UF

НИГЕРИЯ (Nigеrіа), Нигерия Федеративтік Республикасы (Federal Republic of Nigeria) - Батыс Африкадағы мемлекет. Британия Ынтымақ құрамына кіреді. Батысы Дагомея, солтүстігі Нигер, солтүстік-шығысы Чад Республикасымен, шығысы және оңтүстік-шығысы Камерунмен шектеседі. Оңтүстігі - Гвинея шығанағы. Жері 923,8 мың км2 (БҰҰ-ның 1972 жылы статистикалық дерегі бойынша). Халқы 203,0 млн. (2019). 79,7 млн. (1973 жылы санақ бойынша). Астанасы - Лагос қаласы. Әкімшілік жағынан 12 штатқа бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы. Нигерия - федеративтік республика. Мемлекеттік құрылысының негізі (1963 жылы конституцияның көптеген статьялары толықтырылып, өзгертіліп, күші жойылып 1966 жылға дейін өз күшінде болған) - 1967 жылы 17 наурызда қабылданған конституциялық декреттер. Мемлекеттің атқару билігі федералдың өскери үкімет - Жоғарғы әскери совет пен Федералдық атқару советі қолында. Екі советтің де председателі - үкімет басшысы, 1963 жылы конституция бойынша президент пен премьер-министрге тиісті лауазымдар. Ол жоғары қызмет адамын тағайындайды және орнынан алады, қарулы күштердің бас қолбасшысы, Нигерияның сыртқы қатынастарына да өкілдік етеді. Жоғары әскери советтің құрамына үкімет басшысы, Орталық, Шығыс штаттың әкімі, қарулы күштердің штаб бастығы, Әскери-Теңіз Флоты мен Әскери-Әуе Күштері қол басшылары, полицияның генерал-инспекторы, оның орынбасары енеді. Федералдық атқару советіне үкімет басшысы, азаматтық істер комиссиялары, министрліктің басшылары және Жоғары әскери советтің мүшелері кіреді. Әр штаттың заң шығару және атқару билігін әскери губернатор басқарады. Аудандарды әскери губернатор тағайындаған чиновниктер басқарады. Жоғары соттық орган - аппеляциялық инстанция Жоғарысот. Штаттарда - штаттың жоғары соттың инстанциясы, магистраттық соттар және әдет-ғұрып право соты.

Табиғаты. Нигерия Батыс Африкада Гвинея шығанағының жағасында орналасқан. Жағалаулар ойпат, аз тілімделген. Жағалауда мұхиттан құм қайырмен бөлінген лагуналар бар, оның ең үлкені - Лагос. Жағалауы жіңішке аккумуляциялық жазық. Жерінің көпшілігі үстірт. Орталық бөлігінде сатыланған үлкен үстірттің орташа биіктігі 400-600, 600-1000 м. Орта бөлігінің ең биік жері - Джос үстірті (биіктігі 1735 м). Солтүстік-батысында үстірт біртіндеп Сокото өзен алабындағы жазыққа, солтүстік-шығысы Борну жазығына ұласады. Шығыс бөлігі таулы; кейбір шыңдары 2000 м-ден астам.

Тектоника жағынан Нигерия территориясы Африка платформасына кіреді. Жерінің көпшілігі докембрий гнейсі, мигматит, амфиболит, кварцит және тақта тастап түзілген. Өзен аңғарлары Гвинея шығанағының ойысы теңіздік және континенттік шөгінділермен толтырылған. Пайдалы қазындылары - мұнай, газ, тас көмір, қоңыр көмір, қалайы, вольфрам, молибден, уран рудасы, алтын, қорғасын, мырыш, темір, титан.

Климаты экваторлық-муссондық. Ішкі аудандарында сәуір, мамыр (ең жылы) айларының орташа температурасы 25°С-тан 33°С-қа дейін, желтоқсан, қаңтарда (суық айлары) 20°С-тан 27°С-қа дейін, жағалауда наурыз (ең жылы) айының орташа температурасы 28°С, тамызда (суық айы) 24°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері Нигер атырауында, жагалауда 4000 мм, орташа бөлігінде 1000-1350 мм, солтүстік және солтүстік-шығысында 500 мм. Өзен торы жағалауда, Джос үстіртінде өте жиі. Ірі өзені: Нигер (Бенуэ, Кросс салаларымен). Нигер және Бенуэнің транспорттық маңызы зор. Жерінің көпшілігі қызыл сары латерит, қызыл латерит, қызыл қоңыр болып келеді. Чад көлінің оңтүстігі мен батысында қара топырақ, батпақты және сортаң топырақ та кездеседі. Гвинея шығанағы жағалауында тропиктік батпақ, өзен аңғарларында аллювийлік топырақ тараған. Көпшілік жерінде тропиктік ормандар, саванна өсімдіктері, жағалауда батпақты орман өседі (қызыл ағаш, копал, майлы пальмат. б.). Үстірттерде саванна шөптері (биіктігі 1,5-4 м), саванна аташтары - баобаб, қаратан, дум пальмасы өседі. Саваннада және саванна ормандарында аздап піл, мүйіз тұмсық сақталған. Оларды қорғау үшін 1962 жылы Солтүстік-шығыс штатта мемлекеттік қорық жасалған. Қабылан, бөкен (30-ға жуық түрлері), жираф, ормандарында маймылдар (шимпанзе, горилла) кездеседі.

Халқы. Ресми деректер бойынша Нигерияда әр түрлі тілдерде сөйлейтін 200-ден астам халық тұрады. Нигерия тұрғындарының гвинея тілінде сөйлейтін йоруба (10-12 млн., 1972), ибо (12 млн-ға жуық), эдо (1,5 млн.) және нупе (1 млн.) т. б. халықтардың сандың үлесі басым. Хауса (15 млн.), котоко, мусгу, нгизимдық қарым-қатынас нығаюда; елде бірте-бірте ибо, йоруба, хауса ұлттары қалыптасуда. Нигерияда аздаған европалықтар, азиялықтар, американдықтар тұрады. Халқының жартысы мұсылман, оңтүстігінде христиан діндері тараған; халқының едәуір бөлігі көне жергілікті діндерді ұстайды. Ресми тіл - ағылшын тілі. Нигерия- Африкада халқы ең тығыз орналасқан елдердің бірі. Орташа         тығыздығы 1 м2-ге 64 адам; Шығыс-Орталық штатта 1 км2-ге 600 адамнан келеді. Еңбек етуші халқымлн., оның ішінде 67%-і ауыл шаруашылығында, 15%-і сауда, 12%-і өнеркәсіп, майдагерлік кәсіпшілікте істейді. Қала халқы 23% (1970). Ірі қалалары - Лагос (1 млн., 1972), Ибадан, Огбомошо, Кано, Ошогбо, Илорин, Абекута, Порт-Харкорт, Зария, Илеша.

Тарихы. Қазіргі Нигерия жерін адам баласы орта, кейінгі палеолит кезеңінен мекендеген. Б. з. 8-10 ғасырларында мұнда хаус халқының ертелікті таптық қала-мемлекеттері - Хаус мемлекеттері (Кано, Кацина, Гобир, Зария т. б.) құрылды; бұл мемлекеттерде тоқыма, былғары, бояу қолөнері, темір, басқа да металл өңдеу кәсібі дамыды. Хаус мемлекеттерінің шығысына таман ертелікті таптық Канем-Борну мемлекеті өмір сүрді. Бенин корольдығы ең ірі мемлекеттердің (қазіргі ОңтүстікНигерия жері) бірі болды. 13 ғасырдың шамасында қазіргі Солтүстік Нигерияның жеріне фульбе тайпалары басып кірді де, хаус халқымен тез араласып кетті.

1472 жылы қазіргі Нигерия жеріне португалдар келе бастады. 1553 жылы Нигерияның теңіз жағалауларына ағылшын кемелерінің құрығы жетті. Олар жергілікті халықты құлдыққа сатты, кейінірек Нигерия жерін тікелей басып алуға кірісті. 1861 жылы ағылшындар Лагосты бағындырып, 1862 жылы отарға айналдырды, 1866-1874 жылдар ол Ұлыбританияның Батыс Африкадағы иеліктерінің біріне айналды. 1874-1886 жылдар Лагос Алтын Жағалаудағы ағылшын иелігінің құрамына кірді, ал 1886 жылдан бастап Ұлыбританияның жеке иелігіне айналдырылды. 70 жылдардың аяғында ағылшын отаршылдары Нигер ө. алқабындағы ұлан-ғайыр жерге орнықты. 1885 жылы Лагостан Камерунға дейінгі теңіз жағалауындағы жерлердің бір бөлігінде «Ойл-риверс протектораты» ұйымдастырылды, 1893 жылы ол «Нигер жағалауындағы протекторат» деп өзгертілді. 1906 жылы оның құрамына Лагос жері қосылды да, «Оңтүстік Нигерия отары мен протектораты» деп атала бастады. 1904 жылға қарай ағылшындар әскер күшімен Солтүстік Нигерия жеріне бақылау орнатты. 1914 жылы 1 қаңтардан бастап қазіргі Нигерияның барлық жері «Нигерия отары мен протектораты» деп атала бастады.

20 ғасырдың басынан ағылшын отаршылдары Нигерияны өз капиталын жұмсау сферасы, арзан минералдық және ауыл шаруашылық шикізат көзі ретінде пайдаланды. Экспорт өнімдерін тасымалдау үшін Лагос - Кано темір жолын салу қолға алынды. Энугу аймағында шахталардың, Джос аймағында рудниктердің, темір жолдардың салынуы нигерий пролетариатының біршама ірі топтарын тудырды. Осы кездің өзінде-ақ Нигерияда ру-тайпалық, феодалдық және капиталистік қатынастар шиеленісіп жатты. Ағылшын отаршыл өкіметі мен олардың қол шоқпарларына қарсы толқулар болып тұрды (1907-1908 жылдар Лагоста, 1908-1913 жылдар Оңтүстік Нигериядағы Калабар, Онич, Ондо, Абеокут т. б. көптеген қалаларда; 1918 жылы БатысНигериядағы Эгбеде т. б.).

1-дүние жүзілік соғыстан кейін қоғамдық-саяси ұйымдар пайда болды. 1920 жылы Батыс Африка Ұлттық конгресінің нигериялық бөлімшесі құрылды. 1922 жылыНигерияның тұңғыш саяси партиясы -Ұлттық-демократиялық партия (оны Г. Маколей басқарды) ұйымдасты. Заң шығару советінің сайлауында (1922 жылы құрылған) партия Лагостан 3 орынның бәрін жеңіп алды. Бірақ бұл партияның қызметі, Батыс Африка Ұлттық конгресі нигериялық бөлімшесінің қызметі сияқты негізінен Лагос аймағымен шектелді. 1929-1933 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыс Нигерияның экономикасына ауыр зардап тигізді. Халықтың онсыз да ауыр халі нашарлай түсті. 1929 жылдың ақырында ірі шаруалар толқуы («Абадағы толқу») болып өтті. Отаршыл өкіметтің бұйрығы бойынша 1929 жылы 17 желтоқсанда полиңия оларға оқ атты, көп адам өліп (оның ішінде 80-дей әйел мен бала), жараланды. Бұл - елде ұлт-азаттық қозғалысының өрістеуіне біраз ықпал етті. 20 жылдардың аяғы - 30 жылдардың басында негізінен ұлттық интеллигенция өкілдері басшылық ететін жаңа бұқаралық ұйымдар құрылды. 1933 жылы бұл ұйымдардың ішіндегі неғұрлым ірі - «Лагос жастарының қозғалысы» ұйымдасты (1936 жылы «Нигериялық жастар қозғалысы» (НЖҚ) болып өзгертілді). 1938 жылдың соңында НЖҚ-ның 10 мыңдай мүшесі болды. Ұйым басшылығы 1938 жылы басып шығарған «Жастар хартиясы» Нигерияны өзін-өзі басқару жолындағы бірлік пен күреске шақырды. 1944 жылытамызда тұңғыш жалпы нигериялық саяси партия - Нигерия мен Камерун Ұлттық советінің (1962 жылдан Нигериялық азаматтардың ұлттық советі, НАҰС) негізі қаланды. Партияның председателі болып Г. Маколей, бас секретары болып Н.Азикиве сайланды.

40 жылдардың басынан Нигерияда кәсіп-одақтар пайда бола бастады. 1945 жылы алғашқы жаппай ереуіл болып өтті. 1949 жылдың аяғында пролетариат ірі ереуіл жасады. Отаршылдыққа қарсыереуілдер, демонстрациялар, митингілер жаппай өріс алды. 50 жылдары өнеркәсіптің түрлі салаларында ереуіл күрестері өріс алды. Еңбекшілердің тәуелсіздік жолындағы қозғалысын бейтараптандыру үшін отаршыл өкімет орындары конституциялық айлашарғы жасау жолына көшті. 1947 жылы Ричардс (Нигерия губернаторы) конституциясы енгізілді; конституцияға сәйкес Нигерия жергілікті өкімет органдары басқаратып Батыс Нигерия, Шығыс Нигерия, Солтүстік Нигерия әкімшілік облыстарына бөлінді. Губернатор вето правосына ие болды. 1951 жылғы конституциялық реформа бойынша көп дауысқа ие болған партиялардың өкілдері регионалдың үкімет құруға право алды. Бұл жаңа партиялардың пайда болып, бәсеке күресінің күшеюіне жол ашты.

1958 жылы қазанында Лондондағы конституциялық конференцияда Нигерияның барлық аймағының өкілдері тәуелсіздікті талап етті, Ұлыбритания үкіметі 1960 жылы Нигерияға тәуелсіздік беруге келісуге мәжбүр болды.

1960 жылы 1 қазанында Н.Британ ынтымағы көлемінде тәуелсіз мемлекет болып жарияланды; 1960 жылы 7 қазанында Нигерия БҰҰ-ға қабылданды. Солтүстік халық конгресі партиясы басшыларының бірі А. Т. Балево басқарған және осы партия мен НАҰС партиясы өкілдерінен құралған үкімет елдің экономикалық және мәдени артта қалуын жоюға бағытталған бірқатар шараларды, шаруашылықты дамытудың 1962-1968 жылдарға арналған ұлттық жоспарын жүзеге асыра бастады. Үкімет блоктарға қатыспау саясатын жүргізетінін мәлімдеді. 1962 жылықаңтарда қорғаныс туралы ағылшын-нигерий келісімінің (1961 жылдың басында жасалған) күшін жойды. 1963 жылыНигерия Африкан бірлігі ұйымын (АБҰ) құруға қатысты. 1963 жылы 1 қазанда Нигерия федерациялық республика болып жарияланды. 1965 жылдың бас кезінде үкімет халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған қажетті әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасауды күн тәртібіне қойды. Бірақ ол іске асырылмады. Сыртқы саясатта Балево үкіметі батысқа бағыт ұстаған бір жақты саясат ұстады. Бұл прогресшіл күштердің наразылығын тудырды. Осындай жағдайда 1966 жылы15қаңтарда Нигерияда әскери төңкеріс жасалды. Ген. А. Иронси басқарған федералдың әскери үкімет құрылды. 1966 жылы 24 мамырда Нигерия унитарлық республика деп жарияланды, сонымен бірге барлық саяси партиялар мен ұйымдарға тыйым салу туралы шешім қабылданды. Бұған қарсы наразылық күшейді. 1966 жылы 29 шілдеде жаңа әскери төңкеріс болды. Подполковник Я. Говон бастаған үкімет өкімет басына келді. Үкімет басқарудың федерациялық формасын қайтадан қалпына келтіретінін мәлімдеді және келешекте елдің бірлігін нығайтуға бағыт ұстайтынын білдірді. Бірақ ШығысНигерияның губернаторы О.Оджукву 1967 жылы 30 мамырда ШығысНигерияның бөлініп шығатынын және ерікті мемлекет - «Биафрареспубликасы» құрылғанын жариялады. 1967 жылышілдеде өзара қырғын соғыс басталды, ол 30 айға созылып, Нигерияға орасан материалдық зиян шектірді. 1970 жылы Биафра әскерлері тізе бүкті.

Нигерияның федералдық әскери үкіметі елді ұлттық дамыту (1070-1074) жоспарын т. б. белгіледі. 1970-1973 жылдар көптеген жаңа кәсіпорын салынып, іске қосылды, соғыс кезінде (1967-1970) бүлінген аймақтардың шаруашылығы қалпына келтірілді, товар айналымы едәуір өсті, халыққа медицина қызмет көрсету жақсарды, оқушылар мен студенттердің саны көбейді. Сыртқы саясатта үкімет басқа елдермен өзара тиімді қатынас орнату, отаршылдықты жою, нәсілдік кемсітуге тыйым салу бағытын ұстап отыр. 1960 жылы Нигерия мен СССР арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Совет Одағы 1967-1970 жылдардағы соғыс қимылдары кезінде федералдық үкіметке моральдық және материалдық көмек көрсетті. Нигерия мен СССР арасында бірқатар экономикалық сауда және мәдени келісімдер (1968, т. б. жылдары) жасалды.

Кәсіподақтары. Нигерияда барлығы 1000-ға тарта кәсіподақтар бар. Ең ірі бірлестік - Кәсіподақтардың нигериялық федерациясы, 1973 жылы негізі қаланған, 800-ге жуық кәсіподақтарды біріктіреді. Нигерияның біріккен еңбек конгресі,1950 жылы құрылған, Ерікті кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясына кіреді. Нигериялық христиан еңбекшілерінің советі, 1961 жылы негізі қаланған.

Экономикасы. Нигерия тау-кен өнеркәсібі жедел дамып келе жатқан аграрлы ел. Капиталистік дүниеде Нигерия майлы пальма өнімінен, колумбит өндіруден 1-орын, какао өндіру мен экспортынан, жер жаңғағы экспортынан 2-орын, қалайы концентратын өндіруден 5-6-орын, каучук экспортынан 6-7-орын алады. 1970 жылы экспортқа мұнай шығаружөнінен Нигерия ірі он елдердің қатарына кірді. Африкада мұнай өндіруден 2-орында (Либиядая кейін). Нигерия шаруашылығында Англия монополияларының ықпалы сақталған. Америка, Жапония, Батыс Германия капиталының маңызы күшеюде. Барлық шетел банкілеріндегі акциялардың 40%-і Нигерия өкіметінің қолында. Нигерия экономикасын қалпына келтіру және одан әрі дамыту (1970-1974) жоспары жасалған. 1970 жылы елдің шетел капиталына тәуелділігін азайтып, мемлекеттік секторды күшейтуге едәуір жұмыстар жүргізілді.

Ауыл шаруашылығы. Нигерия экономикасында ауыл шаруашылығының маңызы зор. Оның жалпы ұлттық өнімдегі үлесі 41,8% (1971-1972). Елде қоғамдық жер иелену басым; солтүстігінде феодалдық қалдықтар сақталған. Экспорттық дақылдар егілетін аудандарда капиталистік қарым-қатынас дамыған. Ішкі рынок, экспорт үшін өнімнің негізгі бөлігін ұсақ товарлы шаруашылықтар береді. Ауыл шаруашылығының басты саласы - егіншілік. Басты дақылдары - тары және сорго (1972 жылғы егісі 10311 мың га, өнімі 7402 мың т), жүгері (1281 мың га,өнімі 1188 мың т), ямс және батат (1367 мың га, өнімі 14504 мың т), маниок (960 мың га, өнімі 9570 мың т),майлы пальма (дәні 423 мың т, майы 650 мың т), арахис (тазаланбағаны 1855 мың га, 1233 мың т), мақта (330 мың га, 38 мың т), какао (700 мың га, 244 мың т), каучук (62 мың т). Жалпы ұлттық өнім құнының 1/10-ін мал шаруашылығы береді. 1972 жылғы мал басы (млн.): мүйізді ірі қара 11,4, ешкі 23,5, қой 8. Балық аулау едәуір дамыған (155,8 мың т, 1971). 1970 жылы 370 мың м3 тақтай өндірілді. 47 мың м2 ағаш және тақтай экспортқа шығарылды.

Өнеркәсібі. 1971-1972 жылдар өнеркәсіп өндірісінің жалпы ұлттық өнім құны 27%-ке жетті. Нигерияда 1972 жылы 341 мың т көмір, 90,9 млн. т мұнай, 158 млн. м3табиғи газ, 6732 т қалайы концентраты, 1361 т колумбит, 2194 млн. квт-сағ электр энергиясы, 1117 мың тцемент өндіріледі. 1972 жылы мұнай өндірудің 65%-і «Шелл-Бритиш петролеум» ағылшын-голланд компаниясының, 18,5%-і және 10%-і американың «Галф», «Мобил» компаниялары үлесіне тиді. Шетке 93,3 млн. т мұнай шығарылды (1973). Мұнай Порт-Харкорт атырабындағы мұнай айыру з-дында өңделеді (қуаты жылына 2,7 млн. мұнай өнімдері). Электр станцияларының қуаты 805 Мвт (1971). 1969 жылы Нигер өзенінде Каинджи СЭС-і іске қосылды (қуаты 320 Мвт, 1-кезегі). 1972 жылы 2,2 млрд. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Металл өңдеу өнеркәсібінен шағын механикалық және жөндеу шеберханалары басым. Нигерияның мемлекеттік және ұлттық жеке меншік капиталының қатысуымен «Пежо» және «Фольксваген» автомобиль құрастыру з-дтары салынуда (1974). Энугу қаласы атырабында болат-прокат зауыды бар. СССР-дің техникалық комегімен металлургиялық лық комбинаттың (қуаты жылына 1 млн. т-ға жуық болат) жобасы жасалынуда (1974). Цемент өнеркәсібі өркендеп келеді. Нкалагу (қуаты 500 мың т) және Эвекоро (қуаты 400-500 мың т) қалаларында цемент зауыдтары бар. Ағаш тілу-фанер комбинаты (Сапеле), мебель кәсіпорындары, целлюлоза-қағаз комбинаты (Джебба), сіріңке фабрикасы (Илорине) т. б. кәсіпорындары бар.

Транспорты. Темір жолының ұзындығы 3,5 мың км (1971). Батыста Лагос - Кано, шығыста Порт-Харкорт - Кадуна магистралы теңіз жағалауымен ішкі аудандарды байланыстырады. Автомобиль жолының ұзындығы 100 мың км (1971). Басты тас жолдары: Лагос - Кано, Ибадан - Абакалики. Ішкі су жолдарының ұзындығы 7,2 мың км. Ірі теңіз порттары - Бонни, Лагос, Порт-Харкорт, Сапеле, Варри, Буруту (жалпы жүк айналымы 80 млн. т, 1971).

Сыртқы саудасы. 1972 жылғы импорты 990,0 млн. найра, экспорты 1434,1 млн. найра болды. 1972 жылы экспорт құнының 4/5-ін мұнай, 7%-ін какао, 3%-ін арахис және майлы пальма өнімдері берді. Сыртқы сауда серіктестері: Ұлыбритания (импорт құнының 30%-і және экспорт құнының 21%-і, 1972), АКШ (импортының 10%-і, экспортының 21%-і), ГФР (импортының 14%-і), Жапония (импортының 10%-і), Франция (экспортының 14%-і). Социалистік елдермен сауда қатынасы бар. Нигерия және СССР арасында сауда айналымы өсуде (39,6 млн. сом, 1973). Нигерия Совет Одағынан жүк және жеңіл автомобильдер, цемент, мақта-мата, қант әкеледі. Сыртқа какао, каучук т. б. шығарады. Ақша өлшемі - найра.

Денсаулық сақтау ісі. Толық емес мәлімет бойынша 1970 жылы әрбір 1000 адамға шаққанда баланың тууы 49,6, адамның өлімі 24,9; әрбір тірі туған 1000 баладан өлгені 41,1. Өмірдің ұзақтығы ерлер 37,2, әйелдер 36,7 жас. Елде патологиялық инфекция көп таралған. Жұқпалы аурулардан шешек, тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия, амебиаз, туберкулез, алапес, басыр, балалар жұқпалы ауруы, венералық аурулар жиі кездеседі. Бұл аурулардың халық арасында таралуы азық-түліктің жетіспеуінен. Нигерияның орталық аймақтарында безгек, полиомиелит, вирусты гепатит, сондай-ақ инфекциялы емес пеллагра, бери-бери, авитаминоз т. б. аурулары таралған. Нигерияда 1968 жылы 28,1 мың төсектік 2,8 мың емдеу мекемелері болды. 1971 жылы 3 мың дәрігер (29 мың тұрғынға бір дәрігер), оның ішінде 808 фармацевт, 36 мың орта білімді медициналық қызметкерлер болды. Дәрігерлерді Ибадандағы университеттің медициналық факультеті, Лагос және Зари мектебі даярлайды. Бұл мектептерден басқа медсестра, акушерка, фармацевт даярлайтын училищелер мен мектептер бар.

Оқу-ағарту ісі. Алғашқы миссионерлік мектептер 19 ғасырдың орта шенінде ашыла бастады. 1950 жылы ересектер арасындағы сауатсыздық 90% болды, бастауыш мектептерде 970 мың, орта, негізінен орталау мектептерде 29 мың адам оқыды. 1948 жылы Ибаданда тропикалық Африкадағы бірінші жоғары оқу орны Университеттік колледж ашылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін білім беру жүйесіне қаражат көбірек бөліне бастады. Сауатсыздықты жою мақсатында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған. Міндетті бастауыш білім беру жөнінде шешім қабылданған. Діни мектептерге мемлекеттік бақылау жасалады. Діни мектептердің оқу жоспарлары (кейбір ерекшеліктер сақталған) дүние танымдық бастауыш мектептердің жоспарларына жақын келеді. Бастауыш мектептердің оқу мерзімі әр ауданда әр түрлі: батыс, шығыс пен Лагоста 6 жыл, Солтүстікте 7 жыл. 1971 жылы бастауыш мектептерде 3 млн-нан астам оқушы оқыды. Жалпы білім беретін мектептер - грамматикалық (толық, 5-6 жыл) және қазіргі (орталау, 3-4 жыл) практикалық бағыттағы мектептер болып бөлінеді. Оқу және емтихан тапсыру ақылы. 1971 жылы орта мектептерде 180 мыңнан астам оқушы оқыды. Кәсіптік-техникалық білім жүйесінде 1971 жылы техникалық мектептерде 24 мыңнан астам оқушы, педагогикалық училищелерде 32 мың оқушы оқыды. Нигерияда 6 университет бар: оның ең үлкені Ибадан университеті (1962 жылы Университет колледжісінің негізінде құрылған). Тәуелсіздік алғаннан кейін, Нсукка (1960), Ифа (1961), Лагоста, Зария және Кано қалаларында факультеттері бар Ахмаду Белло атындағы университет (1962), Бенинде (1972) университет ашылды. 1972 жылы университтерде 10 мыңнан астам студент оқыды. Көптеген нигериялықтар шетелдерде оқиды (оның ішінде СССР-де 1974 жылы 700-дей адам оқыды).

Ірі кітапханалары университеттер жанында. Ұлттық кітапхана, 6 музей бар: Лагостағы Ұлттық музей, Бенин музейі, Ифа, Джос, Орон, Канодағы музейлер.

Ғылыми мекемелері. Бірқатар ғылыми-зерттеу институттары ауыл шаруашылық, соның ішінде мал шаруашылығы және балық шаруашылығы мәселелерімен шуғылданды. Ошодидегі Федералдық өнеркәсіп зерттеу инстьитуты (1955 жылы құрылған) жергілікті азық-түлік дақылдары мен өсімдік шикізаттарын өңдеу технологиясын талдайды. Ибадандағы какао- бұршақ институты (1962 жылы құрылған) кофе мен кола жаңғағының жаңа сорттарын өсіру әдістерін зерттейді. Азық-түліктік дақылдардың шығымдылығын арттыру, ауыл шаруашылығын жүргізудің агрономиялық әдістерін жақсарту - Моордагы Ауыл шаруашылық зерттеу федералдық орталығы (1910 жылы құрылған) жұмысының негізгі бағыты. Мал шаруашылығы жөніндегі зерттеу жұмыстары Вомдағы Федералдық малдәрігерлік орталығында (1924 жылы құрылған) шоғырланған. Балықтың жаңа тұқымдарын өсірумен Лагостағы Федералдық балық шаруашылығы қызметіне бағынған бірқатар ғылыми-зерттеу станциялары айналысады. Орман өсіру мәселелері Ибадандағы Федералдық орман орталығының құзырында. Өсімдіктер селекциясы, оны қорғау т. б. зерттеу жұмысын Ибадан, Зария, Ифа, Нсуккадағы университеттердің ауыл шаруашылығы факультеттері атқарады. Зария университеті жанында Нигериядағы ең ірі Самару Ауыл шаруашылық зерттеу институты (1924 жылы құрылған) бар. Медицина жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысын Ябадағы институт (вирусология), Кадундағы Трипаносомоз институты, Узуаколидегі Алапес ауруын зерттеу институты, Ибадан университеті жанындағы Педиатрия институты жүргізеді. Ибадандағы әлеуметтік және экономикалық зерттеу институтында (1957 жылы құрылған) ауыл шаруашылық, өнеркәсіп экономикасы мен жоспарлау, сыртқы сауда, финанс, оқу-ағарту, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері зерттеледі. Нсукка экономикалық зерттеу институты бар. Археология, этнография, фольклор және африкан тілдері мәселелері мен Нигерияның Ибадан, Ифе, Нсукка университетінің құрамына кіретін африкан зерттеу институттары шұғылданады. Ғылыми-зерттеу институттарының барлық ғылыми қызметкерлерінің 50%-і шетелдіктер, көбі ағылшын тілінде сөйлейтін елдерден шыққандар, олар шарт бойынша жұмыс істейді. Нигерия ғылым қоғамдарының арасындағы ең ірісі - Экономикалық қоғам (1958 жылы құрылған). 1970 жылы Ғылым мен техника жөніндегі совет, 1972 жылы Медицина ғылыми-зерттеу советі құрылды, олар Федералдық үкіметке консультация беріп, Нигериядағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіріп отырады.

Баспасөзі, радиохабары, телевизиясы. 1973 жылы 50-ден астам газет және журнал шықты. Олардың кепшілігі ағылшын тілінде, кейбір арнаулы басылымдары жергілікті тілде шығады. Радиохабары корпорациясы 1957 жылы, телевизия қызметі 1962 жылы құрылған.

Әдебиеті.Нигерия әдебиеті халық ауыз әдебиетімен тығыз байланысты. Ол йоруба, ибо, хауса тілдерінде қалыптасқан. Нигерия жазушыларының көпшілігі ағылшын тілінде жазады. Жазба әдебиеттің басы 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында туған публицистика жанрынан басталады. 1920-1940 жылдар азаматтық поэзия (Н.Азикиве, Д. Осадебей т. б.), ал 1930 жылдары драматургия өріс алды. 1930-1940 жылдарНигерия қалаларында ашылған кітап базарлары көркем әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. С. Эквенсидің (1921 ж. т.) «Қала адамдары» (1954) атты шығармасы осы кезде туған алғашқы роман болды. Сондай-ақ йоруб фольклоры негізінде жазылған А. Тутуоланың (1920 ж. т.) «Маскүнем» (1952), «Перілер орманындағы ғұмырым» т. б. шығармалары да осы мезгілде жарық көрді. 60 жылдары прозада патриархалдық Африканы бейнелеу етек алды. Оған О. Нзеквудің (1928 ж. т.). «Жезл офо» (1961), «Бірінші шәкірт» (1962), Э. Амадидің (1934 ж. т.), «Құдайдың әйелі» (1966), «Үлкен бөгеттер» (1969) атты романдарын мысалға алуға болады. О. Игбунның (1932 ж. т.) «Үйлену туралы іс» (1964), Н. Нванквоның «Данда» (1964) романдары әлеуметтік тақырыпта жазылды. Ч. Ачебе (1930 ж. т.) өзінің сыншыл реализм әдісімен жазылған «Апатта жақындады» (1958), «Тынымсыз өмір» (1960), «Құдайдың жебесі» (1964) трилогиясы арқылы Нигерия халқының негізгі даму кезеңдерін суреттеді. Нигерия әдебиетінің өркендеуіне В. Шойпика (1935 ж. т.), Дж. Кларк (1935 ж.т.), К. Окигбо (1932-1967) т. б. ақын-жазушылар үлкен үлес қосты. Қазіргі кезде Нигерия елінде «Блэк Орфеус», «Окике» атты әдеби журналдар шығады. Нигерия әдебиетінен қазақ тілінде «Қонақ үйдегі сурет» атты жинақ (А., 1973) пен Г. Окараның «Болашақты арбау» («Жұлдыз» 1973, №4) поэмасы жарық көрді.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері.Халық архитектурасының алуан түрлі болып келуі жергілікті табиғат ерекшелігіне орай туған. Тропикалық орманды аудандарында көбінесе жобасы шаршыланып келген, төбесін сабан немесе жапырақтармен итарқалап жапқан үйлер басым. Нигерияның орталық аудандарында төбесі сабанмен жабылған киіз үйге ұқсас баспаналар жиі кездеседі. Солтүстікке қараған құрғақшылық аудандарында жадағай төбе балшық үйлер баспана ролін атқарады. Бұл үйлердің есік-терезелері көбіне әсем оймышпен нақышталады.

13-15 ғасырларда оңтүстік аудандарда жүйелі жоба бойынша қалалар салу ісі қолға алына бастады. Солтүстік бөлігінде 1-2 қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. 2-Дүние жүзілік соғыстан (1939-1945) кейіневропалық архитектураның ықпалымен Нигерия қалаларының келбеті біршама өзгерді. Лагос пен Ибаданда, Энугуда көп қабатты, күнқағары бар ғимараттар салу етек алды. Тәуелсіздік алғаннан кейін жергілікті архитекторлар дүниеге келіп (О.Олумуйива; А. Аджеми), сәулет өнерінде мүсіндік нақыш өрістеді. Бейнелеу өнерінің байырғы ескерткіштері (терракот пластика) Нок мәдениетіне саяды. Джебба мен Тададан қоладан жасалған адам мүсіншелері (б. з. қарсаңы) табылды. 12-17 ғасырларда мүсін өнері жоғары сатыға көтерілді (Бенин, Ифе аймағы). Ағаштан мүсіншелер жону ертеден келе жатқан дәстүрлі өнер түрінен саналады. Салт-жораларға арналған алуан түрлі бет перделер жасау кең тараған. Халықтық қолөнерінің дамыған түрлі оймышты орындықтар мен нақышты білезіктер жасау, түрлі тоқыма, қыш пен шыныдан, былғарыдан әр түрлі формадағы құтылар пішіндеу т. б. Тәуелсіздік алғаннан кейін профессионал суретшілер мен мүсіншілер (А. Онаболу, Б. Энвонву, О. Идах, Ф. Идубор, А. Аканджи, У. Океке, И. Вангбоже т.б.) творчествосы жоғары сатыға көтерілді. Дж. Аколо, И. Грилло. Б. Онобракпайе, У. Эгону, Б. Осабе мен Э. О. Эмокпайе шығармаларынан модернистік сарын байқалады. Театрлық декорация өнері дамып келеді.

Музыкасы. Музыка өнері өте ертеде туып, орта ғасырлық кезеңде біршама (негізінен діни музыка) өркендедй Жастарды дәстүрлі ән мен биге тәрбиелеу ертеде қалыптасты. Музыканттар сарай өмірінде болып жатқан салтанат шерулерін, аңыздар мен мифтерді «барабан тілінде» суреттеп отырды. Ең кең тараған музыкалық аспаптары - әр түрлі формадағы барабандар. 19 ғасырдағы отарлау кезінде дінге тыйым салу діни музыканың бірте-бірте жойылуына себепші болды. 2-дүние жүзілік соғыстан кейін музыканттар европалық аспаптарды қолдана бастады. Бұз европалық гармонияның тарап, жаңа музыкалық форманың қалыптасуына ықпал жасады. Ырғақтық әрі гармониялық жағынан күрделі болып келетін Африка музыкасы Нигерия музыкалық өнерінің негізін құрайды. Нигерия тәуелсіздік алғаннан кейін музыкалық оқу орындары ашылды. 60-70 жылдардың басында тұңғыш профессионал композиторлар дүниеге келді: Акин Юба, Фела Сованде, Сэм Акробот, Айо Банколе, Адам Фиберезима т. б. Ибадан, Ифе, Лагос сынды ірі қалаларда жыл сайын ән-би фестивальдары өткізіліп тұрады.

Театры. Дәстүрлі театрлық ойыны - би (тұрмыс-салт билері). Ұлттық мейрамдарда әр түрлі маска киген бишілер тобы шеру тартып мифтік мазмұндағы пантомималар көрсетеді. 20 ғасырдың басында негізінен мектептер мен миссионерлік мекемелердің жанынан европалық үлгідегі театрлар ұйымдаса бастады. Йоруба тіліндегі түңғыш театрды ұйымдастырушылардың бірі әнші әрі мектеп мұғалімі Г. Огунде болды. Ол 1944-1945 жылдар көшпелі театр коллективін ұйымдастырды. Тәуелсіздік алганнан кейін бұл коллектив профессионал дәрежеге (1960 жылдан) көтерілді. Йоруба тіліндегі театрдың дамуына 50 жылдардың басында көшпелі театр коллективін ұйымдастырған К. Огунмола мен драматург Д. Ладипо творчествосы елеулі ықпал жасады. 50 жылдың ақырында ағылшын тіліндестуденттік әуесқой театрлар ұйымдастыру өріс алды. Осы тұста Ибадан колледжінің студенттік театр қоғамы ұйымдастырылды. 1955 жылы колледж жанынан театр ғимараты («Артс тиэтр») салынды; 1962 жылы Ибадан университетінің жанынан драма мектебі ашылды. 1968 жылы осы мектеп түлектерінен тұрақты труппа ұйымдастырылды. Әуесқой коллективтердің ішінен «Маскалар - 1960» труппасы (жетекшісі драматург В. Шойинка) көпке танылды. 1964 жылы труппадан «Орисун тиэтр» профессионал коллективі бөлініп шықты (1969 жылға дейін жұмыс істеді). Лагостағы белгілі әуесқой труппалар: «Театр шеберханасы» (1962, жетекшісі С. Ийаму), «Сахна шеберлігі» (1965, жетекшісі Ф. Дэвис), «Нигерия плейхаусы» (1968, жетекшісі К. Экийе), «Етене актерлер» (1969, жетекшісіС.Симпсон). 1958 жылы құрылған Нигерия өнер советі театрдың өркендеуіне қамқорлық жасап отырды. 1967 жылдан мұндай советтер әрбір штатта ұйымдастырылды.

Киносы. 1947 жылы ағылшын отарлаушылары Лагоста «Федерал филм юнит» кинокомпаниясын (1950 жылға дейін жұмыс істеп келген) ұйымдасырды. 60 жылдардың бас кезінде шетел операторлары мен режиссерлері документті фильмдер түсірумен шектелді. 60 жылдардың ортасында европалық мектептерден тәлім алған Нигерия кинематографистерінің ленталары экранға шықты. Бірнеше хроникалық- документті фильмдері Халықаралық кинофестивальдарда, оның ішінде Ташкент (1969, 1974) пен Москвада (1971) көрсетілді. 129 кинотеатр (1973) жұмыс істейді, онда негізінен шетел киноленталары көрсетіледі.

Әдеб.: Асоян Н. С. Нигерия. М.,1963; Петров Е. А. Нигерия. М., 1971; Ольдерогге Д. А. Древности Бенина.т. 1-3, в кн.: Сб. Музея антропологии и этнографии АН СССР.т. 15-17, М.-Л., 1953-1957; его ж е, Западный Судан в XV-XIX вв. Очерки по истории и истории культуры. М.-Л., 1960; Прибытковский Л. Н. Нигерия в борьбе за независимость. М.,1961; Исмагилова Р.Н. Народы Нигерии. М., 1963; Ивашева В.В. Роман современной Нигерии.в сб.: Литература стран Африки, М., 1964; Потехина Г. И. Очерки современной литературы Западной Африки. М., 1968; Вавилов В. Н. Проза Нигерии, М., 1973.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-07-16 15:20:10     Қаралды-3710

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »