UF

ҚЫТАЙБҰРШАҚТЫҢ АГРОТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешендерін заманауи талапқа сай жетілдіру – оның өндірістік тиімділігін арттыру негізінде әлеуметтік және экономикалық ахуалын арттыру, дамыту мәселесі болып саналады [1]. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрін өндіруге қолайлы аймақ болып саналады. Ауылшаруашылық өндірісін әртараптандырудың басты принциптерінің бірі егіншілік мәдениетін көтеру, жаңа тиімді агротехнологияларды қолдана отырып өндірілетін өнімнің өнімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен бірге өндірілетін өнімнің өзіндік құнын барынша төмендету. Оңтүстік өңірінде ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде ең негізгісі –  өндірісі болып есептелінеді.

 – дәнді бұршақты дақылдардың ішіндегі ең құндысы болып табылады. Дәнінде 24-50% ақуыз, 20% шамасында көміртегі, 17-37% май болады. Қазіргі таңда ты әртүрлі тағамдар (май, ірімшік, айран, шұжық, шоколад, кофе, какао) дайындауға пайдаланады. Мұның күнжарасынан нан жасалады, макарон өндірісінде оны қоспа ретінде пайдаланады Сонымен қатар  бағалы мал азықтық дақыл. тың 100 кг шөбінде 51 мал азықтық өлшем және 15 кг қорытылатын протеин бар, ты көктей шауып алуға, сүрлемге арнап өсіруге болады.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты  мен міндеті. Зерттеу жұмыстары-ның мақсаты Оңтүстік Қазақстан жағдайында өсірілетін қытай бұршақ дақылының отандық және шет елдік сорттары мен будандарының өнімділігін анықтау.

Зерттеу жұмыстарының міндеттері:

- қытай бұршақ дақылының фенологиялық өнімділігін анықтау;

- отандық және шет елдік сорттарының өсіп-даму кезеңінің  ұзақтығын зерттеу;

- қытай бұршақтың өнімділігін анықтау;

- әртараптандыру мақсатында қытай бұршақ дақылын енгізе отырып оның экономикалық тиімділігін зерттеу.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан облысының ауа райы жағдайына байланысты өсіру ерекшелігін зерттей отырып, егіншілік саласын әртараптандыру мақсатында бұршақ тұқымдас дақыл – қытай бұршақтың отандық және шет елдік сорттары мен будандарын енгізу мелоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлі дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді.

 

зерттеу нәтижелері

 

3.1 Агротехникасының ерекшелігі

 

Қытайбұршақтың бірқалыпты өсіп жетілуіне бірмезгілде, қолайлы өсімдіктердің өмір сүруіне әсер ететін үйлесімді жағдайлар: жарық, су, жылылық, қорек ықпал етеді. Әсіресе қолайлы биотикалық жағдай жасалуына мұқтаж. Сояның тамырында ауадан еркін азотты сіңіретін тамыр түйнекті бактериялармен байланысты. Осы процесс неғұрлым қарқынды болса соя көп белок жинайды, ол дегеніміз өзінен кейін топырақтың күнарын жақсартады, түсімде көбейеді  [30,31].

 Қытайбұршақты көбінесе арамшөптерден тазартылған және өзінен соң азотты аз қалдыратын дақылдардан кейін себу пайдалы. Мұндай алғы дақылға-күздік бидай, жант қызылшасы және жүгері жатады. Соя үшін топырақты негізгі өңдегенде терең (27-28 см-ге дейін) етіп сүдігерге жырту пайдалы. Ал жыртылу қабаты тайыз топырақтарды терең  қопсытқыш құралдармен немесе қайырмасыз плугпен өңдейді.

Қытайбұршақты масақты дәнді дақылдардан кейін орналастырғанда, алғы дақылдардың өнімін жинап алғаннан кейін іле-шала топырақты сыдыра өңдейді, тыңайтқыштар енгізеді. 12-15 күннен кейін топырақты шолақ түрінде соқамен жыртады. Кеш жиналатын отама дақылдардан кейін топырақты бірден жырту қажет. Соя кеш себілетін дақыл болғандықтан, көктемде топырақтың физикалық-механикалық қасиетін жақсартып, ылғал еақтау жэне арамшөптерді толық жою үшін егін сепкекнше бірнеше рет культиватормен өңдейді.

Арамшөппен   күресу   және   оны   құрту   үшін   трефлан   гербицидін сояны сеппей тұрып, 1-1,5 кг/га дозадағы әсерлі затты берудің пайдасы зор.   Гербицидтен   кейін   топырақты   тырмалайды  сонда   арамш-пт34 азаюы     70-90%-ке     дейін     жетеді 37     Арамшөптерге     қарсы    линурн препаратын ашық сұр және ашық қоңыр топырақты жерлерде 2-3 кг/га және қара топырақта 3-5 кг/га мөлшерінде енгізген жөн. Прометрин гербициді де жақсы нәтиже береді. Республиканың суармалы жерлерінде азот 45-60 кг/га мөлшерінде түқым себуден бұрын культивациялаумен, фосфор 60-90 кг/га, калий 45-60 кг/га мөлшерінде сүдігер жыртумен енгізіледі.

Қытайбұршақтан мол өнім жинауда тұқым қүрамында түйнек бактериялар бар нитрагин препаравтымен өңдеу нәтижелі. Нитрагиннің әсерінен жапырақ құрамында хлорофил көбейеді, фотоцинтез жақсы жүреді, тамыр жүйелері тез жетіледі.

Тұқымды себер алдында микротыңайтқыштармен, әсіресе молибденмен өңдеу қажет. Ол түйнек бактерияларының қызметін күшейтеді, сояның түрлі ауруларға беріктігін арттырады.

Көп жылдық тәжірбиеге қарағанда тұқымды себу мерзімі әрбір жеке аймақтардың топырақ-климат, ауа райы жағдайларына байланысты. Алматы обылысында (орташа пісетін сорттар үшін) сәуірдің соңғы онкүндігі мен мамыр айының бірінші онкүндігінің аралығы, ал Шымкент, Жамбыл обылыстарында бұданда ерте басталады.

Қытайбұршақты кең қатарлап (қатараралығы 45 және 60см) және ленталы әдіспен (60Х 15 см) себеді. Сояны не үшін пайдалануына байланысты әр түрлі себу әдісі қолдалынады және тұқымды себу мөлшері де 400-600 мың/га өнімді дән болуы мүмкін. Тұқымды егу тереңдігі ылғалды топырақ үшін 5 см, ал ылғалдығы аз топыраққа 6-7см тереңдікке сіңіріледі. Қытайбұршақ тұқымының көктеуіне ылғалды көп қажет ететіндіктен тұқымды сепкеннен кейін топырақты таптау керек,сонда тұқым тез өніп шығады. Соя өніп шыққанда арамшөптер қаулап өседі және жауын-шашыннан кейін топырақ бетінде қалың қабыршақ пайда болуы мүмкін,  сондықтан егісті жеңіл немесе орташа салмақта тырма мен қабыршақты бұзу және арамшөпті құрту үшін кесе көлденең тырмалайды. Егістікті суарған сайын жэне жауын-шашыннан кейін міндетті түрде қопсытады.

Қопсыту жұмыстарын дер кезінде жүргізу арқылы арамшөптерді 2-3 есе азайтады. Қатараралықтарды қопсыту жұмысы соя гүлдегенде және бұршақ құралғанға дейін, кемінде 3 рет: бірінші соя өніп шыққаннан жейін, екінші одан 10-12 күн өткен соң, ал үшінші соя гүлдердің алдында жүргізеді. Қатараралықты өңдеу тереңде және оның саны егістің арамшөппен ластануына және суару санына байланысты. Егер ауа райы құрғақ, топырақ ылғалдығы жеткіліксіз болса онда қатараралықты өңдеуді онша терең жүргізбеу керек, ылғалдылығы жоғары жер болса онда терең өңдеу керек [5,7,9].   

Тұқым себу. Соя тұқымы сорттылық сапасы жөнінен 1және 2-клас болуы қажет. Ірілігінің бір қалыпты, өңгіштігінің жоғары болғаны дұрыс. Тұқымды арам шөптерден тазартып еккенде мол өнім алынады. Тұқым себер алдында оны нитрагинмен өңдесе дән түсімі 15-25% артады. Сонымен қатар белок құрамы да көбейеді. Нитрагинмен жақсы әсер ету үшін топырақтың ылғалды болғаны жақсы. Мұндай жағдай түйнек бактерияларының жұмысын күшейтеді. Қүрғақ әрі қараңғы орындарда, шыны сауытқа салынып сақталады. Соя тұқымын себер алдында көлеңке жерге брезент үстіне жұқалап жайып, нитрагин ертіндісін себеді де, бірнеше қайтара аударыстырып, араластырылады. Бір шыныдағы нитрагинді 8-10 литр суға езіп шамамен 5 гектарға себілетін тұқым өңделеді. Республикамыздың көптеген ғылими - зерттеу институттарына тұқым себу мерзімін анықтау жөнінде тәжірбие жұмыстары жүргізілуде. Алматы зооинжинерлік - мал дәрігерлік иститутының агрономия  кафедрасы 1980 жылдан бастап төрт тұқым себу мерзімін сыннан өткізді.Соя 30 апрельден бастап , арасына 10 күннен салып себіледі.Сөйтіп 30 апрельден 9 май аралығында себілген соядан мол өнім алынады.Ал ең соңғы мерзімде , яғни 30 май күні себілген соя өсімдігінің бұршақша шанақтары толық пісіп -жетілмейді. Сондықтан кеш себілген соядан екі есе аз дән түсімі түсті.Себу мерзімі соя сорттарының өнгіштігіне де әсер етеді.Мәселен, 30 апрельде себілген Казахстанская 200 сортының өнгіштігі – 92 процент, ал 30 майда себілген жағдайда - 80,5 процент болады. Гибридская 670 сортының өнгіштігі 30 апрельде себлілгенде 91,5 ал 30 майда себілген 74,2 проценттен аспайды.

 

1-кесте. Қытайбұршақтың Қазақстан 200 сортының әртүрлі себу мерзімінде, жетілу

 

жыл

Топырақ температурасы

Себу мерзімі

Енген күні

Себу-өну

Ену нағыз үш жапырақ

Үш жапырақ бұтақтану

Бұтақтану гүлдену

Гүлдену басталуы аяқталуы

Пісу басталуы

Пісу басталуы аяғы

өнуі пісу басталуы

өну пісу аяқталуы

2014

 

20.05

26.06

7

12

14

19

39

41

15

125

129

2015

22-24

26.05

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016

17-19

29.04

04.05

7

12

14

 

 

 

 

 

 

 

Себу мерзімі. Бұрындары дәндік сояны, өсіп - өну кезеңіндегі температуралар сомасы 2500 – 3000 градусты, ал жауын - шашын 300 мм құраса ғана егуге болады деген. Алайда кейінгі жылдары анықталғанындай; ерте пісетін сорттар 1700 - 2000 градус пісіп толыққанды түсім беретініне қол жеткізген. Соя тұқымы 6 градус жылылықта өсе бастайды, ал өнгендерінің сиректенуі төменгі температуралар әсерінен емес, топырақтың ылғалдылығына байланысты. Бірақ бұл температурада тек дәндік сорттары өнеді. Азықтық және жабайы сояға 5 градус жеткілікті. Сояның өнуіне минималды температура 10, ал қолайлысы 15- 22 градус деп есептелінеді. 11-12 градуста тұқым өте баяу өнеді, ал өнгендері аурулармен көп залалданады деген пікірлер бар. 15-16 градуста біркелкі және жақсы өнеді (3 кесте). Сонымен, сояны себу [32] Индияда, сояны себу мерзімінің әсерінің, сақтау және саңырауқулақтармен залалданғанының түсімге және дәннің сапасына әсерін зерттеген. Ерте егілген соя тұқымының өнуі темен, тұқым салмағы, саңырауқұлақтармен залалдануы -кеш егілгендермен салыстырғанда жоғары болған. Темен температурада сақталған тұқым саңырауқұлақпен көбірек залалданған. Ерте мерзімде егілгенде төмен сапалы жоғары түсім болған, ал кеш мерзімде егілгенде - түсім азайып дәннің сапасы жоғарлаған. Соя - қысқа күнді өсімдік. ¥зақ жарықты күнде оның өсіп - өнуі жетілуі созылады, 14-18 сағ. соя гүлдемейді - де. Өну және гүлдеу аралығы бірқалыпты болуына соя күн сәулесінің қарқынды және оның қысқа толқынды радияциясына талабы жоғары. Басқа жетілу фазаларында осы факторларға және қысқа күнге талабы талғамсыз фазаларының ұзақтығы. Күн.       

Сонымен, сояны себу мерзімі физиологиялық және биохимиялық өзгеруіне үлкен эсер етеді. ерте мерзімде өсімдіктер ұзақ күн жағдайында гүлдейді, сондықтан олардың гүлдеу кезеңі созылады, ал кеш мерзімде олардың өсуі қысқарып, кейбір фазалардың жеделдетуіне (репродуктивті) жетілу түріне әкеледі. Ал себу мерзімі түйнектің қалыптасуына әсері: - күннің ұзақтығы олардың мөлшерін азайтады, ал ерте мерзімдер керісінше көбейтеді [2].   Тиімдісі 10-12 градус (2-кесте).

 

2-кесте. Себу мерзімінің түйнектерге және соя өсімдіктеріне әсері

 

Себу топырақ температурасы,С

өсімдіктегі түйнектер саны, дана

Түйнектер салмағы, мг

Рн-ы ИЭН

Ассимиляциялық аппарат аумағы, ш/м-га

Бір құрғақ тамырдың орташа салмағы

өсімдік биіктігі, см

10-12

36,7

745,7

5,7

51,1

5,0

139,0

14-16

25,9

590,0

5,8

41,4

4,7

134,8

18-20

25,8

491,3

5,9

39,1

4,4

131,7

22-24

18,9

553,3

6,1

38,5

4,3

127,3

 

3 кесте. Себу мерзімінің соя түсіміне ықпалы

 

Себу топырақ температурасы, С

Дән

    2010

2011

2012

Орташа

10-12

25,4

31,2

30,7

29,1

14-16

25,8

29,8

25,6

27,0

18-20

24,6

26,9

21,4

24,3

22-24

23,0

26,6

17,4

22,3

17-19

-

-

-

 

 

Алматы облысы Қаскелең ауданының Шамалған аулында жүргізілген сынақта, сояның орташа мерзімдік сорты Гибридная -670 және Казахстанская - 4 сорттарының қолайлы мерзімі топырақтың тықым салу тереңдігіндегі температурасы 14-16 градус, ол мамырдың 1-2 бөлігіне сәйкес ( 5- 6 кесте).

Соя өсімдігін кешірек сепкен жағдайда олардың органдарының қалыптасу уақытты ұзарады. Сөйтіп бірінші мерзімде 7 күнде пайда болса, соңғы мерзімде 12 күнде бұтақшлаары қалыптасады. Сояның гүлдену кезеңі де шамамен осындай болады. Сонымен,соя өсімдігін кеш сепкенде пісіп -жетілу кезеңі ұзарады, ал көптеген бұтақша шанақтар, эсіресе, түп жағынан орналасқандары жетілмей қалады [33].

Соя өсімдігінің Казақстанның оңтүстік аудандарында апрельдің соңғы күндері немесе май айының алғашқы күндерінде себу керек. Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 29 апрель - 9 май аралығнда, ал Шымкент, Қызылорда облыстарында 15-20 апрельде, кейбір жылдары 5 майға дейін себуге болады. Егер бүл уақыттан ерте егілсе, тұқым шіри бастайды , көпке дейін жер бетіне шыға алмайды, ал шыққан көрі сирек, өсу қуаты төмен болады. Сонымен сояның себу мерзімі топырақ ылғкалы және жылыуына тығыз байланысты.

Егісттікте соя дақылы қажетті коректік зат ала алатын аймақка орналасқан жағдайда , өсімдіктің дұрыс пісіп - жетілуіне қолайлы мүмкіншік туады.Соя өсімдігінің жапырақтары және бұршақша шанақтары буындарында болады.Олардың  70 - 80 проценті төмен және Орталық буында орналасқан. Мол өнім түсетін бөлігіне 8-16 буын және 1 - 3 жанама бұтақтар жатады.Сол себепті ең төменгі жэне орта буындарына күн сәулесі толық түскенде өнім  молаяды.Сондықтан түқым себу мөлшері алынатын өнім мөлшеріне тікелей әсер етеді.

Себу тәсілі және мөлшері. Өсімдікті алқапта дұрыс орналастыру көрнекті мөлшерде оның өсу барысын және жетілуін айқындайды. Себу тәсілін таңдағанда және себу мөлшерін анықтағанда, сояның өте жарық сүйгіш дақыл екенін ескеру қажет. Егістік жиіленсе өсімдікке жарық түсуі, әсіресе төменгі бұтактары көлеңкеленеді. Сонымен қатар жарықтың жетіспеушілігі өсімдіктерде хлорофил құрамын және фотосинтезді төмендетеді. өсімдіктің қоректену аумағының кеңеюімен олардың жарықтануы , фотосинтез өнімділігі жетілу күштілігі жоғарлайды. Мысалы; шаршы - ұялы тәсілмен еккенде сояның орташа мерзімді Высокостебельная - 2 сорты н 60 хбО см еккенде фотосинтез өнімділігі ең жоғары болған тәулігіне - 2,12г - ш/м . Алайда мұндай егістіктен дән түсімін алаң бірлігіне өсімдіктің аздығынан төмен. Соңғы жылдары Қазақстанда сояның көптеген сорттары шығарылған. Олар биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерімен бұрынғы аудандастырылған сорттардан айырмашылығы көп. Сондықтан өсімдіктер жиілігі -де әртүрлі (5-кесте).

4- кесте. Себу кезіндегі топырақ температурасының сояның түсіміне әсері

 

Себу топы рақ темпера ту расы,    С

Гибридная 670

Казахстанская - 4

Пішен

Дән

Пішен

Дэн

10-12

59,9

28,5

57,7

22,8

14-16

60,2

20,5

63,2

24,3

18-20

53,4

22,3

53,9

19,8

22-24

47,8

15,9

47,6

12,4

24-28

44,4

11,4

41,3

9,4

 

5-кесте. Қытайбұршақтың биіктігіне және сиректенуіне егу мөлшерінің әсері

 

Тұқым себу мөлшері, мың дана/га

Гибридная 670

  Казахстанская 4

Казахстанская 200

Пішен

Дән

Пішен

Дән

Пішен

Дән

200

52,2

22,5

59,9

21,5

108,5

26,0

300

58,0

27,2

67,1

24,7

113,9

28,5

400

65,2

29,4

72,2

26,5

89,5

28,5

500

66,1

28,0

79,0

24,9

91,9

26,0

600

72,6

25,6

82,1

23,0

-

-

 

Мысалы; 1га/600мың өнетін тұқымды еккенде, Гибридная 670 сортының бір өсімдігінде - 43 (бобик) қайық. Казахстанская 4 - 46,9. Оларда 67,4 және 74,4 дана дән қалыптасқан. 1га/200мың өнетін тұқымды еккенде, Гибридная 670 сортының бір өсімдігінде - 64 (бобик) қайық. Казахстанская 4 - 59. Оларда 166,2 және 151,1 дана дән қалыптасқан.

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік - шығысында, интенсивті күннің жарығы жоғары болғандықтан қысқа бойлы, өзегі жапырылмайтын соя сорттарын егістіктерде ленталық екі жолақты тәсілмен 60 х15см , егу мөлшері көбейтілген тәсілмен себуге болады. Осы тәсілмен Гибридная 670 сорты егу мөлшері 800мың дана/га белгілегенде - түсімі 36,5ц/га, ал кең қатарлы еккенде 400мың дана/га - тек 28,2 ц/га болған. Талдықорған облысының «Заря» совхозында Р.Р.Мазитов, 60 х 15 екі жолақты ленталық тәсілмен Ақсай сортын еккенде, дәннен және жасыл балаусадан жоғары өнім алған [34].

Еккеннен кейін соңынан топырақты тығыздау жүргізу керек. Тұқымның топырақпен тығыз жанасуы оларды ылғалмен жақсы қамтамасыз етеді. топырақты тығыздауды сақиналы катокпен жүргізу дүрыс, сонда топырақтың жоғарғы жағы болбырап, қатпар болмайды. Ол соя түсіміне 20 - 25 пайыз қосуына мүмкіндік туғызады.Соя топырақтың физикалық ерекшеліктеріне және ылғалдығына байланысты, еккеннен кейін 6-15 күнде өнеді. Олар өніп шыққанша алқапта арам шөптер бой көтереді, ал жауын жауса топырақ қатпарланады. өніп шығуын жеңілдету үшін және арам шөптерді жою мақсатында, егістікті жеңіл тырмамен көлденең тырмалайды. Ол арамшөптерді біраз мөлшерде жойып және түсімді жоғарлатады. Егер соя түқымы өніп шыққанға дейін бір тырмалау және өніп шыққан соң екі мәрте тырмаласа: арам шөптер 32 пайызға, ал соя өсімдіктері бар болғаны 6 пайызға жойылады [35,36,37].  

Суармалы   егіншілікте соя алқаптарында арамшөптер жаз бойы өседі, сондықтан қатар аралық өңдеулердің маңызы зор (6, 7-кесте).

 

6-кесте.  Соя   егістігін   тырмалаудың   оның шөптердің жойылуына әсері. түсіміне   және   арам шөптердің жойылуына әсері

 

Тырмалау мерзімі

 

 

1ш/м өсімдік саны

Хлорофил құрамы, мг/г

Тәуліктегі фотосинтез өнімділігі г/ш/м

Түсім ц/га

қытай-бұршақ

арам шөптер

Пішен

Дән

Тырма жүргізбесе

350

90

13,0

2,1

39,3

15,8

өніп  шығуынан 3-4 күн бұрын

370

56

14,2

2,5

46,0

17,5

өніп шыққан соң 5 күн

40

64

14,0

2,4

45,8

17,5

өніп шыққан соң 15 күн

315

80

13,8

2,2

42,1

16,9

өніп шығуына 5   күн   шыққан соң 5 күн

355

35

15,7

2,6

50,3

19,6

өніп шығуына 5 күн шыққан соң 15 күн

330

28

16,0

2,8

53,4

20,8

 

Бірінші қатар аралық қопсыту 6 - 7 см тереңдікте жүйек белгілегеннен кейін жүргізіледі. Жас өскіндерге зақым келтірмеуі және көмілмеуі үшін қопсытқыш қалақтарына қалқан қойылады, немесе бір жақты қалақ қойылады. Екінші қатар аралық қопсытуды біріншіден 10-15 күннен кейін немесе мол жауыннан кейін, болмаса су беруден кейін 10- 12 см тереңдікте жүргізіледі.

Үшінші және одан кейінгі қопсытуларды арам шөптермен залалдануына және топырақтың тығыздануына байланысты жүргізеді.

 

7-кесте Қатар аралық өңдеулердің арамшөптерді жоюға, түйнектер қалыптасуына, фотосинтетикалық және соя өсімдігінің жалпы өнімділігіне әсері

 

Қатар аралық өңдеулер саны

 

 

1ш/м арамшөптер саны

 

 

Бір өсімдіктегі түйнектер салмағы, мг

 

 

Тәуліктегі фотосинтез өнімділігі, г/ш/м

 

 

  Түсім

Пішен

Дән

өңдеусіз

10,4

476

2,47

62,9

24,3

Бір мәрте

7,6

535

2,66

66,0

25,3

Екі мәрте

3,9

716

2,73

69,2

27,6

 

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік - шығысында соядан жоғарғы өнімді тек суармалы егіншілікте қол жеткізуге болады. Суару режиміне толыққанды зерттеулері Қазақстандық топырақ шаруашылығы ҒЗИ жүргізген. Соя өсіп өну кезеңінде суды жүгеріден 2000 мЗ/га кем қажет етеді. Өсіп өну кезеңінде топырақтың толық ылғал сыйымдылығының 70 % кем болмауы қажет. Немесе сояны 3-4 мәрте, 600 - 700мЗ/га суармалы мөлшермен суару керек. Басқа агротехникалық тәсілдері толық сақталса, осы тәсіл соя дәнінің түсімін Казахстанская 200 сортынан 42 ц/га өнім алуға болады. Немесе суару мөлшері 1000 - 1200 мЗ /га 2 - 3 суару [38,39].

Жиын - терім. Тұқымды тазалау және сақтау. Сояның - жасыл балаусасынан да дәнінен де жоғары өнім алу сәті - дүрыс белгіленген орақ мерзімі. Жасыл балаусадан жоғары өнім, сояның буршақтарының жаппай қалыптасу кезеңінде орақ салғанда болған. Келесі фазаларында орғанда төмендеген, өйткені жапырақтар сарғайып және түсе бастаған. Сояны дәнге орағын тек тікелей комбайнмен жүргізеді. Бұршақтардың 90 - 95 % піскен сәтінде бастаған абзал. Бұл кезеңде бүталары (паясы) кебіңкіреп, қайығы (бобы) сүр түске боялып, сілкігенде сыңғырлайды. Көп сорттардың жапырағы түсіп қалады, ол жиін терімді жеңілдетеді. Кәнігі дәндік комбайндардың қырқу аппаратын төмен кесуге өзгертеді. Дән соққышта (молотилка) дән жармаланбауы үшін барабанның айналымын 450 - 600 айн/мин азайту қажет. Бастыруды (обмолот) біткеннен кейін дәнектерді тазалап, 14-16 % ылғалдыққа дейін кептіру керек [40,41].

Сонымен дән себу мөлшері орташа , яғни 500мың дән бір гектарға себілген жағдайда 300 мың немесе 800 мың дән себілген жағдайға қарағанда мол өнім түседі.Бірақ бір өсімдікке келетін бұршақша шанақ саны , дән саны 1000 дәннің салмағы 300 мың дән сепкен жағдайда біршама көбейді.Дегенімен жалпы түсімі орташа себу нормасымен салыстырғанда 170 кг төмен болады.Себу нормасының 800 мың дәнге көбейткен жағдайда брлық өнім көрсеткіштері төмендеп , гектарыннан 18,8 ц өнім алынады.Өйткені мұнда соя өсімдігі бірін - бірі көлеңкелеп, күн сәулесін түсірмейді.де фотосинтез қуатын азайтып , өнім түсімін кемітеді.

Қазақтанның сауырмалы жер жағдайында соя өсімдігін себудің ең колайлы әдісі қатар аралығында 60см етіп , кең қатарлап себу. Кейбір жағдайда екі қатарлы таспалы әдіс те қолданылады.Мұндағы қатар аралығы 60см , тапа аралығы 20см болады. Сондықтан соя өсімдігін кең қатарлап (60-20см) еккен жағдайда төменгі буындардың шанақтары және жапырақтары жақсы сақталады.Сөйтіп мол өнім алуға септігін тигізеді.Соя өсімдігі жаз бойы арам шөптерден таза болыуы керек. Соя өсімдігі қара топырақта ,қор және боз топырақта жақсы өсе алады. Бірақ тұзды, сор топыраққа және бастапқы жерлерге егуге болмайды.

Топырақ ылғалды болған жағдайда себу тереңдігі 4 - 5 см , ал ылғал аз болған жағдайда 2 см тереңдетіп себу кажет. Топырақтың механикалық құрамы ауыр жерлерде тайыз , ал құмдауыт жерлерде тұқым сіңіру тереңдігін көбейткен абзал. Дән себер алдында жерді мұқият тексеріп , жеңіл дөңбекпен нығыздаса бүл дақыл тез де бірқалыпты көктеп шығады.

Тыңайтқыш енгізу. Күз айында топырақты жыртар алдында 30 тонна көң шашу сояның көп балауса және дэн өнімін арттырады.Бұл көңді алғы дақылдар егілетін жерге сепкен жағдайда , соя өсімдігі келесі жылы тимді пайдаланады. Кейде органикалық тыңайтқышқа фосфор минералы тыңайтқышы араластырылыпта себіледі. Сонымен жерді жыртар алдында,топырақтың құнарлылығын , агрохимимялық қасиетін ескеріп картаграмма көрсеткішіне сәйкес тек фосфор калий тыңайтқышы шашылады.

Соя дақылына микроэлементтер ауадай қажет.Әсіресе оны молибденмен өңдеу өте тиімді .Молибден микротыңайтқышты үш әдіспен енгізіледі.Соя дәнінің үсті жылтыр болғандықтан молибденді шаңдатпай .бүрку әдісі қолданылады.Бір центнер дәнге 10 - 13 г тиімді зат мөлшерімен молибден қажет.Бүл зат 1,5-2 литр суға езіліп бір центнер тұқым өңделеді. Екінші әдісі - өсімдік өсіп тұрғанда 100 г молибден 300 - 500 литр суға езіліп , арнаулы машиналармен шашылады, ал самолетпен шашқанда 100 г молибден 50 - 100 литр суға қосып бүркіледі [42].

Үшінші әдіс - сүдігер көтергенде, форфорлы тыңайтқыштарға қоса гектарына 1 - 1,5 кг тиімді зат мөлшерімен молибден микротыңайтқышы енгізілед.Ю.Г.Карягиннің жүргізген жұмыстарынан , молибден мен фосфор тыңайтқышын араластырып енгізгенде соя тамырындағы түйнек бактерияларының жұмысы күшейеді, сонымен қатар супрфосфат пен молибден топырақ құрамындағы хлорофилланы жоғарыталып, дән түсіміне әсер етеді.

Қорыта келгенде нитрагинмен өңдегенде соя өнімі  55,1% фосфор тыңайтқыштарын енгізгенде - соя өнімі 16,7 % , молибден - 14,1% , ал бірнеше тыңайтқыш қосып енгізілгенде 39,1% артады. Азот тыңайтқышы соя    түйнек    бактериясының    қызметін    күрт    төмендетеді.Сондықтан нитрагинмен өңделген егістіке азот тыңайтқышын енгізбеген дүрыс.

Соядан   көк   балауса   және   дән   өнімін   фосфор   және   калий тыңайтқыштарын қолданғанда бұрынғысынанда мол алуға болады.

Соя өсімдігінен көк балаусаны да , дәнді де мол алу үшін қолданатын агротехникалық шаралардың ең негізгісі - топырақты өңдеу. Күз айында органикалық және фосфор тыңайтқышы шашылған соң , жер тереңдігі 25 -27 см етіліп жыртылады.Соя топырақ температурасы 10 - 12 С кезінде себілсе одан дәнді де көк балаусаны көп алуға болады.Сондықтан Алматы және Жамбыл облыстарында 26 апрльде 10 май аралығында , Қызылорда , ОҚО облыстарында 17 апрельмен 5 май, Шығыс Қазақстан облысында 12 -24 май аралығында себу керек.

Топырақ ылғалдығына байланысты тұқым сіңіру тереңдгі өзгеріп отырады. Мәселен, соя тұқымының ылғалды топыраққа 4 - 5 см, ал ылғалы аз жерлерде 6 - 7 см тереңдікке себілген дұрыс. Сояның күтіп - баптау кезінде топырақ борпылдақ болса ол дөңгекпен нығыздалады. Соя себілген соңынан тырмалайды, қатар аралығын қопсытады ,үстеп қөректендіріліп, дұрыстап суарылады, арам шөп оталып отырады, зиянкестермен, өсімдік ауруларымен қүрес жүргізіледі.

 

8-кесте Қытайбұршақтың өсіп-өну тәжірибесінде азот байлау көрсеткіштері

 

    Сынақ

нұсқасы

 

 

Азоттың өсімдіктерде   жиналу мөлшері

Өсімдіктердің азотты пайдалануы

 Байлауы,

%

 

 

 топырақтан және тұқымнан

ауадан

Қара

топырақ

117,5

117,7

-

-

Қара топырақ + нитрагин

251,8

99,1

152,6

66

Ақшыл- сарғылт топырақ

83,1

83,1

 

 

Ақшыл- сарғылт топырақ+ нитрагин

171,5

61,9

109,6

64

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біржылдық бұршақ дақылдар 186,8-339,7кг/га, немесе 61-71,8 % өсімдіктердің 1га жалпы қоректенгені, аммияк тыңайтқыштарына есептегенде 5,5-10 ц/га.

Оның мәнісі біржылдық өсімдіктер 3-4 ай өседі. Ал ауадан сіңірілген азот көп мөлшерде дәнде жинақталады, өйткені оның құрамы белокқа бай. Егер, біржылдық бұршақты дақылдар мен арпаның азот жинауын салыстырсақ 103,9-136,5   кг/га бұршақты дақылдар пайдасына шешіледі (9-кесте).  

 

9-кесте. Біржылдық бұршақ дақылдарды баптаудағы топырақты Азотпен күшейтуі немесе жұтауы, азот байлауы

Дақыл

Азотты

Жинауы

Барлық азот

Өсімдікпен жұмсалғаны

Байлауы

%

Топырақ та азоттың азайуы немесе көбеюі

 

Дәнде және сабанда

тамыр және қалдықтар да

 

 

Топырақ және тұқымнан

ауадан

 

 

 

Арпа

    89,9

30,2

  120,1

120,1

-

-

-85,3

Бұршақ

   305,5

152,2

  457,7

129,0

328,7

71,8

+35,7

екпе

чина

    226,0

149,4

   375,4

124,7

256,7

68,4

+33,9

сиыр жоңышқа

    139,6

166,7

306,3

119,5

186,8

61,0

+52,2

Соя

     285,0

134,1

419,1

120,5

298,6

71,2

+18,6

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік шығысында осы бағалы дақылдан жоғары және тұрақты өнім алуына. Қазақстанның ҒЗ мекемелері және шаруашылықтары қытайбұршақтың отандық және шетелдік будандарының биологиялық маңызды мәселелеріне өз үлесін қосуда.

Өсіп – жетілу кезеңінде, негізгі фазалардың және ең қысқа вегетациялық мерзім Жансая (103 күн) және Болашақ (104 күн) сорттарында анықталды. Ең ұзақ мерзім жергілікті селекциясының қытай бұршақ сорттары Эврика стандарт және Қазақстандық 2309, сонымен қатар шетел селекциясының Sponsor (Сербия) сорттары бойынша анықталды, олардың вегетациялық кезеңі орта есеппен 111 күнді құрады.

Өсіп-өну фазаларының ұзақтығы бойынша қытай бұршақ сорттарының арасында айырмашылық байқалмады.

Далалық өнімділігі және өнімді жинау алдындағы өсімдіктердің сақталған түп саны бойынша ең жоғарғы көрсеткіштер Жансая (96,0% және 95,8%) және Эврика стандарт (97,0% және 94,3%) сорттарында анықталды. Бұл көрсеткіштер бойынша ең төмені Қазақстандық 2309 (88,0% және 86,3%) сортында байқалды.

Өсімдіктердің ең жоғарғы биіктігі Жансая (64,4 см) және Эврика стандарт (63,3 см) сорттары бойынша анықталды.

Ең жоғарғы бас байлау биіктігі Қазақстандық 2309 (15,1 см), ең төмен – шетел селекциясының GM (Канада) - 13,4 см, Sponsor (Сербия) – 12,8 см сорт үлгілерінде байқалды.

Ең жоғарғы өнім шетел селекциясының Sponsor (Сербия) және отандық селекциясының Болашақ сорттары бойынша алынды, олардың өнімі сәйкесінше 32,9 ц/га және 32,1 ц/га құрады, ол дегеніміз 4,1 ц/га және 3,3 ц/га Эврика стандартынан (28,8 ц/га) артық. Ең төменгі өнім Қазақстандық 2309 – 21,2 ц/га сорты бойынша алынды.

Пайда және рентабельдік бойынша ең жоғарғы көрсеткіштер шетел селекциясының Sponsor (Сербия) сорты бойынша алынды, алынған пайда 113138 тенге/га, ал рентабельдік 220,3%-ті құрады. Ең төменгі пайда және рентабельдік көрсеткіштерді Қазақстандық 2309 сорты бойынша анықталды, сәйкесінше аталмыш көрсеткіштер 54638 теңге/га және 106,4% құрады.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Концепция устойчивого развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2006-2010 годы. –Астана, 2005.

2. Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Нұрғалиев А.Н., Можаев А.Н. Өсімдік шаруашылығы //Оқулық. – Ақмола, 1993. - 358 б.

3. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.Ә., Серікпаев Н.А. Өсімдік шаруашылығы практикумы //Оқу құралы. –Астана, 2004. -280 б.

4. Аринов К.К., Шестакова Н.А. Агрономические основы семеноведения и семенного контроля на севере Казахстана. –Астана, 2006. -107 с.

5. Нургалиев А.Н., Сорокина Т.А., Аринов К.К., Искаков М.А. Вопросы семеноведения зерновых культур в Северном Казахстане //Учебное пособие. –Целиноград, 1984. -78 с.

6. Методика определения сроков начала и завершения посевных работ на соответствующей территории в разрезе регионов и природно-климатических зон РК по каждому виду продукции растениеводства. –Астана, 2007 .

7. Сулейменов М.К., Куришбаев А.К., Каскарбаев Ж.А. и др. Ресурсо-сберегающие технологии возделывания яровой пшеницы в засушливых районах Северного Казахстана //Практическое руководство. –Шортанды, 2005

8. Әрінов Қ.К., Цепенко А.А. Жаздық бидай сапасына агротехниканың әсері. –Алматы: Қайнар, 1978. -91 б.

9. Кулешов Н.Н. Агрономическое семеноведение полевых культур. –М., 1963. -304 с.

10. Строна М.Г. Общее семеноведение полевых культур. –М.: Колос, 1966. – 464 с.

11. Алпатьев А.М. Биоклиматический метод обоснования водного баланса растений и использование его в земледелии //Водный режим растений в засушливых районах СССР. –М.: Изд. АН СССР, 1961. –С.78-83.

12. Афендулов К.П., Лантухова А.И. Удобрения под планируемый урожай. –М. Колос, 1978.

13. Ермохин Ю.И. Программирование урожая в Западной Сибири //Учебное пособие. –Омск, 2002. -85 с.

14. Каюмов М.К. Программирование урожаев сельскохозяйственных культур. –М.: Агропромиздат, 1989.

15. Каюмов М.К. Справочник по программированию урожаев. –М., 1989.

16. Можаев Н.И. Основы программирования урожаев. Кормопроизводство //Учебное пособие. –Алма-Ата: Кайнар, 1986. –С.142-155.

17. Можаев Н.И., Серикпаев Н.А. Кормопроизводство //Учебник. –Астана, 2007.  -354 с.

18. Можаев Н.И., Серикпаев Н.А. Практикум по кормопроизводству //Учебное пособие. –Астана, 2007. –270 с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-07-01 11:49:23     Қаралды-1115

ИСЛАНДИЯ – АТЫ ДҰРЫС ЕМЕС ЕЛ

...

Исландия ағылшын тілінен сөзбе-сөз аударғанда «мұз елі» деп аталады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САМАУЫРДЫҢ ІШІНЕ ҚАҚ ТҰРСА

...

Cамауырдың ішіне қақ тұрса

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАШ КҮТІМІ

...

Адамның шашы бірде түсіп, бірде шығып дегендей, ұдайы алмасып отырады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

...

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТАРКТИДА ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Мұз құрлығының ресми ашылған күні 1820 жылдың 28 қаңтары болып есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛҚЫ АТЫМЕН АТАЛАҒАН SNICKERS ШОКОЛАД БАТОНЧИК

...

Snickers - жастар арасында ең танымал батончик

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЯҚ КИІМГЕ ДЕ КҮТІМ КЕРЕК

...

Әдетте, адамның екі аяғы бірдей бола бермейді. Көбіне оң аяқ сол аяқтан гөрі үлкенірек келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »