UF

ЕСТУ ЖӘНЕ ВЕСТИБУЛЯРЛЫҚ (ТЕПЕ-ТЕҢДІК САҚТАУ) АНАЛИЗАТОРЛАРЫ

 

Есту ағзалары орналасуына, атқаратын қызметіңе қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы қүлак дыбыс толқынын жинақтап, ортанғы құлаққа өткізеді, ортанғы құлақ ішкі құлақгың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту (Корти) ағзаларынан басқа тепе-тендік аппараты да жатады. Тепе-теңдік ағзасы дененің және оның әрбір мүшесінің сыртқы жазықтықтағы жағдайын қабыл-дап, орталыққа немесе ми бөлігіне беріп отырады. Есту және тепе-тендік ағзалары самай сүйегінің тасша болігінің ішінде орналасқан.

Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.

Құлақ  қалқаны сыртқы орталықтағы дыбыс толқынын жинақтап, дыбыс жолына карай икемдейді. Жануарладың құлақ қалқаны адамға қарағанда жақсы жетілген және қозғалып, дыбыс шыққан жаққа бұрылып тұрады. Құлақ қалканының негізі шеміршектен түзілген. Сыртқы терімен жабысып, төменгі жағы сырғалықпен аяқталады. Сырғалық ішінде болбыр май тіні жатады. Құлақ қалқанының сырты шиыршық, оның ішкі жағынан катар жатқан ұзынша дөңесті ішкі шиыршық деп атайды. Шиыршықтардың ішкі жағында құлақ қалқанының ойысы жатады.

Сыртқы дыбыс жолы құ­лақ қалқанының ойысынан басталып, тереңдеп, дабыл жарғағына дейін жететін тү-тік тәрізді, оның ұзындығы 3—5 см дейін барады. Бұл түтіктің ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар май мен құлақ күкіртін (сера) шығарады. Ол екеуінің қосындысын құлық (құлақ шайыры) дейді. Оның микробтармен күресетін қорғаныстық маңызы бар. Дабыл жарғағы сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұрған төрізді, оның сыртқы беті эпителиймен, ал ортаңғы құлаққа караған ішкі беті кілегей қабықшамен жабылған. Дабыл жарғағы өте жұқа. Оның ішкі бетіне жабысып жатқан ортанғы кұлақтың балғашык сүйекшесі көрініп тұрады.

Ортаңғы құлаққа дабыл куысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады. Дабыл қуысы самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс. Бұл қуыстың сырткы, ішкі, жоғарғы, төменгі және алдыңғы, артқы қабырғалары болады. Сыртқы кабырғасы дабыл жарғағы арқылы сыртқы дыбыс жолынан бөлініп тұрады, ал артқы қабырғасында екі тесікше жатады. Оның жоғарғы дөңгелек тесікшесін ұлу терезесі десе, төменгі тесікшесін кіреберіс терезесі деп атайды. Бұл тесікшелер арқылы ортаңғы кұлақ ішкі құлақпен байланыс жасайды. Жоғарғы қабырғасы ортаңғы кұлақ қуысын ми сауытының қуысынан, төменгі қабырғасы мойынтұрық ойысынан, алдыңғы қабырғасы ұйқы артериясының өзегінен, артқы қабырғасы емізік өсіндісінің қойнау куыстарынан бөліп тұрады. Дабыл қусында үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне сәйкес балғаша, үзенгіше және төсше деп аталады] Бұл сүйекшелер бірімен бірі буынды қосылыстар жасап, дабыл куысының сыртқы қабырғасына дейін өзара жалғасып жатады. Балғаша сүйектің басы, мойыны, сабы болады. Ол сабы арқылы дабыл жарғағының орта жеріне бекемдеп жатады, ал басы арқылы төсше сүйектің денесімен байланысады. Төсше сүйегі (есту сүйекшелерінің ортасында) бір жағынан балғаша сүйекпен, екінші жағынан үзенгіше сүйекпен жалғасады. Үзенгіше сүйек адам денесіндегі ең үсақ сүйек. Оның негізі мен қос аяқшасы болады. Негізі ішкі қүлактың сопақша тесігін жабады. Есту (Евстахий) түтігі ортаңғы қүлакты жүтқыншақ пен жалғастырады.Оның ұзындығы 3—4 см. Түтіктің ішкі аз бөлігі сүйектен, ал сыртқы бөлігі шеміршектен түзілген. Ауа жүтынған кезде осы түтік арқылы жүтқыншақтан ортаңғы құлаққа еніп, оның ішіндегі ауа қысымын сыртқы ортадағы ауа қысымымен теңестіріп түрады. Мүның дабыл жарғағының ауа толқыны қысымынан жарылып кетпеуіне пайдасы тиеді.

Ішкі құлақ немесе сүйек лабиринті самай сүйектің тасша бөлімінің ішінді жатады. Оның өзі бірінің ішінде бірі жаткан сүйекті және жарғақты лабиринттің лимфа сүйықгығы бо­лады. Сүйекті лабиринттің құрылысы өте күрделі. Ол үш W бөліктен түзілген. Оның орталық бөлігін кіреберіс, алдыңғы жашн ұлу, ал артқы бөлігін иірім өзектері деп атаңыз. «Сүйекті лабиринттің кіреберіс бөлігі ортаңғы құлақ пен ішкі дыбыс жолының аралығына орналасқан. Пішіні сопақша келген кеністік. Кіреберістің сыртқы қабырғасы ортаңғы құлақтың ішкі қабырғасы. Кіреберістің бір жағынан ұлу, екінші жағынан үш иірімді өзектер ашылады. Бұл өзектер сүйекті лабиринтгің артқы жағын түзеді. Олар бір-біріне көлбеу жатқан үш түтіктен құралған. Оның алдыңғы түтігі үйек, артқы түтігі мандайалды, сыртқы түтігі көдценең жазыкгықга жата-ды. Олардың әркдйсысы жартылай келген шеңберге ұқсайды және қос аяқшасымен лабиринтгің кіреберіс бөлігіне ашыла­ды. Олардың кеңістік жасаған аяқшаларын ампуласы, ал кеңеймеген аяқшаларын жай аяқшалар деп атайды. Алдыңғы және артқы иірімдердің жай аяқшалары бірігіп, жалпы аяқша түзіп, кіреберіске ашылады. Осыған байланысты кіреберісте алты емес, бес тесікше болады.  Ұлу лабиринттін үшінші бөлімі. Бұл кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі жарым иірім жасап аякталады. Оның ішінде конус тәрізді кіндік жатады. Үлудың бірінші орамын негізгі, екінші орамын ортанғы бөлім, үшінші орамын үшы деп атайды. Иірімнің қуысында шиыршық пластинка жатады. Оның бір шеті кіндікке жалғасып, екінші шеті иірім қуысында бос жатып, ұлудың сырткы қабырғасына беткей тұрады. Осының нәтижесінде үлу куысы екі сатыға бөлінеді. Жоғарғы бөлігін кіреберіс сатысы, ал төменгі болігін дабыл сатысы деп атайды. Иірім ұшында бұл екі саты бірігіп кетеді. Кіреберіс сатысы кіреберістен басталса, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен басталады.

Жарғақты лабиринт жұқа дәнекер тінді жарғақган түзілген. Ол сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа сұйықтығы, сүйекті лабиринт пен жарғақты лабиринт аралығында перилимфа сұйықтығы жатады. Жарғақты лабиринттің кіреберіс бөлігінің пішіні сүйекті лабиринттің кіреберіс бөлігіне толық ұқсас келмейді. Себебі, ол бір-бірімен тығыз байланыста жатқан жатырша мен қапшықтан түзілген. Оның эллипс терізді жатыршасы үш жарғақты иірімді өзектермен байланысса, дөңгелек қапшығы ұлуға жалғасады. ұлу жолы шиыршық пластинканың бос жиегінен өтеді. Бұл жолдың пішіні (көлденең кескенде) үш бұрышты келеді. Осы үш бұрыштың бір қабырғасындағы дыбыс толкынын қабылдайтын жасушаларды Корти ағзасы деп атайды. Одан кіреберіс-ұлу жүйкесінің үлу бөлігі басталады. Сонымен ұлудың жарғақты бөлігі дыбыс қабыддайтын аппараттың маңызды бөлімі. Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы арқылы енген ды­быс толқыны дыбыс жарғағын тербетеді. Бұл тербелу есту сүйекшелерінің тізбегінен кіреберіс терезесіне, одан пери­лимфа сұйықтығына беріледі. Перилимфа сұйықтығы ұлу қабырғасындағы жүйке ұштарына, одан орталыққа (миға) береді.

лабиринттің кіреберіс бөлігі мен иірімді озектері адамның тепе-тендік аппараты. Олар арқылы адам денесінің және оның әрбір мүшесінің сырткы жазықтықтағы жағдайы қабылданады. Осы кіреберіс бөлігі мен иірімді өзектерден қозуды сопақша ми мен мишыққа беретін кіреберіс ми жүкесі басталады.

Есту тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш және орталык бөлімдеріне есту және тепе-тендік ағзалары жатады. Есту анализаторының өткізгіш бөлігі сезімтал нейрондарынан басталады. Бұл нейрондар сүйекті ұлудың кіндігінен басталған шиыршық пластинкада орналаскан. Олардың ден­дрит ұштары дыбыс толқынын кабылдаса, нейтриттері кіреберіс жүйкесімен бірігіп, кіреберіс-ұлу жүйкесін түзіп ішкі есту тесігінен өтеді. Бұл екеуі мидың VIII-жұп жүйкесі|Есту анализаторының орталығы ми сыңарларының самай аймағында жатады. Тепе-тендік анализаторының өткізгіш бөлігіне сезімтал нейрондар жатады. Олар кіреберіс түйіндерінде орналаскан. Бұл нейрондардан шыққан нейриттер кіреберіс жүйкесін түзіп (ұлу жүйкесімен қосылып) миға карай бағыт алады. Жуйке талшықтарының бір тарамы мишықгың құртша бөлітіне, кал­ганы сопақша мидың қиықша ойысының кіреберіс ядросына барады. Есту және тепе-теңдік анализаторларының арқасында, адам сыртқы ортадан шыққан дыбыстарды тусініп, жаса-ған қимылының жағдайын сезеді)

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-06-24 11:23:59     Қаралды-850

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »