UF

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ МАЛ ҚОЛТҰҚЫМДАРЫ

 

Қазақстанда мал шаруашылығының жетекші саласы - қой шаруашылығы, өйткені мал шаруашылығынан келетін барлық табыстың 50 проценттен астамы осы салада алынады. Қойдан өндірілетін шикізаттар - жүн, тері, елтірі, сондай-ақ бағалы азық-түліктер - ет, май, сүт халқымыздың ең негізгі тұрмыстық қажеті болып табылады.

 

Қазақ қой-ешкілерінің қолтұқымдары

Қой шаруашылығы және оның қолтұқымдары. Қой шаруашылығының өркендеуі үшін қойдың шөл және шөлейт аймақтарда 9-10 ай бойы далада жазылуы қолайлы жағдай туғызады. Қой жүнінің 95 проценті жыл сайын тоқыма өнеркәсібіне жұмсалады. Жүннен жасалатын бұйымдарға қой өсіруден түсетін табыстың 40-42 проценті қой жүнінің үлесіне тиеді. Мәселен, биязы және биязылау жүннен әр түрлі жүн маталар, тоқыма бұйымдар әзірленсе, ұяң жүннен - кілем, қылшық жүннен шұға және жүні қалың мата тоқылады, сондай-ақ киіз және аяқ киім басылады. Қойдың терісінен - тон, елтірісінен бас киім, сырт киім тігіледі.

Абдулғазиз Ыбырайулы Жандеркин (1905-1983)

Зоотехник, биология ғылымының кандидаты, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Ол - қазақтың арқар - меринос қойын, түбітті ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек еткендердің бірі.

 

Бағрам Мүсаұлы Мусин (1906-1978)

Ғалым-зоотехник, ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі. Ол малдың жаңа қолтұқымы - қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алған.

 

Орта Азия халықтары, Қазақстан ертеректе қылшық жүнді қой өсірумен шұғылданған. Бұл - біздің заманымызға дейін 1500 жыл бұрынғы дерек. Қазіргі қаракөл қойлары осы қылшық жүнді қойдан таралған. Кейінгі жылдары әр жердің ауа райы мен жайылым жағдайларына қарай қойдың толып жатқан қолтұқымдары шығарылған. Биязы және биязылау жүнді қойлардан қолтұқымдары біздің заманымызға дейін 900-800 жыл бұрын Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған. Қазақстанда 1930 жылға дейін қылшық жүнді, құйрықты қойлар ғана өсірілген.

Қазақстанда жаңа қолтұқымды қой алуда құйрықты еділбай қойының саулығы мен басқа жақтан әкелінген асылтұқымды қошқар пайдаланып, 1931 жылдан бастап академик В.А.Бальмонттың жетекшілігімен биязы жүнді қазақ қолтұқымды қойы шығарылды. Ал 1934 жылдан бастап жаңакавказдық текті биязы жүнді саулықпен арқарды будандастыру арқылы арқармеринос қолтұқымды қойын шығарумен Н.С.Бутарин шұғылданды. Сөйтіп Қазақстанда биязы жүнді, биязылау жүнді және қылшық жүнді қолтұқымды қойлардың саны 30 миллионнан артты. Жалпы бұрыңғы ҚСРО-да қолтұқымды қойлардың 19 түрі шығарылды.

Мүйізді ұсақ малдың қойға тіркес түрі - ешкі. Қазақстанда әсіресе түбітті ешкі қолтұқымын өсіруге ерекше назар аударылады. А.I. Жандеркиннің басшылығымен 1953 жылы түбігті ангор ешкінің жаңа қолтұқымы шығарылды.

Мүйізді ірі қара шаруашылығы және оның қолтұқымдары. Қазақтар ірі қараның бір түрі - сиыр өсірумен кейініректе ғана шұғылдана бастады. Сондықтан сиырдың жергілікті тұқымдары онша өнімді болған жоқ. Бұл күнде Қазақстанда сиырлардың етті әрі сүтті және сүтті тұқымдары өсірілуде. Етті әрі сүтті қолтұқымға 1950 жылы «Қазақтың ақбас сиыры» деген ат беріліп, жаңа қолтұқым ретінде бекітілді. Б. М. Мусиннің жетекшілігімен шығарылған қазақтың ақбас сиырының орташа жеке салмағы 517 кг, бұқасының салмағы - 900 кг болды. Ақбас сиырдан орташа майлылығы 3,87% 2000 килограмнан астам (жылына) сүт алынады.

1950 жылы сүтті бағытта отандық қолтұқым ретінде алатау сиыры (авторлары: М.Г.Болдырев, И.М.Галочкин, М.Я.Мартинсон, Н.К. Никифоров, Д.Н.Пак, П.И.Рыбаков, Г.А.Чернов) әйгілі болды. Бұл қолтұқымның орташа майлылығы 3,9-4% мөлшерінде жылына орта есеппен 4000-4355 кг сүт беретіні оның сүтті бағыттағы қолтұқым екенін айғақтай түсті. А. Г. Пансенко және басқа ғылыми қызметкерлердің қатысымен 1935-1950 жылдары Қазақстанда сүтті бағытта әулиеата қолтұқымды сиырлары жеке қолтұқым ретіңде жетілдірілді. Бұл - сүті өте майлы қолтұқым, оның сүтінін майлылығы 4 проценттен кем болмайды. Әулиеата қолтұқымды сиыры жылына орта есеппен 3866 кг сүт береді. Бұрынғы ҚСРО-да кеңірек тараған сүтті бағыттағы қолтұқым - қара ала сиыр. Сүтті қолтұқымды қара ала сиыр орташа есеппен жылына майлылығы 3,6-3,7% 3700-4300 кг сүт береді.

Қазақстанда шығарылған сиыр қолұқымдары.

 

Етті қолтұқымды мүйізді ірі қараның салмағы ауыр және еті сапалы болады. Бұрынғы ҚСРО-да өсірілетін шортгорн қолтұқымды сиырдың салмағы - 650 кг, бұқасының салмағы - 1000 кг. Қалмақ қолтұқымды сиыр да етті тұқым болып саналады, кейбір жеке дара салмағы 500 килограмға дейін тартады.

Жылқы шаруашылығы. Шығыс Қазақстанның таулы өңірінде, сондай-ақ Батыс және Орталық Қазақстанда жылқы шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі бір саласы болып табылады. Қазіргі кезде жылқылардың 200-ден астам қолтұқымдары бар. Қазақстанда жоспарлы түрде қазақ, дон, қостанай, орыс желісті, орлов желісті, ауыржүк және күшім қолтұқымды жылқылары өсіріледі. Қостанай қолтұқымды жылқысы Г. Г. Xитенковтың жетекшілігімен 1951 жылы дербес қолтұқым ретінде бекітілді. Бұл - мініске арналған қолтұқым. Ал 1961 жылдың қарсаңында шығарылған күшім қолтұқымдық жылқысы мініс және жегін көлігі болып саналады.

Тақтуяқты сүтқоректілер және жылқының қолтұқымдары.

Күйіс қайыратын сүтқоректілер.

 

Қазақстанда қолтұқымдық және әр түрлі мақсатқа пайдалану үшін арнаулы жылқы өсіретін шаруашылық - 8 жылқы заводы бар. Жылқы заводында асылтұқымды жылқылар көбейтіліп, жақсартылумен қатар жаңа қолтұқымдар шығарылады.

Түйе шаруашылығы. Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, т. б. облыстарында, жалпы шөл және шөлейт аймақтарда мал шаруашылығының бір саласы - түйе өсіріледі. Түйе сүті - шұбаттың емдік және сусындық қасиеттеріне орай Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты эксперимент түрінде 400 түйе сауатын сүт машинасының кешенін тәжірибелік шаруашылықта пайдалануда.

Марал және бұғы шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының бағалы дәрі жасауға пайдалы мұйізі үшін өсірілетін бір саласы - марал шаруашылығы Маралдың сүйектенбеген жас мүйізінен панты алынып, одан пантокрин деген дәрі жасалады. Мүйіз маралдың аталығында ғана болады, ол жыл сайын қыс ортасында түсіп, орнына жас мүйіз өседі. Шығыс Қазақстан облысында бірнеше үлкен марал өсіретін шаруашылық бар, онда 500-дей теңбіл бұғы да есіріледі.

Бұрыңғы ҚСРО-ның Қиыр Солтүстігінде мекендейтін халықтар етім, терісін, сүтін және көлік ретінде күшін пайдалану үшін бұғы өсіреді. Бұл солтүстік бұғылардың аталығында да, аналығында да мүйіз болады. Солтүстік бұғысы жабайы ата тектері сияқты орманды тундрада мекендер, бұғымүкпен, бұта жапырақтарымен қоректенеді.

Шошқа шаруашылығы және оның қолтұқымдары. Халықты азық-түлікпем қамтамасыз етуде шошқа шаруашылығының маңызы зор. Шошқаның етті және майлы, сондай-ақ етті әрі сүрсүбелі қолтұқымдары болады. Қазақстанда Н.С.Бутариннің жетекшілігімен 1959 жылы қазақтың будан шошқасы шығарылып, етті әрі майлы қолтұқым ретінде бекітілді. Осы жылдары ақсайлық қара ала шошқа да Қазақстанда аудандастырылатын қолтұқым ретінде қабылданды. Ақсайлық қара ала шошқа қолтұқымдары өте өсімтал және етті, әрі майлы қолтұқым болып саналады.

Украиндық үлкен ақ шошқалар бұрынғы ҚСРО-дағы кеңінен тараған шошқа қолтұқымы Қазақстанда да өсіріледі. Қостанай облысында өсірілетін үлкен ақ шошқаның әр мегежіні жылына 20 торайдан беріп, әрбір торайдың салмағы 16,2 килограмға дейін жетуде.

Қазақстанда шығарылған шошқаның қолтуқымдары.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-05-31 12:12:38     Қаралды-1056

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Біздің планетамыз шамамен 4600 миллиард жыл бұрын пайда болды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН САТУРННЫҢ АЙНАЛАСЫНДА САҚИНАЛАР БАР?

...

Сатурн планетасының таңғажайып сақиналары бар

ТОЛЫҒЫРАҚ »