UF

Ит өзінің денесінен күнделікті бөлінетін күш-қуатының орнын толтыратындай мөлшерде азық қабылдауға тиіс. Тиісті азықтың жеткіліксіз болуы, әдетте иттің арықтауын, ал азықтың шамадан тыс көп болуы оның семіріп, май басуын туғызады. Бұлардың екеуі де жұмыс иттері үшін, әсіресе асыл тұқымды иттер мен күшіктерге зиянды. Асыл тұқымды ит арықтаса да, семірсе де оның тұқым тарату қызметі бұзылады, арық иттерден әлсіз, тіршілік ету қабілеті төмен күшіктер туады, ал шамадан тыс семіріп кеткен ит күшіктемей қалады. Күшіктің тоя азықтанбауы оның өсуін кешеуілдетеді, нашар жетіледі, нәтижесінде жұмыс қабілеті төмен болып өседі.

Салмағы 30 килограмға дейінгі неміс овчаркасының тыныш жағдайда (яғни оны жұмысқа жаттықтырып, үйретуге пайдаланбаған кезде), +15°С температурада қалыпты тіршілік етуі үшін оның әр салмағына 41,8 калория қажет деп белгіленген.

Температураның төмендеген әрбір градусына тиісінше калория мөлшерін 2,3 процент көбейту қажет, яғни, мысалы, температура + 15°-тен +10°-қа дейін төмендеген жағдайда, калория молшерін 1 килограмға шаққанда 11,5 процентке (5X2,3=11,5%) көбейту қажет, демек иттің қалыпты тіршілік етуі үшін 41,8 кк (кило-калория) емес, 11,5 процент артық калория немесе 4,8 кк, яғни 41,8+4,8 = 46,6 кк қажет болады.

Ит белгілі бір жұмысты (жаттығып үйрену, күзетте тұру, мал бағу және т. б.) орындаған кезінде оның калорияны қажетсінуі өседі, әсіресе жұмыс ауыр болған сайын, соншалық көп калория қажет етеді. Ит орташа жұмыспен айналысқан жағдайда (күніне 3-4 сағат жаттығып үйрену) оның калорияны қажетсінуі әдетте 30-40 процентке артады.

Иттерді питомниктерде ұстаудың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ит орташа жұмыспен айналысқан жағдайда күн сайын қабылдайтын азығынан, өзінің әр килограмм салмағына шаққанда 68 кк алып тұруы керек. Бұл оның қалыпты тіршілік етуіне жеткілікті. Қоршаған ортаның температурасына қарай жаз айларында калория мөлшерін азайтуға, ал қыс айларында көбейтуге болады.

1960 жылы бекіткен қызмет иттерін азықтандыру нормасы бойынша бір ит күніне жармақ пен еттің түрлеріне қарай 2400-ден 2600-ге дейін калория немесе қорытылу кезіндегі қалдық шығынын және азықтық қорытылмай қалатын бөлігін есепке алғанда 2100-ден 2400-ге дейін калория алады. Бұл норма асыл тұқымды иттерді азықтандыру үшін де жеткілікті, мұнда оларға тамақ беру ерекшеліктері ескерілуі керек.

Иттерге тамақ берген кезде олардың қай тұқымға жататынын ескеру қажет. Мысалы, неміс овчаркасы тұқымдас иттердің қалыпты қоңдылығын қамтамасыз ету үшін, одан тұрпаты мен салмағы 1,5-2 есе басым кавказ овчаркасына қанша азық қажет болса, оған да соншалық тамақ беру қажет. Ит неғұрлым көп қозғалыс жасаған сайын, оның бір килограмға шаңқандағы күш-қуат шығыны соншалықты тұруға тиіс. Ластанған кезде оны алмастырып отырады.

Тамақ беру тәртібі. Ересек, қоңдылығы жақсы, дені сау иттерді әдетте күніне 2 рет: ертеңгісін және кешкісін азықтандырады. Қосымша азықтандырылатын иттерге түсте де тамақ беріледі. Тамақ беру тәртібі иттің жұмыс режиміне байланысты болады. Бұл жерде тамақ берілгеннен кейін, яғни ит жұмысқа қосылғанша кемінде 2 сағат демалуға тиіс екенін ескеру қажет. Сондықтан тамақ бергенде мұны есепке алған жөн. Егер ит таңертеңгілік жұмысқа қосылса (мысалы, қой бағу), онда оны күндіз, отар жусаған кезде тамақтандыру керек, ал екінші рет мал өрістен оралғаннан кейін түнде азықтанатын болады.

Мал бағатын итті ертеңгісін тамақтандыруға болмайды, өйткені ит малмен бірге өріске ерте шығады, дем ала алмайды. Қарауылға қойылатын иттерге әдетте постыны алмастыруға 2 сағат қалғанда тамақ береді, екінші рет қарауылдан босағаннан кейін 1-1,5 сағаттан соң беріледі, ал қалған иттерді ертеңгі сағат 8-9-да және кешкі сағат 5-6-да тамақтандырған жөн. Жаз айларында ертеңгілік азықтандыруды мүмкіндігінше ерте уақытқа - сағат 7-8-ге ауыстырады. Әдетте, иттер бірдеңеге алаң болып тұрса, тамағын нашар жейді, сондықтан азықты итаяққа үлестіріп салып болғаннан кейін итті 20-30 минуттай бір өзін қалдыру керек, содан кейін ғана итаяқты жинап алуға болады. Желінбей қалған азықты жинап алып, ал итаяқ ыстық сумен жуылып, келесі азықтандыруға дейін жиналып қойылады. Ит әдетте азықты тез жейді, егер де азықты толық жемеген болса, бұл иттің ауырғандығын байқатады. Егер иттің дені сау болса және оны алаң ететін басқа фактордар болмаса (әдетте төбет иттер күйлеген қаншықтың жүргенін сезсе, азықты нашар жейді), бірақ тамағын үнемі шала жейтін болса, онда мұндай иттің азық мөлшерін азайту керек. Ал бұған керісінше, егер ит азықты тез арада жеп алып, итаяғын ұзақ әрі мұқият жалап-жұқтайтын болса, онда оның азық мөлшерін немесе азықтандыру санын көбейткен дұрыс.

Иттерді азықтандырған кезде олардың жеткілікті мөлшерде витаминдер қабылдауын қамтамасыз ету қажет. Витаминдер иттердің жейтін тағамдарының құрамында болады, бірақ олардың белгілі бір бөлігі қайнатқан кезде бұзылады, ал кейбіреулері азық құрамында тым аз мөлшерде кездеседі немесе мүлде болмайды. Ит үшін аса пайдалы витаминдер - А, В, Д, Е, С тобындағы витаминдер болып табылады.

Жоғарыда келтірілген кестеден көрініп отырғандай, витаминдердің көпшілігі көкөністерде, жемістерде болады екен. Иттерді витаминдермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету үшін, әсіресе қыс пен көктемде оларға үгіткішпен үгітілген шикі сәбіз (жақсы желіиу үшін сәбізді ботқаға да қосуға болады), бидай дәнінің өскіндерін берген пайдалы. Көктемде ұсақтап кесілген көкөністер - қымыздық, сәбіз, қызылша түйнектерін, сүттенген қалақай берген дұрыс. Ұсақталынған көкөністі азыққа араластыру керек. Қалақайды берместен бұрын ыстық судың табына ұстау қажет.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2019-06-15 17:44:37     Қаралды-2129

КҮН НЕГЕ ЖАРҚЫРАЙДЫ?

...

Күн Жер сияқты қатты дене емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСПАНДА ЖҰЛДЫЗДАР ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

...

Жұлдыздар галактикалардың негізгі «тұрғындары» болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »