UF

                                                   МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ....................................................................................................

3

І.

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ..............................................................................

5

 

Мал ағзасында ас қорыту жолдары арқылы пайда болатын аурулардың ерекшеліктері......................................................................

5

 

Ірі қара малдарда тимпания ауруына әсер ететін фактор – азық құрамының сипаттамасы.........................................................................

12

ІІ.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................

16

2.1.

Тәжірибе шаруашылығының  табиғи-климаттық  жағдайлары..........

16

2.2.

Зерттеу зерзаты мен әдістемесі...............................................................

17

III.

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ........................................................................

19

3.1.

Мүйізді ірі қара тимпаниясын емдеу жолдары (Tутрапіа ruminis acuta)..........................................................................................................

19

3.2.

Аурудың алдын-алу және күресу шаралары.........................................

26

3.3.

Күйіс малының қарынындағы ас қорыту ерекшеліктері....................

28

3.4.

Қарын микроорганизмдері және олардың маңызы.............................

30

3.5.

Асқорыту аппараты және оның функциялары....................................

34

3.6

Азықтың қоректік заттарының мал организмінде қорытылуы..........

36

3.7

Азықтың негізгі қоректік заттары және олардың маңызы.................

43

3.8

Ауруды алдын-алу барысында құнарлы азықтандыру негіздері........

52

 

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................

58

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

59

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Жануарлар әлемі біздің планетаның биосфера қабатында, яғни жер қыртысының ауа қабатына жақын жоғарғы бөлімінде тіршілік ететіні белгілі. Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің жалпы саны орта есеппен екі миллион құрайды. Бұлар органикалық дүниенің негізгі құрамды бөліктеріне жатады және көптеген зерттеулерді қажет етеді. Жер бетінде жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі табиғатта біртұтас жүйе болып саналады. Себебі ол табиғатта заттардың айналымынсыз және бір-бірімен қарым-қатынассыз тіршілік ете алмайды.

Осы күндері, ветеринария  ғылымының салалары зоология, ботаника, экология және тағы басқа да жаратылыстану ғылымдары ғылыми зерттеулер жүргізуде. Мәселен, соның ішінде жануарлар дүниесінің алуан түрлерінің жүйелі түрде морфологиясы, анатомиясы, экологиясы, биологиясы, онтогенезді зерттелу үстінде көптеген зоологияның салалары пайда болды. Олар: маммология, хитиология, герпенталогия, орнитология, энтомология, эмбриология, гиситология, паразитология, антропология тағы басқалары. Бұл ғылым салалары зоология ғылымының жер бетіндегі жануарларды жан-жакты зерттеу барысында біртіндеп бөлінген және осы саладағы ғылыми жетістіктерді бір жүйеге келтіруге зор ықпалын тигізген салыстырмалы-морфологиялық, физиологиялық, эмбрионалдық, палеонтологиялық әдістердің негізінде қалыптасқан салалар болып табылады. Солардың ішінде «Жұқпалы емес аурулар» - оларды тудыратын себептердің шаруашылық-тарда әлі де болсын орын алып келуінен деп толық айта аламыз. Өйткені жұқпалы мал ауруларына қарсы тиімділігі жоғары арнайы вакцина, сыворотка қолданылып, әртүрлі препараттар шығарылса, бұл салады ол жұқпалы емес ауруларға қарсы айтарлықтай ештеме істеле қойған жоқ.  Себебі организімнің әрбір жүйесі, тіпті қанша органы болса, соның бәрі осы тіркелген  аурумен зақымдануы мүмкін. Сондай-ақ малдың жұқпалы емес ауруларының 40-45 пайызы тыныс алу органдарынан, ал 30-40 пайызы ас қорыту жүйесінің аурулары болып келеді.

Малдардың жұқпалы емес аурулары әсіресе, асқорыту, тыныс алу, зат алмастыру ауруларын қоса есептегенде (90% асады). Осы аурулардың есебінен шаруашылықтарға едәуір шығын келеді. Ірі қара тимпаниясы барлық жерде дерлік кездеседі республикаға көп тараған аурудың бірі, ол  барлық өңірде кездеседі, бірақ етек алуы кейбір жерлерде және нақты бір мезгілге қарай көрініс береді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мүйізді ірі қара малдардың қарын тимпаниясының шығу тегін зерттеу және осы аурудың алдын алуда ғылыми  негізделген жүйесін зерттеу болып табылады.

Осы  мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

- ірі малдардың ас қорыту ағзасы ауруларының пайда болу себептерін зерттеу;

- тимпания ауруына қарсы сақтандыру шараларының тиімді жүйесін әзірлеу;

- малдардың асқорыту ағзасы ауруларын емдеу жолдарын анықтау. 

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Мүйізді ірі кара малдардың қарын тимпаниясының статусы анықталып, осы ішкі жұқпалы емес аурудың алдын алудың ғылыми негізделген жүйесі әзірленді. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мүйізді ірі қара малдарында кең таралған ішек-қарын тимпаниясымен күресу жүйесін әзірлеуде ғылыми негізде тағы бір қадам жасалды. Мұнда ас қорыту жолдарының тимпаниясы малдар арасында кең таралған әрі  басым кездесетінін ескере отырып, аурудың алдын-алу мерзімі анықталды.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Эксперименталдық мүйізді ірі караларда мал организміне тимпания ауруының  тигізетін патогендік әсері зерттелді.Азықтың  құрамы, олар тудыратын аурулардың маусымдық динамикасы  мен патогенезі жөніндегі мәліметтер алынды және мүйізді ірі кара малдардың тимпаниясын алдын алу жөнінде ұсыныстар  жасалды.  

Дипломдық құмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс 60 бетке компьютерлік мәтінде терілген, 5 кесте, 7 суреттен құрастырылған. Кіріспе, әдебиетке шолу, зерттеу зерзаты мен әдістемесі, зерттеу нәтижелері мен қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен (28 дереккөз) тұрады.

 

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

1.1 Мал ағзасында ас қорыту жолдары арқылы пайда болатын аурулардың ерекшеліктері

 

Мал ағзасының коррдинаттық дәл әрі дұрыс жұмыс істеуінде, асқорыту процесінің атқаратын рөлі жоғары.  Қоректену, ауыз қуысында оны алдын-ала өңдеу, қабылданған азықты азқазанға жылжыту яғни жұту, азқазанға және ішектерге келіп түскен азықтарды асқорыту секреттерімен химиялық түрде өңдеу, азықпен бірге қабылданған өсімдік ферменттері, және ішектерде қалыпты өмір сүретін микроорганизмдер, келіп түскен азықтарды біртіндеп қорыту, соңында, қабылданған азық механикалық жолмен сіңіп жылжуы және азықтың қалдықтары – faeces түрінде сыртқа шығу, осының бәрі әртүрлі процесс болғанымен бір-бірімен тығыз байланысты, малдың өмір сүруіне қолдау жасап ағзалардың дұрыс жұмыс жасауына септігін тигізеді.

Малдардың асқорыту ақаулары, өте көптеген  әртүрлі факторларға байланысты.  Олар басқада ағзалардың жұмыс істеуінің бұзылуына қарай, яғни бір-біріне байланысты  күрделі процестегі  этаптардан тұрады. Ас қорытудың бұзылуы әртүрлі ішкі және сыртқы факторлар себептерінің нәтижесінен  болады.    Ас қорыту органдарының анатомиялық құрылысы, малдың  қоректенуіне, нерв жүйелерінің функцияларына байланысты ерекшеленеді.

Ас қорыту органдарына байланысты аурулардың арасында әсіріесе спорадиялық аурулар көптеп кездеседі оның бірден-бір себептері малдарды дұрыс қоректендірмеу және тасымалдау. Оларға: рациондарды дұрыс құрастырмау, аралас жемдердің құрамы, азықтарды дұрыс таңдамау,  бір азықтан екінші азыққа тез ауысу, уақытылы азықтандырмау, немесе шамадан тыс азықтандыру, бұзылған өнімдермен азықтандыру, азықта минералдардың жетіспеушілігі болып келеді. Ас қорыту ауруларының тағыда себептері  температуралық және метеорологилық факторлар, яғни малдарға қатты әсер ететін  суық желдер, температураның аусуы, атмосфералық қысымның түсуі, жазғы шілденің ыстығы.

Шаруашылықтағы малды азықтандыру тиімділігі - шығындалған азыққа алынған өнім мөлшерімен есептеледі. Неғұрлым аз азық жұмсалып көп өнім алынса, қоректендіру дұрыс ұйымдастырылған болып саналады.

П.С. Ионов, А.А.Кадыш, И.И. Тарасов [1] азықтандыруға байланысты зерттеулері, азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын азықтандыру тиімділігінің төмендейтінін көрсетті. Айталық, сиыр сүттілігі жоғарылаған сайын оның бірлігіне жұмсалатын азық шығыны кеми түседі. Б. М. Анохин, В.М. Данилевский, Л.Г. Замарин [2] көп жылдық зат және энергия алмасуын зерттеуге арналған тәжірибелерінің негізінде мұны азықты игеру тиімділігінің жоғарылау заңдылығы тұрғысынан түсіндіреді. Арнайы қойылған респираторлық тәжірибелерде ірі қара қоректену деңгейі өскен сайын көміртек пен энергияның метанмен, көміртектің зәрмен және тыныспен шығарылатын үлесі азайып, рациондағы көміртегінің игерілуі жоғарылайтынын көрсетті. Қоректену дәрежесі жоғарылаған сайын азық энергиясының игерілуі өсіп, желінген азық бірлігіне өндірілетін жылу көлемі азаяды. Бұл заңдылық мал өнімділігі өскен сайын орын алады [3].

М.Е. Павлов, Р.А. Мерзленко [4]  ас қорыту органдарының спорадиялық ауруларынан басқа көптеген инфекциялық, инвазиялық, микоздық аурулар ішек-қарын жолдарының қабынуына әкеліп соғады. Бұл ауруларға паратиф және бұзаулар дезинтериясы, мүйізді ірі қараның паратуберкулезі, ит, шошқа обалары жатады. Инвазиялық аурулардан ас қорыту органдарының қабынуына барлық үй жануарларының гельминтоздары, кокцидиоздары, жылқылардың құрт аурулары жатады.

 Содан басқа ас қорыту аппараттарының қабынуы басқа ағзалардың ақауынан болуы мүмкін, мысалыға жүрек, бауыр және бүйректер.  Басқада аурулардың әсерінен асқорыту ағзаларының қабынуы тіркелген алғашқы ауруларды қоздырып малдың өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Осылайша, әрбір ауру асқорту ағзаларының қабынуына өзінше әсер етеді [5-7].

 Ас қорыту ағзаларының аурулары басқа ішкі жұқпайтын мал ауруларына қарағанда жиі кездеседі. Сондықтан экономикалық тиімсіздігі жоғары болып есептеледі. Олар мал басының азайуы, тірілей салмақтың төмендеуі, өнімділіктің азайуы ж.т. басқалар. Асқорыту аппараттарының әсерінен болған көптеген әртүрлі аурулар және олардың түрлері, экономикалық тиімсіздігі, ғылыми тұрғыдан аурудың шығу  тегін,  пайда болуын, клиникалық көрінісін тыңғылықты зерттеуге және малдардың күнделікті рационына аса мән беруді қажет етеді. Осы  көріністерді зерттей келе малдарды күтіп бағуды жақсарту, азықтандыру және  малдарды тасымалдауды қадағалау, ауруларды  болдырмау қатаң түрде күн тәртібіне қойылуы шарт [8, 9].   

 Малдардың асқорыту аппараттарының ауруларының терапиясын, шығу тегін, этиологиясын, клиникалық көрінісін жете білу, емдеу шараларының рациональды әдісін игеру, ауырған малдарды қысқа мерзім ішінде емдеп шығу немесе ауруды мүлдем болдырмау жолдарын қарастыру  шаруашылықтарға да,  өндіріске де тиімді екенін айта кету керек.

 Еске сала кететін нәрсе малды емдеуде тек дәрі-дәрмектермен емдеп қоймай, аурудың шығу себебін жою қажет. Малдардың ішкі жұқпалы емес ауруларымен күрес жүргізудің негізі – ол зоогигиеналық тазалық және күтім жасау, аналық бастармен төлдерді құнарлы азықтандырумен толық қамтамасыз ету [10].  Солардың ішінде «Жұқпалы емес аурулар» - оларды тудыратын себептердің шаруашылықтарда әлі де болсын орын алып келуінен деп толық айта аламыз. Өйткені жұқпалы мал ауруларына қарсы тиімділігі жоғары арнайы вакцина, сыворотка қолданылып, әртүрлі препараттар шығарылса, бұл салады ол жұқпалы емес ауруларға қарсы айтарлықтай ештеме істеле қойған жоқ. Сондықтан қазір малдың алты жүзге жуық жұқпалы емес ауруларының атын атауға болады. Себебі организімнің әрбір жүйесі, тіпті қанша органы болса, соның бәрі осы аурумен зақымдануы мүмкін. Сондай-ақ малдың жұқпалы емес ауруларының 40-45 пайызы тыныс алу органдарынан, ал 30-40 пайызы ас қорыту жүйесінің аурулары болып келеді. Малдардың жұқпалы емес аурулары әсіресе, асқорыту, тыныс алу, зат алмастыру ауруларын қоса есептегенде (90% асады). Осы аурулардың есебінен шаруашылықтарға едәуір шығын келеді.

Н.М. Лебедеваның [11] мәліметі бойынша мүйізді ірі қара мал  ауруларының  ішінде кең  тарағаны  және ауыр  өтетіні  қарын тимпаниясы  болып  табылады. Қоздырушысы, әдетте тез бұзылатын, қорытылу барысында газға айналатын жемшөптер  болады. Ол  Республикамыздың, әсіресе оңтүстік  аймағындағы мал шаруашылығы  үшін күрделі  мәселеге  айналып  отыр.  Тимпания, немесе іштің кебуі – жеңіл ашитын (жоңышқа), беде, сиыржоңышқа, сүтті жас жүгері, орамжапырақтың және қызылша жапырақтары азықтарды қабылдағандағы судың жетіспеу салдарынан жылдам газдың жиналуы. Сонымен қатар  өңештің бітелуі, жіті инфекцияның ауруға шалдығуларының, улы өсімдіктерден, травматиялық ретикулитте, қалта қарынның бітелуі, бауырдың ауруларында т.б болуы ықтимал.

К.Біләлов [12] сақа малдарда жайылымға шыққанда жаппай кездеседі, бұзауларда сүттен өсімдіктер рационына ауысқанда болады дейді. Аурудың жіті ағымы кезінде клиникалық белгілері 1 сағат ішінде көрінеді: азықтан бас тартады, қарынына, ішіне қарайды, денесін құйрығымен сабалап жиі жатады да, жылдам тұрады, артқы аяқтарымен қарынын тебеді, мөңіреп ыңқылдайды. Қарының көлемі ұлғаяды. Ішінің кебуіне байланысты тілі салбырап, ауызын ашып тыныс алады, кілегей қабаттары көктеніп цианоз (көгеру) болады.

Созылмалы тимпанияда іш кебуі қайталанып (азықтануы бұзылғанда) отырады, айқын белгілері болмайды.

Жіті тимпанияда емдеу шараларын жедел жүргізу қажет: үлкен калибрдағы зондты енгізіп, сол мезетте қарын бүйірінен массаж жасап, газды шығару керек. Малдың кеуде қуысын артына қарағанда жоғары ұстап, соңында қарында сумен шаяды. Ірі қара малға енгізген зонд арқылы ашытқыны бейтараптандыру мақсатында ихтиол (10–20 г), формалин (10–15 мл) немесе 1–2 л сумен – (5-10 мл) араласқан лизолді пайдаланады. Егер бұл шаралар жеткіліксіз болса, онда солжақ аш бүйірден арнайы троакар енгізіп, одан жиналаған газды өте баяу шығарып соңында дәрілік заттарды (тимпанол, қарамай, креолин т.б.) енгізуге болады [13-15].

 Тимпания  жұқпалы емес ауру, яғни малдың ішінің кебуімен, асқазанда жылдам газ жиналып  және желденуіден  тұрады. Көбіне тимпания жедел түрде дамиды, егер дер кезінде малдәрігерлік көмек көрсетілмеген жағдайда малды бауыздауға тура келеді. Тимпанияның түрлері: жедел және созылмалы, біріншілік және екіншілік болып бөлінеді [16].

 Қарынға көп мөлшерде газдың жиналу себебі. Біріншілік жедел тимпания бұл тез ашитын (жылдам бұзылатын) жем-шөппен  көп мөлшерде қоректенуден пайда болады. Ірі қаралар үшін жайылымдағы балғын көк шөптермен қоректенуі қатер төнгізеді: жоңышқа, люцерна, жүгерінің дүмбіл собығы, қырыққабат және қызылшаның жапырақтары. Әсіресе  осы жоғарыда айтылған жем-шөптердің бұзылған, қызып қалған немесе жаңбырмен ылғалданып көгерген  түрлерімен қоректендіріп іле-шала суарған кезде тимпанияның белгілері пайда бола бастайды [17]. 

 Баяу дамитын тимпания бүлінген жарма жем, шіріген қызылша, рапс, үсік шалған картофель және тағы басқа жем-шөптермен қоректену әсерінен пайда  болады.

И.В. Петрухиннің [18] деректерінде екіншілік тимпания улы шөптерден яғни (аконит, безвременник, цикута, вех ядовитый), қарынның жұмысын істен шығарады (паралич стенки рубца), жұтқыншаққа бөгде зат тұрып қалғанда, күйіс қайтару және кекіру актісі бұзылған кезде, кейде іш қатқанда, қатпаршақ дұрыс жұмыс жасамаса және өткір лихорадкалық ауруларда кездеседі.

 Созылмалы тимпания азқазан-ішек жолдарының созылмалы катар ауруларында,  травматикалық ретикулитте дамиды. Мал қоректену кезінде қабылданған азық қарынға түскен соң ашу процесінің жүруі бұл физиологиялық құбылыс. Қарында ас қорыту барысында  жиналған газдар азықпен бірге ұлтабарға сосын  ішекке  түсіп сіңу процесі басталады, сол кезде газдар қарынның жоғарға қалтасына жиналып кекіру арқылы сыртқа шығады [19]. Қарында неғұрлым тез ащитын азық көп болса соғырлым газ жиналу мөлшеріде артады. Жиналған газдар қарынның жоғарғы  қалтасына жиналып немесе үлкен көбіршікке айналып, қабылданған азық көбіктеніп, олардың физиологиялық жолдармен жүруі қиындайады.

Сарбасов Т., Құлақбаев Қ. [20] пайымдауынша іштің кебуі бір мезетте әсер ететін үш қолайсыз  факторлардан тұрады: газдың шамадан тыс жиналуы, атонияның өткір түрінің пайда болуы, азқазанда сұйық массаның мөлшерден тыс болуы. Ылғалы мол жем-шөпті шамадан тыс қабылдағанда азық қатпаршақтан ұлтабарға өтуін жылдамдатады одан ішекке өтіп, баро- және хеморецепторларды тітіркендіреді. Нәтижесінде асқазанның іс-қимыл жасау рефлекторында тежеліс пайда болып өткір атония ауруы дамиды.        Кардиалдық сфинктерде және ұлтабар көпіршесінде  түйілу пайда болады, жәнеде кардиалдық саңылаудың көбіршіктермен бекітелуіне әкеліп соғады; жиналған газдар қарыннан шықпай, азықпен араласуын күшейтеді.Осының салдарынан  асқазан жабық ыдысқа ұқсастанып, яғни азық пен газ араласып желденудің қысымы жоғарылайды. Тимпания кезінде қарынның механикалық созылуынан басқа,  яғни көміртегі-майлардың зат алмасуыда өзгереді. Қан құрамындағы қанттың мөлшері 55мг %, пирожүзім қышқылы 1,278 мг % дейін, кетондық дене 2,068мг%, және жұмсалатын сілтілер 42,2 дейін төмендейді. Қышқылдық-қалыптастыру процесінің көрсеткіштері және көміртегі-майлар зат алмасуы тимпанияның аралас түрінде гипергликемиямен, пирувиз, гиперацетонемиямен мінезделеді,  гемоглабин және глютатионның барлық түрлері көбейеді.

 Іштің кебуінен пайда болған жоғарғы қысым қарын және кеуде қуыстарындаға басқа огандардың қан айналуын азайтып, жүрек тамырларының диастолдық босаңсуын қиындатады және өкпенің тынысын кеңейтеді, солардың әсерінен жүректің систолдық, өкпенің демалу  көлемідері  азайады, газалмасу процесі төмендеп, кислород  тапшылығы жылдам дамиды. Ауру мал  тынышсызданып: қоректенуден  бас тартады, құйрығын әрі-бері сілтеп, ішіне қарай бүкірленеді,  мөңірейді, бірнеше рет жатып қайта тұрады, артқы аяғымен ішіне қарай тебеді. Дене температурасы бір қалыпты сақталады. Малдың тыныс алуы жиілейді (минутына60-80), кеудемен демалады. Тимпанияның ауыр түрінде мал аузын қатты ашып демалады,  жөтелуі жиіленеді, ыңырсиды; ауыз қуысынан көпіршіктелген сілекей бөлініп  және тілі салбырайды. Ылғалды тері қабықшалары көкшіл реңік тартады; бас, мойын және желін көктамырлары қанмен толады. Осы құбылыстарға қысымның көтерілуі  және жүректің соғу жиілігі қосылады.

 Өткір тимпанияның негізгі клиникалық белгісі бұл сол бүйірдегі  ашқарын шұңқырдың толығып бел омыртқа деңгейіне жетіп бірден іштің көлемінің үлкейуіне әкеліп соғуы. Ауру малда кекіру және күйіс қайтару процесстері тоқтатылады. Карынның жұмыс істеуі ауру басталарды күшейіп сосын бірден саябырланады, ал қарынның парезі басталғанғанды оның соғуы тоқтайды. Сол бүйірдегі ашқарын шұңқырын саусақпен ұстап байқағаны-мызда, қарынның соқпауын яғни тығыз газдалғаны байқалады. Қарынды перкуссия әдісімен тыңдағанымызда тимпаниялық және металл сылдырлаған тәрізді дауыс береді. Ауру малды аускультация  жасағанда қатпаршақ, ұлтабар, ішектердің соғуы естілмейді. Мал аурудан қиналған шақта үлкен және кіші дәретке аз мөлшерде жиі-жиі шығады. Тимпания ауруына шалдыққан мал аяғына тұра алмай құлайды, жедел жәрдем көрсетілмеген жағдайда денедегі  бұлшық еттердің тырысуына байланысты  малдың өліміне әкеліп соғады [21].

  Симптоматикалық белгілеріне қарап және аурудың жылдам өршуіне байланысты дұрыс диагноз қойюға әбден мүмкін. Тимпанияда жұтқыншаққа бөгде зат тұрып қалуын ескеру қажет (яғни ауру малға зонд жұтқызып тексерген  кезде асқазаннан  газ және қорытылмаған азық шығуы тиіс). Аурудың белгілері аса  қауіпті  жұқпалы сібір жарасының белгілеріне ұқсас екенін ұмытпау қажет.

Ауру мал  алғашқы клиникалық белгілері пайда болғаннан кейін бірнеше сағаттан соң немесе кейде оданда жылдам уақытта  өлуі мүмкін. Әсіресе өткір тимпания белгілері бір мезетте бірнеше малдан байқалса ауруды болжау немесе жылдам емдеп үлгеру мүмкіндігі жоқтың қасы. Егер малдың  тимпаниясы асқазандағы органикалық өзгерістермен дамып жатса, онда  бұл өзгеріс қарын немесе ішектерде  міндетті түрде қайталанып аурудың өліміне әкеліп соғады. Осындай жағдайларда малдың құндылығын ескере отырып  емдеп немесе етке өткізуге тура келеді [22].

 Мал тимпаниямен ауырған кезде жедел түрде ем қабылдау ұсынылады.  Емдеудің алғашқы түрі  ол асқазанды газдардан босату қажет, жәнеде оның қайталануына   жол бермеу керек. Тимпанияны емдеу тәжірибесінде әуелде қарапайым тәсілдер қолданылады, мысалы малды төбеге қарай шығару, малдың сол жақ қарыны тұсынан мұздай су құю  немесе суатқа апарып кештіру. Ауру малдың алдыңғы аяғы  төбеге  көтерілген кезде  кіші қарын төсетектен алға қарай жылжып қысымды түсіреді яғни осы кезде өкпеде газалмасу жақсара түседі, қарынға өтетін жұтқыншақ саңлауы ашылып аурудың  кекіру мүкіндігі пайда болады. Асқазандағы газдарды шығару үшін  ауру малға зонд немесе қатты шланг жұтқызу қажет,   қабылданған емнің сапалы болуы үшін малдың алдыңғы аяғы артынан әлдеқайда жоғары орналасқаны дұрыс. Асқазандағы газдың  шығуын  жылдамдату үшін зондты өзіне қарай тартып, оның соңы жұтқыншақтың кардиалдық бөлігінің деңгейінде газ көп мөлшерде  жиналған жерде болуы тиіс. Жәрдем көрсету барысында зондты алға  және артқа жылжыту қажет, өйткені жұтқыншақ саңылауы ашық болуы тиіс.

Н.  Омарқожаев [23] өткір тимпанияны емдеу барысында көптеген дәрілер ұсынылған, бірақ олардың ішінде бірде-біреуі тікелей жәрдем береді деп айту қиын. Дәрі-дәрмектерді  қабылдаудың негізгі мақсаты – кіші қарын және ішектердің моторлық функцияларын белсендіру, газдарды кекірту арқылы азайтып және күйіс қайтаруды күшейту,  ашу (брожение) процесін азайтып, іш жүргізуді белсендіру. Азқазандағы газдарды сіңдіру үшін  сиырға 2-3 литр жылы сүт,  белсендірілген көмір ұнтағын, магнезия 20 гр беру керек. Ашу процесін болдырмау мақсатында ішке 1000 мл  2%-дық ихтиолдың сулы ертіндісі немесе 50-100 мл керосинді сумен араластырып беріледі. Осы заттар іштің газдануын азайтып қарын диафрагмасының соғуын қалыптастырады (малды етке өткізетін жағдайда керосинді көп мөлшерде қолдануға тиым салынады). Аралас тимпания кезінде малға азқазандағы көбіршіктерді бұзатын – сикаден, антиформал, тимпанол, ФАМС сияқты препараттар жақсы әсер етеді, 0,1%-дық марганоқышқыл калии ертіндісі 2-3 литр, керосин, салицил бензанавтол қышықылы, рафинадталған нафталин нефті, автол және т.б..  Кейде мал тимпаниямен ауырған кезде арақпен емдеу ұсынылады (250-500 мл 0,5-1л сумен араластырылады), скипидар(50-200мл) арақпен бірге, тмин, укроп, ромашка, валериана тұнбалары беріледі. И.А.Бочаров 0,5стакан керосинге 1 стакан арақ және 2 стакан судан тұратын ертінді араластырып беруді ұсынады.

 Егер малдың ауруы асқынған жағдайда троакармен асқазанды тесу әдісі ұсынылады. Ірі қара малға бұл әдісті қолдану үшін үлкен калибірлі троакар пайдаланылады.  Троакар әдісін пайдалану барысында мал аяғында  тұрып байлап маталған яғни жан-жағынан фиксация жасалған болуы тиіс және сол жақ бүйірден келетін күштен сақтану керек. Тимпаниямен ауырған малдың троакармен тесу орны жон арқадағы сызықтан сол жақтағы аш бүйірдегі шұңқыр яғни маклок пен соңғы қабырғаның біріккен жері болып табылады. Ота жасау орынын иод ертіндісімен өңдеп троакарды сол шынтаққа туырлап жылдам әрі күшпен кіргізеді. Троакарды кіргізген соң оның ішіндегі стилет суырылып алынады, гильзаның тесігін мақта тампонымен жауып жиналған газ жаймен біртіндеп шығарылады. Ауру малдың асқазанында газ шамадан тыс жиналған жағдайда бірден босатуға тыйым салынады, өйткені бас миына  қан  жүгірмегендіктен мал есінен танып қалу қаупі бар. Азқазанды газдан босату барысында троакардың гильзасы азық қалдықтарымен бітелген жағдайда  стилетпен тазаланады. Емдеу барысында троакар арқылы қарынға іштің кебуін басатын және дезинфекциялық ертінділер құйылады [24].

 Ота жасау соңында троакарды суырып аларда азық қалдықтарының ішке (брюшной полость) түсуінен сақ болу қажет. Ішке инфекция жібермеу мақсатында троакар тұрған жерді алақанмен басып суырып алынады. Емдеу әдісінде троакар гильзасын   5-6 сағатқа дейін іште қалдырып жалғастыруға болады.Тимпания ауруын емдеу шаралары біткенен соң жараның орынын йод ертіндісмен  өңдеп таңып қояды.  Ауырған малды 12-24 сағатқа дейін аштық диетасында ұстау  қажет, яғни малды жеңіл қорытылатын азықтармен қоректендіру (силос, құрғақ шөп, қант қызылшасы) аз мөлшерде күніне 5-6 реттен азықтандырып біртіндеп концентраттар қосуға болады. Іштің кебуін басу үшін 2 ас қасық тұз қышқылын 500 мл сумен араластырып береді. Асқазанның дұрыс жұмыс жасауын қалыпына келтіру  үшін қарынға массаж жасап, жылыту процедурасын қабылдайды.

 М.А.Смурыгин [25] ірі қараның тимпания ауруына шалдығуы малдардың дұрыс қоректенбегенінен пайда болатынын алға тарта отырып, әрбір ауылшаруашылық өндірістерінде зоотехник және малдәрігерлер сол жердегі малшылар мен сауыншылардан малдарды дұрыс азықтандыру және мал ауырған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету туралы жазбаша келісім шартқа отыру қажет.

 Әсіресе малдарды жайлауға айдаған кезде таңғы шықта жаңа өскен балғын жоңышқа, әртүрлі көк шөптерден сақтандыпып, тимпанияның алдын-алу шаралары бойынша малдарды жайылымға шығару алдында ірі құрамды азықтармен (құрғақ шөп, сабан) қоректендіру қажет.

Малдың  жұқпалы емес ауруларын болдырмаудын; ең тимді  тәсілі. Онын, басты  мақсаты  әpбip шаруашылыктардағы  малды күту мен азыктандыруда кемшілік  жібермей  мал  ауруы түрлері мен себептерін  ерте аныктап, ауру малды бакылауға алу, шалғай  жайылымдыктарда мал  бағудың  кейбір ерекшеліктеріне байланысты жүргізлген диспансериза-цияның  негізгі  принциптері: малды жемшөппен толык қамтамасыз ету, мал азығының  дайындалуына  және сакталуына бакылау жасау, азыктың  коректілігін  лабораториялык тексеруден өткізіп отыруды ұйымдастыру; малдың дұрыс азықтандырылып бағылуын, мал қораларының  зоогигиеналык талаптарға сай болуын кадағалау; малдардың  жоспарлы  клиникалык тексерулерден  өткізіп отыру;  барлык малдарға  диспансерлік  бакылау жасау максатында ауруларын емдеу - санитарлык пунктке, ал күйі  төмендеп нашарлағандарын емдеу-азыктандыру пунктіне жинап, мұнда да осы малды лабораториялық тексерулерден өткізу қажет; мал организмінің  зат алмасу дәрежесін аныктау максатында   канын лабораториялық  тек­серуден өткізу; мал ауруының алдын алу үшін топтап емдеу және ауырған мал организмін  қалыптастырудың, топтық  терапиясын кеңінен енгізу.   

Бұл айтылғандардан диспансеризация әpбip шаруашылықтарда, зоотехникалық  және малдәрігерлік  жұмыстардың  басты бip саласы екендігін  көреміз. Оны шаруашылықта ұйымдастыруға тек мал дәрігерлер ғана емес, шаруашылық басшылары, зоотехниктер мен баска да мамандар кеңінен қатыстырылады. Мысалы, шаруашылық басқарушылары, агроном мен инженерлер және зоотехниктер малды азықтандырып, күтуде орын алған кемшіліктерден тиісті қорытынды жасап, шаруашылықтың технологиялык процестерін  жетілдіру, сондай-ак басқа да жұмыстарға кеңінен араласады.

Диспансеризацияның мал ауруларынболдырмаудың арнайы емес, жалпы активті тәсілі емес екендігін көптеген ғалымдардың зерттеулері толық дәлелдейді. Әртүрлі биогендік стимулятор, антибиотик, минералдық заттар мен микроэлементтердің малды аурудан сақтап, оның өнімділігін арттырудағы маңызын Қазақстанның әртүрлі аймақтарында жүргізілуде.     

 

1.2 Ірі қара малдарда тимпания ауруына әсер ететін фактор – азық құрамының сипаттамасы

 

Азыққа өсімдік, жануар және микроб тектес, малды уландырмайтын, оның денсаулығы мен өніміне зиян келтірмейтін, жақсы желініп, қорытылатын заттар жатады. Сонымен қатар мал азықтандыру өндіріс шығаратын бірқатар қажетті қосындылар (минералды, витаминді, ферментті, т.б.) қолданылады. Оның бәрі белгілі сапалық талаптарға сәйкес болуға тиіс.

Азық сапсын екі тұрғыдан бағалайды. Алдымен азықтың тазалығы, жұғымдылығы, малға тартымдығы секілді сыртқы түрі, иісі, дәмі және тағы басқа физика-механикалық қасиеттерімен, ал одан кейін берілген азықтың малдың тіршілік қажеттілігін өтеушілік деңгейімен. Соңғысын, әдетте, азықтың биологиялық толық бағалылығы деп атайды. Демек, жалпы алғанда азық сапасы мал мұқтаждығын өтеушілік қасиеттерімен бағаланады десек те болады [25].

Азық сапасын органолептикалық, яғни сезім мүшелеріне негізделген, бағалау, химиялық құрамын зерттеу, желінуі мен қорытылуын анықтау арқылы біледі. Осы көрсеткіштерге сәйкес оларды сапалық кластарға бөледі.

Мал азығының ең басты көрсеткіші – қоректілігі. Оны азық құрғақ затындағы энергияның шоғырлану дәрежесімен белгілейді (алмасу энергиясы немесе азық өлшемі түрінде). Азықтың энергетикалық, яғни жалпы, қоректілігі алдымен оның құрамындағы өздері тікелей энергия шығаратын қоректік заттарға (протеин, май, көмірсулар) байланысты болса, екінші жағынан сол қоректік заттардың ас қорыту барысында толық игеріліп, тиімді пайдалануына әсер ететін өздері тікелей энергия өндірмегенмен, организмдегі энергия алмасуына зат алмасу барысын реттестіру арқылы ықпыл ететін минералды және де басқа да биологиялық пәрменді заттарға (витаминдер, ферменттер, гормондар, қоректілікке қарсы заттар, ингибиоторлар, т.б.) байланысты болады.

Желінген азық малдың энергетикалық мұқтаждығымен (дене жылулығын сақтауға, механикалық жұмысына, өніміне) қатар, тірі орагнизмде үздіксіз жүретін зат алмасуын (катаболизм мен анаболизмнен тұратын) қамтамасыз етуі қажет. Осы тұрғыдан азық қоректілігі энергетикалық деңгейімен қоса структуралық, яғни құрылыстық қосындылар жеткізушілігімен де бағаланады.

Мал денесінің құрылысына қажет қосындылар негізінен азық протеинімен жеткізіледі. Сонымен қатар минералды заттар (кальций сүйек құрылысында, микроэлементтер ферменттерде, т.с.), кейбір көмірсулар құрылыстық қызмет атқарады. Бұл көрсеткіш бойынша азық сапасы энергия  бірлігіне келетін протеин мөлшерімен бағаланып, протеиндік  (қорытылатын азотсыз қоректік заттар, яғни май мен көмірсулар қосындысының, қорытылатын азотты, яғни протеинге қатынасын көрсететін) немесе энерго-протеиндік (азықтағы  1% протеинге келетін энергия мөлшерін көрсететін) қатынастармен белгіленеді.

Н. Омарқожаұлы [26] азық сапасына оның диетикалық, яғни жұғымдылық қасиеттері де әсер етеді. Оларға құрғақ зат мөлшері, физикалық түрі, сүрлемдеу тәсілі, тазалығы, усыздығы, дәмділігі мен хош иістілігі жатады. Азық сапасын белгілейтін физикалық қасиеттеріне – ылғалдылығы (балаусалылығы), ұсақтығы (түйіршектелуі), аумақтығы, тығыздығы, ылғыл сорғыштығы және ылғыл жоғалтқыштығы, жылу өткізгіштігі және жылу жинағыштығы, т.б., механикалық қасиеттеріне – бөлшектерінің бір-біріне жабысқыштығы, жылжымалығы, біріккіштігі, т.б. жатады.

Дайындаған азық малға бергенге дейінгі мерзімде сапалы түрде сақталуы қажет. Азық сақталуы оның өзіндік қасиеттері мен сақтау жағдайына байланысты. Соңғыларынан азыққа күн сәулесі, жылулық, жауын-шашын, жел, ауа ылғалдылығы, т.б. ықпал етеді. Дайындауда қолданылған немесе сақтау барысында пайда болған химиялық қосындылардың да әсері зор. Жарық, әсіресе күн сәулесі азықтағы тотығу барысын мейілінше тездетеді. Оны ксантафил мен каротин пигменттерінің ыдырауынан орын алатын жемшөп бояуының жойылуынан байқауға болады. Тотығуды азықтағы ауа (оттегі), орта жылулығы үдетеді. Жеткілікті құрғатылмаған пішенде (ылғалдылығы 18%-тен жоғары) биологиялық оксидация мен микроорганизмдер тіршілігінен ішкі жылулығы көтеріліп, ол қызып, қарайып, көптеген қоректік заты ыдырап, тіпті жанып та кетуі мүмкін. 14-18% ылғалдылықтағы пішенді дұрыс сақтамаса көгеріп кететінін ескеру қажет.

Дайындалып сақталған жемшөпті малға бергенде оның келесі сапалық көрсеткіші – желінуі анықталады. Азық желінуін малға салынған мөлшерінен қалдығын алып есептейді. Оған азық иісі, дәмділігі, физикалық түрі, құрғақ зат көлемі, тазалығы, зияндылық немесе уландырушылықтығының жоқтығы әсер етеді. Суда еритін заттар арқылы мал азықтық қышқыл, тұзды, ашты, тәтті дәмін ажыратады. Хош, жұпар иісті азықты мал сүйсініп жейді. Азықтың осы екі қасиеті хеморецепция арқылы азық қорытылуына, сайып келгенде оның өнімділік потенциялына ықпал етеді. Профессор А.Богдановтың (1990) тұжырымдауы бойынша азықтың өнімдік потенциалы 70%-ке оның желінуіне, қалған 30%-ті қорытылуына байланысты. Демек, азық сапасын жақсартып, желінуін жоғарылатудың азықтандырудағы маңызы зор. Тәжірибелік мәліметтер бойынша сапасы төмен пішендеменің жоғары сапалымен салыстырғанда жалпы желінуі 20-28%-ке, құрғақ затынікі – 31-35%-ке төмендейді екен. Сүрлем құрғақ затының 1-%-ке жоғарылауы, 0,1-0,17 килограмға ұлғайтады.    

Желінген азықтың сапалылығы  қорытылымына ықпал етеді. Жемшөп желінгіштігі оның дәміне байланысты. Құрамында азотты, минералды, майлы, қантты, витаминді заттар көп шоғырланған өсімдіктің жұмсақ бөлшектері (жапырағы, көк балаусасы) клетчатка мен лигнин шоғырланған ірі бөлігінен (сабағы, қатайғаны) дәмдірек болғандықтан, оларды мал теріп жеп, жақсы қорытады. Бұл жемшөптің қорытылымдылығын сипаттайды.

Осымен қатар өндірістік технология жемшөптің механикаландырылған және автоматтандырылған жүйелерде қолдануға ыңғайлы техногендік (түйіршіктелгіш, тасымалданғыш, т.б.) тұрғыдан сипатталуын да талап етеді.

Толық бағалық тұрғысынан алғанда әр қоректік зат тобының өзіндік сапа сипаттамасы бар. Айталық, протеиннің су мен тұзда тез еритін фракциясы, амин қышқылдық құрамы, минералды заттағы жекелеген макро- және микроэлементтер деңгейі мен өзара басқа да қоректік заттармен арақатынасы, майдың қышқылдық құрамы, жеңіл қорытылатын (ыдырайтын) көмірсулар деңгейі және басқасы. Осының бәрін жан-жақты қамтып, кешенді түрде таразылағанда ғана азық сапасын әділ бағалауға болады.

Мал азықтандыруда қолданылатын сан алуан азық түрін жүйелеп, жіктеп, топтастырады. Ең алдымен тегі бойынша азық өсімдік, жануар және микроб тектес деп бөледі. Малға берілетін азықтың басым көпшілігі өсімдік тектес. Оларды ботаникалық құрамы, қоректілігі мен жекелеген қоректік заттары, технологиялық қасиеттері, организмге әсері бойынша  келесі топтарға жіктейд [27]і:

  1. Көк азық балауса, жайылым оты, екпелі шөп көгі жатады. Құрамында ылғалдылығы мол (75-85%) болғанымен, құрғақ заты биологиялық тұрғыдан  өте жоғары, тіршілікке қажетті  барлық қоректік және биологиялық пәрменді затпен толықтырылған. Жоғары қорытылып, тиімді пайдаланылатын өте жұғымды азық.
  2. Шырынды азық – балауса кезеңінде дайындалғандықтан шырын сөлін сақтап қалған азық. Сүрлем, пішендеме, тамыр-түйнек жемістілер, бақша дақылы жатады (пішендеменің құрғақ затындағы клетчаткасы 19%-тен асатындықтан кейде ірі азыққа да жатқызады). Мол желініп, жоғары қорытылатын азық. Бірақ сүрлемдеу барысында біршама жеңіл ыдырағыш энергиясынан айырылатынын ескеріп, мал рационында басқа азықпен араластырып береді.
  3. Ірі азық – кептіру барысында ылғалдылығынан айырылып, мейілінше қатайғандықтан осылай атайды. Пішен мен сабан, топан жатады. Клетчаткасы мол болғандықтан құнарлылығы жағынан жемге тең шөп ұнын да жатқызады. Мал рационын аумақты клетчаткамен қамтамасыз етеді. Қорытылымы мал мен құс түріне, клетчаткасының қатаюына (лигнинделуіне) байланысты өзгереді. Азық клетчаткасын қорытуда микроорганизмдердің маңызы ерекше.
  4. Құнарлы азық, яғни жем – астық (көмірсулы) және бұршақ (протеинді) тұқымдастар дәнінен тұрады. Бұл топқа қоректілігі жоғары наубайшылық (кебек, ұнтақ), сыра қайнату (қойыртпағы) және май өндіру (күнжара, шрот) қалдықтары жатады.

Өңдеу барысында көп су жұмсалатын техникалық дақылдар қалдығы (қант өндірісіндегі – жом, крахмал өндірісіндегі – мезга, спирт өндірісіндегі – барда) ылғалды азықтық қалдықтарға жатқызылады. Олардың құнарлылығын кептіру арқылы  көтереді. Өндіріс шығаратын құрама жем түрлі азықтық қосындылармен (азотты, минералды, витаминді, ферментті және күрделі премикс түріндегі) жеке топқа жатқызылады.

Жануар тектес азыққа сүт және сүт өнімдері (көк сүт, сүт сарысуы, ірімшік, айран), ет пен балық өңдеу заводтарының қалдықтары (қан, ет, ет-сүйек, сүйек, қауырсын ұны) жатады. Олар төл мен мал азығында бағалы протеинді қосынды ретінде қолданылады. Микроб тектес азыққа азықтық және наубайшылық ашытқы, ақзатты – витаминді қосынды жатады. Толық бағалы протеинге бай болады. Энергетикалық қуаттылығы, физикалық жағдайы мен ас қорыту барысына ықпалы бойынша шырынды және ірі азықты аумақты деп те атайды. Біріншілерінде ылғылдылық, екіншісінде клетчатка көп болғандықтан, аумағы мол болғанмен қоректілігі төмен болады. Әр азық тобын органолетикалық және химиялық, қоректілік көрсеткіштері бойынша кластарға бөледі. Мысалы, сүрлем, пішендеме, пішен, шөп ұны бірінші класының сапасы мен қоректілігі жоғары болғандықтан, ол жоғары бағаланады. Соңғы класс көрсеткіштеріне сай келмейтін азық классыз деп табылып, азықтандыруға арнайы өңдеуден кейін қолданылады.

Әдебиетке шолуды қорыта келе, Оңтүстік өңірінде өсірілетін ірі қара малдардың тимпаниясы негізініне азықтандыру шараларына байланысты болатындығы, сондықтан малдарды азықтандыру барысында осы іс-шараларға көптеп көңіл бөлуді талап етеді.

 

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2.1 Тәжірибе шаруашылығының  табиғи-климаттық  жағдайлары

 

Тәжірибе жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы “Бірлік”  өндірістік кооперативінде жүргізілді. Шаруашылықтың жалпы жер көлемі 90,7 мың га және оның ішінде жайылымдық жері 67,6 мың га, егістк жерлері 9,2 мың га, ал шабындық жерлері 13,9 мың га болып табылады.

Шаруашылықтың климаттық жағдайы шөл жағдайына тән өте құбылмалы және континентальды. Жауын-шашын күздің соңында, қыста және ерте көктемде түседі. Жылдық нормасы 80-84 мл көлемінде. Қыс қысқа, қар көбінше аз, кейде аяз болған кезде температура минус 15-200, сондықтан мал көбінесе жайылымға шығып тұрады. Қар желтоқсан айының соңында 8-15 см-дей жауып тез еріп кетеді. Көп жылғы метрологиялық көрсеткіш бойынша қар қыс айларында 55-65 тәуліктей жатуы мүмкін.

Көктем қысқа, бірақ жылы. Орта айлық температура  наурыз айында +90С, көкек айында плюс +140С. Бірақ көкек айының басында температура 00С-қа төмендеп суытып тұратын кезі де болады.

Климатының өзі бір қолайсыз жағдайы – көкек айынан бастап солтүстік-батыстан ұзақ уақыт секөнтіне 3-5м жылдамдықпен жел соғып тұрады. Кейде оның жылдамдығы 14 м/сек-қа жетеді.

Жаз ұзақ, құрғақ та ыстық. Бұл кезде түсетін ылғалдың саны жалпы жылдық мөлшердің 4%-тін құрайды. Жылдың ең ыстық мезгілі шілде айы, температура бұл кезде плюс 460С-қа дейін көтеріледі. Жер қыртысы негізі – құмды, сары топырақты, ал батыс жағынан жал құмдауытты.

Жайылымның  өнімділігі 1 га жерден 3-5 ц. Шамасында құрғақ массаға тең болады.

Шаруашылық өсімдіктері эфемерлі- әртүрлі шөпті ассоциациалармен анықталады. Олардың  өсіп шығуы сәуірдің басынан басталады

Эфемерлердің құрамында қоңырөлең (Carex phusodes), дала келіншекбоз (Carex pachystiles), тоты көкнәрі (Papaver honinyt), жіңішке таспашөп (Astragalus filicankes), қызғалдақ (Тulipa greigi) кездеседі. Эфемердің  өсу кезеңі қысқа, әрі кеткенде мамыр айының ортасына дейін созылады. Маусым айының басынан жайылымда дәнді өсімдіктер: жуашықты қоңырбас (Роа bulbosal), жалпақ арпабасы (Bromus scoparins),  тарақбоз (Bromus tectorum) өсе бастайды.

Шілде айының басында өсімдіктер қурап кетеді де олардың орнын жылдық сүйекті аққурай (Psoralea drupacen), сасық кеурек (Ferulla foetida), боз жусан (Arte misia glocuca fall) мен қара жусан (Artemisia pauciflora) алмастырады.

Шаруашылықтың су мәселесі бұрынғы көрші Сарыағаш ауданының  Келес өзені арқылы тартып әкелген құбырдағы су мен қазылған шахталы құдықтар арқылы қамтамасыз етіледі.

 

2.2  Зерттеудің зерзаты мен әдістемесі

 

Зерттеудің тәжірибе бөлігі Сарыағаш ауданы, «Бірлік» өндірістік кооперативінде  жүргізілді. Зерттеуге оңтүстік өңіріне жақсы бейімделген қара тұқымды ірі қара малдардың ауруға бейім және күдік туғызатын 10 басы іріктелініп, екі топқа (тәжірибе – 5 бас, бақылау – 5 бас) алынды (1-сурет). Тәжірибе кезінде барлық малдар бірдей шаруашылық жағдайда болды.

 

Малдардың ішкі жұқпалы емес аурулары

Мүйізді ірі қараның азқазан ішек-қарын жолдары

Мүйізді ірі қараның қоректену рационы

 Мүйізді ірі қараның тимпаниясын алдын-алу

Мүйізді ірі қараның тимпаниясын емдеу

Балғын көк шөптер, жоңышқа   т.б.

Су

Бұзылған немесе қызып қалған азықтар

Мүйізді ірі қараның қарын тимпаниясы

 

1-Сурет.   Зерттеудің   сызбасы.

 

1-сурет. Зерттеудің жалпы сызбанұсқасы

 

Тәжірибелік  малдардың симптоматикалық белгілеріне қарай диагноз қойылды

Тәжірибелік  малдардың қоректік азықтарының құрамы тексерілді.

Шаруашылық жағдайында мал азығының сапасын бағалау үшін қарапайым, органолептикалық   (күрделі   жабдықтарсыз,   адамның   сезім   органдарына негізделген) тәсілдерді қолданады. Ол әдіс арқылы азықтың түр-түсін, бояу, иісі дұрыс сақталу жайы айқындалады.

Мүйізді ірі кара малдардың қарын тимпаниясының шығу тегін  зерттеп  аурудың алдын алудың ғылыми  негіздерінің  жүйесі   әзірленді.

Осы  мақсатта төмендегі міндеттер алға қойылды: асқорыту ағзасы ауруларының пайда болу себебін анықтау; асқорыту ағзасы ауруларын емдеу;  типания ауруына  қарсы сақтандыру шараларының тиімді жүйесін әзірлеу.

Мүйізді ірі кара малдардың қарын тимпаниясының  статусын анықталып және осы ішкі жұқпалы емес аурудың алдын алудың ғылыми негізделген жүйесі әзірленді. Қазақстанның оңтүстік өңірінде мүйізді ірі қара арасында кең таралған ішек-қарын тимпаниясымен күресу жолдары анықталды.   Атап айтқанда,  малдардың ас қорыту  ағзасында тимпания ауруының кең таралған әрі  басым кездесетінін  ескере отырып, аурудың алдын-алу мерзімі анықталды.

Ауру малдың диагнозын клиникалық, лабороториялық, паталого-анотомиялық белгілеріне байланысты   қойылды. Әсіресе малдың қағып-бағу жағдайына, азықтың сапасына үлкен көңіл бөлінді.     Емдеудің негізгі бағыты қарындағы жиналған газдарды шығарып және азқазандағы  газайналымын азайту. Қарындағы  газдың мөлшерін азайту барысында асқазанға үлкен диаметрлі  зонд (Черкасов.В.А зонды) жұтқызу әдісі және ауру малдың денесінің алдыңғы жағын артынан биіктеу орналастырып  қарын тұсынан массаж жасау  ұсынылды.

 Аурудың алдын-алу және емдеу А. Колесовтың әдістемесімен   жасақталды, яғни біріншіден  толыққанды құнарлы рацион түзу, екіншіден дәрі-дәрмектермен,  көктамыр ішінен  20%-дық  глюкоза ертіндісін  100 мл дозада, тері астынан – 0,1%-дық  кофеин  ертіндісін – 2-3 мл егу арқылы  емдеу.

 

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

3.1 Мүйізді ірі қара тимпаниясын емдеу жолдары (Tутрапіа ruminis acuta)

 

Қарын тимпаниясы ( грекше. tympanon – барабан), қарын метеоризмі, яғни малдың ішінің кебуімен, асқазанда жылдам газ жиналып  және желденуіден,жиналған газдардың кекіру арқылы шығуының тоқтатылуынан тұрады. Көбіне тимпания жедел түрде дамып өткір және созылмалы түрге бөлінеді. Біздің тәжірибемізде тимпанияның жәй түрі (қарынның газдануы) және көбікті тимпания кездесті.

Этиологиясы. Қарынға көп мөлшерде газдың жиналу себебі, яғни тез шіритін, көгерген немесе қышқылданған  (жылдам бұзылатын) азықтармен  көп мөлшерде қоректенуден пайда болады. Ірі қаралар үшін жайылымдағы балғын көк шөптермен қоректенуі қатер төнгізеді: жоңышқа, люцерна, жүгерінің дүмбіл собығы, қырыққабат және қызылшаның жапырақтары. Әсіресе  осы жоғарыда айтылған жем-шөптердің бұзылған, қызып қалған немесе жаңбырмен ылғалданып көгерген  түрлерімен қоректендіріп іле-шала суарған кезде тимпанияның белгілері пайда бола бастайды. 

Алғашқы өткір қарын тимпаниясының пайда болуы:

  -малдарды көп мөлшерде тез бұзылатын қышқыл азықтармен қоректендіргенде;

  -малдардың қоректену рационы ауысқанда, яғни құрғақ азықтан балғын шөпке немесе жайылымға шыққанда;

  -рационға бірден көп мөлшерде силос және басқада балғын көк щөптер қосқанда;

   -малдарды балғын көк шөптермен қоректендіру алдынан суғарғанда;   

  -дәмі бұзылған, қышқылданған, үсік шалған немесе көгерген азықтармен(жауынан кейін немесе шық түскен  кезде, шіріген, көгерген азықтар) қоректенгенде;  

-тимпания ауруының пайда болу  себептері улы шөптерден яғни (аконит, безвременник, цикута, вех ядовитый), қарынның жұмысы істен шыққанда (паралич стенки рубца), немесе жұтқыншаққа бөгде зат тұрып қалғанда, күйіс қайтару және кекіру актісі бұзылғанда,  іш қатқанда, қатпаршақ дұрыс жұмыс жасамағанда  және созылмалы катар ауруларында,  травматикалық ретикулитте дамиды.

Мал шаруашылықтарында көбіне өткір және кейде созылмалы тимпания кездеседі. Алғашқы өткір, қарын  тимпаниясы  малдардың көп мөлшерде жеңіл  ашитын балғын шөптермен, яғни  жоңышқа, люцерна, жүгерінің дүмбіл собығы, қырыққабат және қызылшаның жапырақтарымен, әсіресе таңғы шықтан немесе жаңбырдан кейін  жайылған кезде пайда болады. Осындай жағдайларда мал басы түгелімен ауруға ұшырауы мүмкін.

Баяу дамитын тимпания бүлінген жарма жем, шіріген қызылша, рапс, үсік шалған картофель және тағы басқа жем-шөптермен қоректену әсерінен пайда  болады. Қөпіршікті қарын тимпанясы сапониндер, пектиндік заттар, пектин-метилэстердар, гемицеллюлоздар және ұшпайтын май қышқылдары әсерінен пайда болады.

Екіншілік тимпания улы шөптерден яғни (аконит, безвременник, цикута, вех ядовитый), қарынның жұмысын істен шығарады (паралич стенки рубца), жұтқыншаққа бөгде зат тұрып қалғанда, күйіс қайтару және кекіру актісі бұзылған кезде, кейде іш қатқанда, қатпаршақ дұрыс жұмыс жасамаса және өткір лихорадкалық ауруларда, жұқпалы ауруларда (сібір жарасы) кездеседі.

Созылмалы тимпания азқазан-ішек жолдарының созылмалы катар ауруларында,  травматикалық ретикулитте дамиды.

Патогенезі. Қарындағы азықтың физика-химиялық өзгеруі, әсіресе азықтың өзгеруіне байланысты, қарынның микрофлорасының сапасы және саны олардың, функциональдық белсенділігі жағынан  өзгеріске ұшырайды. Микрофлораның құрамы өзгергендіктен фермент бөлуде өзгереді, яғни шіріген немесе газге айналатын ағзалар көбейсе онда қарынға көп мөлшерде газ жиналады.  Азқазанда газдың көптеп жиналуы іштің кебуінің негізгі себебі емес, өйткені газдар кекіру арқылы сыртқа шығуы тиіс.  Тимпания патогенезінде  кекіру рефлексінің бұзылуы үлкен роль ойнайды, яғни қарын атониясының басталуына әкеліп соғады.  Мал қоректену кезінде қабылданған азық қарынға түскен соң ашу процесінің жүруі бұл физиологиялық құбылыс. Қарында ас қорыту барысында  жиналған газдар азықпен бірге ұлтабарға сосын  ішекке  түсіп сіңу процесі басталады, сол кезде газдар қарынның жоғарға қалтасына жиналып кекіру арқылы сыртқа шығады. Қарында неғұрлым тез ащитын азық көп болса соғырлым газ жиналу мөлшеріде артады. Жиналған газдар қарынның жоғарғы  қалтасына жиналып немесе көптеген көбіршікке айналып, қабылданған азық көбіктеніп, олардың физиологиялық жолдармен жүруі қиындайады. Тимпания ауруында  іштің кебуі бір мезетте әсер ететін үш қолайсыз  факторлардан тұрады: газдың шамадан тыс жиналуы, атонияның өткір түрінің пайда болуы, азқазанда сұйық массаның мөлшерден тыс болуы. Ылғалы мол жем-шөпті шамадан тыс қабылдағанда азық қатпаршақтан ұлтабарға өтуін жылдамдатады одан ішекке өтіп, баро- және хеморецепторларды тітіркендіреді. Нәтижесінде асқазанның іс-қимыл жасау рефлекторында тежеліс пайда болып  өткір атония ауруы дамиды. Кардиалдық сфинктерде және ұлтабар көпіршесінде  түйілу пайда болады, жәнеде кардиалдық саңылаудың көбіршіктермен бекітелуіне әкеліп соғады; жиналған газдар қарыннан шықпай, азықпен араласуын күшейтеді.Осының салдарынан  асқазан жабық ыдысқа ұқсастанып, яғни азық пен газ араласып желденудің қысымы жоғарылайды.

Аурудың белгілері. Ауру мал  тынышсызданып: қоректенуден,су ішуден  бас тартады,  ішіне қарай бүкірленеді,   бірнеше рет жатып қайта тұрады, артқы аяғымен ішіне қарай тебеді, күйіс қайтаруы және кекіруі тоқтатылады,

 

2-сурет. Іші кеуіп кеткен ірі қара мал

 

 

4-сурет. Тимпания ауруымен ауырған ірі қара малды емдеу шарасы

 

қарын көлемі үлкейіп аш бүйірі тегістеледі. Дене температурасы бір қалыпты сақталады. Малдың тыныс алуы жиілейді (минутына60-80), кеудемен демалады. Тимпанияның ауыр түрінде мал аузын қатты ашып демалады,  жөтелуі жиіленеді, ыңырсиды; ауыз қуысынан көпіршіктелген сілекей бөлініп  және тілі салбырайды. Ылғалды тері қабықшалары көкшіл реңік тартады; бас, мойын және желін көктамырлары қанмен толады. Осы құбылыстарға қысымның көтерілуі  және жүректің соғу жиілігі қосылады.

Өткір тимпанияның негізгі клиникалық белгісі бұл сол бүйірдегі  ашқарын шұңқырдың толығып бел омыртқа деңгейіне жетіп бірден іштің көлемінің үлкейуіне әкеліп соғуы. Ауру малда кекіру және күйіс қайтару процесстері тоқтатылады. Карынның жұмыс істеуі ауру басталарды күшейіп сосын бірден саябырланады, ал қарынның парезі басталғанғанды оның соғуы тоқтайды. Сол бүйірдегі ашқарын шұңқырын саусақпен ұстап байқағанымызда, қарынның соқпауын яғни тығыз газдалғаны байқалады. Қарынды перкуссия әдісімен тыңдағанымызда тимпаниялық және металл сылдырлаған тәрізді дауыс береді. Ауру малды аускультация  жасағанда қатпаршақ, ұлтабар, ішектердің соғуы естілмейді. Мал аурудан қиналған шақта үлкен және кіші дәретке аз мөлшерде жиі-жиі шығады. Тимпания ауруына шалдыққан мал аяғына тұра алмай құлайды, жедел жәрдем көрсетілмеген жағдайда денедегі  бұлшық еттердің тырысуына байланысты  малдың өліміне әкеліп соғады.

Диагноз.Симптоматикалық белгілеріне қарап және аурудың жылдам өршуіне байланысты дұрыс диагноз қойюға әбден мүмкін. Тимпанияда жұтқыншаққа бөгде зат тұрып қалуын ескеру қажет (яғни ауру малға зонд жұтқызып тексерген  кезде асқазаннан  газ және қорытылмаған азық шығуы тиіс). Аурудың белгілері аса  қауіпті  жұқпалы сібір жарасының белгілеріне ұқсас екенін ұмытпау қажет.

 Диференцальды  диагноз «Тимпания» диагнозын қою  өте жеңіл, оны дифференциальдау яғни жұтқыншаққа бөгде зат тұрып қалуын немесе қарынның шамадан тыс   толғанын ажырату керек. Жұтқыншаққа бөгде зат тұрып қалғанын байқау керек. Қарынның шамадан тыс   толғанын сол  жақ бүйірдегі ашқарын шұңқырын саусақпен ұстап байқағанымызда сәл бостау болуы, қарынның соғыуы бәсеңдегені байқалады. Қарынды перкуссия әдісімен тыңдағанымызда сол  жақ бүйірдегі ашқарын шұңқыры тимпаниялық  дауыс береді.

Емдеу. Мал тимпаниямен ауырған кезде жедел түрде ем қабылдау ұсынылды.  Емдеудің алғашқы түрі  ол асқазанды газдардан босату қажет, жәнеде оның қайталануына   жол бермеу керек. Тимпанияны емдеу тәжірибесінде  қарапайым тәсілдер қолданылады, ауру малдың алдыңғы аяғын  төбеге  көтеріп, яғни  кіші қарын төс етектен алға қарай жылжу арқылы  газдану қысымын азайтады, яғни осы кезде өкпеде газалмасу жақсара түседі, қарынға өтетін жұтқыншақ саңлауы ашылып ауру малдың кекіру мүкіндігі пайда болады.  Асқазанды газдардан арылту барысында   зонд немесе қатты шланг жұтқызу қажет. Асқазандағы газдың  шығуын  жылдамдату барысында зондты жылжытып, оның соңы жұтқыншақтың кардиалдық бөлігінің деңгейінде, яғни газ көп мөлшерде  жиналған жерде болды. Жәрдем көрсету барысында зондты алға  және артқа жылжыту қажет, өйткені жұтқыншақ саңылауы ашық болуы тиіс (1-кесте).   

 

1-кесте.  Тимпания ауруын емдеу барысындағы қолданылған тәсілдер

 

Ағзадағы өзгерістерге байланысты

Емдеу тәсілдері

Іштің кебуінде  жиналған газдарды азайту барысында

Rp.: Resorcini 15,0

Aq. fontanae 1000,0

Внутреннее. Корове.

На 1 прием

Қоректік азықтың ашу (брожение) процесі  нәтижесінде пайда болған көбіктерді азайту барысында

Rp.:    Mentholi Thymoli аа1,0

Spiritus aethylici 150,0

Aq. fontanae 500,0

Внутреннее.

Корове. На 1 прием

Қоректік азықтың ашу (брожение)  процесі  нәтижесінде пайда болған көбіктерді азайту барысында

Rp.:  Ichthyoli 15,0

Spiritusaethylici100,0                                                     Aq.fontanae500,0

Внутреннее.

Корове. На 1 прием

Жүрек қағысын қалыпына келтіру үшін және ағзаны  токсиндерден арылту барысында

Rp.: Coffeini natrio-benzoici 1,0

Glucosi  Natrii chlorati aa 20,0                    Aq. destillatae 300,0

Solution sterilisata. Внутривенное.Корове.

На 1 введение

12 сағатқа аштық диетасы сақтау  және руменаторлық дәрмектер

Rp.: Sol. Timpanoli 200ml

D.t.d.№1 in flac.

S. Сиырға ішуге  2 л су.

Rp.: Acidi lactici 10 ml.

S. Сиырға ішуге  0,5 л су.

 

Дәрі-дәрмектерді  қабылдаудың негізгі мақсаты – кіші қарын және ішектердің моторлық функцияларын белсендіру, газдарды кекірту арқылы азайтып және күйіс қайтаруды күшейту,  ашу (брожение) процесін азайтып, іш жүргізуді белсендіру.

Тимпания ауруында қарындағы қоректің ашу (брожение) процесін азайту барысында малдарға мл  2%-дық  тимпанол, берілді, сол жақ бүйрден мұздай су құю процедурасы қабылданды.Газдарды сіңдіру үшін белсендірілген көмір ұнтағы (бір шәй қасық майдаланған таблетканы 200мл суға араластырып) берілді. Сонымен бірге көпіршіктерді басу үшін 1000 мл күнбағыс майын беру ұсынылды.          

Ауырған малдар 24 сағатқа дейін аштық диетасын сақтады, яғни малдар жеңіл қорытылатын азықтармен (силос, құрғақ шөп, қант қызылшасы) аз мөлшерде күніне 3-4 реттен қоректендірілді азыққа біртіндеп концентраттар қосылды. Іштің кебуін басу үшін 2 ас қасық тұз қышқылын 500 мл сумен араластырып берілді. Асқазанның дұрыс жұмыс жасауын қалыпына келтіру  барысында  қарынға  жұдырықпен массаж жасау (10-15 минут) процедурасы  қабылданды.

Жүрек қағысын қалыпына келтіру үшін және ағзаны  токсиндерден арылту барысында дәрі –дәрмектермен, яғни көктамыр ішінен  20%-дық  глюкоза ертіндісі 100 мл дозада, тері астынан – 0,1 %-дық  кофеин  ертіндісін  2—3 мл егу арқылы  емдеу ұсынылды.  Қарынды газдардан босатып және газайналымы тоқтаған соң, кіші қарын моторикасын тітіркендіру барысында руминаторлық дәрмектер, яғни 3 литр суда алдын-ала ерітілген 0,3 г тимпанол, 1 л өсімдік  майы  қолданылды. Жаңа сауылған 500 мл  жылы сүтке 2 мл  валериан тұнбасын араластырып берілді. Кактимпанол дәрісі (доза 50 мл), 12 сағатқа жартылай  аштық диетасы сақтау  және руменаторлық дәрмектер ұсынылды.

Аурудың шығу тегін жою, яғни малдың рационынан тез бұзылатын сапасыз жемшөптерді алып тастау ұсынылды.

Кестеде мал ағзасындағы өзгерістерге байланысты іштің кебуінен жиналған газдарды азайту барысында 15,0 г  резорцин 1000 мл суға ерітіп берілді, қоректік азықтың ашу процесі  нәтижесінде пайда болған көбіктерді азайту барысында   150 мл спирт + 500мл 1 пайыздық тимол ертіндісі берілді және 15,0 г ихтиолдың спирттік ертіндісін 500 мл суға араластырып берілді,  жүрек қағысын қалыпына келтіру үшін және ағзаны  токсиндерден арылту барысында күре тамыр ішінен кофеин 1,0 мл+ натрий тұзы20,0мл +  стирильді дистилденген су 300,0 мл мөлшерінде егілді.

Өткір тимпанияны емдеу барысында көптеген дәрілер ұсынылған, бірақ олардың ішінде бірде-біреуі тікелей жәрдем береді деп айту қиын. Дәрі-дәрмектерді  қабылдаудың негізгі мақсаты – кіші қарын және ішектердің моторлық функцияларын белсендіру, газдарды кекірту арқылы азайтып және күйіс қайтаруды күшейту,  ашу (брожение) процесін азайтып, іш жүргізуді белсендіру. Еске сала кететін нәрсе малды емдеуде тек дәрі-дәрмектермен емдеп қоймай, аурудың шығу себебін жою қажет.  Малдардың ішкі жұқпалы емес ауруларымен күрес жүргізудің негізі ол зоогигиеналық тазалық және күтім жасау, аналық бастармен төлдерді  құнарлы азықтандырумен толық қамтамасыз ету. 

2-кестеде мал ағзасындағы өзгерістерге байланысты іштің кебуінен жиналған газдарды азайту барысында 10,0 таблетка белсендірілген көмір  1000 мл суға ерітіп берілді, қоректік азықтың ашу процесі  нәтижесінде пайда болған көбіктерді азайту барысында 1000,0 өсімдік майы зонд арқылы

2-кесте. Тимпания ауруын емдеу барысындағы қолданылған тәсілдер

 

Ағзадағы өзгерістерге байланысты

Емдеу тәсілдері

Іштің кебуінде  жиналған газдарды азайту барысында

Белсендірілген көмір 10 таблетканы 200 мл суда ерітілген

Қоректік азықтың ашу процесі  нәтижесінде пайда болған көбіктерді азайту барысында

1000 өсімдік майын зонд арқылы тікелей азқазанға құю

Қоректік азықтың ашу процесі  нәтижесінде пайда болған көбіктерді азайту барысында

500 мл жаңа сауылған жылы сүтке 2 мл валериан тұнбасын қосып беру

Жүрек қағысын қалыпына келтіру үшін және ағзаны  токсиндерден арылту барысында

тері астынан—0,1 %-дық  кофеин  ертіндісін  2—3 мл егу

 

берілді және 500 мл жаңа сауылған жылы сүтке 2 мл валериан тұнбасы  араластырып берілді,  жүрек қағысын қалыпына келтіру үшін және ағзаны  токсиндерден арылту барысында тері астынан – 0,1 %-дық  кофеин  ертіндісін  2-3 мл егілді. 

Мал ауруын емдеуде асқазан газдардан босатылды және  оны аштық диетасын сақтау ұсынылды. Біздер  тимпанияны емдеу барысында қарапайым тәсілдер қолдандық, мысалы малды төбеге қарай шығару, малдың сол жақ қарыны тұсынан мұздай су құю  немесе суатқа апарып кештіру. Ауру малдың алдыңғы аяғы  төбеге  көтерілген кезде  кіші қарын төсетектен алға қарай жылжып қысымды түсірді яғни осы кезде өкпеде газалмасу жақсара түсді, қарынға өтетін жұтқыншақ саңлауы ашылып аурудың  кекіру мүкіндігі пайда болды.

Асқазандағы газдарды шығару үшін  ауру малға зонд жұтқызылды,   қабылданған емнің сапалы болуы үшін малдың алдыңғы аяғы артынан әлдеқайда жоғары орналастырылды. Асқазандағы газдың  шығуын  жылдамдату үшін зондты адам өзіне қарай тартып, оның соңы жұтқыншақтың кардиалдық бөлігінің деңгейінде, газ көп мөлшерде  жиналған жерде болды. Жәрдем көрсету барысында зондты алға  және артқа жылжыту арқылы  жұтқыншақ саңылауы ашылды.

Ауру малдың диагнозын клиникалық, лабороториялық, паталого-анотомиялық белгілеріне байланысты   қойылып, дәрілік емдермен қатар сол жақ ашқарын тұсынан жұдырықпен массаж жасау ұсынылды.

 

3.2 Аурудың алдын-алу және күресу шаралары

 

Ірі қараның тимпания ауруына шалдығуы малдардың дұрыс қоректенбегінін пайда болатынын алға тарта отырып, әрбір ауылшаруашылық өндірістерінде зоотехник және малдәрігерлер сол жердегі малшылар мен сауыншылардан малдарды дұрыс азықтандыру және мал ауырған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету туралы жазбаша келісім шартқа отыру қажет.

Әсіресе малдарды жайлауға айдаған кезде таңғы шықта жаңа өскен балғын жоңышқа, әртүрлі көк шөптерден сақтану қажет. Тимпанияның алдын-алу шаралары бойынша малдарды жайылымға шығару алдында ірі құрамды азықтармен(құрғақ шөп,сабан) қоректендіру қажет.                                                                         малдың  жұқпалы емес ауруларын болдырмаудын ең тимді  тәсілі. Онын, басты  мақсаты  әpбip шаруашылыктардағы  малды күту мен азыктандыруда кемшілік  жібермей  мал  ауруы түрлері мен себептерін  ерте аныктап, ауру малды бакылауға алу. Ipi караларға диспансеризация жасаудың  негізгі  мәселелері  мал дәрігерлігі жайындағы кітаптарда айтылған. Бұл жұмысты мал шаруашылықтарында ұйымдастырудың негізгі  принциптері  мал шаруашылығының жайылымдарында дәл осындай диспансеризацияның барлык талаптарын орындаудың  өзі бірсыпыра қиындыққа соғады. Сондықтан шалғай  жайылымдыктарда мал  бағудың  кейбір ерекшеліктеріне байланысты жүргізлген   диспансеризацияның  негізгі  принциптері  бізше  төмендегідей:

а) малды жемшөппен толык қамтамасыз ету, мал азығыныңдайындалуынажәне сақталуына бакылау жасау, азыктыңкоректілігінлабораториялык тексеруден өткізіп отыруды ұйымдастыру;

ә) малдың дұрыс азықтандырылыпбағылуын, малқораларыныңзоогигиеналык талаптарға сай болуын кадағалау;

б)малдардыңжоспарлыклиникалык тексерулерденөткізіп отыру;

в)  барлык малдарға  диспансерлік  бакылау жасау максатында ауруларын емдеу - санитарлык пунктке, ал күйі  төмендеп нашарлағандарын емдеу-азыктандыру пунктіне жинап, мұнда да осы малды лабораториялық тексерулерден өткізу қажет;

г)мал организмінің  зат алмасу дәрежесін аныктау максатында   канын лабораториялық  тек­серуден өткізу;

д)мал ауруының алдын алу үшін топтап емдеу және ауырған мал организмін  қалыптастырудың, топтық  терапиясын кеңінен енгізу.   

Бұл айтылғандардан диспансеризация әpбip шаруашылықтарда, зоотехникалықжәне малдәрігерлікжұмыстардыңбасты бip саласы екендігінкөреміз. Оны шаруашылықта ұйымдастыруға тек мал дәрігерлер ғана емес, шаруашылық басшылары, зоотехниктер мен баска да мамандар кеңінен қатыстырылады.

   

3.3 Күйіс малының қарынындағы ас қорыту ерекшеліктері

 

Күйіс малы қарынының құрылысы өте күрделі, ол төрт бөліктен тұрады. Олар мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ және ұлтабар. Ірі қара мен ұсақ малдың қарыны төрт бөліктен, ал түйе қарны үш бөліктен тұрады. Түйелерде қатпаршақ болмайды. Алдыңғы үш бөлікті алдыңғы (қосалқы) қарын, ал ұлтабарды нағыз  қарын деп атайды. Алдыңғы қарынның кілегей қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен  қапталған, онда без болмайды. Қарынның әр бөлігінің өз қызметіне байланысты құрылыс ерекшеліктері болады.

Месқарын –алдыңғы қарынның ең алғашқы және ең үлкен бөлігі. Оның сыйымдылығы ірі қарада 100-300л, қой мен ешкіде 12-20 л.

 Мес қарын құрсақтың бүкіл сол жақ бөлігін алып жатады. Мықты ет белдемелерімен және қатпарларымен мес қарын бес бөлікке бөлінеді. Оң және сол ұзынша қатпарлар мес қарынды дорсальдық (үстіңгі) және вентральдық (астыңғы) қапшықтарға бөледі. Үлкен көлденең қатпар қарын қапшықтарынан кіреберісті (сағаны), ал Х тәрізді қатпар –артқы дорсальдық және вентральдық құрыштарды бөледі. Мес қарын қатпарлары жынды екшеп, құрыштарға бөліп отырады.

Жұмыршақ – кішкентай домалақ ағза. Оның сыймдылығы ірі қарада 5-10 л, ал қой мен ешкіде 1,5-2 л, мес қарын кіреберісінен   оны орақ тәрізді қатпар бөледі. Оның кілегейлі қабығы дәнекер ұлпа негізінде бал арасының ұқсас тормала құрайды. Жұмыршақ мес қарынан түскен жынды екшеп, оның қорытылуға дайын сұйық бөлігін қатпаршаққа өткізеді де ірі бөлшектерін месқарынға кері қайтарады. 

Мес қарын мен жұмыршақта жын физикалық, химиялық және микробиологиялық өңдеуден өтіп, жақсылап майдаланып, әбден сұйылғанға дейін аялдайды.Қарынның бұл бөліктерінде жын әбден араласады. Мес қарын жиырылған кезде жынның біраз бөлігі жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақтың қуатты жиырылуы кезінде ол жын қайтадан мес қарынға оралады. Осылай әрілі берілі қуаланған жын  массасы бөрітіп, жұмсарып, оның уақталған бөлігі екшеледі де, қатпаршаққа өтеді.

Мес қарын еш уақытта бос болмайды. Онда жын 70-90 сағатқа дейін аялдайды.Мес қарындағы жын қалдығына мал қабылдаған азықтың жаңа бөліктері қосылып отырады. Дегенмен, қабылданған азықтың тең жарытысына жуығы мес қарынан бір тәуліктен артықтау уақыт ішінде өтіп болады.

Өңеш- мес қарын кіреберісі мен жұмыршақтың шекарасында жалғасады, сондықтан мал жұтқан азық жентегі, жұмыршаққа да, қарын кіреберісіне түседі. Сақа малда ішкен судың 85-95 пайызы бірден мес қарынға, 15 пайызы жұмыршаққа, 1 проценті қатпаршаққа құйылады.

Өңеш жұмыршақтың түбінде қатпаршаққа дейін созылып жататын, ернеулері шала түйіскен түтікшеге айналады. Оны өңеш науасы деп атайды. Өңеш науасының ернеулерінде ет талшықтары мен нервтер орналасады. Жас төлдер сүт емген кезде өңеш наусының ернеулері бір-бірімен қабысып, сүт пайда болған түтікше арқылы қатпаршақ каналымен бірден ұлтабарға өтеді. Сақа малда өңеш наусының ернеулері қатайып, толық түйіспейді де, жұтылған сұйық  мес қарын мен жұмыршаққа құйылады.

Өңеш наусынң ернеулері рефлекторлы түрде түйіседі. Бұл рефлекстің рецепторлық аймағы  ауыз қуысындаорналасқан. Оны жұту процесін реттейтін орталыққа тепкіш жолдар қамтамасыз етеді. Рефлекс орталығы сопақша мида орналасады. Орталықтан өңеш науасының ернеуіне қозу  толқындары кезеген нерв құрамындағы талшықтармен беріледі.Ему қимылдары өңеш науасы ернеулерінің түйісуін күшейтеді. Сақа малға ас тұзының, натрий сульфатының, қанттың химинның ертінділерін бергенде,өңеш науасының ернеушелері түйісіп, ертінділер мес қарын мен жұмыршаққа түспей, бірден ұлтабарға  өтеді.  Малдың  бұл қасиетін  дәрілер бергенде ескерген жөн.

Қатпаршақ- қой мен ешкіде нашар, ал ipi қарада жақсы да- мыған. Оның  сыйымдылығы  сиырда 7—18 л, қойда —0,3—0,9 л. Қатпаршақтың  iш  жағында онынң  ұзына бойында созыла орналасқан ірілі-кішілі жапырақшалар болады. Олар ipi, орташа, майда, өте майда жапырақшалар болып бөлініп, белгілі ретпен орналасады. Ең  үлкен жапырақшалар арасында бip орташа, ал үлкен және орташа жапырақшалар арасында eкi майда жапырақша жатады. Ал енді осы майда жапырақшалар арасында өте кішкентай төрт жапырақшалар орналасады. Аталған жапырақшалар жиынтығы қуыс сайлар кұрайды. Қой қатпаршағында осындай 8—10 қуыс болады. Қатпаршақ қосымша екшеуіш сүзгі  кызметін атқарады.  Мес қарын мен жұмыршақтан түскен жынның, катты бөлшектері  осы жапыракшалар арасында қалады да, олар одан әpi ұнтакталады, ал ұлтабарға жынның біртекті сұйык бөлігі өтеді. Қатпаршақ  босаңсыған кезде мес қарын мен жұмыршақтан жын сорылады да, ол жиырылған кезде жыннын, сұйык бөлгі ұлтабарға айдалады. Демек, оған сораптық  қызмет тән.

Қатпаршактың, кілегей қабығының беттік кеңістігі өте үлкен, сондықтан онда сору процессі қарқынды журеді: жын кұрамындағы судың  60—70 проценті қатпаршақта сорылады. Углеводтардын, ыдырау өнімдері  ұшпалы май қышкылдарынын, да көп мөлшері осы катпаршакта сіңеді.

Ұлтабар — қарынның  безді бөлігі. Ол кеңейген дене тұлғадан және сопақша созылыңқы жіңіщкерген бөліктен тұрады. Ұлтабардың алдыңғы  бөлігі  қатпаршақпен, арт жағы сүйірлене келіп, аш ішекпен  жалғасады. Оның кілегейлі  қабығы цилиндрлі эпителиймен қапталып, ағзаның, ұзына бойына созылып жататын 11—16 қыртыстар түзеді. Пилорус бөлігінде осы қыртыстар кішірейіп, бұл аймақ тегіс кілегей  қабықпен қапталады.

Ұлтабар бездері  күйіс қайырмайтын малдың  қарнындағы бездерге ұксас. Ұлтабарда сөл бөлу процессі  толассыз жүреді осыған байланысты ұлтабар бездерін  құрайтын клеткалар өте тез жаңарып отырады деген болжам бар. Ұлтабардың сыйымдылығы   койда 1,7—3,3 л, сиырда 8—20 л.

 

3.4 Қарын микроорганизмдері және олардың маңызы

 

Ас қорыту органдарының құрылыс ерекшеліктері  мен онда жүретін күрделі биохимиялык процестер күйic  малына өсімдік  тектес азықтарды тиімді пайдалануға мүмкіншілік  береді.Өсімдік тектес азықтар негізінен  клетчаткалардан тұрады. Ал, сүтқоректілер асқазанынан бөлінетін сөлдердің құрамында осы клетчатканы ыдырататын ферменттер болмайды. Сондықтан клетчатка мес қарынды мекендейтін алуан түрлі микроорганизмдердің  әрекетімен қорытылады.

Мес қарында бұл пайдалы микроорганизмдердің тіршілігі үшін қажетті  жағдайлардың бәрі жасалған. Мес карын жынының кұрамында оттегі  болмайды (анаэробиоз), онда әлсіз қышкылдық, бipaқ тұракты opта (PH — 6,0—7,6) түзіледі. Жын кұрамында көмip кыщқыл газы, метан, азотты cyтегі, күкіртті сутегі сияқты газдар болады да, қарын қуысында жылылық, 39°С шамасында сақталады. Қарынға коректік заттар үздіксіз келіп тұрады және қарын кабырғасының  ерекше өткізгіштік  қасиеттерінің арқасында жын кұрамы тұрақты жағдайда сақталады. Сонымен қатар шыкшыт бeзi сілекейі  толассыз бөлінуі қарында микроорганизмдер тіршілігіне  қажетті  жоғары ылғалдықты туғызады. Miнe, осы аталған жайлар карынның алдыңғы бөліктерінде микроорганизмдердің  өciп- дамуы мен тіршілік  әрекеттерінің жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Карындағы микроорганизмдер төл туған соң, бірінші  күндерде- ақ пайда болады да, олардың қоректену ерекшеліктеріне  және жасына қарай сан мен түр жарынан дами туседі төлдің енесімен 6ipгe өcyi, азык жеуге ерте үйренуін карында микроорганизмдердің пайда болуын, көбейуін тездетеді.

Жас төлдің мес қарнындарындағы микроорганизмдердің көпшілігі үлкен мал қарнында кездеспейді. Төл енелерінен бөлек ұсталған жағдайдың өзінде оның  қарнында сақа малға тән микроорганизмдер пайда бола береді.  Дегенмен, төлдің енесін еміп, бірге өсуі,  мес карында микроорганизмдердің  пайда болуын тездетеді.

Мес қарындағы микроорганизмдердің  жалпы саны мен түрлік кұрамы әр түрлі  факторларға, әcipece мал азыктандыру жарғайларына байланысты. Қалыпты жағдайда қарын жынының бip грамында 1010 шамасында бактериялар болады. Қарындағы мик­роорганизмдер алуан турлі  болғанымен, олар бip-бірімен тығыз байланыста және белгілі  бip арақатынаста болады. Микроорга­низмдердің  бip түрі өciп дамыса, екінші  түpi азайып, өліп, ыдырап отырады. Сондықтан мес қарында тipi микроорганизмдермен ка­тар өлі  микроорганизмдер денесі де кездеседі.

Күйіс  қайыратын малдың қарнында микроорганизмдердің  үш түрі  кездеседі: 1) инфузориялар немесе қарапайымдар, 2) бакте­риялар, 3) уақ саңырауқұлақтар.

Мал қарнында мекендейтін инфузориялар нәжіс  құрамында немесе жайылымда кездеспейді, олар төлдерге  сақа малдан жұғады. Бұл карапайымдар  не жай бөліну, не конъюгация (косылу)  аркылы кебейеді. Бір күнде олар 4-5 ұрпаққа дейін өседі. Сондыктан карын жынының  бip миллилитрінде инфузориялар са­ны 1 миллиардқа жетеді.

Карын жынындары инфузориялар саны желінген азыктың мөлшерi мен кұрамына байланысты. Малды жеммен азыктандырған инфузориялар саны артады. Егер малды азыктандыру жағдайы нашарласа инфузориялар паразитке де айналады. Бұл жағдайда олар өз қорегі үшін  азық  құрамындағы белокты ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар клетчатканы ыдырататын бактерияларды да жұтып, карындағы клетчатканың, қалыпты ыдырауын нашарлатады.

Инфузориялардың азық  қорытудағы рөлі туралы әлі  күнге дейін қалыптаскан пікір жоқ. Көптеген зерттеулерге қарағанда, олар клетчатканы ыдыратуда маңызды рөл атқарады.Өздерінің  іс-әрекетімен  инфузориялар қарын жынын қопсытып, араластырады да, өсімдік  қабығын тесіп, ыдыратады, оның құрамындағы клетчатканы қорытып, сіңіруге жәрдемдеседі. Сонымен қатар олар қиын корытылатын өсімдік белоктарын өз денесі аркылы жануарлар белогына айналдырады.

Инфузориялар мал азықтандыру сапасына өте сезімтал келеді. Қойды аш ұстаған жағдайда үш күннен соң олардың  мес карнындағы инфузориялардың саны күрт азаяды да, төртінші күннен әpi карай олар тегіс жойылып кетеді. Қойды пішенмен азыктан­дыру басталысымен олар кайта пайда болады. Дегенмен, тек  пішен, сабан сияқты азықтар инфузориялар үшін колайлы қорек болып табылмайды. Олардың тіршілігі үшін  протеинге бай азық­тар қажет.

Қарындағы инфузориялар саны малдың  жасына, саулығына карай өзгеріп  отырады. Мес қарындағы қарапайымдардың сандық және сапалық  құрамы мал ауруының  клиникалык белгілері білінбей тұрып-ак өзгере бастайды. Осы тұрғыдан ас қорыту органдарының  ауруын алдын-ала аныктау үшін қазіргі кезде қолданылып жүрген әр түрлі  клиникалык белгілермен қатар инфузория­лар көрсеткішін де пайдаланған дұрыс.

Жаңа туған төл қарнында инфузориялар кездеспейді. Олар төл ipi азық жей бастағаннан кейін пайда болады. Қозы қарнында инфузориялар туғаннан сон, 17-43-73, ал бұзауларда – 19-65 күннен кейін байқалады.

Kүйіc  қайыратын малдың  карнын мекендейтін инфузориялардың өзi бipнeшe түрге бөлінеді. Ipi қара қарнында олардың 60 түpi, қойларда — 30, бұғы мен ешкіде 20 түpi кездеседі. Солардың  ішінде кipпiктi инфузориялар маңызды орын алады. Олардың саны малды пішен және тамыр-түйнектіөсімдіктерден тұратын рационмен азықтандырғанда көбейеді. Малды клетчатка мен белоктарға бай азықтармен  жемдегенде қарында инфузориялардың ipi түрлері, ал рацион кұрамында крахмал молайса, инфузориялардың кiшi түрлері дамиды.

Инфузориялар денесінде түзілген полисахаридтер мал үшін маңызды қоректік зат болып табылады, ал олардың денесіндегі белоктардың биологиялык, кұны өте  жоғары (70 процент) болады   .

Қарындағы бактериялар да көптеген түрлер мен топтарға бөлінеді. Қарын жынының  1 мл 109—1011 шамасында бактериялар болады. Олардың  арасында көп тараған түрлер1 таяқша жэне домалақ (кокк) бактериялар. Бұл бактериялар азық құрамындағы органикалык заттарға әсер етді, оларды ыдырататын ферменттер бөледі.

Азық, құрамындағы коректік  заттардың әр түpi белгілі бip мик- роорганизмдердің  әсерімен ыдырайды. Мәселен, клетчатка бакте­риялар бөлетін  целлюлаза ферментінің әсерімен ыдырайды. Олар алдымен жеңіл ыдырайтын  углеводтар, одан әрі ұшпалы май қышкылдары мен газдар түзеді. Азық құрамындағы крахмал бактериялар белетін амилаза ферментінің әсерімен жеңіл еритін  углеводтарға  айналады. Крахмалды ашытуда негізгі  рөлді домалак, бактериялар — кокктар аткарады. Рацион кұрамында крахмал шамадан тыс көп болған жағдайда карында ашу процесі  күшейіп, сүт қышқылы көп мөлшерде түзіледі  де, жынның кышкылдығы жоғарылайды. Осының салдарынан микроорганизмдер тіршілігіне кажетті  жағдай бұзылып, олардың қызмет — әрекетінің нашарлауы мүмкін.

Өсімдік белоктары қарын бактерияларының әрекетімен амин қышкылдарына және аммиакка ыдырайды. Бұл өнімдерді микроорганизмдер өз денесінің белогын түзу үшін  пайдаланады. Қарында белокка жатпайтын азотты заттар да (мысалы, мочевина) бак­териялардың әсерімен аммиакка ыдырап, аммиак одан api мик- роорганизмдер белогын түзуге пайдаланылады.

Физиологиялык тұрғыдан бактериялардың әpбip түрінің (олардың жалпы саны 150-ге, толық зерттелгендері—50-ге жетеді) өзіндік  касиеттері мен кызметтері  бар. Олар белгілі  бip қоректік заттарға әсер етіп, белгілі  өнімдер түзеді.  Осымен байланысты бактерияларды олар ыдырататын субстраттар, немесе түзілетін  ыдырау өнімдерін түріне қарай жіктейді. Сондықтан қарын бактерияларын мына функциялық топтарға  беледі) Белоктар мен белокка жатпайтын азотты заттарды ыдырататын; 2) Клетчатканы ашытатын; 3) Крахмал мен олигосахаридтерді корытатын; 4) Сүт және янтарь кышкылын ашытатын; 5) Липидтерді (майларды) ыдырататын және т. б.

Месқарында бактериялардың  үш түрлі  популяциясы кездеседі қарын қабырғасына жабысқан, оның, қуысына тек өлі эпителиалдық клеткалармен тусетін бактериялар;  карындағы азыктың бөлшектеріне (түйірлеріне) жабысқан бактериялар; мес қарын жынының сұйығында еркін  тіршілік ететін бактериялар. Аталған бактериялардың бірінші түрі протеаза, дезаминаза, фосфатаза ферменттерін бөліп, белоктарды ыдыратады, уреазалық белсенділік көрсетеді. Бактериялардың бұл түрінің құрамы  тұрақты, олар азықтың сапасына қарай өзгермейді.

Бактериялардың екінші түрі полисахаридтерді көп жинақтайды, ал еркін жүзген бактериялар ерігіш қанттарды шапшаң ыдыратады.

Мес қарын микроорганизмдері  тек азық құрамындағы қоректік заттарды ыдыратып қана қоймай, организм тіршілігіне қажетті көптеген биологиялық қосылыстарды түзуде де зор роль атқарады. Қазіргі кезде мес қарында К дәрмендәрісі мен В тобындағы дәрменділер (биотин,В12  дәрмендәрісі, рибофлабин, никотин және пантотен қышқылдары т.б.) түзілетіні толық дәлелденді.Осымен байланысты күйіс қайтаратын мал В тобындағы дәрумендерге зәру болмайды және рацион құрамы қарында оларды түзу процесіне айтарлықтай әсер етпейді деген пікірлер бар. Дегенмен, мал рационының күрт өзгеруі қарындағы микроорганизмдердің тіршілік әрекетіне қолйсыз әсер етіп, онда жүретін биохимиялық процестерді өзгертеді. Мысалы тек пішенмен ғана азықтандырылып жүрген малды жемнен ғана тұратын рационға көшірсе, қарындағы клетчатканы ыдырататын бактериялардың саны азаяды да, қарын жынының қышқылдығы жоғарылап (рН-4,1-4,7), ас қорыту процесі бұзылады.

Мал рационы құрамында көлемді азықтар басым болса, қарында клетчатканы ашытып, сірке қышқылын түзетін бактериялар саны өседі. Рацион негізінен дәнді дақылдардан құрылса, қарындағы микроорганизмдердің түрлік құрамы өзгеріп, сүт, сірке және басқа да органикалық қышқылдар түзетін органикалық қышықылдар түзетін бактериялар көбейеді. Дегнмен әртүрлі рационда ұсталған малдың мес қарынындағы бактериялар түр жағынан сәйкес келмесе де, жалпы сан жағынан шамалас келеді. Беде мен жемнен тұратын рационмен бағылған мал қарнындағы микроорганизмдерден сабан мен жемнен тұратын рационмен азықтандырылған мал қарынындағы бактериялар түрлік құрамы жағынан әлдеқайда күрделі келеді.

Мес қарында анаэробты уақ саңырауқұлақтар – дрожжилар (ашытқыштар), зең саңырауқұлақтары және сәулелі ұсақ саңырауқұлақтар (актиномициттер) да кездеседі. Олар азық талшықтарына жабысып тіршілік етеді. Уақ саңырауқұлақтар клетчатканы ерітіп, қантты ашытады, гликоген, амин қышқылдарын, В тобындағы дәрумендәрілерді синтездейді.

Қарын микроорганизмдердің саны мен түрлік сипатына рацион құрамындағы крахмалдың сапалық қасиеттері мен белоктың мөлшері де  зор ықпал етеді. Рацион құрамындағы арпа жармасын бұршақ жармасымен ауыстырса, қарындағы бактериялар  саны 2-2,5 есе өсіп, оның домалақ түрі көбейеді. Рационға тым көп мөлшерде қышқыл азықтар араластырылса, қарын жынындағы инфузорилар саны азайып, олардың іс-әрекеті нашарлайды.

Баяндалған жайлар қарын микроорганизмдерінің  саны  мен құрамына мал рационының зор ықпалы болатынын байқатады. Сондықтан күйіс малының азықты дұрыс қорытуы үшін оларды бір рационнан екінші рационға күрт ауыстырмай, бірте-бірте көшірген жөн. Мұндай жағдайда қарын микроорганизмдері азық құрамындағы өзгерістерге бейімделіп үлгереді де ас қорыту процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді.

Қорыта келгенде күйіс малының азықты дұрыс қорытып, тиімді пайдалануы мес қарындағы микроорганизмдердің  құрамы мен олардың тіршілік әрекетіне тікелей байланысты. Сондықтан да рационды дұрыс құру арқылы сол микроорганизмдердің өніп-өсуіне, тіршілік әрекетіне қолайлы жағдайлар туғызып, малдың өнімділігіне тиімді бағытта ықпал жасауға болады. Ол үшін мал рационын құрған кезде оның құрамына кіретін азық түрлерінің қарындағы микроорганизмдерге тигізетін әсерін ескере отырып, бактериялар мен инфузорияларды қажетті мөлшерде қоректік заттармен, әсіресе жеңіл қорытылатын углеводтармен қамтамасыз ету керек. Тек осындай жағдайда ғана қарын микроорганизмдерінің түрлік арақатынасы бұзылмай, ас қорыту, қоректік заттардың ыдырау өнімдерін сіңіру процестері дұрыс жүреді.    

 

3.5 Асқорыту аппараты және оның функциялары

 

Малдардың асқорыту аппараты мыналардан тұрады: қоректік материалды қабылдап, өңдеп және сіңдіреді, қорытылмаған азық қалдықтарын организмнен шығарып тастайды.  Асқорыту аппараты ұзыннан ұзақ қатты иілген трубадан, яғни малдың денесінің алдынан басталып соңына дейін бірісе жіңішке, біресе жуан формадан  тұрады. Бұл трубаның қабырғасы кілегей, мускулды және біріккентканді  қабықшалардан құралған.

Кілегей қабықша трубканың ішкі жағында орналасқан. Біріккентканді  қабықша оның сыртқы жағынан орналасқан. Мускулдік қабықша кілегей және біріккентканді қабықша екеуінің ортасында терең орналасқан. 

 Мускулдік қабықша  асқорыту жолындағы қоректі кезегімен трубканы қеңейту  және тарылту арқылы жылжытып отырады.

 Ішек трубкасының қабырғалары қанжүргізуші сосудтармен нерівтік жүйелерден және  нервтік клеткалардан тұрады.

 Асқорыту аппараты келесі бөлімдерден тұрады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, азқазан, аш ішек бөлімі, тоқ ішек бөлімі.

 Ауызқуысы және жұтқыншақ. Ауыз қуысы асқорыту трубкасының басы болып есептеледі, яғни  қоеректенуге және тамақты өңдеуге қызмет етеді. Еріндер азықты сезу және қабылдауға арналған. Жылқы, қой, ешкілердің еріндері қозғалғыш болып келеді, ал іріқаралардың еріндірі -дөрекі және жәй қозғалғыш болады. Ірі қаралардың үстіңгі  еріндері жүн қабаты болмайды сондықтан оны танауерін айнасы деп аталды.

 

5-сурет. Күйіс қайыратын малдың асқазаны: а және ь – қарынның жоғарғы және төменгі қалтасы,  а-сетка,  с-кітапша.

 

Ауыз қуысының жақ қабырғалары малдың  беті болып есептеледі.  Еріннің бұрыштарында, бет жақтарында сілекей бездері орналасқан. Ауыз қуысында таңдай, тістер және тіл орналасқан.

 Тістер, атқаратын қызметіне қарай  бiр-бiрiмен қатты ерекшеленеп, келесі тістерден тұрады, алдыңғы тістер, ортаңғы тістер, шеткі тістер, сойдақ  және тамырлы тістер.

 Күйіс қайтаратын малда 8 кескіш яғни алдыңғы  төменгі жақта және тамырлы 24 тістен тұрады. 

 Уақыт келе тістер қажалып малдың жасын сол арқылы анықтау тәжірибеде қолданылады.

 Тіл көптеген мускулалардан(бұлшық ет) тұратындықтан өте сезімтал және қимылдағыш болып келді. Тіл қабылданған азықты ауыз қуысының бір бөлігінен екінші бөлігіне: жоғары, төмен әрілі-берілі жылжуына әсер етеді. 

 Ауыз қуысындағы таңдай қатты және жұмсақ болып бөлінеді. Азық ауыз қуысында тіспен үгітіледі, шайналады және сілекеймен араласады. Ауыз қуысындағы негізгі сілекей бездері мыналар: шықшыт безі,  алқым безі, тіл асты безі. Сілекей қышқыл реакциялы созылмалы сұйықтықтан тұрады. Сілекейдің бөлінуі ауыз қуысы кілегей қабықшасының тітіркенуінен пайда болады.

Қабылданған азық ауыз қуысынан жұтқыншаққа келіп  түседі. Азықты жұту  бірмезетте қоректің жұтқыншаққа жылжуын  және көмейге ауа өтуін қамтамасыз етеді. Азық жұтқыншақтың кілегей қабықшасының көмегімен   жеңіл түрде азқазанға қарай  ұзына бойы қатпарланған жолмен жылжыйды.

Асқазанда жемшөп алғашқы химиялық өңдеуден өтіп өз кезегінде ішекте жалғасын табады. Азқазан бездерінің әсерінен бөлінген сөл ақуыздарды ыдыратады.

Асқазан. Жылқы, шошқа және ет қоректілердің азқазаны бір камерадан, күйіс қайыратын малдардың асқазаны бірнеше камерадан тұрады.

Күйіс қайыратын малдардың азқазандары - ірі мүйізді қараның, қой, ешкі- төрт камераға бөлінеді олар: қарын, тор қарын, кітапша, ұлтабар.

Қарын ешқандай безсіз  ең үлкен камерадан тұрады.

Сетка(тор қарын)қарынмен жалғасып қітапша қарын екеуін біріктіреді.

Кітапша қарынның сол жағында орналасқан.  Азық қорытылу барысында кітапшадан шығып ұлтабарға барады.   

Ұлтабар азқазанға сәйкес өзінің бездерінен тұрады. 

Қарында  қатты клетчаткалы азықтар ісініп жұмсарадыда оның аз мөлшердегі көлемі ериді.  Осы жерде азыққа ферменттер әсер етеді, яғни химиялық өңдеуден өтіп ас қорытуды  жылдамдатылып ашу процесі жүреді.

Қарында клетчаткалар ыдырайды. Қарындағы азық өңделу үшін жәй микрорганизмдердің ықпалы жоғары. Бұл микроорганизмдер азықпен бірге қарынға түседі. Табиғатта олардың 33 –тен көп түрі кездеседі. Жемшөпте  неғұрлым белоктар көп болса, қарында соғұрлым микроорганизмдер көптеп кездеседі.

Қарыннан кекіру арқылы азықтар қайтадан ауыз қуысына келіп сілекеймен өңделіп қайтадан екінші рет шайналады. Осылайша шайнау арқылы азықтар майдаланады.

Сұйық немесе жақсы майдаланған азықтар қабылданғаннан кейін қарынға, сеткаға, кітапшаға түседі. Ірі, майдаланылмаған азықтар қарында қалып әріқарай өңделеді.

Сұйықтықтар бірінші қарынға сосын сеткаға одан кейін ұлтабарға түседі. Кітапша қарынның негізгі атқаратын қызметі ұлтабарға өңделмеген азықты жібермеу. Ұлтабарда азық азқазан бөлген сөлмен соңғы рет өңделедіде аш ішекке түседі.

Ішек.  Ішекте ас қорыту тоқтатылып төтенше әрі маңызды  сіңу процесі басталады.  Бұл процес ішекте  орналсқан эпителия жасушаларының арнайы көмегімен іске асады. Азықтың қорытылуы және сіңуі негізінде аш ішек бөлімінде, яғни он екі қарыс, жіңішке, мықын ішектер болып бөлінеді. Аш ішек бөлімінде азықтың қорытылуы  ішек қабатыннан және азқазан асты безінен бөлінген сөл,  бауырдан келген өт арқылы жүреді.

Бауырдан өттің бөлінуіне байланысты азықтағы май қышқылдары ертіндіге айналады. Май қышқылдары еріген кезде ағзаға жеңіл сіңеді.

 

3.6 Азықтың қоректік заттарының мал организмінде қорытылуы

 

Ас қорытудың маңызы. Азықтың қоректік заттары мал организмінің тіршілік әрекетіне қажетті пластикалық (құрылыс) материалы мен энергияның (қуаттың) көзі болып табылады. Жемшөптегі қоректік заттар мал организміне жай ғана ауыса салмайды. Жануар денесінің кұрамына енбестен бұрын азықтың қоректік заттары - белоктары, майлары мен углеводстар едәуір өзгерістерге ұшырайды. Малдың бойына сіңіп, денесіне тарауы үшін олар организмде азықтағы күрделі түрінен қарапайым, қанның күрамындағы қоректік заттарға ұқсас сіңімді түрге айналуы керек. Бүл міндетті асқазан атқарады. Азықтың қоректік заттары асқазанда әр түрлі физиологиялық, биохимиялық, микробиологиялық құбылыстардан өтеді, әр түрлі ферменттер бар ас қорыту бездерінің (сілекей, қарын, ішек, үйқы безі т.б.) бөлген шырыны әсерінен өңделеді. Ферменттер азықтың күрделі органикалық заттарының қарапайым және жеңіл сіңетін түріне бөлшектенуін тездетеді, олардың бірі - белокты, екіншісі - майды, үшіншісі - углеводты ыдыратады. Соның нәтижесінде азықтың кұрделі заттарынан клеткаға сіңіріле алатын кіші молекулалы заттар - қарапайым қанттар, бос күйінде жүрген амин қышқылдары, глицерин, май қышқылдары түзіледі. Олар ерітінді күйінде ішектің қабырғасы арқылы сорылып қанға түседі де, бүкіл организмге тарап, қүрамы мен сапасы жағынан жемшөптегіден мүлде ерекше заттарды, мал өнімдерін- ет, сүт , жүн т.б. қүрайды.

Ауыз қуысында астың қорытылуы. Ауыз қуысында азықтың қорытылуының бірінші кезеңі басталады. Азық ауыз қуысында тіспен үгітіледі, шайналады және сілекеймен араласады.

Жылқы мен шошқа азықты қабылдағаннан кейін үзақ уақыт мұқият шайнайды. Күйіс қайыратын малдар азыкты қабылдағанда үстірт қана шайнайды. Бұл үстірт шайнау кейін мұқият күйіс қайырғанда толықтырылады.

Шайналған азық сілекеймен ылғалданады. Малдың ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінің өзегі келіп ашылады. Шықшыт безі суы мен минералдық заттары мол сұйық сілекей (секрет) бөліп шығарады. Алқым безі шырышты зат-муцины мол және тұзы кем сілікей бөледі, тіл асты безі тұзы мол, кілегейленген зат араласқан сілекей бөледі. Бүл бездерден басқа ауыз қуысының кілегейлі зат жасап шығарылытын көптеген үсақ бездер болады.

Сілекейдің маңызы алуан түрлі. Ол шайналган азықты ылғалдайды және азық жентігінің қалыптасуында зор роль атқарады, азықты сілекей орап алып оның жүтылуын жеңілдетеді. Жұтылған азық өңеш арқылы қарынға барып түседі.

Күйіс қайыратын малдың қарнында астың қорытылуы. Күйіс қайыратын мал эволюциялық өсу жолында ылғи ірі, көлемді азықтармен қоректенгендіктен асқазаны да сондай азықтарды қорытуға бейімделген. Оның қарыны көп камералы болып: үлкен қарын, жұмыршық қарын, ұлтабардан түрады. Бұлардың ішінде тек үлтабар ғана нағыз қарын деп саналады, себебі оның ішкі кілегей қабатында бездер болады. Қалған бөлімшелерінің ішкі қабатында ас қорыту бездері болмағандықтан, оларды қарын алдындағы бөлімшелер деп атайды.

 

6-сурет. Малды азықтандыруға дайындалатын жүгері сүрлемі

 

7-сурет. Ірі қара малдарды жайылымда азықтандыру

Қарынның алдыңғы бөлімдерінің ішіндегі ең көлемдісі - үлкен қарын. Ірі азықтардың қүрамындағы қоректік заттарды, әсіресе клетчатка мен амидтерді (протеинді) қорытуда үлкен қарынның атқаратын қызметі ерекше. Үлкен қарында жай көзге көрінбейтін миллиондаған микроорганизмдер (бактериялар, инфузориялар, грибоктар) болады. Олар қоректенуі үшін жемшөп қабықтарын (клетчатканы) бұзып ыдыратады. Соның нәтижесінде клетчатка жұмсарып, босайды да, ферменттердің әрекетіне бейімді, қолайлы түрге ауысады, жақсы қорытылады. Міне сондықтан да бір бөлімдіге қарағанда, қарыны көп бөлімді мал ірі азықты (пішен, сабан т.б.) едәуір жақсы пайдаланады.

Қарында тек клетчатка ғана ыдырап, ашу процесіне ұшырап қоймайды, сондай-ақ крахмал, қант және басқа да заттар ашиды, оның өзі көп мөлшерде кіші молекулалы- сірке, пропион және май қышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бүл қышқылдар қарынның қабырғасы арқылы сорылып қанға өтеді де, гликоген түзілетін бастапқы материалға айналады. Үлкен қарындағы микроорганизмдердің екінші бір қасиеті олар өз денесінің белогын түзу үшін тіршілік процесінде қарынға түскен қоректік заттарды, атап айтқанда амидтердің азотын пайдаланады. Бұдан соң олар азықпен бірге араласып, жылжып ұлтабарға түсіп, ішекке барады да, онда қолайлы жағдай болмағандықтан қүрып, өмір сүруін тоқтатады. Ал олардың денесінің белогы жай, азық белогына үқсап қорытылады да, мал организмнің белогын толықтыруға жұмсалады. Күйіс мал рационында синтетикалық азотты заттарды (карбамид, аммоний сульфаты, аммиак суы т.б.) пайдалану осы процеске негізделген.

Үлкен қарындағы азық микроорганизмдермен бірге, қарынның алдыңғы бөлімдерінің қимыл-қызметі нәтижесінде, ұлтабарға өтеді де, онда қарын сөлімен араласады. Ұлтабардың сөлінде тұз қышқылы мен ферменттер пепсин және химозин болады. Пепсин азық белогын ыдыратады, химозин сүттің казеинін ірітеді.

Ішекте астың қорытылуы. Ұйқы безінің және өттің ас қорыту қызметі. Қарында түзілген қоймалжың азық ботқасы - химус, қарынның жиырылуынан бөлініп- бөлініп он екі елі ішекке өтеді, бұл жерге ұйқы безінің және бауырдың сөлін сыртқа шығару өзектері де келіп ашылады.

Ұйқы безінің сөлі мөлдір, реакциясы сілтілі болады. Онда белоктарды, майларды, углеводтарды қорытуға көмектесетін ферменттер бар. Ферменттердің белокқа әсер етуі қарында басталған белоктардың ыдырауынан (айырылуынан) амин қышқылдарының түзілуімен аяқталады. Ұйқы безінің сөлінде болатын амилаза мен мальтаза ферменттері крахмал мен гликогенді глюкозаға дейін ажыратады. Ұйқы безінің липаза ферменті майда глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады.

Бауырдың өті ұйқы безінің және ішек сөліндегі липазаның әсерін күшейтеді, өттің құрамындағы сілті майды ұсақ түйіршіктерге бөліп (эмульсиялайды) оның қорытылуын жеңілдетеді. Өт углеводтарға әсер ететін ферменттердің белсенділігін арттырады. Ащы ішектегі астың қорытылуы мен сіңірілуі. Ішек сөлінің реакциясы сілтілі келеді. Онда белокты, майды және углеводты ыдырататын ферменттер болады. Ішек сөлінің құрамы азықтың сипатына қарай өзгеріп тұрады, егер малдың азығында белок көп болса, онда сөлдің құрамында белокты айыратын ферменттер көбейеді, азықта углевод көп болса, углеводқа әсер ететін ферменттердің мөлшері артады.

Азықтың ащы ішек бөлімінде қорытылуының нәтижесінде, ол біртекті азық ботқасына- химусқа айналады.

Ас қорыту өнімдері, су, минералдық заттар бүкіл ас қорыту жолының бойымен сіңіріледі. Алайда, сіңіру үшін ең қолайлы жағдай ащы ішекте болады.Ең алдымен бұған ішектің ұзындығының себі тиеді.

Тоқ ішекте астың қорытылуы. Азық женшігінің қалдығы бүйенге және тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішекте сөл аз бөлінеді. Онда ащы ішек сөліндегідей ферменттер болады, бірақ олардың мөлшері аз және активтігі кемірек келеді.

Шөп қоректі жануарлардың тоқ ішегінде орналасқан азықтың женшігінде қоректік заттар әлі де жеткілікті болады. Бұл негізінен, олық ыдырап айырылмаған клетчатка мен қоршап тұрғандықтан ферменттердің әсер етуімен аман қалған клетчатканың ішіндегі заттары. Сондықтан тоқ ішекте ас қорыту процесі әлі тоқтамайды. Тоқ ішектің баяу қозғалу қызметінің нәтижесінде азық жентігі мұнда үзағырақ болады. Осы жерде белок шіри бастайды, май ашиды және ыдырайды. Азықтың қалдығына микрофлора әсер еткенде тоқ ішекте қышқылдар мен газ тәріздес әр түрлі заттар: күкіртті сутегі, көмір қышқыл газы, метан т.б. түзіледі. Белок шірігенде улы заттар: креозол, фенол, индол, скатол түұзіледі. Бұл заттар бауырда зарарсызд андырыл ады.

Қарынның моторлық (қимыл) қызметі. Қарын қабырғасының жынды араластыруға, ішекке қарай жылжытып, қарынан ішекке қарай өтуіне(эвакуация) мүмкіндік беретін қимылдарының жиынтығын моторика немесе қарын қимылы деп атайды. Ол қарын қабырғасының талшықтары үщ бағытта орналасқан етті қабығының әрекеттерімен байланысты.

Ашқарын жағдайда қарын қабырғасының етті қабаты ширығу (тонус) жағдайында болады. Аштық ұзаққа созылған жағдайда әрбір 60-90 минут сайын 20-40 минут бойында қарын оқтын-оқтын жиырылып отырады. (аштық мезгіл). Осы жиырулар гумаралдық факторлармен қабаттасып  аштық түйсігін күшейтеді, азық берілгенге дейін мезгіл-мезгіл қайталанып отырады. Азық беру үстінде және азықтандырған соң қарын босаңсиды  да 20-40 минуттан кейін (азықтың түріне қарай) оның жиырылуы, әсіресе қарынға кіре берісте (антральдық бөлікте) күшейеді.

 Қарын қабырғасының етті қабығның әр түрлі қабаттарының өзара әсерлерімен байланысты қарында түрлі жиырулар байқалады. Солардың ішінде негізгілері ширықпа(тонус), перистальтикалық және систолалық жиырыулулар.      

Перистальтикалық  жиырылу бір фазалы  төменгі амплитудалы, минутына 3-4 рет қайталанатын сипатындағы жиырылу. Ол етті қабықтың сақинаша қабатының әрекетінен туындайды. Әрбір жиырылу толқыны 5-20 секундқа созылады.

Ширықпа жиырылу етті қабықтың бойлама және қиғаш қабаттарының толқын тәрізді жиырылуынан туындайды. Ширықпа жиырылу толқындары күштірек, ұзағырақ, минутына 2-4 рет жиілікпен қайталайды да, әрбір толқын 15-30 секундқа созылады. Аталған жиырылу толқындары қарын қусындағы қысымды жоғарылатып,  жынның қарын сөлімен араласуына жағдай туғызады. Қарынның орта тұсында жын араласпай, тығыз күйінде жатады.

Систолалық жиырылу қарын кіреберісінде басталып, 60 секундқа дейін созылады. Ол қарын қуысындағы  қысымның жоғары кезінде туындайды,  жынның  белгілі бір бөлігін ішекке өткізеді.

Қарынның жиырылуы баллонографиялық, ренгенографиялық, электромиографиялық әдістермен зерттеледі.

Қарын қимылдарының реттелуі. Қарынның бірыңғай салалы еттерінің қызметі қабырғалық (интрамуральдық) және қабырғадан тыс (экстрамуральдық) тетіктермен реттеледі. Қабырғалық реттеу тетігін    Ауэрбахов(етті қабықта орналасқан) және Мейснер (кілегей асты қабықта орналасқан) өрімдері қамтамасыз етеді. Осы өрімдердің әрекетіне сәйкес қарын қабырғасы өздігінен (автоматты түрде) жиырыла алады. 

Экстамуральдық реттеу тетігін парасимпатикалық және симпатикалық нерівтер қалыптастырады. Қарын мен ұлтабар ұшынан орталыққа (сопақша және ортаңғы ми) қозу импульстері кезеген нерв пен құрсақтық симпатикалық нерв арқылы беріледі. Қарынға орталықтан қозу толқыны кезеген нерв арқылы берілсе, қарынның жиырылуы күшейеді. Симпатикалық нерв қарынның жиырылуын әлсіретеді.

Қарынның жиырылуы гумаральдық  жолменде реттеледі. Гастрин, гистамин, холин, ацетилхолин, калий иондары қарынның жиырылуын күшейтсе, энтерогастрин, адреналин, норадреналин, кальций иондарын - әлсіретеді. 

Жынның қарынан ішекке өтуі (эвакуация). Құрамы мен консистенциясына қарай қарында қабылданған азық 4-10 сағат сақталады. Углеводтарға бай азық ішекке жылдамырақ түседі, одан кейінгі орындарды белоктар алады да, майлар өте баяу өтеді. Жақсы майдаланған азық ірі азықпен салыстырғанда қарында азырақ бөгеледі.

Қарынан ішекке жын жеке-жеке бөлікпен өтеді. Ол пилорус қысқышының ашылып –жабылуып тұруына байланысты. Бұл құбылысты пилорус рефлексі деп атайды. Қышықыл қарын сөлін сіңірген жын пилорус аймағына өткен кезде тұз қышқылы сезімтал нерв ұштарын тітіркендіріп, рефлекторлы түрде қысқышты аштырады. Қарынның жиырылуынан ішекке өткен қышқыл жын ұлтабар ұшының рецепторларын тітіркендіріп, пилорус қысқышын жабады. Ішекке өткен жын бейтаратанып болғанша қысқыш жабық күйінде қалады. Осыдан кейін процесс қайта басталады. Пилорус қысқышы майдың әсерінен де жабылады, сондықтан майлы азық қарында ұзақ бөгеледі.

Жоғарыда баяандалған қарын қызметтерін қамтамасыз ететін физиологиялық тетіктер барлық түліктерге ортақ заңдылықпен әрекет етеді. Дегнмен де, малдың азықтану ерекшеліктеріне, қарынның көлемі мен оның кілегей қабығының құрылысына байланысты қарын қызметінде өзгерістер болуы мүмкін. Осымен байланысты жеке түліктер қарындағы ас қорыту ерекшеліктеріне тоқталған жөн.

Рациондағы қоректік заттардың арақатынасы. Протеиннің қорытылу дәрежесі рациондағы басқа да қоректік заттардың аз-көбіне байланысты. Мысалы, рационда углевод көбірек болса, басқа да қоректік заттардың, оның ішінде протеинннің қорытылуы кеміп, углеводтың қорытылуы арта түседі. Мұндай құбылыстың сіңім депрессиясы (организм мен тканьдер қызметінің нашарлауы) деп айтады. Қоректік заттардың көп не аз болуы олардың қорытылуына кері әсерін тигізеді.

Азық рационындағы азотты заттардың пайдалы коэффициентінің төмен болатыны протеиннің мөлшері мен сапасына байланысты. Рациондағы протеиннің мөлшері азайған сайын, оның қорытылуы мен сіңімділігі де кеми береді.

Сауын сиыр рационындағы қанттың протеинге қатынасы 1:1-1,5 яғни 1 бөлік қорытылатын протеинге 1-1,5 бөлік қант болуы керек, сонда қоректік заттар жақсы пайдалылады.

Негізгі минералдық элементтер - кальций, фосфор, натрий, калий рационда нормадан кем болмағаны жөн. Сонымен қатар бұл элементтердің бір-біріне арақатынасы да түзу болуы шарт. Мысалы сауын сиырдың рационында қышқылды элементтердің сілтіге қатынасы 0,8-1,0-ден, ал фосфордың кальциге қатынасы 0,6-0,8-ден аспауы керек, сонда ғана қоректік заттардың қорытылуы бірсыдырғы жақсы өтеді.

Азық рационында белгілі бір мөлшерде майлы заттардың да болуы шарт, олар жемшөптің дұрыс қорытылуына, сіңуіне зор әсерін тигізеді. Мысалы, сауын сиырдың рационындағы майлы заттардың мөлшері құрғақ затқа шаққанда 3-5 пайыздай болуы керек. Майлы заттармен бірге организмге майда еритін - А, Д, Е, К виаминдері түседі.

Рациондағы азықтардың құрамы. Көктемгі, жазғы жайылым шөптердің қоректік заттары мал организміне жақсы сіңеді. Сиырға жүргізген тәжірибеде бұндай рациондағы органикалық заттары 72-78 % қорытылған. Ірі азыққа бай қысқы рационның органикалық заттарының қорытылу коэффициенті небары 60-65%.

Осы рационға сүрлем мен азықтық қызылшаны қосқанды, органикалық заттардың қорытылу коэффициенті 65-70% болған. Яғни рационның қүрылымын жақсартып, оған сапалы ірі азық пен сүрлем, қызылша мен жем қосу арқылы қоректік заттардың қорытылуын 10-15% арттыруға болады. Күйіс қайыратын малдың негізгі ірі азығында клетчатка көп: пішенде 25-35%, сабанда 40-45%. Осы ірі азықтардың жақсы қорытылуы үшін үлкен қарындағы микроорганизмдердің өсіп-жетілуіне жағдай туғызу қажет. Сондықтан рационда белокты, углеводты және минералды азықтар жеткілікті болуы тиіс. Сүрлемді малға көп бергенде үлкен қарында қышқыл көбейеді де, микроорганизмдер әлсіреп, шығын болуы мүмкін. Үлкен қарында бейтарап реакция болуы шарт. Сондықтан қантты заттар аз сүрлемді малға көп мөлшерде бергенде, оған қосымша қант қызылшасын немесе жем беру (1 кг сүрлемге 70г мөлшерінде) керек.

Дер кезінде және жақсы шабылған пішенді, жақсы сақталған тамыр -жемістілерді, сүрлемді мал ағзасы жақсы сіңіреді.

 

3.7 Азықтың негізгі қоректік заттары және олардың маңызы

 

Мал азығының қүрамына кіретін қоректік заттар өздерінің қасиетіне қарай әр түрлі болып келеді. Ғылыми түрғыдан олар химиялық қасиеті мен биологиялық ролінің үқсастығына қарай топтастырылып зерттеледі. Сол қоректік заттардың топтарына мыналар жатады: белоктар (протеиндер), майлар, углеводтар (органикалық заттың басым көпшілігі осы үшеуінің үлесіне тиеді), минералдық элементтер мен витаминдер.

Белоктар (протеиндер). Азықтың азотты қосылыстары протеин деп аталады. Протеин екі топтан - құрамы жағынан өте күрделі қосылыс -белоктардан және ең қарапайым азотты заттардан амидтерден құралады.

Белок - күрделі молекулалы азотты органикалық қоректік зат. Мал организмі, өнімі жемшөп белогынан түзіліп, құралады. Әрбір тірі клетканың құрамы белок жиынтығынан тұрады. Атап айтқанда, ол тірі протоплазманың негізі болып саналады. Ф.Энгельстің «Белок жоқ жерде тіршілік жоқ» деген тұжырымды сөзі осының айғағы. Әрине, әрбір организмнің тіршілік етуі үшін белоктан басқа да заттар: су, минералдық тұздар, углеводтар, май, майға ұқсас заттар, витаминдер тағы басқа заттар керек. Дегенмен, организмдегі барлық процестер мен құбылыстарға араласып, шешуші роль атқаратын белок және оның туындылары, сондықтан оларды негізгі тіршілік арқауы деп атайды.

Құрамында белогы бар қоректік заттардың орнын белогы жоқ басқа қоректік заттар баса алмайды, өйткені ол бүкіл организмді құрайтын жаңа клеткалар мен ұлпалар және малдың өнімін құрауға жұмсалатын бірден-бір маңызды органикалық қосылыс.

Құрғақ затқа шаққанда белоктың элементарлық құрамы төмендегідей (процент есебімен):

Көміртегі               -        50,6-54,5

Оттегі                     -        21,5-23,5

Сутегі                     -        6,5-7,3

Азот                       -         15,0-17,6

Күкірт                    -        0,3-2,5

Фосфор                  -        0,4-0,9

Белоктар физикалық-химиялық қасиетіне, суда немесе басқа еріткіштерде еритініне қарай жай және күрделі белок болып екі топқа бөлінеді.

 

Мал организмінде атқаратын ролі, маңызы жағынан амин қышқылдары

екі топқа бөлінеді:

Бірінші топ                                                Екінші топ

Глицин                                                      Лизин

Серин                                                        Метионин

Аланин                                                     Триптофан

Цистин                                                      Лейцин

Пролин                                                     Изолейцин

Тирозин                                                    Феналаланин

Цитрозин                                                  Треонин

Аспарагин қышқылы                               Валин

Глютамин қышқылы                                Гистидин

 

Мал азықтарының құрамында жай белоктардың мөлшері басым. Ал жай белоктардың өзі амин қышқылдарынан құралады. Жемшөптің белогы мал организмінде асқазан шырынының әсерімен өзінің алғашқы құрамына -амин қышқылдарына ажырайды. Ажыраған амин қышқылдары қан арқылы денеге тарап, мал организмінің белогын құрайды. Сондықтан азық рационын жасағанда жемшөптегі белоктың амин қышқылы құрамына аса көңіл бөлу керек.

Бірінші топтағы амин қышқылдары рацион арқылы мал организміне барған азотты заттардан жеткілікті мөлшерде түзіледі, сондықтан оларды алмастыруға болатын амин қышқылдары деп атайды.

Екінші топтағы амин қышқылдары малдың организміне өте қажетті, бірақ оларды шошқа мен құстың организмі өздігінен түзе алмайды, ал кейбіреулерін (аргинин, гистидин) түзгенімен де олар жетіспейді. Осыған байланысты екінші топтағыларды алмастыруға болмайтын амин қышқылдары деп атайды. Енді осы маңызды амин қышқылдарының организмдегі физиологиялық роліне қысқаша тоқталайық.

Лизин – организмге өте қажетті деп саналатын белок-нуклеопро-теидтердің түзілуі үшін керек және ол сперматозоидтың (аталық жыныс клеткасы) белогы құрамына кіреді. Азық рационында лизин жетіспесе малдың өнімділігі төмендейді, сүті азаяды, жүні ажарсызданып құрғайды, денеде азоттың алмасуы бұзылып, азық жеуі нашарлайды. Астық тұқымдас өсімдіктердің белогында бұршақ тұқымдастарға қарағанда лизин біршама аз болады.

Триптофан - қанның гемоглобині мен никотин қышқылын құрау, малдың сүтейіп, өсіп-өнуі үшін керек. Көптеген өсімдік тектес азықтарда триптофан жеткіліксіз болады да, малдың оған деген қажеті толық өтелмейді. Рационға никотин қышқылын немесе мұндай қышқылы мол азық қосылса, онда мал тирптофанды онша көп керек етпейді.

Метионин - организмнің жедел жетіліп, жүннің көбеюіне әсер етеді. Зат алмасу процесінде метионин серинге, цистинге, холинге, креатининге т.б. заттарға айналады. Метиониннің жетіспеушілігі бауыр мен бүйректің қызметін нашарлатады. Бірқатар жемшөптің протеинінде метионин жетіспейді.   Мұндай   жағдайда  рационға  қосымша  холин   немесе   химия өнеркәсібі көптеп шығара бастаған жасанды метионин берілсе, организмдегі азоттың алмасуы жақсарып, малдың өнімділігі арта түседі.

Лейцин - плазма мен ұлпалардың белогын түзу үшін қажет. Лейциннен каротиноидтер, холестерин, ацетил тағы басқа заттар құралады. Лейцин жетіспесе организмдегі азоттың алмасуы нашарлайды.

Изолейцин - зат алмасу процесінде лейцинмен және валинмен байланысты, холестерин мен керотиноидтерді құруға қатысады. Изолейцин жетіспесе мал арықтап кетеді.

Валин - нерв жүйесінің бір қалыпты қызмет етуі үшін қажет, керотиноидтер  мен холестериннің алмасуына қатысады. Ол жетіспеген жағдайда малдың айналма ауруына шалдығуы мүмкін.

Фениналанин - тирозин және адреналин мен тироксин гормондарын түзіп, меланиндерді құрауға қатысады. Фенилаланин жетіспесе алқым безі мен бүйрек безінің қызметі бұзылады.

Треонин - изолейцинмен бірге азықтың амин қышқылдарын сіңіруге қатысады. Ол жетіспеген күнде мал арықтап, организмдегі азоттың алмасуы нашарлайды.

Құрамында осы аталған алмастыруға болмайтын амин қышқылдарының барлығы жеткілікті мөлшерде болатын белокты құнарлы белок дейді. Ал құрамында алмастыруға болмайтын амин қышқылдарының кейбіреуі жоқ болса немесе мөлшері аз болса, ондай белокты құнарсыз белок деп атайды.

Жемшөптің немесе рацион белогының биологиялық құнарлылығы деп - малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.

Сүттің, іркіттің, ет және балық қалдықтарының белокторы биологиялық жағынан аса құнды болады (75-90%). Картоптың (70-85%), көк шөп пен сүрлемнің (75-80%), беде мен жоңышқа пішенінің (80%), астық тұқымдас дақылдардың дәні, зығыр мен мақта күнжараларының (60-70%) белоктары да биологиялық жағынан біршама құнды келеді. Азық рационындағы белокта алмастыруға болмайтын амин қышқылдары нормадан аз болса, организмге керекті белоктың мөлшерін түзу үшін сонша азық, яғни жетіспеген амин қышқылдарының орны толғанша артық жүмсалады. Ғылыми деректерге қарағанда, құрамында 33 г белогы бар 1 кг сүт түзуге қажетті қорытылатын протеиннің мөлшері, оның биологиялық құндылығына қарай әр түрлі болады. Егер протеиннің биологиялық құндылығы 40 процент болса, 1 кг сүт түзуге мұндай протеиннен 82 г, 50 процент болса - 66г, 60 процент болса - 56 г, 70 процент болса - 48 г, 80 процент болса - 41 г керек. Яғни протеиннің құндылығы 80 процент болғанда, 1 кг сүт түзуге жұмсалатын протеиннің мөлшері, оның құндылығы 40 процент болғандағыдан екі есе аз.

Кейбір азықтарды екінші бір азықтармен қосып жегізсе, белоктардың қоректілігі артуы мүмкін. Сондықтан да малға берілетін рационның әр түрлі азықтардан құралуы тиіс.

Өнеркәсіп даяр қоспалар - құрама азықтар жасап шығарады. Өз құрамындағы жеке азықтармен салыстырғанда, бұлардың қоректілігі де жоғары болады. Қазіргі уақытта ауыстыруға болмайтын бірқатар амин қышқылдарын заводтарда синтездеу жолымен алады. Олар мал рационына бағалы қосымша ретінде енгізіледі.

Толық құнды белоктар өсіп келе жатқан, буаз және сүт беретін жануарлар үшін өте қажет, өйткені организмдердің мұндай күйінде белоктық заттардың алмасуы күшті жүреді.

Мал организміндегі белоктық алмасудың дәрежесі мен бағытын азот балансы бойынша анықтауға болады. Организмге азықпен бірге енген азот мөлшерінің сүт, нәжіс және зәрмен шығарылған азот мөлшеріне қатысын азоттық баланс деп атайды. Егер организмге азықпен енген азоттың мөлшері сүтпен, зәрмен және нәжіспен бірге шығарылатын азот мөлшеріне тең болса, онда сөз азоттық тепе-теңдік жайында болады. Мұндай жағдай ұдайы азық режимінде тұрған және ылғи жұмыс істейтін жануарларда болады. Егер белок организмге енген мөлшерінен кем ыдыраса, онда азоттық баланс дұрыс болғаны. Бұл өсіп келе жатқан организмге тән жағдай. Керісінше, организмнен шығарылатын азоттың мөлшері организмнің қабылдаған мөлшерінен көп болса, азоттық теріс балансты сипаттайды. Бұл - мал ауруға ұшырағанда, қартайғанда, қажетті кейбір амин қышқылдары организмде жоқ болғанда, т.б. жағдайларда байқалады.

Амидтер - таза белокқа жатпайтын, бірақ құрамында азоты бар заттар. Осы азотты күйіс қайтаратын малдың үлкен қарнындағы микроорганизмдер пайдаланып, өз денесінің белогына айналдырады, бұдан соң олар азықпен бірге ішке жылжып, онда қолайлы жағдай болмайтындықтан сол жерде өліп, олардың денесінің белогы жай белокқа ұқсап қорытылады да, мал организмінің белогын толықтыруға жұмсалады. Міне, сондықтан да кейінгі кезде күйіс қайтаратын малдың рационындағы протеиннің кемістігін толықтыру үшін химиялық жолмен алынған жасанды амид-карбамид кеңінен қолданылуда.

Амидтерге жай, қарапайым аммоний қосындылары мен мочевинадан (карбамид) бастап, мейлінше күрделі алкалоидтарға дейін әр түрлі заттар жатады. Бұлар суда жақсы ериді. Амидтер балғын, көк шөпте көп болады, ол қатайған сайын азайып, кемиді.

Амидті азотты заттар белоктың ажырау процесінде де пайда болады. Мысалы, сүрленген жемшөпте белок амидке, амин қышқылдарына дейін ажырайды. Тамыр түйнекті азықтарда амидтің мөлшері едәуір, жалпы протеиннің 50 процентіне дейін құрайды. Амидті заттардағы азот мөлшері белоктағымен шамалас, сондықтан оның мөлшерін анализ жасап анықтағанда, белок пен шикі протеиннің арасындағы айырмашылығы ретінде санайды.

Углеводтар - молекулалар құрамы үш элемент - көміртегі, сутегі және оттегі атомдарынан тұратын органикалық заттар. Ондағы сутегі мен оттегінің ара қатынасы, судағы сияқты, яғни 2:1 тең. Углеводтар тобына қантты заттар, крахмал, клетчатка және көптеген басқа қосындылар кіреді. Мал организмінде аздаған қант лен гликогеннен басқа углеводтар кездеспейді.

Гликоген мал организміндегі углеводтардың жиынтығы, бауырда, бұлшық еттерде қант тектес заттардьщ қоры есебінде жиналады. Оның мөлшері де аз, мал салмағының 2 процентінен аспайды. Мысалы, салмағы 50 килограмдық қой организмінде небары бір килограмдай ғана гликоген болады. Жинақталған гликоген организмінің, атап айтқанда, бұлшық еттердің жиырылып жұмыс жасауына қажетті энергия беретін күш. Гликоген крахмалға ұқсас, сондықтан да оны кейде жануарлар крахмалы деп атайды.

Егер организмге гликогеннің қажетті мөлшерінен артық углеводтар түсетін болса, олар майға айналады, яғни май түзілудің негізгі көзі болып табылады.

Мал азығында углеводтар көп. Өсімдік тектес азықтарда, жалпы құрғақ заттың салмағынан есептегенде 80 процентке дейінін углеводтар құрайды. Олар өсімдіктегі клетканың қабығы, клетка ішіндегі шырынның, протоплазманың құрамында кездеседі. Мысалы, клетка шырынында олар қант күйінде, өсімдік дәнінде - крахмал, ал клетка қабығында - клетчатка, целлюлоза, гемицеллюлоза және пектин заттары күйінде болады.

Клетчатка - өсімдік клеткасы қабығының негізгі құрам бөлігі. Клетчатка сабанда, кеш орылған нашар пішенде, дәндердің (арпа, сұлы) қабығында көп болады. Клетчатка өсімдіктің сабағында көп, жапырағында азырақ. Астық тұқымдастардың сабанында 40-45%, пішенде 20-35%, астық тұқымдастардың дәндерінде 0,2-12%, тамыр-жемістерде 2-4% клетчатка кездеседі. Азықта клетчатка неғұрлым көп болса, оның қоректілігі соғұрлым аз болады. Алайда, азықта клетчатканың болмауы жақсы емес, өйткені ол ас қорыту жолының моторика (қимыл) қызметі оның дамуына себін тигізетін жағдай ретінде барлық жануарларға қажет. Клетчатка тым аз болса күйіс қайыратын малдың үлкен қарынындағы микроорганизмдердің әрекеті төмендейді, соның салдарынан ас қорыту процесі едәуір бәсеңдейді.

Азотсыз экстрактивті заттардың құрамында суда еритін (қант) және суда ерімейтін, бірақ қышқылдардың әлсіз ерітінділерінде еритін (крахмал) углеводтар   басым   келеді.   Крахмал   дәнінде,   тамыр-түйнекте       көп   те, жапырақтар мен сабақтарда аз болады. Қант қызылшасында, сәбізде, қонақ жүгеріде қант көп. Ол шөпте 4-7 процентке дейін кездеседі. Организмнің клеткаларында углеводтар химиялық жолмен ыдырауға және тотығуға ұшырайды. Осының нәтижесінде углеводтық алмасудың ақырғы өнімдері -көмір қышқыл газы мен су түзіледі.

Майлы заттардың құрамында углеводтарды құраған элементтер - көміртегі, сутегі және оттегі кіреді. Бірақ углеводтарға қарағанда бұларда оттегі едәуір аз, ал көміртегі мен сутегі басым келеді. Май структуралық материал ретінде өсімдік пен жануарлар клеткасындағы протоплазманың қүрамына кіреді.

Жануарлар организмінде майлардың энергетикалық үлкен маңызы бар: белоктар мен углеводтардың бір грамы жанғанда 4,1 килокалориядан жылу берсе, 1 г май жанғанда 9,3 ккал жылу береді. Сөйтіп, майлардағы потенциалдық энергия, углеводтар мен белоктарға қарағанда екі еседен де көбірек болады. Май организмде жылуды реттеуге қатысады. Май ткані жылуды нашар өткізетіндіктен, организмді сыртқы орта температурасының кенет ауытқуынан қорғайды. Майлар тканьдер мен органдарды травмалык зақымданудан сақтайды.

Майлардың азықта жетіспеуі орталық нерв системасы мен көбею органдарының қызметін бұзады, организмнің әр түрлі ауруларға қарсы тұрушылық қабілетін төмендетеді.

Ас қорыту жолында майлар липаза ферментінің әсерінен глицеринге және май қышқылдарына дейін ыдырап айырылады. Глицерин суда жақсы ериді де, судағы ерітіндісі күйінде оңай сіңеді.

Майдың құрамына стеарин, пальмитин сияқты қаныққан май қышқылдары және алеин, линоль, линолен сияқты қанықпаған май қышқылдары кіреді. Әр түрлі жануарлардың майларында май қышқылдары түрліше пропорцияда болады, сондықтан майлардың балқу, яғни еру температурасында айырмашылық бар. Құрамында қанықпаған май кышқылдары болатын майлардан қүрамында қаныққан май қышқылдары мол майлардың балқу нүктесі (температурасы) жоғары болады. Әр түрлі мал организмінде өздеріне тән май тұзіледі.

Мал көп мөлшерде май қорын жинайды. Майдың қоры организмде қорек жетіспегенде жұмсалады. Шаруашылық жағынан алғанда бұл пайдалы қасиеттер малды бордақылағанда кеңінен пайдаланылады.

Жемшөпте майлы заттар әр мөлшерде кездеседі, тамыр-жемістер мен картопта (0,1-0,2%), дәнді азықтарда (1-2%) май өте аз болады. Азықтық дақылдардар жүгері мен сұлыда май көп. Жануар тектес азықтардың ішінде майлы заттар - ет, ет-сұйек және балық ұнында көп.

Майлардың алмасуындағы ақырғы өнімдерге көмір қышқыл газы мен су жатады.

Басқа заттардың алмасуы сияқты майлардың алмасуы да нервтік реттеу орталық нерв системасынан шығып, организмнің күнделікті мұқтаждығына қажет майын топтастырып түратын май тканьдеріне баратын импульстер арқылы іске асырылады. Майлардың алмасуын реттеуде бүйрек үсті безінің, гипофиздің, жыныс бездерінің және қалқанша без гормондарының да маңызы аз емес.

Минералдық заттар (макро-және микроэлементтер). Жалпы тірі организмнің бір қалыпты дамуы үшін органикалық заттар - белок, май, углеводтардан басқа минералдық заттар да қажет. Минералдық заттар зат алмасу процесінде өзінен энергия бөліп шығармайды, алайда организмнің тіршілігінде маңызды роль атқарады. Минералдық заттар мал денесінің сұйегін құрайды, зат алмасу процесінде түрлі реакцияға қатысады, организмдегі осмостық қысымды реттейді, жүрек пен нерв жүйелерінің дұрыс жүмыс істеуіне себін тигізеді, қанның қызыл түйіршігі гемоглобиннің түзілуіне, қарын сөлінің тұз қышқылын түзуге пайдаланылады және басқа көптеген істер атқарады.

Малға көбінесе мына элементтер - натрий, калий, кальций, магний, фосфор, күкірт, мырыш, марганец, темір, хлор, йод, кобальт, молибден, мыс, фтор қажет. Натрий, калий, кальций, магний - сілтілік, ал күкірт, фосфор, хлор-қышқылдық реакция береді. Жемшөпте сілтілік элементтер қышқылдық элементтерге қарағанда көбірек болуы керек, сонда организмде минералдық элементтердің алмасуы дүрыс жүреді.

Минералдық элементтерді өсімдіктер мен жануарлар организмнің қүрамындағы мөлшеріне (шамасына) қарай макро- және микроэлементтер деп екіге бөледі.

Макроэлементтер бүтін проценттен проценттің жүзден бір бөлігіндей мөлшерде кездеседі. Оларға - кальций, фосфор, магний, натрий, калий, хлор, күкірт және темір жатады.

Микроэлементтер проценттің жүзден бір бөлігінен миллионнан бір бөлігіне дейінгі аралықта кездеседі.Оларға - марганец, кобальт, мыс, мырыш, йод, фтор, т.б. жатады. Енді осы минералдық элементтердің маңызы мен организмде атқаратын роліне тоқталып өтейік.

Мал организміндегі жалпы минералдық заттардың 65-70 процентін кальций мен фосфор құрайды.

Кальций - мал организміндегі сүйек тканьдерін құрайтын негізгі структуралық материал болып саналады. Сонымен қатар кальций нерв жүйелерінің, бұлшық ет тканінің жұмыс әрекетін реттеп, жүректің тонусын күшейтеді, қанның тез ұюына әсер етіп, дене температурасының басылып, бір қалыпта болуына ықпалын тигізеді.

Фосфор - сүйек ткані, белок, май, углеводтардың құрамына кіреді, органикалық заттардың алмасуына араласады. Оның нерв жүйесі мен бұлшық еттер жұмысына да қатысы бар. Фосфордың зат алмасудағы маңызы ерекше зор. Ол фосфор-органикалық қосылыстардың құрамында болып, барлық углеводтардың, майлардың және белоктардың алмасу процестеріне қатысады.

Мал азығында кальций мен фосфор жетіспеген жағдайда, организмнің сүйек түзу қабілеттілігі нашарлайды, тістері, сүйектері босап сынғыш болады, мал өспей, өнімділігі төмендеп әр түрлі ауруға шалдыққыш келеді. Тауық жұмыртқасының қабығы жұқарып сынғыш келеді, тіпті қабығы қатпаған, жұмсақ жұмыртқалар кездеседі.

Витаминдер. Орыс ғалымы Н.И.Лунин азықтың құрамында белок, май, углевод және минералдық заттардың болуы организм үшін жеткіліксіз екенін, тіршілік әрекетінің дұрыс жүруі үшін басқа да заттардың, атап айтқанда витаминдердің қажеттігін 1881 жылы анықтап, дәлелдеген.

Витаминдер мал организмі үшін құрылыс материалы да, энергетикалық материал да емес. Алайда, олардың маңызы өте зор.

Витамин латын тілінде «Вита» - «өмір» деген ұғымды білдіреді. Осы ұғымнан оның маңызы айқын аңғарылады. Витаминдер мал организміне аса қажетті заттар құраумен бірге, ондағы түрлі биохимиялық өзгерістерді шапшаңдату үшін қызмет атқарады. Олар дене мүшелерінің барлық клеткаларына еніп, онда бір заттың екінші затқа айналуына қажетті жүйелерді құрайды.

Витаминдер майда және суда еритінідігіне қарай екі топқа бөлінеді. Майда еритін витаминдерге - А, Д, Е, К витаминдері, ал суда еритіндерге - С және В тобының витаминдері жатады.

А витамині көздің дұрыс көруі үшін қажет. Әйтпесе көз жанарының қараңғыда көру қабілеті төмендейді. Сол сияқты бүл витамин организм клеткаларының өсуі мен көбеюі үшін де қажет. А витамині жетіспеген жағдайда түқымдық малдың ұрық сапасы төмендеп, буаз сиыр мен қойдың іш тастауы көбейеді, әрі алынған төл әлсіз болып, әр түрлі ауруларға шалдыққыш келеді. Малдың азыққа деген тәбеті нашарлап, күйіс қайыруы бәсеңдеп жоғалады, көзі мен танауынан су ағады. Осындай жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін малды А витаминімен толық қамтамасыз ету жағын ойластыру керек. Мал организмінде А витамині өсімдіктердің каротинінен түзіледі. Міне, сондықтан да А витаминінің негізгі көзі - көк шөптің, шөп ұнының, сүрлем, пішен мен сәбіздің т.б. каротині болып табылады. Жем азықтарда каротин аз болады. Мысалы, 1 кг сүлыда - 2-5 мг ғана каротин бар, оның есесіне 1 кг көк шөпте 100 мг, беде ұнында - 200 мг, қызыл сәбізде 256 мг дейін каротин болады.

Каротиннің бір тәулікте қажет мөлшері: суалған сиырларға 280-400 мг, сауын сиырларға - 450-650 мг, бұқаларға - 650-1000 мг, тайыншаларға - 60-120 мг, саулық қойларға 10-25мг, қошқарларға - 30-75 мг, үрғашы тоқтылар мен қозыларға - 5-10 мг, айғырларға 350-600 мг, биелерге - 150-300 мг, қабандарға 50-190 мг, мегежіндерге - 30-60 мг.

Мал төлдері тіршілігінің алғашқы айларында асқазанның жетілмегендігінен тек қана енесінің сүтімен қоректенеді. Бұл кездерде оларды каротинмен қамтамасыз ету үшін, біріншіден, енесінеің уызы мен сүтінде А витаминінің көп болуын ойластырып екіншіден, төлді жем-шөпке ерте үйрету керек. Сүтте А витаминінің аз-көп болуы азыққа байланысты, жазда, жайылым кезінде 1 л сүтте 3 мг, ал қыста, пішенмен азықтандырғанда 0,4 мг ғана каротин болған. Сүтте А витаминінің көп болуын сауын сиырларға қыс айларында сапалы сүрлем (1 килограмында 20-30 мг каротин бар) тағы басқа каротинге бай азықтар беру арқылы ұйымдастыруға болады.

Азықтағы каротиннің мөлшерін қыс айларында бір-екі рет анықтау қажет. Азық рационында каротин жетіспеген жағдайда малдың қанындағы А витаминінің мөлшері төмендеп кетеді. Мысалы, қыс мезгілінің аяқ кезінде денсаулығы мықты малдың қанының сарысуындағы А витаминінің мөлшері төмендегідей болып келеді: бұзауларда - 10 мкг % және жоғары, сиырларда -20-25 мкг% және төмен болып келсе, онда бүл витаминнің жетіспегендігі, аздығы болып есептеледі. Бұл жағдайда осы олқылықты толықтырып, жою үшін шүғыл шаралар қолдану шарт. Егер азық рационында каротин аз болса, өнеркәсіптік жолмен алынған А витамині препараттарын пайдалануға болады.

Организмде судың маңызы. Судың организмде атқаратын физиологиялық ролі ерекше. Ол өсімдік пен жан-жануарлардың организмінде өте күрделі биологиялық және физиологиялық процестерге араласады және олардың клеткаларының ең негізгі химиялық құрам бөлігі болып табылады. Су организмде зат алмасу процесіне араласып, денедегі осмостық қысымды және температураны сақтауға жағдай туғызады. Ол универсалды биологиялық еріткіш ретінде, клеткадағы алмасу реакцияларын қамтамасыз ететін тұрақты ортаның қызметін атқарады.

Клеткадағы әр түрлі заттар судағы ерітінділері күйінде ғана өзара әрекеттесе алады.

Су барлық азықтың қүрамына кіреді. Бірақ судың мөлшері әр түрлі азықта бірдей болмай, 5-тен 95-процентке дейін ауытқиды. Мәселен, күнжарада, кептірілген жомда - 5-10% шамасында, жемде - 10-14%, пішенде, сабанда, топанда - 15-20%, көк шөпте, сүрлемде - 60-85%, тамыр-түйнекті азықта 70-90%, жас жом, барда сияқты азық түрлерінде - 90-95 процентке дейін су болады. Құрамында суы мол азық қоректілігі жағынан нашар (төмен) келеді, әрі көп сақтауға шыдамайды, жылдам бұзылады, сондықтан да ондай азықты мүмкіндігінше тез пайдалану қажет.

Малдың денесінде орта есеппен 65% су болады. Жас малдың организмінде су ересек малға қарағанда біршама жоғары. Мәселен, бұзаудың организміндегі су 72%, 1,5 жасар танада 61%, ал бұқаның организмінде 52% қана су болады. Әр түрлі малдың суға мүқтаждығы түрліше болады, ол оны күтіп-бағуға және азықтандыруға, малды жүмысқа пайдалану дәрежесіне және оның өнімділігіне байланысты келеді.

Қоңыржай температура жағдайында азықтың әрбір килограмм құрғақ

затына сиыр - 4,6 л, бүзау (алғашқы 6 аптада) 6,5 л, жылқы 2-3 л, шошқа 7-8

л, қой 2-3 л су жұмсайды.

Ауа температурасының артуымен малдың суға мүқтаждығы да өсе түседі.

 

3.8 Ауруды алдын-алу барысында құнарлы азықтандыру негіздері

 

Малды  азықтандыру ғылымының негізгі мақсаты - шаруашылықтағы мал басының қоректік қажеттілігін дәл анықтап,оны толық қамтамасыз ететін жемшөп мөлшерін белгілеу. Организм кажеттілігі арнайы нормалық көрсетіштерге сәйкес қамтамасыз етілсе, мұндай     азықтандыруды     нормалап азықтандыру деп атайды. Азықтандыру нормасына сәйкес азықтандыру рационы кұрастырылады. Малды ғылыми негізде азықтандыру оның тіршілігін қамтамасыз етуге және өнім өндіруге қоректік заттар қажеттілігі мұқият ескерілуі керек. Қажеттілік мөлшерден көп не аз берілген болса зиян. Жемшөп нормадан аз берілсе, ол мал денесіндегі зат алмасуын толық қамтамасыз ете алмайды да төлдің өсіп жетілуі тежеледі, сақа малдың өнімділігі азаяды. Керісінше, нормадан көп берілсе шамадан тыс енген қоректік заттар қорытылымы төмендеп, олар толық  игерілмей пайдасыз шығындалады.

Азықтандыру нормалары - малдың түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты белгіленген организм мұқтаждығының көрсеткіштері. Мал неғұрлым ірі болса оның тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар да жоғарылайды және де өнімділігі өскен сайын оны өңдеуге жұмсалатын энергия мен қоректік заттар деңгейі ұлғаяды.

Қазіргі кезде азықтандыру нормаларында малдың тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге қажетті және де өнім түзілуіне керек қоректік заттар мөлшері біріктіріліп жалпы азықтандыру нормалары арқылы беріледі.

Мал организмінің мұқтаждығы оның күнделікті тіршілікке және өнімге қажет энергия, қоректік және биологиялық әсерлі заттар мөлшерімен белгіленеді. Азықпен сыртқы ортадан организмге енген осы заттар арқылы зат алмасу барысында ыдыраған қосындылар жаңаланып, өсу, өну, жетілу, өнім беруге қажетті жаңа қосындылар түзіліп, зат алмасуының бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді катаболизм мен анаболизм процестерін туғызады.

Тіршілікті қамтамасыз етуге қажетті қоректік заттар мөлшерін абсолюттік тынығу кезіндегі организмді ашықтыру арқылы анықтайды. Еш жұмыс істемей (өнім өндірмей) тынығу үстіндегі организмнің қажетті қан айналымын, тыныс алуын және басқа алмасу мұқтаждығын қалыпты сақтау үшін жұмсалады. Ол орта өнімді малдың жалпы энергия шығынының 40-50 процентін   қамтиды.   Осы   шығын   деңгейі   неғұрлым   азайса,   соғұрлым
организмдегі жалпы энергияның өнім өндіруге жұмсалатын деңгейі ұлғаяды.

Өнім  өндіруге  қажетті  энергетикалық  мұқтаждықты  алмасу энергиясының оны өндіруге физиологиялық процестерге шығындалған және    өніммен бірге шыққан деңгейімен белгілейді. Өніммен шыққан энергия мөлшерін тікелей калориметриялық бомбада жағу арқылы немесе жанама есептеу жолдарымен анықтайды.

 

3-кесте. Мүйізді ірі қара денесіндегі зат және энергия алмасуы, (ккал)

 

 

Желінген рацион деңгейі

Құрғақ зат

желінуі

Физиологиялық пайдалы энергия өнімі

Жылу энергиясы

Энергия балансы

Аштықтағы жалпы жылу бөлінуі

Жылу өнімінің азықты қорытудағы ұлғаюы

Жылудың желінген құрғақ затының кг-на өсуі

Таза энергия

барлығы

желінген құрғақ заттың 1 кг-на

физиологиялық пайдалы энергияға, %

Нормамен

11,229

29881

 

18912

+10969

97717

9195

819

20685

1842

69,3

Норманың 5/4

8,975

24320

15922

-8398

9560

6361

709

17958

2001

78,3

-//- 5/3

6,806

 

19982

14420

+4562

9713

4707

692

14275

2097

75,2

-//- 5/2

4,644

13563

 

 

12519

+1044

9497

3021

651

10542

2270

77,7

-//- 5/1

2,323

7187

9755

 

-2568

9437

318

137

6869

2957

95,6

 

Еліміздің әр табиғи - экономикалық өңірінде ғылыми-зерттеу орталықтары әр мал түріне және жыныстық, жастық, өндірістік топтарына арналған типтік рациондар ұсынады. Азықтандыру нормаларына қарай малдың жалпы энергетикалық (азық өлшемі, алмасу энергиясы бойынша) мүқтаждығын анықтап, оны қамтамасыз ететін рационның азық мөлшерін белгілейді. Содан кейін малға берілетін азық мөлшерін нормадағы қүрғақ зат мөлшеріне сәйкестендіреді. Құрғақ зат мөлшері бойынша рацион аумағын ондағы азықтың толық желінетінін яғни малдың ас қорыту жолдарына сиятынын бақылайды.

Әдетте рацион құрғақ затының көлемі, жемшөптің желінуі «шикі» клетчатка деңгейімен реттестіріледі. Барлық көрсеткіштері нормалық талаптарға сәйкес құрастырылған рациондарда толық бағалы немесе құнарлы деп атайды. Көрсеткіштері нормаға сәйкес келмеген жағдайда рационға оларды толықтыратын қосындылар қосады. Олай болмаған жағдайда төл өсуі тежеліп, мал басы түрлі ауруға шалдыққыш келіп, өнімділігінің төмендеуіне соқтырады. Сондықтан малды азықтандыру деңгейін, рацион құрамының азықтандыру нормасына сәйкестігін қадағалап отыру керек. Оны азық құрамын қоректілігін, сапалылығын, мал өнімділігін, өнім сапасын, өнім бірлігіне жұмсалатын азық шығынын, малдың сыртқы түрін, жүріс-тұрысын, көңіл-күйін, тәбетін, тезек қалпын бақылап байқап қанын, зәрін, сүтін, өнімін зерттеу арқылы іске асырады.

 

4-кесте. Рацион игерілген затының 1 килограмына өндірілген жылудың мал өнімділігімен байланысты өзгеруі

 

 

Байланған энергия,ккал

Мал жасы, ай

6 - ға дейін

6-12

12-18

18-24

24-30

500-ге деиін

-

4156

-

4166

4160

501-1000

3436

-

3971

3983

-

1001-1500

3432

-

-

3852

-

1501-2000

3110

-

3723

3716

3840

2001-2500

3199

-

-

3697

-

2501-3000

2665

3356

-

-

-

3001-3500

-

-

3229

-

3532

3501-4000

-

-

3294

-

3299

4001-4500

-

3028

3161

3317

3242

4501-5000

-

2839

-

3197

-

5001-5500

-

2832

3039

3096

-

5501-6000

-

2679

-

3079

3244

6001-6500

-

2417

2984

2871

3066

6501-7000

-

-

2569

2814

-

7001-8000

-

-

2569

-

-

9001-10000

-

-

2298

-

-

4-кесте деректерінен барлық жастағы малдың өнімділігі өскен сайын жылу өнімділігінің азаятынын байқаймыз. Сондықтан азықтандыру деңгейі өскен сайын қоректік заттар мен энергияның организмдегі зат алмасу барысындағы шығындары азайып, азық игерілімі мен мал өнімділігі артады деген тұжырымға келеміз.

Азықтық нормаларда келтірілген малдың жалпы энергия мұқтаждығы оның тіршілік процестерін қамтамасыз етуге және өнім өндірілу деңгейіне қарай өзгереді.

Тіршілікті қамтамасыз ететін энергия мөлшері малдың тірілей салмағына байланысты. Салмақ ауырлаған сайын ондағы тіршілік барысын қамтамасыз етуге жұмсалатын энергия шығыны да ұлғаяды. Мысалы, сақайған орта қоңдылықтағы сиырдың тірілей салмағы 300 кг болса, оның тіршілігін қамтамасыз ету үшін 3,2 азық өлшемі, яғни 36 МДж алмасу энергиясы, 600 кг болса 5,5 азық өлшемі, яғни 63 МДж алмасу энергиясы қажет.

Әр килограмм сүт өндіруге шамамен 0,5 азық өлшемі, яғни 5,7 МДж алмасу энергиясы қажет. Тіршілігін қамтамасыз ету мен өнім өндіруге қажет өлшемі не алмасу энергияның қосындысын есептегенде, мал басының жалпы энергетикалық мұқтаждығы анықталады. Желінген азық пен суды мал өз денесінің жылылығына дейін жеткізуге энергия жұмсайды. Өсіп-жетілуі әлі тоқтамаған жас құнажынға тіршілігін және өнімділігін қамтамасыз етумен қоса өзінің өсуіне әр 1 кг қосымша салмаққа 5 азық өлшемі, ягни 57 МДж алмасу энергиясы қажет.

Сонымен қазіргі кездегі мал азықтандыру нормаларын мал организмінің  физиологиясымен ғана емес, сонымен қатар оларды қоршаған сыртқы орта жағдайларымен ұштастыра отырып анықталған мұқтаждық көрсеткіштері деп қарауымыз керек.

Шаруашылықтағы малды азықтандыру тиімділігі - шығындалған азыққа алынған өнім мөлшерімен есептеледі. Неғұрлым аз азық жұмсалып көп өнім алынса, қоректендіру дұрыс ұйымдастырылған болып саналады.

О.Кельнердің және де осы салада ізденістер жүргізген басқа да ғалымдардың азықтандыруға байланысты зерттеулері, азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын азықтандыру тиімділігінің төмендейтінін көрсетті. Айталық, сиыр сүттілігі жоғарылаған сайын оның бірлігіне жұмсалатын азық шығыны кеми түседі. Көп жылдық зат және энергия алмасуын зерттеуге арналған тәжірибелерінің негізінде мұны азықты игеру тиімділігінің жоғарылау заңдылығы тұрғысынан түсіндіреді. Арнайы қойылған респираторлық тәжірибелерде ірі қара қоректену деңгейі өскен сайын көміртек пен энергияның метанмен, көміртектің зәрмен және тыныспен шығарылатын үлесі азайып, рациондағы көміртегінің игерілуі жоғарылайтынын көрсетті. Қоректену дәрежесі жоғарылаған сайын азық энергиясының игерілуі өсіп, желінген азық бірлігіне өндірілетін жылу көлемі азаяды. Бұл заңдылық мал өнімділігі өскен сайын орын алады.

Рацион құрастырудың негіздері. Малды азықтандыру рационы деп белгілі нормаға негізделіп құрастырылған жемшөп мөлшерін айтады. Рационға енетін жекелеген азықтар мен азықтар тобының көлемі мен ара-қатынасы физиологиялық және малдәрігерлік ережелерге сәйкес, мал түлігінің ас қорыту ерекшеліктерін ескеріп, қорытылымы мен игерілуін жоғары деңгейде ұтымды түрде қамтамасыз ететіндей құрастырылады.

Ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем-шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым, азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен жемшөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтардың аздығынан ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рациондағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа да қоректік заттардың қорытылуын нашарлатады.

Түрлі азықтар мен азықтық топтардың жалпы қоректілігі бойынша алынған проценттік арақатынасын рационның кұрылымы дейді. Шаруашылықтағы малды азықтандыру типі рацион құрылымындағы басым азық түріне байланысты аталады.  Ол қалыптасқан жемшөп  қорына, осы өңірде кең тараған азықтық дақылдарға, оларды мал азығына пайдалану тиімділігіне байланысты болады.

Рационның минералдық және витаминдік қоректілігін минералды элементтердің  және  каротин  мен  жекелеген  витаминдердің  қанда,   сүтте, жұмыртқада,   жүнде,   жеке   мүшелерде   шоғырлануымен   де   бақылайды.

Минералдық тыңайтқыштар көп қолданылған жердің азығын пайдаланғанда малды нитраттар мен нитриттердің зиянды әсерінен сақтандыру қажет.  Олармен уланудың бастапқы белгілерін қан мен сүттің құрамындағы каротин және А витаминінің азайып, метгемоглобин ұлғаюынан байқауға болады.

Дайындалған көлемді азықтың сапасына баға беру жұмыстары әрбір шаруашылықта екі рет - малды қолда ұстап бағуға көшірерде және қыстың екінші жартысында жүргізіледі. Алынған мәліметтер негізінде бұл азықтар малдың жеке түрлері мен топтарына бекітіліп беріледі. Жемшөп сапасына баға беруді бәрінен де шаруашылық лабораториясында, егер ол болмаған күнде аудандық мал дәрігерлік немесе агрохимиялық лабораторияда жүргізген жөн. Мұның бәрі де болмаған жағдайда оны шаруашылық мамандары - зоотехник, мал дәрігері, агроном бірлесе отырып органолептикалық жолмен бағалайды.

Органолептикалық әдіспен баға беру маяларды, көделерді, тең штабельдерін  сақтайтын сарайларды, жаппаларды, шөп жинайтын орындарды қараудан басталады. Мұның себебі, барлық шөпті аралап көрген соң оның сақталуы және басқа көрсеткіштері жөнінде, оның үстіне жемшөптің тек үлгілерін тексеріп көргендегіден әлдеқайда мол әсер қалады. Көлемді жемшөпті (барлық жемшөппен оның үлгілерін) күндіз жарықта қарау керек. Жағымсыз исіне, көгеріп, шіри бастағанына қарай шаруашылықтағы көлемді жемшөптін  жалпы жайына, сақталуына алдын ала баға беруге болады.

Шөп сапасын бағалау. Қолда бар жазбаларға қарап, шөптің қай учаскеден шабылғаны анықталады. Бұл шөптің ботаникалық есебін, шабу кезіндегі даму фазасын, әр учаскеге қарай оны дайындаудың технологиясын білуге көмектеседі. Мұнсыз белгілі - бір көдені, мияны, штабельді т.б. малдың қай түріне және тобына жатқызуга мүмкіндік жоқ.

Шөп сапасына баға мынадай белгілері ескеріліп, балл бойынша қойылады: түсі, иісі, зиянды, улы, құнарсыз, шөптерінің болуы, ботаникалық құрамы жөнінен жеуге жарамдылығы, жұмсақтығы, былғаныштығы, ылғалы және каротині барлығы, құрғақ заты, құнарлығы және класы.

Шөптің химиялық құрамы кей жағдайда оның қоректілігін немесе қанағаттанарлық         белгілерін  анықтайды.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мүйізді   ірі қараның тимпания ауруына шалдығуы малдардың дұрыс қоректенбегенінен пайда болатынын алға тарта отырып, әрбір ауылшаруашылық өндірістерінде зоотехник және малдәрігерлер сол жердегі малшылар мен сауыншылардан малдарды дұрыс азықтандыру және мал ауырған жағдайда алғашқы жәрдем көрсету туралы жазбаша келісім шартқа отыру қажет.

Ауырған малдар 24 сағатқа дейін аштық диетасын сақтау, яғни малдар жеңіл қорытылатын азықтармен (силос, құрғақ шөп, қант қызылшасы) аз мөлшерде күніне 3-4 реттен қоректендірілді азыққа біртіндеп концентраттар қосылды. Іштің кебуін басу үшін 2 ас қасық тұз қышқылын 500 мл сумен араластырып берілді. Асқазанның дұрыс жұмыс жасауын қалыпына келтіру  барысында  қарынға  жұдырықпен массаж жасау (10-15 минут) процедурасы  қабылданды.

Жүрек қағысын қалыпына келтіру үшін және ағзаны  токсиндерден арылту барысында дәрі –дәрмектермен, яғни көктамыр ішінен  20%-дық  глюкоза ертіндісі 100 мл дозада,   тері астынан—0,1 %-дық  кофеин  ертіндісін  2—3 мл егу арқылы  емдеу ұсынылды.  Қарынды газдардан босатып және газайналымы тоқтаған соң, кіші қарын моторикасын тітіркендіру барысында руминаторлық дәрмектер, яғни 3 литр суда алдын-ала ерітілген 0,3 г тимпанол,  1 л  қүнбағыс майы  қолданылды. Жаңа сауылған 500 мл  жылы сүтке 2 мл  валериан тұнбасын араластырып берілді. Кактимпанол дәрісі (доза 50 мл) ұсынылды.

Аурудың шығу тегін жою, яғни малдың рационынан тез бұзылатын сапасыз жемшөптерді алып тастау ұсынылды.

Мүйіздіірі қараларды бағудыңкейбір ерекшеліктеріне байланысты жүргізлгенаурудың алдын алу іс-шараларының негізі: малдарды қоректілігі жағынан толыққанды рациональды азықтармен қамтамасыз ету, мал азығыныңдайындалуынажәне сақталуына бакылау жасау, азыктыңкоректілігін және тазалығын лабораториялык тексеруден өткізу; малдардың дұрыс азықтандырылыпбағылуын, малқораларыныңзоогигиеналык талаптарға сай болуын кадағалау; малдарға диспансерлікбакылау жасау мақсатында ауруларын емдеу және алдын-алу терапиясын кеңінен енгізу.Мал  азықтарын  органолептикалық, яғни  сезім жүйелеріне сүйену тәсілдерімен, түрі, түсі, бояуы, иісі, қашқылдығы (рН), негізгі қоректік заттары мен каротині, ласталмағандығы, көгеріп не шіріп бұзылмағандығына (тазалығы), т.б. көрсеткіштері бойынша мал азығына пайдалануға болатындығы туралы тұжырым жасау.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Ионов П.С., Кадыш А.А., Тарасов И.И. Внутренние незаразные болезни животных. Издательство М.: Агропромиздат, 1985.

2.Анохин.Б. М., Данилевский.В.М., Замарин Л.Г. Внутренние незаразные болезни животных. Издательство М.: Агропромиздат, 1991.

3.Тарасов И.И., Кондрахин И.П., Ильин В.Г. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных. - М.: Агропромиздат, 1987.

4. Павлов М.Е., Мерзленко Р.А., Методические указания по выполнению истории болезни по внутренним болезням животных. - Белгород, 1996.

5. Карпуть И.М., Торохов Ф.Ф., Абрамов С.С. и др. Незаразные болезни молодняка.Мн.:Ураджай,1989г.

 6.Краснов И.П., Митюшин В.В. Практикум по внутренним незаразным болезням сельскохозяйственных животных. - М.: Колос, 1980.

7. Павлов М.Е., Зуев Н.П. Курс лекций по внутренним незаразным болезням сельскохозяйственных животных.

8. Тарасов И.И. Внутренние незаразные болезни молодняка сельскохозяйственных животных: Учебное пособие. - Саратов, 1991.

9. Шарабрин И.Г., Аликаев В.А., Замарин Л.Г. Внутренние незаразные болезни сельскохозяйственных животных. - М.: Агропромиздат, 1985.

10.Колесова.М.А.Внутренние незаразные болезни животных. Издательство  «Колос» Ленинград 1972 г.

11.Лебедева.Н.М. Болезни система пищеварение. Издательство  «Колос» Ленинград 1972 г.

12.Біләлов.К. Шалғай жайлымдардағы мал дәрігерлік қызмет.-Алматы:. Қайнар.1982ж.

13.Данилевский.В.М. Лечение внутренных незаразных болезней животных Издательство  «Колос» Москва  1967 г.

14.Котляр.К.А.,Лактионов.А.М. Учебник для ветеринарного санитара. Огиз «сельхозгиз» Москва-1946г.

15.Макаров.В.А.,Фролов.В.П., Шуклин.Н.Ф. Ветеринно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства. Москва ВО «Агропромиздат» 1991 г.

16.Антонов.В.Я.Справочник ветеринарного лаборанта. Москва «Колос»1981г

17. Справочник зоотехника. Издание второе, переработанное. М., изд-во «Колос»; 1967. 927 с.

18. Петрухин И.В. Корма и кормовые добавки: Справочник. – М.: Росагропромиздат, 1989. – 526 с.

19. Зоотхнический анализ кормов /Коллектив авторов/ М.: Колос, 1981.

20. Сарбасов Т., Құлақбаев Қ. Малды азықтандыру жөніндегі анықтамалық. Алматы, «Қайнар», 1976. – 380 б.

21. Омарқожаев Н. Малды құнарлы азықтандыру. – Алматы,   1993. – 163 б.

22. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жүйесі. Алматы, «Бастау». -2006. – 432 б.

23. Омарқожаев Н. Мал азықтандыру: Оқулық-Алматы: Қайнар, 1998. – 192б

24. Зафрен С.Я. Жемшөп дайындау технологиясы. Алматы: Қайнар, 1980.

25. М.А.Смурыгин.  Азық жайлы анықтамалық. Алматы, «Қайнар», 1978. – 352 б.

26. Омарқожаұлы Н. Мал азықтандыру пәнінің практикумы. – Алматы, ҚазҰАУ, 2004. – 181 б.

27.Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы: Анықтамалық. –Алматы, «Бастау», 2006. – 452 б.

28.Состав и питательность кормов. Справочник /И.С.Шумилин и др./ М.: Агропромиздат, 1986. – 303 с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2018-04-03 17:10:33     Қаралды-16911

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »