UF

Эстония - Балтық жағалауындағы республика. 1940 жылы 21 шілдеде құрылған, 1940 жылы 6 тамызда СССР-дің құрамында болған. Территориясының 9%-і аралдар (800-ге жуық); олардың ішіндегі ірілері - Моонзунд архипелагы құрамындағы аралдар (Сааремаа 2714 км2, Хийумаа 964 км2, Муху 200 км2 т. б.). Жері 45,1 мың км2. Халқы 1,3 млн. (2019). Астанасы - Таллин қ. Республика әкімшілік жағынан 15 ауданға бөлінеді; 33 қаласы, 26 қ. т. поселкесі бар.

Табиғаты. Эстония Шығыс Европа жазығының шетінде, орманды зонада орналасқан. Жағалаулары қатты тілімделген, шығанақты, бұғазды (Таллин бұғазы, Лахепере, Матсалу, Пярну шығанақтары т. б.) келеді. Батыс жак жағалаулары ойпаң, солтүстік жиегі биік жарқабақтанып бітеді (56 м-ге дейін).

Э. жағалауында теңіз көбінесе тайыз. Жағасының орташа биіктігі теңіз деңгейінен 50 м. Ең биік өңірі Ханья қыраты (Эстонияның ең биік жері - Сур-Муна-мяги, 318 м осында). Рельефінің қалыптасуына ертедегі мұз басудың көп әсері тиген. Пайдалы қазындылары: жанғыш тақта тас (СССР қорының 60%-і осында), шымтезек, фосфорит, құрылыс материалдары. Шипалы саз, минералды бұлақтар бар. Климаты теңіздік және қоңыржай континенттік. Жазы қоңыр салқын, қысы жұмсақ. Орташа жылдық температура 4,2-6°С. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 16,5°С-тан, оңтүстік-шығысында 17,3°С-қа дейін; қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде - 5,9° С, оңтүстік-шығысында - 6,6°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 600-700 мм. Табиғаттағы өсіп-өну кезеңі 170-190 күн. Өзендерінің ірілері (Нарва, Пярну, Казари) Балтық теңізі алабына жатады. Чуд көлі алабына жататын өзендері (Эмайыги, Выханду т. б.) де бар. Эстонияда 1150-дей көл бар. Басты көлдері; Чуд, Выртсьярв. Жері батпақты. Солтүстігі мен солтүстік-батысының жері карбонаттық және шымқабатты карбонаттық, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы күлгін топырақты. Территориясының 36%-і орман. Көбіне шырша, қарагай, қайың, терек, қандыағаш, батысы мен оңтүстігінде емен өседі. Жануарлардан сүт қоректілердің 60 шақты түрі, құстың 300-дей түрі, балықтың 80-дей түрі кездеседі. Орманда бүлан, елік, аю, сілеусін, құстан құр, шіл т.б. мекендейді. Балтық теңізінде нерпа, итбалық, салака, майшабақ, камбала т. б. бар. Эстонияда 4 қорық бар (жалпы ауданы 144 км2); ең үлкені - Матсалуски қорығы (135 км2).

Халқы. Эстония тұрғындарының 68,2%-і эстондар, 24,7%-і орыстар, 2,1%-і украиндар, 1,4%-і белорустар, 1,4%-і финдер (1970 жылғы санақ бойынша). Орташа тығыздығы 1 км2-ге 32,0 адамнан. Қала халқы 67%. Ірі қалалары - Таллин, Тарту, Кохтла-Ярве, Нарва, Пярну, Вшіьянди.

Тарихы. Қазіргі Эстония территориясы шамамен 13-11 мың жыл бұрын мұздан арылды. Кунда мәдениетіне жататын аңшы-балықшылардың тұрағы Пярну (Пулли) өзенінің жағасынан табылды (шамамен б. з. б. 7500). Кунда және басқа да неолит (3-2 мың жылдық) көзешілік мәдениетінің (Акали, Ягала, Нарва т. б.) орындарымен белгілі. Б. з. б. 3 мың жылдықтан бастап Эстонияға финн-угор тайпалары қоныстанды. 3 мың жылдықтың аяғында баулы көзе жасайтын, балтаны пайдаланған балтық тайпаларының ата-тегі келді. Олар мал және егін шаруашылыгын білді. Б. з. б. 2 мың жылдықтың ортасында қоланы, б. з. б. 1 мың жылдықтың ортасында темірді пайдалана бастады. 1 мың жылдықта негізгі шаруашылығы мал болса, біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында егіншілік болды. Б. з. 5-6 ғасырларының басында дәулетті адамдардың зираттары мен күміс бұйымдар салынған ұралардың табылуы (9 ғасырдан ақша) оларда мүліктік белгілеріне қарай бөлінушіліктің пайда болғанын және рулық құрылыстың ыдырағанын көрсетеді.

9-12 ғасырларда 15 мың күміс ақшаның (оның 5 мыңы византиялықтар мен арабтардікі), шет жерлік қарулар мен сәндік бұйымдардың табылуы сауданың дамығанын дәлелдейді. Колывань (Таллин), Тарту (Юрьев) сияқты т. б. сауда орталығы мен айлақтар салынды. Б. з. б. 2-мың жылдықтың басында мықты бекініс салынған ірі қалалар (Отепя, Варбола, Вальяла т. б.) тұрғызылды. 12 ғасырдың аяғында феодалдық қатынастардың белгілері пайда болды. Эстония территориялық жағынан біріге бастады. Деректемелерде викингтердің Эстонияға, 11 ғасырдан бастап эсттердің Дания мен Швеция (Сигтуна) жағалауларына жасаған жорықтары туралы мәліметтер бар. 1030 жылы Ярослав Мудрый Тарту қаласын жаулап алып, Юрьев қамалын салдырды. 1030-1061 жылдарда Оңтүстік-шығыс Эстония Киев мемлекетінің құрамына енді.

13 ғасырдың басында жер шаруашылығымен айналысқан эстон халқы шамамен 150-180 мың адам еді. 13 ғасырдың басындағы феодалдық-католиктік агрессия мемлекеттің құрылу процесіне кедергі жасады. 12 ғасырдың аяғында Балтық жағалауында басталған немістің басқыншылық саясаты 1208 жылы эсттер жеріне де жетті. 1208-1212 жылдар Рига епископы Альберт пен семсерлілер ордені Орталық және Оңтүстік Эстонияға 20 рет жорық жасады. Юмера өзенінің бойындағы 1210 жылғы шайқаста эсттер орден өскерлерін жеңді. 1215 жылы неміс феодалдары Сакала мен Уганданы бағындырып, 1216-1217 жылдар Солтүстік Эстонияға шабуыл жасады. Эстония 1217 жылы Новгородпен және Псковпен әскери одақ құрды, сөйтіп 1217 жылы Отепя түбіндегі шайқаста басқыншылар Эстония жерінен қуылды. 1217 жылы 21 қыркүйекте Вильянди түбіндегі шайқаста крест тағушылар эсттердің 6 мың әскерін талқандады да, Орталық және Оңтүстік Эстонияны тағы да өзіне бағындырды, бірақ бүкіл Эстонияны қарата алған жоқ, немістер эсттер мен орыстардың одақ жасауынан қауіптенді. Епископ Альберт 1219-1220 жылдар Солтүстік Эстонияны басып алып, Таллинге бекінген Дания королы Вальдемар ІІ-ні көмекке шақырды. 1220 жылы шведтер Лихуланы басып алды. Бірақ Сааремаа аралының тұрғындары олардың әскерлерін талқандады. 1222 жылы Сааремаа аралының тұрғындары қамал салып жатқан даттарды қуды. Осының себебінен 1223 жылы бүкіл эстондық көтеріліс бұрқ ете түсті де, барлық Эстония (Таллинді қоспағанда) азат етілді, Тарту, Отепя, Вильянди сияқты маңызды қалалардағы орыс әскерлерінің қолдауына қарамастан, 1223-1224 жылдар немістер Эстонияның құрлықтағы жерлерін тағы да бағындырды, 1224 жыл тамызда Тартуды, 1227 жылы Сааремааны алды. Эсттердің жеңілуіне әскери техниканың артта қалғандығы, саяси ұйымдардың әлсіздігі әрі эстон тайпаларының бытыраң- қылығы себеп болды. Крест тағушылар қаратып алған Эстония мен Латвияның жерлері 13 ғасырдың 2-ширегінен 1561 жылға дейін Ливония деп аталды. 1238 жылы Стенбий шарты бойынша Солтүстік Эстония жері Рявала Данияның қарамағына өтті. Шаруалар неміс феодалдарына барщина бойынша жүмыс істеп (13 ғасырда жылына 3-4 күн) және салық төлеп тұрды. 1343 жылы 23 сәуірде Харьюмаада Юрьев туні көтерілісі бұрқ ете қалды. Ол Батыс Эстонияны, Сааремаа аралын қамтыды. Ливон ордені әскерлері көтерілісті тұншықтырды.

1346 жылы Дания королы Вальдемар IV Харьюмаа мен Вирумааны Тевтон орденіне сатты, ал ол бұл иеліктерді Ливон ордені магистріне қайта сатты. Экспортқа астық шығаратын барщиналық төлем шаруашылығының өркендеуі салдарынан эстон шаруаларының экономикалық және праволық жағдайы нашарлады. 14 ғасырдың аяғында шаруаларды басыбайлы жасау процесі жүрді, шетелдерде 15-16 ғасырларда жаруалар феодалдардың меншігі деген көзқарас қалыптасты. 15 ғасырда құлдар жойылды. 13 ғасырдан бастап Таллин, Тарту, Раквере, Нарва, Вильянди т. б. қалалар қолөнер және сауда орталығына айналды. Орыс қалаларымен және Батыс Европамен сауда жасауда әсіресе, Таллин зор роль атқарды. 13-15 ғасырларда Ливон ордені мен епископтар арасында қайшылық туды (Орденнің Тарту епископымен 1396 жылы соғысы т. б.). 1480-1481 және 1501-1503 жылдардағы орталықтандырылған орыс мемлекетімен соғыстар оның күшін көрсетті. Ливон мемлекеті Новгородқа, Псков пен Москваға агрессиялық саясатынан бас тартты. 1521 жылғы Эстониядағы реформация тап қайшылығын шиеленістірді.

1558 жылы қаңтарда орыс мемлекеті Ливония соғысын (1558-1583) бастап, кешікпей Шығыс Эстонияны өзіне қаратты. Соғыс шаруалардың тап күресін шиеленістірді (1560 жылы Батыс Эстониядағы көтеріліс). Неміс феодалдары Даниядан, Швециядан және Речь Посполитадан әскери көмек сұрай бастады. 1559 жылы Сааре-Ляэнес епископы өз иеліктерін дат королы Фредерик ІІ-ге сатып, ол мұны бауыры герцог Магнусқа берді. 1561 жылы Таллин қаласы, Харыовирус рыцарьлығы мен Ярвамаа дворяндығы швед королы Эрик ХІУ-нің билігін мойындады. Ливон орденнің магистрі Г. Кеттлер поляк королы Сигизмунд II Августпен одақ құрып, 1561 жылы Польшаның вассалына айналды. 1562 жылы Ливон ордені өмір сүруін тоқтатты. 1572-1577 жылы Россия бүкіл Эстонияны (Таллин мен аралдардан басқа) жаулап алды, бірақ Польша мен Швецияның 1580-1581 жылғы қарсы шабуылы салдарынан бәрінен айрылып қалды. Ям-Заполье (1582 жылы Речь Посполитамен) және Плюсск (1583 жылы Швециямен) уақытша бітім шарттары бойынша Эстония территориясы үш мемлекетке бөліске түсті: Солтүстік Эстония (Эстляндия) - Швецияға, Оңтүстік Эстония Речь Посполитаға, Сааремаа аралы Данияға берілді. Поляк-швед соғысында (1600-1611, 1617-1629) Швеция Эстонияның бүкілқұрлықтағы жерлерін жаулап алды. Шведтерге қарасты Балтық жағалауы 1625 жылы Эстляндия (Солтүстік Эстония) және Лифляндия (Оңтүстік және Солтүстік Латвия) губерниясы болып бөлінді. 1645 жылы Сааремаа да Швецияға өтті. Орыс-швед соғысының қорытындысында (1656-1658) Шығыс Эстония Россияға қосылды, бірақ Кардис бітім шарты бойынша (1661) соғыстан бұрынғы шекара қалпына келтірілді. 1640 жылдарда Балтық бойына ерекше тәртіп орнады (помещиктерге артықшылық беретін органдар құрылды). 17 ғасырдан экспортқа шығаратын астық шаруашылығы ұлғайды, осыған байланысты шаруалардың борышы көбейді. 1671 жылы Лифляндияда басыбайлы тәуелділік заңды түрде қабылданды. 17 ғасырда мануфактура өнеркәсібі пайда болды. Эстон тілінде әдебиеттер басылды. 1632 жылы Тарту университетінің негізі қаланды. 1684-1688 жылдар мұғалімдер семинариясы, 80 жылдары алғашқы селолық мектептер ашылды. 1689 жылы Эстонияда бірінші газет шығарылды. 1695-1697 жылдар «үлкен ашаршылық» болып, халық саны 350 мыңнан 280 мың адамға дейін азайды. Россия мен Швеция арасындағы Солтүстік соғысы (1700-1721) кезінде Эстония территориясында соғыс қимылдары жүргізілді. 1710 жылы 29 қыркүйекте (10 қазан) Эстляндия рыцарьлығы мен Таллин қаласы Петр І-нің алдында тізе бүкті. Эстониянің бүкіл территориясы швед әскерлерінен азат етілді. 1721 жылы Эстония Россия империясына қосылды (Ништадт бітім шарты, 1721). Эстонияда бейбітшілік орнап, экономикалық және мәдени жағынан дамуына жағдай туды. 1766-1767 жылдар эстон тіліндегі бірінші журнал шығарылды.

Ауыл шаруашылық товарлылығының, мануфактуралық өнеркәсіптің өсуі капиталистік қатынастардың тууына жағдай жасады. Шаруалар арасында толқулар (1783-1784) пайда болды. 1797 жылдан эстондықтарға міндетті өскер қызметі енгізілді. Орыс губернияларымен, әсіресе Петербургпен товар айырбасы жүргізілді. 1782 жылдар Балтық жағалауы губернияларында баж салығы жойылды. 1785 жылы Екатерина ІІ-нің манифесімен барлық жер дворян иеліктері болып жарияланды. 1804 жылы шаруалар заңы бойынша эстляндиялық және лифляндиялық шаруалардың міндетті қызметі нормаға келтірілді: 1816 жылы Эстляндия, 1819 жылы Лифляндия шаруаларының жеке басына ерік берілді де, олардың барлық жерлері помещиктердің меншігінде қалды. Шаруалардың өз бетімен жер ауыстыруына және еңбектің басқа түрімен айналысуына тыйым салынды. 19 ғасырдың 20 жылдарының аяғында Эстония өнеркәсібінде түбегейлі өзгеріс болды. Тоқыма өнеркәсібі (шұға) тез өсті. 1840 жылдарда православие дініне көшіруге байланысты Оңтүстік Эстонияның біраз жерінде шаруалардың помещиктер езгісіне қарсылығы күшейді. Бұл үкіметті шаруалар туралы жаңа заң шығаруға мәжбүр етті. Жаңа заң Лифляндияда 1849 жылы, Эстляндияда 1856 жылы, Сааремаа аралында 1865 жылы енгізілді. Бұл жағдай барщинадан ақша рентасына өтуге, жерді шаруалардың жеке меншігіне сатуға жағдай жасады. 60 жылдары эстондықтардың ұлттық-демократиялық қозғалысы өрістеп, ол Балтық жағалауындағы неміс дворяндығына, оның саясн үстемдігіне қарсы бағытталды. Қозғалыс қалың бұқараны қамтыды. 1802 жылы Тартуда унивесритет қайта ашылды. 19 ғасырдың 1-жартысында К.Я.Петерсонның, Ф.Р.Фельманның, Ф.Р.Крейцвальдтың ағартушылық және әдеби қызметтері қанат жайды, эстон ұлттық әдебиеті қалыптасты. 1857 жылдың басында И.В.Яннсеннің басшылығымен «Перно Постимоус» газеті шығып, кеңінен таныла бастады.

1860 жылдардың аяғында ақша арендасы үстем болды да, Оңтүстік Эстония шаруалары помещиктерден жеке меншігіне жер (хутор) сатып ала бастады. 19 ғасырдың соңында Оңтүстік Эстония шаруалары арендаға алған жерлерінің 8б,4%-ін, Солтүстік Эстония шаруалары 50,4%-ін сатып алды, дегенмен шаруалардың 60-66%-інде жер болмады. Капиталистік ірі өнеркәсіп (тоқыма, машина жасау) тез өсті. Қала тұрғындарының саны 1897 жылы барлық халықтың (986 мың адам) 18,4%-індейі болды. Халықтың 25,1%-і өнеркәсіп пен саудада, 68%-і ауыл шаруашылығында істеді. Ауыл шаруашылық товарлылығының өсуі, бос жұмыс қолының барлығы капиталистік ірі өнеркәсіптің еркендеуін тездетті. 19 ғасырдың 2-жартысында эстон ұлты қалыптасты, ұлттық мәдениет одан әрі өркендеді. 1860 жылдарда неміс помещиктеріне туғызылған ерекше жағдайға қарсы эстондықтардың ұлттық бостандық жолындағы қозғалысы өрістеді. Бұл қозғалыс шаруалардың қалың бұқарасына сүйенді. Оның ұйымдастырушы орталығы «Ээсти Постимээс», «Сакала» т.б. газеттер болды. Ұлттық қозғалыс буржуазия-клерикалдық (Я.Хурт, И.В.Яннсен) және буржуазия-демократия (К.Р.Якобсон, М.Веске, И.Келер) деп аталатын екі бағытта дамыды. Укіметтің жүргізген кейбір реформалары (1877 жылы қала реформасы, 1888 жылы полициялық реформа, 1889 жылы сот реформасы және шаруалар мекемесін қайта құру) ерекше тәртіпті босаңсытқанмен де, жеңілдікпен пайдаланатын неміс дворяндарының өз билігін сақтап қалды. 1870 жылдары басталған жұмысшы қозғалысы (1872 жылы Кренгольм стачкасы) Россиядағы жұмысшы қозғалысымен тығыз байланысты дамыды. 1890 жылдарда Эстонияға марксизм идеясы кең тарады, студенттер мен жұмысшылар арасында маркстік үйірмелер пайда болды.

19 ғасырдың аяғында Эстония Россия империясы құрамында монополиялық капитализмнің сатысына өтті. Өнеркәсіп жедел дамыды, әсіресе металл өңдеу және машина жасау өнеркәсібі өркендеді. Таллин Эстонияның өнеркәсіптік орталығына айналды. 1895-1901 жылдарда өнеркәсіптегі жұмысшы саны 14 мыңнан 26 мыңға дейін өсті. 20 ғасырдың басында Эстония Россия империясындағы дамыған бірден-бір капиталистік ел болды. Соған қарамастан халықтың 68%-і ауыл шаруашылығымен айналысты. Эстляндия губерниясында жердің 73,9%-ін, Лифляндияда 54,3%-ін помещиктер иеленді. Жұмысшы қозғалысының орталығы болған Петербургтің әсерімен жұмысшы табының алғашқы ұйымдары пайда бола бастады. М.И.Калининнің басшылығымен Таллин қаласында 1901-1902 жылы с.-д. жұмысшы үйірмелері құрылды; 1904 жылы РСДЖП Таллин комитеті құрылды. Эстонияда буржуазия-демократиялық революцияның алғы шарттары пісіп жетілді. Петербургтегі 1905 жылғы 9 (22) қаңтардағы қанды оқиғаға наразылық ретінде РСДЖП Таллин комитеті әзірлеген жаппай стачка басталып, 12-24 қаңтарға дейін 12 мың жұмысшы ереуілге шықты.

1905 жылдың аяғында революция шарықтау шегіне жетті. Эстония жұмысшылары қазандағы Бүкіл россиялық саяси стачкаға қатысты. Патша әскерлері Таллинде бейбіт жұмысшыларды атқылады. Қарашада Таллин жұмысшы депутаттарының советі сайланды, кәсіподақтары ұйымдаса бастады. РСДЖП Таллин комитетінің басшылығымен большевиктер қарулы көтеріліске дайындалды, деревняларда революция өзін-өзі басқару комитеттері (шаруалар комитеті) құрылды. Жұмысшылар мен шаруалардың Декабрь қарулы көтерілісі кезінде (12-20 желтоқсан) 120-дан астам иеліктер өртеліп, талқандалды. Жазалаушы отрядтардың террорына қарамастан 1906-1907 жылдар стачкалық күрестер мен қозғалыстар тоқтамады.

1906 жылы 20 шілдеде «Память Азова» крейсерінің матростары көтерілді. РСДЖП Эстон ұйымының 1907 жылы қапнада өткен Териок конференциясы елде большевизмнің күшеюіне әсер етті. 1910 жылдан бастап өнеркәсіптің жаңадан өркендеуі экономиканы милитаризациялаумен байланысты болды. 1912-1913 жылдар Таллинде ірі кеме жасау з-дтарының іргесі қаланды. 1914 жылы Эстонияның ірі өнеркәсібінде 46 мың жұмысшы болды. 1912 жылғы Лена қырғыны Таллин, Пярну, Тартуда наразылық стачкасын туғызды. 1914 жылы Эстония большевиктері оппортунистермен күресте жеңіп шықты.

1-дүние жүзілік соғыс кезінде Эстония солтүстік майданның ең жақын тылы болды. Патша армиясы қатарына 100 мыңға жуық эстониялықтар алынды. 1915 жылы Таллин мен Тартуда әскери-өнеркәсіптік комитеттер құрылды. Соғыс жабдықтарын шығаруға байланысты өнеркәсіп салалары тез өсті де, халық шаруашылығының басқа салалары қиындыққа кездесті, жұмысшы күші мен шикізат өнімдері жетіспеді. Эстон буржуазиясы патша үкіметінің империалистік саясатын қолдап, соғыстан пайда табуды көздеді. 1917 жылы 1 (14) наурызда Таллин жұмысшыларының жаппай ереуілі басталды, 2 (15) наурызда революцияшыл жұмысшылар, солдаттар мен матростар бірлесіп, Таллинде өкімет билігін қолына алды, іле-шала бүкіл Эстонияда патша өкіметі құлатылып, жұмысшы және солдат депутаттарының советтері сайланды.

1918 жылы ақпан-наурызда неміс әскерлері Эстонияны басып алды. 19 қарашада эстон буржуазиясы билікті уақытша үкіметке беріп қойды. Ол империалистік Антанта державаларынан көмек сұрады. Таллин Советі Советтік Россия пролетариатының жәрдемдесуін өтінді. 1918 жылы 29 қарашада Қызыл Армия бөлімдері, оның ішінде эстон полкі Нарваны азат етіп, сол күні Эстон Совет Республикасы жарияланды, ол Эстляндия Еңбек Коммунасы деп аталды (пред. Я.Я.Анвельт, мүшелері - X.Г.Пегельман, В.Э. Кингисепп, И. Ю. Кясперт, О. Ю. Рястас т. б.).

1918 жылы 7 желтоқсанда РСФСР үкіметі В.И.Ленин қол қойған декретпен Советтік Эстонияның тәуелсіздігін мойындады.

1919 жылдың басында интервенттер мен ішкі контрреволюцияның біріккен күші Эстония жеріндегі Қызыл Армия бөлімдерін шегіндірді. 1919 жылы 19 мамырда Құрылтай жиналысы буржуазия Эстон республикасының құрылғанын жариялады. 5 маусымда Эстляндия Еңбек Коммунасы өз қызметін тоқтатты. Эстония коммунистері халықты Советтік Россия мен Эстония арасында келісім шартын жасасуға шақырды (Совет-эстон шарттары).

Советтік Россиядан бөлініп калған Эстония тәуелді елге, Батыс Европадағы империалистік державалардың аграрлы-шикізат қоймасына айналды. Ауыр өнеркәсіп мықтап тұралады; өнеркәсіптің ішкі рынокты қамтамасыз ететін жекелеген салалары (тамак өнеркәсібі) ғана дамыды. Буржуазия жер реформасы (1919 жылы жарияланған) неміс помещиктерінің жерге иелігін жоя тұрса да, негізінен буржуазия өкіметінің әлеуметтік базасын кеңейту мақсатында жұргізілді. Эстония ең алдымен Улыбританияға бағыт ұстады, оның сыртқы саясаты антисоветтік бағытта болды. Ақ террорға қарамастан еңбекші халық, Эстония Компартиясының басшылығымен (астыртын қызмет ететін) буржуазия диктатурасын құлатып, Совет өкіметін қалпына келтіру жолында баянды күрес жүргізді. Эстон Компартиясы (ЭКП) қатаң террор жағдайында да күресін тоқтатқан жоқ. 1920 жылы қарашада ЭКП-нің 1-съезі (құпия түрде), 1921 жылы қазанда 2-съезі өтті. 1934 жылы 12 наурызда К. Пятс пен И. Лайдонер фашистік төңкеріс жасады. Бұдан кейін Эстония фашистік Германияға тәуелді бола түсті. Коминтерннің 7-конгресінің шешімін басшылыққа ала отырып, ЭКП антифашистік халық майданын ұйымдастыруға бар күшін салды. 1938 жылы ЭКП-нің жаңа басқару органы - ЭКП-нің жария емес бюросы құрылды. 1938 жылдан жұмысшы қозғалысы жанданды.

2-дүние жүзілік соғыс басталған соң, халық бұқарасының қысымымен эстон үкіметі 1939 жылы 28 қыркүйекте СССР мен Эстония арасындағы Өзара көмек пактісіне қол қойды; сөйтсе де буржуазия үкімет пактіні бұзды. Ішкі қайшылықтың шиеленісуі революция ситуацияны туғызды.

ЭКП басшылығымен эстон еңбекшілері 1940 жылы 21 маусымда фашистік диктатураны құлатты. Халық үкіметі орнады. 1940 жылы 14-15 шілдеде сайланған Мемлекеттік дума 21 шілдеде Эстон Советтік Социалистік Республикасын (Эстон ССР) жариялады. Мемлекеттік дума жерді, банкіні және ірі өнеркәсіпті национализациялау туралы, Эстон ССР-ін СССР құрамына енгізу туралы декларация қабылдады. 1940 жылы 6 тамызда СССР Жоғары Советі Эстон ССР Мемлекеттік думасының өтінішін қанағаттандырып, оны тең праволы одақтас республикалар қатарында СССР-дің құрамына қабылдады. 1940 жылы 25 тамызда Мемлекеттік дума Эстон ССР-інің Конституциясын қабылдады; Дума Эстон ССР Жоғары Советі болып қайта құрылды. Совет халықтарының көмегімен Эстония социализм құруға кірісті. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында өнеркәсіп өнімін өндіру 63%-ке өсті. Жер реформасы нәтижесінде 50 мыңдай батрак пен кедейлер 400 мың га жер алды.

Неміс-фашист әскерлері Эстонияға 1941 жылы шілдеде басып кірді. Эстонияның құрлықтағы қорғаныс ұрысы 1941 жылы 5 желтоқсанға дейін, аралдарда 1941 жылы 2 желтоқсанға дейін созылды. Совет әскерлері табанды күрес жүргізе отырып және ерікті истребитель батальондары мен жұмысшы полктерінің қолдауына сүйеніп, Ленинградты қорғаушылар үшін уақыт ұтуға жағдай жасады. Неміс фашистері Эстонияда қанды террор режимін орнатты (20 концлагерьде 125 мың адам өлтірілді). 1942 жылы советтік тылда эстондық атқыштар корпусы (командирі генерал-лейтенант Л.Я.Пярн) құрылды; кейіннен гвардиялық болды, ол Великие Луки қала үшін болған ұрыстарға (1942-1943), Эстонияны азат етуге (1944), Курляндиялық жау топтарын талқандауға (1945) қатысты. Эстонияда партизан отрядтары да ұйымдасып, жаумен күресті. Эстонияны азат ету ұрысы 1944 жылдың 2 ақпанда 24 қарашада (1944 жылы 22 қыркүйекте Таллин азат етілді) дейін созылды. 20 мыңнан астам эстониялық жауынгерлер ордендермен және медальдармен наградталды. 12 адам Совет Одағының Батыры атағын алды.

Соғыстан кейінгі жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру және елде социализм негізін құру басты міндет етіліп қойылды. Сланец және газ-сланец өндірісі айрықша дамыды. Кохтла-Ярве-Ленинград (1948), Кохтла-Ярве-Таллин (1953) газ құбыры салынды. Машина жасау өнеркәсібінің өнімі артты, тоқыма өнеркәсібі, электр қуатын өндіру артты, өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. 1946 жылдың өзінде Эстония өнеркәсібі еоғысқа дейінгі дәрежесіне жетті, ал 1950 жылы одан 3,4 есе асып түсті. Жұмысшы табының ерлік еңбегі және туысқан басқа республика халықтарының көмегі арқасында соғыстан кейінгі бесжылдық мерзімінен бұрын орындалды, социализмнің материалдық-техникалық базасы құрылды. 1947 жылдың жазында жер реформасы толық жүзеге асырылды. Барлығы 42,3 мыңдай шаруа 417 мың га жер алды. 1947 жылы ЭКП ауыл шаруашылығын коллективтендіруте бағыт ұстады. 1947 жылы соғыстан кейінгі алғашқы колхоздар құрылды. 1949 жылы жаппай коллективтендіру басталды. Социализм құрылысы тап тартысы күресі жағдайында өтті. Коллективтендіру кезінде кулактар тап ретінде жойылды. Ауыл шаруашылығын коллективтендіру Совет өкіметінің тарихи үлкен жеңісі болды. 1953 жылы қаңтарда Эстон ССР-інің Жоғары Советі социализмнің біржола жеңгенін заңды түрде бекітіп, республика Конституциясына қажетті өзгерістер енгізді. 1978 жылғы сәуірде Эстон ССР-інің жаңа конституциясы қабылдапды. Эстонияда өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту ісі қолға алынды. Өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды, ондаған ірі өнеркәсіп орындары салынды. Эстония дамыған индустриялы-аграрлық социалистік республикаға айналды. Ауыл шаруашылығының негізі мал шаруашылығы болды. Қоғамның таптық құрылымы өзгерді. Жаңа тап - колхозшы-шаруалар табы қалыптасты, жұмысшы табының саны өсті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Эстония Компартиясы еңбекшілердің неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресін ұйымдастырып, басқарды. Эстония Компартиясының ОК мен Эстон ССР-Халкомсовының инициативасы бойынша СССР Мемлекеттік Қорғаныс комитеті Қызыл Армия құрамында эстон ұлттық құрамаларын құру жөнінде шешім қабылдады. Эстониядағы партизан қозғалысын Эстония Компартиясының ОК-і құрған партизан қозғалысының штабы басқарды. Соғыстан кейінгі жылдары Эстония Компартиясы еңбекшілерді халық шаруашылығын қалпына келтіруге жұмылдырып, елді индустрияландыруға, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге және мәдени революцияны жүзеге асыруға басшылық етті. Партияның басшылығымен Эстонияда социализм біржола және түпкілікті жеңді. Кемелденген социалистік қоғам жағдайында Эстония Компартиясы елде коммунизмнің математикалық-техникалық базасын жасауға басшылық етуде. 1977 жылы 1 қаңтарда Эстония Компартиясының қатарында 83460 мүше, 3547 мүшелікке кандидат болды.

Халық шаруашылығы. Эстония еңбекшілері халық шаруашылығының барлық салаларын өркендетуде тарихи қысқа мерзім ішінде орасан зор табыстарға жетті. Бүгінгі Эстония - жоғары дәрежеде дамыған ауыл шаруашылық бар индустриялы республика.

1940-1975 жылдар өнеркәсіп өнімі 39 есе арттырылды.

Өнеркәсібінің басты салалары - жанғыш тақта тас өндіру және оны өңдеу, машина жасау, химия, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл және тамақ өнеркәсібі. Балтық маңы экономикалық ауданындағы ең ірі Эстон мемлекеттік аймақтық электр станция жанғыш тақта тас пайдаланады. 1976 жыл 18,7 млрд. квт-сағ электр энергиясы өндірілді. Тақта тас өндіру және өңдеу орталығы - Кохтла-Ярве. 1975 жылы 28,5 млн. т тақта тас өндірілді. Прибор, электротехника және радиотехникалық бұйымдары, мұнай жабдықтары, жылу қазандары, экскаваторлар, тақта тас өндіру және өңдеу машиналарын жасау салалары басымырақ өркендеген. Машина жасау өнеркәсібінің орталықтары: Таллин (электр двигательдерін жасайтын «Вольта» з-ды, экскаватор, «Пунане Рэт» радиотехникалық з-дтары т.б.), Тарту (прибор, ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын з-дтар), Пярну (машина жасау з-ды), Выру (газ анализаторларын жасау з-ды). Химия өнеркәсібінің орталықтары - Кохтла-Ярве (Кивиыли тақта тас-химия комбинаты), Маарду (фосфор тыңайтқыштары комбинаты). Құрылыс материалдары өнеркәсібі орталықтары: Кунда («Пунане Кунда» цемент з-ды), Кохтла-Ярве, Нарва (құрылыстық панельдер з-дтары), Таллия (қабырғалық блок з-ды). Целлюлоза және қағаз өндірісі Таллин мен Кехрада шоғырланған. Фанера және мебель Таллин, Нарва қалаларында шығарылады. Тоқыма өнеркәсібі дамыған: Нарвада «Кренгольмская мануфактура», Таллинде «Балтийская мануфактура», мақта мата комбинаттары, Синди тоқыма фабрикасы, Пярну және Вильянди зығыр мата фабрикалары т.б. кәсіпорындар бар. Киім тігу және тоқыма бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың көпшілігі Таллинде («Балтика» және «Марат» өнеркәсіп бірлестіктері) шоғырланған. Тамақ кәсіпорындары барлық қалаларда дерлік бар; оның ішінде ет кәсіпорындары Таллинде, Тартуда, Выхмада, балық өңдеу кәсіпорындары Таллинде, Пярнуда, Кингисеппте. Балық аулау флотының негізгі базасы - Таллин.

Ауыл шаруашылығының негізгі саласы - мал шаруашылығы. Сүт және бекон өндіруге мамандандырылған бұл сала барлық ауыл шаруашылық товарлы өнімінің 35%-ін береді. 1975 жылдың 1 қаңтарда 199 колхоз (оның ішінде балық аулайтын 11 колхоз бар), 166 совхоз болды. Республика жерінің 34,5%-і ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің 56,3%-і егістік, 22,5%-і жайылым. 18,8%-і шабындық. 1975 жылдың басына дейін 903,5 мың га батпақ және батпақты жерлер құрғатылды. 1975 жылғы егісі 933 мың га, оның ішінде дәнді дақылдар (арпа, сұлы, қара бидай, бидай) егісі 418 мың га, мал азықтық дақылдары 435 мың га, картоп 71,2 мың га, салалы зығыр 4,1 мың га, бақша 6 мың га. 1976 жылғы мал саны (мың): мүйізді ірі қара 821 (оның ішінде сиыр 330), шошқа 835, қой мен ешкі 172, құс 4,7 млн. Әр сауын сиырдан сауылған сүттің жылдық орташа мөлш. 3490 кг болды (1975). 1975 жылы шаруашылықтардың барлық категориялары мемлекетке 162 мың тонна ет (сойыс салмағымен), 1181 мың тонна сүт сатты.

Транспорттың барлық түрі дамыған. Темір жолдарының ұзындығы 1 мың км (1975). Аса маңызды магистральдары: Ленинград-Нарва-Таллин, Таллин-Тарту-Псков, Таллин-Рига-Кохтла-Ярве-Ленинград, Изборск- Вильнюс. Халық шаруашылығында автомобиль транспорты да зор роль атқарады. Автомобиль жолдарының ұзындығы 26,7 мың км (1975). Теңіз транспортының жалпы одақтық маңызы бар. Басты теңіз порты - Таллин. Кохтла-Ярве - Таллин және Кохтла-Ярве - Ленинград, Изборск - Тарту газ құбырлары тартылған. Ірі қалалардың арасында әуе қатынасы бар.

Эстония басқа одақтас республикаларға құрылыс материалдарын, трансформаторлар, экскаваторлар, түрлі приборлар т. б. өнеркәсіп өнімдерін беріп, олардан трактор, сүрлем комбайндарын, минералдық тыңайтқыштар, жүк автомобильдерін т. б. алады.

Оқу-ағарту ісі. Эстонияда алғашқы мектептердің негізі 13 ғасырда қаланды. Швед укіметінің инициативасы бойынша Тартуда (1630), Таллинде (1631) лютерандық гимназиялар ашылды, оның алғашқысы 1632 жылы университетке айналды. 17 ғасырдың соңында лютерандық шіркеулер жанында еңбекші халық үшін халықтық мектептер ашылды. 19 ғасыр 2-жартысында болыстық және приход мектептері көбейді, барлығы 1304 мектепте 44 мың оқушы оқыды. 1887 жылдан барлық мектептерде оқу орыс тілінде жүрді. 1897 жылы халқының 77,7%-і сауатты болды. Осы кезеңде Эстонияда міндетті ана тілінде 6 жылдық бастауыш, 5 жылдық орта білім беру белгіленгенмен, оқу жасындағы балалардың жартысы дерлік бастауыш мектепті бітіре алмады.

Эстонияда Совет өкіметі қайта орнағаннан кейін (1940) совет педагогикасын басшылыққа ала отырып, біртіндеп советтік мектеп жүйесіне көшті. 7-16 жастағы балалар үшін міндетті оқу заңы енгізілді. 1976 жылы 11 жылдық орта білім жүзеге асырылды. 1974-1975 оқу жылында 672 жалпы білім беретін мектептерде 218,9 мың бала оқыды. 684 мектепке дейінгі мекемелерде 72 мың бала тәрбиеленді.

1974 жылы 22 балалар спорт мектебі, 2 балалар көркемсурет мектебі, 17 пионер сарайлары мен үйлері, 3 жас табиғат достары ст., 2 жас техниктер ст. т. б. болды. Кәсіптік-техникалық білім беретін 33 мектепте 11,8 мың, 37 арнаулы орта оқу орындарында 24,6 мың оқушы оқыды. Республикадағы 6 жоғары оқу орындарында 1974-1975 оқу жылында 22,2 мың студент оқыды. Басты жоғары оқу орны - Тарту мемлекеттік университеті.

Республикада (1975) 483 клубтық мекеме, 600 кино қондырғы, 700 бұқаралық кітапхана (кітап қоры 8,9 млн. дана) жұмыс істеді. Ірі кітапханалары: Ф.Р.Крейцвальд атындағы мемлекеттік кітапхана, Эстония ССР ҒА кітапханасы, Тарту ун-тінің кітапханасы. Республикада 52 музей (1975) бар. Басты музейлері: Этнографиялық музей, Әдебиет музейі, Жаратылыс тану ғылымдары музейі.

Ғылым және ғылыми мекемелері. Жаратылыс тану және техника ғылымдары. 1920 жылға дейінгі жаратылыс тану ғылыми-зерттеу жұмыстары. Эстонияда ғылым 1632-56 және 1690-1699 жылдар Тартуда, содан кейін 1710 жылға дейін Пярнуде жұмыс істеген университет қызметіне байланысты дамыды. Эстонияда туып өскен Т. И. Зеебек (термоэлектр) және М.В.Ломоносов пен бірге қызмет істеген Г.В.Рихман (атмосфералық электр) электр құбылыстарын зерттеді. 1802 жылы қайта құрылған Тарту университеті ең ірі ғылыми орталық болды. Оның қасынан ботаника бағы (1803), астрономия обсерваториясы (1808-1810) жасалды; 1828-1839 жылы университет жанында Россияның басқа жоғары оқу орындары үшін оқытушылар даярлайтын профессорлар институты жұмыс істеді. Астрономия обсерваториясының тұңғыш директоры Ф.Г.В.Струве (соңынан соның негізінде Пулков обсерваториясын құрушы және оның директоры) қос жұлдыздарды зерттеуді бастады; 1837 жылы ол сол кезде дүние жүзіндегі ең ірі фраунгофер рефракторыныц (Тартуда орнатылған) көмегімен алғаш рет жеке жұлдызға (Вега) дейінгі қашықтықты анықтады. И.Г.Мэдлер стелларлық динамиканың негізін қалады. Жұлдыздарды зерттеуші Э. Гартвиг галактикадан тысқары орналасқан жаңа жұлдызды ашты. Геометрия саласын зерттеген көрнекті ғалым - М. Бартельс. Дифференциалдық геометрия Ф. Миндингтің, К.Э.Сенффаның және К.Петерсонның жұмыстарында дамытылды. Т.(Ф.Э.)Молин (1900 жылдан Томск университетінің профессоры) гиперкомплексті сандар алгебрасының құрылымын зерттеді (Молин алгебрасы). Университеттің тұңғыш ректоры Г.Ф.Паррот физиканың бірқатар саласын зерттеді. Петербург университетінің тәрбиеленушісі, кейін оның профессоры және ректоры Г. Ф. Э. Ленц электромагниттік индукцияны және токтың жылулық әсерін зерттеді (Ленц ережесі; Джоуль - Ленц заңы). М. Г. (В. С.) Якоби Тартуда гальванопластика жасап шығарды. Ол Петербургте электромагнетизм саласын зерттеді (электр двигателі, телеграф).

А.И.Эттинген тірі организмдердегі физика процестерді алғаш зерттеушілердің бірі болды. А. И. Садовский 1897 жылы электромагниттік өрісті тікелей механика жұшысқа айналдыруға болады деген теориялық болжам жасады (1935 жылы эксперимент жүзінде анықталды).

Ірі химик және ботаник, рутений элементін ашқан К.Клаус және Термохимияның негізін салушылардың бірі Г. Г. (Г. И.) Гесс Тартуда жұмыс істеді. Физиология және агрохимиялық салаларын зерттеуші К. Э. Г. Шмидт елеулі (асқазан сөліндегі бос тұз қышқылын ашты) нәтижелерге ие болды. Физика химияның негізін қалаған және кейінірек Нобель сыйлығының лауреаты болған В.Оствальд электролиттер теориясын дамытты. Физикалық-химиялық талдау әдісін негіздеген Г.Тамманн мұзды полиморфты модельдеу әдісін ашты. 1899 жылы И.Л.Кондаков тұңғыш рет синтетикалық каучук алу әдісін ұсынды. К.К.А.Гревингк девон геологиясын зерттеді. Г. (Г. П.) Гельмерсен Россияның Европалық бөлігінің геологиялық картасын жасады. Ф. (Ф. Б.) Шмидт Эстониядағы геология зерттеу материалдарына сүйене отырып, кембрийдің, ордовик пен силурдың стратигр. кестесін жасады (бұл кесте осы күнге дейін пайдаланылып келеді). Ф. Ю. Левинсон-Лессинг өзінің 1892-1902 жылдар эксперименттік петрографияның негізін қалады. К. Ф. Бурдах орталық нерв жүйесінің анатомиясы жөнінде іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның шәкірті осы заманғы эмбриологияның негізін қалаушы К. Э. Фон Бэр өзінің көп қырлы ғылыми қызметінің бастапқы және соңғы кезеңінде Тартуда жұмыс істеді. Ботаник К. К. Ф. Фон Лебедур (1785-1851) Россия флорасын жасады. Клетка теориясының негізін қалаушылардың бірі М.Я.Шлейденнің Тартудағы қызметі ұзаққа бармады, оны университеттегі реакция күштері қудалады. 1869-1877 жылдар Г.Зейдлиң Россияда тұңғыш рет дарвинизм курсынан жүйелі лекция оқыды, сол үшін ол университеттен қуылды.

Н. И. Кузнецов ең ірі геоботаник болды. Я. И. фон Юкскюль салыстырмалы физиологияның және зоосемиотиканың, 1898-1902 жылдар Тартуда жұмыс істеген профессор А. Н. Северцов филамбриогенездің негізін қалады.

Профессорлар инситутынан Н.И.Пирогов, Ф.И.Иноземцев, А.М. Филомафицкий сияқты көрнекті медиктер шықты. Тарту университетінің болашақ профессоры Н.И.Пирогов топографиялық анатомияның және далалық хирургияның негізін қалады; ол эфир наркозын бірінші болып қолданды. Э. Бергман хирургиялық асептиканың негізін қалаушылардың бірі болды. Н. М. Лунин 1880 жылы витаминдер бар екенін дәлелдеп берді. М. Ф. Б. Цеге фон Мантейфель дүние жүзінде тұңғыш рет резина қолғаппен операция жасады (1897), жүректен оқты алып тастады (1903). Э. Крепелин осы заманғы психоздардың классификациясының негізін қалады. Тарту унивесритетінің тәрбиеленушісі және профессоры Н. Н. Бурденко ең ірі совет нейрохирургі болды. Отандық ауыл шаруашылық ғылымын дамытуда Тарту түбінде орналасқан ауыл шаруашылық институты (1834-1839) және Тартудағы мал дәрігерлік жоғары оқу орны (1848-1918) көрнекті үлес қосты. Мұнда В. Гутман мүйізді ірі қараның өкпе ауруын зерттеу саласында елеулі нәтижелерге ие болды.

Тарту унивесритеті Петербург ҒА-мен тығыз ғылыми байланыс жасап отырды. 1802-1917 жылдар ҒА құрамына кірген 74 адам университеттің тәрбиеленушісі еді. ҒА-ның кем дегенде 172 мүшесі Эстонияда туып өскен, оқыған немесе жұмыс істегендер болатын. Орыстың дүние жүзін айналып шыққан экспедицияларын басқарушылар - Эстониядан шыққандар: А.И.Крузенштерн 1803-1806 жылдар; Коцебу 1815-1818 жылдар, Ф. Беллинсгаузен 1819-1821 жылдар, Ф.П.Литке 1826-1829 жылдар Көрнекті зерттеушілер: Алтайды зерттеген К. К. Ф. фон Ледебур, Жоңғарияны А. Шренк, Сібірді А. Т. Миддендорф, А.Бунге т. б., Қиыр Солтүстікті Ф. фон Врангель және Э. Толль.

Буржуазиялық Эстонияның жаратылыс тану және техника ғылымдары. 1920-1940 жылдар Эстонияда ғылым негізінен Тарту университетінің күшімен дамытылды. 1922 жылы Эстония Эпик Андромеда тұмандығына дейінгі қашықтықты анықтады және спиральды тұмандықтың галактика екенін дәлелдеп берді. Я. Сарв пен Ю. Нуут математика негіздері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді.

В.В. Голицинның бұрыңғы қызметкері А.Вилип сезімталдығы жоғары сейсмографтың жаңа түрін жасаған. Германияда жұмыс істеген Эстон оптигі Б. Шмидт ерекше сәуле шығаратын арнайы телескопты және көру өрісі үлкен астрофотокамераны (Шмидт камерасы) конструкциялады. Стратиграфия және палеонтология X.Беккердің, А.Эпик пен А.Лухтың зерттеулерінде дамытылды. Т. Липпмаа өсімдік таралуын зерттеудің жаңа әдісін жасады. В. М. Вехтеревтің шәкірті. Л. Пуусепп нейрохирургия мен невропатология, В. Вади терапия салаларында едәуір нәтижелерге ие болды. Селекционерлер Ю. Аамисепп және М.Пилль картоп пен дәнді дақылдардың жаңа сортын жасады. П. Когерман химия технологиясы жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл зерттеулер 1936 жылы құрылған Таллин техникалық институтында (қазіргі Таллин политехникалық институты) одан әрі жалғастырылды. Эстония ССР ҒА-ның қызметі (1938-1840) ұйымдастыру шегінде болды.

Эстонияның алдыңғы қатарлы ғалымдары совет ғылымымен тығыз байланыс жа- сап отырды. Саяси қысым көрген биолог А.Аудов 1932 жылы СССР-ге келді. Эстон ұлтынан шыққан ғалымдар 20 және 30 жылдары СССР-дің ғылыми орталықтарында жұмыс істеді (И. Эйхфельд Солтүстіктегі егін шаруашылығы проблемасын зерттеді, гидролог А.Вельнер ГОЭЛРО жоспарын жасауға қатысты т. б.).

Советтік Эстонияда жаратылыс тану және техника ғылымдарының дамуы. 1940 жылы Эстонияда Совет өкіметі орнағаннан кейін ғылыми зерттеуді қайта құру, кеңейту жұмыстары жүргізілді. Фашистік оккупация кезінде ғылыми жұмыстар совет тылында одан әрі жалғастырылды. 1944 жылы Москвада Эстония ССР өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институты құрылды. Эстония азат етілгеннен кейін ғылыми-зерттеуді қалпына келтіруге туысқан социалистік елдердің ғалымдары және СССР ҒА-сы зор көмек көрсетті. Бірқатар көрнекті ғалымдар Эстонияға жұмыс істеуге келді (биолог И. Эйхфельд, физик Ф. Клемент т.б.). 1946 жылы Эстония ССР ҒА-сы құрылды. Республика жоғары оқу орындарында ғылым өрісі ұлғая түсті, жаңа ғылыми кадрлар өсіп жетілді. 60 жылдардың бас кезінде жаратылыс тану және техника ғылымдар саласындағы іргелі зерттеу жұмыстарының үлес салмағы қауырт арта түсті. 1957 жылы Эксперименттік биологиялық институты, содан кейін 1960 жылы кибернетика институты (СССР-де бірінші) құрылды.

Қоғамдық ғылымдар. 1917 жылға дейінгі Эстониядағы қоғамдық ойпікір. Эстония да Прибалтика немістерінің тарихи әдебиеті 13 ғасырда пайда болды. Неміс феодал шонжарларының идеологтары «Ливония хроникасып» (1224-1227), «Ең ескі ливондық ұйқастырылған хрониканы» (13 ғ. ақыры) жасады. Олар Прибалтиканы жаулап алу христиан дінін тарату қажеттігінен туды деп дәлелдеді, сөйтіп неміс дворяндарының сословиялық артықшылығын қорғады. Эстонияда туып өскен пастор Б. Руссов өзінің «Ливон провинциясының хроникасында» (16 г.) неміс дворяндарын және басыбайлы правоны тұңғыш рет сынады. Эстон халқының дүние танымының ерте кезеңдері, оның адамгершілік, эстетикалық көзқарасы фольклорда бейнеленді. Тартуда 1632 жылы Густавиан Академиясы (философия, заң факультеті бар) құрылуына байланысты философия, право жүйелі түрде зерттеле бастады. 17 ғасырдың 80 жылдарында Эстониядағы халық ағарту ісінің алғашқы қадамы Б.Г.Форселиустың қызметіне байланысты. 18-19 ғасырлар аралығында Г.И.Яннау, Г.Г.Меркел, И.X.Петри т.б. ағартушылар басыбайлылыққа қарсы шықты. Олар Эстляндия мен Лифляндияның Россияға қосылуын дұрыс деп бағалады. Тарту университетінің ректоры И.Ф. Г. Эверстің Россиядағы право тарихы жөніндегі еңбегі көпшілікке белгілі болды. Ф. Г. Бунг азаматтық право мен процесс саласында, Тарту университетінде 1893-1918 жылдары жұмыс істеген В. Э. Грабар - халықаралық право саласында бірқатар еңбек жариялады. Қоғамдық ғылымдардың дамуына 1802 жылы қайта ашылған Тарту университеті (1710 жылы жабылған) мен Эстон ғылыми қоғамы мекемесінің (1838) құрылуы жағдай туғызды.

19 ғасырдың 90 жылдарында Эстонияға маркстік идея ене бастады. Оның таралуына Россияның басқа қалаларынан жер аударылып келген орыс жұмысшылары мен студенттер (М.И.Калинин, Д.И.Ульянов) елеулі ықпал жасады. 20 ғасырдың алғашқы екі он жылында Эстонияда жұмысшылар қозғалысының дамуы және марксизм идеясының таралуымен бірге өлкенің тарихы жөніндегі тұңғыш маркстік еңбектер пайда болды (X. Пегельман, В. Кингисепп, Я.Анвельт, т.б.). Осы кезде маркстік экономикалық теорияның ықпалы күшейгені байқалды. Эстон марксистерінің көзқарасы негізгі мәселелер жөнінде орыс большевиктерірінің экономикалық платформасымен үйлес келді.

Буржуазиялық кезеңдегі қоғамдық ғылымдары. Эстонияда буржуазиялық диктатура орнағаннан кейін (1920-1940) қоғамдық ғылымда негізінен консервативтік пиғылдағы қоғам танушылар орын алды. Олар өздерінің жұмысында неміс және орыс буржуазияшыл тарихнамасының жолына түсіп, ұлтшылдық идеясын таратты, 13 ғасырға дейінгі Эстония тарихына - «ежелгі мемлекеттік дербестік» дәуірді мадақтауға баса көңіл аударды. Бұл дәуірді 19 ғасырғы Эстония тарихымен салыстырып, «ұлттық ояну» кезеңі деп атады. Әлеуметтік-экономикалық факторды бұрмалап, қоғам дамуындағы тап күресі ролінен бас тартқан Эстония буржуазиясының идеологтары тарихи процестің ең басты қозғаушы күші ұлттық қозғалыс деп жариялады. Соның езінде олар тарихты Совет өкіметіне қарсы контрреволюциялық күрес жүргізуге насихаттауға, эстрадалық буржуазиясын антисоветтік интервенцияға қатыстыруға күш салды. Эстония тарихшыларының совет өкіметін жақтаған прогресшіл өкілдері бірқатар бағалы еңбектер басып шығарды. X.Моораның «Латвия территориясындағы темір ғасыр» деген еңбегінде Эстония тарихына мол орын берілген. X. Круус 19 ғасырғы халық қозғалысын, Ливон соғысының тарихын (1558-1583) зерттеді.

1919-1940 жылдар буржуазия экономистерінің еңбектері негізінен әр түрлі әкономикалық және мемлекеттік саясаты мәселелеріне арналды. Буржуазия экономистері Эстония әкономикасын шетел капиталына бағындырылуын дәлелдемек болды. 30 жылдары Эстонияда «корпоративтік мемлекет» дейтін фашистік концепция таратылды. 1917-1940 жылдар право теориясының проблемалары жөнінде А. Т. Клийманн, Э. Илус, И. Н. Ваабель, X. Кадари зерттеулері елеулі орын алады.

1940 жылдан кейін қоғамдық ғылымдардың дамуы.

1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы кезінде тоқтап қалған қоғамдық ғылымдардың зерттелуі соғыстан кейінгі жылдары жалғастырылды. Зерттеу жұмыстарының бағыты маркстік-лениндік методология негізінде кеңейтілді (Эстонияда 1965 жылдан шығатын бүкілодақтық «Советтік финн-угор тану» журналының бас редакторы П.А.Аристэ бастаған финн-угор тану мектебі; А.Г.Каскінің эстон тілінің тарихы мен диалектологиясы саласындағы еңбектері т. б.) қоғамдық ғылымдарды зерттеу тәсілдері жетілдірді (Ю.М. Лотманның поэтика құрылымы және семиотика жөніндегі еңбектері т. б.).

Эстонияда Совет өкіметінің қайта орнауы маркстік-лениндік философияны кеңінен насихаттауға жол ашты. А.А.Уйбо көрнекті насихатшы әрі мемлекеттік қайраткері болды. А.Ю.Коорт марксизм позициясына көшті. Республикалық жоғары оқу орындарында философия кафедрасы құрылды. 60 жылдары Эстон ССР ҒА-нда философия секторы, социология секторы ұйымдастырылды. Жаңа философ кадрлар өсіп келеді (Г. И. Наан, Л.О.Вальт, М.Г.Макаров, Я.К.Ребане, Р.Н.Блюм-Русак, К.А. Виммсааре, Л. Н. Столович т. б.).

Эстония тарихы жөніндегі жұмыстарды Эстония ССР ҒА-ның тарих институты, Эстония КП ОК жанындағы партия тарихы институты (1946 жылы құрылған), Тарту мемлекеттік университетінің кафедралары т. б. жоғары оқу орындары жүргізеді.

Эстон халқының этникалық тарихы және ежелгі Прибалтика халықтарының тарихы жөніндегі зерттеулердің (X.А.Моора), археологиялық еңбектердің (М.X.Шмидехельм, Л.Ю.Янитса, Ю. Э. Селиранда, т. б.) маңызы зор болды. Эстон этнографтары «СССР-дің әтнографиялық атласын» жасауға қатысуда. Ю. Ю. Кахктың монографиясы феодальдық-басыбайлылық құрылыстың ыдырау процесі мен эстон шаруаларының таптық күресінің тарихына, X.X.Крусс және Э.А.Янсеннің зерттеу еңбегі 19 ғасырдың 2-жартысындағы ұлттық қозғалыс тарихына арналды. Эстония тарихшылары эстондық пролетариатының тәжірибесіне, республикадағы социалистік және коммунистік құрылысқа ерекше көңіл бөлді. Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстары 1940 жылғы социалистік революция тарихының проблемаларына, Ұлы Отан соғысы мен Эстонияғы социалистік құрылысқа бағытталды. Таллин тарихының 2 кітабы (Р. Н. Пуллат т. б.), «Эстон көркем- өнерінің тарихы» (2 т.) жарияланды.

Эстония экономистері социалистік индустриаландыру және өнеркәсіп экономикалық проблемаларын зерттеді. Эстония буржуазиясының реакцияшыл экономикалық саясаты әшкереленді. Ауыл шаруашылық коллективтендірудің экономикалық проблемаларына және жаңа аграрлық қатынас мәселесіне талдау жасалды (Р.И.Антонс, Н.Г.Каротами, Н.С. Бузулуков). Өнеркәсіп өнімін сапалы басқарудың экономикалық әдістері даму жолына түсті (А.А.Кёёрна, X.А.Метса). Бірсыпыра ғылыми еңбектер: региондық экономикалық территориялық өндірістің проблемаларына (В. Ю. Тармисто), Оптимальді салалық жоспарлауды математикалық экономикалық әдістермен зерттеуге (И.З.Каганович), экономикалық талдауда индекстік теорияны қолдануға (У.И.Мересте), халық шаруашылығын жоспарлауға (Э.В.Кулль), басқару теориясына (Р. К. Юксвярава) арналды.

Еңбек правосы мен азаматтық право, техникалық прогресс, табиғатты қорғау, криминология, электрондық есептеу машинасындағы (ЭВМ) заң информациясын сақтау, өңдеу проблемасы туралы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Ғалым-юристердің қатысуымен республика кодексі жасалды.

Ғылыми мекемелері. Эстонияда (1978 жылы қаңтар) 41 ғылыми мекеме, соның ішінде 6 жоғары оқу орны, 6 мың ғылыми қызметкер (1940 жылы - 26 мекеме, 544 ғылыми қызметкер) болды. Ғылыми қызметкерлердің қатарында Эстонияның 45 академик және корр. мүше, 210 ғылыми докторы, 2,2 мың ғылыми кандидаты бар. Эстония ғылым академиясы - жетекші ғылыми орталық. Оның құрамында (1977) 3 бөлімше, 14 ғылыми-зерттеу мекеме, Эстонияның ғылыми-зерттеу кемесі «Аю-Даг» (Балтық теңізінде), Тарту университетінің проблемалық лабораториялары мен кафедралары, Эстония ауыл шаруашылық академиясы, Таллин политехникалық институты т. б. жоғарғы оқу орындары, 12 салалық институт үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Эстония ғылыми мекемелері СССР ҒА-ның институттарымен және одақтас республиканың әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерімен тығыз ынтымақтасып жұмыс істейді. Социалистік елдермен халықаралық ғылыми байланыс жасап отырады.

Баспасөз, радиохабар, телевизиясы. Тұңғыш эстон журналы 1766-1767 жылдар, алғашқы эстон газеті 1806 жылы шықты. Эстон тіліндегі газеттер 1857 жылдан үздіксіз шығып келеді.

Радиохабары 1926 жылдан, телевизиялық хабар 1955 жылдан беріледі. Радиохабардың ұзақтығы (3 программа) 1977 жылы тәулігіне 32,5 сағат телевизиялық хабар 28,5 (соның ішінде жергілікті хабар 8 сағат) болды.

Әдебиеті. Эстония жерін 13 ғасырда неміс, кейін дат феодалдары басып алып, ұлттық әдебиет пен мәдениеттің дамуына ұзақ уақыт кедергі жасады. 19 ғасырға дейінгі халықтың рухани өмір бейнесі тек фольклордан ғана айқын көрінеді. Ескі хроникаларда Эстония халқының өмірі туралы мәліметтер кездеседі. Генрих Латышскийдің (13 ғ.), Ливонийдың (13 ғасыр аяғы - 14 ғасыр ортасы), Кельхтың (17 ғасырдың соңы) хроникалары бар. 1525 жылы Любекте шіркеулік тұңғыш кітап жарияланды да, кейін жойылды. 1535 жылы эстон және төменгі неміс тілінде Ванрадт пен Коольдің катехизисі (сұрау-жауапқа құрылған діни өсиетті кітап) жарияланды. 1656 жылы эстон тілінде алғашқы шіркеу жырларының жинағы шықты. 18 ғасырдың аяғы - 19 ғасырдың басынан календарьларға қосымша дидактикалык шығармалар басылатын болды. Эстон тіліндегі дидактикалық зиялы әдебиет сол кезден басталды. Эстония жерінің Россияға қосылуы (18 ғасыр) халықтың әдебиеті мен мәдениетінің еркін дамуына жағдай туғызды. 19 ғасырда эстонның тұңғыш ағартушысы О.В.Мазинг (1763-1832), алғашқы ақыны К.Я.Петерсон (1801-1822) белгілі болды. Эстония көркем әдебиеті 19 ғасырда, эстон ұлт қозғалысының қарсаңында дами бастады. Бұл әдебиеттің негізін салушы ағартушы демократ Ф.Р.Фельман (1798-1850). Оның ісін алға апарушы Ф.Р.Крейцвальд (1803-1882) болды. Олар фольклорлық негізде «Калевипоэг» эпосын (1857-1861), «Ежелгі эстон халық ертегілерін» (1866) құрастырып, ұлттық әдебиет бағытын айқындады. Прогресшіл демократтар И.В.Яннсен (1819-1890), К.Р.Якобсон (1841-1882) Эстонияның Россиямен бірлігін жақтады. Л. Койдула (1843-1886) патриоттық поэзияның дамуына зор әсер етіп, үлкен роль атқарды. 19 ғасырдың соңында ұлттық романтика мәнін жойып, оның орнына сыншыл реализм қалыптасты. Э. Вильде (1865- 1933) «Темір қолдар» (1898) романын, «Махтрадағы соғыс» (1902), «Аниядан келген босқындар» (1903), «Әулие Мальтсвет» (1905-1908) деп аталатын трилогиясын жазды. 1905-1907 жылдар революция кезінде Эстонияның пролетарлық әдебиеті өркенін жайды. X.Пегельманның (1875-1938) поэзиялық, публицистикалық, Ю.Лилиенбахтың (1870-1928) сатиралық шығармалары жарияланды. Г.Суйтстың (1883-1956), Ф.Тугластың (1886-1971) шығармаларынан революция романтика бой көрсетті. Олар «Ноор-Ээсти» («Жас Эстония») атты әдеби топ құрды.

Эстонияда Совет өкіметі қайта орнауының (1940) арқасында әдебиеттің жаңа дәуірі басталды. 1940-1941 жылдар азаматтық лирика дамыды. Ұлы Отан соғысы кезінде антифашистік патриоттық жырлар өріс алды. Соғыстан кейін социалистік реализм негізінде жаңа тақырыпты игеру кезеңі басталды. 40 жылдардың соңында А. Якобсонның, Семпердің, А. Хинттің (1910 ж.т.) Эстониядағы таптық күресті көрсететін драмалық шығармалары сахнаға қойылды. Г.Леберехт (1910-1960), Э.Крустен (1900 ж.т.), Ю. Смуул (1922-1971) т.б. жазушылардың повестері мен әңгімелерінде эстон шаруаларының жаңа өмірі, А.Якобсон, Э.Мянник (1906-1966), О.Тооминг (1914 ж.т.), Р. Сирге т.б. прозаиктердің шығармаларында соғыс оқиғалары бейнеленді, поэзияда халықтың еңбектегі өрлеуі жырланды.

50 жылдардың ортасында Эстония әдебиетінде дамудың жаңа кезеңі басталып, тарихи революциялық тақырыпта эпикалық шығармалар көрнекті орын алды. Хинттің «Желді жаға» (1951-1966) тетрологиясы, Крустеннің «Жастар жүрегі» (1954-1956) дилогиясы, Сиргенің «Жер және халық» (1956) романы т. б. шығармалар эстон халқының социалистік жеңісіне қарай аяқ басқан қозғалысының кең панорамасын көрсетті. 60 жылдардан бастап Эстония прозасының тақырыптық өрісі кеңіп, жанр түрлері молайды. П. Куусбергтің (1916 ж. т.), Л.Прометтің (1922 ж. т.), Ю. Тууликтің (1940 ж. т.) романдары шықты. Әдебиетке жас прозаиктердің жаңа шығармалары қосылды. 60 жылдардың соңы - 70 жылдардың басында романның түрлері көбейді. 50 жылдардың ортасынан бастап поэзияның да тақырыбы кеңейіп, жанр түрі молая түсті, аға буын ақындардың лирикалары гуманистік және филос., орта буын ақындардың творчествосы парасаттылық және публицистік ерекшеліктерімен танылды. Жастар поэзиясы философиялық өткірлігімен, түрлік өзгешеліктерімен көзге түсті. Драматургияда адамгершілік, этика проблемаларын көтерген әлеуметтік-психологиялық шығармалар жазылды. Очерктік-публицистикалық проза (Ю. Смуулдің 1959 жылы шыққан, 1961 жылы сыйлық алған «Мұз кітап» атты кітабы т. б.) және балалар әдебиеті дамыды. «Эстон әдебиетінің тарихы» (1-3 т. 1965-1969) шықты. Эстония әдебиетінен Ю.Смуулдің «Мұз кітап» (1976) повесі, Эстония Вильденің «Заңның құлы» (1964) атты әңгімелер жинағы, А. Таммсааренің «Новеллалар» (1971) жинағы т.б. шығармалар аударылып, қазақ тілінде жарық көрді.

Архитектурасы мен бейнелеу өнері. Халық архитектурасына төбесі сабанмен жабылған көбіне бір қабатты болып келетін ағаш үйлер тән. Халық бейнелеу өнерінде сәнді тұрмыстық заттары, сандықтар, тері және қыш бұйымдары көптеп кездеседі. Б. з. 12 ғасырларында үстіртті жерлерде топырақ және ағаш дуалдармен қоршалған қорғаныс қамалдары (Вальяла, Варбола) салынды. Бұл қамалдардың төңірегінде қала тектес елді мекендер пайда болды (Таллин, Тарту, Отепяэ). 13-15 ғасырларда мекен-жайлар тас қорғанды, қорғаныс мұнаралы бекіністерге айналды. Орта ғасырдағы архитектура мен бейнелеу өнеріне Скандинавия халықтары мен немістердің өнері ықпал етті. 13-14 ғасырдағы архитектураға, әсіресе діни құрылыстарға роман стилі мен готика элементтері (Сааремаа аралындағы Вальяла шіркеуі, Хаапсалу соборы) тән болды. Қамалдар [Вильянди, Курессааре (Кингиссепп), Нарва], діни құрылыстар (Таллиндегі Әулие Рух соборы, Нигулисте шіркеуі, Олевисте - бәрі де 13 ғасырда салынған; Тартудағы Яана шіркеуі мен соборы, 13-14 ғасыр; Карья шіркеуі, 1340; Пирита монастыры, 1436), қоғамдық ғимараттар (ратуша 1404; Үлкен гильдия үйлері, 1417 - бәрі де Таллинде), тұрғын үйлер салынды. Ғимараттар тас мүсіндермен (Сааремаа аралындағы Карья шіркеуі, Тартудағы Яана шіркеуі), ағаш рельефтермен, оймыш алтарьлармен және мебельмен (Таллин ратушасы, 1370 ж. ш., Нигулисте шіркеуіндегі алтарь, 1481, суретші Г.Роде; Таллиндегі Әулие Рух шіркеуінің алтары, 1483, суретші Б. Нотке) безендірілген. Қабырға өрнектерде ою (Каарма шіркеуі, Сааремаа аралындағы Карья шіркеуі) және сюжеттік мотивтер (Муху шіркеуі) көбірек орын алды. 15-16 ғасырда көптеген діни картиналар (Нигулисте шіркеуіндегі алтарь картиналары, 1481, суретші Роде; Таллиндегі Дева Мария алтары, 1495 ж. ш., «Өлім биі», 15 ғасырдың аяғы, суретші Нотке), зергерлік бұйымдар (Нигулисте шіркеуіндегі әшекейлер, 1474, суретші X. Риссенберг) дүниеге келді. 16 ғасырдың ортасында готика стилі ренессанспен (Таллиндегі Қарабастардың ғимараты, мүсіндермен безендірілген, 1597; Таллин соборындағы П. де ла Гардидің мүсін-құлпытасы, 1595, суретші А. Пассер; М. Ситтовтың картиналары) алмасты. Ренессанс стилі 17 ғасырдың ортасына дейін үстем болды. 17 ғасырдың ортасынан 18 ғасырдың аяғына дейін Эстонияда барокко стилі тарады. Қорғаныс құрылыстары (Нарва, Пярнудағы бастиондар), сарайлар ансамблі (Таллиндегі Кадриорг сарайы, 1723, арх. Н. Микетти, М. Земцов), қоғамдық ғимараттар (Нарвадағы ратуша, 1671, арх. И.Тойфель т.б.), селолық жерлерде сән-салтанат орындары салынды. Барокко стиліндегі мүсіндер ағаштан және тастан жасалды. Кескіндемеде портреттер мен тақырыптық композициялар көбірек орын алды. 18 ғасырдың аяғынан 19 ғасырдың ортасына дейін классицизм стилі етек алды. Классицизм үлгісімен қалалар (Таллин, Хаапсалу, Пайде, Пярну) реконструкңияланды, қоғамдық ғимараттар (ратуша, 1784, арх. И.X.Вальтер; университет ансамблі, 1809, арх. И.В. Краузе), тұрғын үйлер, селолық жерлерде бау-бақшалар комплексі, трактирлер, қоналқа үйлер, почта станциялары салынды. 19 ғасырдың 2-жартысында Эстонияда өнеркәсіптің қарқынды дамуы Таллпн, Тарту, Нарва т. б. қалаларда құрылыс салуды жеделдетті. Қоғамдық ғимараттардың архитектурасында ескі стильдерге (роман, готика, барокко, классицизм) еліктеушілік орын алды, эклектикалық өлеміш тенденциясы қайта көрініс тапты. 19 ғасырдың 2-жартысында ұлттық өнер қалыптаса бастады. Көптеген суретшілер (И.Келер, О.Гоффман, А.Вайценберг, А.Адамсон) творчествосында академизм мен романтизм, сондай-ақ реализм (П. Рауд, К. Рауд) белгілері тоғыстық тапты. 19 ғасырдың басында Эстония архитектурасы мен өнері айрықша жандана түсті. Тұңғыш эстон архитекторлары: Г.Хеллат, А.Перна, К.Бурман, 1-дүние жүзілік соғыстан кейін Таллин (арх. Е. Хаберманн) және басқа қалалардың перспективалық жоспарлары жасалды; мектептер, тұрғын үйлер салынды. Архитектурада югендстиль (Г. Хеллат, К. Бурман), функционализм (Э. Куузик, А. Соанс, В. Сийнмаа) етек алды. 20 ғасырдың басында эстонның тұңғыш көпшілік көркемсурет көрмесі (1906), алғашқы көркемсурет қоғамдары («Жас Эстония» қозғалысы суретшілер тобы, «Паллас» көркемсурет қоғамы) мен мектептер (Таллин көркемсурет-өнеркәсіп училищесі, 1914; Тартудағы көркемсурет училищесі, 1919, 1924 жылдар училище жоғары көркемсурет мектебі болып қайта құрылды) ұйымдастырылды. Өнерде импрессионизм (К. Мяги, А. Лайкмаа), экспрессионизм (Н. Трийк, А. Ваббе, мүсіншілер Я. Коорт, А.Старкопф, график-суретші Э. Вийральт) көрініс берді. Бірқатар суретшілер (кескіндемешілер А. Янсен, А. Йохани, Н. Куммитс, мүсінші В. Меллик) реалистік дәстүрді ұстады. 20 ғасырдың 20-30 жылдары кескіндемеде (И.Грюнберг, К.Лийманд), графикада (X.Мугасто, Г.Рейндорф, А.Лайго А.Бах), портрет пен пейзаж, мүсінде (Ф.Саннамеэс, И.Раудсепп, X. Халлисте), портрет, сән және қосалқы өнерде (Е. Таска, В. Таммерайд, М. Адамсон) тері мен металл бұйымдар көбірек орын  алды.

Совет өкіметі - тұсында Таллин, Тарту, Пярну, Вильянди т. б. қалаларда жаңа бас жоспарлар бойынша күрделі құрылыстар бой көтеріп реконструкцияланды, селолар (Саку, Куртна, Винни) ұлғайтылып, қайта салынды. 50-60 жылдары қалаларда еркін жобалы тұрғын үй аудандарқі (Таллиндегі Мустамяэ, Вильяндидегі Пала), қоғамдық ғимараттар (Таллйндегі ән эстрадасы, 1960, арх. А. Котли т. б.; «Виру» қонақ үйі, 1971, арх. X. Сепманн, М. Порт т. б.) салынды. Социализмге реализмге негізделген қазіргі өнерге сәнділік, түрлі материал арқылы және әрқилы әдістермен эксперимент жасауға ұмтылу, орындалуындағы жоғары мәдениеттілік тән. Э. Китс, Л. Микко, Н. Кормашов, Э. Пылдроос, О. Субби тақырыптық композиция, портрет және пейзаждардың авторы. Гравюра мен кітап көркемдеу ісінің шеберлері: Э.Окас, В.Толли, X.Ээлма, А.Кеэренд. Сән және қосалқы өнері (К. X. Адамсон-Эрик, А. Эрм, Э. Реэметс, С.Раунам, Е. Кюль) монументті және камералық мүсін (А.Старкопф, О.Мянни, И.Эскель, Э.Ребанс, Р.Тимотэус, М. Варик) жедел дамып келеді. 1943 жылы Эстон ССР Суретшілер одағы, 1945 жыл Эстон ССР Архитекторлар одағы құрылды.

Музыкасы. Ескілікті эстон халық әндері (аллитерациялық) негізінен бір дауысты болып келеді. Бұл әндерде сөз бен қимыл ырғағы басым жатады.

19 ғасырдың 2-жартысында жаңа халық әндері (ұйқасқа құрылған) туа бастады. Көптеген әндер өзіндік әуенге негізделді. Көп дауысты әндер де кең тарай бастады. Халық аспаптарынан әуелгі кезде ешкі, сиыр мүйіздері, сыбызғы, свирель, гусли (каннель) сияқты қарапайым үрлемелі аспаптар пайдаланылды. 15 ғасырда волынка кең тарады. 19 ғасырдың басында скрипка, сондай-ақ гуслидің көптеген түрлері тарала бастады. Кейінірек сырнай көбірек қолданылатын болды. 19 ғасырдың 1-жартысында хор әндері көптеп шығарылды, үрлемелі аспаптар оркестрі туа бастады. 1864 жылы А. Эрлеманның элементарлық музыка білімдері жөніндегі тұңғыш анықтамасы басылып шықты.

19 ғасырдың 2-жартысында басталған ұлттық қозғалыс бүкіл Эстония музыка мәдениетінің дамуына елеулі ықпал етті. Ән және ойын-сауық қоғамдары («Ванемуйне», «Эстония», 1865) құрылды. Эстон музыканттарын тәрбиелеуде Валгадағы Я. Цимзенің кистерлер семинариясы елеулі роль атқарды. Көпшілікке кең тараған тұңғыш халық әндерін А.Кунилейд-Сэбельманн жазды. 1860 жылдары жергілікті жерлерде ән мерекелері ұйымдастырылды. Тұңғыш жалпы халықтық ән мерекесі 1869 жылы Тартуда өткізілді (қазір 30 мыңға жуық әншілер мен музыканттар қатысады), 19 ғасырдың аяғында Эстонияда Петербург консерваториясын бітірген тұңғыш профессионал органшы-композиторлар (И.Каппель, М.Херман-Хярма, К. Тюрнцу) қызмет ете бастады. 1885 жылы тұңғыш музыка журнал - «Ән және музыка листогы» (К. А. Херман) шыға бастады. 20 ғасырдың басында эстон профессионал музыканттарының қатары Петербург консерваториясын бітірген композиторлармен (Р.Тобиас, А.Капп, М.Саар, М.Людиг, X.Эллер) және орындаушылармен (Я.Тамм, Р.Куль, А. Лемба, Т. Лемба) толыға түсті. «Эстония» және «Ванемуйне» театрлары профессионалды театрға айналғаннан кейін (1906) опера қойыла бастады. Ұлттық опера әншілері (О. Микк-Крулль, А.Сяллик, X.Эйнер, Б.Хансен) мен конңерт әншілері (А.Тамм, П.Брэм-Юргенсон) өсіп жетілді. Халық әуендері жүйелі түрде жинала бастады. Музыка творчество кең қанат жайды. Ұлттық музыка ерекшелікке бет бұрушылық М. Саардың вокальдық шығармалары мен X. Эллердің камералық және симфониялық музыкасынан басталды. Революционер скрипкашы Э. Сырмустың өз Отаны мен шетелде қойған концерттері елеулі роль атқарды. 1919 жылы Таллин мен Тартуда жоғары музыкалық училищелер ашылды. Эстон ән-басшы органға айналды. Музыка қызмет Таллин (жетекші композитор және педагог А. Капп) мен Тартуда (жетекші композитор және педагог X. Эллер) шоғырланды. Хор музыкасымен шұғылданушылар - М.Саар мен К.Креэк, тұңғыш эстон операсы «Викерцыны» жазған Э. Аав, симфония авторы Э. Тубин, дирижерлер Р. Кулль, Ю.Аавик, О. Роотс, Т. Веттик т. б. Эстония музыкалық өнерінің өріс алуына үлкен үлес қосты. 1940 жылғы маусым төңкерісінен кейін эстон музыкасының жаңа кезеңі басталды. 1941 жылы Эстон ССР Композиторлар одағының ұйымдастыру комитеті құрылды, концерт ұйымдарынан Эстон ССР Мемлекеттік филармониясы жұмыс істей бастады. Тұңғыш эстон ұлттық балеті (Э. Тубиннің «Үй әулиесі») 1943 жылы Тартуда қойылды. Азат етілген Эстонияда музыка өнері жедел дами түсті. Профессионалды музыкалық коллективтер қалыптасты. Көркемөнерпаздық кең қанат жайды. Э. Капп («Кекоты») опера композиторы, А.Капп симфонияшы ретінде танылды. 50 жылдары хор әндерінің дәрежесі едәуір артты, ән мерекелері жаңа мазмұнға ие болды. Эстон ССР Мемлекеттік ерлер хорының, сондай-ақ дирижер Г. Эрнесакстың және әншілер Т. Куузик пен Г. Отс өнері шырқау биікке көтерілді.

50 жылдардың 2-жартысында дербес стильдер мен мәнерлер диапазоны кеңейе түсті. Э. Тамберг («Кончерто кроссо»), А. Пярт сынды композиторлар жаңа мазмұнды музыка жазды. Вокальдық музыкада В. Капп, А. Маргусте т. б. елеулі табыстарға жетті. Хор музыкасында 60 жылдары В. Тормнс танымал болды, оның хор әндерінде халық әндері мен осы заманғы модаға айналған музыкалық тіл үндестік тапты. 1970 жылы оған «Ленин сөзі» кантатасы, «Зелеза қарғысы» және «Маарямяэ балладасы» атты хорға арналған шығармалары үшін СССР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Опералық творчество жаңарып, молая түсті (Э. Тамбергтің «Темір үй», «Сирано де Бержерак», В.Тормистің «Аққудың самғауы», В. Оякяэрдің «Король тоңып отыр», Э. Тубиннің «Барбара фон Тизенхузен» атты опералары). Балет жанрыңда да музыкалық ізденістер байқалды (Э.Тамбергтің «Балет-симфония», Э.Винтердің «Көктем» атты балеттері). Эстрада мен джаз музыкасыныд авторларынан У. Найсоо мен В. Оякяэр халық әуендері мен джаз элементтерін ұштастыруда елеулі табысқа жетті. Музыкалық өнерінің орталығы Таллин болып табылады. Мұнда «Эстония» опера және балет театры, филармония және консерватория, Эстония Мемлекеттік симфониялық оркестрі, аралас хор, Эстон телевизиясы мен радиосының эстрада оркестрі, Таллин камералық хоры орналасқан. Таллинде өткізілетін хор және джаз музыкасының фестивальдары танымал болып отыр. 1967 жылдан музыка орындаушылардың республикалық конкурсы өтіп тұрады. Кейінгі буын музыканттары арасынан дирижерлер Н.Ярви, Э.Клас, пианистер А. Валдма, В. Роотс, органшы Р. Уусвяли, әншілер X. Круум, М. Пальм, У.Таутс, М.Войтес көзге түсіп келеді. Таллин музыкалық орта мектебі, Таллин меп Тарту музыкалық мектептері, 26 балалар муз мектебі жұмыс істейді. Эстония Композиторлар одағының 73 мүшесі бар (1976).

Театры. Эстония территориясында тұңғыш театр ойын-сауықтары (латын тіліндегі мектеп драмалары) 16 ғасырда қойылды. 17 ғасырдан бастап неміс тіліндегі театр дами бастады. Эстон ұлттық театрын 1870 жылы Тартуда «Ванемуйне» қоғамының жанынан ақын қыз Л.Койдула ұйымдастырды. 70 жылдары Таллин («Эстония» қоғамының жанынан) т. б. қалаларда театр әуесқойлары спектакльдер көрсетті. А. Вийраның жетекшілігімен «Ванемуйне» театрында (1878-1903) тұңғыш музыкалық спектакльдер, классикалық шығармалар (Мольер, Шекспир) қойылды. 1906 жылы «Ванемуйне» (театр жетекшісі К. Меннинг) мен «Эстония» театрының (жетекшілері - актер-режиссерлер П. Пинна мен Т. Альтерман) труппалары профессионалды дәрежеге көтерілді. Эстон драматургиясы (А. Китцберг, Э. Вильде, О.Лутс) дамыды. Буржуазиялық өкімет тұсында (1920-1940), театр идеологиялық қарама-қайшылықта өрістеді. Таллинде «Эстония», Драма театры (1916-1924), «Таң театры» (1920-1924), «Драма-студио» (1924 жылы құрылған, 1937 жылдан Эстон драма театры), Жұмысшы театры (1924-1941), Тартуда «Ванемупне», Пярнуда «Эндла», Вильяндиде «Угала» және Нарва театры т. б. жұмыс істеді. П. Пыльдроос, А. Лаутер, X. Глезер, С. Сярев, Л. Калмет, Э. Уули т. б. режиссерлердің басшылығымен эстон театр өнері жаңа қарқынмен дамыды. Раквере театры (1940), Театр мен музыка музейі (1941) құрылды. Соғыстан кейінгі Эстон театрында социализм реализм әдісін тұжырымдауда Пыльдроос, Лаутер, К. Ирд, Уули, Э. Кайду, И. Таммур т. б. режиссерлер зор еңбек сіңірді. Эстон театр қоғамы (1945), Эстон мемлекеттік театр институты (1946-1952), Таллин хореографиялық училищесі (1946) ұйымдастырылды. Эстон совет драматургиясы (А. Якобсон, Ю. Смуул, Э. Раннет, А. Лийвее) өркендеді.

Эстонияда (1977) 8 театр: Эстон драма театры, Жастар театры, қуыршақтеатры, орыс театры, «Ванемуйне», Л. Койдула атындағы драма театры, «Угала» театры, Раквере театры жұмыс істейді. Режиссерлері: К. Ирд, В.Пансо, А.Сатс, У.Вяльяотс, И.Урбель; актерлері: К.Карм, А.Эскола, А.Тальви, Ю.Ярвет, В. Отсус, Л. Руммо, И. Эвер, Э. Коппель.

Киносы. Эстонияда 19 ғасырдың аяғында әр түрлі проекциялық аппараттар арқылы тұңғыш рет «жанды картиналар» көрсетілді. 1897 жылы ағайынды Люмьерлердің аппаратурасы дүниеге келді. 1907 жылы Таллинде тұңғыш тұрақты кино ашылды. Эстония жерінде алғашқы киноны 1908 жылы француз операторлары түсірді. Эстонның тұңғыш кинооператоры Иоханнес Пяясуке 1912-1914 жылдар бірнеше фильм түсірді. Оның «Пярнумаща аю аулау» (1913) атты эстон фильмі болып саналады. 1920-1932 жылдар ағайынды И. және П.Парикасовтар мен К. және Т. Мярсковтардың (Мярскалар) «Эстония-фильм» акционерлік қоғамы жұмыс істеді. Дыбыссыз кино кезеңінде Эстонияда 25-ке жуық кино ленталар түсірілді. 1930 жылы К. Мярска эстонның тұңғыш дыбысты фильмі «Алтын әтешті» қойды. 30 жылдары негізінен хроникалы ленталар түсірілді. Кино өндірісі «Ээсти культуурфильм («Эстон мәдени фильмі», 1934-1940) студиясына шоғырландырылды. Ұлы Отан соғысынан кейін (1963 жылдан «Таллинфильм» деп аталады) студия қайта қалпына келтірілді. Бұрынғы Мярска, В.Парвель сынды операторлар қатары жас режиссер- операторлармен (С. Школьников, В. Горбунов т. б.) толықты. 60 жылдардан бастап Эстония киноөнерінде кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне үңілуге, әрі осы заманғы проблемаларды неғұрлым терең зерттеуге ден қойылды. Документалистика саласында публицист В. Андерсон («Тас бесік жыры», 1964; «Жіп иірушілер», 1976), портретист А. Сёёт («Марстан алынған таңдаулы 511 фотография», 1968; «Эндербиде жер аппақ», 1969; «Дирижерлер», 1976, телефильм), мәдениет танушы П.Пукс («А.X. Таммсааре I-III», 1971-1974), хроникашы Ю. Тамбек («Эльдорадо», 1971), табиғат зерттеуші Р.Маран, спорт хроникашысы И.Рооэипуу елеулі еңбектерімен көзге түсті. Соғыстан кейінгі тұңғыш көркем фильмдер «Ленфильмнің» кинематографистерімен бірігіп түсірілді («Қамалда өткен өмір», 1947, реж. Г. Раппапорт). 1955 жылдан «Таллинфильм» төл фильмдерін көрсете бастады. 60 жылдары Эстония студиясы жоғары білімді жас режиссерлермен толықты. ВГИК-ті бітірген Ю.Мююрдің «Тозақтан шыққан жаңа Күнәһар» (1964, Г. Кромановпен бірге), Л. Лайустың «Сиқыршы» (1968), «Ормандағы бұлақ» (1973), ГИТИС-ті бітірген К. Кийскінің «Мұзжарғыш кеме» (1962), «Қатерлі бұрылыс» (1961, Ю. Кунмен бірге Совет Одағындағы алғашқы панорамалы фильм), Г. Кромановтың «Соңғы реликвия» (1968), А. Круусементтің «Көктем» (1968) атты көркем фильмдері толық қанды еңбектер болып саналады. Белгілі операторлар: Ю.Гаршнек, Ж. Дороватовский, Ю. Силларт; фильмге музыка жазатын композиторлар: А. Пярт, Я. Ряттс, Э. Тамберг, В. Тормис, Л. Бээво. «Таллинфильмде» жылына орта есеппен 3 фильм шығарылады. Эстон кино творчествосында қуыршақ және суретті фильмдер ерекше орын алады. Э. Тугановтың бастауымен 1957 жылдан қуыршақ фильмдері («Мысық пен тышқан», 1965; «Парк», 1966; «Есек, майшабақ және сыпырғыш», 1969; «Канқүйлы Джон», 1974), Р. Рааматтың бастауымен 1972 жылдан сурет фильмдер («Самғау», 1973; «Ақпейіл жандар», 1974; «Мерген», 1976; «Мұздағы антенналар», 1977) түсіріліп келеді. Қазір жылына 3-тен қуыршақ фильм және сурет фильмдер шығарылып тұрады. «Эстон-телефильм» студиясында негізінен документті және музыкалы фильмдер түсіріледі. Телефильм саласындағы танымал режиссер-операторлар:  М.Пыльдре («Біздің Артур», 1968, Г. Кромановпен бірге; «Мәңгілікке Сіздікі», 1976), М. Соосаар («Килну аралынан келген әйел», 1974), «Жер бетіндегі шаттықтар» (1977). Кино мен телевизияда реклама тарату ісімен «Эстон рекламфильм» (1967 жылы құрылған) шұғылданады. Белгілі кино сыншылары мен теоретиктері: В.Тобро, И.Козенкраниус, Т.Эльмановин, В.Паас. 1962 жылы құрылған Эстония Кинематографистер одағының 97 мүшесі бар (1977). Республикада 566 кинотеатр жұмыс істейді, жыл сайын 18,8 млн. адам кино көреді (1976).

Әдеб.: Эстония. М., 1967 (серия «Советский Союз»): Латвийский Г. Хроника Ливонии. [М.-Л.], 1938; Сборник материалов и статей по истории Прибалтийского края. т. 1-4, Рига, 1876-1882; Революция 1905-1907 в Эстонии. Сб. документов и материалов. -Тал., 1955; Великая Октябрьская социалистическая революция в Эстонии. Сб. документов и материалов. -Тал., 1958; Эстонская ССР за годы Советской власти. Краткий статистический сб., Тал., 1967; История Эстонской ССР. т. 1-3. Тал., 1961-1977; Очерки истории Коммунистической партии Эстонии. ч. 1-3. Тал., 1961-1970; Очерк истории эстонской советской литературы. –М., 1971; Вадер А. П. Эстонская Советская Социалистическая Республика. М., 1972; Ларин П. А. Эстонский народ в Великой Отечественной войне 1941-1945. Тал., 1964; Вадер А. П. В нерушимом союзе. Тал., 1972; Исаков С. Сквозь годы и расстояние. Тал., 1969; Бассель Н. Литературные связи Советской Эстонии. Тал., 1970; Вагаа В. Проблема пространственной формы в средневековой архитектуре Латвии и Эстонии. Тарту, 1960; «Архитектура СССР», 1957, -N5-10. с. 24-28; 1960. Эстонское изобразительное искусство. Тал., 1956 (на эст. и рус. яз.); Реалистическое искусство в Эстонии... [Каталог...]. Сост. X. Ляти, Э. Мяги, Тал., 1956; Изобразительное искусство Эстонской ССР. [Альбом]. Текст Б. М. Бернштейна и Л.Ю.Генса. М., 1957; Прикладное искусство Эстонской ССР. [Альбом]. Текст X. Кума. Тал., 1955 (на эст. и рус. яз); Вахтер А. Эстонская ССР. пер. сост. М., 1955 (Муз. культура союзных республик); Троицкий З. Формирование эстонского театра в борьбе с немецкими колонизаторами. в кн.: Театральный альманах. Сб. статей и материалов, кн. 7. М., 1948.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-04-27 15:18:45     Қаралды-2373

ПЛАСТМАССА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Металдардың көне тарихы бар, олар мыңдаған жылдар бұрын адамдарға белгілі болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТЕЛЕДИДАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Қара және ақ түстің әртүрлі реңктерінен тұратын қозғалмалы бейне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙДАН НЕ ЖАСАЛАДЫ?

...

Шикі мұнай іс жүзінде қолданылмайды. Ол тазартылады және өңделеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ ҚАЙДАН КЕЛДІ?

...

Бүгінгі таңда ғалымдардың көпшілігі мұнайдың биогендік шығу тегі деп есептейді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?

...

Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »