мал шаруашылығында микроклимат деп мал қораның климатын айтады. Мал қораның микроклиматы ауаның физикалық жағдайына оның газбен, микробпен, тозаңмен ластануына тікелей байланысты болады.

Былайша айтқанда, микроклимат ғимарат пен бүкіл технологиялық қондырғылардың физикалық, химиялық және механикалық жағдайларын қоса алғанда, ауаның физикалық жағдайының (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы, табиғи және жасанды жарықтың, сәулеленудің, шудың болуы және т.б.), газдың құрамының, сонымен қатар, шаң мен микроорганизмдердің болуының жиынтығы деп түсінуге болады.

Мал қораларында микроклимат жасанды болуы да мүмкін. Оны жасау жергілікті климатқа, ғимарат жақтауларының жылу сақтау қасиеттеріне, желдетуге, жылыту көздеріне, канализацияға, малдың орналасу тығызды-ғына, ұстау технологиясына және т.б. тікелей байланысты. Микроклимат жағдайын малға ыңғайлы оптимальды жасау үшін өзгертіп отырады.

Егер ауаны мал тіршілік ететін қоршаған ортаның ең маңыздысы деп атаатын болсақ, онда оны өзгерті арқылы малдың денсаулығы мен өнімділігін арттыруға болады.

Ауа температурасы сыртқы ортаның маңызды экологиялық факторы. Мал денесінің қызуы орта есеппен 36-420С шамасында болады және сыртқы орта температурасының өзгерісіне қарамастан тұрақты болады.

Организмнің сыртқы ортаның жоғарғы және төменгі температурасының өзгерісіне қарамастан белгілі бір деңгейде өз денесінің қызуын тұрақты ұстап тұратыны бар.

Мал организмінде жылу құрайдың өзгеруі сыртқы орта температура-сымен байланысты. Зат алмасу және жылу өнімдері аз, органдардың физиологиялық қызметі мен мал организмі жүйелеріне онша күш түсірмейтін сыртқы орта температурасы ол жылу бейтараптық аймақ немесе қолайлы температура деп аталады. Қолайлы температура дегеніміз малдың белгілі түрі немесе жас тобы азықты аз жұмсап ең жоғарғы өнімділікті көрсететін температура. Негізінде әртүрлі ауыл шаруашылық жануарлардың тіршілігіне ауа температурасының көрсеткіші 5-200С аралығында қолайлы деп саналады. Алайда ірі қара малдың түріне, жасына қарай оптимальды температура – 8-120С, бұзауларға – 20-150С [5, 7, 13].

Мал денсаулығын, олардың жоғарғы табиғи төзімділігі мен өнімділігін сақтау, азық шығымын азайтып, экономикалық тиімді өнім алу үшін қолайлы температураның белгіленген шегін және сәл-пәл зат алмасудың төменгі аймағын ұстаған дұрыс.

Мал организміне төменгі температураның әсері. Ауа температурасы-ның шектен төмендеуі мал организмінде зат алмасу мен жылудың артуына әкеліп соқтырады. Ал бұл жағдай, ең алдымен энергия құрау үшін қосымша азық шығынын қажет етеді.

Төменгі температура әсіресе жас төлдерге (жаңа туылған), ауру және ауырып жазылған малдарда өте қауіпті (зат алмасу бұзылады, ағзалардың функциональдық қабілеті төмендейді, суық тию және үсу байқалады). Сиыр қораларында температураның 180С дейін көтерілуі немесе 50С төмендеуі олардың өсімталдығын төмендетуге әкеп соғады.

Малдың суыққа шалдығуының алдын алу үшін оларды температурасы қолайлы қора-жайларда күтіп-бағуды, сондай-ақ дұрыс азықтандыруды қарастырған жөн [8, 36].

Мал организміне жоғары температураның әсері. Басқа малдарға қарағанда сиыр ыстық ауаға төзімдірек келеді (20-400С). Жоғары температура организмге жылудың жиналуына, соңынан ыстық ұруға ікеп соғады. Малды ыстық ұрғанда (дене қызуы 420С дейін) тері қызуы көтеріледі. Егер дер кезінде шара қолданылмаса тыныс алу орталығы мен жүректің сіреспесінен мал өледі.

Ыстық ұру немесе гипертермия қоршаған ауаның температурасы жоғары болғанда, ауа ылғалдылығы көтерілгенде (тері бетінен ылғалдың булануына кедергі жасайды) және ауа қозғалысы төмендегенде кездеседі.

Жылудың ұзақ сақталуы кезінде семіртілетін малда, оларды жабық, желдетілуі жеткіліксіз қора-жайларда ұстағанда, молынан азықтандырғанда кездеседі. Сондай-ақ мұндай жағдайда жас малды әрі жылы, әрі ылғалды қораларда ұстағанда байқалады.

Ыстық ұру – өте қауіпті ауру. Малды ыстық ұрудан сақтау үшін ең бастысы жылудың сыртқа шығуын күшейтетін және жылу өндіруді азайтатын жағдайлар жасау керек.

Әрине, мал организмінің қалыпты тіршілігі үшін өте төмен де, өте жоғары да температура қажетсіз. Мұндай қолайсыз орта жағдайының салдарынан мал өнімділігі, жем-шөп пайдалану тиімділігі төмендеп, ауру және өсіруге жарамсыз мал саны көбейеді.

Қора-жайларда қолайлы ауа температурасын ұстаса, оған қосымша дұрыс азықтандыра білсе, бүгінгі талапқа сай дені сау, мол өнімді мал өсіруге әбден мүмкін.

Атмосфералық қысым. Бізді қоршаған атмосфера ауасының салмағы (1 м3 ауа сынап бағанасымен 760 қысымында 1,03 кг тең) бар. Ол жер бетіне, барлық затқа, соның ішінде тірі организмге де (1    шамамен 1,033 кг) үнемі айтарлықтай қысым жасайды. Қысым күрт ауысса сүтті сиырлардың сүті азайып, қоңы төмендейді [13].

Ауа ылғалдылығы. Ол мал тіршілігіне және оның өнімділігіне зор әсер етуші фактор. Температура және ылғалдылық бір-бірімен тығыз байланысты және басты климаттық факторлар. 1 кг атмосфералық ауада орта есеппен 2,34 г су буы болады [13]. Ауаның әр температурасына сәйкес оның су буымен қанығу шегі болады. Егер осы шектен асып кетсе ылғалдылық тқман, шық, қырау және т.б. түрінде бөлінеді.

Ауа температурасы артқан сайын максимальдық және абсолюттік ылғалдылық, ылғал тапшылығы (булану жылдамдығы) және шық нүктесі көрсеткіші де ұлғаяды.

Мал қоралары ауасының ылғалдылығы. Мал қораларының ішкі ауасындағы бу мөлшері әдеттегідей атмосферадағы буға қарағанда көп. Атмосфералық ауа ылғалдылығы қора ауасының 10-15 пайызын құрайды [13].

Ауа ылғалдылығының экологиялық маңызы зор. Ылғалдылық, көбінесе қоршаған ортаның климат пен микроклимат жағдайын көрсетеді. Ауада ылғалдың мол болуы жоғары температура жағдайында организмге жылудың жиналуына (гипертермия), ал төменгі температурада жылуды көптеп шығарға (гипотермия) ықпал жасайды. Жоғары салыстырмалы ылғалдылық организмге, оның жылу шығаруына ауа температурасы ыстық кезде де, суыз кезде де кері әсер етеді. Ылғал ауаның сыйымдылығы құрғақ ауасыйымдылығынан 10 есе үлкен. Соған орай ауа ылғалды әрі суық болса, оның үстіне ызғырық соқса организм тез мұздайды. Сыз, суық қора-жайларда суық тиіп мал жиі ауырады. Мал бордақыланатын қора-жайларда жем-шөп шығыны 20-25 пайызға артып, тәулігіне қосылатын салмағы 12-28 пайызға кемиді және төлдер арасындағы шығын 2-3 есе артады [3, 11, 21].

Мал қораларының жоғары ылғалдылығына қарсы мынандай шаралар жүргізу қажет: мал қораларын жобалағанда және салғанда құрылыс материалдарын дұрыс таңдау, оларды пайдалану кезінде зоогигиеналық талаптарды сақтау, құрғақ сабанан төсеніш төсеу (сонда салыстырмаы ылғалдылық 8-12 пайызға азаяды), сөндірілмеген әк қолдану (салыстырмалы ылғалдылық 6-10 пайызға төмендейді), асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен мал өсіретін өндірістерде малды қыста серуендетіп, жазда жайылымға шығарған дұрыс [3, 13].

Ауа қозғалысы. Егер желдің жылдамдығы 4 баллдан асса, малдың терісі әжептәуір тоғазиды. Мысалы, бір сағат шамасында желдеткенде сиырдың терісінің қызуы 3,50С төмендейді. Ауа қозғалысының жылдамдығы секундына 0,1-0,4 метрге дейін артқанда ауа температурасының 50С суығына тең келеді. Тіпті ауа қозғалысының жылдамдығы сәл ғана ұлғайғанның өзінде ауаның суыту қабілеті айтарлықтай өседі. Сондықтан да микрокиматтың бұл факторын температурамен үйлестіре білу керек.

Ауа қозғалысы жылдамдыының секундына 0,1 м артуы оның суыту күшінің бір шаршы метрде секундына 0,19 мкал өсуіне әкеп соқтырады. Сондықтан да экологиялық нормаларда қора-жайлардағы ауа қозғалысының ең аз жылдамдығы қыста төл үшін секундына 0,02-0,03 метр, сақа мал үшін – 0,2-0,5 м/с ұстау қарастырылған. Жазда немесе бордақыдағы бұзалар ұсталатын жабық мал қоралары ауасының қозғалы жылдамдығы секундына 0,5 және 1 метрге дейін, ал сырттағы ауаның температурасы 31-320С кезде малға салқын болу үшін секундына 1,5 метрге дейін арттырылады.

Микроклиматқа толығырақ сипаттама беру үшін іс жүзінде ауаның салқындату күші деп аталатын көрсеткіш енгізілген (катаиндекс). Мал қораларында ауаның салқындату күші (катаиндекс): сиыр қорада – 7,2-9,5, бұзауханада – 6,6-8 төмен болуы керек [8, 36].

Мал қора-жайларын жоспарлаған кезде оларды бүкіл көң-қоқыс, түрлі қалдықтар шығарылатын тұстары елді мекенге серін тигізбейтіндей етіліп орналастырылған жөн. Әрбір жеке мал қораларына жел бағыты оның бүйір қабырғасына немесе бұрышына соғатындай етіліп салынуы тиіс.

Төменгі температура мен жоғары ылғалдылық жағдайында ауа қозғалы-сы жылдамдығының артуы организмнің жыу шығынын ұлғайтуға жол ашып, мал ауруға шалдығады.

Жазғы кезеңдегі қалыпты жел өті органимзге едәуір қолайлы әсер етеді. Ауаның 3,4-7,5 м/с арасындағы қозғалысы мал шаруашылық территориясы-ның ауасының алмасуына мүмкіндік туғызып, ауаның алмасумен тазалануын, зиянды газдар мен механикалық қоспалардың (түтін, ыс және т.б.) таралуын және жойылуын қамтамасыз етеді [8, 13, 36].

Ауадағы механикалық қоспалар. Шаң негізінен жеңіл қатты бөлшектер түрінде кездесіп, минералдық емесе органикалық шығу тегімен сипатталады. Атмосфераның төменгі қабатының ауасындағы шаңның шоғырлануы 0,25-25 мг/м3 аралығында.

Мал қораларының ауасындағы шаң жем-шөп тарату, төсеніш төсеу, оны жинап ауыстырғанда көптеп жиналады. Шаң мөлшерінің өсуі азықтандыру (4,3 мг/м дейін) және қораны тазалау (4,3 мг/м дейін) кезінде көбейетіні байқалған. Мал қораларында шаң мөлшері ауаның әр текше метрінде 0,5 мг-нан 6 мг аралығынан аспауы керек.

Шаң теріге, көзге, тыныс ағзаларына тікелей әсер етеді. Ол көп болған жағдайда теріге түскенде термен, май бездері бөлген маймен, эпидермистің өлі клеткаларыменжәне микроорганизмдермен қосылып малды тітіркендіріп қышындырады, қабындырады. Сның салдарынан терінің бөлу және жылу реттеу қызметі мен сезгіштігі бұзылады, дерматит, пиодермия, бөртпелер, тағы басқа аурулар өршиді [4, 9, 14].

Шаң-тозаң өкпе ауруларының көптеген түрлерінің өршуіне альвеола-ларда шаң бөлшектері жинақталатын эксудаттардың жиналуы себепкер болады.

Ауа микроорганизмдері. Ауаға микроорганизмдер, көбінесе топырақ-тан, судан, мал мен адамнан барып тарайды. Олар шаңға араласады (қатты аэрозольдар) немесе тамшыға қосылады (сұйық аэрозольдар) [5, 7, 9, 31, 35].

Мал қоралары ауасында сапрофитті микроорганизмдердің де, шартты патогенді микроорганизмдердің де, кейде патогенді микроорганизмдердің де жетілуіне жағдай баршылық. Мәселен, оған ең алдымен жоғары температураны, ауаның ылғалдылығы мен өте шаңдануын, ультракүлгін сәулелердің жоқтығын және тар жерге шамадан көп малды күтіп-бағуды жақтызуға болады.

Мысалы, ауаның температурасы 00С-тан 100С дейін көтерілгенше қора-жай ауасындағы бактериялар құрамы бірнеше (2-3) есе артады. Ауаның температурасы одан әрі көтерілгенде микроорганизмдер саны  есе, тіпті одан ла астам көбейеді. Ауа ылғалдылығы артқан сайын бактериялардың көбеюге деген қабілеті жақсы сақталады.

Көптеген аурулардың, әсіресе тынс жол ауруларының (респираторлық) қоздырғыштары ауа арқылы, көбінесе оның конвекциялық ағымымен тез тарайды да, қорадағы малға аса қауіп туғызады.

Жабық мал қоралары ауасының микроорганизмдері түрі, құрамы бойынша негізінен сапрофиттер болып келеді. Мұнда кокктар, саңырау-құлақтар споралары (аспиргилдер, пеницилдер, мукорлар) көп болады.

Сиыр қора-жайларының 1м3 ауасындағы микроорганизмдер саны 12-100 мыңға дейін аралықта ауытқып отырады.

Ауаның газдық құрамы. Ауа атмосфераны құрайтын газдар қоспасы-нан тұрады (1-кесте).

1-кесте. Атмосфералық ауаның құрамы

 

Газдар

Көлемі бойынша, пайызы

Салмағы бойынша, пайызы

Азот

78,08

75,52

Оттегі

20,94

23,16

Көмірқышқыл газы

0,03-0,04

0,046

Аргон, гелий, неон, криптон және т.б. инерттік газдар

0,94

1,28

Озон

0,000001

0,0000017

Су булары

0,01...4

-

 

Орта есеппен сиырға керекті оттегі мөлшері мынандай: 328 мл/кг.

Көмірқышқыл газы (СО2). Елді мекендердің атмосфералық ауасында 0,03-0,04 пайыз көмірқышқыл газы кездеседі. Мал қорасындағы көмір қышқыл газының көбісін малдың өзі тыныс алған кезде, ал аз бөлігін зәрмен біге шығарады. Мал демімен шығатын көмірқышқыл газы атмосферадағы көмір қышқылмен салыстырғанда 100 есе көп те, ал оттегі 25 пайыз аз. Оның мөлшері малдың жасына, салмағына, өнімділігіне және азықтануына байланысты. Мәселен, сиыр тәулік ішінде – 250-300 г немесе 114-162 л көмірқышқыл газын бөліп шығарады.

Егер қора ауасының СО2, көбейсе (1 пайыздан жоғары) онда ол ацидоз-ға, ұлпа асфиксиясына әекеліп соғады, әрі зат алмасу және тотығу процес-терін әлсіретеді, шеткі қан тамырларын кеңейтіп, тыныс алу мен жүрек соғысын жиілетеді.

Аммиак (NH3). Мал қораларында аммиак негізінен зәрден ыдырап, көп мөлшерде түзіледі. Ал, топырақта және көң қоймаларында құрамында азоты бар өнімдердің шіруінен пайда болады. Аммиак бұзауханада, садыра жиналған жерлерде, температура жоғары болса, оның мөлшері 35 мг/м3 асып кетеді.

Аммиак организмге тигізетін әсерінің табиғаты бойынша тұншықтыратын (хлор тобы) газ тобына жатады. Ауада аммиак өте көп (0,15 пайыз) жиналмағанымен үздіксіз және ұзақ тұрғандықтан организмнің жалпы жағдайы нашарлайды, бұзауларда бронхопневмония өршиді, жем-шөп нашар қорытылып, оның сіңімі кемиді, мал жиі-жиі ауырғыш келеді.

Демалатын ауадағы аммиактың біраз мөлшері (30 мг/л) малдың дыбыс саңылауын, кеңірдек және өңеш бұлшық еттерін қабындырады. Ақырында мал өкпе ісігінен немесе тыныс жолының сіреспесінен өледі.

Аммиактың иісі ауада 35 мг/м3 мөлшерде жиналғанда ғана сезіледі. Бұл газдың қора-жай ауасындағы ең жоғарғы жиналу мөлшері сақа мал үшін 20 мг/м3.

Ауадағы аммиак мөлшерін азайту үшін төсеніш үстіне 250-300 г/м2 есебінен ұсақталған суперфосфат сепкен жөн.

Күкіртті сутегі (H2S). Мал қораларындағы жинақталған қоқыс пен қи сулары, шіріген органикалық заттар, садыра сақталатын орындарында, канализация жүйелерінде көбірек жинақталады.

Қанға сіңген күкіртті сутегі ұлпаның тыныс алуына қажетті активті ферменттерді тежейді. Сөйтіп, малдың тыныс алу жолын салға ұшыратады. Қан гемоглобинінің құрамындағы темір күкіртті сутегімен байланысып, темір сульфидіне айналады да, соның салдарынан гемоглобин оттегін байланыстыруға және алмастыруға қатыса алмайды.

 

1.3 Ірі қара малды экологиялық таза сумен қамтамасыз етудің маңыздылығы

 

Адам өмірі үшін, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі үшін су аса қажет. Сонымен қатар су сыртқы орта факторлары есебінде жауарлар денсаулығына едәуір әсер етеді. Сондықтан мал организмі үшін судың алатын орны ерекше. Ол ерекшелік организмнің құрамының үштен екі бөлігінің судың үлесіне тиюімен қатар оның құрамында зиянды заттар мен қауіпті микробтардың болуымен оның малды өсірудегі экологиялық және санитариялық орнымен жан-жақты түсіндіріледі.

Су – негізгі биологиялық сұйық. Су организмде үш сұйық күйде (фазада) кездеседі: клетка ішінде, клетка сыртында және трансцеллюларлық. Жануарлар организміне су азықпен бірге, су ішкенде және органикалық заттардың клетка ішінде ылырауы есебінен пайда болады (метаболикалық су). Судың көбісі теріде, дәнекер ұлпа мен бұлшық еттерде болады. Олар су қоры міндетін атқарады. Жануарлар судың тапшылығында шыдамсыз келеді. Организмдегі су 20 пайыз кемісе ол өледі.

Су жетесе организмде зат амасуы бұзылады. Шөлдеу организмді интоксикацияға ұрындырады. Организмде су көбейсе, электролиттер артып, клеткалар зақымданады. Сөйтіп, организм суға уаланады.

Организмдегі бүкіл процесс (ассимиляция, диссимиляция, резорбция, диффузия, осмос және т.б.) органикалық және бейорганикалық заттардың судағы ерітіндісі күйінде өтеді. Су тірі материяның басқадай компоненттерімен қосылысқа түсіп отырады.

Су тотығу, гидролиздену және басқа да алмасу реакцияларына тікелей қатысады. Ол зат алмасу кезінде құралған түрлі зиянды заттарды организмнен шығару үшін де қажет.

Организмнен шыққан судың ішкен судан едәуір артық болуы шөліркеуге әкеліп соғады. Су өте жоғары жылу сиымдылығымен ерекшеленеді: аз қызып, жылуды мол сіңіреді. Сондықтан оны эталон есебінде қабылдап, басқа заттардың жылу сиымдылығын өлшеу үшін қолданады (калория – 1 кг суды 14,50С-тан 15,50С-қа дейін қыздыруға кететін жылу мөлшері).

Су мал қажеттілігін өтеумен қатар шаруашылықта санитариялық тәртіпті сақтау әрі технологиялық процестерді өтеу үшін де өте қажет (желінді жуу, тазалау, сүт ыдыстары мен қондырғыларын, мал денесін және қораларды тазалау, дезинфекциялау және т.б.).

Су малдың кейбір індетті, вирустық және инвазиялық аурулардың таралуына себепкер болады [13, 18, 19, 20, 33].

Ішетін судың сапасы мен мөлшері малдың денсаулығы мен өнімділігіне тікелей әсер ететін фактор. Қазақстанның көп аймақтарында судың тапшылығы мен оның сапасының төмендігі кеңінен орын алған. Сондықтан республикамызда елді мекендерді таза тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында салалық «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданған (2012-2020 жылдарға).

Табиғи су көздерін экологиялық тұрғыдан бағалау. Шығу тегіне қарай су атмосфералық, жер беті және жер асты суы деп бөлінеді.

Атмосфералық су жер бетіне жауын, бұршақ, қар, шық және тұман күйінде түседі. Олар құрамындағы газдардың (азот, оттегі, көміртегінің қос тотығы) жоғарылығымен ерекшеленеді. Бұл сулар құрамында көмір қышқылы болғандықтан қышқыл реакциялы болады. Сондықтан да дәмі ұнамсыз келеді. Мұндай сулар ішуге, көбінесе жарай бермейді.

Жер бетіндегі сулар жер бедерінің (шалшық, тоған, өзен, көл, теңіз) ойпаңдау тұсына барын орын тепкен атмосфералық су мен жер беті суының кейбір бөлігі. Бұл суды да сол қалпында іше беруге жарамайды, алдын ала тазартып барып пайдаланады.

Жер беті суларының сапасы ішетін суға қойылатын стандартқа сәйкес емес. Сырдария, Арыс, Бадам сияқты ірі өзендер қатты ластанған.

Жер асты суы ең алдымен атмосфералық судан тұрады. Бұл сулар жер қыртысы саңылауының су өткізбейтін қабатының үстіне шоғырланып, сулы қабат құрайды. Жер асты суы тайыз, терең су және артезиан суы деп бөлінеді. Тайыз су әдетте жердің үстіңгі қабатында (2-3 м) алғашқы су өткізбейтін қабат үстінде болады. Оның дәмі қанша жақсы болса да көп жағдайда ол ішуге жарай бермейді.

Терең су (15 метрден 2-3 км дейін), алғашқы су өткізбейтін қабаттың астында жатады. Бұл сулар адамдарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі ең басты су көзі болып табылады. 15 м тереңдіктегң судың бір литрінде кемінде 1000 мг еріген тұз немесе көмір қышқыл тотығы, әйтпесе тұщы суда сирек кездесетін элементтердің, мысалы, бром, йод, фтор, темір, радий бар терең суды минералды су деп атайды.

Артезиан суы оның гигиеналық қасиетіне байланысты өте жоғары бағаланады. Ол микроорганизмдерден толық дерлік таза. Сондықтан да ешқандай тазартылып, зарарсыздандырылмай-ақ іше беруге болады.

Жер асты суларының ластануы негізгі минерализацияның артуы, кермектіліктің жоғарылауымен, хлоридтер мен сульфаттардың мөлшерінің артуымен сипатталады [1, 2, 5, 7, 13, 18, 19, 20].

Табиғи су көздерінің ластануы. Табиғи су көздерінің басты ластаушыларына тау-кен, өнеркәсіп, өңдеу кәсіпорындары мен қатар мал шаруашылық орындары да жатады. Ал, ең көп тараған ластаушы заттарға түсті металдар, күрделі химиялық қосындылар, мұнай, минералды тұздар, риадиоактивті қоспалар, пестицидтер және т.б. өндіріс қалдықтары кіреді. Аталған ластаушы заттар, оның ішінде антропогенді және техногенді заттар да табиғи сумен араласып оның сапасын өзгертеді. Бұл өзгерістер әртүрлі болып келеді: судың физикалық қасиеттерінің өзгеруі (алғашқы мөлдірлігі мен түсінің өзгеруі, жағымсыз иіс пен татымның пайда болуы, т.б.); судың химиялық құрамының өзгеруі (әсіресе, оған зиянды заттар судың бетіне жүзіп жүретін затар түсуі, түбіне шөгінді шөгу, су қоймасынан түскен органикалық ластаушы заттарды тотықтыруға жұмсалуы салдарынан еріген оттегі мөлшерінің азаюы); бактериялар мен басқа да микроорганизмдердің, соның ішінде ауру тудыратын микроорганизмдердің де пайда болуы салдарынан судың сапасының өзгеруі.

Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, тіпті техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды.

Жер беті және жер асты суына мұнай, уран мен оның өнімдері зиянды әсер тигізеді.

Түрлі өнеркәсіптерден ағып шығатын судың құрамында болатын фенол қосылыстарының қауіптілігі де ешқайсысынан кем емес.

Табиғи су көздері кейбір өндіріс орынарынан ағып шығатын судың құрамындағы синтетикалық сырт қабатқа әсерлі заттармен ластануы мүмкін. Мұндай судың татымы, дәмі өзгеріп, бөгде иіс болады. Су көздерін ластауда ауыл шаруашылығы егіс алқабының беткі жайынды суларындағы пестицидтер мен тыңайтқыштар үлкен орын алады.

Түрлі энергетикалық қондырғылардан шыққан ыстық су келіп қосылған болса, табиғи судың булану қарқынын арттырып, миенралдануын күшейтеді. Соның салдарынан суда ерген оттегі құрамы азаятындықтан өсімдік және мал организміне кері әсер етеді.

Табиғи суға, жан-жануарлар мен балықтарға радиоактивті заттар да үлкен қауіп төндіреді [1, 2, 5, 7, 13, 18, 19, 20].

Су көздерін санитариялық тұрғыдан қорғау. Жер беті су көздерін қорғаудың негізгі жолдары: суды қайта пайдалану жүйелерін енгізу, лас суларды су қоймаларына ағызбау және оларды тазалау, қалдықсыз және сусыз технологияларды дамыту, лас суларды жер асты су қабаттарына енгізу, пайдаланған суды тазалау және зарарсыздандыру. Жер беті суларын ластанудан қорғауда гидротехникалық және агроорман – мелиоративтік шаралардың маңызы зор.

Өсімдіктерді қорғауда улы химикаттарды биологиялық әдістермен тазарту тиімді.

Басқа лас су көздеріне қарағанда мал шаруашылығының ағынды лас суларының ерекшелігі оларды утильдеудің өте күрделілігі, әрі су көздеріне жойқын әсер етуінде. Малдан шығатын зиянды ағынды суларды өңдеудің қазіргі таңда ең танымал технологиясы – оларды фракцияларға бөлу: қатты және сұйық бөліктерге. Қатты бөлігін компост ретінде пайдалануға болады, ал сұйық бөлігін (қоюлығы 18 пайызға дейін) реактордан өткізіп гумусқа (қара шірікке) айналдырады. Органика ыдыраудың барысында метан, көмірқышқыл газы, күкіртті сутегі бөлініп шығады. Аталған газдың энергиясын жылу мен энергия өндіруге пайдалануға болады.

Санитариялық күзет аймағы. Қазіргі қағидаларға сай, суды зерттеу нәтижелеріне қарамастан, су көздері санитариялық күзет аймағымен (СКА) қамтамасыз етілуі тиіс және тек күзеті бар су көздері ғана пайдаланылады.

Суды ластанудан сақтау, сондай-ақ судың зиянды әсерлерінің алдын алу тұрғысында құқықты нормалар белгіленген. Пацдаланылатын су көздерінің құрамы мен қасиеті, яғни суды шаруашылыққа немесе ішуге және мәдени-тұрмыстық рунктерінде қолдану кезінде оның барлық санитариялық көрсеткіштері белгіленген норипдпн аспауы керек.

Лас суды залалсыздандыру. Лас суды залалсыздандырудың үш әдісі бар: физикалық, химиялық және биологиялық.

Ең көп тараған залалсыздандыру әдісі – ол хлорлау болып табылады. Хлордың мөлшері ол микроорганизмдердің төімділігіне, лас судың сипатына, оның тазалану дәрежесіне, хлормен түйісу (контакт) уақытына байланысты. Ресми норма бойынша биологиялық тазалаудан өткен лас суға қажетті хлордың дозасы (мөлшері) 70 мг/л.

 

1.4. Мал азығын экологиялық тұрғыдан бақылау

 

Малды азықтандыру – олардың денсаулығына, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және семіру кезінде денеге жаңа ұлпалардың қалыптасуы мен жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады.

Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері: мал организмінің азыққа деген керекті көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету; мал азығындағы бүкіл қоерктік заттар құрамын жеткілікті деңгейде ұстау; жақсы, дәмдік экологиялық сапасын сақтау; қоректік заттардың ас қорытуға жеңілдігі; жем-шөпте патогенді организмдердің, соның ішінде микробтардың, зиянды және улы заттардың болмауы. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулар тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады [3,4,9,14,21,22,25].

Азықтағы қоректік заттардың экологиялық маңызы. Жем-шөп мал организміне сыртқы ортадан бірден-бір қоректік заттар жеткізуші. Азық тапшылығына әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз мал, сүтті сиырлар төзімсіз. Төлдің өсуі бұзылады. Рационда белоктың жетіспеуі белоктық алмасу ғана емес, сонымен бірге жалпы зат алмасужың бұзылуына да ұрындырады.

Кейбір май қышқылдары (липолен, арахидон және линолен қышқылдары) малдың зат алмасуына, өсуі мен жетілуіне сүйеу болу үшін өте қажет. Сондықтан, олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруға тиіс. Қорек майымен бірге организмге майда еритін дәрмендәрілер (витаминдер) түседі. Азықта май жетпесе малда майда еритін дәрмендәрілер (А, Д, Е және К) жетіспеушілігі туындайды.

Организмдегі көмірсутектің жетіспеуі негізінен рационда қант-протеин қатынасы бұзылған кезде байқалады.

Минералды заттар организмдегі зат алмасудың бүкіл процесіне қатысады. Олар азықта жетіспесе, соынмен бірге қатынасы бұзылса зат алмасу процесінің бұзылуына әкеп соқтырады. Соның салдарынан мал эндемиялық ауруға шалдығады. Остеомаляция, остепороз, құныс, іш кебу, тұз жетіспеушілік, ақ бұлшық ет ауруы, паракератоз, қан аздық, акобальтоз және т.б. аурулар өршиді.

Мал организмінде дәрмендәрі жетіспесе гиповитаминоз өршиді. Мал организмі үшін дәрмендәрілердің тым артықтығы да зиян, ол гипервитаминоз тудырады [3, 4, 9, 14, 21, 22, 25].

Азық сапасын бағалау. Азықтың сапасын бағалау оның қоректілігін, зияндылығы немесе қауіпсіздігі, сапалылығы, биологиялық құндылығы сияқты көрсеткіштерді анықтау арқылы жүргізіледі.

Жануарларды азықтандыру барысында қажетті қоректік элементтермен қамтамасыз ету олардың потенциалдық мүмкіндігін дамыту, шартты тұқымдық өнімділігі мен денсаулығын нормалау мақсатында іске асады [3,4,11].

Азықтың зияндылығы (қауіпсіздігі) малда ауру тудыратын, оның ішінде организмде зат алмасудың бұзылуы, улануы, токсикоинфекциялардың туындауы, аллергияның пайда болуы, гармоналдық функцияның бұзылуы, организмнің иммунобиологиялық күйінің әлсіреуі және т.б. зиянды заттардың болуымен сипатталады. Азықтың улылығы қоршаған ортадан түсетін улы химиялық заттардың болуына (минералдық тыңайтқыштар, пестицидтер және т.б.) және азықтың өзінде пайда болатын (улы өсімдіктер және т.б.), сонымен қатар бактериялар, саңырауқұлақтар және басқа да организмдерден бөлінетін метаболикалық удың түзілуімен байланысты болуы мүмкін [1,2,3,9,12,14]. Азықтың сапалығын анықтау үшін МЕМСТ-та көрсетілген әртүрлі азықтық заттарға (пішен, пішендеме, сүрлем, астық дақылдары, құрама жем, күнжара, шрот және т.б.) қойылған талаптарды пайдаланады [12,14,16,20].

Азық сапасын зерттеу тәсілдерін шартты түрде органолептикалық, физико-механикалық, химиялық және экологиялық-биологиялық деп бөлінеді.

Органолептикалық әдіске азықтық заттардың сыртқы көрінісі, иісін, түсін, бүтіндігін, түрлік құрамын және т.б. көрсеткіштерін анықтау жатады.

Физико-механикалық әдістер – азықтың ылғалдылығын, ондағы бөгде заттардың болуын (топырақ, металл және т.б.) және т.б. азықтық көрсеткіштерін анықтайды.

Химиялық әдістер – азықтың құнарлылық бағасын, былайша айтқанда, әртүрлі минералдық және органикалық заттардың, витаминдердің болуын зерттейді. Атап айтқанда азықта мына көрсеткіштер анықталады: рН, қышқылдық, сілтілік, әртүрлі улы және қауіпті заттар (тыңайтқыштар, пестицидтер, алколоидтар, гликозидтер, ас тұзы және т.б.). Осы зерттеулердің нәтижесінде азықпен уланудың немесе зат алмасудың бұзылу себептерін анықтайды.

Экологиялық-биологиялық тәсілдерге мал және лабораториялық жануарлардан микробиологиялық, санитарлық-микологиялық, гельмин-тологиялық, паразитологиялық және алиментарлық үлгі алу жатады. Азық сапасын анықтау және жаңа немесе белгісіз азықтарды зерттеу кезінде оларды жалпы зиянсыздығын, морфогендігін, улылығын, эмбриоулылығын, аллергия туғызушылығын және канцерогендігін білу үшін үлгі сынама (проба) алынады.

Сапасыз азық беру мал арасында көптеген аурудың, соның ішінде індетті және инвазиялық аурулардың таралуына себепші болады. Сапасыз азық тудыратын патологияның ішінде азықтан улану алдыңғы орындарды алады. Азықтан улануды минералды, синтетикалық, органикалық және өсімдік улары тудырады [4, 12, 14, 16, 22, 25].

Улы заттармен ластанған түзетін азықтарды пайдалану. Белгілі бір жағдайда азық нитраттардың, нитридтердің, гидроксиламиннің, азот тотықпасы мен аммиактың жиналуы есебінен улы азыққа айналып, малды уландыруы ықтимал.

Малдың нитраттармен улануының алдын алу үшін минералды азоттық тыңайтқыштардың май жейтін, азыққа, су көздеріне түспейтіндей жағдайда сақтап, мал және жем-шөп таситын көлік құралдарын нитратпен ластамау керек.

Органикалық және азоттық минералды тыңайтқыштарды (азот бойынша) енгізу, жем-шөптік дақылдардың әр гектарына топырақтағы азоттың табиғи қорын ескере отырып, 150 кг-нан асырмау керек [4, 14, 16, 22, 25].

Күйіс малын қолда ұстаған кезде құрамында азотқа бай өсімдіктердің көк массасымен тойдыра азықтандыруға болмайды. Олардың алдын-ала көмірсутегін қоса отырып құрғақ азықпен азықтандырып алу керек.

Мал ішетін және жем-шөп дайындайтын суда нитрит әрбір литріне 1 мг, ал нитрат тиісінше 45 мг аспауы тиіс.

Қоршаған ортаны минералды азот тыңайтқыштармен ластанудан қорғау жөніндегі бүкіл шараларды қатаң сақтап, осы мәселе тұрғысында ауыл шаруашылығы қызметкерлері мен басқа да халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

Мақта күнжарасының улық қасиеті – госсиполдың болғандығында. Престеліп алынған күнжара құрамында 0,04-0,26 пайыз бос госсипол болады. Малды азықтандыратын күнжара құрамында бос госсипол мөлшері – 0,01 пайыздан аспауы тиіс.

Сақтандыру шара ретінде жас малға мақта күнжарасын беруге болмайды. Сондай-ақ ірі малға да оны ұдайы және үзіліссіз беруге тыйым салыну керек. 2-3 айдан кейін малға күнжараны беруді 3-4 апта тоқтату керек.

Күнжарадағы госсипол сілті арқылы зарарсыздандырылады. О лүшін мынадай ерітінділер қоладнылады: 2 пайыз – сөндірілген әк ерітіндісі, 1 пайыз күйдіргіш сілті; 2,5 пайыз – күл ерітіндісі. Ол үшін күнжараға сілті ерітіндісін құйып, бір тәулікке қалдырып қояды. Содан кейін жемді екі рет сумен жуады. Жуылған суды бөлек ыдысқа құяды.

Мақта күнжарасын зарарсыздандырудың ең тиімдісі оны қыздырып, содан кейін 1 кг күнжараға 0,5 г күкірт қышқылды мырыш ерітіндісін қосады. Күкірт қышқылды мырыш госсиполмен қосылып, оның қандағы эритроцитке деген гемолитикалық қасиетін жояды [4, 14, 16, 22, 25].

Азықтың минералды және синтетикалық умен ластануының алдын алу шаралары. Пестицидтер – өте кең таралған қатты экзогенді у болып табылады. Олар суда, топырақта, ауада, өсімдік құрамында болуы мүмкін. Мал ағзаларына пестицидтер тікелей жанасқан кезде және аэрогендік, алиментарлық жолмен түседі.

Азық сапасын төмендететін және кейбір кезде токсикалық қасиеттер артып азықты қолдануға мүмкіндік бермейтін минералды улы заттарға жататындар: фтор, мышьяк (күшәлә), қорғасын, мыс, молибден, барий, минералды тыңайтқыштар, минералды қышқылдар, негіздер және цианидтер. Аталған заттармен малдың улануының ең басты себептері осы улы химикаттарды тасымалдағанда, сақтағанда және пайдаланғанда оларды қолдану нұсқасын дұрыс сақтамағаннан болуы мүмкін.

Малдың улануының алдын алу шаралары. Ең бастысы – малды улы химикаттар бар жерге жібермеу. Егіс басына әкелген минералды және органикалық улы заттарды бір орынға үйіп қоймау керек, себебімұндай жағдай малды уландыруы мүмкін.

Улы химикаттарды дайындайтын орын (әуе өңдеу) міндетті түрде бөлек, оңаша орналасуы дұрыс және ондай орындарға су арқылы, топырақ арқылы улы химикаттар түспеуін қарастырған жөн.

Жер бөліктеріне улы химикаттарды шашқнда және оларды қолданғанда, жақын орналасқан жайылымды және мал жақындайтын жолды қорғау бағытында сол екі орталық шекарада тақтайға жазылған ескертпе белгісі болуы тиіс.

Өңделген жем-шөпті малға берердің алдында пестицидтердің рұқсат етілетін қалдығының нормасын ескеру керек (5 кесте).

Ауыл шаруашылығында улы химикаттарды қолданған кезде, оның су қоймаларына, елді мекендерге және мал фермаларын сумен қаматамасыз ететін су көздеріне, балық өсіретін су қоймаларына, осы улы заттардың түсіп кетпеу шараларын қатал қадағалау қажет [4, 6, 13, 14, 16, 29].

 

5-кесте. Мал азықтарындағы пестицидтердің рұқсат етілген максималды жоғары деңгейі

 

Пестицидтер

Максималды жоғары деңгейі, мг/кг

Сүт бағытындағы малдар мен жұмыртқалайтын құстар үшін

Бордақы бағытындағы мал мен құс үшін

Альдрин

Қолдануға болмайды

Антио

2,0

2,0

Атразин

1,0

1,0

Бутифос

3,0

3,0

Валексон

-

0,6

ГХЦГ (изомерлер тобы)

0,05

0,2

Гептахлор (эпоксидгептахлор)

Қолдануға болмайды

ДДТ (изомерлер және метаболиттер)

0,05

0,05

2,4-Д

0,1

0,6

ДМ-4Х

0,05

0,5

Динтроортокрезол

Қолдануға болмайды

Дурсбан

0,2

0,2

Дилор

Қолдануға болмайды

Дифос

Қолдануға болмайды

Карбофос

2,0

5,0

Кельтан

Қолдануға болмайды

Метафос

Қолдануға болмайды

Метилмеркаптофос

1,0

1,0

Метилнитрофос

1,0

2,0

Құрамында мышьяк бар препараттар

Қолдануға болмайды

Полихлорпинен

Қолдануға болмайды

0,25

Роданисты натрий (дебос)

Қолдануға болмайды

0,5

Құрамында сынабы бар препараттар

Қолдануға болмайды

 

Севин

1,0

1,0

ТМТД

Қолдануға болмайды

Күкіртті сутегі

10,0

10,

Трихлорметафос-3

2,0

2,0

Фосфамид

2,0

2,0

Фталофос

1,0

2,0

Хлорофос

1,0

3,0

Төртхлорлы көміртегі

50,0

50,0

 

Табиғи ортаны қорғау шараларына аса көңіл бөлінуі тиіс, яғни қоршаған ортаның ластанбауына, соның ішінде топыраққа, суға және мал азығына түспеуін қаматамасыз ету керек.

Қамба зиянкестерімен және бактериялармен зақымданған азықтар. Гигиеналық көзқараспен қарағанда өсімдіктерді зақымдайтын зиянкестердің ішіндегі ең қауіптілері: ұн қынасы, капуста құрты, ошаған (репа) жабысқағы; қамба зиянкестері – ұзын тұмсық, қоңыз топтарынан – қатты қанаттылар; өрмекші тобынан – кене; қатпаршы қанаттыдан – көбелек; кеміргіштерден – тышқан, атжалман және т.б.

Қамба зиянкестерімен зақымдалған дән қоректілігі айына 5-8 пайызға кемиді. Соынмен қатар, өсімдіктің құнарлы заттарын өзінде пайда болатын метаболиттер арқылы қауіпті заттарға айналдырады. Қамба зиянкестері өзінен шығаратын экскрименттері (қи, нәжіс) арқылы азық құрамына айтарлықтай ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, басқа да әр түрлі микроорганизмдерді (грибок, бактерия) өсіп-өнуіне олардың көбеюіне ықпалын тигізеді.

Дәнді дақылдарда сүт қышқылды бактериялар, коккалар, микрококкилер, сонымен қатар әртүрлі індет ауруларының қоздырғыштарын: туляремия, оба, сарыбуын, туберкулез, сальмонелла, аусыл және т.б. кездестіруге болады. Мұндай азық малға ауру жұққызуға және қауп-қатер туғызуға мүмкіндік жасайды.

Құрама жемде сапрофиттер, зардапты бактерияның аэробты және анаэробы түрлері кездесуі мүмкін. Сондықтан құрама жем мал арасында әртүрлі аурулардың, әсіресе паратифозды топтағы аурулардың таралуына едәуір ықпалын тигізеді.

Ет-сүйек, сүйекғ балық, ет ұндарында, шротта, күнжарада, әсіресе азық құрамында белок көп болса, ондай азықта сальмонелла жиі кездеседі. Құрамында белогы көп құрама жемді температурасы және ылғалдылығы өте жоғары жағдайда сақтаса, жемде сальмонелла анағұрлым тез өсіп-жетіледі. Егер мұндай азықпен малды азықтандырса, мал ауруға шалдығуы немесе инфекция тасушы болуы мүмкін [4, 13, 14, 16, 25, 30, 34, 35].

Дәнді дақылдың температурасы +8-100С төмен болғанда әдетте онда қызу процесі болмайды; температура +10-150С кезінде қызу процесінің өте жай басталғаны білінеді. Егер дәнді дақылдың бастапқы кездегі температурасы +23-250С болғанда, оның термогенезі өте жедел өтеді. Соның салдарынан дәннің температурасы 50-550С дейін көтеріледі, әрі қарай 60-65°С, ал кейде 70°С дейін жетеді. Бұдан дәндегі микроорганизмдердің көбі қырылады, дәннің демалу процесі төмендейді. Соның салдарынан дәнді дақыл біртіндеп суи бастайды. Бірақ, осы қызу процесі байқалған дақылды егуге болмайды, азықтық және тамақтық сапасын жоғалтады.

Дәнді дақылдың өзіндік қызу процесі кезінде ондағы микроорганизм-дердің саны да, түрлі құрамы өзгеріске ұшырайды.

Құрама жемнің бұзылуы өте жедел өтеді. Себебі, мұнда микроорганизм-дердің әсері жылдамырақ жүреді және құрама жем едәуір ылғал тартқыш келеді.

Құрғақ шөптің ылғалдылығы 16 пайыз, сабанның ылғалдылығы 15 пайызға дейін болса, олар саңырауқұлақпен зақымданбайды. Бірақ, жемнің ылғалдылығы 17-20 пайыз болған жағдайда және ондағы температура көрсеткіш саңырауқұлақтың өсіп-өнуіне қолайлы болған кезде жем тез арада көгеріп, қыза бастайды. Мұндай жағдай түктелген немесе үйілген шөпте, сабанда жиі кездеседі.

Ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасы (мико-токсикоздар). 200-ден аса улы метаболит түзетін, микроскопиялық саңырауқұлақтардың 250-ден аса түрі белгілі. Микроорганизмдер, әсіресе ұсақ саңырауқұлақтар, интенсивті даму кезінде азық сапасын және оның азықтық құндылығын төмендетеді.

Микроскопиялық саңырауқұлақтардың тіршілігінің нәтижесінде балауса азықтың көрсеткіштері өзгереді (иісі – жағымсыз, түсі – солғын, зеңденген, көгерген), онда зеңдену, қызу, токсиндердің жиналуы сияқты процестер дамиды, сөйтіп, азықтың санитариялық сапасын төмендетеді, ал кейдң малға беруге жарамсыз болады [32, 35]. Улы немесе зиянды саңырауқұлақтар малда микотоксикалық аурулар тудырады. Олар әсер ету механизміне байланысты микоз және микотоксикоз болып бөлінеді.

Мал азығының экологиялық сапасын жақсарту. Азықтың экологиялық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы дайындайды, оның ең қарапайым түрі жем-шөпті кептіру, консервілеу яғни қоректік заттарының бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған микробиологиялық өзгерістерге негізделген. Жем-шөпті сақтауға негізінен кептіру (пішен, шөп ұнын дайындауда) мен анаэробтық жағдайда қышқыл орта орнатуды (сүрлем, пішендеме дайындауда) қолданады. Мұндай өңдеуден өткен азықта саңырауқұлақ өсіп-өнбейді, олар микотоксин түзбейді. Дайындалған азықтың сапасын сақтаудың ең тиімді жолы оның ылғалдылығын жоғарылатпау болып табылады. Егер ылғалдылығы жоғары болып торшалық тыныстану толастамаса, қоректік заттар ыдырауынан пішеннің ішкі қызуы 30-50°С асып, онда микробиологиялық үрдіс өрістейді.

Кейбір шаруашылықтарда мал азығының сапасын жоғары сақтау ретінде оларға химиялық консервілеу жүргізіледі. Ол үшін мынадай ерітінділерді қолданады: пропион қышқылын, сірке суын, аскорбин және бензол қышқылдарын, генцианвиолет, формальдегид және т.б. ерітінділері өндірісте жиі қолданылады [4 6, 9, 14, 16, 25].

Қысқаша қорытынды. Мал организмі негізі барлық өсіп-өнуге керекті заттарды азық арқылы алуына байланысты оны дұрыс дайындаудың, сақтаудың және малға азықты өңдеп берудің маңызы зор екені айқындалады. Әсіресе, азықты малға зиян келтіретін немесе ауру тудыратын заттрадың бар-жоғын анықтау мал арасында азықтан болатын аурулардан сақтандырудағы өте маңызды шара. Азықтың сапасы төмендеген жағдайда, себептерін тауып оның сапасын арттыру жолдарын іздестіру қажет.

 

2 Негізгі бөлім

 

2.1 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері

 

Біз дипломдық жұмыста Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының 201-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы «Алтын төбе» кешенінде жүргізген М.Ә.Есқараның тәжірибелеріне қатысып, негізінен ғылыми мәліметтеріне сүйендік.

Зерттеу жұмыстарын жүргізгенде топтардағы қойдың жасы, салмағы деңгейлес, әрі азықтандырылуы мен күтім жағдайлары бірдей болды. Олардың қоздаған мерзімі, төлдерінің салмағы, өсу ерекшеліктері, шағылысқа түскен (ұрықтанған) күндері есепке алынды. Сонымен қатар шаруашылықтағы барлық мал азығы түрлері сараптамадан өткізіліп, сапасы анықталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының сызбасы 1-суретте көрсетіледі.

 

 

1-сурет. Зерттеу жұмыстарының жалпы сызбасы

 

 

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері төмендегідей болды:

1. Қоршаған ортаның абиотикалық факторларының мәліметтері «ОҚО Қазығұрт аудандық табиғи ортаны бақылау және гидрометеорология станциясынан» алынды.

2. Мал азығыынң химиялық құрамы сүттің, майдың және еттің сапасы Е.М.Журавлева (1963), Г.Я.Ринькис (1963) әдістерімен жүргізілді.

3. Су сынамаларын алу және оның физика-химиялық көрсеткіштері МЕМСТ 18164-72 әдістерімен анықталды.

4. Малдың салмағы мал қора басындағы 1 тонналық таразыда өлшенді.

5. Сауын сиырдың сүттілігі әрбір онкүндікте жүргізіліп отырды.

6. Бұзаулардың өсіп-жетілуі, олардың дене-пішіні және индекстері белгілі зоотехникалық әдістермен жүргізілді.

7. Малдың интерьерлік көрсеткіштері:

-қанның құрамы Горяев камерасында, гемоглобин Сали әдісі бойынша, резервтік сілтілігі Ван-Слайк әдісі бойынша жүргізілді.

 

 

2.2 Жайылым шөбінің өнімділігі мен химиялық құрамының климаттық факторларға қарай өзгеруі

 

5-кесте. «Алтын төбе» кеңшарының орташа жылдық климаттық көрсеткіштері

 

Абиотикалық факторлар

Жылдар

2011

2012

2013

Жауын-шашын, мм

219,0

198,0

68,1

Ауа температурасы, °С

12,5

13,1

+6,1

Максималды жел жылдамдығы, м/сек

14

15

16,2

Ескерту: 2013 жылғы мәліметтер қаңтар мен мамыр аралығындағы орташа көрсеткіштер

 

 

5-кестеде көрсетілгендей 2011 жылы жауын-шашынның мөлшері 219 мм болса, 2012 жылы 198 мм немесе 21 мм-ге кем болды. Ал 2013 жылдың қыс және көктем жауын-шашынды болып, бұл маусымдарда 68,1 мм-ге жетті. Осыған байланысты жайылымның өнімділігі де өзгеріп отырды (6-кесте).

 

6-кесте. Жауын-шашынның мөлшеріне қарай жайылымның өнімділігінің өзгергіштігі (құрғақ затқа, ц/га)

 

Маусым

Жылдар

2011

2012

2013

Көктем

3,27

2,06

4,80

Жаз

2,10

1,36

-

Күз

1,90

1,23

-

Қыс

1,36

0,83

1,01

Жылдық

2,14

1,37

-

6-кестеде көрсетілгендей, 2012 жылы жауын-шашынның аз болып және оның өсімдік өсудің мезгілінде кем жауғандық маусымдық жайылымның өнімділігі 2011 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда анағұрлым төмен болды да, орташа жылдық шығымы 0,77 ц/га азайды. Бұл жағдай мал азығының химиялық құрамы мен құнарлығына біршама әсер етті.

 

7-кесте. Жайылым шөбінің химиялық құрамы (табиғи ылғалдылық күйіне)

 

Жыл

Маусым

Жайылым шөбінің химиялық құрамы

ылғалдылық, %

протеин, %

май, %

клетчатка, %

АЭЗ, %

күл, %

кальций, г/кг

фосфор, г/кг

каротин, мг/кг

2011

көктем

72,1

3,8

1,0

8,4

11,5

3,2

2,45

0,62

48

жаз

43,7

5,4

2,3

18,1

24,0

6,5

6,57

1,66

21

күз

47,2

5,2

2,4

18,1

20,8

6,3

6,12

1,27

21

қыс

46,1

3,2

1,3

19,3

23,3

6,8

6,87

0,81

9

2012

көктем

64,1

3,0

0,9

12,4

14,0

5,6

2,32

0,67

19

жаз

37,4

4,5

2,6

24,2

23,8

7,5

4,73

1,18

8

күз

41,6

4,6

2,0

21,4

23,6

6,8

5,33

1,22

5

қыс

42,0

2,2

1,4

23,4

23,0

8,0

6,31

0,86

-

2013

қыс

40,5

2,0

1,3

25,0

23,0

8,2

6,08

0,90

-

көктем

72,8

3,9

1,4

7,9

11,7

3,3

2,28

0,74

49

 

7-кестеде жайылым шөбінің химиялық құрамы жауын-шашынның мөлшеріне және маусымға қарай өзгеріп отыратындығы көрсетілген. Мысалы, аса бағалы қоректік заттың (протеиннің) мөлшері  2012 құрғақшылық жылы көктемде 3,0% болса, ол 2011 жылы 3,8%-ке жетті. Ал қиын қорытылатын клетчатка керісінше аталған маусымда 4,0% артты.

 

 

2.3 Қара ала тұқымдас сиырлардың сүт өнімділігі

 

Сиыр сүті аса бағалы тағам. Одан май, айран, құрт, ірімшік т.б. дайындайды. Сиыр сүтінің құрамында 12-12,5% құрғақ  зат, оның ішінде 3,8% май, 3,3% белок, 4,8% сүт қанты және 1% минералды заттар бар. Сонымен қатар сүт құрамында 200-ге таяу, адамның қоректігіне қажет, зат кездеседі. Олардың ішінде 20-дан астам витаминдер, 30-ға таяу ферменттер, 20-ға таяу макроэлементтер және 10 шақты  микроэлементтер бар. Сүт майының құрамында 150-ден астам май қышқылы, ал сүттің белогінде 20 шақты амин қышқылы бар. Сүт майы адам организмінде 95% дейін сіңсе, белок – 98%-ға, сүт қанты – 98% -ға дейін сіңеді. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша сүттің тағамдылығы өте жоғары, әрі диетикалық қасиеттерін айқындайды.

 

Сүт өнімділігі ірі қараның тұқымына, шығу тегіне, жасына, азықтандыруына және бағып күтуіне байланысты.

Сиыр сүті желінінде көптеген секреторлық құбылыстан пайда болады. Сүт сиыр желінінде қаннан пайда болады. Сүттің құрамындағы витаминдер, ферменттер, гормондар, минералдық заттар да қанның құрамынан құралады. Сүттің құрылуына ерекше әсер ететін нерв жүйесі мен гипофиз гормоны.

Сүт құрамындағы белок, сүт майы, сүт қанты, өзінінің құрамы және қасиеті жағынан қанның құрамынан көп айырмашылығы бар. Мысалы, сүт құрамындағы – казеин, альбумин және глобулин қанның глобулинына аздап қана ұқсайды.

Сүттің майы өзінің құрамы бойынша мал денесінің құрамындағы майдан көп айырмашылығы бар. Кейбір май қышқылдары тек қана сүт майында ғана кездеседі, сондықтан мұндай май қышқылдары тек қана сиыр желінінде пайда болады. Сүт құрамындағы көміртегі, сүт қанты (лактоза) ретінде кездеседі. Әрі сүт қаны желінде қанның глюкозасынан құрылады. Сүттің түзілуі сиыр желіні толғанша түзіледі. Сондықтан сиырды мезгілінде сауып тұрған жөн. Бұл сиырды сүтейту үшін де маңызы өте зор. Сүттің бөлінуі – өте күрделі рефлекторлық құбылыс, оған бұзаудың емуі немесе сиырды сауу әдістері көп әсер етеді.

Сиырдың сауу мерзімі 10 ай немесе 305 тәулікке дейін созылады. Сиырларды бұзаулаудан 55-60 күн бұрын суалтады. Жыл сайын сиырдан төл алады. Сиыр бұзаулағаннан кейін оны 20-30 тәулік ішінде қайта ұрықтандыруға болады.

Сауу маусымы (305 күн) уақыттарында сиырдың сүт өнімділігі өзгеріп отырады. Бұзаулағаннан кейін 2-3 айдай сиырдан көп сүт сауылса, соңғы  айларда сиырдың сүті азая бастайды (ай сайын орташа 6 пайызға). Сиыр бұзаулағаннан кейін 7-10 күндей уыз береді. Уыздың түсі, химиялық құрамы және физиологиялық әсері ерекше. Уыз қою, түсі сарғылт, дәмі тұз татып, иісі ерекше болады. Уызда 26%-ға дейін құрғақ зат, оның ішінде 15-% белок (көбі альбумин, глобумин), уыз майы – 6,3%, минералды заттары мен витаминдері - 4%-ға дейін. Уыздың қышқылдығы өте жоғары (500Т-дан жоғары). Уыздың жаңа туған бұзаулар үшін маңызы өте зор. Уызына жарымаған бұзаудың мал болуы екіталай.

Сауу маусымы уақытында сүттің жалпы құрамы аз өзгереді, тек сүттің майлылығы өзгеруі мүмкін. Сүттің құрамында витаминдердің, оның ішінде А витаминінің болуы сиырларды азықтандыруға байланысты. Сүт түзілу мезгілінде сиыр организмінде зат алмасуы күшейеді және организмде физиологиялық функциялар күрделі жұмыс атқарады. Оған дәлел, сүтті сиырлар тәулігіне 600-700 кг дейін пішен, сүрлем және жем азықтарын жей алады. Сиыр желінінде 1 кг сүт түзілуі үшін, оның желінінен 500 кг дейін қан өтеді. Сондықтан желіннің жақсы жетілуіне көп көңіл бөлінеді.

Өндірістік технология бойынша сауын сиырларды тәулігіне 2 рет сауады. Аса сүтті сиырларды және жаңа бұзаулаған сиырларды тәулігіне 3 рет сауған жөн. Бұл сиырдың сүттілігіне әсер етеді.

 

2.3.1 Сүт өнімділігіне және оның химиялық құрамына әсер ететін факторлар

 

Сиырдың сүт өнімі және оның құрамы тұқым қуалаушылық ерекшелігіне байланысты. Әр сиыр тұқымының сүттілігі әртүрлі болып келеді. Аса сүтті сиырдан 305 күннің ішінде 27000 кг дейін сүт сауса, ал жалпы сүтті сиыр тұқымдарынан орташа есеппен 4000-5000 кг сүт сауылады. Сиырдың сүт өнімі, оның тірілей салмағына, қоңдылығына байланысты. Денесі ірі сиырлар жем-шөпті көп жеп, оны жақсы қорыта алады. Мысалы, аса сүтті Волга 3790 атты қара ала сиырдың тұқымына жататын сиырдың орташа салмағы 700 кг, аса сүтті Послушница 2 сиырының тірілей салмағы – 765 кг (стандарты 510 кг), Чубарка 4 атты симментал тұқымына жататын сиырдікі – 870 кг (стандарт 520 кг) болған.

Сүтті сиырларды іріктеу бірінші бұзаулаған қашарлардан басталады. Аса сүтті сиырларды шаруашылықтарда көп жыл пайдаланған ұтымды.

Мысалы: «Караваево» атты асыл тұқымды мал заводында көптеген аса сүтті сиырлардан қатарымен 12-15 жыл бойы сүт сауылады. «Белка – 1» атты сиыр осы шаруашылықта 19 жыл 7 ай ұсталынып осы жылдардың ішінде 80000 кг дейін сүт сауған.

Сиырларды сүтейтуде азықтандыру факторының маңызы өте зор. Азық мол және құнарлы болса, сиырлардың сүтінің көбеюіне себеп болады. Ал, егерде мал азығы жетімсіз болса, сүтті сиырлардың тұқымдарынан аз сүт сауылады.

Сиыр сүтінің мөлшеріне бұзаулау мезгіліне байланысты. Ғылыми деректер бойынша ерте көктемде бұзаулаған сиырлар жылына 600-700 кг дейін сүтті артық береді.

Сиыр сүтінің құрамына, әсіресе сүттің майлылығы мен белогіне, сиырдың тұқымы, жасы, сауу маусымы, буаздығы, азықтандырылуы, денсаулығы, бағып-күтуі, т.б. көп әсер етеді. Мысалы: қара-ала тұқымды сиырлардың сүтінің майлылығы азықтандыруына байланысты 2,8-ден 5,42%-ға дейін өзгеріп отырады.

Сүт өніміне және оның құрамына малды азықтандырумен қатар ауаның температурасы, ылғалдылығы көп әсер етеді.  

Азықтандыру және климаттық факторларды ескере отырып, тәжірибеміз-де қара ала тұқымдас сиырлардың сүттілігі және оның кұрамының өзгеріп отыратынын байқадық (8-кесте).

Әулиеата сиырлары сүтінде құрғақ заттардың мөлшері қара ала малмен салыстырғанда барлық лактацияларда жоғары болды. Салыстырылып отырыл-ған топтарда сүт майлылығының өзгерісі ұқсас. Аталған көрсеткіш сауын маусымының алғашқы 2-3 айында төмендеп, одан кейінгі 5-6 айлардан бастап қайта көтерілді.

Ақуыз құрамының негізгі бөлігі – казеин мөлшері әулиеата сиырлары сүтінде екі сауын маусымы кезінде де қара ала малдан 0,03% жоғары. Кұрамында майдың, ақуыздың және лактозаның мол болуы әулиеата сиыр-лары сүт құнарының жоғары болуын қамтамасыз етті.

8-кесте. Тұқымы әр түрлі сиырлар сүттерінің химиялық құрамы және қасиеттері

Көрсеткіштер

Әулиеата сиыры

Қара ала сиыры

1 лактация

3 лактация

1 лактация

3 лактация

Құрғақ зат

12,13

12,19

12,06

12,11

Майсыз сүт қалдығы

8,41

8,46

8,38

8,40

Жалпы ақуыз

3,32

3,33

3,31

3,33

Оның ішінде казеин

2,69

2,71

2,66

2,68

Май

3,72

3,73

3,68

3,71

Лактоза

4,38

4,41

4,33

4,36

Күл

0,71

0,72

0,70

0,71

100   г   майға   келетін   ақуыз мөлшері, г

89,2

89,3

89,9

89,8

1 кг сүттің қуаттылыгы, ккал

720,2

723,0

713,8

719,0

Тығыздық, 0А

28,7

28,9

28,4

28,6

Кышқылдық, 0Т

17,5

17,7

17,2

17,6

Май түйіршектерінің     саны, млрд./мл

2,59

2,57

2,63

2,59

Май түйіршектерінің диаметрі, мкм

2,92

2,95

2,90

2,94

 

Сүттің тағамдық құндылығы, тауарлық сапасы оның химиялық құрамымен  қатар,  қасиеттеріне  де  байланысты.  Әулиеата  сиырлары сүтінің тығыздығы бірінші және үшінші лактация кездерінде қара ала сиырлар көрсеткішінен тиісінше 1,1 жэне 1,0% жоғары болды. Сауын маусымы өскен сайын сүт тығыздықтары екі тұқымның сиырларында да көтерілді.

Салыстырылып отырылған екі тұқым сиырлары сүтінің қышқылдықтары талап етілетін деңгейде, яғни 16-180Т аралығында болды.

Зерттеуде бірінші сауын маусымында қара ала мал сүтінде май түйіршектерінің саны 2,63 млрд/мл-ге тең болды. Бұл әулиеата сиырлары сүтіндегі май түйіршіктері санынан 0,04 млрд/л немесе 1,5% көп.

Сиырлардың май түйіршектерінің диаметрлері арасында айтарлықтай айырма байқалған жоқ. Егер бірінші лактация кезінде әулиеата сиыры сүтіндегі май түйіршіктері қара ала малға қарағанда сәл ірілеу болғанымен, үшінші сауын маусымында май түйіршіктері диаметрлері шамалас болды.

Бұл көрсеткіштер қара сиырдың оңтүстік өңірінің климатына жақсы бейімделетінін көрсетеді.

 

 

2.3.2 Қара ала тұқымдас сиырлардың сүт өнімділігіне азықтандыру факторларының тигізетін әсері

 

Сиырлардың сүт өнімділігін талдау әр түрлі тұқымға жататын мал топта-ры арасында айырмашылықтар барлығын көрсетті (9-кесте). Атап айтқанда алғаш бұзаулаған қара ала сиырлардан сауылған сүт мөлшері лактацияның

 

 

 

 

 

 

 

9-кесте. Қара ала тұқымдас сиырлардың үш сауын маусымындағы сүт өнімділігі

 

Көрсеткіштер

Әулиеата сиыры (п=21)

Қара ала сиыр (п=19)

1 лактация

2 лактация

3 лактация

1 лактация

2 лактация

3 лактация

Сауылған сүт, кг:

 

 

 

 

 

 

- алғашқы 100 күнде

956±14,1

1020±16,6

1197±16,2

1005±18,3

1062±14,7

1184±16,1

- маусым ішінде

2116±45,9

2283±52,7

2713±55,5

2247±47,8

2447±50,6

2834±55,1

Майлылығы, %

3,72±0,02

3,74±0,02

3,73±0,02

3,68±0,02

3,70±0,02

3,71±0,02

Ақуыз мөлшері, %

3,32±0,01

3,34±0,01

3,33±0,01

3,31±0,02

3,32±0,01

3,33±0,02

Сүт майы, кг

78,7

85,4

101,2

82,7

90-,5-

105,1

Орташа тәуліктік сүт мөлшері, кг

7,47

7,98

9,52

8,05

8,71

9,98

Лактацияның тұрақтылық индексі

0,85

0,84

0,82

0,87

0,88

0,90

Лактацияның толымдылық коэффициенті, %

65,7

65,4

67,4

68,5

67,6

68,3

 

алғашқы 100 күнінде әулиеата сиырларына қарағанда 48,7 кг немесе 5,1%, ал сауылу маусымы ішінде 131 кг (Р<0,05) немесе 6,2% жоғары болды.

