UF

Тақырып: «Халықаралық қылмыстық сот»

 

1 Халықаралық қылмыстық сот жұмысының алғы шарттары

2 Халықаралық қылмыстық соттың құрылуы

 

Халықаралық қылмыстылықпен барлық хаплықаралық қауымдастық күресуге тиіс, ал халықаралық қылмыстар жасағаны үшін кінәлі  адамдардың жазасы халықаралық сипатта болуға тиіс. Әлемде ешбір мемлекет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке  үлкен қауіп төндіретін халықаралық қылмыстарды санамағанда,  күннен күнге өсіп жатқан трансұлттық қылмыстылыққа өз бетінше қарсы тұра алмайды. Агрессия, геноцид, әскери қылмыстар және тағы басқа қылмыстар тәрізді айыр халықаралық қылмыстар жасағаны үшін кәнілі адамдарды халықаралық қылмыстық жауаптылыққа тартқан жағдайда ғана әділеттілік  халықтарын иибуналдымұндай қылмыстар жазаланбай қоймайтындығына сендіруге болады. Мұндай қылмыстар үшін жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауаптылығы мемлекет атынан қызмет ететін, арнайы құрылған Халықаралық сот органымен жұзеге асырылуы мүмкін. Осы Халықаралық қылмыстық сот жасалған халықаралық қылмыстар үшін жазаның болмай қоймайтындығы қағидасының орындалуының кепілі болып табылады.

Тұрақты негізде халықаралық қылмыстық сотты құру тарихы бірнеше онжылдықтардан тұрады. Алғашқы рет БҰҰ бұл мәселеге 1948 жылы көңіл бөлді. Ол кезде бұған Нюрнбергтік және Токиолық трибуналдардың құрылуы негіз болды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 9 желтоқсан 1948 жылғы 260 (III)  резолюциясында халықаралық құқық Комиссиясына «халықаралық конвенциялар негізінде осы органның өкілеттілігіне жататын геноцид және тағы басқа қылмыстар жасағаны үшін айыпты адамдардың істерін қарау жүктелген халықаралық заң  органын құрудың қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы мәселені шешуді және Комиссияға осы мәселені қарауда «Халықаралық Соттың қылмыстық камерасын құру мүмкіндігіне көңіл бөлуді ұсынды»».

Аталған мәселе бойынша ұсынылған баяндамаларды талқылағаннан соң Комиссия геноцид және басқа да қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі адамдарды айыптау бойынша істі қарау жүктелген халықаралық заң органының құрылуы қажетті және мүмкін деген пікірге келді. Алайда Комиссия мұндай органды Халықаралық Соттың камерасы ретінде құруды жақтамады да, дербес сот органын құру жолын дұрыс деп санады.

Халықаралық қылмыстық юрисдикция туралы мәселе бойынша Комиссияның баяндамасын алдын ала тәртіппен қараудан соң Бас Ассамблея 12 желтоқсан 1959 жылғы 489 (V) резолюциясында Халықаралық қылмыстық сотты құруға қатысты нақты ұсыныстарды дайындау үшін он жеті мемлекеттер-мүшелер өкілдерінен құралған Комитетті бекітті. 1951 жылдың тамызында Комитет Халықаралық қылмыстық соттың Статутының жобасын дайындауды аяқтады. Статут жобасында мұдай соттың тұрақты құрылымы болады, ал оның қызметіоған ұсынылған істердің негізінде ғана жүргізіледі делінген.

Комитетің Баяндамасы және Халықаралық қылмыстық сот статутының жобасы БҰҰ мемлекеттер-мүшелерінің үкіметтеріне қарау және ескертпелер жасау үшін жіберілген. Бірақ мұндай ескертпелер тек бірнеше мемлекеттердің үкіметтерінен ғана алынды және осыған байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясы 1952 жылғы 687 (VII) резолюциясында бұрынғыша он жеті мемлекет-мүшелер өкілдерінен тұратын  жаңа комитет құруды қаулы етті. Жаңа Комитеттің мәжілістері 1953 жылы жаз айларында БҰҰ Орталық мекемелерінде жүргізіліп отырды. Комитеттің  қарау шеңберіне мыналар жатты: 1) халықаралық қылмыстық сотты құру аспектілері мен зардаптарын және осылардың көмегімен жүзеге асырылатын әр түрлі шараларды зерттеу; 2) осындай соттар мен БҰҰ және оның органдарының өзарақатынасы туралы мәселені зерделеу; 3) Статут жобасын қайта қарастыру. Комитет 1951 жылғы Статут жобасына бірқатар өзгерістер енгізді, ал бірқатар баптар бойынша балама мәтіндер дайындады, оның біреуі БҰҰ қарамастан сот органдарының әрекет ету жағдайына, ал екіншісі -  Сот пен БҰҰ арасында тығыз байланыстар орнату туралы шешімдер қабылдау жағдайына арналған. Комитет баяндамасы  1954 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясының қарауына ұсынылды. Алайда аталған баяндаманы және басқа да құжаттарды қарау  әр түрлі себептермен кейінге қалдырылды.

1994 жылы ғана халықаралық құқық комиссиясы өзінің 46-сессиясында Халықаралық қылмыстық сот Жарғысының жобасы бойынша Жұмысшы тобын қайта құруды қаулы етті. Жұмысшы топпен жарғының алдыңғы жобасы қайта қаралып, үкіметтердің ескертпелері мен  48-ші сессиясы кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясының Алтыншы комитетінде  жарыссөздер барысында айтылған пікірлер ескерілген жарғының жаңа жобасы дайындалды.

Жарғының жобасы 60 баптан тұрды, олар өз кезегінде сегіз негізгі бөлімдерге бөлінді: 1 «Соттың Құрылуы»;  2 Сот Құрамы және сотты әкімшілік басқару; 3 Соттың юрисдикциясы; 4 Тергеу және қылмыстық құдалау; 5 Сотта іс қарау; 6 Шағым беру және қайта қарау; 7 Халықаралық әрекеттесу және соттық көмек; 8 Үкімдерді орындау.  

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесімен екі трибунал – 1991 жылдан бері бұрынғы Югославия аумағында халықаралық гуманитарлық құқықты елеулі түрде бұзғаны үшін жауапты адамдарды сотта тергеу үшін Халықаралық трибуналдың және   Руанда аумағында жасалған геноцид және халықаралық гуманитарлық құқықты бұзғаны үшін басқа да қылмыстар бойынша жауапты адамдарды тергеу және 1 қаңтар 1993 жыл мен 31 желтоқсан 1994 жыл кезеңінде көршілес мемлекеттер аумағында жасалған геноцид және басқа да осы тәрізді қылмыстарды жасағаны үшін жауапты Руанда азаматтарын үшін сотта тергеу үшін халықаралық қылмыстық трибуналдың құрылуының үлкен рөлі болды.

Маңызды тарихи оқиға болып Халықаралық қылмыстық сотты құру бойынша БҰҰ атымен құзырлы өкілдердің Дипломатиялық конференциясы табылды.  Конференция өз жұмысын 15 маусым 1998 жылы Римде ФАО штаб-пәтерінде бастады. Конференция жұмысында 156 мемлекеттер өкілдері қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасы да болды, және 260 жуық үкіметтік емес ұйымдар да бар. Конференция нәтижесі бойынша оның соңғы күнінде Халықаралық қылмыстық соттың Римдік статуты (мәртебесі) қабылданды.

Статут преамбуласында көрсетілгендей мемлекеттердің әлемдік қауымдастығының осындай халықаралық орган құруға түрткі болған себептердің бірі болып «бүкіл әлемдік қауымдастықты мазалайтын елеулі қылмыстар жазаланусыз қалуға болмайды және оларды тергеу тек ұлттық деңгейде қабылданатын шаралармен қамтамасыз етіліп қоймай, халықаралық қауымдастықты  белсендету» табылады. Сонымен қатар онда былай делінген: «БҰҰ жүйесімен байланысты Халықаралық қылмыстық сот бүкіл әлемдік қауымдастықты толғандыратын ең елеулі қылмыстарға қатысты юрисдикцияға ие және «осы Статут негізінде бектілген қылмыстық юстицияның ұлттық органдарын толықтырады».

Статутта 128  бап бар және келесідей бөлімдерден тұрады: 1 Соттың құрылуы; 2 Юрисдикция, және қолданылатын құқық; 3 қылмыстық құқықтың жалпы қағидалары; 4 Құрам және Сот істерін басқару; 5 Тергеу және қылмыстық қудалау; 6 Сотта іс қарау; 7 Жазалау шаралары; 8 Шағым беру және қайта қарау; 9 Халықаралық қауымдастық және соттық көмек; 10 Орындау; 11 Мемлекеттер-қатысушылар Ассамблеясы; 12 Қаржыландыру; 13 Қорытынды ережелер.

1  Бөлім «Соттың құрылуы», 4-бабына сәйкес Сот халықаралық құқықсубьектілікке ие. Ол сонымен қатар, оның функцияларын жүзеге асыру үшін және мақсаттарына жету үшін қажетті болуы мүмкін құқыққабілеттілігіне де ие. Сонымен қатар, сот  кез келген мемлекет-қатысушы аумағында  және арнайы келісім бойынша кез келген мемлекет аумағында Жарғымен белгіленген функциялар мен өкілеттіліктерін жүзеге асыра алады делінген.

2 Бөлім Соттың юрисдикциясын және қолданбалы құқық мәселелерін айқындайды. Мысалы, Сот юрисдикциясы бүкіл әлемдік қауымдастықты тікелей толғандыратын елеулі қылмыстармен шектеледі.   Статут мұндай қылмыстарға мыналарды жатқызады: генцид қылмысы, адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар және агрессия қылмыстары. 

Геноцидті қылмыстар тізіміне енгізу туралы мәселе бастапқы уақыттан ақ даусыз болды. Статуттың 6 бабында 1948 жылғы геноцид қылмысын алдын алу және ол үшін жазалау туралы Конвенциядағы, югославиялық және руандық трибуналдардың жарғыларында, сондай ақ бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар Кодексінің жобасындағы геноцидтің анықтамасы пайдаланылған.

Халықаралық құқық Комиссиясымен адамзатқа қарсы қылмыстарға қатысты Статут жобасын қарастыруда, мұндай қылмыстарды анықтау және  Статутқа енгізу үшін  Нюрнберг трибуналының Жарғысының 6-бабында көрсетілген, және өз кезегінде бұрынғы Югославияның Трибунал Жарғысының 5-бабында одан ары дамуын тапқан адамзатқа қарсы қылмыстардың анықтамасын негізге алу керек делінген. Мысалы,   Статуттың 7-бабына сәйкес, «Адамзатқа қарсы қылмыстар» кез келген азаматтарға кеңкқөлемді және жүйелі шеңберде шабуыл жасаумен жасалатын келесідей іс әрекеттердің кез келгені табылады, егер мұндай шабуыл саналы түрде жасалса:

Қорытынды

Қылмыстылықтың алдын алу, онымен күрес және құқық бұзушылармен қатынас жасау мәселелерімен айналысатын БҰҰ органдары соттан тыс талқылаулар мен өз беттірнше жазалауларды айыптайды. БҰҰ қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін заңды кшіне енген сот үкімі ғана құқықтық негіз бола алады деп есептейді.

Халықаралық қылмыстармен нәтижелі күресі мақсатындағы мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықты қолдайды. Соның негізінде ұйымдардың рөлі зор.  Әсіресе БҰҰ шеңберіндегі қабылданған конвенциялар мен Интерполдың қызметі жоғары бағаланады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Панов В.П. Международное уголовное право. Учебное пособие. –М., 1997
  2. Панов В.П. Сотрудничество государств в борьбе с международными преступлениями. — М., 1993
  3. Сборник стандартов и норм ООН в облости предупреждения преступности и уголовного правосудия. Нью-Йорк., 1992
  4. Родионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня, завтра. – М. 1990
  5. Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлімдер. Құлжабаева Ж. О. Алматы – HAS баспа компаниясы, 2003
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-17 09:41:14     Қаралды-6643

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »