UF

ЖАС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ - адамның өмір мезгілін белгілейтін уақыт, жыл саны. Бұл - педагогика, психология, анатомия, физиология ғылымдары қарастыратын басты проблемалардың бірі. Қазіргі ғылымда адамның жас ерекшелігіне байланысты даму кезеңдерін төмендегіше бөледі: 1) туғаннан 1 жасқа дейінгі бөбектік кезең; 2) 1 мен 3-тің арасындағы сәбилік кезең; 3) 3 пен 7 арасындағы мектеп жасына дейінгі кезең. Мектеп жасының өзі 3-ке бөлінеді. 7 мен 9-дың арасындағы төменгі класс оқушылары (балдырғандар); 10 мен 14-тің арасындағы ортаңғы класс оқушылары (жас өспірімдер), 15 пен 18-дің аралығындағы жоғары класс оқушылары (балаң жастар). Жас кезеңдерінің бұдан кейінгілері жастық шақ (18-21 жас), кемелдену (22-60 жастың арасы), қартық (61-74 жас), кәрілік (75-90 жас) деп бөлінеді. Аталмыш проблема - жас ерекшелік психологиясы дейтін арнаулы ғылымның негізгі зерттеу объектісі. Мыс., баланың туған уақытынан бастап бастауыш білім алғанға дейінгі психологиясының даму жолын балалар психологиясы зерттейді. Жас кезеңдерінің қалған түрлерінің ерекшеліктерін психологияның жас өспірімдік, жастық, егделік, кәрілік деп аталатын салалары қарастырады. Кәрі адамдардың ерекшеліктерімен арнайы түрде геронтология ғылымы айналысады. Адамның даму жолының бел-белестері, жас кезеңдері - қазақ ойшыларының (Бұхар, Абай, Сұлтанмахмұт т. б.) шығармаларында да жан-жақты сөз болған мәселе.

Баланың жасына сәйкес даму заңдылықтары. Баланың өсіп жетілуі анатомиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай бірнеше кезеңге бөлінеді: бөбек - туғаннан 1 жасқа дейін; сәбилік - 1 жастан 3 жасқа дейін, мектеп жасына дейінгі кезең - 3 жастан 7 жасқа дейін; төменгі класс жасындағы балалар - 7 жастан 11-12 жасқа дейін; жас өспірім (ортаңғы кластар жасы) – 11-12 жастан 14-15 жасқа дейін; кәмелеттік (жоғары кластар жасы) – 14-15 жастан 17-18 жасқа дейін. Балалардың жас кезеңдері оқыту мен тәрбие тәжірибесінің және педагогика, психология, адам анатомиясы мен физиологиясы саласында жүргізілген арнаулы зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Әрбір жас кезеңінің баланың физиология және психология дамуына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар.

Бөбектердің сүйегі бастапқы кезде майысқақ келеді, бірақ олар өскелең болады, осыған орай сүйегі де біртіндеп жетіліп қатаяды. Шеңа туған кезінің өзінде-ақ баланың тамақ ішу сияқты шартсыз рефлекстері дамиды. Ал үнемі бір мезгілде тамақтандыруға дағдыландыру нәтижесінде олардың шартты рефлекстері пайда болады. 2-3 айдан кейін бөбектердің анализаторларында шартты рефлекстер дами түседі. Сәби 3 жасқа аяқ басқанда, өз өміріне байланысты айтылатын сөздердің біразын меңгереді, сұраққа жауап береді, сөйлеу әрекеті қалыптаса бастайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларда өз алдына дербес әрекеттермен шұғылдану, түрлі амал-қылыққа дағдылану, сөйлеу, пікір алысу тәрізді ерекшеліктер басым келеді. Бұл жастағы балалар мектепке түсуге дайындық жасайды.

Төменгі класс жасындағы балалардың организмінде күрделі физиологиялық өзгерістер болады. Бойы өсіп, бұлшық еттер жүйесі дамиды. Нерв жүйесі қалыптаспаған, ми қабығы қозғыш келеді, ішкі тежеуінің тұрақталмағандығы анық байқалады, сондықтан да бұл жастағы балалар тез шаршағыш келеді. Төменгі класс жасындағы балалардың қабылдауы нақты және бейнелі сипатта болады, сонымен бірге сөздік қоры көбейіп, есі, ойы дамиды. Жас өспірім кезеңінде бала тез өседі, жыныстық жетілуіне байланысты организмде өзгерістер болады. Қозу мен тежеудің өзара байланысы жетіле бастайды. Жас өспірім өзін үлкен сезінеді, оның дербес ойлауы, творчестволық әрекеті дамиды.

Кәмелеттік шақ дене және психикалық дамудың аяқталу кезеңі болып табылады. Бұл жаста мидың үлкен жарты шарларының қабығы толық дамып жетіледі. Кәмелеттік кезеңде ақыл-ой әрекеті дербес, бір-бірімен байланысты, жүйелі болады. Сонымен бірге айналадағы жағдайларға, өзіне сын көзімен қарау әрекеті қалыптасады. Оқу-тәрбие мекемелерінің жүйесі балалардың Жас еерекшеліктеріне сәйкес құрылады. Жас ерекшіліктерін білу оқу-тәрбие жұмыстарының тиімді методикалық тәсілдерін табуға, істің нәтижелі болуына көмектеседі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-10-25 17:10:45     Қаралды-10533

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »