UF

АДАМНЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ОРНЫ. АДАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ІЛІМНІҢ ДАМУЫ.

 

Адамның пайда болуы мен оның табиғаттағы орны материалистер мен идеалистердің ертеден келе жаткан күрес тақырыбы. Идеалистер адам баласының пайда болуын кұдайдың құдіреті немесе ерекше күш деп діни аңызбен түсіндірсе, ғылым оны тірі табиғаттың ұзақ эволюциясының нәтижесі деген нақты материалистік көзқарас туғызады.

Соңғы түсінік бойынша эволюция процесінде алдымен қарапайым бір жасушалылар, олардан көп жасушалылар, әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар, одан кейін адам пайда болған. Адамның жан-жануарлар арасындағы алатын орнын түсіну үшін оның даму жолының негізіне сүйеніп, түпкі зоологиялық схемасын ескеру кажет. Зоологиялық жіктеу бойынша адам барлық омыртқалылармен бірге хордалылар типіне жатады.

Барлық омыртқалылар мен адам қүрылысының көптеген белгілері үқсас келеді. Адамның дене қүрылысыньщ негізгі принциптері:

  1. Полярлық дегеніміз дененің әр түрлі дифференцияланған екі жағы немесе полюсі болуы: бас жағында қоректік заттарды қабылдайтын қуыс-оральдық по­люс, ал оған қарама-қарсы төменгі (кадуальды) жағында —
    аборальдық полюс.
  2. Екі жақты (билатеральды) симметрия дегеніміз дененің екі жақ жартысының бір-біріне үқсастығы, соған байланысты көптеген ағзалардың жүп болуы жәнеолардың орталық жазықтықтың екі жағында қарама-қарсы орналасуы.

III.  Дененің бунак, немесе метамерлік бөліктерге бөлінуі және олардың бірінен соң бірінің тізбектеліп орналасуы. Осындай күрылыс омырткалы жануарлар мен адамда эволюциялық даму кезінде де сақталады.Адамда эволюциялық ұзақдаму кезінде метамерлік құрылысы тұла бойдың бәрінде емес, тек филогенездік даму процесіне негіз болған тұлға бөлігінде ғана сакталған. Сол себептен жеке жатқан омырткалар, екі-екіден келген кабырғалар, олардың аралығында жатқан еттер, тамырлар мен жүйкелер ғана метамерлі құрылысы мен дамуының көрсеткіші болып табылады.

IV.  Организм қызметінің өзара байланыстылығы —организмнің кейбір бөліктерінің арақатынастарының заңдылықтары. Дарвин оны "дамудың арақатынасының заңдылығы" деп атады. Осы зандылық бойынша организмнің кейбір бөліктерінің пішіні баскд бөліктерінің пішіндерімен әр кашан байланыста болып келеді. Мәселен. Сүтқоректілердің аша тұяқтары күйіс қайтару процесіне бейімделген күрделі асқазанына тікелей байланысты. Нақ осылай адам қолының біртіндеп дамуы организмнің басқа ағзаларына
да ықпалын тигізеді. Өзара байланыстылықты аткаратын қызметіне қарай физиологиялық., көрші жатқан ағзалардың пішініне, жат-қан жағдайына қарай топографиялық, хромосомалардағы гендердің орналасу ерекшеліктеріне қарай генетикалық (СИ. Лебедкина, Н.Я.Герке,1963) деп айырады.

Кювье жасаған өзара байланыстылық заңының негізіне сүйене отырып, адам мен жануарлардың дене құрылысындағы кейбір бөліктеріне карай, баска ерекшеліктері туралы да айтуға болады. Мұның палеонтология мен медицина үшін маңызы зор. Адам омыртқалылардың ішіндегі тірі туатын және ана сүтімен қоректенетін жоғары сүтқоректілер сыныбына жатады. Тірі тууы, дағдылы дене жылуы, екпінді зат алмасуы, ең бастысы — ми қыртысының дамуы өмірдің түрлі өзгер-мелі жағдайына бейімделуге мүмкіндік туғызып және эво-люциялык дамуына жол ашады. Ал адам сол биологиялық өмір сүру жағдайында, антропогенездін соңғы сатысында, әлеуметтік факторлардың басымдығы нәтижесінде қалыптасады.

 Организмнің тұтастығы. Организмнің тұтастығы оның жеке бөліктерінің құрылымдық қосындысы мен олардың байланысы арқылы жүзеге асады. Ал байланыс оның түрлі тамырларында қуыстары мен кеңістіктеріндегі ағып жатқан сүйықгықгар мен организмдегі барлық процестерді реттеп тұрған жүйке жүйесіне байланысты. Организм бөліктерінің сүйықтығы арқылы байланысын гуморальды (humer — сұйықгық) деп атаса, жүйке жүйесі арқылы реттелуін жүйке реттелуі деп атайды.