Ең жоғарғы сүт майлылығы әулиеата сиырларына тән болды. Олардың сүтінің майлылығы қара ала сиыр сүтіне қарағанда 0,04% жоғары. Сүт құрамындағы ақуыз мөлшері екі топта деңгейлес.

Сиырлардың әр 100 кг салмағына келетін сүт мөлшері, яғни сүттілік коэффициенттері қара ала және әулиеата сиырларында тиісінше 582 жэне 553 болды.

Екінші лактацияда әулиеата сиырларының өнімділігі 167 кг-ға немесе 7,9%-ке өсіп, 2283 кг-ға жетті. Дәл осы кезеңде қара ала малдың сүт өнімділігі 200 кг немесе 8,9%-ке артты. Нәтижесінде олардан екінші лактацияда әулиеата сиырларына қарағанда 7,2% сүт артық сауылды.

Үшінші лактацияда әулиеата сиырларының сүт өнімділігі қара ала малдармен салыстырғанда 121 кг немесе 4,5% төмен болды.

Жалпы, әулиеата сиырлары бірінші лактациямен салыстырғанда өз сүттіліктерін 28,2%-ке, ал қара ала мал 26,1%-ке арттырған.

Лактацияның тұрақтылық индексі әулиеата тұқымы малдарында 0,84-тен 0,82-ге дейін кемісе, кара ала сиырларда керісінше 0,88-ден 0,90-ға дейін өскен. Бұл қара ала сиырлардың лактациялық кезеңі әулиеата малдарына қарағанда бірқалыпты жүретіндігін көрсетеді.

Шаруашылықта дайындалатын және тәжірибеде пайдаланылган жем-шөп түрлерінің химиялық құрамы мен құнарлылығын анықтағанымызда төмендегідей нәтижелер алынды (10-кесте).

 

10-кесте. Мал азықтарының химиялық құрамы және құнарлылығы

 

Көрсеткіштер

Жоңышқа пішендемесі

Жоңышқа шөбі

Жоңышқа

пішені

Сабан пішен

Табиғи пішен

Бидай жармасы

Арпа қалдығы

Құрғақ зат, %

43,6

28,3

84,8

82,4

26,9

85,3

89,0

Оның құрамында бар, %:

 

 

 

 

 

 

 

- күл

4,34

9,19

6,88

8,89

3,88

4,9

5,39

- органикалық заттар

95,66

90,81

93,12

91,11

96,12

95,1

94,61

- шикі протеии

14,77

16,96

14,86

9,92

14,02

15,3

8,21

- шикі май

3,14

2,47

2,24

3,36

3,38

3,7

3,48

- шикі клетчатка

40,13

26,15

31,48

35,72

45,43

8,6

37,19

-АЭЗ

37,62

45,23

44,54

42,11

33,29

52,9

45,73

1 кг азық құнарлылығы

 

 

 

 

 

 

 

- азық өлшемі

0,35

0,22

0,44

0,29

0,13

0,64

0.46

- қорытылатын протеин, г

42,0

35,0

89,6

39,0

16,6

113,2

34,3

- кальций, г

5,0

4,4

13,0

1,3

1,1

1,9

1,7

- фосфор, г

1,4

0,6

1,0

0,5

0,8

9,7

2,9

- каротин, мг

29,0

42,0

29,0

9

9,3

2,0

-

Органикалық заттардың мөлшері жоңышқадан дайындалған пішендемеде, сабан  қалдығы  мен  табиғи  пішенде,  ал шикі протеин жоңышқа шөбінде мол болды. Жоңышқа көк балаусасы құрамында шикі протеин мөлшері сабаннан 1,7 есе, ал арпа жем қалдығынан 2,1 есе көп.

Зерттелген азықтар ішінде шикі клетчатка әсіресе табиғи пішенде мол болды. Қорыта айтқанда, сауын сиырларды азықтандыру үшін пайдаланы-латын жем-шөп түрлері мен олардың құнарлылық дәрежелері жалпы оңтүстік өңіріндегі шаруашылықтарға тән. Сондықтан сауын сиырларды жаз мезгілінде бағудың ортақ әдісі болуы мүмкін емес. Сол себептен біздер оңтүстік өңірінде қара ала тұқымдас сиырларды әр түрлі жағдайларда ұстап-бағудың салыстырмалы тиімділігін анықтадық.

Тәжірибе үшін тірілей салмағына, жасына, лактация кезеңіне және өнімділігіне қарай әр қайсысы 12 бас сиырдан екі топ жасақталды. Бірінші топтағы 12 бас мал (6 басы эулиеата, 6 басы қара ала сиырлар) қорада ұсталса, екінші топтағы 12 бас мал (6-әулиеата, 6-қара ала) жайылымда бағылды.

Тәжірибенің алдыңғы кезеңі 15 күн болса, есеп жүргізу мерзімі 90 күн болды. Мал жайылымы үшін бұрын бидай егілген, кейін жоңышқа өскен жер таңдап алынды. Қолда ұсталған мал қора ішінде байланды. Малдың екінші тобы тәуліктің көп уақытында жайылымда ұсталды. Жайылым шөбінің негізін жоңышқа құраса (рационның 80%-не жуық), 20%-ін жәй табиғи шөп құрады. Жайылымнан кейін сиырларға көк балауса мен жем (сауын уақытында) берілді.

Жүргізілген есептеулер көрсеткендей жайылымдағы сиырлар орта есеппен 24,5 кг көк шөп, науадан 10 кг көк балауса, 2 кг арпа қалдығын жеді, рационның жалпы қоректілігі 8,51 азық өлшемін құрады.

Қолда ұсталған сиырлар рационының жалпы қоректілігі 8,57 азық өлшеміне тең, ол 28,5 кг көк балауса және 5 кг арпа жем қалдығынан тұрды.

Жайылымда және қолда ұсталған сиырлар рациондарын салыстырып қарағанда олардың екі топта да құнарлылығы бірдей екені байқалды. Жайылымда көк шөптің желінуі 74-81% болса, науадан берілгенінің желінуі 88-92% болды.

Әртүрлі тұқымға жататын сауын сиырлардың тәжірибе кезіндегі көрсеткіштері 11-кестеде берілген.

 Жаз айларында сауын сиырларды қорада ұстағанда олардың сүт өнімді-ліктері арасында үлкен айырмашылық байқалған жоқ. Әулиеата сиырлары тәулігіне 8,49 кг-нан сүт берсе, қара ала сиырлардың көрсеткіші де сол шамалас болды. Екі топта да сүттің әр килограммына жұмсалған азық мөлшері бірдей болды. Тәжірибе барысында әулиеата сиырлары барлығы 11,7 кг салмақ косса, қара ала мал олардан 1,3 кг салмакты кем жинаған.

Аталған сиыр тұқымдарының жайылымда бағылған кезіндегі сүт өнімділіктері қорада ұстаған жағдайдан жоғары болды. Атап айтқанда әулиеата сиырларының сүттілігі олардың қорада ұсталған тобынан 9,5%, ал қара ала сиырлардың көрсеткіші тиісінше 12,5% жоғары (Р<0,05). Жайылымда бағылу әсіресе қара ала мал үшін тиімді болды. Олардың осы мерзім ішінде сауылған сүті әулиеата сиырларынан 24,5 кг, не 2,9% көп. Тәжірибе нәтиже-

11-кесте. Бағу әдістерінің қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділігіне әсері

 

 

Көрсеткіштер

Әулиеата сиыры

Қара ала сиыры

қорада ұстау

жайылымда бағу

қорада ұстау

жайылымда бағу

Тірілей салмақ, кг:

 

 

 

 

- тәжірибе басьшда

425,3±4,1

423,6±3,7

425,6±3,9

424,7±4,2

- тәжірибе соңында

437,0±5,0

433,2±3,4

436,0±4,5

434,8±4,0

Жалпы салмак өсімі, кг

11,7±1,0

9,6±0,3

10,4±1,0

10,2±0,4

Орташа тәуліктік өсім, г

130,4±11,3

107,1±3,7

115,6±10,6

112,8±4,9

Барлық сауылған сүт, кг

764,3±24,4

836,8±26,0

765,6±29,0

861,3±27,3

Орташа тәуліктік көрсеткіш, кг

8,49±0,3

9,30±0,3

8,51±0,3

9,57±0,3

Сут майлылығы, %

3,64±0,03

3,62±0,03

3,63±0,02

3,62±0,03

Ақуыз мөлшері, %

3,35±0,03

3,33±0,02

3,32±0,03

3,33±0,02

1 кг сүтке жұмсалған азық өлшемі

1,00

0,92

1,00

0,90

 

лері оңтүстік аймағының экологиялық жағдайында қара ала тұқымдас сауын сиырларды жаз айларында жайылымда ұстау олардың өнімділігін 10,9%-ке арттырып, 1 кг сүтке жұмсалатын шығындарды қорада ұстағанға қарағанда 8,7%-ке азайтатынын көрсетті.

Лактация кезінде әр сиырдан алынған өнім мөлшері мен оған жұмсалған азық көлемін анықтау мақсатында қара ала тұқымдас сиырларды бірдей шаруашылық жағдайында ұстап, оларға лактация маусымында жұмсалатын азық мөлшерін анықтадық. Ол үшін үшінші рет бұзаулаған сиырлар жыл бойына бақылауға алынды (12-кесте).

 

12-кесте. Үшінші лактация кезінде жұмсалған азық мөлшері

 

Көрсеткіштер

Сиыр тұқымы

әулиеата

қара ала

Сауылған сүт, кг

2713

2834

Жұмсалған азыктардың үлесі, % (коректілік бойынша)

 

 

- ірі азықтар

13,7

13,6

- шырынды азық

24,8

25,4

- көк балауса

41,5

41,3

- құнарлы жем

20,0

19,7

Жалпы қоректілігі, азық өлшемі

3093,0

3146,7

1 кг сүтке жұмсалған азық өлшемі

1,14

1,11

 

Қыс мезгілінде жүргізілген бақылаулар азық өлшемімен есептегенде ірі азықтарды, пішендемені қара ала мал әулиеата сиырларына қарағанда тиісінше 1,5 және 4,0% мол пайдаланғанын көрсетті. Ал жаз айларында олар көк балаусаны да әулиеата тұқымы малдарынан 1,3% көп жұмсаған.

Азықтандыру рациондарының орташа коректілік деңгейі әулиеата сиырлары тобында тәулігіне 8,47 азық өлшемін құраса, қара ала сиырларда 8,62 азық өлшеміне тең болды. Дегенмен екі тұқым малдарының сүт өнімділігі әр түрлі болғандықтан, олардың азық қайтарымы да түрліше болды. Әулиеата сиырлары жыл ішінде қара ала малға қарағанда 53,7 азық өлшемін кем пайдаланғанымен, өндірілген әр 1 кг сүтке шаққанда олардан жем-шөпті 2,7% артық жұмсаған. Бұл бірдей жағдайда бағылғанда қара ала малдың әулиеата сиырларына қарағанда өндірілетін әрбір өнім бірлігіне азықты тиімді жұмсайтынын көрсетеді.

Сонымен қара ала тұқымдас сиырлардың сүттілігі және оның майлылығы азықтық факторларға тәуелді екені және сыртқы ортаның климаттық факторларына қарай өзгеріп отыратындығы дәлелденді.

 

 

2.3.3  Ірі қараның ет өнімділігі

 

Ірі қараның еті, басқа ауыл шаруашылық малдарының етіне қарағанда, жоғары бағаланады. Өйткені ет құрамындағы белогі мен майының өзара қатынасы ерекше болып келеді. Оның етінде холестерин аз. Ірі қара етінің тағы бір ерекшелігі оның құрамында амин қышқылдары: аргинин, мезин, гистидин, тирозин, триптофан, цистин, т.б. майлы қышқылдар, әртүрлі минералды, экстрактивті және басқада заттардың болуы. Ірі қара етінің қорытылуы және оргонизмге сіңуі 95 пайызға дейін жетеді. Ірі қара етінің морфологиялық және химиялық құрамына оның тұқымы, жасы және қоңдылығы байланысты. Ірі қара ұшасының 42-68 пайызы таза ет, майы 14-30 пайыз, сүйегі 12-20 пайыз, сіңірі 10-14 пайыз. Орташа қоңды ірі қараның химиялық құрамы мен калориясы төмендегідей: суы-66%, белогі-20%,майлылығы-23%,минералды заттар-1%. Ал, 1 кг етінде 7560 КДж болады.

Ірі қара етінің шығымына оның тұқымдық қасиетінің, дене бітімінің әсері мол. Ірі қара мал тез өсіп, жетіледі, тірілей салмағы 600кг-нан 1000кг-ға дейін, тіпті оданда жоғары болады, ал ұшасының шығымы 65%-дан жоғары.

Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша көп тараған қазақтың ақбас сиыры. Бұл тұқымның төлдерін жақсы бағып-күтіп, дұрыс бордақыласа ет өнімі жағынан шет мемелекеттің етті тұқым малдарынан кем емес. Бұл тұқым малының еті өте дәмді және сіңімді.

Ірі қара етінің өніміне және еттік қасиетіне, оның жасының әсері өте мол. Жас төлдердің ұша құрамында, кәрі малдарға қарағанда, сүйегі мен сіңірі көп болса, ал таза еті мен майы, керісінше, аз болады. Ал төлдің жасы ұлғайған сайын ұша құрамыда өзгеріп, ұша құрамының қатынастары өзгереді. Төлдердің 12-15 айлығына дейін бұлшық еттер майына қарағанда тез дамиды.

Ірі қара малының етінің шығымы және оның құндылығы оларды азықтандыру факторларына байланысты. Мал азығы жеткіліксіз болса, жас малдың өсіп-жетілуі тежеледі де, бордақылау мерзімі көбейіп, әрі 1кг тәулік салмағына мал азығы көп жұмсалады. Ал төлді дұрыс өсірсе, тек қана тірілей салмағы өсіп қана қоймай, оның ұша құрамының морфологиялық және химиялық құрамдары жақсарып, жалпы ет шығымы көбейеді.

Төлді жасынан пішенге, сүрлемге үйретсе және жайылымда өсірсе, кейін тез бордақыланып, етінің сіңімділігі мен дәмділігі жақсарады. Осындай тәсілдің арқасында 18-20 айлық малдарды тірілей салмағы 500-550кг-ға жетеді. Ал, егерде төлдерге жемді көп беріп өсірсе, оның организмінде майы көбірек болып, тез өсіп жетіледі. Бірақта тәулік салмағының құны қымбатқа түседі.

Ет өнімділігінің экономикалық тиімділігі малды жайылымда өсіріп қарқынды салмақ қосуы үшін бордақылайды.

Шаруашылықтарда малдардың етінің сапасын оның тірілей салмағы, тез өсіп-дамуы және 1 кг тәулік салмағына мал азығының жұмсалуы бойынша бағалайды. Тірі малдың салмағына, қоңдылығына, етінің жетілуіне, тері астындағы май бітісіне қарай союға дайындайды.

Мал сойылғаннан кейін, оның ұшасының салмағы, еттің шығымы, оның морфологиялық және химиялық құрамы мен калориясы және еттің тағамдық дәмділігіне қарай бағаланады.

Ірі қара қоңдылығына қарай үш категорияға бөлінеді: жоғары, орташа және орташадан төмен.

Ірі қара еттілігін сипаттайтын көрсеткіштерге оның тірі салмағы, сойыс салмағы және сойыс шығымы жатады.

Сойыс салмағы деп ұшасы мен іш майының салмағын айтады.

Сойыс шығымы – сойыс салмағының малдың сояр алдындағы тірі салмағына қатынасты.

Мысалы: Сояр алдындағы тірі салмағы 330 кг, ұшасы 150 кг, іш майы 15 кг. Сонда сойыс салмағы 150+15=165 кг болғаны.

Қазіргі кезде ірі қара мал етін өндіру мамандандырылған шаруашылықтарда жайып семірту және бір жерде ұстау, бордықылау технологияларын ұштастыру арқылы жүргізілуде.

Жайып семірту, бордықылау тиімділігі табынды дұрыс құруына табындағы мал басы санына, оның біркелкілігіне (жынысы, жасы), жайып семірту мерзіміне, жайылымды пайдалану жүйесіне, малдың сумен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Жайып семіртуге шығар алдында малдың тірі салмағын анықтап, түр-түсін айырып, инвентарлық нөмірін жаңартып, табын ведомосының инвертарлық нөмірлерін, тірі салмағын жазып толтырады. Малдың салмағы көңілдегідей болып, қоңдылығы жоғарыланғанда етке тапсырылады.

Қара-ала ірі қарасының тұқымы. ТМД-да сүтті тұқымға жатады, әр аймақта жергілікті сиырларды голландық бұқараларымен шағылыстырумен шығарылған.

Қара-ала ірі қарасы сүтті тұқымға жатқандықтан сүттілігі өте жоғары, дене бітімі мықты,салмақты.

Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін ет көлемінде сиыр етінің үлесі мол. Осыны ескеріп, біздер қара ала тұқымдас малдардың бордақылық және сойыстық қасиеттерін анықтадық (13-кесте).

 

13-кесте. Малдардың бордақылық және сойыстық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Сиыр тұқымы

әулиеата

қара ала

Тірілей салмақ, кг

                                     - бастапқы

326,2±4,4

332,0±3,7

-соңғы

369,2±5,3

378,1±4,9

ОРташа тәуліктік салмақ өсімі, кг

664,6±26,1

709,2±21,7

1 кг қосымша салмаққа жұмсалған азық өлшемі

11,04

10,34

Сойыс алдындағы тірі салмақ, кг

355,2±5,1

364,0±5,4

Ұша салмағы, кг

190,7±4,6

194,4±4,4

Іш майы салмағы, кг

8,6±0,8

8,5±0,6

Сойыс салмағы, кг

199,3±4,9

202,9±4,2

Сойыс шығымы, %

56,1±0,6

55,6±0,5

Еттілік көрсеткіші

3,74

3,61

Ет қуаттылығы, МДж

9,23

8,45

 

Дене салмағынаң орташа тәуліктік өсімі бойынша қара ала тұқым малдарының басымдылығы байқалды. Олар тәулік сайын әулиеата тобына қарағанда 44,6 грамм салмақты артық қосып отырды.

Бордақылау кезінде тайыншалар шаруашылықтағы азықтарымен қоректендірілді. Тәулігіне бір бас малға орта есеппен 10,8 кг пішшендеме, 1,9 кг жоңышқа  пішені және 4,9 кг бидай және арпа қалдықтарынан тұратын қоспа жем берілді. Қара ала тұқымдас малдардың азықты пайдалану дәрежесі бақылау тобындағы әулиеата тайыншаларының 1кг салмақ өсіміне азықты 6,8% артық жұмсайтынын көрсетті.

Бірдей азықтандырылу және күтім жағдайларында қара ала тұқым тайшаларының сойыс алындағы тірілей салмағы әулиеата малдырынан 8,8 кг ауыр болды.

Малдың сойыстық қасиеттерінің маңыздылары – ұша салмағы мен сойыс шығымы. Әулиеата малдарының ұша салмағы қара ала тұқымы 3,7 кг кем түсті. Дегенмен, сойыс алдындағы тірілей салмағының төмен болуына байланысты олардың сойыс шығымы 0,5% жоғары болды.

Мал еттілігі жұмсақ етпен сүйек ара қатынасы бойынша да бағаланады. Әулиеата малының еттілік көрсеткіші қара ала тұқым тайыншаларынан 3,6% жоғары болды.

Сол сияқты тегі әр түрлі малдардың еттерінің химиялық құрамының біркелкі еместігі байқалды. Әулиеата тайыншалары етінде ақуыз мөлшері кем болғанымен, май, су және күл көп болды. Осы себепті олардың ет қуаттылығы қара ала малдардың көрсеткішінен 9,2% жоғары.

65 күндік бордақылау нәтижесінде барлық 24 бас малдан 1069,2 кг, немесе әр 1 бас тайыншадан орта есеппен 44,6 кг салмақ өсімі алынып, жалпы табыс 140973,6 теңгені құрады. Бұл әр 1 бас малдан 5873,9 теңге таза пайда түскендігін көрсетеді (14-кесте).

 

14-кесте. Қара ала тұқымдас тайыншаларды бордақылаудың тиімділігі

 

Көрсеткіштер

Мал тұқымы

әулиеата

қара ала

Алынған салмақ өсімі, кг

43,0±2,4

46,1±1,9

Жұмсалған шығын, теңге

9238,2

9307,9

Оның ішінде жем-шөпке

5829,4

5891,9

Түскен кіріс, теңге

14620

15674

Таза пайда, теңге

5381,7

6366,1

Тиімділік, %

58,2

68,4

1 кг салмақ өсімінің өзіндік құны, теңге

214,8

201,9

 

Ең арзан етті қара ала тұқым тайыншалары берді. Оларға 1 кг қосымша салмақ алу үшін 201,9 теңге жұмсалса, әулиеата малдарына 6,4% артық шығын жұмсалған. Осының нәтижесінде қара ала тайыншалардан ет өндіру тиімділігі әулиеата малдарынан 10,2% жоғары болды.

Жүргізілген тәжірибе оңтүстік өңірі жағдайында қара ала тұқымдас малдардың ет өнімділігін көтеру үшін бордақылау әдісін пайдалану тиімді екендігін көрсетті.

 

 

2.3.4 Қара ала тұқымдас сиырлардың өсіп-жетілу көрсеткіштері

 

Тәжірибедегі малдардың өсуін сипаттайтын көрсеткіш ретінде олардың бірінші және үшінші лактация кезіндегі дене өлшемдері сиырлар туғаннан кейінгі 2-3 ай ішінде алынды (15-кесте).

Қара ала тұқымдас сиырлардың алғашқы бұзаулаған кезіндегі дене өлшемдері арасында үлкен айырма тек олардың кеуде ені бойынша байқалды. Қара ала сиырлардың кеуде ені әулиеата сиырларынан 1-лактация кезінде 2,7% артық болса, 3-лактацияда бұл айырмашылық 2,9% не 1,1 см құрады. Сол сияқты қара ала сиырлардың шоқтық биіктігі кеуде тереңдігі мен жіліншік орамдары да әулиеата сиырларынан жоғары болды.

Ал малдардың дене өлшемдерінің екі сауын маусымы аралығындағы өзгерістерін салыстырсақ елеулі өсім тұлға ұзындығы бойынша орын алғаны байқалады. Мысалы, әулиеата сиырларының тұлғасы екі сауын маусымы аралығында 1,7 см өссе, қара ала малдардың тұлғасы 2,9 см, не 1,9%-ке ұзарған (Р<0,01). Әулиеата сиырының кеудесі осы мерзім ішінде 2,4%-ке кеңейсе, қара ала сиырлардың көрсеткіші 2,6%-ұлғайған.

Сирақтылық және ауырлық индекстері бойынша әулиеата сиырлары озса, қалған индекстер бойынша қара ала мал басымдық танытты. Олардың кеуделік

15-кесте. Қара ала тұқымдас сиырлардың дене өлшемі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Сиыр тұқымы

әулиеата

қара ала

1 лактация

3 яактация

1 лактация

3 лактация

Дене өлшемі, см:

 

 

 

 

Шоқтық биіктігі

123,9±0,6

125,2±0,5

124,7±0,7

125,9±0,6

Тұлға ұзындығы

151,7±0,7

153,4±0,6

152,0±0,6

154,9±0,7

Кеуде тереңдігі

64,2±0,5

65,2±0,4

64,8±0,5

65,9±0,4

Кеуде ені

36,7±0,4

37,6±0,4

37,7±0,4

38,7±0,4

Кеуде орамы

176,8±0,6

177,9±0,6

177,0±0,6

178,4±0,7

Жіліншік орамы

17,3±0,1

17,6±0,1

17,4±0,1

17,7±0,1

Индекстер, %:

 

 

 

 

Сирақтылық

48,1±0,4

47,9±0,3

48,0±0,4

47,6±0,3

Тұрқылық

122,5±0,8

122,6±0,6

121,9±0,8

123,7±0,6

Кеуделік

57,2±0,8

57,7±0,7

58,1±0,7

58,7±0

Жұмырлық

116,6±0,7

116,0±0,5

116,4±0,7

114,6±0,5

Ауырлық

142,7±0,9

142,2±0,6

142,0±0,8

141,7±0,6

Сүйектілік

14,0±0,1

14,1±0,1

14,0±0,1

14,1±0,1

 

индексі әулиеата сиырларының көрсеткішінен екі сауын маусымында да тиісінше 1,6 және 1,7%-ке жоғары болды. Индекстерден әулиеата сиырлары-ның сәл сирақты, ал қара ала малдардың кеуделі екендігі байқалады. Екі тұқым сиырларының сүйектілігі бір деңгейде.

Егер әр тұқымның екі сауын маусымы аралығындағы дене өлшемі индекстерінің өзгерістерін талдасақ, қара ала сиырлардың тұрқылық және жұмырлық индекстері осы мерзім ішінде тиісінше 1,5 және 2,6% (Р<0,05) дәйекті түрде өскен. Бұл жайды қара ала сиырлардың тұқымдық ерекшелік-терімен түсіндіруге болады.

Сауын сиырлардың сүт өнімділігі олардың тірілей салмағына көп байланысты. 16-кестеде қара ала тұқымдас сауын сиырлардың бірінші, екінші және үшінші лактация кезіндегі тірілей салмақ көрсеткіштері берілген.

 

16-кесте. Сиырлардың тірілей салмақ көрсеткіштері

 

 

 

Сауын маусымы

Сиыр тұқымы

әулиеата

қара ала

М±m

Cv

М±m

Cv

1 лактация

382,5±3,5

4,1

385,7±3,0

3,2

2 лактация

419,9±4,1

4,3

426,6±3,5

3,5

3 лактация

439,2±3,5

3,5

445,9±2,9

2,8

1-3 лактация аралығында қосылған жалпы салмақ, кг

56,8±1,1

8,3

60,2±1,9

13,3

 

Алғашқы сауын маусымында қара ала сиырлардың салмағы әулиеата малдарынан 3,2 кг, немесе 0,8% ауыр болса, екінші сауын маусымында басымдылық 6,7 кг немесе 1,6% кұрады. Үшінші сауын маусымында қара ала малдардың орташа тірілей салмағы 445,9 кг болса, эулиеата сиырларының салмағы олардан 1,5%-ке кем болды.

Жалпы, жоғарыда келтірілген нәтижелер Арал өңірінің қолайсыз жағдайында сауын сиырлар үшін онша төмен көрсеткіш емес. Қара ала тұқымдас сиырлардың қасиеттері өз дәрежесінде толық көрінбегенімен сыртқы орта әсерінен олардың нақты көрсеткіштері өзара теңесуге жақындығы байқалады.

 

 

2.3.5 Қара-ала тұқымдас сиырлардың төлдегіштік қасиеттері

мен клиникалық көрсеткіштері

 

Бақылау барлық сиырлардың буаздық кезеңінің ұзақтығы қалыпты деңгейде болғандығын көрсетті (276-289 күн аралығы). Ал екі тұқым малдары ішінде қара ала сиырлардың буаздық кезеңі әулиеата сиырларынан орташа есеппен 1,2 күн ұзақ болды (17-кесте).

 

17-кесте. Сиырлардың көбею қабілетінің көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Сиыр түқымы

әулиеата

қара ала

Буаздық кезеңнің ұзақтығы, күн

282,6±0,7

283,8±0,6

Сервис-кезең, күн

95,9±2,9

93,0±2,7

Екі төлдеу аралығы, күн

378,5±3,1

376,8±3,0

Төлдеу барысының сипаты (%):

 

 

- жеңіл және орташа

85,7

89,5

- ауыр

14,3

10,5

Алынған төл салмағы, кг:

 

 

- еркек бұзау

25,2±0,5

25,3±0,6

- ұрғашы бұзау

23,7±0,5

23,9±0,4

Төл жыныстарының арақатынасы

(еркек-ұрғашы)

1,10

1,04

Бұзаулағаннан сонғы аурушаңдық, %

19,0

15,8

Көбею қабілетінің коэффициенті

0,96

0,97

Төлдегіштік индексі

43,5

42,3

 

Әулиеата және қара ала сиырлардың сервис-кезеңдерінің ұзақтығы тиісінше 95,9 және 93,0 күн болса, жекелеген сиырлар бойынша бұл көрсеткіш әулиеата тұқымында 70-124 күн, қара ала малдарда 72-119 күн аралығында ауытқыды.

Төлдеу аралығының 12 айлық мерзімнен асып кетуі экономикалық және биологиялық жағынан да тиімсіз. Есептеулер әулиеата сиырларының екі төлдеу аралығы 378,5 күн, немесе қара ала мал көрсеткішінен 1,7 күн артық    екендігін көрсетті. Әр тұқымға жататын сиырлардың жеке көрсеткіштері кең көлемде ауытқыды. Атап айтқанда әулиеата сиырларының екі төлдеу аралығы 360-410 күн болса, қара ала малдарда бұл көрсеткіш 361-407 күн аралығында болды.

Біздің зерттеуде әулиеата сиырларының төлдегіштік индексі 43,5-ке, қара ала малдарда – 42,3-ге тең болды. Бұл аталған сиыр тұқымдарының төлдегіш-тігі қанағаттанарлық дәрежеде екендігін көрсетеді.

Қара ала сиырлардың тыныс алуы жылдың барлық маусымында әулиеата малдарына қарағанда сәл жоғары болды. Бұл жерде тыныс алу жиілігінің күрт өсуі қара ала малдарда сыртқы орта температурасы 29-310С болғанда, ол әулиеата сиырларында температура 32-340С болғанда байқалатындығын айту қажет.

Қара ала сиырлардың клиникалық көрсеткіштері олардың Оңтүстік өңірінің континентальді климатына бейімділігін көрсетеді.

 

 

2.3.6 Қара ала тұқымдас малдардың интерьерлік көрсеткіштері

 

Біздің зерттеуде қара ала сиырлар қанындағы ақуыз мөлшері жыл мезгілдерінің барлығында әулиеата тұқымынан жоғары.

Ақуыз құрамындағы альбумин мөлшері жаз мезгілінде екі топта деңгейлес болғанымен (44,3-44,6%), қыс кезінде қара ала малда көп. Жалпы қара ала сиырлар қанының сарысуында ақуыз мөлшерінің мол болуы олардың ағзасындағы ақуыз алмасу процесінің сәл қарқынды екендігін көрсетеді (18-кесте).

 

18-кесте.   Сиыр   қанының   биохимиялық   және   морфологиялық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Әулиеата сиыры

Қара ала сиыр

жазда

қыста

жазда

қыста

Жалпы ақуыз, г%

8,83±0,12

8,34±0,09

8,93±0,10

8,63±0,14

Альбумин, г%

44,6

41,8

44,3

42,6

Фосфор, г%

5,68±0,14

5,44±0,20

5,80±0,17

5,07±0,12

Кальций, г%

11,60±0,16

12,20±0,19

11,85±0,21

11,94±0,13

Каротин, мг%

0,427±0,02

0,164±0,02

0,471±0,02

0,170±0,02

Сілтілік резерв, мг%

486±9,4

447±14,1

503±11,3

451±16,0

Эритроциттер, млн

6,67±0,22

6,44±0,31

6,87±0,18

6,60±0,26

Гемоглобин, Сали бірлігі

67,4±1,4

68,6±1,1

67,1±1,6

67,5±1,2

Эритроциттердің тұну жылдамдығы, мм

5,45±0,11

7,98±0,19

5,73±0,12

8,86±0,22

Лейкоциттер, мың

7,45±0,31

7,54±0,24

7,38±0,02

7,83±0,27

 

Қан құрамындағы фосфор, кальций және каротин мөлшерлерінің өзгерісі екі топта да ұқсас. Бұл жерде әсіресе қара ала мал қанындағы фосфор деңгейі- нің қыс мезгілінде жазбен салыстырғанда 14,4%-ке күрт азайып кеткендігін айту қажет (Р<0,01). Сол сияқты әулиеата сиыры қанындағы кальций мөлшері де қыс айларында жаз мезгіліне қарағанда дәйекті түрде 5,2%-ке өскен (Р<0,05).

Екі тұқым малдарының сілтілік резерві жаз мезгілінде қыс айларына қарағанда жоғары. Егер әулиеата сиырлары қанының сілтілік резерві жазда қыс мезгілімен салыстырғанда 8,7% жоғары болса (Р<0,05), қара ала сиыр-ларда бұл артықшылық 11,5% құрады (Р<0,05). Сілтілік резерв деңгейі бойынша қара ала сиырлар әулиеата малдарынан жылдың барлық мезгілінде алда болды.

18-кестеден байқалып тұрғандай, қан кұрамындағы эритроцит мөлшері жылдың барлық мезгілінде қара ала малдарда жоғары. Олардың қанындағы эритроциттер саны әулиеата сиырларынан жазда 3,0%, ал қыста 2,5% көп. Осыған ұқсас ара-қатынас лейкоциттер саны бойынша да байқалды. Жалпы лейкоциттердің қара ала сиыр қанында көп болуы олардың қан түзу мүшелері-нің регенераторлық қабылетінің белсенді екендігін, яғни олардың организмі-нің қорғаныстық қызметінің дайындығы жоғары дәрежеде екендігін білдіреді.

Гемоглобин мөлшері әр түрлі тұқымға жататын сиырлар қанында шама-лас. Бұл олардың ағзаларындағы зат алмасу процестерінің, әсіресе қанның тыныс алу функциясының да деңгейлес екендігін аңғартады.

Эритроциттердің тұну жылдамдығы бойынша қара ала сиырлар озды. Олардың қызыл қан түйіршіктері 1 сағат ішінде жаз айында әулиеата сиыр-ларының эритроциттерінен 5,1%, ал қыс мезгілінде  11,0% жылдам шөкті.

Оңтүстік өңірі жағдайында әр түрлі сиыр түқымдарының сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұру қабылетін бағалау мақсатында олардың табиғи резистенттілік көрсеткіштері анықталды (19-кесте).

 

19-кесте. Сиырлардың табиғи-резистенттілік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Әулиеата сиыры

Қара ала сиыр

жазда

қыста

жазда

қыста

Қан сарысуыньщ бактерицидтік белсенділігі, %

56,8±3,4

66,1±4,0

62,6±2,9

72,7±3,5

Фагоцитарлык белсенділік, %

39,8±1,7

19,1±2,2

36,9±2,0

21,5±1,3

Лизоцимдік белсеиділік, %

32,4±1,4

24,1±0,9

29,3±1,1

22,2±1,6

 

Біздің зерттеуде әулиеата және қара ала сиырлар қан сарысуының бактерицидтік белсенділіктері жаз мезгілінде тиісінше 56,8 және 62,6% болса, қыста бұл көрсеткіш тиісінше 16,4 және 16,1%-ке (Р<0,05) өсті. Қара ала малдар қанының бактерицидтік белсенділігі әулиеата сиырларына қарағанда жаз және қыс мезгілдерінің екеуінде де жоғары болды.

Сол сияқты қара ала сиырлар қанының фагоцитарлық белсенділігі әулиеата малдарынан қыста 12,6% жоғары болғанымен, жазда олардан 7,9% кем түсті.

Егер жоғарыда аталған табиғи резистенттілік көрсеткіштері бойынша қара ала мал алда болса, лизоцимдік белсенділік әулиеата сиырларында жоғары болды. Олардың қара ала сиырлардан басымдығы жазда 10,6%, ал қыс айында 8,6% құрады.

Қорыта айтқанда, қара ала тұқымдас сиырлар организмі резистенттілігінің гуморальды және жасушалық көрсеткіштерін талдау, олардың табиғи қорға-ныштық қабілетінің деңгейлес және оңтүстік өңірі жағдайында қанағаттанар-лық дәрежеде екендігін көрсетті.

 

 

2.3.7 Сиыр желінінің морфологиялық және физиологялық қасиеттері

 

Сиыр желінінің морфологиялық белгілерін бағалау лактацияның 2-3 айында, сауын басталардан 1-1,5 сағат бұрын жүргізілді.

Желін орамы, ұзындығы және енінің көрсеткіштері бойынша қара ала мал әулиеата сиырларынан алда болды. Олардың желін орамы әулиеата сиырлары-нан 0,6% көп болса, ұзындығы 0,7%, екі 1,8% артық (20-кесте).

 

20-кесте. Әр түрлі тұқым сиырлары желіндерінің негізгі өлшемдері, см

 

Өлшемдер

Сиыр тұкымы

әулиеата

қара ала

М±m

Cv

М±m

Cv

Желіннің диаметрі

84,1±1,3

13,7

84,6±2,2

12,9

ұзындығы

28,2±0,6

11,1

28,4±0,8

10,6

ені

22,1±0,5

15,8

22,5±1,1

16,8

Емшек ұзындығы:

 

 

 

 

алдыңғы

5,8±0,2

18,0

5,8±0,2

17,2

артқы

5,2±0,2

19,4

5,2±0,2

15,4

Емшек диаметрі:

 

 

 

 

аадыңғы

2,2±0,1

15,1

2,3±0,1

12,2

артқы

2,0±0,1

16,7

2,0±0,1

13,8

Желіннің жерден биіктігі

60,2±0,9

7,6

61,0±1,0

8,4

 

Қара ала тұқымдас сиырлар емшектерінің ұзындығы мен диаметрлері арасында елеулі айырмашылық жоқ.

Біздің зерттеуде әулиеата сиырларының сауылу жылдамдығы минутына 1,34 кг-ға тең болды. Ал қара ала малдан осы уақыт ішінде 5,2% сүт артық сауылған.

Бұл жерде сиырлардың сүт өнімділігі мен сауылу жылдамдықтары арасында байланыс барлығы байқалды. Қара ала малдан орта есеппен тәулігіне 9,98 кг-нан сүт сауылып, олардың сауылу ұзақтығы 7,06 минутқа тең болса, әулиеата сиырлары 7,13 минут ішінде 9,52 кг сүт берген.

Қара ала тұқымдас сиырлардың желіндерін үшінші лактация кезінде көзбен бағалау нәтижесінде олардың негізінен дөңгелек және тостағанша пішінді екендігі анықталды. Дөңгелек пішінді желіні бар сиырлардың үлесі екі топта шамалас (57,2 және 57,9%). Машинамен саууға ыңғайлы тостағанша желіні бар сиырлар үлесі қара ала мал тобында көп болса (36,8%), өнімділігі аз болатын, қолайсыз ешкі емшекті сиырлар әулиеата тұқымында жиі кездесті (9,5%).

3 бұзауларды бағыттап өсіру

 

Мал тұқымын асылдандыру, олардың өнімділігін жылдан-жылға арттыру және малдың конституциялық – экстерьерлік мықтылығын дамыту ісі бұзауларды бағыттап өсіруге байланысты. Әсіресе, аса сүтті ірі қара малы мен бұқалардан     алынған бұзауларға, ата-тектерінің қасиеттілігін дамыту үшін,  шаруашылық-тың өзінде бар  азықты жегізіп үйреткен дұрыс. Мал жастайынан азықпен толық қамтамасыз етілсе, олардың тұқым қуалаушылық қасиеттері толық айқындала алады.

Мал төлден өседі. Сондықтан мал шаруашылығының тәжірибелі бақта-шылары тумаған бұзаудың қамын оның ана құрсағында жатқан кезінен  бастап  ойлайды.   Бұзау туғаннан  кейін  оларды  көлемді шырынды азықтарды көп, ал жемді азырак беріп өсіреді. Бұл тәсіл өсіп келе жатқан малдардың организмінде зат алмасуды күшейтіп, әрі ас қорыту органдарының жақсы жетілуіне септігін тигізеді. Сөйтіп, мұның барлығы келешекте сүттің көп болуына әсерін тигізеді.

Сүтті мал шаруашылықтарында бұзауларға қолдан сүт беру тәсілін қолданып, бірнеше бұзауды бір ірі қараға бекітіп, сол ірі қараның сүтін емізіп   өсіреді.

Ірі қара малының сүттілік және еттілік тұқым қуалау қасиеттері қалыптасып даму үшін, оларға сыртқы орта жағдайы қолайлы болуы керек. Оның бастысы – малды дұрыс азықтандыру.

Малдың организмі мен сыртқы ортада тығыз байланысты. Сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты жас организм де өзгеріп, онда әр түрлі құбылыста болады, әсіресе жас малдың өсіп-дамуына және өнімділігінің   қалып-тасуына тұқым қуалау заңдылығымен қатар азықтандыру көп әсер етеді. Мал дұрыс азықтандырылмаса немесе мал азығы жетіспесе, оның тұқым қуалаушы-лық қасиеті жүзеге аспай қалуы мүмкін. Азықтандырудың бірнеше тәсілін   колданып,  оның өнімдік қасиетін де өзгертуге болады. Сондықтан бұзауларды бағыттап өсіру ірі қара табынынан өнімді көп алудың негізі болып табылады.

Малдың өнімдік және тұқымдық қасиетінің қалыптасуы дұрыс азықтан-дырумен қатар олардың эмбрионалдық (бұзаулағанға дейін) және постэмбрио-налдық (бұзаулағаннан кейінгі) өсіп даму заңдылығына байланысты. Төлдің эмбрионалдық даму уақытын үш кезеңге: ұрықтык, эмбрионға дейінгі және эмбриондық деп бөледі. Ұрыктық кезеці 34 күнге созылады, мұнда ұлпалар дамып, дене мүшелері түзеле бастайды. Ұрықтык даму кезеңінде ұрық тез дамиды, оның салмағы 600 есе өседі. Эмбрионға дейінгі кезеңде ұлпалар мен дене мүшелері одан әрі дамып өсе бастайды, бұл кезеңнің аяқталуы эмбрион-ның пайда болуымен бітеді. Эмбрион өзінің анатомиялық құрылысы бойынша жаңа туған бұзауларға ұқсас. Эмбрионның даму кезеңінде оның салмағы 8-15 г болады, ал даму уақыты (эмбрионға дейінгі) 26 күнге созылады. Жалпы төлдің эмбриондық кезеңінің уақыты 61 күннен бұзау туғанға дейін созылады. Бұл уақыт ішінде организм қалыптасып өсе бастайды, әрі дененің абсолюттік салмағы да өседі. Эмбриондық кезеңінің аяғында, оның салмағы 25-40 кг-ға дейін жетеді. Әсіресе, бұзау тууға екі ай қалғанда эмбрион өте күшті, әрі тәулігіне 300-400 г салмак қосады. Эмбрионның салмағы 5 айлағында 2-4 кг, ал 7 айлығында 12-16 кг және туардан бұрын 9,5 айлығында 25-35 кг-ға жетеді.

Ірі қара малының постэмбрионалдық (бұзау туғаннан кейінгі) өсіп, даму уақытын 5 кезеңге бөлінеді: уыз, сүтті, қарқынды өсу және жыныстық жетілу, өнімділігінің қалыптасуы және өнімді мол беру мен кәрілік кезеңі.

Бұзау өсіру. ІІІаруашылықтардағы малды жылдан жылға жетілдіру, малдың сүттілігін арттыру, салмағын жоғарылату және оның тез жетілгіш қасиетін көтере түсу, сондай-ақ малдың сыртқы пішінін, дене бітімін, тағы басқа көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін алдымен бұзауды бағыттап өсіру қажет.

Ең алдымен, сүтті сиырлардан дені сау жақсы өскен бұзау алуды ойласты-рады. Одан әрі туғаннан сақа сиырға айналып, қалыптасқанға дейін оның азықты көп пайдалана алатын қабілетін баулу, дененің жақсы өсуіне әсер ететін тұқым қуалаушылық қасиетін дамыту қажет.

Сүтті бағыттағы сиырлардың ұрғашы тайыншаларын балауса, сүрлем, пішен, пішендемені көп беріп, ал жемді аз-аздан беріп   өсіреді.   Осындай  азықтармен азықтандырса ұрғашы тайыншалардан зат алмасу процесі жоғары, ас қорыту, тыныс алу органдары жақсы дамыған мал өседі.

Уыз еметін шақ. Бұзаудың уыз еметін шағы 7-10 күнге созылады. Уызды алғашқыда еміздікті ыдыстан ішкізеді. Содан соңғы 3-5 күн ішінде күніне 3-4 рет, 1,5-2 л анасының уызын емізеді. Жасында уызға барынша тойған бұзау жақсы өседі.

Уызда 25-30% құрғақ қалдық, тез қорытылып, денеге тез сіңетін 20% белок, сүттегіден 2 есе көп минералды заттар, витаминдер бар. Сондай-ақ    белокты фракцияларының бірі иммунды денелі глобулиннің болуы бұзаудың  түрлі аурулардан қорғана алатын қасиетін асыра түседі. Уыздың қышқылдығы 500Т. Таза уызда кейбір патогенді микрофлоралар сол сәтте жойылып, бұзауға залалын тигізе алмайды.

Уыз бұзаудың ас қорыту органдарына әсер етіп, ішін жүргізеді де, ішіндегі доңғақтан босауына септігін тигізеді. Бұзауды іш ауруларынан сақтау үшін сиырды сапалы азықпенен азықтандыру қажет. Сондықтан жаңа туған сиырларға сапалы пішен, кебек, сұлы жармасын, ал 7-8 күн өткен соң аз-аздап азыктық қызылша береді (5-7 кг).

Тіршілігінің 2-күні бұзаудың салмағын анықтап, ат қойылады, құлағына ен салып (сырға тағып), бұзау өсіру кітабына тіркеледі. Бұзаушылардың көп    жылдық тәжірибесіне қарағанда, бұзау шығынының 75% алғашқы 15-20 күнде болады. Шығынның басты себебі – іш ауруы, өкпенің қабынуы, күтімнің жоқтығы және лас уыз емуі.

Сүт еметін кезең. Бұзау өсірудің бұл кезеңінде екі түрлі, яғни сүтті қолдан емізу және теліп өсіру тәсілі қолданылады. Қолдан емізіп өсіргенде профилакторий кезеңінен соң бұзауларға кұрама сүт береді (14-15 күн). Жоспарланған тәуліктік қосымша салмағына қарай бұзауды азықтандыру кестесі жасалады. Тұқыммал шаруашылықтарында бұзауға 3-4 апта таза сүт беріп, содан соң бірте-бірте көк сүтке ауыстырады. 2-3 айдан соң көк сүтке толық ауыстырады да, 4-5 айына дейін береді. Бұзау өсірудің осы кезеңінде 200-250 кг таза сүт, 400-500 кг көк сүт жұмсалады. Асыл түқымды бұқашықтарға 300-400 кг таза сүт, 500-800 кг көк сүт береді. Ал аса сүтті сиырлардың бұзауларына таза сүт, көк сүт және тағы басқа күшті азықтарды 7-8 айына дейін және көп мөлшерде беруге тура келеді. Ол үшін бұзауды жеке азықтандыру кестесі жасалынады. Мұндағы мақсат еркек бұзауды да, ұрғашы бұзауды да жедел (интенсивті) өсіріп, табынға барынша ерте косу.

Бұзауды 20-25 күнінен жемге үйретеді. Алғашында әрқайсысына 50 г, ал сүт ему кезеңінің соңында 0,6-1,5 кг дейін жеткізеді. Жемнің ішіндегі жұғымдысы – сұлы жармасы, бвдай кебегі және кұрама жем.

Сүтті бағыттағы тұқым бұзауларын әуелден-ак балауса, пішен, сүрлем, пішендемені көптен жеуге, ал жемді аз пайдалануға үйретеді. Алғашында бұзаудың түйіліп, кақальш қалмауы үшін жемді суға араластырып, бұқтырып береді.

Жаз айларында бұзауды өріске шығарып, сонда ұстаған дұрыс. Жайылым қурап кетсе, бұзау қосымша азықтандырылады. Жаз айларында 3 айлық ұрғашы бұзауға тәулігіне 0,1 кг жем, 4-5 айлығында 0,5 кг, алты айлығында 0,4 кг жем беріледі. Бұзауды балауса азыққа туғанына 10-15 күн толған соң үйрете бастайды, қызыл сәбіз бұзауға қыс айларында таптырмайтын азық. Алғашқы күндері осындай 100-200 г сәбіз жұқалап жонып беріледі де, бертін келе турап беруге болады. Алты айдан соң пішен мен сүрлемді, пішендемені қажетінше салады. Ал жазда өріс шөбіне қосымша балауса беріледі.

Бұзау сілекейінен пішеннің сапасы тез төмендейтіндіктен бұзауға пішенді   күнделікті жаңалап отырған орынды. Бұзау науасына (оттығына) бор – 3-5 г, сүйек ұны – 10 г және ас тұзы – 3-5 г салынып қойылады. Бұзау пішенге, жемге үйренген соң бор, ас тұзын азыққа араластырып та беруге болады. 4-5 айлығынан бастап әр басқа күніне 10-15 г преципитат беріледі. Бұзауды іш ауруынан сақтау үшін 3 жетіден соң ацидофильді айран, сұлыдан жасалған қойыртпа (кисель) және пішен сүзіндісін береді. Профилакторий кезеңінен соң 3 айлығына дейін 5-8 ден, ал 3-5 айлығына дейін 12-18 ден топтап ұстайды. Қазіргі кезде таза сүт орнына жасанды сүт (ЗЦМ) пайдаланылады. Туғанына 5 ай толған соң бұзау жынысына қарап бөлініп, бөлек бағылып, бөлек ұсталады.

Бұзауды теліп өсіру. Бұзауды теліп өсіру еліміздің кейбір жерлерінде соңғы кезге дейін қолданылып келеді. Ол үшін дені сау, желіні емшегі сау, сүттілігі 2000-2500 кг сиыр бөлінеді. Бұзауды осы бөлінген сиырға туғанына  10-12 күн өткен соң телиді. Әрбір бөлінген сиыр, сүттілігіне қарай бір мезгілде 2-4 бұзау емізеді. Ондағы шарт: әрбір бұзау күніне 3,5-4 кг сүт емуі керек. Телінген бұзаулар, орта есеппен 3 ай емеді. Бөлінген сиыр маусымына 6-10 бұзау емізеді. Бір бұзау сүт ему кезеңінде 200-300 кг сүт емеді. Теліп өсірудің пайдасы бұзаудың іш ауруы азаяды және қолдан сүт беріп, өсіргенге қарағанда шығын да кемиді. Бір бұзаушы бір уақытта 45-50 бұзауға дейін қарай алады.

21-кесте. Бұзау азықтандырудың тәуліктік мөлшері

 

Айы мен күні

Тәулігіне берілетін азықтың мөлшері (кг)

Айы

 

онкүндік

сүт

жем

балауса

пішен

минералды заттар

таза сүт

көк сүт

сұлы

құрама қсопа

тамыр түйнек

картоп

сүрлем

жоңышқа

сабан

тұз

бор

 

1

4,5

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1

2

5

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

 

3

4,5

0,5

0,1-0,3

-

0,1-0,2

-

-

0,1

-

5

5

 

1

3,5

3

0,4

-

0,3

-

-

0,3

-

10

10

2

2

3

5

0,6

-

0,4

0,1

0,1

0,5

-

10

10

 

3

3

6

0,8

-

0,5

0,3

0,2

0,7

.

10

10

 

1

1,5

6

-

1

0,7

0,5

0,3

0,8

-

10

15

3

2

-

3,5

 

1,4

1

1,0

0,5

1

-

10

15

 

3

 

5,5

 

1,6

1

1,5

0,7

1,2

-

10

15

 

4

 

4,5

 

1,5

1

1,5

1

1,5

-

15

15

 

5

 

2,5

 

1,2

1

1,5

2

2,5

-

15

15

 

6

 

 

 

1

1

1

3

3,5

-

20

20

 

7

 

 

 

1

1

1

6

4

1

25

20

 

8

 

 

0,8

-

3

7

4

1

-

25

20

 

9

 

 

0,8

-

5

7

4

1

 

25

20

 

10-12

 

 

0,8

-

5

7

4

2

-

30

20

 

13-15

 

 

0,8

-

5

7

5

2

 

40

30

 

16-18

 

 

0,6

-

8

8

5

2

 

45

35

                                                                                           

Бұзауды бұл тәсілмен өсіргенде табысқа жету үшін мынаны есте сақтау керек: алдымен бұзау емізетін сиырларды дұрыс таңдап алу, сүттілігіне, қоңдылы-ғына және мінез-құлқына қарап, таңдап алған сиырларды толық құнды азықпен азықтандыру, ондағы мақсат сиырлардың қоңын түсірмеу және олардың жыныс циклдарының дер кезінде кайталануын сақтау.

Бұзау телінген сиырларды бұзау қорамен жапсарлас қорада бөлек ұстау керек. Жазда өріске табындағы басқа да сиырлармен бірге шығарылады. Қисыны келсе мұндай сиырлар мен бұзауларға бір көлеңке-ықтырманы таңдау қажет. Бұзауды теліп өсіру сиырлардың жыл бойы біркелкі бұзаулауын қажет етеді. Ал бұзаулау жыл мезгілімен байланысты болса, бұл тәсілдің экономикалық пайдасы азая түседі. Қыс айларында бұзау телінетін сиырларды бұзауларымен қоса суық болса да жарық қорада байлауда ұстайды. Бұзауды топтап ұстағанда да, бұзау телінетін сиырлардың қарсы бетіне жұптайды да, емізуге жібергенде қақпаны ашады. Әр бұзау өз «енесіне» барады. Жазда мұндай сиырлар мен бұзаулар бір көлеңке - ықтырманың астында болады. Телінген сиырдан бөлген соң да бұзаулар суық қорада өсіріле береді. Бұл тәсіл дене бітімі мықты, дені сау мал өсіруге мүмкіндік береді.

Асыл тұқымды еркек бұзау өсіру. Еркек бұзаулардың уыз еметін шағы ұрғашы бұзау өсіргендегідей. Бірақ оларды бұзау қораға ауыстырған соң, жеке топ құрылып арнайы азықтандыру кестесі бойынша бағып күтіледі. Әсіресе, 850-900 г тәуліктік қосымша салмақ косып, 6 айлығындағы тірілей салмағы 190 кг жететін сүт ему кестесі пайдаланылады. Бұл кесте бойынша бұзаулардың әрқайсысына 400 кг дейін таза сүт, 800 кг дейін көк сүт, 218 кг жем, 300 кг балауса, 220 кг пішен беріледі. Азықтандырудың осындай түрі (еркек бүзауларға сүт пен жемді көбірек, ал балауса мен пішенді азырақ беру) еркек бүзаулар сүйегінің мықты, бұлшық етінің тығыз болуына және жыныстық қабілетінің ерте жетілуіне әсер етеді. Таза сүтті, жасанды сүт пен көк сүтті де туғанына екі жеті толған соң 6 айлығына дейін беруге болады. Пішенді 12 күннен кейін бере бастайды. 20 күннен бастап тары жармасын сүтке араластырып та, быламық жасап та беруге болады. Бір айға толған соң сәбіз бен қызылшаны жұқалап жонып беруге болады. Бір айлығы мен алты айлығының арасында әрбір азық өлшемінде 120-130 г қорытылатын протеин, ал алты айдан әрі әрбір азық өлшемінде 110-120 г қорытылатын протеин болуы керек. Еркек бұзауларды үш айына дейін күніне алғашқыда 3 мәрте, соңынан екі мәрте азықтандырады. Алты айлығына дейін байлаусыз, бір топта 4-6 бұзаудан ұстайды.

Алты айлығынан, яғни жыныстық рефлексі басталысымен оларды байлау-да ұстап, күн сайын серуенге шығарып тұрады. Ал 9-10 айлығынан күтуге ыңғайлы болуы үшін мұрындық тағады. Бір жасқа толған асыл тұқымды еркек бұзауларды қолдан ұрықтандыру станцияларына береді.

Бұзауды жыл бойы таза ауада жеке үйшік профилакторийда өсіру тиімді. Үйшіктің алдында  бұзау  шығып,  бой жазатын   ағаштан немесе темірден жасалған алаң болады. Қыста сиырлар арнайы салынған бөлмелерде немесе бокстерде бұзаулайды да, жазда бөлмеде немесе ықтырма-қалқаларда бұзаулайды. Жаңа туған бұзау енесімен 10-12 сағат бірге болады да, тойғанынша уыз емеді. 10-12 сағат өткен соң сиырды бұзаулайтын орнына апарады да, бұзауды денесі құрғаған соң жеке үйшіктерге орналастырады. Үйшіктердің табанына қалыңдығы 2-3 см сөндірілген әк, 25-30 см ағаш үгіндісін салып, оның бетіне 45-50 см сабан төсейді. Сабанды бұзау бой жазатын алаңға да төсеген дұрыс. Алғашқыда 2-3 күн бұзау үйшіктегі сабан үстінде жатады да, 3-4 күнінен бастап, алдындағы алаңға шыға бастайды. Одан әрі жауын-шашын болмаса, бұзау, көбінесе сол алаңда тұрады.

Уыз, таза сүт және көк сүт еміздікті алюминий банкамен беріледі. Бұл еміздікті ыдыстың ерекшелігі – банканың қақпағындағы тесігіне сүт ағатын жолы 5-6 мм резинка-ниппель тығылады. Ал трубканың банканың түбіне қараған басына қола штуцер кигізіледі. Үйшікте бұзау 30-60 күн болады.

Алғашқы он күндікте бұзауға енесінің уызын күніне 6 литрден береді (ертеңгілік, кешкісін 2-8 л, түсте – 1 л). Екінші онкүндікте ертеңгілік, кешкісін

 

 

22-кесте. Сүтті бағытты ұрғашы тайыншаларға қыста 6 айға дейінгі жұмсалатын азықтар

Схе-

ма-

лар

Сиырлардың тірі салмағы, кг

6-айдағы тірі сал-мағы, кг

Тәулігіне қосатын салмагы, г

Бір басқа 6 айға дейінгі жұмсалатын азық, кг

Оның ішінде шөп

сүт

жем

жүгері сүрлемі

азық қылшасы

картоп

әртүрлі шөп

пішен-деме

жайы-лым шөбі

таза

айырылған

сұлы ұнтағы

қоспа жем

1

 

 

 

180

200

20

150

250

100

155

261

-

-

400-450

125

500-600

275

-

2

171

250

100

155

261

-

-

16

 

 

 

180

200

22

148

520

-

-

261

-

-

 

 

 

275

-

2

171

520

-

-

261

-

-

2

 

 

 

200

400

20

160

250

100

155

261

100

161

500-550

150

650-700

350

-

2

198

250

100

155

261

100

161

26

 

 

 

200

400

20

160

520

-

-

261

100

161

 

 

 

350

-

2

198

520

-

-

261

100

161

3

 

 

 

250

700

15

155

250

100

155

261

-

-

За

600-650

170

750-800

500

-

1

199

250

100

155

261

-

-

36

 

 

 

250

700

16

154

520

-

-

261

-

-

Зв

 

 

 

500

-

1

199

520

-

-

261

-

-

 

23-кесте. Жаз айларында 6-айға дейінгі ұрғашы тайыншаларға жұмсалатын азықтар

Схемалар

Сиырлардың тірі салмағы, кг

6-айдағы тірі

салмағы, кг

Тәулігіне косатын салмағы, г

6 айлық азық мелшері, кг

Көк азык

сүт

жемнің түрлері

пішен

жүгері

таза

айырыл-ған

сұлы ұнтағы

қоспа

оның ішінде

қоспа

ұнтақ

арпа

1

400-450

125

550-600

180

200

20

114

 

 

 

500

1000

2

500-550

150

650-700

200

400

20

115

40

45

30

500

1000

3

600-650

170

750-800

250

700

15

110

 

 

 

500

1000

 

 

екі уақыт 6 л таза сүт береді. Үшінші онкүндікте 6 л сүт, 0,1-0,3 кг жем береді. Сонымен алғашқы бір айда бұзау 180 кг сүтке, 1-3 кг жемге және шөпке үйренеді. Төртінші онкүндікте күніне 3 л таза сүт, 3 л көк-сүт (немесе жасанды сүт), 0,4 кг жем, 0,2 кг көк балауса беріледі. Бесінші онкүндікте – күніне 1 л таза сүт, 4 л көк сүт (немесе жасанды сүт), 0,6 кг жем беріліп, 0,5 кг шөп салынады. Алтыншы онкүндікте таза сүт берілмейді, 8 кг көк (немесе жасанды) сүт, 0,8 кг жем, 0,6 кг пішен беріледі. Сонымен, екінші айда бұзауға 40 л таза сүт, 200 л көк (немесе жасанды) сүт, 15 кг пішен жұмсалады.

Бұзауларды екі  айлығынан бастап  9-10 орындық клеткаларға топтайды, жеті, сегіз, тоғыз айлығында 7 л көк (немесе жасанды сүт) сүт, 0,8-1 кг жем береді. Төртінші айлығынан бастап бұзауға көк сүт те беруді тоқтатады.   Сөйтіп күніне 0,5-1,5 кг дейін сүрлем, 1,5 кг шөп береді. Бесінші айында бұзау рационында 1,7 кг жем, 1,5 кг сүрлем,  2-3  кг шөп болады. Алты айда өз табынын жаңартуға бөлінген бұзауға 300 л таза сүт, 500 л көк (немесе жасанды) сүт бсреді. Бордақылауға бөлінген бұзауларға 200-210 л таза сүт, 500 л көк сүт (немесе жасанды сүт), 180 кг жем, 250 кг сүрлем, 245 кг шөп беріледі. Осы уақытта олардың тірілей салмағы 350 кг жетеді.

 

4 Сиырды мөлшерлер азықтандыру

 

Малдың сүтін, етін және басқа өнімділігін көбейту үшін мөлшерлеп азықтандырады. Тәуліктік рацион жасағанда мыналар ескеріледі: азық рационына сол малдың сүйсініп жейтін жемшөптері кіреді; оның мөлшері және сапасы малдың ішін бұзбайтындай, сондай-ақ одан тез шығып кетпейтіндей болуы керек.

Тәуліктік рацион жасағанда, сиыр организміне қажетті барлық қоректік заттар сол азықтардан табылатын болуы керек. Әсіресе, жас, әлі де өсетін сиырдың азығында қорытылатын протеин мен минералды заттар көп болғаны дұыс.

Рациондағы азықтардың көлемі мал толық тоярлықай болуы керек. Сонда ғана сиырдың ас қорыту органдары дұрыс қызмет атқарады және сиыр өзін тоқ сезінеді.

Рациондағы азықтар әр түрлі болғаны жөн, мұны әсіресе сүтті сиырларды азықтандыруда ескеру керек.

Рационда   минералдық   заттар   жеткілікті   болуға   тиіс.   Егер азықтарында тұз, кальций және фосфор сияқты минералдық заттар жеткіліксіз болса, сиырдың қысыр қалуына, ауруға шалдығуына, сүтінің азаюына, іштегі бұзаудың нашар өсуіне себепші болады.

Сиырға берілетін азықтағы дәрумендер де жеткілікті болуы қажет. Бұл әсіресе жас малға берілетін азықта көбірек ескерілгені жөн.

Азық   рационы   шаруашылықтағы   бар   азық   түрлеріне   қарай жасалуға тиіс, онда да шаруашылықтың өзі өсіретін азықтардан жасалғаны    дұрыс, жетіспейтін компоненттерін сырттан алатын азықтармен толықтыру қажет.

Қандай малға болса да рацион жасауда құнарлы азықтар – астық дәнін, кебекті, күнжараны үнемдеп пайдалануға тырысу керек. Өйіткені, жемді көп берудің орнына, оның мөлшерін азайтып, есесіне басқа азықтарды мол беріп те сиырдан сүтті көп алуға болады. Сауын сиырларға рацион көлемді, шырынды азықтарға біраз жем қосылып жасалады. Сауын сиырларға шырынды азықтар неғұрлым көбірек берілсе, көлемді азықтар соғұрлым аз берілуге тиіс.

Енді сауын сиырға рационның қалай жасалатындығы жөнінде мысал келтірейік. Айталық, сиырдың тірілей салмағы 500 кг, күніне майлылығы 3,9%, 20 кг сут беретін сиырға мына рационды мысал етуге болады. Тәуліктік рационда 14,7 кг азық өлшемі, 1680 г қорытылатын протеин, 105 г кальций, 75 г фосфор және 650 мг каротин болуы тиіс. Мұндай азықтандыру нормасы нәтижесінде сиыр бұзаулау мерзіміне дейін орташа және ортадан жоғары қондылыққа жетеді.

Құнарлығы жөнінде рациондағы мал азығының үлес салмағы шамамен: сүрлем - 34-40 пайыз, жем 25-30, ірі азық - 35-40 пайыз болуы керек. Суалған буаз сиырды, оның салмағына, беретін сүтіне, қоңына және жасына сәйкес азықтандырады.

24-кесте. Майлылығы 3,8% сүт беретін сиырларды азықтандыру нормасы

 

Тәуліктік сауылған сүт, кг

Азық

өлшемі, кг

Қорытыла-тын протеин, г

Ас тұзы,

г

Кальций, г

Фосфор, г

Каротин, мг

1

2

3

4

5

6

7

Тірілей салмағы 400 кг

4 және одан төмен

6,0

620

35

35

25

220

6

7,0

730

45

45

30

270

10

9,0

960

60

60

40

170

12

10,0

1090

70

70

45

420

14

11,0

1220

75

75

55

470

16

12,0

1360

85

85

60

520

18

13,0

1500

90

90

70

570

20

14,2

1650

100

100

75

620

22

15,4

1800

110

110

80

670

24

16,7

1960

115

115

85

720

26

18,0

2120

125

125

95

770

28

19,3

2330

130

130

100

820

30

2,06

2440

140

140

105

850

Тірілей салмағы 500 кг 

4-тен темен

6,6

680

40

40

25

250

8

7,6

790

50

50

30

300

6

8,6

900

55

55

40

350

10

9,6

1020

65

65

45

400 

12

10,6

1140

70

70

50

450

14

11,6

1270

70

80

55

500

16

12,6

1400

90

90

65

550

18

13,6

1540

95

95

70

600 

20

14,7

1680

105

105

75

650

22

15,9

1830

115

115

85

700

24

17,1

1980

120

120

90

750

26

18,4

2140

130

130

95

800

28

19,7

2300

135

135

100

850

30

21,0

2460

145

145

105

900

32

22,3

2630

155

155

115

950

34

23,6

2780

160

160

120

1000

36

249

2940

170

170

130

1010

 

24-кестенің жалғасы

 

1

2

3

4

5

6

7

38

26,2

3100

180

180

135

1100

40

27,5

3260

185

185

140

1150

Тірілей салмағы 600 кг

4-тен төмен

7,1

750

45

45

30

280

6

8,1

860

55

55

35

330

8

9,1

970

60

60

40

330

10

10,1

1090

70

70

45

430

12

11,1

1210

80

80

55

480

14

12,1

1340

85

85

60

520

16

13,1

1470

95

95

65

580

18

14,1

1610

100

100

75

630

20

15,1

1750

110

110

80

680

22

16,2

1900

120

120

85

730

24

17,4

2050

125

125

90

780

26

18,6

2210

130

135

100

830

28

19,9

2370

140

140

105

880

30

21,2

2530

150

150

110

930

32

22,5

2690

160

160

115

980

34

23,8

2850

165

165

125

1030

36

25,1

3010

175

175

130

1090

38

26,4

3170

180

180

135

1130

40

27,7

3330

190

190

145

1180

 

25-кесте. Жас (1-2 бұзаулаған) және қоңдылығы төмен сиырларға қосымша азық берудің нормасы

 

Сиыр тәулігіне орташа мынадай салмақ қосса, кг

Күнделікті рационға мынадай косылады

азық өлшемі, кг

қорытылатын протеин, г

кальций, г

фосфор, г

0,2

1,0

100

7

5

0,3

1,5

150

10

8

0,5

2,5

250

15

12

 

Буаз сиырларға көгерген, мұз болып қатқан, иістенген жемшөпті беруге болмайды. Сиырлар суалғанда аса семіріп кетпегені жөн. Судың жылылығы 10-12 градустай болуы шарт. Аса суық судан мал іш тастайды.

Сиырды бұзаулағаннан кейін, сүтейту үшін азықтандыру. Бұзаулаған соң сиыр суды көп қажетсінбейді. Бірақ, бұл кезде кез келген суды беруге болмайды. Бұзаулағаннан 30-40 минуттан кейін сиырды жылы сумен суарады. Судың жылылығы 20-30 градустай болуы керек. Майда, жұмсақ, сапалы пішен беріледі.

Күніне 0,5-1 кг арпа жармасын немесе сұлы жармасын береді. Кейіннен бұған бірте-бірте жем қосып отырады.

Сиырды толық азық нормасына, күн сайын азықты біртіндеп коса отырып 8-10 күнде жеткізеді, бұл жағдайда да оның желініне бақылау жасап отырады.                                                                                

Жоғарыда көрсетілген азықтандыру шарттарын қолдана отырып буаз сиырды бұзаулауға даярлаудың және бұзаулағаннан кейін жақсылап күтудің арқасында сиыр едеуір сүтейеді. Мысалы, алдыңғы қатарлы тәжірибелерге қарағанда, бұрын күніне 12-15 л сүт беріп келген сиыр, жақсы даярлықтан кейін бұзаулаған соң, күніне 25-30 литрден сүт бере бастаған.

Сиыр сүтінің күннен-күнге көбеюі үшін мал шаруашылығы мамандары, сауыншылар, бақташылар барлық мүмкіндіктерді қолданады. Сиыр сүтінің қандай шамаға дейін көбейетіндігін малды тиісті әдіспен азықтандыра отырып анықтауға болады.

Бұзаулағаннан 8-10 күннен кейін сиыр толық нормалы азыққа көшіріледі. Осы кезден бастап, оның тірілей салмағына және күнделікті сауылатын сүтіне қарай жасалған тәуліктік нормадан тыс оған қосымша азық беріледі. Мұны сүтейту үшін азықтандыру деп атайды. Мұндай қосымша азықты сиыр сүті көбейгенше үдетіп береді. Сүті онша көп емес сиырға қосымша азықты күніне оның сүті 2-3 литр көбейтетіндей, ал аса сүтті сиырға 3-5 литр көбейтіндей етіп беру керек. Мысалы, сиыр бұзаулағанның 15-інші күні 10 л сүт берген болса, енді оны 12-13 литрдей сүт беретіндей етіп азықтандыра бастау керек. Осы күйінде оны 10-12 күн байқап, егер осы уақыт ішінде ол сүтін көбейтсе, оның үстіне тағы да азық қосып беріледі. Сүтейту үшін берілетін азықты шырынды, көлемді азықтар мен жемнен қосып жақсылап баптау керек.

Әрбір сиырдың беретін сүті мен салмағына қарай азықтық рационы да айрықша болады. Сиырларды сүтейтудің негізгі шарты – жемшөпті баптап беру ісіне үлкен назар аудару керек. Мәселен, қызылшаны, картопты турап, жемді жарып, яки ұнтап береді. Пішен мен сабанды тек булап немесе басқа жолмен баптап береді.

Сиырларды сүтейту үшін тек дұрыс азықтандырумен қатар, олардың желініне, сауу әдісіне де ерекше көңіл бөлінуі керек. Әр сауған сайын желінді екі рет уқалау, үрпідегі сүтті басқа ыдысқа сауып алу-сиыр сүтінің көбейе түсуіне көп себеп болады.

Әсіресе, бұзаулағаннан соң сиырдың желініне мұқият назар аударады. Өйткені, аса сүтті және өте күйлі сиырлардың желіні көбіне сыздағыш келеді. Оның алдын алмаса, сиыр желінсау болуы мүмкін, ол үшін бұзаулағаннан кейін сүтті сиырларды күніне 6-8 рет сауу керек. Сиырлардың үстін күніне 2-3 рет тазалау керек, оларды далаға шығарып бой жаздыру, қораның ішін таза ұстау да – сиыр сүтінің көбеюіне әсер етеді.

Жас сиырлардың екі, үш және одан көп бұзаулаған сайын сауылу маусымдарына беретін сүт мөлшері артып отырады. Сонымен, сиыр сүтінің көбеюі ісі көптеген шараларды, әдіс-тәсілдерді біріктіріп, оларды комплексті шешуді талап етеді.

Аса сүтті сиырды азықтандыру ерекшеліктері. Аса сүтті сиырлар бұзаулағаннан кейін тәулігіне 30-40 кг-нан, тіпті одан да көп сүт береді. Сүтті өте көп беретін сиырлар, басқа сиырларға қарағанда, ерекше бағып күтіледі. Оларға берілетін жемшөбі әрі мол, анағұрлым құнарлы болуға тиіс.

Аса сүтті сиырларды суалту және суалған кезінде келесі бұзаулауға даярлау ісіне зор көңіл бөлу қажет. Жылдан-жылға сүтін көбейту үшін аса сүтті сиырды азықтандырудың өзінің ерекшеліктері бар.

Сауу маусымы кезінде және сауылған уақытында азықты мол берудің нәтижесінде сиырдың қоректік заттары молаяды, соның арқасында бірінші сауылу маусымы айында сиырлар азықты онша көп керек етпейді.

Сиырдың ас қорыту органдарына тым ауыр тимес үшін шырынды азықтардан сәбіз, жүгерінің сүрленген шөбі, сиыржоңышқа, сұлыдан сүрленген шөп сияқты өте жұғымды түрлерін берген жақсы.

Сүтті сиырлардың әрқайсысына бөлек рацион жасалып, ондағы белгілен-ген азық түрлеріне және нормасына мұкият қарау керек. Рационда дәруменді (витаминді) пішен болғаны жөн.

Мал шаруашылығы дұрыс ғылыми жолға қойылған шаруашылықтардың бәрінде де сүтгі сиырлардың бағымы – күтімі ерекше бақылауда болады. Сүтті сиырлар, әсіресе түнге қарай және күндіз бір мезгіл дем алып, күйіс қайырғаны мақұл. Қыс айларында аса сүтті сиырлар тәулігіне 3-4 сағат далада серуенде жүруге тиіс, ал жаз айларында оларды лагерьде бағады. Осының нәтижесіндс сиырлардың денесінде Д витамині көбейеді.

Сүтті сиырдың іші жүру, іші кебу және т.с.с. белгілер білінсе, алдымен рациондағы азықтардың мөлшерін кеміткен дұрыс.

Сиырларды жаз айларында азықтандыру. Мал шаруашылығы үшін малды жазғы лагерьде бағудың мәні зор. Жақсы жайылым, көк шөп малдың өсуіне, өнімінің көбеюіне зор әсер етеді. Жылы күн, таза ауа, күннің көзі, жас балауса шөп, еркін жүріс – малдың жеген азығын жақсы сіңіруіне, дененің тазалығына, ішіндегі төлінің жақсы жетілуіне, уақытында күйлеуіне, әсіресе жас малдың өсуіне қолайлы жағдай туғызады.

Жазғы лагерь уақытында, яғни жайылым маусымында мал өз организмінде қоректік, минералдық заттардың, витаминдердің қорын жинайды. Бұл малдың түрлі ауруларға шалдықпауына, қысқа қарай сүті мен қоңдылығы төмендетпеуге себеп болады. Малды өне бойына құнарлы көк шөппен қамтамасыз етіп отыру үшін сиырларды жазда лагерьлеп бағуды дұрыс ұйымдастыру – бұның негізгі шарты болып табьыады.

Сиырларды жайылымга шығару. Сиырлар жазғытұрым жайылымға шығар алдында зоотехникалық тексеруден өтеді. Әсіресе сиырлар арасында туберкулез және бруцеллез ауырғандарының бар-жоқтығы анықталады. Ал осындай немесе т.б. ауруы бар сиырларды бөлек табында жинайды. Сиырлардың тұяқтарын тазалап, үшкір мүйізді сиырлардың мүйізін арамен кесіп, мүйізіндегі нөмірлері өшсе, оны жаңартады.

Сиырларды лагерьге шығару алдында 1,5-2 ай бұрын, оқырасы болса одан тазартады. Сиырларды бірден күні бойы жаюға болмайды. Себебі, азықтандырудың кенет өзгеруі оның ауруға шалдығуына және сүтінің кемуіне себепші болады. Ол үшін жайылымға шығаруды абайлап бірте-бірте үйрету керек.

Мұнда алғашқы 2-3 күннің ішінде сиырларды күніне 2-3 сағаттай ғана түс ауа жайып алады, келесі 2-3 күн ішінде 4-6 сағатқа дейін, одан кейінгі 2-5 күнде мал жаюды 8-10 сағатқа жеткізеді. Міне, осыдан кейін жайылымға толық шығарады. Өріске шығарудың 1-күнінен бастап-ақ сиырларға қорада қолдан көк шөп беріледі. Өрістің шөбі көбейген сайын қыста беріп келген азықтың мөлшерін азайта беру қажет немесе өріске шығару алдында сиырларға жүгері сүрлемін, тамыр-жемістерді тәулігіне 30 кг-ға дейін, тіпті одан да көп беруге болады.

Міне, мұндай шаралардан соң сиырлар жайылымның шөбін жақсы жейтін болады. Ал егер, жоғарыдағы шаралар орындалмаса, сиырлар іш ауруына шалдығуы мүмкін. Себебі, қорадан аш шыққан малдар өрісте шөпті қарбытып жеп, ішін бұзып алады.

Малдарды алғашқы күндері өткен жылдан қалған қу шөпті жерге, кейінірек – көк шөбі аралас қу шөпті жерге жайған дұрыс.

Жайылымдарды маусымға сәйкес пайдалану. Табиғи жайылымдық жерлерді тиімді пайдаланудың басты шартының бірі жайылымды маусым-маусымға дәл беліп игеру. Суы бар өрістер барлық маусым кезінде пайдаланылады. Шөлді аймақта жайылымның едәуір баяу, көбінесе қыстыгүні пайдаланылады. Егер шөлді аймақтағы жайылымдар сумен қамтамасыз етілсе, оларды бүкіл жыл бойы пайдалануға болады.

Жайылымды алғаш пайдаланарда кай уақытта мал жаю керек екенін білудің үлкен мәні бар. Сонда ғана балғын шөпті қай кезде мал жақсы жейтінін белгілеуге болады.

Далалық аудандарда жайылымдарды маусымына қарай мынадай ретпен пайдалануға болады: көктемгі жайылымда – бетегелі, бозды-бетегелі жайылымдар мен жусанды күн шуақ беткейлер, көделі, түрлі шөпті, құмдақ, бидайықты - жусанды - бозды жайылымдар.

Жаз басындағы жайылымдар: бидайықты, бозды беткейлер мен сай-салада астық тұқымдас түрлі шөпті жайылымдар.

Жаз ортасы ауған соң: сай-салалар мен беткейлердегі астық тұқымдас түрлі шөпті жайылымдар, суарма шабындықтардың орнындағы көрпекөгі. Күзгі жайылымдар: бетегелі, бозды - бетегелі жайылымдардың күзгі алшын көк шөп шыққан жерлері; бидайықты-жусанды, көделі, қарабас шалғынды боздар; шалғындық-пішендіктердің алшын көгі.

Далалық аудандарда жаз ортасында, әсіресе шілде, тамыз айларында жайылым шөбі тапшы болады.

Ал шөлейіт аудандарда жайылымдары маусымына қарай мына ретпен пайдалануға болады: көктемгі, раң тәрізді шөпті, бетегелі-бозды баурайлар, астық тұқымдас шөптері бар жусанды-бозды бидайықты жерлер және т.б.

Жаз басындағы жайылымдар: бидайықты-қурайлы, бозды, астық тұқымдас түрлі шөпті ойпандар, көлтабандар, сай-салалардың беткейлері мен ұлтандары.

Жаз ортасы ауған соң: сай-салалардың астық тұқымдас түрлі шөпті жерлері, изенді жайылымдар.

Күзгі жайылымдар: шөбі шабылған көл табандардың алшын көгі, өзен алқаптарындағы суалма пішендіктердің орны, бетегелі – бозды, астық тұқымдас шөпті жусансыз жайылымдар.

Шөлейт аудандарда, әсіресе маусымның екінші жартысынан бастап, қыркүйектің орта шеніне шейін жайылым шөбі тапшы болады, күзі болған жылдары тіпті қазанға дейін оты азаяды.

Таулы аудандарда жазғы жайылым есебінде биік тау шалғындарын |пайдаланады.

Жайылым шөбінің өсуіне жағдай, уақыт керек. Сондықтан белгілі жайылым түріне белгілі уақытта мал жая бастап, жаюды дер кезінде аяқтағанда – ол жердің шөбі уақытымен өсіп, от болуына жақсы.

Жайылым шөптері шамамен мынадай кезеңде жетіліп, мал жаюға келеді: бетегелі, бозды, қоңырбасты шөптер өскен жайылымдарда шөптің орташа биіктігі 10-12 см болғанда, бидайық, арпабас сияқты шөптер өскен жайылым-дарда – шөптің биіктігі 14-16 см болғанда, жоңышқа, беде, түйежонышқа  сияқты  бұршақ  тұқымдас  өскен жайылымдарда – шөптің биіктігі 18-20 см болғанда, раң тәріздес шөптері бар шөлейіт жерлердегі жайылымдарда – шөптің биіктігі 8-0 см болғанда мал жая бастауға болады.

Жайылымдарға мал жаюды күзде суық түсе бастаудан 20-25 күндей бұрын тоқтатқан дұрыс.

Ауыспалы жайылым. Жайылымдық жерлерге жыл сайын мал жая берсе, келе-келе ол жердің оты азаяды, кейбір шөптер жойылады, жайылым тозады. Тіпті өрістерге бөліп дұрыс пайдаланған күннің өзінде де осындай күйге   келеді. Бұл өне бойы біржақты пайдаланудан, ондағы шөптердің толық өсіп, қор жинап жетілуіне мүмкіндік берілмеуімен болады. Сонымен бірге көптеген пайдалы шөптер жыл сайын дән сала алмай, ұрық шаша алмай отырады. Жайылым  тозбауы  үшін  жыл  сайын  жайылым  жерлердің яғни өрістердің бір бөлігіне мал жаймай, тынығуға қалдыру керек. Келесі жылы олардың шөбін тек пішенге ғана шауып алып,  пішендік есебінде пайдалану қажет,   яғни негізгі бағалы шөптерді дән салғаннан кейін барып қана мал жаюға пайдалану керек.

Міне, жайылымдарды осылай кезектестіріп пайдалануды ауыспалы жайылым деп атайды. Академик И.В.Ларин Қазақстанда ауыспалы жайылымның мынадай схемасын ұсынады.

Шөп неғұрлым мол өсетін сусыз аңғарлардағы орманды – далалы және далалы жайылымдарды алты жылдық, ауыспалы шабындық жайылымды жыл сайын мынадай түрде кезектестіріп пайдаланған дұрыс: бірінші жылы – мал жаю, шөбін екі-үш рет малға жегізу, малды бірінші рет көктемде жаю, екінші жылы – шөбі әбден бүршіктенген соң шауып алу, ал егер шөбі нашар, аласа, сұйық болса, онда шөп тұқымын себу керек, үшінші жылы – шөбі гүлдеген кезде пішенге шауып алынады, балаусасына мал жайылмайды, төртінші жылы – шөбі гүлдегенде пішенге шауып алынады және балаусасы бір рет малға жегізіледі, бесінші жылы – мал жайып шөбін жегізеді, алтыншы жылы – шөбі гүлдеген кезде шауып алып, балаусасын бір рет малға жегізеді.                                          

Оңтүстіктегі сусыз жайылымдарда, далалы және шөлейт жайылымда шөп тым аласа өседі, сондықтан ауа райы колайлы жылдары болмаса, шөбі пішенге шабуға келмейді. Бұл жерлерде мынадай түрде кезектестіріп бес жылдық ауыспалы жайылым ұйымдастырған жөн: бірінші жылы - көктемнен бастап, кара күзге дейін шөбін екі-үш рет малға жегізеді, екінші жылы – шілденің екінші жартысында, тамызда бір рет мал жайып шөбін жегізеді, үшінші жылы - екі-үш рет мал жаяды, бірінші рет малды өріске 15-20 майда әкеледі, төртінші жылы - октябрьде бір рет шөбін малға жегізеді, шөбі сұйық өскен болса, шөбі малға жегізгеннен соң еркекшөп және басқа шөп егеді, бесінші жылы - маусымның екінші жартысында - шілденің бірінші жартысында бір рет малға жегізеді.

Мал жаяр алдында әрбір ауыспалы жайылым 6-7 өріске бөлінеді. Шөп өнімін орта есеппен гектарына 4 центнерден (кұрғақ шөше шағып есептегенде) деп есептейді.

Табиғи жайылымдық жерлердің шөбі бітік болу үшін ауыспалы жайылымдарды қолданудың көп пайдасы бар.

Жайылымдарды өрістерге бөліп пайдалану. Малды кез-келген жерге жайып, жайылымды бей-берекет пайдалануға болмайды. Ондай жағдайда өрісті аз уақытта тауысып алады. Сиырлардың алдын қайтара отырып жаймаса, бір жерге тоқтап жайылмай, көбіне шөп қуалап, жайылып кете береді. Ондайда, бірнеше күн жайылатын жерді бір күнде-ақ аралап өтуі мүмкін. Жайылымға бұл өте зиянды, мұнда сиырлар шөптің тәуір-тәуірін ғана жеп, басқа шөптерді аяқ асты етіп, таптап кетеді, арам шөптер көп қалып, кейін жайылымды қаптайды. Тәуір шөп қуалаған мал кеп жерді аралап, ақыры шаршайды, соңынан жайылуға селқос болып сүтін кемітеді, қондылығы төмендейді.

Жайылымдық жерлерді дұрыс пайдаланудың негізгі шараларының бірі – жайылымдарды өрістерге бөліп пайдалану болып табылады. Мұнда жайылым жер бірнеше бөлікке өрістерге бөлінеді, ол өрістердің әрқайсысына малды кезекпен жаяды. Сонда басқа өрістерде кезекпен болып, алғашқы жайылып кеткен өріске сиырлар қайтып келгенше біраз уақыт өтеді. Бұл арада алғашқы өріс тынығып, шөбі қалпына келіп қалады. Әрбір өрістің жері онша үлкен болмауы керек. Сонда сиырлар шұбырындыға түспейді және бақташының малды қайырып тұруына жеңіл болады. Сонымен бірге өрістерді өте шағын етудің де пайдасы жоқ, өріс тар болса, малдың өрістеуіне қиын болады.

Жайылымды өрістерге бөлгенде мына жағдайлар ескеріледі: жайылым шөбінің оттылығы және ондағы шөптердің өсіп жетілетін мерзімдері; жайылымды пайдалану маусымы және онда сиырлар неше күн жайылатындығы; әрбір өрісте сиырлар неше күннен болатындығы.

Өрістердің көлемін, әрбір өрісте сиырлар 5-6 күннен болатындай етіп белгілейді. Жері от және екпе жайылымдарды 6-10 өріске бөлуге болады. Оты аз, шөбі тез көктемейтін жерлерді 10-15 еріске шейін бөліп қояды.

Өріс жерінің кеңдігі - 100 сиыр жайылатын әрбір өріс жерінің көлемі далалық аудандарда 15-20 гектардай, шөлейіт жерлерде - 25-30 гектардай болуы мүмкін.

Сиырларды өрісте жаю тәсілі. Сиырлардың сүт өнімінің көбеюі күйлі болуы және өрістің шөбін жақсы пайдалануы оны жаю тәсіліне де байланысты. Сиырларды жаяр алдында, сол өрістің шөбінің күйін бақылап отырған жөн. Өйткені, отына, жеріне, ауа райына қарай әрбір өріске мал жаюдың өзіндік ерекшеліктері болады.

Сиырларды алдымен шөбі жақсы өсіп жетілген жерге жаю керек. Өрісте малды шебер сиыршылар – қаптатып жаяды. Сонда сиырлар бірінен - бірі онша озбай, біркелкі қатар жүре отырып жайылатын болады. Жайылып жүрген сиырлардың алдыңғы қатары мен соңындағы сиырлардың арасы 20-30 метрдей аспай жайымен ақырын жүріп өрістеуі керек. Сиырлар жайылғанда біріне-бірі кедергі келтірмеу үшін бірінен-бірінің қашықтығы 1 метрдей болғаны дұрыс. Егер 100 сиыр жайылса, табын жайылымның екі қанатының арасы 150-200 метрдей жер алады.

Бақташылар жайылып жүрген сиырлардың алдында жүріп, жайылымдағы   шөпті жеп болуына қарай табынды ілгерілетіп отырғаны дұрыс. Ал көмекші адамы болса, ол артта кейіндеп қалған  малды жеткізіп отыру керек.

Күннің ыстық кезінде сиырлардың алдын батысқа қарай жайып, желге қарсы ұстаған жақсы, сонда сиырлардың маңдайынан күн өтпейді, ал салқын күндері шығысқа қарай өрістетіп, желдің ығына қаратып жайған дұрыс.

Өріс дұрыс пайдаланылуы үшін, өрісте сиырларды әр күні, өрістің бір бөлігінде, ал түс ауа екінші бөлегінде жайған дұрыс, сонда шөп аяқ асты болмайды. Келесі күні жайғанда алдыңғы жайылған жерінен бастап жаю керек. Сөйтіп, бірте-бірте жаңа жерге ауыстырып жаяды. Егер мал жайып жүрген өрістің шөбінің биіктігі 4-5 см ғана болса, онда жаюды тоқтатады. Өрістің шөбі әлі толық жетілмей, ол жерге мал жайса, отының берекесі кетеді. Әсіресе, көктемде, жердің шөбі жаңа жетіліп келе жатқанда 2-3 күндей ғана жаю керек. Сиырлар өрісте нағыз жақсы оттайтын мезгілінде  ұзағырақ  болуға  тиіс. Сиырларды  сауу,  суару  сияқты  жұмыстарға уақыт  аз  жұмсалуы қажет.

Түс  уақытында,  әсіресе  өте  ыстық  мезгілде, сиырлар  жақсы жаиылмайды. Мұндай жағдайда сиырларды кешкі және таңертеңгі салқынмен  көбірек  жаю  керек. Тәжірибелі сиыршылар шілдеде таңертеңгі, кешкі және түнгі салқында сиырларды үстірттеу, шөбі құрғақтау жерлерге жайып, күндіз күн ысыған кезде, шөбі балауса жерлерге жаяды.

Шөбінде жоңышқа, беде, сиыржоңышқа, түйежоңышқа сияқты шөптер бар жерлерге абайлап жаю керек. Ондай өрістерге сиырларды ашқарын кезінде, таңертеңгі шақта, жаңбырда жаймау керек. Ондай жерге жаюдан 1,5-2 сағат бұрын сиырларды құрғақ қыраттың түрлі шөбіне жайып алған дұрыс.

Егер сиырларды қолдан егілген бір жылдық шөптерге жаятын болса, жайылымдарының шөбі бітік болуы керек. Ондай екпе шөпті жайылымдардың бір күнге жетерліктей етіп, аз-аздан бөліп алып жаю керек.

Жауын-шашынды күндері өрісте бір жерге сиырларды көп тоқтаптудың пайдасы жоқ. Өйткені, сиырлардың  аяғымен жер тапталып қалады. Оты жақсы өрісте алғашқы 1,5-2 сағат бойы мал қарбытып жақсы жайылады.  Сосын жусап, жата бастайды, яғни бытырап кетеді. Міне, бұл кезде 40-60 минут тыным беріп, соңынан қайта өргізу керек. Судың мал шаруашылығында маңызы зор екені ешкімге күмәнсіз. Су ішіп, шөлі қанған мал жақсы жайылады, ал сырлардың сүті көбейеді. Егер сиырлар жеткілікті су ішпесе, оты жақсы өріске жайылып жүрсе де, ондай сиырлардың сүті азайып, қоңдылығы төмендейді.

Сиырларды күніне көктемде кеміне үш рет, ыстық түскен кезде кемінде 4-5 рет суарады. Жалпы алғанда, әрбір 2-2,5 сағаттан кейін малдың су ішіп  жайылғаны мақұл. Өйткені жиі-жиі суарылса, сиырлардың сүтеюіне пайдасы тиеді. Сиырлар суды қанғанша ішуі керек. Су ішетін кезінде олар суатқа қарай бет алады. Суаттың алыстығы жайылым өрісінен 1-1,5 километрден аспауы керек.

Сиырларды мезгіленде суарып тұрудың маңызы зор. Суарғаннан кейін мал тағы да жақсы оттайды. Шөбі қалың жерлерге сиырларды түйсе,тіп жатқызбау керек. Себебі көк шөпті жаншып, тезегімен ластайды. Ондай шөпті мал жемей қояды.

Оқыра (шошала) шыққан кезде бақташы өте абай болуы керек. Оқыра қуалап бір бытыраған сиырларды қайта жинау өте қиын. Оқыраның көп шыққан кезінде түтін салған жөн. Күзде суық түскен кезде, өріске маоды күннің ызғары қайтып, шық еріген кезде шығару керек.

Сауын сиырларға қосымша азық беру. Бақташылар сиырларды жаюда, олардың қаншалықты тойынатындығын байқауы керек. Егер сиырларға өрістегі шөп жеткіліксіз болса, немесе сүтін азайта бастаса, онда қосымша жемшөп беруге болады. Сүті аз сиырларға жерінің оты отраша келген өрістен тояды деуге болады. Ал, сүтті көп беретін сиырларға өрістің шөбі жеткіліксіз, сондықтан сүтті сиырларға қосымша азық беру қажет. Әсіресе, өрістің шөбі қуарған кезде қосымша азық беру өте дұрыс.

Алдыңғы қатарлы шаруашылықтар шілде-тамызда орылған көк шөп, қыркүйек - қазан айларында жүгері балаусасын және ұсақ картоп береді. Көк шөпті шабылып әкелген бойда, жас күйінде береді. Өрістің отына қарай, көк шөпті күніне 20 килограмнан 56 килограмға дейін береді.

Қосымша азықты түскі демалыс кезінде немесе түнге қарай береді. Қосымша азық ретінде қолдан егілген бір жылдық немесе көп жылдық шөптерге ауыстырып жаюға болады. Ондай жағдайда, бірінші күні 100 сиырға шаққанда 0,5-1 га келетін егілген жерге жаяды. Әрине, ол егілген жердін егіннің шығымына қарай. Келесі күні сол жайған жеріне қайта жайып, қосымша 0,4-0,5 га жаңа жерге жаяды. Сиыр жаю мезгілі жаңа жерде 1,5-2 сағаттан аспауы керек. Жемді тек аса сүтті сиырларға ғана берген дұрыс. Алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжірибесі бойынша, егер сиырларға өрістің шөбі және көк шөп жеткілікті болса, жемді нормамен ғана берген жөн деп есептелінеді. Сиыр күніне 10 литрдей сүт беретін болса, онда әрбір 1 кг сүтке 100-150 грамм ғана, 20 килограммнан сүт берсе 200-250 грамнан, 25 килограммнан және одан да кеп сүт берсе 250-300 граммнан жем береді.

Жайылымда малға тұз берудің көп пайдасы бар. Күніне сиырларға 100-150 граммнан тұз берсе, малдың жақсы оттауына пайдасы тиеді. Тұзды өрісте астауға салып қою керек.

Жайылымдағы күнделікті жұмыс тәртібі. Сиырлардың күйі, өнімділігі жайылым уақытындағы күнделікті жұмыс тәртібіне де байланысты.     Сиыр-лардың жайлымда жайылып, сауылатын, тынығатын, суарылатын, оларға азық берілетін уақыты күнделікгі жұмыс тәртібінде белгіленеді.

Күнделікті жұмыс тәртібінде – малдың көбірек жайылуына көп уақыт болған жөн. Бірақ күнделікті жұмыс тәртібі бүкіл жайылым маусымы кезінде, күннің ұзақтығына, күннің ыстығына, жайылым күйіне, қосымша азық беру жағдайларына қарай өзгеруі керек. Әрине, малдың үйреніп қалған тәртібін бірден өзгертіп жібермеу керек.

Жаз айларында сиырлар күн тәулігіне кемінде 12 сағат жайылатын болуға тиіс. Бұған өріске шығару, одан айдап әкелу, жусатып тынықтыру және суару уақыттары кірмейді. Күніне екі рет сиырларды ұзақ (2,5-3 сағаттай) тынықтырып, күйіс қайыртып алған жақсы. Ондай тынықтыруды күндіз сауыннан кейін және түнде беруге болады. Орташа өрісте жүргенде, әрбір екі сағаттан кейін 30-40 минуттай жусатып алу керек.

Сиырларды жазғы лагерьге шығарған кезде күнделікті жұмыс тәртібі көбіне былайша белгіленеді. Таңертеңгі сағат 4-тен бастап 5-ке дейін сиырларды сауады, сағат 5-тен бастап түскі сағат 12-ге дейін жаяды, сағат 12-ден бастап 13-ке дейін екінші рет сауып, сағат 13-тен 18-ге дейін өрісте тынықтырып алып, тағы да жаяды, сағат 18-ден 19-ға дейін үшінші рет сауады, сағат 19-дан түнгі 1-ге дейін жаяды, сағат 1 ден 3-ке дейін сиырларға тыным береді. Сағат 3-тен таңертеңгі 4-ке дейін тағы жаяды. Сиырлар өрісте жүргенде оқтын-оқтын жусалтады.

Осьшай белгіленген күнделікті жұмыс тәртібінен сиырларды көбірек жаюға уақыт көп берілетін көрінеді. Оның тағы бір ерекшелігі – түнге қарай сиырларды екі рет жайып алуда. Мұндай тәсіл сүттің көбеюіне, малдың оңалуына және жайылым уақыты дұрыс пайдаланылуына да қолайлы болып табылады.

Бұқаны азықтандыру. Бұқаны азықтандыру нормасын – салмағына және шағылыстыруға пайдалану дәрежесіне қарай белгілейді.

 

26-кесте. Бұқаны азықтандыру нормасы

Тірілей салмағы, кг

Азық өлшемі, кг

Қорытылатын протеин, гр

Тәулігіне әр басына керек, гр

ас тұзы

Са

Р

каротин

Шағылыстырмайтын күндері

500

5,5

550

35

35

22

250

600

6,1

610

40

40

24

300

700

6,8

680

40

40

27

350

800

7,3

730

45

45

29

400

900

7,9

790

50

50

32

450

1000

8,4

840

50

50

34

500

1100

8,9

890

55

55

35

550

1200

9,4

940

60

60

38

600

 

 

5 Ірі қараны өсірудің экономикалық тиімділігі

 

Сауын сиырлардан алынған жалпы өнімді және оларға жұмсалған еңбек пен материалдық шығындарды есептеу арқылы қара ала тұқымдас сиырларды өсірудің экономикалық тиімділігі анықталды. Азықтандыру мен күтіп-бағу бірдей болған жағдайда зерттеліп отырылған мал тұқымдары сиырларының тірілей салмағы, сүт өнімділігі бойынша айырмашылықтар болды. Осыған байланысты олардан алынған өнімнен түскен пайда да эр түрлі болды (27-кесте).

 

27-кесте. Қара ала тұқымдас сиырларды өсірудің экономикалық тиімділігі

 

Көрсеткіштер

Сиыр түкымы

әулиеата

қара ала

Сиырлардың тірілей салмағы, кг

439,2±2,2

445,9±2,3

Барлық сауылған сүт, кг

2713±55,5

2834±55,1

1 кг сүттің сату бағасы, теңге

80

80

Жалпы табыс, теңге

217040

226720

1 кг сүттің өзіндік құны, теңге

60

55

1 бас малға жұмсалған шығын, теңге

162780

155870

Таза пайда, теңге

54260

70850

Тиімділігі, %

25,0

31,3

 

1 кг сүттің сатылу бағасы 80 теңге болғанда әулиеата сиырларының сүтін сатудан түскен жалпы табыс 217040 теңге болды. Бұл қара ала мал сүтін сатудан түскен қаржыдан 9680 теңге аз.

Жыл бойына 1 бас малға жұмсалған жалпы шығындар мөлшері қара ала мал тобында 155870 теңгені құрады. Бұл 1 бас әулиеата сиырына жұмсалған материалдық-қаржылай шығын көлемінен 6910 теңге көп аз.

Нәтижесінде әр сиырдан түскен таза пайда көлемі қара ала сиырлар тобында әулиеата малдарына қарағанда 16540 теңге, немесе 30,6% көп болды. Бұл өз кезегінде қара ала малдан сүт өндірудің тиімділік көрсеткішінің әулиеата сиырларымен салыстырғанда жоғары болғандығын көрсетеді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оңтүстік өңірі жағдайында қара ала тұқымдас сиырлардың өнімділік және биологиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері негізінде мынадай қорытынды-лар жасауға болады:

1.   ОҚО Қазығұрт ауданында табиғи климаттық факторлар жылма-жыл өзгеріп тұрды. Атмосфералық ауаның орташа жылдық температурасы – 2011 ж. - +140С, 2012 ж. - +150С, 2013 ж. – қыс және көктем айларында - +6,10С болды. Жауын-шашынның мөлшері соған сәйкес – 219, 198, 68 мм, ал желдің максимальды жылдамдығы 14-16,2 м/сек аралығында болды.

2.  Жоғарыда көрсетілген абиотикалық факторлар жайылым өсімдіктері-нің өсіп қалыптасуына әртүрлі әсер етіп, олардың жылдық өнімділігі (құрғақ затқа есептегенде) 2011 ж. – 2,14 ц/га, 2012 ж. – 1,37 ц/га, ал 2013 ж. көктемінде 4,8 ц/га болды.

3. Жауын-шашынның салыстырмалы мөлшері жоғары болған жағдайда жайылым өсімдіктерінің химиялық құрамы (қоректілігі) жақсара түсті. Мысалы, 2012 құрғақшылық жылы көктемгі өсімдіктерде (табиғи ылғалды-лық күйінде) протиен 3,0% болса, 2011 жылы 3,8%-ке жетті, ал 2013 ж. – 4,0% құрады.

4. Жауын-шашынды 2011 жылы құрғақ 2012 жылмен салыстырғанда әрбір сиырдан 12-17% сүт артық сауылып, салмақ қосуы 12-14%-ке жоғарылады.

5.   Әулиеата және қара ала сиыр тұқымдарының сүт өнімділігі әр түрлі деңгейде. Алғашқы лактацияда қара ала сиырлардан 131 кг (Р<0,05) сүт артық сауылса, екінші және үшінші лактацияларда олардың басымдығы тиісінше 164 (Р<0,05) жэне 121 кг-ға тең болды. Лактацияның тұрақтылық индекстерінің әулиеата тобында төмендеп, қара ала малдарда жоғарылауы олардың оңтүстік өңірінің континентальды климатына бейімделіп, лактация-сының бірқалыпты жүретіндігін көрсетеді.

6. Қара ала сиырлардың негізгі дене өлшемдері әулиеата тұқымы мал-дарынан жоғары. Дене тұлғасы индекстері әулиеата сиырларының сирақты, қара ала малдардың кеуделі екендігін байқатады. Қара ала малдың тірілей салмақ көрсеткіштері барлық сауын маусымдарында әулиеата сиырларынан 3,2-6,7 кг аралығында жоғары болды. Бұл тәжірибедегі рационның толыққұндылығын және зат алмасу процестерінде ауытқушылық болмағанын көрсетеді.

7. Қара ала тұқымдас малдардың ет өнімділігі біркелкі емес. Әулиеата тайыншаларының сойыс шығымы, ет қуаттылығы бойынша алда болғаны-мен, бордақылау кезінде 1 кг салмақ өсіміне азықты 6,8% артық жұмсаған, әрі тәуліктік қосымша салмақты 44,6 г кем жинаған. Бұл олардан алынатын еттің 6,4% қымбат болуына әсерін тигізді. Қара ала тайыншалардан ет өндіру тиімділігі әулиеата малдарына қарағанда 10,2% жоғары.

8. Сиырлардың клиникалық-гематологиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейден ауытқыған жоқ. Қан сарысуының бактерицидтік белсенділігі жаз және қыс мезгілдерінде қара ала малдарда жоғары болса (тиісінше 62,6 және 72,7%), лизоцимдік белсенділік әулиеата тұқымында басым (тиісінше 32,4 және 24,1%). Жалпы, организм резистенттілігінің гуморальдық және жасуша-лық көрсеткіштері қара ала тұқымдас сиырлардың табиғи қорғаныштық қабілетінің деңгейлес екендігін көрсетіп, жерсіну қабілетінің жоғарылығын мәлімдейді.

9.  Түрлі тұқымға жататын сиырларды өсірудің экономикалық тиімді-лігін талдау әрбір қара ала малдың жылдық пайдасы 70850 теңгені құрап, әулиеата сиырларына қарағанда 31,3% артық болды.

пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Акимова Т.А., Хаскин В.В., Экология. –М., 1998.

2. Богдановский Г.А. Химическая экология. –М., 1994.

3. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция. – Алматы, 2006. – 598 б.

4. Бекмухамбетов Э.А., Рисимбетов Т.К. Кормовые ресурсы Казахстана. – Шымкент, 2010. -379 с.

5. Волков Г.К., Репин В.Ш. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. –М., 1986.

6. Евстропов Н.А. Экологическая оценка качества молочной продукции и технологических процессов //Методические рекомендации. –М., 2001. -26с.

7. Испенков А.Е., Санего И.П. Зоогигиенический и санитарный режим на фермах и комплексах. –Минск, 1984.

8. Кондратьева М.И. и др. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. –Алматы, 1983.

9. Кузнецов А. Гигиена кормления сельскохозяйственных животных. –М., 1991.

10. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. –Ростов на Дону, 2009. -601 с.

11. Каримов Ж.К. және басқ. Ірі қара шаруашылығы сүт және ет өндіру технологиясы. –Алматы, 2005. -274 б.

12. Кусаинов К.К. и др. Справочная книга кормовых растений лугов и пастбищ Казахстана. –Алма-Ата, 1982. -212с.

13. Мырзабеков Ш., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена. –Алматы, 2005. -431б.

14. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных (под ред. А.П. Калашникова, Н.И. Клейменова). –М., 1986. -352 с.

15. Оспанова Г.С., Бозшагаева Г.Т. Экология. –Алматы, 2002.

16. Омаркожаев Н. Малды азықтандыру.

17. Одум Ю. Основы экологии. –М., 1987.

18. Рисимбетов Т.К. Зоогигиенические показатели водных источников в каракулеводческих совхозов Юга Казахстана //Сб.науч.трудов КазНИИЖиК. –Алма-Ата, 1974. –Т.2.

19. Рисимбетов Т.К., Реактивность каракульских овец на питьевую воду с разной минерализацией //Совершенствования технологии производства каракуля и улучшения его качества //Сб.науч.трудов КазНИИЖиК. –Т.13. – Алма-Ата, 1975.

20. Рисимбетов Т.К. Оценка пустынных пастбищ по качеству водоисточников //Материалы научно-практ. конференции. Проблемы научного обеспечения сельского хозяйства Республики Казахстан, Сибира и Монголии. –Алматы, 2001. –С.234-235.

21. Рисимбетов Т.К. Интенсивное выращивание телят //Сельское хозяйство Казахстана. -1968. -№2.

22. Рисимбетов Т.К. Групповые нормы расхода, структуры и страховых запасов кормов в животноводстве. –М., 1985. -25 с.

23. Рисимбетов Т.К. Влияние климатических условий года на урожайность, химический состав и питательность кормовых растений пустынных пастбищ //Материалы Международной научно-производственной конференции. –Шымкент, 2000. –С.107-112.

24. Рисимбетов Т.К. Краткий курс экологии. –Алматы, 2008. -205 с.

25. Рисимбетов Т.К. Нормы кормления каракульских овец. –Алма-Ата, 1984. -25 с.

26. Реймерс Н.Ф. Экология. –М., 1994.

27. Турарбеков А.Т. Жалпы экология. –Астана, 2009. -697 б.

28. Фаидов К.Ш., Тапалова А.С. Экология кризисных территории Приаралья. –Алматы, 2003. -109 с.

29. Фомичев Ю.П. Экологические проблемы продукции животноводства и охраны обитания сельскохозяйственных животных. –Дубровицы, 1998. -236 с.

30. Файнгар Б.И. Эколого-гигиенические показатели качества пищевых продуктов. –М., 1990. -240 с.

31. Фомичев Ю.П. Исследования по зоотехнической микробиологии, экологии и иммуногенетик. –М., 1998. -98 с.

32. Хмелевский Б.Н. и др. Профилактика микотоксикозов животных. –М., 1985.

33. Шпаков Л.И. Водоснабжение, канализация и вентиляция на животноводческих фермах. –М., 1987.

34. Шеглов В.В. и др. Корма (справочник) – приготовление, хранение, использование. –М., 1990. -255 с.

35. Шоқанов Н. Микробиология. –Алматы, 1997.

36. Черников В.А. Агроэкология. –М., 2000.

37. Юрков В.М. Микроклимат животноводческих ферм и комплексов. –М., 1985.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-02-26 20:19:04     Қаралды-8030

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »