МОНҒОЛ ХАЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯСЫ - еңбекші-малшылардың (араттардың) 1921 жылы пмперпализм мен феодализмге қарсы жүргізген революциясы. Оған Монгол халық-революция партиясы (МХРП) басшылық етті. Монғол халық революциясы жеңіске жетіп, елде шынайы халық өкіметі орнады; монғол халқы ұлттық және әлеуметтік теңдік алды да, капитализмді аттап өтіп, социализм мен коммунизмнің даңғыл жолына түсті. 1921 жылынаурызда МХРП-нің құрылуы халық қозғалысын ұйымдастырудың шешуші факторы болды. Бұл кезде Монголияны қытай милитаристері мен жапония империализміне сүйенген орыс ақгвардияшылары басып алған еді.
1921 жылдың 1-3 наурызда өткен партияның 1-съезі партия программасын қабылдап, қарулы көтерілістің бағытын белгіледі. Осы жылдың ақпанында құрылған партизан отрядтары Монгол халық армиясына (МХА) біріктірілді. Д. Сухэ-Батор штаб бастығы және бас қолбасшы болып тағайындалды. 13 наурызда Уақытша халық үкіметі сайланды. 1921 жылы 18 наурызда МХА Маймачен (қазіргі Алтан-Бұлақ) қаласын қытай милитаристерінен азат еткеннен кейін ақ гвардия бандыларына қарсы бірлесіп күресуге РСФСР үкіметіне ұсыныс жасалды. 1921 жылы майдың ақыры мен маусымның басында совет-монғол шекарасында болған ұрыстарда Қызыл Армиядан, Қиыр Шығыс республикасы халық-революция армиясы мен МХА бөлімдерінен тас-талқан болып жеңілген ақгвардияшылдар Оңтүстікке қарай шегінді [Монғол операциясы (1921)]. Уақытша үкімет өтінішіне сай Қызыл Армия 28 маусымда Монголия жеріне еніп, МХА-мен бірге ақгвардия бандыларына қарсы шабуылға шықты. 1921 жылы6шілдеде Монголия астанасы азат етілді. 10 шілдеде тұрақты Халық үкіметі құрылды: 1924 жылы Монғолия Халық Республикасы болып жарияланды.
Монғол еңбекшілері МХРП-нің басшылығымен Россияның революцияшыл пролетариатымен, дүние жүзілік жұмысшы және революция қозғалыспен берік байланыс жасады.
Жарияланған-2020-07-16 14:40:58 Қаралды-1700
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану