UF

ҚАЗ.ССР БАЙЛАНЫСЫ

 

Революциядан бұрынғы Қазақстанда байланыс құралдарының даму дәрежесі өте төмен болды. Тек 250 ғана почта-телеграф пункті жұмыс істеді. Атпен тасылатын почта жолының ұз. 20 мың км еді. Электрлік байланыста - Морзе аппараттарымен жабдықталған 42 телеграф ст. және 6 қалада (Верный, Ақмешіт, Қостанай, Петропавл, Семей, Оралда) жалпы қуаты 700 номерлік телефон ст-лары болды. Қала аралық телефон байланысы болған жоқ. Қазақстан территориясында алғашқы радио ст. 1912 ж. Александровск фортында (қазіргі Форт-Шевченко) салынды, бұл Петровск - Портпен (қазіргі Махачкала) радио-телеграфтық байланыс жасап тұрды. Бұл революцияға дейінгі жалғыз ғана радио ст. еді.

Совет өкіметі орнағаннан кейін Қазақстанда экономиканың өркендеуімен қатар байланыс құралдары мен радио жедел қарқынмен дамыды. БОАК пен Халкомсовтың 1920 ж. 26 августағы декреті бойынша ҚАССР Ішкі істер халық комиссариатының почта және телеграф басқармасы ұйымдастырылды, бұл кейін Почта және телеграф халық комиссариаты өкілінің ҚАССР бойынша басқармасы (1922); СССР Почта және телеграф Халкомының Қазақ байланыс басқармасы (1926) болып аталды. Байланыстың тұрақты почта бөлімдері жүйесі ұлғайды, айналмалы почта енгізілді, тез хабарлайтын Бода әріп баспа аппаратурасы кеңінен қолданыла бастады Телефон байланысы бірте-бірте алыстағы аудандарға тарады, қала-аралық және ішкі телефон байланысы жаңадан ұйымдастырылды. 1928 ж. селолық жерлерде 10 ст. жұмыс істеді, 114 селолық Совет аудан орталықтарымен телефон байланысын жасады, 16 қалада телефон ст-лары (1900 нөмір) істеді. 20-жылдардың бас кезінде Бат. Қазақстанда, Оралда, Қостанайда, Павлодарда және Семейде қабылдағыш радиост-лар жұмыс істей бастады, бұлар РОСТА материалдарын, ал кейінірек Коминтерн атынд. радиохабарлағыш ст-ның программасын қабылдады.

Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде (1929-1940) байланыс құралдары онан әрі дамыды. Алматы маңында 10 квт радиохабар ст-ның (РВ-60) пайдалануға берілуі республиканың өз программасының ст. ұйымдастырылуының бастамасы болды. Радиоландыру ісі қанат жая бастайды, 1940 ж. 146 мың радионүктесін қамтыған 459 радио торабы жұмыс істеді. Алматы қалааралық телефон ст. салынды (1939), Алматы - Москва радиотелеграф байланысы (1931), фототелеграф байланысы (1939) жұмыс істей бастады. 1940 ж. аяқ кезінде почта, телеграф және телефон кәсіпорындарының саны 2252-ге жетті, оның ішінде селолық жерде - 1864; телефон аппараттарының саны - 25 мың, олардың ішінде селолық жерлерде - 2,5 мың. Селолық және ауылдық Советтердің 19%-і, совхоздардың 53%-і, колхоздардың 14%-і телефон байланысымен қамтылды.

Ұлы Отан соғысы жылдары да бұл жұмыстар жүріп жатты. 1943 ж. Алматы - Қарағанды - Ақмола - Омбы - Орынбор - Москва телефон магистралы пайдалануға берілді. Алматы Москвамен, Қарағандымен, Ақмоламен т. б. қалалармен жоғары сапалы телефон байланысын жасайтын болды. Тональдық телеграфтың алғашқы жүйелері пайда болды (1945);

Республиканың экономик.-әкімш. және мәдени байланыстары көлемінің үлғаюы, күрделі қаржылар жұмсау дәрежесінің жоғары болуы, а. ш-нда бұрын болып көрмеген өзгерістердің жүзеге асырылуы барлық байланыс құралдарын онан әрі дамытып, жетілдіре түсуді керек етті. 50 жылдары автоматтандырылған телефон байланысының алғашқы қадамдары жасалды. Алматыда 800 нөмірлік АТС-тің алғашқы декадалық-қадамдық жуйесі салынды (1950). Қарағандыда, Балқашта, Өскеменде, Шымкентте және Теміртауда АТС енгізілді. Сыйымдылығы шағын АТС селолық телефон байланысында (СТБ) қолданылды. 1950 ж. аяғында 740 СТБ-нің 15 станция автомат жүйесіндегі станциялар болды, ал сыйымдылығы 22,3 мың номерлік орнатулы СТБ-нің 4200 нөмірі АТС қарауында еді. Демек, совхоздар мен колхоздардың телефон байланысымен қамтылу проценті өсті. 1950-60 ж. телефондандыру дәрежесі совхоздарда 60,1%-тен 95,8%-ке, колхоздарда 41,6%-тен 95,1 %-ке дейін өсті. 50 жылдардың аягында республикада симметриялық кабельдер қолданылатын магистралдық байланысты пайдалану кеңінен өріс алды. Телеграф байланысы құралдарын жаңа техникамен жабдықтау ісі телеграф аппараттарын СТ-35 шапшаңдатқыш жүйесіне аудару жолымен жүргізілді, байланыстың магистральдық және облыстың ішкі линияларына тональдық және тональдықтан тыс телеграфтау аппараттарын қолдану өдісімен жүзеге асырылды. Бұл жылдары Москва, Ленинград, Киев, Иркутск, Харьков, Дондағы Ростов, Куйбышев, Челябі, Фрунзе, Орынбор, Астраханьмен және одақтас республикалардың басқа да байланыс пункттерімен тікелей байланыс жасау жұмысы үйымдастырылды. Тікелей телеграф каналдары Алматымен облыс орталықтары арасында да жұмыс істеді. Қазақстанда 1960 жылдардың аяғында аудан орталықтарының барлығы облыс орталықтарымен телеграф байланысын жасайтын болды. Алматы Москвамен Ақмола, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Семеймен және Өскеменмен фототелеграф байланысын жүргізді. Кәсіпорындардың, үйымдардың және мекемелердің тікелей документалды телеграф байланысын жасау қажеттігі абонементтік телеграфтау (АТ) әдісін туғызып, дамытты, бұл Қазакстанда 1952 ж. қолданылды. 50 жылдар радиохабар және радиоландыру құралдарының қызу дамыған кезеңі болды, 1950-1960 ж. бізде радиотораптарының саны 3,8, радиоқабылдағыштарының саны 30 еседен астам өсті, ал селолық жерлерде тиісінше 5,6 және 42 есе өсті.

1960-1975 ж. байланыс құралдарын тех. жағынан жетілдіру ісінде елеулі табыстарға қол жетті. Байланыс, радио және телевизия құралдарын дамытуға жұмсалған күрделі қаржылар жылдан-жылға өсіп отырды: 7-бесжылдықта 73,9; 8-де 153; 9-бесжылдықта 256 млн. сом болды. Бұл кезде ҚТБ мен СТБ қуаттарының өсуі тиісінше 6,12 және 6,14 есе болды, АТС енгізілуі тездетілді. АТС қуаты қалаларда 16 есе, селолық жерлерде 27 есе өсті, автоматтандырудың үлес салмағы тиісінше - 97% және 82,5% болды. СТБ құралдары түбірінен қайта құрылды. Өндірістік ішкі телефон байланысын (СТБ) ұйымдастыру жөнінде үлкен жұмыстар істелді. 55 ауданда СТБ-н автоматтандыру толық аяқталды. Электрлендірілген байланыстың ролі мен көлемінің артуы 60 жылдары оларды комплексті дамытуды керек етті. Елімізде байланыстың біртұтас автоматтандырылған жуйесі (ББАЖ) құрыла бастады. Қазақстанның электрлендірілген байланыс желісі еліміздегі ББАЖ-ның құрамды бір бөлігі болып табылады, сондықтан республикада электрлендірілген байланыстың дамуы ББАЖ құру міндетіне бағындырылды. Осы мақсатта байланыстың кең өрісті жүйесі-кабельдік және радиорелелік линиялар (РРЛ) құрылысы жедел қарқынмен кеңінен өрістетілді. 1966 ж. Москва - Ташкент коаксиаль кабельдік линияның құрылысы аяқталды, бұл линия негізінен алғанда Қазақстанның бат. және оңт. обл-тарының территориясына өтті, олардың ірі тораптарып жоғары сапалы электр байланысымен қамтамасыз етіп, респ. және одақтық желілерге апарып қосты. Еліміздің 8-бесжылдықтағы маңызды байланыс объектілерінің бірі Новосибирск - Алматы коаксиаль кабельдік линияның пайдалануға берілуі болды. Бұл линия Алматыны және рөспубликаның бірқатар облыстарын Бат. Сібірмен және еліміздің Шығысымен байланыстырды. 9-бесжылдықтың алғашқы жылдарында Куйбышев - Гурьев - Жаңаөзен байланыс магистралы қатарға қосылды, РРЛ Қазақстанның солт., орт. және шығ. обл-тарын бір-бірімен байланыстырды. 1973 ж. республиканың барлық облыстары Алматымен байланыстың кабельдік және радиорелелік линиясымен жабдықталды. Сөйтіп, 1960-80 ж. шеткергі пункттерде қызмет ететін телефон каналдарының саны 5 есе өсті, қалааралық телефон каналдарының ұз - 5,9 есе өсті, қосымша 6240 телефон каналдары алынды (1,6 есе артты). Облыстың ішкі байланысында облыс - аудан, облыс - қала байланысы елеулі тұрде ілгері өрледі. Түсті металдық сымдарды ілу, оларды жоғары жиілікті телефондаудың жаңа типті каналдық аппаратурасымен нығыздау есебінен канал саны көбейтілді. Телефон каналдары санының көбеюі, алғашқыда жартылай автоматтық коммутация енгізу қала аралық телефон байланысын (ҚТБ) автоматтандыруға жағдай жасады. 9-бесжылдық ҚТБ одан әрі автоматтандыру жылдары болды. 1972 ж. Алматыда 1600 каналға арналған АРМ-20 типті автомат ҚТБ пайдалануға берілді, оған Совет Одағы мен Қазақстанның 100-ден астам қалалары жалғасты. Мөлшері шағын автоматтанған ҚТБ Семей, Целиноград, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Теміртау қ-ларында және көптеген аудан орталықтарында орнатылды. 1977 ж. 1 январь қарсаңында телефон каналдарының жартысына жуығы жартылай немесе толық автоматикаға енгізілген аппаратурада жұмыс істеді. «Тікелей қосу» жүйесіндегі телеграф желісі өсті, 1976 жылдың бас кезінде оның үлесі телеграф байланысының жалпы санында 67% болды. Телеграф байланысында АТ-ТҚ-МБ (АСТС) ст-ның жаңа жүйелері қызмет істей бастайды, бұлар абоненттік телеграфтың (АТ), тікелей қосудың (ТК- және мәліметтер берудің (МБ) бірлесіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Факсимилдік аппаратура арқылы Алматы республиканың барлық облыс орталықтарымен, Москвамен, Ташкентпен, Новосибирскімен, Фрунземен және басқалармен тікелей фототелеграфтық байланыс орнатты. Орталық газеттерді Москвадан фототелеграфтық әдіспен алуды қамтамасыз ететін «Газета-2» аппаратурасы орнатылған Одақтағы алғашқы қалалардың бірі Алматы болды (1971).

Телевизиялық және ультрақысқа толқынды хабарлағыштар қазір өте жоғары даму дәрежесіне жетті. Алғашқы телевизиялық орталықтар Қазақстанда 1956 ж. Алматы, Қарағанды, Өскеменде салына бастады. 1965 ж. аяғында республиканың 12 қаласында проғраммалы телевизия орталықтары жұмыс істеді. Телевизия хабарын таратушы ст-ларды орт. және респ. телевизияға ұштастыру үшін, сондай-ақ республиканың алыс аудандарын телевизиялық хабармен қамту үшін РРЛ құрылысы кеңінен жүргізілді. Совет Одағының алғашқы қалаларының бірі болып Алматы космостық қабылдағыш «Орбита» ст-ы іске қосылды (1967). Кейінгі жылдары «Орбита» желісіне Гурьев, Жезқазған, Шевченко, Қарағанды, Балқаш және Арқалық телевизиялық таратқыштар іске қосылды. Телевизия таратқыштарының дамуы радиохабар таратудың жаңа түрі жиілік модуляциялы (УКВ-ЧМ) ультрақысқа толқынды хабарлағышты енгізуге жағдай жасады. Қазір 30-дан астам екі программалы УКВ-ЧМ таратқыш жұмыс істейді. Сонымен қатар ұзын толқынды және орта толқынды радиохабар ст-лары желісі өсіп келеді. Үш программалы сымды хабарлау жүйелеріне 1 млн-нан астам радионүктелері жалғастырылды.

Почта байланысының материалдық-тех. базасы барынша нығайып келеді, почта жүйесінің көптігі жөнінде Қаз. ССР-і одақ бойынша орташа көрсеткіштен жоғары орында. почтаны механикаландыру дәрежесі жоғары.

Қазір орт. газеттердің 88,4 %-і, респ. газеттердің 98%-і, обл. газеттердің 98%-і аудан орталықтары мен қалалардағы жазылушыларға күнбе-күн жеткізіліп беріледі. Селоның әрбір 1000 тұрғыны 1311 газет, журнал алғызады.

Қазақстанның байланыс саласында ондаған мың адам істейді, оның 1600-і дипломды инженерлер де, 5560-ы байланыс техниктері.

 

Таблица - Қазақстандағы байланыстың негізгі даму көрсеткіштері

 

 

1940

1960

1978

Почта, телеграф және телефон кәсіпорындарының саны (жылдың аяғында)

2252

3388

5289

Жөнелтілген: хаттар, млн.

6,8

149,5

136,9

Газеттер мен журналдар, млн.

165,9

466

1584,8

Посылкалар, млн.

1,4

3,4

10,7

Телеграммалар, млн.

5,7

12,4

21,4

Қалааралық телефонмен сөйлесу саны, млн.

1,1

5,9

42,

Жалпы телефон желісіндегі телефон аппараттарының саны (жылдың аяғында), мың

25

90,2

800,4

Ішкі телефон байланысы бар совхоздардың

проценті

-

17

91,9

Колхоздардың проценті

-

3

89,0

Трансляциялық радионүкте, мың

46

1253

3500

 

Жалпы мемл. жүйемен мәліметтер беруді ұйымдастыру 1976-80 ж. мұнан әрі өсе түседі, фототелеграф әдісімен берілетін газет беттерін қабылдау пункттерінің саны артады. Қазақстанда қалааралық линияларда телефон каналдарының ұз. 1,3 млн. км болды, қала аралық телефон байланысын автоматтандыру өседі. Талдықорған, Жамбыл, Ақтөбе, Целиноград, Гурьев, Қызылорда, Солт. Қазақстан және Орал обл-тарының телефон абоненттері ББАЖ-ға жалғанылады. Телефон саны 1,5 есе көбейеді, РРЛ ұз. 1700 км ұзарады. 20-дан астам алыстағы ауданның тұрғындары қосымша телевизиямен қамтылады. Алматыда биік. 360 м мұнарасы бар қуатты радиотелевизия ст. пайдалануға беріледі. «Экран» типті космос байланыс спутнигінің арқасында қарапайым күшейткіш жабдығы бар коллективтік антеннаны пайдаланып орталық телевизия программасын тікелей ұстауға, сөйтіп, еңбекшілердің игілігіне айналдыруға мүмкіндік туды.

Байланыс құралдарының дамуы радиоэлектроника саласындағы ғылыми- тех. прогрестің табыстарына сүйенеді. Телефон байланысы маманданған ЭВМ-мен басқарылатын квазиэлектрондық және электрондық АТС негізінде дамиды. Қалааралық электрлік байланыста кабельдік, радиорелелік, космостық, оптикалық және волноводты линиялар пайдаланылған көп каналды жүйелер қолданылатын болды.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1978. -Б. 365-366.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-30 11:42:10     Қаралды-18

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ БАР?

...

Жыл мезгілдерінің ауысуы – табиғаттың мәңгілік және өзгермейтін құбылысы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »