UF

МАЛ  ДӘРІГЕРЛІК  ҚАДАҒАЛУ  НЫСАНДАРЫН  РАДИОМЕТРИЯЛЫҚ  ЖӘНЕ РАДИОХИМИЯЛЫҚ  САРАПТАУ

  1. Мал дәрігерлік  зертхананың  радиологиялық  бөлімі  туралы  ереже.
  2. Ветеринариялық,  радиометриялық  сараптаудың  міндеті, орындау кезеңі.

Мал  өнімдерінің   жем  шөптің,  судың,  өсімдік  өнімдерінің,  қора  қопсылардың,  топырақ  үлгілерінің  радиоактивті  изотоптармен  былғануын,  зақымдануын  радиохимиялық  әдістермен  ветеринариялық  зертханаларда  тексеруден  өткізіледі.

 Радиохимиялық  әдіспен     ветеринариялық   объектілерде  жүргізілгенде, ол  жерлердің радиоактивті  элементтермен  қаншалықты  зақымданғаны, былғанғанын  толық  және  дұрыс  мәліменттерін  алуға болады.Бұл  объектілерде радиохимиялық  тексерулерді  жүргізгенде   адам  өміріне  аса  қауіпті мал  және өсімдік  өнімдерінде кездесетін  радиоактивті изотоптардың ішіндегі стонций-90, цезеий-137, полоний-210-ды, ал кейбір жағдайда иод-131 анықтауға  болады.

Үлгілерді радиохимиялық   тексеруден  өткізу  үшін, алдымен тексерілетін обектілерден үлгілерді алады, кейінбарыпоны тексеруге  даярлайды. Радиохимиялық  тәсілментексерлетін  радиоизотоптың  физикалық  химиялық  қасиетін, оның тексерілетін заттағы  мөлшерін, көлемін толық және дәл анықтауға болады.

      Мысалы, судың құрамындағы  радиоактивті  изотоптардың  мөлшері (дозасы) аз болған жағдайда, тексеруге алып келген суүлгісін жоғарғы температурада  кептіріп, қалған құрғақ  заттарды арнайы зерттейді. Ал тексерлетін  зат  биологиялық  материал болса, оны  жоғарғы температурада минерализация  жасап,күлін тексереді. Минерализациядан  өткен күлде радиоактивті  изотоптардың  мөлшеріне  байланысты,оны арнайы сұйықтыққа айналдырады, немесе азот  қышқылдармен бөліп алып зерттеуден өткізеді. Тексерілетін  үлгідегі радиоактивті заттардың  меншікті радиоактивтілігі  изотоптың радиометриялық аппаратурада анықталып  есептелген жылдамдығына (импульс|мин) байланысты  болады.

       Ауыл  шарауашылық  малдарды  ионды  сәлелермен  әсер  ету  арқылы, ұрықсыз  қалдырады.  Оны  радиостерилизация  дейді. Ауыл  шарауашылық  малдардың  жыныс  бездеріне рентген  сәулесімен,  немесе  радиоактивті  сәуле  көздерімен  әсер  етеді. Жанауарларды  уақытша  ұрықсыз  қалдыру үшін  600-800р  әсер  етеді. Ұрғашы  малдарды  еркек  малға  қарағанда  ұрықсыз  қалдыру  үшін  ионды  сәулемен  зақымдану  мөлшері  аздау  болады.

        Сәулемен  залалсыздандыру  (радиостерилизация) тәсілі  фармацевикада  антибиотиктерді,  витаминдерді,  гармондарды,  ферменттерді,  антикогулянттарды,  хирургиялық  аспаптарды, халаттарды, дәкелерді, мақтаны, жібек  жіптерін, синтетикалық  хирирургиялық  материялдарды  залалсыздандырады. Радиостерилизациядан  өткен  дәрі  дәрмек, аспаптар, биопепараттардың сапасы  төмендейді.

        Радиостерилизацияны  микробиология  өнеркәсібінде анатоксиндерді,  вакциналарды, микроптардың  тамақтану ортасын, антигендерді, және  дайын  бактериялық  препараттарды  даярлауда пайдаланады. 100%  өлтіру  үшін, оны  100 000-400 000р. әсер ету керек. Спорасы бар  бактерияларды  залалсыздандыру  үшін, оған 1,5-2,5 млн.р  әсер  етеді. Ионды  сәуленің  бактерецидік  әсері, стерилизация  жасайтын объектідегі  микробтармен  былғану  дәрежесіне, объектінің  физикалық, химиялық  жағдаиларына  байланысты болып  келеді.

        Мал  өнімдеріндегі  микрофлораны радиостерилиядан  өткізгенде, өнім  құрамындағы А,Е,К витаминдердің  сапасы  жоғалады. Етті радиостерилизация  жасағанда,  ондағы  жоғалған витаминдердің көлемі, етті  қайнатқанға  қарағанда  аздау  болады. Етті радиостерилизация жасағанда,  ондағы  жоғ алған  витаминдердің  көлемі, етті қайнатқанға  қарағанда  аздау  болады. Етті, сүтті, жұмыртқаны, балықты ионды сәулеменәсер еткенде, дәмі мен иісі өзгереді, бірақ өнімнің тағамдық  қасиеті  сақталады, оларды  тағамға пайдалануға  болады. Салмонеллезбен былғанған тауық  және  үйрек  жұмыртқаларын 125-600 мың р   әсер  еткенде  бактериялар толық  залалсызданады, оларды  кейін  тұтынуға  жібереді. Шошқа  ұшаларындағы  трихинеллезды 10-18 мың.р. әсер еткенде, оларды толық  пайдалануға жібереді. Бал  араларының  карездерін, балдағы  американдық  шіргіш  қоздырғыш  спораларын  залалсыздандыру  үшін  гамма сәулесін  1,5 млн р. дозасымен  әсер етеді. Бал арасының  нозематоз  қоздырғышы 200мың р. сәулемен әсер еткенде  залалсызданады. Тері, былғары, жүн, қылшық, қауырсындағы сібір жарасының  спораларын гамма сәулесімен 0,8-1,5 млн р әсер еткенде залалсызданады.

        Картоп, көк өністердің  сақтайтын  жайларында, оларды тез өнбеу үшін  радиостерилизация әдісін  қолданады. Астық және  астық  өнімдерін  дизенфекциядан өткізу мақсатында  радиостерилизциядан пайдаланады. Радиостерилизациядан  астық пен астық  өнімдерін  өткізгенде, олардың сақталу мерзімі ұзарады, сапасы бұзылмайды.

        Радиоизотоптарды малдың организміне жіберу арқылы, оны химотерапияда және қатерлі ісіктерді емдеуде, ионды сәулемен зақымдану ауруында пайдаланады. Бұл жағдайда, ісіктегі ұлпалар шамалы мөлшердегі ионды сәулемен әс  еткенде жойылады, оның емдеу дәрежесі  жоғары  болады. Демодекоз, таз, кератит ауруларында  ионды сәулемен емделу дәрежесі жоғары болады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-03-31 14:42:34     Қаралды-268

ЕРТЕДЕ БОЯУЛАР НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Ежелгі заманнан бері өсімдік бояуларын адамдар қару-жарақ, киім-кешек және үйлерді безендіру үшін қолданған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖУ ҚАЙДАН АЛЫНАДЫ?

...

Інжу - жануарлардан шыққан жалғыз асыл тас

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН НЕДЕН ЖАСАЛҒАН?

...

Әдетте біз Күнді газдың үлкен шары деп айтамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДЫБЫС ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЛАСТАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Біздің әлем жанды да, жансыз да табиғат тудыратын дыбыстарға толы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰЛТТАРДЫҢ ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР ЖӘНЕ ОЛАР НЕНІ ХАБАРЛАЙДЫ?

...

Бұлттар жер беті мен тропосфераның жоғарғы қабаттары арасындағы кеңістікте шамамен 14 км биіктікке дейін қалыптасады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »