UF

Тақырып. Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны

 

Негізгі түсініктемелер және терминдер

Сертификаттау – нормативтік құжаттарда белгіленген өнім, процесс, жұмыс, қызмет талаптарына сәйкестігін дайындаушы (сатушы, орындаушы) және тұтынушыдан тәуелсіз органмен жазбаша растау.

Сәйкестік сертификаттау – лайықты түрде сәйкестірілген өнім, процесс немесе қызмет нақты өнімге немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілетінін дәлелдейтін үшінші тараптың іс қимылы.

Сәйкестік сертификат – лайықты түрде сәйкестендірілген өнім, процесс, жұмыс, қызмет, техникалық реттемелер, стандарттар немесе басқа нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілетіндігін көрсететін мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелері бойынша берілген құжат.

Сәйкестік белгісі – осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет нақты өнімге немесе басқа нормативтік құжатқа  сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілетіндігі көрсетілетін мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес қолданылған, белгіленген тәртіпте қорғалынған белгі.

 Сәйкестік туралы декларация – белгілі талаптарға сәйкестігін куәландыратын нысанда, мемлекеттік сертификаттау жүйесімен белгіленген, жеткізуші құжат.

Тіркеу (аккредиттеу) – сертификаттау органдары немесе сынау зертханалары (орталық) ретінде белгілі салада жұмысты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік басқару органдарымен мекеме құқықтылығын ресми мойындау.

Сертификаттаудың түрлері

Міндетті сертификаттау дегеніміз адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне еңгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ерікті сертификаттау  өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың) басшылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

Сертификаттаудың қатысушылары

Сертификаттау жүйелеріне үш түрде қатысуы мүмкін: стандарттау жүйесіне жіберіледі; стандарттау жүйесіне қатысу; стандарттау жүйесіне мүше болу.

Стандарттау жүйесіне жіберіледі дегеніміз - өтініш берушілер осы жүйенің ережелеріне сәйкес өнімді сертификаттаудан өткізуі мүмкін.

Сертификаттау жүйесінің қатысушысы – осы ережелерге сәйкес күші бар және жүйеде басқаруға қатысатын немесе басқаруға мүмкіндігі бар орган.

Сертификаттау жүйесінің мүшесі - осы жүйе ережелеріне сәйкес күші бар және жүйе басқаруда қатысуға немесе басқаруға мүмкіндік беретін орган.

Сонымен бірінші қатысу түрі әзірлеуші-өндірістерге, өнім жеткізушілерге  жатады, ал қалған екі түрі сертификаттау органдарының ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау жүйелерінде жұмыс атқаруына қатысты.Мойындау жөніндегі келісім

Мойындау жөніндегі келісім – бір немесе бірнеше сертификаттау жүйесінің атқарымдық элементін қолданудан алынған, басқа тараптармен ұсынған нәтижелері бір тараптар қабылдауда негізделген келісім.

Бұл келісімдер жалпы немесе жеке нәтижелерге қатысты болу мүмкін,  мысалы “сынау жөніндегі келісім”, “бақылау жөніндегі келісім” және т.б. Мойындау жөніндегі келісім ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде бекітіледі.

Бір тарапты келісім  - екінші тараптың жұмыс нәтижелерін  бірінші тараппен қабылдау.

Екі тарапты келісім – бұл өзара мойындау келісім, яғни басқа тараптың жұмыс нәтижелерін әрбір тараптармен қабылдау.

Көптарапты келісім – бұл екіден астам тараптардың жұмыс нәтижелерін өзара қабылдау.

Осындай келісімдерде қатысу тараптардың құқықтары мен міндеттері бірдей болуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда тараптардың мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, келісім қатынастары эквивалентті еместігін екі жақты келісімде еске алу керек. 

Сертификаттау және саудадағы техникалық кедергілер

Сертификаттаудың пайда болу себебі, тұтынушыға тауарлардың сапасы нақтылы стандарттардың талаптарына сәйкес екендігіне кепілдік береді. Сертификаттаудың дамуы мемлекетаралық саудаға дұрыс ықпалын жасауы айқын болды, мысалы: шеттен әкелуге рұқсат алу мезгілдері сертификатталған тауар үшін маңызды қысқарды; қаблдаушы елге тауарды қайта сынауға қажеті жоқ, егер ол жеткізушінің сертификатын мақұлдаса.

Бірақ ұлттық сертификаттау жүйелерінің сан артуына байланысты олардың ерекшеліктері көбірек айқын белгіленеді. Бұл ерекшеліктер стандарттарға, сертификаттау туралы заңдарға, сонымен қатар сертификаттау процедураларының ережелеріне және т.б. байланысты. Сондықтан халықаралық саудада сертификаттаудың басқа ролі мүлдем осыған орай анықталды - техникалық кедергі сияқты.

Сертификаттау кедергілері тек қана көрсетілген себептерге ғана емес басқа да объективті айқын дәрежеде пайда болған себептерге байланысты. Саудадағы кедергілердің пайда болу басқа механизмі, сертификаттауды мүлдем ішкі (немесе аймақтықты, мысалы ЕСта) рынокқа шет ел өндіріс тауарларының енбеуінің қорғанышы ретінде пайдалану. Осындай жағдайда әкімшілік импортталған тауарлардың күрделі сынауын қолданады, сапа бақылау қатаңдықты күшейтеді, сынау процедурасына қатысты (мысалы, сериясы 45000 европалық стандарттары) стандарттарды (мемлекеттік немесе аймақтық) қабылдайды, олар әрине шетелдік сертификаттардың мойындауна сәулесі түседі. Ал кейбір елдердің сертификат мойындауы тіпті мүмкінсіз болады. Протекционизмдік әдістері трансұлттық бірлестіктердің қысымымен ұлттық міндетті стандарттардың немесе техникалық регламенттердің қабылдауына көбінесе байланысты. Бұл бірлестіктер ұлттық деңгейдегі стандарттауда белсенді қатысады және ұлттық стандарттау ұйымдарының қызметін қаржыландырудағы негізгі бөлімін қамсыздандыра отырып, техникалық комитеттердің қызметінің үстінен бақылау мүмкіншілігін алуға ұмтылады.

Қорыта келгенде, бәсеке күрес аспабы ретінде стандартты  пайдалану ықтималдылығы жоғары, сондықтан мұндай жағдайда шет ел жабдықтаушысына өнімнің сәйкестігін дәлелдеу және сертификатты алу өте күрделі. 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.    Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии. – М.: ЮНИТИ, 2000.

2. Шишкин И.Ф. Метрология, стандартизация и управление качеством. – М.: Издательство стандартов, 1990.

3. Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации.    -М.: , 2001.

4.    Уголев В.С., Чичеров В.Л. Стандартизация в нефтяной промыш-ленности. – М.: Недра, 1991.

5.    Бурдун Г.Д., Марков Б.Н. Основы метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1985.

6.    Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология. -М.: Логос, 2002.

7.    Якушев И.А., Воронцов Л.Н., Федотов Н.М. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения. -М.: Машиностроение, 1987.

8.    Маркин Н.С. Практикум по метрологии. -М.: Издательство стандартов, 1994.

9.    ҚР «Стандарттау туралы» заң. -Астана, 1999.

10.  ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң. - Астана, 2000.

11.  ҚР «Сертификаттау туралы» заң. - Астана, 1999.

12.  ҚР СТ 1.0-2000, ҚР СТ 1.2-98, ҚР СТ 1.3-2000, ҚР СТ 1.4-99, ҚР СТ 1.5-2000 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі.

13.  ҚР СТ  2.0-2001, ҚР СТ  2.3-2001, ҚР СТ  2.4-2000, ҚР СТ 2.6-99, ҚР СТ 2.9-2000, ҚР СТ  2.11-2000, СТ 2.12-2000, ҚР СТ 2.15-2000, ҚР СТ 2.21-2001, ҚР СТ 2.30-2001 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі.

14.  ҚР СТ 3.0-2001, ҚР СТ 3.1-2001, ҚР СТ 3.5-96, ҚР СТ 3.9-97, ҚР СТ 3.11-97 Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификат-тау жүйесі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-25 17:51:20     Қаралды-3339

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »