UF

ИОНДАУШЫ  СӘУЛЕЛЕРДІ  РАДИОМЕТРИЯЛАУ  ЖӘНЕ   ДОЗИМЕТРИЯЛАУ

Мазмұны:

  1. Радиометрия және  дозиметрия туралы түсінік, оның мақсаты мен міндеті.
  2. Иондаушы  сәулелерді  табу және тіркеу  құралдары мен  әдістері.
  3. Ионизациялық  әдіс.
  4. Радиоактивті сәулелер сезіс мүшелермен қабылданбайды. Бұл сәулелерді арнайы аспаптар мен қондырғылырдың көмегімен ғана (детекторлауға) болады. Олардың жұмысы иондаушы сәулелердің заттармен әсерлесуі кезінде туындайтын  физико – химиялық эффектілерге негізделген.

Иондаушы сәулелерді өлшеуге арналған аспаптарды шартты түрде үш категорияға бөлуге болады: радиометриялық (радиометрлер), дозиметриялық (дозиметрлер) және ядролық – физикалық зерттеулер жүргізуге арналған электронды аспаптар блоктары мен қондырғылары.

Өнеркәсіп орындары, радиометриялық және дозиметриялық аспаптар мен қондырғылардың әртүрлі көптеген түрлерін шығарды. Олар төмендегідей жіктеледі:

  1. Иондаушы сәулелерді тіркеу әдісіне байланысты (ионизациялық, сцинталяциялық, фотографиялық т.б)
  2. тіркелетін иондаушы сәулелердің түріне байланысты (ауыр зарядталған бөлшектер, бетта және гамма сәулелері үшін т.б)
  3. электрлік қоректену түріне байланысты (электр желісінен, батарейлі, аккумуляторлы);
  4. қолдану мақсатына байланысты.
  5. Қолдану мақсатына байланысты барлық аспаптар төменгі топтарға бөлінеді:

 Индикаторлар – қарапайым аспаптар, олардың көмегімен бета- және гамма- сәулелерін табу мен олардың доза қуаты мөлшерін шамамен бағалау мәселелері шешіледі. Бұл аспаптардың электрлік нобайы қарапайым, олар жарықтық және идыбыстық дабыл береді. Индикаторлардың көмегімен доза қуатының өсуін немесе төменедеуін анықтауға болады. Детектор ретінде газды разрядты есептегіштер пайдаланылады. Аспаптардың бұл тобына әртүрлі аспаптар жатады, олардың бірі ДП-64 индикаторы.

Рентгенметрлер – рентген немесе гамма сәулелерінің доза қуатын өлшеуге арналған.

Олардың өлшеу диапазоны ретінде ионизициялық камералар немесе газды разрядты есептегіштер пайдаланылады. Оларға ДП-5А, В және тағы басқалары жатады.

Радиометрлер (радиоактивтілікті өлшегіштер) – олар әртүрлі беттердің, құрал – жабдықтың, киімдердің, ауа көлемінің негізінен альфа-және бета – бөлшектерін радиоактивті заттармен ластану деңгейін анықтауға және сәуле көздерін табуға арналған. Радиометрлер аз деңгейдегі гамма –сәулесін де өлшеуге болады.

Дозиметрлер – иондаушы сәуле көздерімен жұмыс жүргізген уақытта қабылданған қосынды сәулелену доза мөлшерін анықтауға арналған.

Жеке пайдаланылатын дозиметрлер кішкентай көлемді ионизациялық камералар немесе ішінде фото пленкасы бар касеталар түрінде болады.

Ионизациялық камералар комплектісінен және зарядтаушы, өлшеуші қондырғылырдан тұратын комплектіні, жеке қадағалау дозиметрлерінің комплектісі деп атайды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-09-21 17:44:35     Қаралды-623

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮДЕРІ БҰЙЫМДАРДЫ ТАЗАЛАУ

...

Күдерден тігілген бұйымдарды қалай тазалауға болатын тәсіл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »