UF

Тақырып.  Мектеп биологиясына жалпы шолу.

             

Биологияны оқыту барысындағы пәнаралық байланыстар.

Биология пәнiн оқытудағы ең бiр тиiмдi дидактикалық ұстанымдардың бiрi–пәнаралық байланыс. Бұл ғылыми–жаратылыстану пәндерi мен қоғамдық–гумнитарлық циклдердiң және жастарды еңбекке баулуда бiлiм берудiң арасындағы байланыстарды қамтамасыз етедi.

Пәнаралық байланыстық мақсаты:

ҚР–ның жалпы бiлiм беру қағидасына байланысты, оқушылардың жиған–түйген бiлiмдерiн пән мұғалiмi ескере отырып, сол қажеттi элементтердi тиiмдi пайдалану арқылы табиғат және тiршiлiк жайлы ұғымдарды яғни биологиялық түсiнiктердi ғылыми көзқарасқа негiздеп, кез маңында оқушының санасында қалыптастыру болып табылады.

Биология пәнiн оұытудағы пәнаралық байланыстарды тиiмдi қолданулардың алғы шарттары:

а). Бұрын оқылған билогияның басқа курстарынан таныс түсiнiктерге сүйенiп, олардың арасындағы байланыстарды анықтау;

ґ). Биологиядан басқа пәндерден алынған таныс түсiнiктермен байланысын ашу;

б). Болашақта оқылатын  биология және басқа да пәндерде кездесетiн түсiнiктермен байланыс жоспарын алдан ала жасау;

Осы жоғарыдағы айтылғандарға сүйене отыра көздейтiн мәселе «Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстардың мән–мағынасын ашу болып табылады. Сондықтан: қазiргi заман мектебiне қойлатын талапқа сай, биологиялық түсiнiктердi қалыптастыруда пәнаралық байланыстардың тиiмдi жолдарын жан–жақты талқылып оны iс жүзiнде насихаттау.

Пәнаралық байланысты қолданудық әдiстемелiк көкейкестi мәселесi: оқушыларға бағыт–бағдар бере отырып, олардың өз беттерiмен iзденiс жұмыстарын арттыруға арналады.

Пәнаралық және пәншiлiк байланыстарды өсiмдiктану мен жануартану курстарында     қолдану.

Пәнаралық байланысты күнделiктi сабақ өткiзуге пайдалану биология пәнi мұғалiмiнiң теориялық бiлiмiнiң тереңдiгiн, оның жан–жақтылығын, эрудициясын, iздемпаздылығын талап етедi.

Оқушылардың басқа пәндерден алған бiлiм деңгейi қаншалықты екенiн биология пәнi мғалiмнiң жадында болуы тиiс.

Себебi, биологиялық түсiнiктердi кең мағынада түсiну үшiн, олардыә басқа пәндерден алған бiлiмдерiн ескере отырып, сабақта тақырыпқа сай сол элементтердi қолдану қажет.

Өсiмдiктану курсын өткенде тақырыпта сай  «география» пәндерiнен алған бiлiмдерiне ой жүгiрту керек. Өйткенi олар география сабағында тропикалық, субтропикалық, шөлдi және тағы басқа белдеулердегi топырақтың түрлерiн, теңiз балдырларын, сондай–ақ көптеген өсiмдiктердiң таралу аймақтарын жан–жақты, кең мағынада өткен болатын.

Ал орыс тiлi пәнiнен бесiншi сыныпта түр және туыс жайлы түсiнiктер берiледi. Бесiншi сыныптың соңына биология пәнi мұғалiмi тәжiрибе жүргiзер кезде алгебра пәнiнен алған бiлiмдерiн яғни, пайыз және бөлшек өлшемдерiн қолдана отырып, оларға толық талап қоя алады.

Пәнаралық байланыстар арқылы оқушыларға бiлiм беру және тәрбиелеу процестерiн қалыптастыру.

 «Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие берiлуi керек. Тґрбиесiз берiлген бiлiм– адамзаттық қас жауы, ол келешекте  оның  барлық өјмiрiне апат әкеледi» (Әл–Фараби).

ҚР-сы Тәуелсiздiк алғаннан берi жас өспiрiмдерге тәрбие беру өзектi мәселе болып келедi. Тәуелсiз Республикаға бiлiммен қаруланған, жан–дақты дамыған, шығармашылықпен еңбек ете алатын дарынды адамдар қажет. Тәрбие мәселелерiн шешу үшiн биология пәнi мазмұны жағынан да оқыту әдiстерi жағынан да тиiмдi және тәрбиелеудiң барлық түрлерiн қамтамасыз етедi. Сондықтан да биологияны оқытуда пәнаралық байланыста өткiзу оқушылардың бiлiмiн дамытумен қатар тәрбиелiк қызметiнiң де қалыптасуына мүмкiндiк бередi.

Оқушылардың бiлiмiн қалыптастырудағы пәнаралық балайныстың негiзгi үш тобына тоқталайық:

1. Оқушылардың бiлiмiн дамыту.

2. Алған бiлiмiн iс–жүзiнде қолдану.

3. Алған бiлiмiн бағалай отырып iскерлiгiн дамыту.

Әрбiр мұғалiм оқу материалының мазмұнын сараптай отырып пәнаралық байланыстарды анықтап, әр түрлi әдiстердi  пайдаланып, өз жұмысын iске асыру қажет. Ал тәрбие элементтерiне келетiн болсақ, олар:

1. Дүниетанымды ғылыми көзқарасты.

2. Ойлауды тәрбиелеу.

3. Еңбек ету мәдениетiне тәрибиелеу.

4. Эстетикалық тәрбие.

5. Этикалық тәрбие.

Биология сабақтарында кең және жан–жақты пәншiлiк және пәнаралық бұрынғы болашақ, тура және керi байланыстарды пайдаланудың арқасында мұғалiм оқушының материя қозғалысындағы адамның алатын орны, даму формасы жайлы бiлiмiн жетiлдiредi.

Оқушылардың танымдық процестерiн арттыру.

Биологияны оқытуда мектеп оқушыларына бiлiм мен тәрбие берудiң танымдық жағын артыру әдiстерiнiң бiрi–пәнаралық байланыстарды пайдаланып, биологиялық есептердi шығаруды үйрету.

Пән аралық танымды қалыптастырушы есептердi басты–басты үш топқа бөлуге болады:

Бiрiншi – оқушының танымдық бiлiмiн арттыруға бағытталған есептер;

Екiншi – теориялық бiлiмдердi практикада пайдалануға бағытталған есептер;

Үшiншi – оқушылардың iскерлiгiн, ептiлiгiн қалыптастыруға бағытталған есептер;

Практикалық iскерлiгiн дамытуға арналған есептердi шығару барысында оқушының есептеу, өлшеу, эксперименттердi жүргiзу, өз бетiнше ойлану және т.б. iскерлiк жақтарының дамуына мүмкiндiк туады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-25 18:00:17     Қаралды-1798

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »