UF

ҚҰСТАР ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ ҰШУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

                   

Құстардың қаңқасы. Құрлықта тек аяқтарымен жүріп, ұшуға бейімделгендіктен, құс қаңқасының құрылысынан бірқатар ерекшеліктер байқалады. Біріншіден, оның алдыңғы аяғының қанатқа өзгеруіне байланысты иық белдеуінің орнына қанат белдеуі пайда болады. Екіншіден, ішін ауа кернегендіктен, сүйектері жеңіл, жігі жымдасып беріктігі артады. Алдыңғы аяқтың қанатқа айналып, сүйектердің жеңіл және берік болуы - құстардың ұшуға бейімділігін білдіретін қасиеті.

Құстардың қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасы, кеуде қуысы, иық, қамат және жамбас белдеулерімен аяқ сүйектерінен құралады.

Құстардың бассүйегі жалпы алғанда жорғалаушылардың бас - сүйегіне ұқсас, алайда өзіндік айырмашылығы да бар. Бассүйектің аумақты ми сауыты мен көз шарасы, жақсүйектердің ұзарып, тіссіз тұмсыққа айналуы құстардың жорғалаушылардан негізгі айырмашылығы болып табылады.

Жорғалаушылардікі тәрізді құстардың омыртқа жотасы да бес бөліктен: мойын, арқа, бел омыртқалардан, сегізкөз және құйрық омыртқалардан құралады. Омыртқалар бірімен-бірі ершік тәрізді буынмен жалғасатын болғандықтан, құстың мойны өте иілгіш және ол жан-жағына жақсы бұрыла алады. Сондықтан құстар басын 180°-қа, ал жапалақ, тотылар тіпті 270°-қа еркін бұра алады. Мойын омыртқаның саны құстардың барлығында бірдей болмайды, құстар түріне байланысты 11-ден 25-ке дейін өзгеріп тұрады.

Құстардың арқа омыртқалары (3-10) бірімен-бірі бітісіп кеткен және күрделі сегізкөзге тығыз жалғасады. Осының арқасында құс қаңқасының тұлға бөлігі қозғалмайды, құс ұшқан кезде мұның маңызы зор. Қабырғалардың бір ұшы арқа омыртқаларға, екінші ұшы төссүйегіне жалғасуы арқылы кеуде қуысы түзіледі. Құстардың төссүйегінің астында қайық тәрізді жалпақ қыры бар, ол қыртөс (киль) деп аталады. Құстардың барлығында дерлік қыртөс болады. Тек тотытәрізділер отрядына жататын жапалақтоты мен түйеқұстәрізділерде ғана қыртөс болмайды.

Бел омыртқалар өзара және қасаға сүйек пен сегізкөз омыртқалары (олар екеу) құйрық омыртқаларының біразы толық бітісіп, күрделі сегізкөз түзеді, 10-22 омыртқадан құралған біртұтас күрделі сегізкөзге жамбас сүйегі де мықтап бірігіп, құстың аяқтарына таяныш болады. Құстың еркін қимылдайтып біраз (6-9) құйрық омыртқалары құйымшақ сүйекпен аяқталады. Құйымшақ сүйек бұлқын қауырсынға тірек бола алады.

Құстардың алдыңғы аяғы қанатқа айналған және иық белдеуі омыртқа жотасын бойлай жатқан екі жауырыннан, екі жіңішке бұғанадан және жауырын мен төссүйек жалғасатын екі қарға сүйектерден құралады. Жіңішке бұғана сүйектердің төменгі ұшы тұтасып біткендіктен оны кейде айыр сүйек деп те атайды. Айыр сүйек құстың қанаттарын қаққан кезде серпінін бәсеңдетіп, беріктігін арттырады.

Құс қанаттарындағы сүйектер қосмекенділер мен жорғалаушылардың алдыңғы аяқтарындағы сүйектерге ұқсас. Тек құстың ұшуына байланысты саусақ сүйектерінің саны кеміп, кейбір ұсақ сүйектер тұтасқан.

Құстардың жамбас белдеуі күрделі сегізкөзге тұтаса біткен екі жамбас сүйектен құралады. Жамбастың әрқайсысы үш сүйектен тұрады, олар сербек, қасаға және шонданай сүйектері деп аталады, осы үш сүйектен түзілген жамбас шұңқырына ортан жіліктің ұршықбасы жалғасып, ол буын арқылы жақсы қимылдайды. Құстың асықты жілігі сирақ деп аталады да ол жіліншікке жалғасады. Жіліншік тек құстарда ғана болады. Жіліншік саусақ сүйектермен байланысады және құстың көтеріліп ұшуын жеңілдетіп, қонған кезде екпінін бәсеңдетеді.

Құстардың бұлшықеті. Жануарлар мен адам денесіндегі жиырыла алатын мүше еттер жиынтығы бұлшықет деп аталады. Құстардың ұшуына байланысты бұлшықеттің құрылысы ерекше қызмет атқарады. Әсіресе құстардың қанатты қимылға келтіретін көкірек бұлшықеттері өте күшті дамыған. Көкірек бұлшықеттері қыртөске бекініп, қанаттың төмен түсуіне мүмкіндік жасаса, бұғана астына бекінген бұлшықеттер қанаттарды көтеру қызметін атқарады. Құстардың ұшып-қонуына, ағаш бұтақтарымен өрмелеуіне, жүруіне және тамағын аулауына аяқтары қатысатын болғандықтан, ондағы бұлшықеттер орасан зор қызмет атқарады. Аяқ бұлшықеттері санда орналасады, ал тізеден әрі қарай саусақтарға сіңір түрінде таралып, саусақтарды бүгеді. Бұтаққа қонақтаған құстар тізесін бүккен сайын сіңірі тартылатындықтан, саусақтары бұтақты мықтырақ қармап, ұйықтағанда да құламай отыра алады. Қабырға аралық бұлшықеттер құстар тыныс алғанда кеуде қуысының көлемін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ құстардың мойын бұлшықеттері құстың басын әр түрлі қимылдарға келтіреді.

Сонымен, құстардың бұлшықеттер жүйесі балық, қосмекенді, жорғалаушыларға қарағанда күрделі жүмыс атқарады.

Ұзақтың тыныс алуы. Құстардың тынысалу жүйесі де ұшуға бейімделген. Құстар әсіресе ұшқан кезде оттегін көп қажет етеді. Өкпе және ішкі мүшелер мен бұлшықет аралығындағы, қуыс сүйектердегі ауа қапшықтары құсқа қажетті оттегімен қамтамасыз етеді. Түсініктірек болу үшін ұзақтың тынысалу қимылын қарастырайық.

Құстың тынысалу жүйесі және тауықтың асқорыту мүшелері.

 

Ұзақтың кеуде қуысында қызғылт түсті кеуекті өкпесі болады. Өкпе денедегі ауа қапшықтарымен байланысады, оның жұқа қабырғалы қуысына толы ауа құстың денесін ұшқан кезде жеңілдете түседі. Қонақтап отырғанда төсін көтеріп-түсіру арқылы тыныс алады. Төссүйек төмен түскенде құстың кеуде қуысы кеңейіп, ауа өкпеге және ауа қапшықтарына тартылады, сөйтіп ол тынысты ішке тартады. Ал төсі көтерілген кезде құстың кеуде қуысы кішірейіп, ауа сыртқа шығарылады. Бұл - ұзақтың тыныс шығаруы. Бірақ ұшқан кезде құстың кеудесі қозғалмайды, сондықтан ұзақ басқаша әдіспен тыныс алады.

Құс ұшып жүргенде ауа қапшықтары іске қосылады. Ұзақ қанатын көтерген кезде ауа қапшықтары кеңейеді де сырттағы ауа өкпе арқылы ауа қапшықтарына сорылып, құс тыныс алады. Қанат төмен түскен кезде ауа қапшықтары қысылатындықтан, ауа өкпе арқылы сыртқа шығады, ұзақ осылай тыныс шығарады. Сөйтіп ұзақтың денесіндегі қан тыныс алғанда да, тыныс шығарған кезде де оттегіне қанығады. Бұл құбылыс қосарынан тынысалу деп аталады. Құс қанатын неғұрлым жиі қақса, соғұрлым ауа өкпе арқылы молырақ өтіп, тынысалу қарқыны күшейе түседі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-05-31 11:23:45     Қаралды-1436

ГАЛАКТИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Ежелгі гректер бұл жұлдыздар шоғырын Галактика деп атаған, ол Құс жолы дегенді білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАЛАМ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ?

...

20 ғасырдың бірінші ширегіне дейін Әлемнің өзгермейтін, тұрақты және мәңгілік нәрсе ретіндегі идеясы болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰХИТ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

...

Дүниежүзілік мұхиттар – гидросфераның негізгі бөлігі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЭЛЕКТР ҚУАТЫН КІМ АШТЫ?

...

Бенджамин Франклин есімді адам бірінші болып электр тоғының не екенін толық түсіндіруге тырысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕДТІ АЛҒАШ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Бұл скутер педальсыз велосипедке көбірек ұқсады...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОФЕНІ ҚАШАН ЖӘНЕ КІМ ОЙЛАП ТАПТЫ?

...

Кофені кім және қашан ойлап тапқанын нақты айту мүмкін емес - бәрі аңыздан басталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ АЛҒАШҚЫ СМАРТФОН

...

Сенсорлық экраны бар ең алғашқы смартфон IBM Simon болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СІЗ АУАНЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ БА?

...

Ауаның мөлдір, түссіз, иіссіз екенін бәрі біледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕҢ БИІК ТАУ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

...

Планетамыздағы ең биік тау құрлықта емес, Тынық мұхитының түбінде тұр

ТОЛЫҒЫРАҚ »