Жүйке жүйесі жетілмеген қарапайым бір жасушалы организмде (мысалы, амебаларда) гуморальдық ғана байланыс болады. Ал гуморальдық байланыспен қатар жүйке жүйе-сінің дамуына байланысты жүйке байланысы да пайда бола бастайды. Осы байланыс жануарлар құрылысы күрделіленген сайын бүкіл денені тұтас қамтып, организмдегі бар процестерді, сонымен бірге, гуморальдық процестерді де өзіне бағындырып, жүйке жүйесінің басқаруымен өтетін біріккен біртұтас нейрогуморальды реттелуді іске асырады.

Сонымен, организм біртұгатығы бірігудің анатомиялық субстраты болып табылатын және дененің барлық ағзалары мен тіндеріне тарамдалып жататын жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Бүл медицина мен биологияға тән нервизм идеясының негізгі кагидасы. Сонымен бірге орга­низм түтастығы вегетативті және анимальдык, психикалык және соматикалык процестерінің бірлігіне де байланысты.

Казір организм тұтастығы туралы түсінік И.П. Павловтың физиологиялық теориясының негізін құрайтын табиғаттану ғылымы мен диалектикалық материализм принциптеріне сүйенеді.

Біртұтас организмнің және оны қүрайтын элементтердің аракдтынасы. Тұтас дегеніміз элементтер мен процестердің арақатынасынан тұратын баска жүйелерден ерекше қасиеті арқылы ажыратуға болатын күрделі жүйе. Біріккен тұтас организм өзінің жеке бөліктеріне қара­ғанда аса манызды рөл атқарады. Сол себептен организмнен бөліп тасталган ағзалар өздерінің жалпы организм көлемінде атқаратын кызметін атқара алмай калады. Ал организм біріккен біртұтас ретінде кейбір ағзаларын жоғалткан кезде де тірішілігін жоймайды. Бұған қазіргі кездегі оташылық практикасындағы қол жеткен табыстар дәлел. Мәселен, ота аркылы бір бүйректі, өкпені, талақгы алыптастағанда да организм тіршілігі жалғаса береді.

Бөлік бүтінге мүлдем тәуелді емес. Себебі, кейбір жасушалар организмнен тыс өз бетімен өмір сүріп, көбейе алады (тін, дақыл, ұрық жасушалары). Бірақ олар тұтас организмдегі жасушаларда тінаралық зат алмасуды жалғастыра алмайды.

Организм және орта. Организм белгілі бір ортада тіршілік етеді. Ортасыз тіршілік етуі мүмкін емес.

Организм ұдайы өзін қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына тығыз байланысты келеді. Осыған орай онда неше түрлі өзгерістер болып отырады. Организм мен оның тір-шілік жағдайының біртұтастығы зат алмасу процесі арқылы жүзеге асады. Жануарлар мен адамда зат алмасу процесі жүйке жүйесінің басқаруымен іске асатын нейрогуморальдық реттелу арқылы қамтамасыз етіледі. Оны организмнің "нәзік құралы" (И.П. Павлов) деп те атайды.

Организм мен сыртқы ортаның бірлігі органикалық дүниенің эволюциялық негізін түзеді.

Эволюциялық процес нәтижесінде организм құрылысының өзгерістері де байкалады. Бұл өзгерістер организмнің тіршілік жағдайына байланысты өтетін морфологиялық бейімделу көрсеткіші.

Организмдердің бейімделуіне ортаның әсері, нәсілдік және баскд өзгермелі жағдайлар себеп болады.

Ортаның өзгеруі, сол өзін қоршаған орта жағдайына үздіксіз бейімделіп отырған организм өзгеруіне әкеліп со-ғады, яғни дамып келе жатқан организмнің әсерінен оны қоршаған орта да белгілі бір дәрежеге дейін өзгереді. Жануарлардың тіршілік ету жағдайлары олар үшін биологиялық орта. Ал адамға биологиялық ортадан да басқа қоғам ортасының шешуші маңызы бар. Міне осы ортадағы адам тіршілігінің негізі — еңбек. Еңбек — адамды қоршаған ортаның маңызды факторы. Еңбек процестері белгілі мамандық түріне байланысты жүйке жүйесі мен бүлшық еттердің жүмыс істеуімен өтеді. Сол еңбектің нәтижесі адам денесінің құрылысында белгілі бір із қалдырады. Адам денесінің дұрыс құрылысының бірнеше нүсқасы болуы да, көптеген жағдайда сол адамның атқаратын жүмысының сипатына бай­ланысты болуы мүмкін. Организм жүмыс жағдайыңда өзін өзі қалыптастырады.

Жұмыстан баска да адам организміне әсер ететін жағдайлар бар. Оларға тамақ, баспана, киім т.б. тұрмыс жағ-дайлары жатады. Адамның қоғамдық жағдайына байланысты өтетін психологиялық кұбылыстардың да маңызы зор. Тұрмыс пен жұмыс жағдайы адамға үлкен және жан-жакты эсер етеді.

Адамның дамуына қоғамның таптық құрылымы да шешуші рөл атқарады. Отаршылдық қанау кыспағындағы халыктардың өмір жасы үстем тап өкілдерінің жасыңа карағанда қыска болатыны баршаға мәлім.

Үндістан Англияның отары болған кезде халқының жасының ұзақтығы орташа 20—30 жастан аспайтын. Ал казір ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алғаннан бері бұл жас мөлшері едәуір өсті. Біздің елімізде адам өмірінің ұзақгығы тәуелсіз өкімет орнағаннан кейін өзгеруі мүмкін, яғни орташа есеп-пен 70—80-ге дейін жоғарылауы қажет.

Жасуша ішінде генетикалық мәлімет беретін ядро орналасқан. Онда молекула түрінде дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) орналасқан. Ядро әдетте шар және екі жақты қысыңқы пішінде болады. Адам эритроцитінде ядро болмайды. Ядро сыртқы жағынан кариотека немесе кариолема қабықшасымен жабылған. Ол ішкі және сыртқы ядро жарғақшаларынан пайда болған (әрқайсысының калыңдығы 7 нм) және әрқайсысының ортасында перинуклеарлық кеңістік бар. Ядро нуклеоплазмамен (кареоплазмамен) толтырылған. Онда қаттылау түйіршіктер немесе қуыс хроматиңдер және бір-екі ядрошықтар болады. Хроматин ДНК белоктармен және кішігірім мөлшердегі рибонуклеин қышқылымен (РНК) байланысты. Цитоплазмаға оның негізі болып гиалоплазма, органелла және цитоплазмалық қоспалар кіреді. Жасушадағы барлык, биохимиялық процестер бірқалыпты ретпен жүреді. Жасушаның құрамына тек оның қызметін орындаушы болып қатысады. Органелланың бір бөлімі қалыңдығы 6—7 нм болатын өткізгіш қасиеті бар жарғақшалардан түзілген. Бұлар митохондриялар, Гольджи комплексі, эндоплазмалық тор, лизосомалар, ұсақ денешіктер. Басқа органеллалар: центосома, уақ түтікшелер жарғақшадан тыс. Жасушада бұлардан басқа әртүрлі фибримерлік құрылымдар (микрофибреллалар және микрофиламенттер) болады.

Митохондриялар жасушаның энергетикалық станциялары болып саналады. Олардың тыныс алуына және энергияны өзгертуіне қатысады. Митохондрия екі жақты пішінде болады. Олардың әрқайсысының қалындығы 7 нм болатын ішкі және сыртқы митохондриялық жарғақшалардан түзілген. Ішкі жарғақшалар митохондриялық айдаршықтар-кристерден жасалған. Бұлар митохондриялық матриксаның ішіне тереңірек кіріп тұрады. Митохондриялардың қалыңдығы 0,5 мкм-ге жуық, ал ұзындығы 1 мкм-ден 10 мкм-ге дейін болады.

Эндоплазмалық (цитоплазмалық) тор түйіршікті және түйіршіксіз торлар түрінде көрінеді. Бұл қуыстар пішіні мен мөлшері әр түрлі жарғақшалармен қоршалған. Түйіршіксіз эндоплазмалық тор көбінесе цистерналардан түтіктерден жасалған. Цистерналар мен түтікшелердің қорамы 50-100 нм болады. Бұлар липидтер мен гликогендерді синтездеуге және алмастыруға қатысады. Олар жасушадан стероидтық заттар немесе көміртегін шығарады. Түйіршікті эндоплазмалық тор цистерналардан, түгіктерден және пластинкадан тұрады. Оның диаметрі 20 нм-ден бірнеше мкм-ге дейін болады. Жарғақшаның геолоплазма жағына белок синтездейтін ұсақ түйіршік рибосомалар себілген. Бұл белоктар түйіршікті эндоплазмалық тордың куысына түседі. Рибосомада синтезделген белоктар жарғақшалармен эндоплазмалық торға бекітіледі. Бұлар жасушалардан шығады. Цис-тернадан кішігірім транспорттық көпіршіктер бөлінеді. Ол  Гольджи комплексіне бағыт алады. Бұл айтылғандардан баска жеке бос рибосомалар немесе рибосомалар тобы (полисомалар) болады. Цитоплазмаға орналасқан олар жасушаның тіршілік етуіне кажетті белоктар синтездейді. Рибосоманың сфералық кішкене бөлігінің қорамы 150 нм (150—300 А). Ол рибосомалық РНК-дан және белоктардан жасалған. Үлкен және кіші екі субьбірліктен тұрады.

Гольджи комплексі (Гольджи аппаратының ішкі жасушалары, пластинкалық комплексі) көпіршіктер, пластин­ка, түтікше, қапшықтар түрінде болады. Ол жарғақшамен шектелген және қасында ядро орналасқан. Пластиналық комплекс полисахарид синтездейтін белоктармен байланысқа түседі. Тіршілік әрекерінде пайда болған заттарды жасу­шалардан бөліп шығаруға тікелей қатысады.

Лизосомалар қорамы 0,4 мкм-ге дейін болатын жарғакша көпіршіктерімен жабылған. Олар жасуша ішіндегі белоктарды, нуклеин қышқылдарын, липидтерді таратып, жүзеге асыратын гидрологиялық ферменттердің ішінде тұрады. Уақ денешіктер осыған ұқсас жарғақшалармен шектелген көпіршіктерден пайда болады. Уақ денешіктер арасында фермент синтездейтін және су тегінің тотығында ыдырататын пороксисомалар тереңірек зерттелген.

Центросома (жасуша орталығы) әдетте ядро маңында немесе пластикалық комплекстердің маңында орналасқан. Онда екі тығыз денешік центриольдар болады. Әрбір центриоль целиндр тәрізді болып келеді. Оның көлемі 0,15 мкм-ге жуық, ұзындығы 0,3—0,5 мкм, қабырғасы тоғыз үш жақты уақ түтікшелердің ұлпаларынан түзілген. Жасушалар бөлінер алдында центриольдар екі есе көбейеді. Уақ түтікшелер тубулин белоктарынан тұрады. Олардың көлемі 25 нм цилиндр тәрізді. Олар жасуша қаңқасы-цитоқаңқаны қалыптастырады әрі жасушаның нақты пішінін сақтап тұрады.

Кірпіктер мен қылдар тіннің қозғалуын жүзеге асырады. Олар цитоплазмалық өсінділер болып саналып, плазмалық жарғақшалармен жабылып отырады. Олардың негізін тоғыз (екі жакты) шеткі уақ түтікшелер құрайды. Олар екі жақты ортаңғы уақ түтікшелерді қоршаған. Кірпіктер мен қылдар негізінде базаль денешігі жатады. Ол өзінің кұрылысы жағынан центриольға ұқсас. Қылдың ұзындығы 120—150 мкм, кірпіктердің ұзындығы 5—10 мкм мөлшерінде болады.

Бұлармен бірге жасушаларда көміртегінің, майдың, бояқтың қоспалары болады. Басқалары жоғары сатыда дамыған жасушалар (мысалы, бауыр жасушалары — гепатоциттер) жай жағдайда бөлінбегенімен, әртүрлі зақымданудан немесе ағзаның бір бөлігінің бұзылғанынан тездетіп бөліне бастайды. Ең жоғары сатыдағы жасушалар, мысалы, қан, эпителий тіндері де бөлінбейді. Бірақ олар тез өледі де олардың орнына бағаналы, камбиальды жасушалардың екпінді бөлінуінің арқасында өзгертіліп, жаңарып отырады. Бұл категориядағы жасушалар жаңарған жасушалар деп аталады.

Жасушалар ұлпаның кұрамына кіреді. Тін — бұл жасушаның және жасушааралық заттардың шоғыры. Адам организмінен тінді төрт түрге бөлеміз. Олар: эпителий, дәнекер, ет, жүйке ұлпалары.

Эпителий ұлпасы — дененің сыртын жауып, кілегейлі қабықшаның бетін астарлап жатады. Ол организмді сыртқы ортадан қорғап тұрады. Жабу және қорғаныш қызметін атқарады. Эпителий жасушалары базальдық жарғақшада қабат түрінде орналасады. Қан тамырлары болмайды. Ол диффуз түрінде дәнекер тіндер қатарына жататын заттармен қоректенеді. Көп қабатты эпителийлерге мүйізденген, мүйізденбеген, ауыспалы эпителийлер, бір қабатты эпите­лийлерге жай бағанды, жай кубик тәрізді (тегіс), жай сквамозды (мезотелий) эпителийлер жатады. Тері көп қабатты жалпақ сквамозды эпителий тінімен жабылған. Кілегейлі кабықшалар атқаратын құрылысы мен қызметіне байланысты бір қабатты жай бағанды эпителий мен аш ішек, тоқ ішек, асқазан, тыныс жолдары, көмекей, кеңірдек, бронхтар жабылса, мүйізденбеген көп қабатты (жалпақ) сквамозды эпи­телиймен ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, тік ішектің соңғы бөлімдері жабылған. Сірі қабаты жай сквамозды эпителий­мен (мазотелиймен) жабылған.

Бездер — бір жасушалы және көп жасушалы болады. Бір жасушалы бездер шөлмек тәрізді пішінде. Ол жасуша ортасында эпителийдің кілегейлі қабатында орналасқан. Оған асказан, ішек, тыныс алу жолдары жатады. Осы шөлмек тәрізді жасушалардан бөлінген сөл (секрет) гликопротеидтерден тұрады және ағзалар қуысына бөлінеді. Осы жасушалар ағзаның қабатында орналасқан. Көп жасушалы без­дер үш топқа бөлінеді: экзокринді, эндокринді, аралас. Экзокринді бездердің шығарған сөлін бөлетін өзектері бо­лады. Эндокринді бездердің өзегі болмайды. Сондықтан олар бөлген сөлдерін жасуша саңылауларға тікелей бөледі. Одан олар қан мен лимфаға өтеді. Ал аралас бездер бір мезгілде әрі экзокринді, әрі эндокринді бөліктердің қызметін аткарады.

Экзокринді бездерге сөл бөлуші без жасушалары мен сөл бөлетін өзектері бар бездер жатады. Бастапқы құрылысына байланысты (секреторлық) жасушалар екі түрлі келеді. Біреулері түтік тәрізді, екіншісі альвеоларлы бездер (дөңгелек, жүзімге үқсайды). Тарамдалу құрылысына байланыс­ты бұл бездер екі түрге бөлінеді: жай және күрделі. Бірінші түріне тарамдалмайтын жай бездер (тер бездері, май бездері), екінші түріне тарамдалмайтын күрделі бездер (сілекей бездері, бауыр) жатады.

Аралас бездерге сел бөлетін өзегі бар экзокринді бөлігінен және эндокринді жасушалар шоғырынан құралған эндокринді бөлігінен тұратын ұйқы бездері, жыныс бездері жа­тады. Көп жасушалы бездер әртүрлі сөл шығарады. Егер бездердің сөл бөлімі ұйыма және кілегейлі жасушалардан тұрса, белоктық ұйыма бездер дейді, кілегейлі сөл шығарса, кілегейлі бездер деп аталады. Соңғы жылдарғы мәліметтерде сілекей бездерінің инсулин сияқты заттар өндіретіні айтылған ( Е.А. Щубников).

Дәнекер ұлпа үлкен топтарға бөлінеді. Меншікті тіндер (борпылдақ талшықты және тығыз талшыкты) белгілі бір қасиетке ие болатын тіндер (ретикулярлы, майлы), қатты тіндер (сүйекті және шеміршекті) және сұйық тіндер (қан және лимфа). Дәнекер тін тірек, қорғаныш қызметін (тығыз талшықты дәнекер тін, шеміршек, сүйек) атқарады. Ал басқалары трофикалық (қоректік), қорғаныштық (фагоци­тоз және антител болу) жүмысын (борпылдақ талшықгы және ретикулярлы дәнекер тіндері, кан және лимфа) жұмысын орындайды. Басқа тіндерден дәнекер тінннің ерекшелігі, ол көптеген тіндерден және тін аралық заттардан құралған белоктармен байланысып, протеогликан түзетін бөлімі, гликозаминокликаннан тұрады. Әр түрлі талшық түрінде табылады (коллагенді, эластикалық, ретикулярлық). Жасушаралық заттар сүйектерде қатты, қан мен лимфада сұйық болады.

Борпылдақ талшыкты дәнекер тіндердің біразы әртүрлі жасуша элементтерінен және талшықтардан тұрады. Олар негізгі тін заттарында орналасып, ретсіз бағытталады. Бұл тін көбінесе қан мен лимфа тамырларында, жүйкелерде болады. Бұлшық етті жауып жатады. Борпылдақ дәнекер тіннің құрамы фибробластардан, фиброциттерден, плазмоциттерден, тін базофильдерінен, липоциттерден, бояқты жасушалардан, эндоденешіктерден және тамыр перицитаттары мен макрофагоциттерден кұралған. Фибробластар жасушалардағы негізгі дәнекер тіннің бір түрі. Бұл ірі жасушалар түйіршікті эндоплазмалық тор мен Гольджи комплексінде жақсы көрсетілген. Фибробластар жасушааралық заттар компенентін синтездейді және шығарады. Өзінің даму циклы аяқталар кезде фибробластар фиброциттерге айналады. Фиброциттер синтезделмейді немесе дәнекер тіннің негізгі заттарында өте әлсіз синтезделеді. Плазмоциттер немесе плазмалық жасушалар қорғаныш жүйесінің жасушалары. Организмде қорғаныш реакциясына қатысады антитела синтездейді. Олар түйіршікті эндоплазмалық тордың элементтеріне бай. Плазмалық жасуша­лар В-лимфоциттерін түзеді. Тін базофильдері үлкен жасушалар. Олар ірі түйіршіктерге бай гепарин және гистамин ұстайды.

Микрофагоциттер — ірі жасушалар. Көп мөлшерлі және цитоплазмалық өсінділері болады. Плазмалық жарғақшамен жабылады және лизосомалар мен фагосомаларға бай келеді. Микрофагоциттер моноциттерден шығады. Ол отырықшы макрофагоциттер (қан жасайтын ағзалар мен бауырда) және макрофагтар (дәнекер тінде, альвеольдық және серрозды саңылау куыстарда) деп екіге бөлінеді. Ұлы орыс ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты И.И. Мечников қорғаныштың фагоцитоз теориясын жасағанда барлық макрофагоциттерді бір макрофаггар жүйесіне жинақтаған.

Липоциттер — дөңгелек пішінді майлы жасушалар, олар май жинайды. Цитоплазмасымен жалпақ келген ядросы май тамшыларымен қоршалып, шеткі жағында жатады. Липо­циттер жиынтығынан май ұлпасы құралады. Бояқты жасушаларда меланин түйіршіктері де болады.

Ретикулярлық жасушалардан және ретикулярлық талшықтардан тұратын дәнекер ұлпаның бір түрі ретикулярлық ұлпа деп аталады. Ол қан жасайтын және қорғаныш ағзаларының негізгі қаңқасын түзеді.

Тығыз талшықты дәнекер ұлпа аяқталған және аяқталмаған болуы мүмкін. Онда сансыз көп талшыктар торланып жатады. Бұлардың арасында жасуша элементтердің (мәселен, терінің тор кабаты) кішігірім мөлшері болады. Тығыз дәнекер ұлпаның аякталған бөліміне талшықтар шоғыры бір бағытта бір ретпен орналасады (сіңірлер, шандырлы, фиброзды жарғақтар).

Шеміршек және сүйек тіні — дәнекер тіннің бір түрі.Шеміршек тіні шеміршек жасушалары хондробластар мен хондроиттерден тұрады.Гелий құрамында тұратын негізгі заттар мен талшықты дәнекер тінінде болады. Шеміршек тіні үш түрге бөлінеді. Геалинді шеміршек буында, қабырға бастарында, жіліктердің эпифиз бөлімдерінде кездеседі.Екінші түрі талшықты шеміршек. Ол коллогенді талшықтардың көп мөлшері ақталатын негізгі шеміршекті ағзаларда болады. Шеміршекке жоғары беріктік қасиет береді.Фиброзды сақиналар, омыртқа аралық шеміршектер тал­шықты шеміршектен түзілген. Сонымен қатар самай жақ және төс-бұғана буындарының да буын беттері осы тал­шыкты шеміршектермен жабылған. Майысқақ шеміршек негізгі шеміршекті заттарда болады. Ол көптеген майысқақ талшықтармен айқаса орналасады. Олар сарғыш түсті,серпінді қасиетімен ерекшеленеді. Сына тәрізді шеміршек,мүйізше шеміршектер және көмекейдің қалақша шеміршегінің дыбыс өсіндісі, көмекейдің қақпақшасы, құлақ қал­қаны, есіту түтігі, дыбыс жолының сыртқы бөлімі серпінді шеміршектен түзілген. Серпінді шеміршектің геалин шеміршектен айырмашылығы — ол үйектенбеген. Сүйек тіні механикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сүйек жасушалары коллагенді талшықтардан тұратын және органикасыз қосындыларға бай сүйектің негізгі затының ішінде жатады.

Қан мен лимфа трофикалық, тасымал және қорғаныш қызметін атқарады. Қан мен лимфа сұйық жасушааралық заттары күрделі құрылыста болады және олар қалқып жүреді. Қанда ядросыз эритроцит жасушалары (4,0-5,0 х 1012/ л қан) лейкоциттер жасушалары (4,0-6,0 х 109 /л ./л. қан) болады Олардың арасынан түйіршіксіз немесе агронулоциттер және түйіршікті немесе гранулоциттер бөлінеді. Сонымен бірге қанда қан пластинкалары (трамбоциттер) болады. Олар қанның 180,0—320,0 х 1091 л/ мөлшерін құрайды.

Эротроциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері екі жағынан қысыңқы келген тегершік тәрізді. Қорамы 7—10 мкм. Олардың құрамында гемоглобин болады. Гемоглобин оттегі мен көмірқышқыл газын алмастыратын биологиялык белсенді заттар тасуға қатысады. Гранулоциттер шар тәрізді пішінде келеді және цитоплазмада түйіршіктер бо­лады. Фагоцитоздық қасиетінің арқасында қорғаныш қызметін атқарады. Нейтрофильді гранулоциттерде түйіршіктердің екі түрі тарамдалады. Көбірегі лизосомалар болатын өте ірі азурофильдер. Аурофильдерден өзгеше нейтрофильдер болады. Ол бактериялы заттарға және сілтілі фосфатозага бай. Нейтрофильдердің қорамы 7—8 мкм, өте қозғалғыш келеді әрі фагоцитоздың жұмысын атқарады. Цитоплазма эозинофильді гранулоциттер (түйіршіктер) лизосомалар болатын ерекше түйіршіктерге бай. Эозинофилдердің қорамы 9—0 мкм. Олар фагоцитозаға икемді. Бірақ олардың негізгі жұмысы — аллергиялық реакцияларға қатысады.

Лимфоциттер қорғаныш реакциясына (Т-лимфоциттер) негізгі қатысушы болады. Жасуша және гуморальдық (В-лимфоциттер) қорғаныш реакциясын атқарады. Лимфоциттердің қорамы 7 мкм-ден 12 мкм-ге дейін өзгере алады. Осыған байланысты кіші, орташа және үлкен лифоциттер деп бөледі. Кіші лимфоциттерде органеллалар аз, олар жұмысына жайланысты Т және В лимфоциттерге бөлінеді. Соңғысы антител синтездейтін плазмалық жасушаның басталар жері.

Моноциттер көлемі 12—5 мкм болатын ірі дөңгелек жасушалар. Олардың цитоплазмасында лизосомалар бола­ды. Моноциттер барлық микрофагтардың басталар жері.

Тромбоциттер немесе қан пластинкалары ядросыз жасушалар. Тұрақсыз пішінде болады және көлемі 2-3 мкм-ден аспайды. Трамбоциттер лизосомаларға бай және серотонин болып табылатын түйіршіктердің кішігірім мөлшерінде бо­лады. Тромбоциттер канның ұюына және тромбоцитті фактордың дамуына катысады.

Лимфаның жасуша құрамының қанның құрамынан айырмашылығы лимфоциттерге бай болып келеді. Әсіресе ортаңғы лимфада түйіндегіге қарағанда көбірек. Лимфада эритроциттер болмайды.

Бүлшық ет ұлпасы— жиырылуына байланысты қимыл, қозғалыс жұмысын атқарады. Екі түрлі бұлшық ет тіні бар. Көлденең жолақсыз (тегіс) және көлденең жолақты (қаңқа еттері мен жүрек еттері).

Жолақсыз бұлшык ет ұлпасы  ұршық тәрізді жасушалардан, миоциттерден тұрады. Олардың ұзындығы 500 мкм-ге дейін барады. Ол қан және лимфа тамырларының ішкі ағзаларының қабырға құрылысында кездеседі. Миоциттердің ұзынша келген ядросы болады. Цитоплазмада көптеген жиырылғыш органеллалар немесе миоламенттер және тығыз денешіктер болады. Олар плазмалық жарғақшаның бөлігіне бекітіледі. Жолақсыз бұлшық ет тіні (кейде бірыңғай салалы ет тіні деп аталады) вегетативті жүйке жүйесімен сабақтас.

Көлденең жолақты бұлшық emmтері қаңқа еттерін түзеді және сүйек ұршығын қозғалысқа келтіреді. Сонымен қатар тілдің, жұтқыншақтың, өңештің жоғарғы бөлігінің құрамына тік ішектің сыртқы қысқышының кұрылысына кіреді, сүйек ұршығын қимылға келтіретін сүйек еттерін түзеді. Жолақ бұлшық еттер ұлпасы күрделі құрылысты көп ядролы келденең жолақты ет талшықтарынан түзілген. Күңгірттеу және ашықтау бөлімдері кезектесіп келеді. Қаңқа еттері жұлын жүйкелерімен сабақтас. Жолақтанған жүрек бұлшық ет ұлпасы қаңқа бұлшық еттерінен өзінің құылысымен және атқаратын жұмысымен ерекшеленеді. Ол жүрек миоциттерінен (кардиомиоциттерден) тұрады және бір бірімен күрделі байланыста жатады. Өзінің микроскопиялық құрылысы жағынан қаңқа еттеріне ұқсас келгенімен, жиырылу нәтижесі еріксіз өтеді.

Жүйке ұлпасы  жүйке жасушалары немесе нейрондардан тұрады. Ол ерекше құрылысы мен жұмысы бар нейрон құрылысына — нейроглиаларға қатысып, тірек, трофика, қорғаныш қызметін атқарады. Жүйке жасушасы денесінің ұзындығы әртүрлі. Жеке жүйке жүйесі марфофункциональды болып табылады. Ұзын өсінділер жүйке серпілісі жүйке жасушасының денесі шеткі аппараттарға, жұмыр ағзаларға (етке, безге) немесе басқа жүйке жасушаларына қарай қозғалады. Мұны аксон деп атайды. Басқа қысқарақ өсінділер ағаш бұтақтары тәрізді тарамдалады. Ол арқылы жүйке серпілісі жасуша денесіне қарай бағыт алады. Бұл дендрит аталады. Дендриттің ұштары көрші жасушалар мен алуан түрлі сыртқы ортадан келген серпілістерді қабылдайды.

Жүйке тіні миға түсетін дабылдың синтезделуін және анализденуін қамтамасыз етеді. Ол организмнің сыртқы ағзамен арақатынасын байланыстырып, организмнің ішкі қызметінің жүруіне қатысады. Организмнің бір тұтастығын және тепе-тендігін қамтамасыз етеді.

Бірнеше жыныстық айырмашылықтар

 

Көрсеткіштер

Жынысы

Ерлерде

Әйелдерде

дене ұзындығы

ұзындау

қысқалау

дене салмағы

 

 

тұлға бөлімі

қыскалау

ұзындау

қол-аяқ сүиектері

ұзындау

қысқалау

иык белдеуі

кендеу

тарлау

жамбас

тар

кең

көкірек клеткасы

кең-ұзын

кысқа-тар

құрсақ бөлімі

қысқалау

ұзындау

бұлшық ет

ауырлау

жеңілдеу

Тері асты майы

аз

көп

терісі

калың

жұқа

түктері

тұлғада, қол-аяқ

ішінде мүлдем жоқ,

 

бөлімінде, қасағада, кіндікке дейін, бетінде

аздау

 

Адамның құрылысынан неше түрлі ерекшеліктерді керуге болады. Осыдан оқулықта адамның дене құрылысының түрлері жөнінде түсініктер енгізілген және олар гентикалық факторлармен, ішкі ортаның әсерімен қабыстырылған. Адамның дене құрылысы мезоморфты, брахиморфты, долихоморфты деген үш типке бөлінеді.

Мезоморфты (грекше meso— орташа) дене құрылымына (нормостениктер негізінде) анатомиялық орта мөлшерлі өлшемге жақындайтын адамдар жатады.

Брахиморфты дене құрылымына (грекше braxio— кең) (гиперстениктер), яғни кең иықты, тапал бойлы келген, көкеті жоғары орналасуына байланысты жүрегі көлденең жайғасқан.

Долихоморфты (долихо — ұзын) типке бойы ұзын, жеңілдігімен, тік, яғни түзулігімен ерекшеленеді, бұлшық еттері әлсіз дамыған, сүйегінің ішкі куысы тар, қол-аяқ сүйектері өте ұзын болып келген адамдар түрі жатады. Көкеті төмен жайғасқандықтан ішкі ағзалары (жүрегі, өкпесі) ұзына бойы орналасқан.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-06-24 14:06:28     Қаралды-1729

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕ ЖҮЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ ЦИРК ҚАШАН ЖӘНЕ ҚАЙ ЖЕРДЕ АШЫЛДЫ?

...

Қазіргі кездегі заманауи цирктің әкесі - ағылшын кавалеристі аға сержант Филип Астли

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МЫСЫҚТАР ҚАШАН ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫНА АЙНАЛДЫ?

...

Соңғы уақытқа дейін ежелгі мысырлықтар мысықтарды алғаш қолға үйреткен деп есептелді

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КІРПІШ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Пісірілген балшықтан жасалған бұл әмбебап құрылыс материалы

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОТТЕГІ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

...

Оттегі - жер бетіндегі ең көп таралған химиялық элементтердің бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Мектеп дәптерлеріне ата-әжелеріңіз, аналарыңыз бен әкелеріңіз жазған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ПЛАНЕТА ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »